Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:44, дипломная работа

Краткое описание

Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық қағидаттарына негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасады деп атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөнінде жаңа саяси бағытты белгіледі. Қойылған міндетке қол жеткізу бәсекелестік қатынастарды дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға сөзсіз ықпал етуі тиіс.

Вложенные файлы: 1 файл

хасенов A нормой Microsoft Office Word 97 - 2003 (2)(1).doc

— 715.00 Кб (Скачать файл)

2. Жергілікті бәсекелестіктің қарқындылығы.

Осы көрсеткіш «Тауарлар мен қызметтер нарығының тиімділігі» тобына кіреді және тиімділік факторына жатады. ДЭФ сауалнамасында сауал мынадай түрде қойылған: «Сіз сіздің елдің ішкі нарығындағы бәсекелестіктің қарқындылығын қалай бағалайсыз?» (1 – көптеген салаларда шектелген,                          7 – көптеген салаларда жоғары). Бұл ретте осы көрсеткіш бойынша Қазақстан                       4 ұстанымға көтерілді және 113-орынға ие болды.

3. Қаржы қызметтеріне қолжетімділік.

Аталған көрсеткіш «Қаржы нарығының дамығандығы» деген 8-ші құрамдауыштың құрылымына кіреді. Ол бойынша деректер сауал жүргізу жолымен жиналады. Сауалнамаға жауап берушілер «Сіздің елдегі қаржы қызметі өнім берушілері арасындағы бәсекелестік қолжетімді баға бойынша қаржы қызметі ұсынысын қандай шамада қамтамасыз етеді?» деген сауалға жауап береді, 1 – мүлде қамтамасыз етпейді және 7 – өте жақсы қамтамасыз етеді деп белгіледі. Осы көрсеткіш алғаш рет 2010 жылы Ғаламдық бәсекеге қаблеттік индексі есебіне енгізілді. Көрсетілген көрсеткіш бойынша Қазақстанның рейтингі 12-ші ұстанымға көтерілді және 79-шы орынға ие болды.

Тұтастай алғанда, Дүниежүзілік экономикалық форумы жасайтын ғаламдық бәсекеге қаблеттілік индексінің «Қаржы нарығын дамыту» қосалқы факторының жеті қосалқы индексі Ұлттық Банкке бекітілген, сондай-ақ бұрын «Қаржы қызметтеріне қолжетімділік» қосалқы индексі бекітілген болатын.

Осылайша, қабылданатын шаралардың үлкен тиімділігіне қол жеткізу және соның салдарынан одан әрі аталған көрсеткішті жақсарту мақсатында аталған қосалқы индекстімонополияға қарсы агенттікке бекітуді қайта қарауды орынды деп пайымдаймыз. Бұл қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын одан әрі дамыту, тұтастай алғанда қаржы жүйесіне деген сенімге қолдау көрсету, сондай-ақ қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиісті деңгейде қорғауды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүктелген міндеттердің бірі болып табылатындығымен байланысты. Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен біргемонополияға қарсы агенттік монополияға қарсы заңнаманың, оның ішінде қаржы нарықтарында бұзылуын анықтайды және жолын кеседі, тауар, оның ішінде қаржы нарықтарында бәсекелестікті дамыту кедергілерін анықтайды және анықтайтын болады, сондай-ақ қаржы ұйымдарының қатысуымен экономикалық шоғырлануға бақылауды жүзеге асырады.

4. Қабылданатын шешімдердің ашықтығы.

Мемлекеттік институттардың ашықтығы мен есеп беруі тұрақты макроэкономикалық ахуалға ықпал етеді. «Мемлекеттің орган қабылдайтын шешімдердің ашықтығы» көрсеткіші «Қоғамдық – саяси институттар» деген                      1-ші құрамдауышқа жатады. Бұл ретте осы қосалқы индекс бойынша Қазақстанның ұстанымы 2013 жылы 21 тармаққа жақсарды және Қазақстан                   32-ші орынға ие болды.

Осы көрсеткіштің көптеген мемлекеттік органдарға бекітілуімен оның едәуір жақсаруына ықпал еткендігін және атап айтқанда шоғырландыру тәсілі осындай оң нәтижені қамтамасыз етуге мүмкіндік бергендігін атап өту керек.

 

2-сурет – Дүниежүзілік экономикалық форумы жасайтын ғаламдық бәсекеге қаблеттілік индексінің кейбір көрсеткіші бойынша 2011-2012ж талдауы

 

Дүниежүзілік экономикалық форумы жасайтын Ғаламдық бәсекеге қаблеттілік индексі рейтингінде Қазақстанның ұстанымын көтеру бойынша монополияға қарсы агенттік қабылдаған шаралар.

Агенттік дүниежүзілік экономикалық форумы жасайтын ғаламдық бәсекеге қаблеттілік индексі рейтингісінің көрсеткішіне қол жеткізу мәселелеріне ерекше назар аударады. Осыған байланысты 2013 жылғы 31 маусымда жаңа редакцияда бекітілгенмонополияға қарсы агенттіктің операциялық жоспарында әртүрлі іс-шараларды, оның ішінде экономиканың негізгі салаларында қолайлы бәсекелестік ортаны қалыптастыру жөніндегі іс-шараны қамтитын «Мақсатты индикаторларды, оның ішінде Дүниежүзілік экономикалық форумның Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингінде Қазақстанның ұстанамын жақсарту бойынша іс-шара» деген жеке бөлім көзделген.

ҒБИ нәтижелері статистикалық (30 %), сондай-ақ сауалнама жүргізу (70 %) деректеріне негізделетіндігін атап өту керек. Бұл ретте, монополияға қарсы агенттікке бекітілген қосалқы индекстер сауалнамаға жауап берушілерге сауалнама жүргізу негізінде есептеледі. Осыған байланысты, монополияға қарсы агенттік монополияға қарсы заңнаманың алдын алумен, анықтаумен және жолын кесумен, тауар нарықтарында бәсекелестікті дамыту кедергілерін анықтаумен, экономикалық шоғырлануды бақылаумен қатар адал бәсекелестікті адвокаттандыру (насихаттау) жұмысын күшейтті.

Бұл ретте Қазақстанда бәсекелестікті насихаттаудың бірқатар проблемалық мәселелері бар, олар:

- мемлекеттік органдар өкілдерінің монополияға қарсы заңнаманың нормаларын жеткілікті түсінбеуі, бұдан дұрыс емес шешімдер қабылдауы мысалы, әділет органдары мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен аффилиирленген тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді монополияға қарсы органның алдын ала келісімінсіз жүзеге асырады;

- судьялардың монополияға қарсы заңнаманы нашар түсінуі монополияға қарсы заңнаманың сол бір белгіленген бұзушылық фактісі бойынша сол бір соттың әртүрлі шешімдер қабылдау жағдайлары бар;

- кейбір БАҚ-тың монополияға қарсы орган қабылдайтын шешімдерді дұрыс түсінбеуі.

Мысалы, кейбір БАҚ-та көбінесемонополияға қарсы агенттік пен Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігін монополияға қарсы саланың маманы деп атауы нарық субъектілерінің адал бәсекелестік, бизнесті адал жүргізу қағидаларын жеткілікті түсінбеуі және соның салдарынан монополияға қарсы заңнаманы бұзу санының өсуі.

Бұл туралы нарық субъектілері тарапынан монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтардың анықталған саны куәландырады.

Сондықтан, қалыптасқан проблемалар кешенінің негізінде белгілі бір шаралар қолдану қажет.

Біріншіден, бұл монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру, өйткені жағдайларды ескере отырып, бейімделген бәсекелестік құқық бизнес ортаның жақсы жұмыс істеуі үшін тиімді құқық алаңын құрады.

Екіншіден, бұл бәсекелестіктің даму деңгейінің көрсеткіші болып табылатын тауар нарығындағы жағдайды талдау. Аталған талдау дұрыс шешім қабылдау үшін қандай да бір тұғырнама, адал бәсекелестікті насихаттау қызметінің негізі болып табылады. Көптеген елдерде талдау жүргізу ұзақ сипатқа ие, бұл ретте міндетті тәртіпте тұтынушылардың пікірлері ескеріледі. Тұтынушыларға, бизнес ортаның өкілдеріне сауалнама жүргізу бір жағынан нақты жағдайды көрсететін индикатор болып табылады.

Үшіншіден, нарық үдерісінің барлық қатысушыларының санасына жеткілікті әсер ететін БАҚ-пен дұрыс диалог жасау. Ол үшін БАҚ өкілдері әртүрлі, оның ішінде халықаралық сипаттағы іс-шараларға қатысуы үшін тартылады.

Төртіншіден, басқа да мемлекеттік органдармен белсенді іс-қимыл жасасу, өйткені адал бәсекелестікті адвокаттандыру (насихаттау) мәселелері монополияға қарсы органның жұмысында ғана емес, басқа да мемлекеттік органдардың жұмысында да басымдықтардың бірі болуы тиіс. Ол үшін, Үкіметтің, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерін бәсекелестік саясат, оның ішінде халықаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі әртүрлі іс-шараларға тарту пайдалы болар еді.

Алайда, Қазақстанда бәсекелестікті адвокаттандыру тұжырымдамасы әзірге басқа мемлекеттік органдардың қызметінде тиісті көрініс тапқан жоқ, бірақ бұл уақыттың еншісіндегі нәрсе.

Бәсекелестікті насихаттау бағыттарына мән берудің алғашқы қадамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 желтоқсандағы                                         № 1781 қаулысымен бекітілген Монополияға қарсымонополияға қарсы агенттіктің 2012-2015 жылдарға арналған стартегиялық жоспарына (бұдан                                          әрі – Стартегиялық жоспар) бәсекелестікті насихаттау ұғымын, сондай-ақ міндеттерді енгізу болып табылады.

Екінші қадам монополияға қарсы органның бәсекелестікті насихаттауды жүзеге асыру функциясын заңнамалық деңгейде бекіту, атап айтқанда                             2013 жылғы 25 наурызда күшіне енгізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізу болып табылады. Бұл бәсекелестік саясаттың жоғарыда көрсетілген бағытын дамытуға терең тұрғыдан келуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жаһандық ықпалдастыру (Бірыңғай экономикалық кеңістік, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі және басқа да) жағдайларда бәсекелестікті адвокаттандыру рөлінің маңызы ерекше, монополияға қарсы заңнаманы, нарықтағы әрекеттер қағидаларын білмеу бизнестің шетелдік өкілдерімен толыққанды бәсекелес болуына кедергі болады.

Осыған байланысты халықаралық ынтымақтастықты күшейту өзекті болып табылады, атап айтқандамонополияға қарсы агенттікте өз қызметі шеңберінде Дүниежүзілік экономикалық форумның Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингін жүргізуге қатысатын «Дүниежүзілік бәсекелестікке шолу» баспасымен өзара іс-қимыл жасасу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамынамонополияға қарсы агенттіктің және «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ-ның өкілдері кіргізілді. Журналдың редакторымен (Д. Вэскотт) хат алмасу нәтижесі бойынша монополияға қарсы агенттікке журнал беттеріне орналастыру үшін ақпараттарды (мақалалар, талдау материалдарын және өзгелерді) жіберу ұсынылды. Тиісті материалдарды қалыптастырғаннан кейін оларды Дүниежүзілік бәсекелестікке шолуға одан әрі жіберу үшін материалдарды бекіту бойынша аталған Жұмыс тобының отырысы өткізілетін болады.

2013 жылғы маусымда монополияға қарсы агенттік «Халықаралық бәсекелестік желісі» (Competition Policy International) журналымен хат алмасуды жүзеге асырды. Хат алмасу нәтижесі бойынша журнал монополияға қарсы агенттіктің аталған журналдың барлық онлайн ресурстарына кіруіне (бірыңғай логині – cpi@azkrk.kz және паролы – competition) рұқсат берді. Сондай-ақ осы журналда жариялау үшін монополияға қарсы агенттіктің негізгі қызметі туралы ақпараттарды, мақалаларды және т.б. жіберу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, «Дүниежүзілік бәсекелестікке шолу» (Global Competition Review) журналында жариялау мәселесі пысықталуда.

Өкінішке орай, заманауи Қазақстанда кейбір кәсіпкерлердің монополияға қарсы және сабақтас заңнама туралы қандай да бір түсініктері жоқ. Мұны монополияға қарсы агенттіктің бизнес ортаның өкілдеріне жүргізген сауалнамасы растайды. Өйткені, монополияға қарсы орган үшін кері байланыстың, нарық субъектілерініңмонополияға қарсы агенттік жүргізіп отырған жұмысты, кәсіпкер жұмыс істейтін бәсекелестіктің даму деңгейін қабылдауының, адал бизнесті жүргізу қағидаларын түсінуінің маңызы зор. Ол үшінмонополияға қарсы агенттіктің сайтында одан әрі мониторинг жүргізуге және жағдайын талдауға және тиісінше бәсекелестікті адвокаттандыру саясатының тиісті тұжырымдамасын әзірлеуге мүмкіндік беретін «Бәсекелестіктің даму деңгейін айқындау» сауалнамасы орналастырылған. Өңірлерде жаппай жұмыс істеп тұрған монополияға қарсы инспекциялар бизнес ортаның қатысуымен тұрақты түрде семинарлар, кеңестер, «дөңгелек үстелдер» сияқты және т.б. іс-шараларды өткізіп тұрады. Монополияға қарсы заңнаманың негіздері, жаңалықтары, оны қолдану, атқарылған жұмыстардың қорытындылары және бәсекелестік саясаттың басқа да мәселелері талқыланады.

БАҚ-пен жұмыс баспасөз конференциялары мен брифингтер өткізу, монополияға қарсы агенттіктің сайтын ілгерілету және толтыру, оның ішінде ағылшын тілінде толтыру арқылы жандандырылған. Осыған байланысты,монополияға қарсы агенттік сайтында орналастыру үшін баспасөз релиздерін, жарияланымдарды және басқа да ақпараттық материалдарды әзірлеуге сапалы тұрғыдан келу тәсілдері, критерийлері (талаптар) әзірленді.

Интернет желісінде ашықтықтың белсенді саясаты жүргізілуде. Face Book, «Байланыста», «Twitter» микро-блогы, You Tube бейне-хостингі сияқты әлеуметтік желілер арқылы монополияға қарсы агенттік азаматтарға қысқаша және түсінікті нысанда монополияға қарсы органның қызметі туралы ақпарат беріп қана қоймай нақтылауға, сауалдарға жауаптар алуға, монополияға қарсы агенттіктің жұмысын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды талқылауға да мүмкіндіктер береді.

Жыл сайынғы негізде журналистер арасында Қазақстан Республикасындағы бәсекелестік саясат мәселелері бойынша ең жақсы жарияланым – «Бәсекелестік-БАҚ» конкурсын өткізу дәстүрге айналған. Конкурс 4 негізгі: «Телевидениедегі ең үздік бейнематериал», «Газет және журналдардағы ең үздік жарияланым», «Радиодағы ең үздік материал», «Интернет-ресурстарда орналастырылған ең үздік материал» номинациялары бойынша өткізіледі. Сонымен қатар, 2013 жылғы желтоқсанда бизнес орта өкілдері үшін «Ең үздік кәсіпкер» конкурсы өткізілді.

Бәсекелестікті насихаттаудағы серпінді жоба «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарында адал бәсекелестіктің негізін түсіндіретін бейне-роликтерді трансляциялау болып табылады.

ЖОО-лардың оқу бағдарламаларына «Бәсекелестік құқық» негіздерін енгізу мәселесі пысықталуда. Осыған байланысты, Қазақстанның бірқатар ЖОО-ларымен меморандумдар жасалды. Бұл өте маңызды болып табылады, өйткені бәсекелес сананы қалыптастыруға жоғары білім алу кезеңінде неғұрлым тиімді қол жеткізіледі. Бәсекелестік саясат саласында мамандарды одан әрі қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін базалық білімнің кірпіші қаланады. Барлық жүргізіліп отырған жұмыс нәтижесі қоғам мен БАҚ-тың бәсекелестікті қорғау тақырыбына қызығушылығының артуы болып табылады. Бұл туралы мерзімді баспа беттерінде және мамандандырылған БАҚ-тарда тұрақты түрде жарияланатын жарияланымдардың санынан байқауға болады.

Нәтижесінде, 2013 жылы монополияға қарсы агенттік жүргізген бәсекелестік саясат саласындағы жұмыс монополияға қарсы агенттікке бекітілген қосалқы индекстер бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумы жасайтын ғаламдық бәсекеге қаблеттілік индексі рейтингінде Қазақстанның ұстанымын арттыруға ықпал етті.

1. Лозан Халықаралық менеджмент институты (IMD) – 1989 жылдан бастап жүргізетін елдердің ғаламдық бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың белсенді көзі ретінде дүниежүзіне танылған танымал институт.

Информация о работе Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу