Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 17:30, курсовая работа
Торговля как вид предпринимательской деятельности, сопутствуя каждой общественно-экономической формации, меняет свои формы и способы в зависимости от уровня научно-технического прогресса и государственной политики. Так, в дореволюционной России наряду с торговлей была широко распространена продажа гражданами товаров собственного производства или даров природы, которая имела особый правовой статус и регламентировалась специальными правовыми нормами. В условиях социализма торговля представляла собой способ распределения общественного продукта, поэтому покупка гражданами товара в целях последующей его продажи квалифицировалась как уголовно-наказуемое деяние. Рыночные отношения предопределили принципиальное изменение правовой регламентации данного вида деятельности и обусловили обновление законодательной базы. Регулярно обновляется нормативно-правовая база, в том числе на уровне федеральных законов, проекты которых, можно сказать, проходят конкурсный отбор.
Введение ………………………………………………….. ……………….
1. Теоретические основы правового регулирования торговой деятельности в РФ………………………………………………………….
1.1 Сущность и значение правового регулирования торговой деятельности в РФ…………………………………………………………...
1.2 Исследования законодательства в сфере правового регулирования торговой деятельности в Российской Федерации ……………. ……….
1.3 Зарубежный опыт правового регулирования …………………….… ..
2. Анализ правового регулирования торговой деятельности в РФ и предложения по его усовершенствованию …………………………….....
2.1 Анализ правового регулирования торговой деятельности в РФ…….
2.2 Предложения по усовершенствованию правового регулирования торговой деятельности в РФ……………………………………………... ..
Заключение………………………. ………
Латын Америкасы елдері тарихи жағдайлардың
және қазіргі әлеуметтік – экономикалық
дамудың жағдайларын
ІІ д.ж.с кейінге отарлау жүйес
Шаруашылығына жалпы сипаттама
Ресей Федерациясы — өтпелі экономика тән индустриялы-аграрлы ел. Кеңес Одағының ыдырауына байланысты ел экономикасы терең дағдарысқа ұшырады. Біртұтас мемлекет құрамында болған елдер тәуелсіздігін алған соң, олардың арасындағы тығыз экономикалық байланыс үзілді. Мұның өзі жаңа экономикалық одақ құруға түрткі болғанын білесіңдер. Ресей экономикасында жүрген экономикалық қайта құрулардың басты бағыттары мынадай болды: 1) экономикалық әрекетке еркіндік берілуі; 2) экономиканы басқаруда және реттеуде мемлекет үлесінің азаюы; 3) мемлекет меншігінің акционерлік ұжымдар мен жеке адамдар меншігіне өтуі. Жүргізілген қайта құрулар нәтижесінде экономиканы басқару сипаты ғана емес, оның салалық құрылымына, қаржыландыру жүйесіне, басқа елдермен экономикалық байланыстарына да өзгерістер енгізілді.
1990 жылдардан бастап жүргізілген
нарықтық қайта құруларға
Ресей шаруашылығының аумақтық орналасуы әркелкі. Табиғат ресурстарының басым бөлігі азиялық бөлікте өндірілгенімен, негізгі тұтынушылар, өндірістік-техникалық және ғылыми әлеует еуропалық белікте шоғырланған. Енді шаруашылықтың жеке салаларының орналасуымен және құрылымдық ерекшеліктерімен танысайық.
[өңдеу]
Отын-энергетика кешені
Ресей экономикасында отын-энергетика кешенінің (ОЭК) маңызы өте зор, өйткені ел экспортының 40%-ын отын-энергетикалық шикізат құрайды. Кешен отынның барлық түрлерін (мұнай, газ, көмір, шымтезек және тақтатас) өндіру, тасымалдау және бастапқы өңдеу, электр энергиясын өндіру мен тасымалдауды қамтиды (қосымшадағы "Ресейдің отын-энергетикалық кешені" картасын қараңдар).
Отын өнеркәсібі отын түрлерін өндірумен және алғашқы өңдеумен айналысады. Бұл салаға өнеркәсіпте жұмыс істейтіндердің 6%-ы және елдегі өндірілетін өнеркәсіп өнімінің 20%-ға жуығы тиесілі. Қазіргі кезде бастапқы энергия көзі ретінде газдың үлесі (48%) артып келеді. Керісінше мұнайдың үлесі 1970 жылмен салыстырғанда 50%-дан 33%-ға дейін қысқарған. Көмірді пайлалану да соңғы 30 жылда азайған.
Ресей табиғи газдың барланған қоры жөнінен 1-орын алады, оның үлесіне әлемдік газ қорының 1/3 бөлігі тиесілі. Табиғи газдың ең ірі алабы — Батыс Сібір, бұл алап Ресейде өндірілетін газдың 90%-ын береді. Негізгі газ кен орындары Ямал-Ненец автономиялық округінде орналасқан. Батыс Сібірдің мұнай кәсіпшіліктерінде қосалқы газды өндіру де қолға алынған. Табиғи газ өндірілетін басты орталықтар — Жаңа Уренгой мен Надым. Ресейде газ тасымалдау мақсатында біртұтас газ құбыры жүйесі жасалған. Басты газ құбырлары Ямал-Ненец AO мен елдің орталық аудандарын байланыстырады. Бұл ауданнан газдың 1/3-і құбырлармен Беларусь және Украина аумақтары арқылы баска елдерге тасымалданады.
Мұнайдың барланған қоры жөнінен Ресей дүниежүзінде 7-орын (әлемдік қордың 6,5%-ы) алады. Ең ірі мұнай алабы — Батыс Сібір, оның үлесіне елде өндірілетін мұнайдың 2/3 бөлігі тиесілі. Басты мұнай кәсіпшіліктері: Сургут, Нижневартовск және Нефтеюганск, Ямал-Ненец AO. Маңызы жөнінен екінші орынды Волга-Орал алабы алады, мұнда ел мұнайының 1/4 бөлігі өндіріледі. Солтүстік Кавказдағы, Сахалиндегі мұнай кәсіпшіліктерінің жергілікті маңызы бар. Мұнай Баренц және Охот теңіздерінің қайраңдарында, Шығыс Сібірде табылған. Табиғат жағдайлары қатал болғандықтан бұл кен орындарын игеру үшін мол қаржы қажет.
Мұнай құбырлары арқылы өндірілген
мұнайдың 95%-ы тасымалданады. Ресей
мұнайын батыстағы бұрынғы
Елде жыл сайын 200 миллион тонна шамасында мұнай өнделеді. Мұнай өндеудің көлемі жөнінен ел әлемде АҚШ пен Жапониядан соң 3-орын алады. Мұнай өңдеу зауыттары бастапқы кезде өндіру аудандарында орналасса, қазіргі кезде тұтыну аудандарында да салына бастады.
Көмір өндіру жөнінен Ресей дүниежүзінде 5-орын алады. Өндірілген көмірдің басым бөлігі ішкі тұтынуға жұмсалады.
Электр энергиясын өндіру жөнінен 4-орын алады. Электр энергиясын өндіруде жылу электрстансыларының үлесі (65%) жоғары. Еуропалық бөлікте олар, негізінен, газ бен мазутты, ал азиялық бөлікте көмірді пайдаланады. Мұнай өндіретін аудандарда қосалқы газбен жұмыс істейтін стансылар да бар. Ірі қалалар маңында орналасатын жылу-электр орталықтары электр энергиясын өндірумен қатар, қалаларды жылумен де қамтамасыз етеді. Сургут, Рефтинск және Кострома электрстансылары елдегі аса ірілерінің қатарына жатады.
Елдегі өндірілетін электр энергиясының 20%-ға жуығын су электрстансылары береді. Жалпы, Ресейдің су-энергетикалық қоры аса мол болғанымен, оның 4/5 бөлігі аз игерілген аудандарда шоғырланған. Қазіргі кезде осы қордың тек 20%-ы ғана пайдаланылады. Аса ірі Саян, Краснояр (Енисейде), Братск, Усть-Илим (Ангарада) су электрстансылары елдегі ең қуатты (22 миллион кВт) Ангара — Енисей каскадын құрайды.
Атoм электрстансылары елде өндірілетін электр энергиясының 15%-ын береді. Олар жергілікті шикізатты пайдаланып жұмыс істейді. Ресейдегі алғашқы АЭС 1954 жылы іске қосылған болатын, қазір олардың саны 11-ге жетті. Ең ірілері — Ленинград, Курск және Балаков стансылары, олардың әрқайсысының қуаты 4 миллион кВт-ты құрайды.
[өңдеу]
Металлургия және машина жасау
Металлургия кешені металл кендерін өндіру мен байытуды, металдарды балқыту мен прокат өндірісін қамтиды.
[өңдеу]
Қара металлургия
Қара металлургия темір, марганец, хром сияқты қара металл кендерін өндірумен және оларды өңдеумен айналысады. Бұл металдарды өндіру көлемі жөнінен Ресей әлемде Жапония, Қытай және АҚШ-тан соң 4-орын алады. Қазіргі кезде Ресей жыл сайын 83 млн т темір кенін, 45 млн т шойын, 70,6 млн т болат өндіреді, 47 млн т шамасында қара металдардың дайын прокаты, 5,4 млн т болат құбырлар жасалады.
Елдің қара металлургиясы жоғары деңгейде шоғырланған. Кеннің басым бөлігі аса ірі кеніштерде өндірілсе, дайын металдың жартысынан астамын толық циклді 8 комбинат береді. Темір қоры, негізінен, еуропалық бөлікте (Курск магнит аномалиясы, Орал, Мурман облысы мен Карелияда) шоғырланған. Батыс және Шығыс Сібірдегі, Қиыр Шығыстағы кен орындарының да болашағы зор. Темірмен салыстырғанда қоры мардымсыз марганец Кемерово және Свердлов облыстарында, ал хром Пермь облысында өндіріледі.
[өңдеу]
Түсті металлургия
Түсті металлургия елдегі өнеркәсіп өнімінің 8,5%-ын береді. Түсті металдарды өндіру жөнінен Ресей АҚШ-тан кейін 2-орын алады. Елде 70-тен астам түсті металл түрлері өндіріледі. Олар ерекшеліктеріне қарай негізгі (алюминий, титан, магний, мыс, никель, қорғасын, мырыш және т.б.), легирлеуші (сапалы болат алу үшін қара металдарға қосылатын вольфрам, молибден және т.б.), бағалы (алтын, күміс, платина) және сирек металдар (цирконий, германий және т.б.) деп бөлінеді. Түсті металлургияда алюминий өндірісінің үлес салмағы жоғары, жылына Ресей металл күйінде 3 млн т алюминий өндіреді. Негізгі шикізат қоры Ленинград, Свердлов, Челябі облыстарында, еуропалық бөліктің солтүстік- батысында, Краснояр өлкесінде шоғырланған. Алюминий өндірісі электр энергиясын көп қажет ететіндіктен, арзан электр энергиясын беретін СЭС маңдарында орналасады. Краснояр және Братск алюминий зауыттары бұл саладағы аса ірі кәсіпорындар болып саналады.
Ресей жылына 130 т алтын өндіреді, оның басты орталығы Қиыр Шығыс болып табылады. Алтын өндірісі жөнінен ел әлемде 5-орын алады. Сирек металдар Оңтүстік Сібірде, Оралда және Кола түбегінде өндіріледі, өнімнің 80%-ы экспортталады. Түсті металлургия саласына, әдетте, алмас өндірісін де жаткызады. Ресейдегі алмастың 99%-ы Саха республикасында өндіріледі. Жалпы алғанда, түсті металлургияның негізгі дамыған аудандары Орал, Шығыс Сібір, Қиыр Шығыс болып табылады. Мұндағы кәсіпорындар өз шикізатымен қатар, Қазақстаннан әкелінетін алюминий шикізатын (глинозем), қорғасын мен мырыш концентраттарын пайдаланады.
[өңдеу]
Машина жасау
Машина жасау — Ресейдің экономикалық даму деңгейін анықтайтын маңызды саланың бірі. Оның үлесіне елдің өнеркәсіп өнімінің 20%-ы тиесілі. Ресейде машина жасау саласы бойынша 50 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. 1990 жылдары жеңіл автокөлік жасаудан басқалары өнім көлемін екі еседей қысқартты. Бұл шетелдік машиналар мен жабдықтарға қарағанда ресейлік өнімдердің сапасының төмен болуымен түсіндіріледі. Ресейдің машина жасау кәсіпорындарында таукен, энергетика, химия, орман, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығына қажетті машиналар мен құрал-жабдықтар, көлік құралдары мен электр техникасы, электрондық құралдар жасалады. Кейбір өнімдер тек бір ғана көсіпорында шығарылады. Мысалы, троллейбус шығаратын жалғыз зауыт Энгельс қаласында орналасса, картоп жинайтын комбайндар тек Рязаньда жасалады. Жалпы алғанда, өнімнің 90%-ы еуропалық бөлікте жасалады.
Машина жасау кәсіпорындарының орналасуына бірнеше фактор әсер етеді.
Қазіргі заманғы машина жасау ғылымға негізделеді. Сондықтан ең жаңа және күрделі өндірістер (электроника, радиотехника, әуе-ғарыштық) ғылыми мекемелер мен тәжірибелік зауыттар шоғырланған ірі қалаларда (Мәскеу және оның айналасы, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Новосибирск) орналасады.
Көптеген машина түрлерін (әсіресе тау-кен, энергетикалық) жасау үшін металл көп қажет. Сондықтан оларды жасайтын кәсіпорындар металлургия базаларына жақын орналасады.
Машина жасау көп еңбекті қажет етеді. Сол себепті көпшілік кәсіпорындар халық тығыз қоныстанған аудандарда орналасады.
Дайын машина
өнімдері көбінесе алысқа тасымалданатындықтан
машина жасау кәсіпорындары ірі
көлік тораптарына жақын
Ірі машиналар мен жабдықтарды алысқа тасымалдау қиындық тудырады. Сол себепті кейбір кәсіпорындар тұтынушыларға жақын орналасады. Мысалы, Петрозаводскіде ағаш тасымалдайтын тракторлар, Дондағы Ростовта астық жинайтын комбайндар шығарылады.
Қорғаныс мақсатындағы өнім шығаратын әскери кәсіпорындар шекарадан шалғай, жетуі қиын кішігірім қалаларда орналасады.
[өңдеу]
Өнеркәсіптің басқа салалары
[өңдеу]
Химия өнеркәсібі
Ресей өнеркәсіп құрылымында химия, орман, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінің маңызы зор. Елдің химия өнеркәсібінің құрамына мыңдаған түрлі өнім шығаратын кәсіпорындар енеді. Кейбір химия өнімдерін шығаруда Ресей әлемде алдыңғы орынды алады. Мысалы, күкірт қышқылын өндіруден — екінші, минералды тыңайтқыш бойынша бесінші орынды иеленеді. Химия өнеркәсібінде табиғатта жоқ, бірақ қасиеттері өзінің табиғи баламасымен салыстырғанда асып түсетін жаңа материалдар жасалады. Химия өнеркәсібі шексіз шикізат базасына ие болғандықтан, кәсіпорындарын барлық жерде бірдей орналастыруға болар еді. Бірақ қазіргі кезде олардың басым бөлігі мұнай және газ өндеудің өшмдеріне негізделген. Сол себепті мұндай кәсіпорындар көбінесе шикізатты өндіретін және өңдейтін аудандарда (Поволжье, Орталық) орналасады. Химиялық технологиялар алуан түрлі және күрделі болады. Кейде бір шикізаттан ондаған түрлі өнім алынады. Мұның өзі әртүрлі комбинаттардың қалыптасуына әсер етеді. Қазіргі кезде қоршаған ортаны ластайтын химиялық кәсіпорындарға қатысты экологиялық талаптар күшейтіліп келеді.
[өңдеу]
Орман өнеркәсібі
Ресей аумағының жартысына жуығын орман алып жатыр. Елдегі ағаш сүрегінің жалпы қоры шамамен 80 млрд м3-ді құрайды. Сол себепті мұнда орман өнеркәсібін дамыту үшін шикізат қоры жеткілікті. Оның жеке салаларының орналасуына әртүрлі факторлар әсер етеді. Мысалы, целлюлоза мен қағаз өндірісіне көп мөлшерде ағаш сүрегі, таза су мен электр энергиясы қажет болғандықтан, мұндай өндірістер Карелия, Сібір мен Оралда орналасқан. Ал жиһаз өндіру тұтынушыларға жақын аудандарда орналасады. Ағаш сүрегін неғұрлым толық пайдалану мақсатында кешенді кәсіпорындар салынған. Мұндай кәсіпорындар Архангельск, Сыктыквар, Братск, Усть-Илимде жұмыс істейді. Ресейдің орман өнеркәсібінің өнімдерінің басым көпшілігі берене, кесілген ағаш сүрегі мен целлюлоза түрінде сыртқы нарықта сатылады.
Информация о работе Правовое регулирование торговой деятельности в Российской Федерации