Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:44, дипломная работа

Краткое описание

Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық қағидаттарына негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасады деп атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөнінде жаңа саяси бағытты белгіледі. Қойылған міндетке қол жеткізу бәсекелестік қатынастарды дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға сөзсіз ықпал етуі тиіс.

Вложенные файлы: 1 файл

хасенов A нормой Microsoft Office Word 97 - 2003 (2)(1).doc

— 715.00 Кб (Скачать файл)

 

Барлық 227 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің ішінен 212-і іс бойынша әкімшілік жауапкершілік субъектілері заңды тұлғалар (93,4%), 3 іс бойынша – лауазымды тұлғалар, 12 іс бойынша – жеке кәсіпкерлер болып табылады.

«Бәсекелестік туралы» Заңның 6-бабының тармағына сәйкес монополистік қызмет жағдайы тиісті тауар нарығын бақылауға, оның ішінде тиісті тауар нарығындағы тауар айналысының жалпы жағдайына елеулі әсер етуге мүмкіндік беретін нарық субъектілерінің қызметі деген ұғымды білдіреді.

Осылайша, монополистік қызмет өзінің мәні бойынша нарықты бақылай алатын мүмкіндігі бар ірі нарық субъектілеріне ғана тән. Сондықтан монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін (ҚК-нің 196-бабы) қылмыстық жауапкершілік субъектілері болып жеке тұлғалар ғана шыға алады.

Бұдан басқа, жоғарыда көрсетілген статистикалық деректер ӘҚтК-нің 147-бабындағы айыппұл санкциясы ҚК-нің 196-бабына қарағанда неғұрлым қатаң және тиімді болып табылады. Мысалы, ҚК-нің 196-бабы 500-ден                             5000 АЕК-ке (809 000-дан 8 090 000 теңгеге дейін) дейінгі мөлшерде айыппұл көздейді, сонда ӘҚтК-тің 147-бабы бойынша айыппұл мөлшері монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған кіріс (түсім) сомасынан пайыздарда көрінеді.

ӘҚтК-нің «Монополистік қызмет» деген 147-бабында қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың сот практикасы                                                2010-2013 жылдары заңды тұлғаларға қатысты қозғалған 84 істің ішінен                         32-і істі соттар іс материалдарында қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулының болмауына байланысты қайтарылғанын көрсетті. Атап айтқанда, жоғарыда көрсетілген негіз бойынша істі қайтара отырып, соттар егер бұл                 іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, жауапкершілікті көздейтін ӘҚтК-нің 147-бабының диспозициясына сілтеме жасайды.

Осылайша, соттар қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы көшірмесін талап ететін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қайтару сот практикасы қалыптасты.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес ҚК-нің 196-бабы бойынша тергеу қаржы полициясы органдарының құзыретіне жатады, іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін әкімшілік іс жүргізу материалдары жоғарыда көрсетілген органға жіберіледі.

2013 жылы Қаржы полициясы органдарының қарауында сот ұйғарымының негізінде шығарылған заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 11 іс болды, олардың 1-і 2010 жылғы,                                   4-і 2012 жылғы, 6-ы 2013 жылғы істер. Осы статистика қаржы полициясы органдарында олардың ұзақ қаралатынын көрсетеді, онда аталған әкімшілік материалдар бойынша іс жүргізу шешімдері қабылданбайды, сондай-ақ соттарда әкімшілік істерді қараудың созылуына әкеп соғады.

Мысалы, ӘҚтК-нің 147-бабының 3-бөлігін бұзу (үстем жағдайын теріс пайдалану) фактісі бойынша «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-ға қатысты әкімшілік материал 2012 жылғы 30 желтоқсаннан бастап қаржы полициясы органында болды, 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілерінің бар немесе жоқ екендігі туралы іс жүргізу шешімі қабылданған жоқ.

Сонымен бірге, қаржы полициясы органдары сот қайтарған материалдар бойынша тергеуге дейінгі тексеру жүргізуден бас тартады да оларды қараусыз қалдырады. Атап айтқанда, қаржы полициясы ҚК-нің 196-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік ірі залал келтірсе немесе ірі көлемде табыс тапқан кезде басталатындығын көрсетеді. ҚК-нің 196-бабына ескертпеде ірі мөлшердегі табыс болып 200 мың АЕК-тен асатын сомадағы табыс танылатыны көрсетілген. Табыс қылмыстық жауапкершілікке тарту шегінен аспайтынын ескере отырып, тексеру жүргізуге негіз жоқ. Мысалы,                                     «ҚТЖ» АҚ-ның лауазымды тұлғасына қатысты ӘҚтК-нің 147-бабының                      3-бөлігі бойынша қозғалған іс материалдары бойынша сот іс материалдарын үш рет қайтарды және дәл солай қаржы полициясы органдары іс материалдарын қарамай, қайтарды. Бұл ретте, сот өзінің ұйғарымдарында «Ұйғарым шағымдануға және наразылық білдіруге жатпайтынын» көрсеткен.

Осылайша, аталған жағдай әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімдерінің өтіп кетіп, соның салдарынан істі тоқтатуға әкеп соқты.

Осыған байланысты,монополияға қарсы агенттіктің жоғарыда көрсетілген қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулының болмауына байланысты соттардың әкімшілік істерді қайтаруына жүргізген талдауларын ескере отырып, мыналар ұсынылды.

1. ҚК-нің 196-бабын (монополистік қызмет) қылмыссыздандыру, өйткені ол тиімсіз болып қана қоймай, сонымен бірге монополияға қарсы ден қою шараларын жедел қолдануға кедергі келтіреді. Бұл ретте аталған мәселе алдын ала пысықталып және Бас прокуратурамен, Қаржы полициясы агенттігімен және Президент Әкімшілігімен келісілгендігін, бірақ аталған түзету 2013 жылы қабылданбағандығын атап өту керек.

2. Соттардың негізсіз қайтаратын, көрсетілген санаттағы істерді қараудың бірыңғай тәсілін әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының атына тиісті хат жіберілді. Жауабында Жоғарғы Сот аталған санаттағы істі қайтарудың негізсіз екендігін растады, бұл ретте аталған түсінік ресми болып табылмайтындығын атап өтті.

Бұдан басқа, әкімшілік сот талқылаулары бойынша талдау сол бір белгіленген бұзушылық фактісі бойынша сол бір сот әртүрлі шешім қабылдайтын жағдайлар қалыптасқанын көрсетті. Мысалы, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының (бұдан әрі – МАӘС) қаулыларымен «Кар-Тел» ЖШС («Биллайн» сауда маркасы) және «Мобайл Телеком-Сервис» («Нео», «Теле2» сауда маркасы) роуминг қызметіне қосылу үшін шекті мәндерді белгілеу арқылы үстем жағдайды теріс пайдалану (ӘҚтК-нің 147-бабының 3-бөлігі) фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, «GSM Қазақстан «Қазақтелеком» ААҚ»» («Кселл» АҚ) ЖШС-ға қатысты сол Алматы қаласының МАӘС-і іс бойынша іс жүргізуді әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатты.

Сот практикасымонополияға қарсы агенттік жұмысында маңызды бағыттардың бірі болып табылатынын және монополияға қарсы органның қызметінің негізгі нәтижесі соттар қабылдаған шешімдерге байланысты екенін ескере отырып,монополияға қарсы агенттік сот практикасының бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, сондай-ақ монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы туралы істер бойынша проблемалық мәселелерді талқылау мақсатында кездесулер, дөңгелек үстелдер, конференциялар мен семинарлар өткізу арқылы тығыз байланыста өзара әрекет ету туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен уағдаластыққа қол жеткізді.

Тауар нарықтарына талдау жүргізу.

Тауар нарықтарындағы бәсекелестік деңгейді айқындау мақсатындамонополияға қарсы агенттік талдаулар жүргізеді, оның қорытындылары бойынша бәсекелестікті дамыту кедергілерін, сондай-ақ сол немесе өзге саланың дамуын тежейтін өзге де жүйелі проблемаларды анықтайды. Талдау нәтижелері бойынша тиісті салаларда бәсекелестікті дамыту жөнінде шаралар қабылдау туралы Үкіметке және салалық мемлекеттік органдарға ұсыныстар жібереді.

Бұл ретте, заңнамалық деңгейдемонополияға қарсы агенттіктің ұсыныстарын қабылдау міндеттілігінің жоқ екендігін және мемлекеттік органдар өздерінің пікірлері бойынша объективті себептермен олардан бас тартуға құқылы екендігін атап өту қажет. Монополияға қарсы орган «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 1-тармағының 25) тармақшасына сәйкес  мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы бәсекелестікті қорғауға және дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу жөнінде ұсынымдар береді. Өз кезегіндемонополияға қарсы агенттіктің жекелеген ұсыныстары іске асырудың ұзақ мерзімдерін талап етеді, өйткені заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді болжайды.

Агенттіктің міндеті монополияға қарсы заңнама арқылы бәсекелестікті қорғауды қамтиды, ал жеке салада немесе өңірде бәсекелестікті дамыту бұл салалық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ортақ күшімен тиімді түрде қол жеткізе алу мүмкін болатын, шоғырландырылған тәсілді талап ететін кешенді міндет.монополияға қарсы агенттік тауар нарықтарындағы жағдайды қадағалап отырады және монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы анықталған жағдайда монополияға қарсы ден қою шараларын қолданады.

Бәсекелестік саясаттың жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу үшін тауар нарықтарын іріктеудің негізгі критерийлері:

- тұтынушылар тарапынан сұраныс көп, оның ішінде нормативтік құқықтық актілермен айқындалған тауардың әлеуметтік маңызы;

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Үкіметінің тапсырмалары;

- жеке және/немесе заңды тұлғалардың шағымдары, өтініштері, бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдары;

- тұтынушылар бағасының индексі есептелетін тұтынушылар себетіне қатынастар;

- мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуымен байланысты мемлекет қажеттіліктің болуы;

- заңнаманың нормаларын өзгерту;

- нарықтың инфрақұрылымын өзгерту;

- МСМК-нің және басқалардың тапсырмалары мен ұсынымдары;

- өңір экономикасының ерекшелігі;

- Кеден одағы тауар нарықтарының ұлттық тауар нарықтарына әсер етуі;

- тауарларды шығаруды олигополияландыру және монополияландыру;

- 35 %-дан астам импортқа тәуелділік;

- монополияға қарсы заңнаманың нормаларын бұзу;

- біріктіру және қосу жолымен белгілі бір нарық субъектісін қайта ұйымдастыру;

- біреулерінің кетуімен және жаңалардың пайда болуымен байланысты нарыққа қатысушылардың құрамын өзгерту;

- нарықта субъектінің үлесін өзгерту;

- реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінде тұрған нарық субъектілерінің тауарлары, жұмыстары және қызметтері нарықтарының конъюктурасының өзгеріп тұруы;

- заңсыз монополияға қарсы қызметтің жедел жолын кесуді талап ететін өзге де жағдайлар болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1115 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасына,монополияға қарсы агенттіктің 2013 жылғы 31 шілдедегі Операциялық жоспарына, сондай-ақмонополияға қарсы агенттіктің тиісті құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің жұмыс жоспарларына сәйкес 2013 жылға тауар нарықтарына 20 талдау жүргізу жоспарланды.

Сонымен бірге, 2013 жылы монополияға қарсы агенттік барлығы тауар нарықтарына (146 тауар топтары бойынша) 41 талдау, оның ішінде 20 жоспарлы талдау (жоғарыда көрсетілгендей), 12-сі жеке және/немесе заңды тұлғалардың өтініштері бойынша, 2-і Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша, 2-і нарықта субъектінің үлесінің өзгеруімен байланысты, 1-і нарық субъектісінің экономикалық шоғырлануды жасауымен байланысты, 1-і депутаттардың сауалдары бойынша, 1-і мемлекеттік бағдарламаларды, атап айтқанда Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырумен байланысты мемлекеттің қажеттілігінің болуы бойынша, 1-і тауар нарығында бағалық жағдайдың өзгеруімен байланысты, 1-і өңір экономикасының ерекшелігін ескере отырып жүргізді.

Осылайша, 2013 жылы тауар нарықтарына мынадай талдаулар:

- электр энергиясын көтерме саудада өткізу нарығын талдау;

- электр энергиясын (электрмен жабдықтауды) бөлшек саудада өткізу нарығын талдау;

- көмір өткізу нарығын талдау;

- мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу нарығын талдау;

- маркалары бөлігінде бензинді және дизель отынын бөлшек саудада өткізу нарығын талдау;

- сұйытылған газды көтерме саудада (бастапқы) өткізу нарығын талдау;

- әуежай қызметтері нарығын талдау;

- жанар-жағармай материалдарын (авиациялық отынды) сақтау қызметі нарығын талдау;

- тұрақты (ішкі) рейстермен жолаушылар авиатасымалы қызметі нарығын талдау;

- санитариялық авиация қызметін талдау;

- жолаушыларды (телескопиялық траптар арқылы) отырғызу/түсіру  және әуе кемесінен қарды мен мұзды тазарту қызметті нарығын талдау;

- халықаралық қатынастардағы жолаушылар темір жол тасымалы қызметтері нарығын талдау;

- облысаралық қатынастардағы жолаушылар темір жол тасымалы қызметі нарығын талдау;

- жолаушылар темір жол билеттерін ресімдеу және өткізу қызметтері нарығын талдау;

- тек қана тасымалдау үдерісін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын темір жол вокзалдарының қызметтік-техникалық үй-жайларын жалға беру қызметі нарығын талдау;

- темір жол вагондарына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру қызметі нарығын талдау;

- тартқыш және мотор-вагонды жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету қызметі нарығын талдау;

- жүк вагондарын күрделі және деполық жөндеу қызметі нарығын талдау;

- локомотивтермен тиеу-түсіру фронтына вагондарды беру-жинау қызметін талдау;

- темір жол көлігінде қолданылатын бекіту-пломбалау құрылғыларын көтерме және бөлшек саудада өткізу нарығын талдау;

- өзен көлігімен жолаушыларды тасымалдау (пароммен жөнелту) қызметі нарығын талдау;

- өзен порты қызметі нарығын талдау;

- жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру бойынша автовокзал және автостанция қызметі нарығын талдау;

- ұялы байланыс қызметі нарығын талдау;

- жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметі нарығын талдау;

- сақтандыру қызметі нарығын талдау;

- төлем терминалдары арқылы тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ақы төлеу төлемдері нарығын талдау;

- күнбағыс майын көтерме саудада өткізу нарығын талдау;

Информация о работе Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу