Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:44, дипломная работа

Краткое описание

Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық қағидаттарына негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасады деп атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөнінде жаңа саяси бағытты белгіледі. Қойылған міндетке қол жеткізу бәсекелестік қатынастарды дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға сөзсіз ықпал етуі тиіс.

Вложенные файлы: 1 файл

хасенов A нормой Microsoft Office Word 97 - 2003 (2)(1).doc

— 715.00 Кб (Скачать файл)

IMD рейтингі бірінші кезекте  сол немесе өзге елдегі әлеуметтік  ортаның сол елдің аумағында  жұмыс істейтін компаниялар мен  кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін  арттыруға қаншалықты ықпал ететіндігін айқындайды. Түпкілікті рейтингте елдердің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштері ғана ескеріліп қоймайды, нақты елдің ішіндегі бизнес-ахуалы да ескеріледі. Бизнесті дамыту ахуалы сияқты ерекшелік факторын ескеру үшін халықаралық менеджмент институты арнайы, инновациялық әдістемені әзірледі. Оның ерекшелігі түпкілікті рейтингте статистикалық деректерден басқа зерттеліп отырған елдің бизнес-элитасы өкілдерінің пікірлері де көрініс табады. Зерттеу нәтижелері 700 беттік Ғаламдық бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі жылнама – The World Competitiveness Yearbook (WCY) жарияланады, ол бүгінгі күні әлемдік экономикада негізгі рөлге ие, елдер мен өңірлердің бәсекеге қабілеттілігі туралы неғұрлым толық және құзыретті жыл сайынғы есебі болып саналады.

2013 жылғы мамырда жаңа рейтинг жарияланды. Оған сәйкес Қазақстан соңғы жылдары 59 елдің арасында 32-ші жолды иеленіп, тиісінше мүмкін болатын 100 балдан 66,9 балл жинап 4 тармаққа өз ұстанымын жақсартты. Чехия Республикасы (33-орын), Үндістан (35), Түркия (38), Италия (40), және Португалия (41) Қазақстаннан артта қалған. ТМД елдері арасында Қазақстан Ресейден 16 тармаққа (48-орын) және Украинадан 24 тармаққа (56-орын) озық тұрып, көшбасшылық ұстанымдарға ие болды.

IMD 59 елдің зерттеу институттарымен  ынтымақтастықта болып,                       329 көрсеткіш бойынша әр елдің бәсекеге қабілеттілігін бағалайды, олар                         4 фактор: «Экономикалық қызмет», «Үкіметтің тиімділігі», «Бизнес тиімділігі» және «Инфрақұрылым» факторларына біріктірілген, 20 қосалқы факторларға топтастырылған.

Тұтастай алғанда, Қазақстан барлық төрт фактор бойынша жақсарғандығын көрсетті. «Бизнес тиімділігі» факторын жақсартуға «Өндіріс және тиімділік» (36-орын, 10 ұстанымға жақсару), «Еңбек нарығы» (5-орын,                       10 ұстанымға жақсару) және «Қаржы» (50-орын, 1 ұстанымға жақсару) сияқты қосалқы факторларының жақсаруы ықпал етті.

Сауалнамаға жауап берушілердің пікірлері бойынша Қазақстан Республикасы экономикасының неғұрлым басым бес факторларының қатарына экономиканың серпінділігі (сауалнамаға жауап берушілердің 67,4 %), салық салудың тиімді жүйесі (57,9 %), қолайлы бизнес орта (53,7 %), стартегиялық тұрақтылық және жағдайдың болжамдылығы (47,4 %) және қаржыландырудың қолжетімділігі (41,1 %) жатады.

Сонымен бірге, қолайлы бизнес ортаны бизнестің мүддесін қозғайтын заңнама қалыптастырады. Осы индикатор бойынша Қазақстан 34-ші орынға ие. IMD рейтингісінің көрсеткіштерімонополияға қарсы агенттікке бекітілмегендігін, алайда, «Бизнес туралы заңнама» индикаторын жақсарту мақсатындамонополияға қарсы агенттік монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру және үйлестіру мақсатында 2013 жылғы маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынғандығын атап өту керек.

IMD сауалнамасының деректері бойынша 2013 жылы құқықтық және заңнамалық жүйе кәсіпорындардың қызметін көп ынталандыратындығын анықтады (28-орыннан 24-орынға), мемлекеттік секторда шешімдер қабылдаудың ашықтық деңгейі жақсарды (53-орыннан 32-орынға), бұл тұтастай алғанда институционалдық ортаның жақсаруына септігін тигізді (41-орыннан 37-орынға).

Айтылғанның негізінде, кез келген ел үшін халықаралық рейтингтегі орын оның «визит карточкасы» болып табылады деген қорытынды шығаруға болады. Қазақстанның ұстанымын халықаралық деңгейде көтеру оның инвестициялық тартымдылығын арттырады және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің стратегияларды әзірлеуде және инвестициялық шешімдер қабылдауына көмектеседі. Бұдан басқа, әртүрлі елдің үкіметінің экономикалық өсуіне қол жеткізу және дұрыс экономикалық саясатты әзірлеу жолындағы кедергілерді анықтауына жәрдемдеседі, сондай-ақ халықаралық компаниялардың әртүрлі елдердегі перспективалы жұмыстары туралы шешім қабылдауына көмектеседі.

Рейтингті ұлттық деңгейде көтеру шетелдік әріптестер үшін оң нәтиже болады, отандық компаниялар үшін жағдайды жақсартады, сондай-ақ шетелдік әріптестермен бірлескен компаниялар құру үшін мүмкіндік береді. Жоғары индекс шетелдік мамандарды жалдауға, кредиттер бойынша пайыздық ставканы төмендетуге, шетелдік тауарлар мен қызметтердің импортына, сондай-ақ өзінің дайын өнімін сыртқы нарыққа экспорттауға жәрдемдеседі. Бұдан басқа, шетелдік және отандық компаниялар арасында ынтымақтастықты дамыту технологияларды беруде және дамытуда, компаниялар мен өндіріс үдерістерін кәсіби басқару саласында, уақытты басқару жүйесінде, персоналға сыйақы беру және ынталандыру жүйесінде және т.б. тиімді тәжірибе беруде қолайлы ықпал етеді.

Осылайша, бәсекелестік саясатты қалыптастырудан іске асыруға дейінгі шоғырландырылған тәсіл Қазақстанның әлемдік рейтингтерде алға жылжуына ықпал етеді.

 

 

1.3 Халықаралық ынтымақтастық және бәсекелестік саясаттың шетелдік тәжірибесін қолдану

 

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі Үкіметтің құрамына кірмейтін тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу және тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

Агенттіктің халықаралық ынтымақтастығы:

- субъектілердің Қазақстанның ішкі нарығына және сыртқы нарыққа кемсітусіз қолжетімділігін қамтамасыз етуге, бейінді халықаралық ұйымдарға қатысу арқылы Қазақстанның мүдделерін қорғауға;

- Қазақстан экономикасының әлемдік экономикалық қоғамдастыққа ықпалдасуына жәрдемдесуге;

- Агенттіктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін іске асыруға;

- озық шетелдік тәжірибені қазақстандық практикаға енгізуге,монополияға қарсы агенттік мамандарының біліктілігін арттыруға;

- бәсекелестік саясат мәселелері бойынша халықаралық ұйымдар тарапынан техникалық жәрдемдесу жобаларын дайындауға және іске асыруға бағытталған.

Төменде бәсекелестік мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа неғұрлым толық талдау берілген.

1. Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық.

Агенттік әлемнің бәсекелес ведомстволарының ірі бірлестігі Халықаралық бәсекелестік желінің мүшесі болып табылады. Халықырылық бәсекелестік желінің құрамына әлемдегі 96 елден 107 мүше кіреді. Жыл сайынғы негізде халықырылық бәсекелестік желі конференциясы өткізіледі, ол ауқымды іс-шара болып табылады және дүниежүзінен монополияға қарсы реттеу саласындағы әртүрлі сарапшыларды жинайды. Халықырылық бәсекелестік желі конференциялары Неапольде, Италияда (2002 жылы), Меридте, Мексикада (2003 жылы), Сеулде, Корея Республикасында (2004 жылы), Бонниде, Германияда (2005 жылы), Кейптаунде, ЮАР (2006 жылы), Мәскеуде, Ресейде (2007 жылы), Киотода, Жапонияда (2008 жылы), Цюрихте, Швейцарияда (2009 жылы), Стамбулда, Түркияда (2010 жылы), Гаагада, Нидерландыда (2012жылы) өткізілді. 2013 жылғы сәуірдемонополияға қарсы агенттіктің өкілдері Рио де - Жанейро қаласында (Бразилия) өткен Халықырылық бәсекелестік желі-2013 конференциясына қатысты. Көрсетілген іс-шара барысында бәсекелестік саясат мәселесі қаралды, оның ішінде халықырылық бәсекелестік желінің 2013 жылға жоспарланып отырған семинарлары мен тағылымдамалары, қатысушылар тобы және басқа да мәселелер талқыланды.

Нәтижесінде, осы іс-шараның қорытындысы бойыншамонополияға қарсы агенттік Қазақстанның оң имиджін қалыптастыру және басқа елдердің табысты монополияға қарсы органдарының оң тәжірибелерін енгізу мақсатында 2015 жылы халықырылық бәсекелестік желі конференциясын Қазақстанда өткізу туралы халықырылық бәсекелестік желі Хатшылығына өтінім жіберді. Алайда, кезекті конференцияны өткізу орны Австралия болып айқындалғандықтан Қазақстанға өтінімді келесі жылға беру ұсынылды.

Сонымен қатар, халықырылық бәсекелестік желі құрамында шамамен 4 Жұмыс тобы, атап айтқанда бәсекелестікті адвокаттандыру (насихаттау), картел, біріктіру, біржақты әрекет ету (үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану) жөніндегі жұмыс топтары өз қызметін жүзеге асырады. Аталған Жұмыс топтары шеңберінде тұрақты негізде монополияға қарсы реттеудің әртүрлі бағыттары бойынша семинарлар өткізіледі, онда экономикалық өсу мен дамудағы бәсекелестік заңнаманың рөлі, монополияға қарсы реттеудің халықаралық тәжірибесі және құқық қолдану практикасының нәтижелілігін арттыру тәсілдері тәуелсіз (мемлекеттік емес) сарапшылар мен консультанттардың қатысуымен толық қаралады.

Агенттіктің қызметкерлері 2013 жылғы шілдеде Сингапур қаласында өткен біржақты әрекет ету бойынша Халықырылық бәсекелестік желі жұмыс тобының семинарына қатысты. Семинар барысындамонополияға қарсы агенттіктің өкілдері компаниялардың билеттеу және іс шараларды ұйымдастыру қызметтері нарығын талдауды, нарықты бәсекелестер мен үстем жағдайға ие субъектілер арасында бөлу моделін талқылады. Сондай-ақ біржақты әрекет етудің экономикалық талдау теориясы, үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері және нарық жағдайынан туындайтын іс-әрекеттер қаралды. Халықырылық бәсекелестік желі Жұмыс тобының бәсекелестікті адвокаттандыру бойынша кезекті семинар 2013 жылғы қазанда Париж (Франция) қаласында өткізілді, бұғанмонополияға қарсы агенттіктің қызметкерлері қатысты. Бәсекелестікті адвокаттандырудың маңыздылығымен және рөлімен қатар семинарға қатысушылар адал бәсекелестікті тиімді насихаттаудың негізгі түрлерін, тиісті шараларды іске асыру кезінде туындайтын мүмкін болатын проблемаларды шешуде әртүрлі ведомстволардың тәжірибесін талқылады.

Семинардың қорытындысы бойынша монополияға қарсы ведомство сарапшылармен бірлесіп жұмыста қолдану үшін практикалық ұсынымдар әзірлеуде. Нәтижесінде алынған тәжірибе «Рынок и конкуренция» журналының 2013 жылғы № 03-04 «Бәсекелестікті адвокаттандыру – тиімді бәсекелестік саясаттың ажырамас элементі» мақаласын жазған кезде пайдаланылды.

Халықырылық бәсекелестік желі жұмысына қатысудың арқасында  монополияға қарсы агенттік бәсекелестікті қорғау және насихаттау саласында айналысатын 200-ден астам ведомстволармен және ұйымдармен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді, бұл Қазақстанның имиджіне қолайлы әсер етеді.

Бұдан басқа, монополияға қарсы агенттік Еуропалық одақ, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі, Дүниежүзілік банк сияқты және басқада халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. 27-28 ақпан аралығы кезеңіндемонополияға қарсы агенттіктің  өкілдері «Мемлекеттік қолдау саласында Еуропалық одақты тергеуді экономикалық талдау» тақырыбында өткен семинарға қатысты.

Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңес шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асырады. Монополияға қарсы саясат саласында ынтымақтастық ТМД-ға қатысушы барлық мемлекеттердің үкімет басшыларының 1993 жылғы 23 желтоқсанда Келісілген монополияға қарсы саясатты жүргізу туралы шартқа қол қоюларынан бастап бастау алды. Шартқа сәйкес 1993 жылы Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңес бекітілді, оған мүше болу ең алдымен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық бәсекелестік заңнамасын (монополияға қарсы заңнаманы, жарнама, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы заңнамаларды) және озық халықаралық тәжірибе және ТМД бойынша әріптес елдердің тәжірибесі негізінде оны қолдану практикасын жетілдіруге бағытталды.

2013 жылы монополияға қарсы агенттік Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңес ынтымақтастық шеңберінде фармацевтика және медицина салалалары тауар нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізді. Фармацевтика және медицина салалалары тауар нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйін талдау бәсекелестіктің дамуына әсер ететін фармацевтика және медицина салаларында:

- Қазақстан Республикасының заңнамасында дәрілік заттардың өзара алмасуын айқындайтын ұғым мен нақты критерийлердің болмауы;

- дәрігерлік қоғамдастықтың фармацевтикалық компанияларымен дұрыс өзара іс-қимыл жасамауының жекелеген жағдайларының дәрілік заттарды өткізу нарығында бәсекелестікті дамытуға әсер етуі;

- дәрілік заттарды өткізу нарығында көтерме сауда делдалдары санының көп болуы;

- ауылдық жерлердегі фармацевтика нарығында бәсекелестіктің дамымауы сияқты және басқа да проблемаларды анықтады.

Талдау нәтижелері бойыншамонополияға қарсы агенттік Үкіметке және уәкілетті органдар – денсаулық сақтау және индустрия және жаңа технологиялар министрліктеріне анықталған проблемаларды шешу және тосқауылдарды жою жөнінде ұсыныстар жіберді. 2013 жылғы маусымда Баку қаласында (Әзербайжан Республикасы) өткен Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңес кезекті 36-шы отырысы барысында, қатысушылардың 2012 жылғы жұмыс қорытындысы қаралды. Қатысушылар бәсекелестік саласында ЕЭК-пен, Австрия бәсекелестік ведомствосымен және монополияға қарсы реттеу жөніндегі басқа да ұйымдармен ынтымақтастықта болу мәселесіне бастама жасады. Осы шешімдерді іске асыру үшін Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңеспен аталған органдар арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Осылайша, алдағы кезеңдемонополияға қарсы агенттіктің алдында ынтымақтастықтың жаңа бағыттары ашылды.

2013 жылғы қарашада Киев қаласында (Украина) Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңеспен кезекті 37-ші отырысы болып өтті, оның барысында қазіргі заманғы кезеңде Украинадағы бәсекелестік саясат, Украинаның Монополияға қарсы комитетінің деңгейлес және сатылас келісілген іс-әрекеттерді тергеу тәжірибесі, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қосарлас импортын құқықтық реттеу, бәсекелестікті қорғау туралы модельдік заң мәселелері және басқалар қаралды. Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңеспен қатысушылар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын бірлесіп тергеу жөніндегі штабтың жұмыс нәтижелері туралы мәселені қарады, отырыс 2013 жылғы 7 қарашада өткізілді.

Информация о работе Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу