Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:44, дипломная работа

Краткое описание

Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық қағидаттарына негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасады деп атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөнінде жаңа саяси бағытты белгіледі. Қойылған міндетке қол жеткізу бәсекелестік қатынастарды дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға сөзсіз ықпал етуі тиіс.

Вложенные файлы: 1 файл

хасенов A нормой Microsoft Office Word 97 - 2003 (2)(1).doc

— 715.00 Кб (Скачать файл)

- сауда нарықтарындағы ақылы қызметтер нарығын талдау;

- күрішті көтерме саудада өткізу нарығын талдау;

- қантты көтерме саудада өткізу нарығын талдау;

- астық (бидай) өткізу нарығын талдау;

- нанды көтерме саудада өткізу нарығын талдау;

- алтынды өңдеу, өндіру және қайта өндеу (аффинаж) нарығын талдау;

- химия өнеркәсібі нарығын талдау;

- фосфор тыңайтқыштарын өткізу нарығын талдау;

- дәрілік заттарды көтерме саудада өткізу және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізу нарығын талдау;

- домофондарды орнату, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметі нарығын талдау;

- лифтерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметі нарығын талдау;

- коммуналдық қызметтерді тұтынушылардан ақша қаражатын жинауды ұйымдастыру қызметі (ақша қаражатын есептеу және жинау қызметі) нарығын талдау;

- электр энергиясы, жылу және суық суды есептеудің коммерциялық аспаптарын тексеру қызметі нарығын талдау жүргізілді.

Талдау нәтижелері Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін  қалыптастыру үшін де қолданылады. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Тізілімде 540 нарық субъектісі тұрды. Өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда, Тізілімде тұрған нарық субъектілерінің саны 12,5 %-ға (немесе 77 бірлікке) азайды.

 

 

8-сурет – Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі

 

Салалар бөлігіндегі талдаулар нәтижелері төменде салалық бөлімшелерде ұсынылған.

 

 

2.3 Өңірлік бәсекелестік саясатты дамытудың жай-күйі және үдерістері

 

Бәсекелестік орта көптеген серпінді өзгеріп отыратын факторлардан тұратын күрделі жүйені қамтиды. Тұтастай, шартты түрде оны әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік және инфрақұрылымдық сияқты негізгі топтарға бөлуге болады.

Әкімшілік факторлар бұл мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі, тұтастай мемлекеттік қатысу, бәсекелестікті дамыту бойынша әкімшілік тосқауылдардың деңгейі, сыбайлас жемқорлық деңгейі және т.б. Өйткені дәл сол негізсіз әкімшілік тосқауылдар нарыққа жаңа қатысушылардың кіру ынтасын төмендетеді, өндірістік емес шығасыларды арттырады, сыбайлас жемқорлыққа жол ашып, «әкімшілік ресурсты» туындатады.

Тауар нарықтарына жүргізілген талдаулар нәтижелері әкімшілік тосқауылдардың көп бөлігі ұзақ уақыт аралығында нарықтардың монополиялануы анықталған, атап айтқанда отын-энергетикалық кешені, көлік және байланыс саласы.

Әдетте, мұндай тосқауылдар бақылау-рұқсат беру рәсімдерін өткізуге байланысты. Мысалы, электрмен жабдықтау нарығында электрмен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарға кемінде 10000 АЕК мөлшерінде айналым қаражатының болу қажеттілігі жатады. Мұндай талапты нарық субъектілері еңсеруі қиын тосқауыл ретінде таниды.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларының талаптары шектеулі сипатқа ие.  Көрсетілген қағидаларға сәйкес электр энергиясы көтерме нарығындағы электрмен жабдықтаушы ұйымдар қызметінің шарттарының бірі орташа тәуліктік қуаттың кемінде 1 МВт көлемінде оны жеткізу бойынша талаптарды орындауы болып табылады.

Сонымен қатар мемлекеттік органдардың бәсекелестікті шектейтін шешімдер қабылдауы теріс ықпал етеді.

Экономикалық фактор көпшілігі монополияға қарсы агенттік жылына екі рет өткізетін өңірлік бәсекелестікті дамыту жөніндегі әкімдіктердің қызметін бағалауға кіретін бірқатар көрсеткіштерден тұрады. Мысалы, жетілген нарық бәсекелестіктің жоғары деңгейімен сипатталады, сондықтан біз «1000 тұрғынға белсенді жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпорындар санының өсімі» деген индикаторды пайдаланамыз. Ол сол немесе өзге тауар нарықтарында ойыншылардың көп болуына жағдай туғызу бөлігіндегі жергілікті атқарушы органдары жұмыстарының шынайы бет-бейнесін көрсетеді.

Тұтастай алғанда 1000 тұрғынға Қазақстандағы белсенді ШОК саны 2013 жылы 45,8-ге жуық кәсіпорынды құрады, ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 80 бірлікке дейін жетеді. Бұл көрсеткіштің серпініне қатысты айтар болсақ, Қазақстан небары 0,6 %-ды құрайды (2012 жылы 1000 тұрғынға белсенді ШОК саны – 45,2 кәсіпорын). Жедел статистикалық деректер бойынша біздің рейтингте бірінші орында Астана (10 %-ға өсім), одан кейін Қызылорда (9,6 %) және Ақтөбе (8,2 %) облыстары.

Нарық өсімінің деңгейі оның молдығы, шикізатты және бастапқы материалдарды саралау, тұтынушылардың шоғырлану және төлем қабілеттілігі деңгейі, кредиттік, еңбек ресурстарының қолжетімділігі, өңір аумағында кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігі және т.б. экономикалық жағдайдың өңірдегі бизнесті жүргізуге қаншалықты ықпал ететіндігінен, оның нарық субъектілері қызметінің әсерінен көрінеді.

Әлеуметтік фактор кәсіпкерлік белсенділігі, халық өмірінің деңгейі, шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндердің саны сияқты элементтерден тұрады. Аталған фактор халықтың кәсіпкерлік белсенділігіне тікелей әсер етеді.

Жедел статистикалық деректерге сәйкес «2013 жылы экономикада жұмыс істейтіндердің жалпы санынан шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндердің үлес салмағы» 30,1 %-ды құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 2,1 пайыздық тармаққа төмен. Бұл ретте, барынша үлес салмақ Алматы (49,8 %) және Астана (42 %) қалаларында, Маңғыстау облысы (32,8 %), аз үлес салмақ – Қызылорда (20 %) және Жамбыл (21,3 %) облыстарында. Мұнда ШОБ саласында 72 % жұмыс істейтін Жапонияны мысалға келтіруге болады.

Бұдан басқа, жоғарыда көрсетілген индикатордан тысмонополияға қарсы агенттік өз есебінде бұл көрсеткіштің жылдар бойынша өзгерісін де пайдаланады. Сонымен, жедел статистикалық деректер бойынша 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда, Қазақстан бойынша тұтастай «Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндердің үлес салмағы» бойынша теріс серпін байқалады және 2,2 тт құрады.

Инфрақұрылымдық факторлар ретінде негізгі қаражатқа қолжетімділік, табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне қолжетімділік және т.б. түсініледі. Өткен жылымонополияға қарсы агенттік нарық субъектілеріне сауал жүргізді, сұралғандардың жартысынан астамы темір жол, авиакөлік, порттық қызметтер, сондай-ақ ТЭК (мұнай өнімдері, газ, энергиямен жабдықтау) қызметтері қолжетімділігіне қатысты жағдай бір қалыпты екенін көрсетті, сонымен бірге жақсы жағына өзгергені белгіленбеген.

Бәсекелестіктің дамуына ықпал ететін факторларға талдау жүргізу әзірленгенмонополияға қарсы агенттіктің 2013 жылғы 29 қазандағы № 410-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында бәсекелестіктің даму деңгейін айқындау әдістемесінен көрініс тапты. Оған қазіргі сәтте Ресей Федерациясында бәсекелестікті дамыту мақсатында ойдағыдай қолданылып жүрген әдістеме негіз болды.

Әдістемеде екі индикатор есебі көзделеді:

- «Бәсекелестік қарқындылығы» (өңірлерде бәсекелестікті дамытудың дәрежесін айқындайды);

- «Тауар нарықтарының монополиялану деңгейі» (экономика салаларында бәсекелестікті дамытудың дәрежесін айқындайды).

Екі индикатор да ресми статистикалық мәліметтерге және нарық субъектілері сауалдарының нәтижесінде алынған деректерге негізделді.

Батыстың әлеуметтік ғылым мектептерінде сауалнамалық тәсіл сапалы көрсеткіштерді, оның ішінде бәсекелестіктің жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштерді өлшеу қажет болған жағдайда қолданылатынын атап өткен жөн. Мысалы, Ұлыбританияда монополияға қарсы бақылау жүйесі мемлекеттік органдардың, оның ішінде монополияға қарсы органдар қызметінің өлшемдерімен әлеуметтік-экономикалық әсерді бағалау тұрғысынан социологиялық сауалнамалары (көрсеткіштері) ең маңыздылардың бірі болып танылған. Әдістемеде бұрын атап өтілгендей, бәсекелестіктің даму деңгейін жанама сипаттайтын статистикалық деректерді пайдаланады, бұл барынша теңгерімделген соңғы нәтижелер беруге мүмкіндік береді.

Көрсеткіштер бәсекелестіктің жай-күйіне әсер ететін төрт (әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік және инфрақұрылымдық) факторға топтастырылған.

Мұндай жүйе бәсекелестіктің жай-күйіне барынша терең, егжей-тегжейлі талдау жүргізуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бәсекелестікті дамыту жөніндегі қабылдаған шараларының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл ретте, аталған әдістеме оның нақты сегментінде емес, сала бойынша тұтастай жай-күйді бағалау мүмкіндігін қамтиды.

Бұдан басқа, әзірленген әдістеме тұтастай экономиканың барлық салалары бойынша, әрбір жекелеген өңірде бәсекелестіктің жай-күйін бағалауға, жалпы картинаны көрсетуге мүмкіндік береді. Нақты тауар нарығында шоғырлану деңгейі мен ондағы нарық субъектілерінің жағдайын айқындаудың әдісі бар қазіргі қолданыстағы Тауар нарықтарында бәсекелестік ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу жөніндегі әдістемеде талдау жасаудың қиындықтары кездеседі. Талдаумен қамту мүмкін емес және орынсыз мұндай 5000-нан астам тауар нарықтары (сегменттері) бар.

Томас Саатидің иерархиясын талдау әдісі негіз болды, ол барлық әлемде пайдаланылуда және бәсекелестік жай-күйге әсер ететін әртүрлі факторларды талдайды.

 

9-сурет – Томас Саатидің иерархиясын талдау әдісі

 

Әрбір индикатордың бірқатар көрсеткіштері бар. Бұл ретте, индикаторларды есептеу үш кезеңнен тұрады. Біріншісі – бұл әрбір көрсеткіштің үлес салмағын есептеу. Екіншісі – оның жүйелендірілген

 (бірдейлендірілген) мәнін айқындау. Үшінші – өңірлер және экономиканың салалары бөлінісінде индикаторлардың мәнін айқындау.

«Бәсекелестіктің қарқындылығы» индикаторын есептеген кезде 0-ге тең мән келеңсіз бәсекелестік жай-күйді не бәсекелестіктің жай-күйін білдіреді. 1 мәні оң жағдайды білдіреді.

«Тауар нарықтарының монополиялану деңгейі» индикаторын есептеген кезде 0-ге тең мән оң жағдайды білдіреді. 1 мәні теріс бәсекелестік жағдайды не бәсекелестік ортаның жай-күйін білдіреді.

Салыстырмалы талдау жүргізген кезде қандай салаларда, өңірлерде бәсекелестік барынша әлсіз дамығандығы айқын көрінеді. Бұдан басқа, есеп сол немесе өзге фактор (әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік және инфрақұрылымдық) бойынша сұралған респонденттердің пайыздық ара-қатынасының серпінін айқындауға мүмкіндік береді. Мысалы, бәсекелестіктің жай-күйі соңғы жылдары жақсарды деп санаған жауап берушілер үлесінің серпінін айқындауға мүмкіндік береді.

Қорытындысында, Әдістеме «Бәсекелестіктің қарқындылығы» және «Тауар нарықтарының монополиялану деңгейі» индикаторларын ҮИИДМБ-ге енгізгеннен кейін оларды салалық бағдарламаларға және аумақтардың даму бағдарламаларына көрсеткіштер түрінде декомпозициялауға мүмкіндік береді.

Мысалы, «Олардың кәсіпорындары жұмыс істейтін салада нарыққа жаңа ойыншылардың кіру тосқауылдары (проблемалары) жоқ деп санайтын сұралған респонденттердің үлесі, %» көрсеткіші түрінде.

Бұдан басқа, жағдай барынша алаңдаушылық тудыратын салалар, өңірлер бойынша нақты ұсыныстар беру арқылы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді. Мысалы, сол немесе өзге өңірде еңбек ресурстарының қолжетімділігін теріс бағалайтын сұралған респонденттердің санын ескеріп, уәкілетті мемлекеттік органға және әкімдікке тиісті ұсыныстар жіберу.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бәсекелестікті дамыту бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін айқындаған кезде аталған Әдістемені пайдалануға мүмкіндік береді (әкімдіктердің рейтингі).

Осылайша, өңірлік бәсекелестікті дамыту немесе бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау тұтастай өңірді дамытудың түйінді элементі болып табылады. Бұл ретте, Қазақстанда әр саланың өзінің үздік бағыты болады. Кейбір өңірлерде, олардың ерекшеліктеріне орай, сол бір тауар нарығында бәсекелестіктің даму деңгейі сөзсіз әртүрлі болады. Қандай да бір салада ауыл шаруашылығы, ал енді бірінде мұнай өнімдері өндірісі дамыған. Осыларды ескере отырып, әрбір өңір үшін жеке проблемалық мәселелер айқындалады.

Осыған байланысты,монополияға қарсы агенттік 2013 жылы аумақтық даму бағдарламаларының бәсекелестік саясат мәселелеріне мән берілу деңгейін айқындау бөлігіне талдау жүргізді. Аталған талдау аса мән беруді қажет ететін бірқатар аспектілерді анықтады. Бұл бәсекелестікті дамыту бойынша өңірдегі жағдайды нақты байқаудың және нақты іс-әрекет жоспарының жоқтығы. Ұсынылған шаралар жергілікті атқарушы органдардың пікірі бойынша өңірлік бәсекелестікті дамытуға бағытталды, көп жағдайда, ішкі нарыққа қазақстандық тауар өндірушілердің өнімдерін жылжытуға, тауар ассортиментін жақсартуға, отандық тауар өндірушілерді қолдауға, өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, азық-түлік нарықтарында бағаны тұрақтандыруға бағытталды. Мысалы, АӨК саласындағы бәсекелестікті дамыту жөніндегі шаралар ішкі нарықтың азық-түлікке тәуелсіздігін қамтамасыз ету, көкөніс дақылдарын жыл бойы өсіру үшін жылыжайлар, көкөніс қоймаларын, азық-түлік белдігі және т.б. құрылысын салу.

Сонымен қатар, өңірлік бәсекелестікті дамыту, әсіресе, жергілікті атқарушы органдардың кешенді міндеті болып табылады. Осыған байланыстымонополияға қарсы агенттік тиісті шараларды қабылдау туралы Үкіметке ұсыныс енгізді.

Сонымен, әр өңірде кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық кеңестер бар, оның құрамына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері, мүдделі аккредиттелген коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Осы кеңестердің отырыстарында бәсекелестікті дамыту мақсатындамонополияға қарсы агенттік бәсекелестікті қорғау және дамыту мәселелерін, оның ішінде өңірде басым нарықтарды айқындау, әкімшілік тосқауылдарды жою, бизнес-жобаларды қолдау, экономикада мемлекеттік секторды қысқарту, жылжымайтын және басқа да объектілерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ жүйелі сипаттағы құжаттарды қарау орынды деп пайымдайды.

Информация о работе Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу