Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:44, дипломная работа
Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық қағидаттарына негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасады деп атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөнінде жаңа саяси бағытты белгіледі. Қойылған міндетке қол жеткізу бәсекелестік қатынастарды дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға сөзсіз ықпал етуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша өнімдерге, тауарларға және қызметтерге бағаларды реттеуді, мемлекеттік органдардың ақылы қызметтерді көрсету тәртібін бақылауды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік монополияға жатқызылған салада өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін реттеуді, сондай-ақ «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдары – заңды тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстар және Астана, Алматы қалалары бойынша департаменттері бар.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің негізгі міндеттері:
- Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде берілген өкілеттіктер шегінде ұсыныстар әзірлеу;
- табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің қызметін реттеу және бақылау;
- темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдері мен газ, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына бағаларды реттеу;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша өнімдерге, тауарларға және қызметтерге бағаларды реттеу;
- мемлекеттік органдардың ақылы қызмет көрсету тәртібін бақылау;
- мемлекеттік монополияға жатқызылған салада өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеу;
- табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
- Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларында тұтынушылар мен қызмет берушілер арасындағы мүдделердің теңгерімін қамтамасыз ету;
- табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- телекоммуникация және почта байланысы саласындағы нарықты қоспағанда, реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету;
- берілген өкілеттіктер шегінде Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларындағы бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі және оның аумақтық органдары Агенттіктің бірыңғай жүйесін құрайды.
Агенттікке басшылық жасауды оған бағынатын Агенттіктің жұмысы үшін жеке жауап беретін Агенттіктің төрағасы және басқарманың алқалы органы - басқарма жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің пайда болу тарихы келесі кестеде берілген.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Агенттік төрағасының ұсынысы бойынша Агенттік төрағасының Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын үш орынбасары болады
Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі басқармасының
құрамына Агенттіктің төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан
Республикасының Үкіметінен өкілдер кіреді.
Қазақстан Республикасы
1-кесте – Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеу ведомствосының қалыптасу кезеңдері
Құрылу уақыты |
Мемлекеттік орган | ||
1991 жылдың 31 тамыз |
Қазақ ССРінің монополиялық қызметті шектеу мен жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау бойынша Мемлекеттік комитет | ||
1993 жылдың 11 қаңтары |
Монополияға қарсы саясат жүргізетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Комитеті | ||
1994 жылдың 15 шілдесі |
Монополияға қарсы және баға саясатын жүргізетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Комитеті | ||
1997 жылдың 4 наурызы |
Қазақстан Республикасының экономика және сауда Министрлігінің баға және монополияға қарсы саясаты бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Комитеті | ||
1998 жылдың 21 мамыры |
Қазақстан Республикасының энергетика, индустрия және сауда Министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау Комитеті | ||
1998 жылдың 30 маусымы |
Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеу және бәсекені қорғау Комитеті | ||
1999 жылдың 13 қазаны |
Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеу, бәсекені қорғау және шағын бизнесті қорғау Агенттігі | ||
2002 жылдың 28 тамызы |
Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеу және бәсекені қорғау Агентігі | ||
2004 жылдың 9 маусымы |
Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеу және бәсекені қорғау Агентігі | ||
2004 жылдың 29 қыркүйегі |
Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеу Агентігі |
3-сурет – ҚР Табиғи монополиялады реттеу агенттігінің орталық аппаратының құрылымы
Табиғи монополияларды реттеу агенттігі басқармасының құзыретіне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітусіз әдістемелерін бекіту туралы, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын бекіту туралы, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту туралы, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту туралы, табиғи монополиялар және реттелетін.
Нарықтар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын бекіту туралы, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту туралы, уақытша төмендету коэффициентін белгілеу туралы шешімдер қабылдау, темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдері мен газ, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаларды реттеу жөніндегі мәселелерді қарау, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге жіберілетін Агенттік туралы ережені қарау және мақұлдау жатады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жауапты хатшысын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне, Агенттіктің төрағасына есеп береді. Жауапты хатшының қызметін бақылауды.
Мемлекет басшысы не оның уәкілеттік беруі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және Агенттіктің төрағасы жүзеге асырады.
Жауапты хатшысы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге, өзге де мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан Жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға, жеке қолданылатын құқықтық актілер қабылдауға құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің консультативтік-кеңесші органы болып табылатын алқасы болады. Алқаның саны мен дербес құрамын Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және аумақтық органдарының ішінен Агенттіктің төрағасы бекітеді.
2.2 Агенттіктің монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына тергеу жүргізу бөлігіндегі жұмысына талдау
2013 жылы монополияға қарсы агенттік монополияға қарсы заңнаманың бұзылуының алдын алу, анықтау, жолын кесу жөніндегі жұмысты күшейтті.
Өткен жылмен салыстырғанда жүргізілген тергеулер санының 33 %-ға өсу үрдісін атап өтуге болады. 2013 жылы 170 тергеу аяқталды. Бұл ретте, сондай-ақ анықталған бұзушылықтармен тергеу санының өскендігі байқалады. Егер 2012 жылы мұндай тергеулер 118 болса, 2013 жылдың қорытындысы бойынша – 128. Осылайша, 2013 жылы аяқталғандардың жалпы санынан бұзушылықтар анықталған тергеулердің үлес салмағы 89,4 %-ды құрады.
Салалар бөлігінде жүргізілген тергеулердің жалпы көлемінен анықталған монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтардың үлесі мынадай түрде көрінеді:
4-сурет – Салалар бөлігінде жүргізілген тергеулердің жалпы көлемінен 2013 жылы анықталған монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтардың үлесі, %
Анықталған монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтардың жалпы көлемінде мемлекеттік органдар жол берген бұзушылықтар 13 %-ды құрайды.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Индустрия және технологиялар министрлігіне қатысты тергеу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері фактілері белгіленді. Аталған Министрлік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделмеген нормаларды қамтитын, тиісті тауар нарығында бәсекелестікті шектеуге және сараптама ұйымдарының құқықтарына қысым жасауға әкеп соғатын Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидатын бекіткен. Тергеу қорытындысы бойынша монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын жою туралы нұсқама шығарылды, ол орындалды.
«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ-нің іс-әрекеттерінде бағаны көтеруден негізсіз бас тарту және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің нормаларын сақтамау фактілері белгіленді. Осы тергеудің қорытындысы бойынша монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын жою туралы нұсқама шығарылды, ол орындалды.
«Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің іс-әрекеттерінде медицина қызметтерін мемлекеттік сатып алу кезінде өзіннің ведомстволық бағынысындағы кәсіпорынға басымдықтарды беру жолымен бәсекелестікті шектеу фактісі белгіленді. Осы тергеудің қорытындысы бойынша монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын жою туралы нұсқама шығарылды, ол орындалды.
Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасы жүргізуші куәлігін алу кезінде медициналық анықтама алу үшін нарық субъектілерді еркін таңдауда және нарық субъектілерінің қызметін жүзеге асыру үшін кемсітушілік жағдайларды жасауда азаматтардың құқығын шектеген. Осы тергеудің қорытындысы бойынша монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын жою туралы нұсқама шығарылды, ол орындалды.
«Қобда аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің, «Қобды аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің іс-әрекеттерінде сәйкестендіру құжаттарын дайындау талаптарымен жерге орналастыру жұмыстарын орындауға конкурс жариялау жолымен бәсекелестікті шектеу фактілері белгілеген, шарттар тек «АқтөбежерҒӨО» ЕМК-мен жасалған, осылайша басқа әлеуеттік өнім берушілердің конкурсқа қатысу және қызмет көрсету мүмкіндіктері шектелген.
Аталған тергеулер қорытындылары бойыншамонополияға қарсы агенттік 970800 теңге сомасында айыппұл сала отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғау туралы шешім қабылдады. Бүгінгі күні соттың шешімі орындалды, айыппұл сомасы төленді.
«Орал қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің, «Орал қаласының Жер қатынастары бөлімі» ММ-нің, «Орал қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің іс-әрекеттерінде актілерді жасауда құқыққа сыйымсыз фактілер белгіленді, оның негізінде жеке кәсіпкерлерге тиесілі билбордтарды заңсыз қайта монтаждау жұмысы жүргізілген.
Тергеу қорытындысы бойынша монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын жою туралы нұсқама шығарылды, ол орындалды.
Тергеулер құрылымында бұзушылықтар
түрлері бойынша бәсекелестікке қарсы
келісілген іс-әрекеттер саны 30 бірлікті:
бәсекелестікке қарсы