Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2015 в 04:47, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу». Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бұл қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және елдің барлық азаматтары үшін бірдей «бастапқы жағдайды» қалыптастыруға бағытталған макроэкономикалық реттеудің бір бағыты. Әлеуметтік саясат қоғамда әділеттік қарым-қатынастың дамуына, әлеуметтік қорғаныс жүйесін қарастыруға, сонымен қатар табыстың анықталған саясаттың өтуі және ауқатының өсуі үшн қызметті қамтамасыз етеді.
Кіріспе
3
1
Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеудің теоретикалық негіздері
6
1.1
Халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің жүйесі
6
1.2
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
11
1.3
Белоруссияның халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу тәжірибесі
21
2
Қазақстанның әлеуметтік саясаты және оның нәтижелері
27
2.1
Қазақстан Үкіметінің 2007-2009 жылдардағы әлеуметтік саясаты
27
2.2
Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің 2007-2009 жылдардағы серпіні
33
2.3
Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелері
45
3
Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары
49
3.1
Халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мәселелерін шешу жолдары
49
3.2
Қазақстан Республикасында жұмысбастылық және өмір деңгейін жоғарлату мәселелерін шешу жолдары
58
Қорытынды
65
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Елбасының Үкіметке, мемлекеттік холдингтерде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып кәсіптік–техникалық білім беруді одан әрі дамыту бағдарламасын әзірлеп, іске асыруды тапсыру қуанышты оқиғалардың қатарын толықтырады.
Жолдауда ҚР Президенті биыл біз республикалық маңызы бар 9 денсаулық сақтау нысанының, жергілікті маңызы бар 112 нысанның құрылысын қолға алдық деп атап көрсетті.
Сонымен бірге, Елбасы медициналық жоғары оқу орындарында гранттар мен Болашақ бағдарламасы бойынша медициналық мамандықтарға квота санын көбейту, халықты сапалы дәрі–дәрмектермен қамтамасыз етуге, отандық фармацевтикалық фабрикаларды құруға қажетті инвестиция тарту, саламатты өмір салтын кеңінен насихаттау жұмысын жандандыру, стадиондар мен спорт кешендерін, балаларға арналған және спорт алаңдарын салу мен ескілерін жаңарту жөнінде тапсырмалар берілді.
2008 жылғы Президенттің Жолдауында
қысқа және орта мерзімді
Жолдау үлкен философиялық мән–мазмұнға толы. Жолдау философиясының мәні – Қазақстан Республикасының қарқынды дамуы және өмірдің барлық салаларындағы тұрақтылық – халықтың үмітін, тілеуін және арман–мұратын бейнелейді. Қазіргі уақытта, Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған барлық стратегиялық міндеттерді орындау үшін біздің барлық мүмкіншіліктеріміз бар.
Қазақстандықтардың, Қазақстан қоғамының барлық жіктері мен әлеуметтік топтарының әлеуметтік көңіл–күйін ұдайы жақсарта түсу мемлекет саясатының алдыңғы сапында болып келді және осылай болып қала береді.
Өмір сапасының стандарттары адам капиталын дамытудың және Қазақстанды әлеуметтік жаңартудың тиімді нарықтық құралына айналуға тиіс, бұл ретте масылдық пиғылды орнықтыруға жол беруге болмайды.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс орындарын ашуға және еңбекке қабілетті халықты ел экономикасына тартуға бағдарланған жағдайда ғана тиімді бола алады. Бұл қағиданы біз бұрын да ұстанып келдік, болашақта да одан ауытқымаймыз.
3.2 Қазақстан Республикасында жұмысбастылық және өмір деңгейін жоғарлату мәселелерін шешу жолдары
ХХI ғасыр кез келген мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік саясат болуы керек екенін дәлелдеді. Әсіресе, әлемдік қаржылық дағдарыс әрбір елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайына әсер еткені белгілі. Әлеуметтік саясат аясында халықты, оның ішінде көмекке аса мұқтаж адамдар, асыраушысынан айрылған, мүгедек жандар, жетім балаларды әлеуметтік қорғаудың маңызы зор. Қазақстан Республикасы Ата Заңында «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсеткен. Әрине, әлеуметтік мемлекеттің негізгі принципі де әлеуметтік саясатты жүргізіп, негізгі функцисы әлеуметтік қорғау болып табылады. «Әлеуметтік қорғау – бұл мұндай қатынастар, яғни оның қамқорлығында индивидтер қоғамдағы өз позицияларын сақтауға мүмкіндіктері болады. Әлеуметтік қорғау – саяси немесе әлеуметтік одақты сақтау функциясы».
Әлеуметтік саясатты жүргізудің негізгі мынадай принциптері бар: баға көтерілгенде компенсацияның түрлі формаларын енгізіп және индексация жүргізу арқылы халықтың өмір деңгейін қорғау; ең кедей отбасыларға көмектесу; жұмыссыздық жағдайында көмек беру; әлеуметтік сақтандыру саясатын жүзеге асыру; мемлекет есебінен білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғауды дамыту, мамандандыру бағытында белсенді саясат жүргізу. Жалпы әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үш кезеңнен тұрады: саясатты қалыптастыру, оны халыққа тарату және оны әр адамның қабылдауы. Әлеуметтік саясатты қалыптастыру процесіне түрлі үкіметтің жасаған бағдарлама, жобалары және парламент, президенттің бекіткен заң, жарлықтарын тікелей жатқызуымызға болады. Ал енді әр адамның әлеуметтік саясатты қабылдауы, ол тікелей екінші кезеңнің жүзеге асуына байланысты өз нәтижесін береді.
Әлеуметтік мемлекеттің негізгі принципі де әлеуметтік саясатты жүргізіп, негізгі функцисы әлеуметтік қорғау болып табылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда елімізде бірқатар бағдарлама, құжаттармен қатар 2001 жылы 27 маусымды «Халықты әлеуметтік қорғаудың концепсиясы» қабылданды. 2008 жылы «Әлеуметтік қызметтер туралы ҚР Заңы» қабылданды.
Қаржылық дағдарыс жұмыссыздық, халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі секілді әлеуметтік мәселелердің өсуіне ықпал етіп, халықтың тұрмыс жағдайына тікелей әсер етеді. Осы тұста Қазақстанда мемлекеттік саясаттың басым бағыты әлеуметтік сала болып қала берді. Әлеуметтік саясаттың басым міндеттері қоғамдық өмірде белгілі бір деңгейде теңдікті қамтамасыз етуді көздейді.
Қазақстанда азаматтарымыздың
әлеуметтік қорғалуы
Қазіргі таңда әлеуметтік саясатты іскерлік менеджменттің құралы ретінде қарастыру заманауи талаптардың сұранысына сәйкес бағытқа айналып отыр. Қоғам дамуының бастапқы кезеңдерінде шаруашылық прогресі көбінесе теңсіздік пен әділетсіздікке негізделетіні белгілі. Осы күні қалыптасып отырған нарықтық қатынастар да әлеуметтікті қамтамасыз ете бермейді. Нарықтық қатынастардың дамуы – бостандық пен қызмет еркіндігіне, әлеуметтік әділеттілікке жол ашып берді. Осының барлығы индустриалды елдерде әлеуметтік теңсіздікті азайту заңдылығын қалыптастырды. Жалпы алғанда нарықтық экономиканың осы күнгі үлгісі біршама әлеуметтік теңестіруді көздейді деп айтуға болады. Біріншіден, қоғамдық сананың нарықтануы қатысушылардың өзара келісімге келу деңгейін ұғынуды көрсетеді. Екіншіден, пісіп-жетілген нарық пен бәсекелестіктің қатты дамыған жағдайы тауар мен қызмет көрсету өнімдеріне тұтынушылардың табыстары жоғары деңгейде жауап беруіне мүдделі болуда. Демек, осы күнгі дамыған нарықтық қатынастар салыстырмалы түрде әлеуметтік теңдіктің қалыптасуына мүмкіндік береді. Бірақ оларды іске асыру белгілі бір қағидалар тұтастығына негізделген мақсаттық шараларды қажет етеді. Осы шаралар әлеуметтік саясат немесе мемлекет саясатының әлеуметтік аспектісі болып табылады.
Әлеуметтік бағдарламаларды жасағанда және оларды іске асыру кезінде тұрақты қоғамдық бақылаудың рөлі - институционалдық күштердің тепе-теңдігін қадағалап, қоғамда демократиялық мәдениеттің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ұмтылады. Дамыған елдердің әлеуметтік саясатта жүргізген тәжірибелерінен бірнеше бағыттар қалыптасқан болатын. Олар әлеуметтік сақтандыру, жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау, еңбекақы саясаты, еңбек нарығындағы әлеуметтік шаралар, тұрғын үй саясаты. Қазақстан жағдайында болсын немесе басқа да өтпелі кезеңді басынан өткеріп отырған мемлекеттерде де болсын еңбек қатынастарын таза нарық қағидалары негізінде анықтау дұрыс емес.
Қазіргі кезеңде Қазақстан экономиканың өсу жағдайына байланысты кешенді әлеуметтік саясаттың негіздерін орнықтыру үшін алдымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын, инфрақұрылымдарды, әлеуметтік салаларды қажет құрылымдармен қамтамасыз ету үшін айтарлықтай қаржы бөлінуі керек. Бұл мақсаттарға қажетті қаражаттарды мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу арқылы қатысуы - реттеудің барлық жүйелерінің негізі болып табылады. Мемлекет қысым жасап, табыстың біршама бөлігін салық салу арқылы алады. Мұндай елеулі қаражаттардың мемлекет бюджетіне бөлінуі ұлғаймалы өндіріс процесіне ықпал етуге мүмкіндік береді. Қазіргі жағдайда әлеуметтік қарама-қайшылықты жою үшін, мемлекет еңбек пен капитал арасындағы қатынастарға араласуға мәжбүр болып отыр. Мемлекет еңбек пен капитал арасындағы қатынастарды жалақыны реттеу жолымен, жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы, зейнеткерлік және әлеуметтік қамтамасыз етулермен, өндірістік жарақат алған науқастарды ескере отырып реттейді. Елдің заңды мекемелерінің күшін ескере отырып, жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы қарым-қатынастар жоғары дәрежедегі мемлекеттік реттеу объектісі негізінде қарастырылуда.
Сол себепті біздің ойымызша әлеуметтік саясаттың тұжырымдамасында мемлекеттік реттеудің тікелей және қосалқы құралдары арқылы әлеуметтік экономикалық саясаттың мақсаттары мен басымдықтары, оған жетудің әдістері мен жолдары қарастырылады. Бастапқы микроэкономикалық көрсеткіштер экономиканың даму қарқынын болжауды, қоғамдық өндірістің, мемлекет пен кәсіпорындардың құрылымын, халықтың қаржы қорларын анықтайды. Ол ұлттық бағдарламалар мен әлеуметтік-экономикалық стратегиялар арқылы әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда ұлттық мақсаттар мен басымдықтарды тиімді орындаудың бастапқы құралдары болып табылады.
Әлеуметтік саясатты әлемдік тәжірибеге сүйеніп жасау жеткіліксіз. Оны еліміздің ұлттық-тарихи даму ерекшеліктерін ескере отырып, теориялық әдіснамалық тұрғыда негіздеу талап етіледі. Соңғы жылдардың саяси тәжірибесі көрсеткеніндей әлеуметтік саясатты тиімді жүзеге асыру үшін тек қана қарқынды экономикалық даму жеткіліксіз. Мемлекеттік әлеуметтік саясат конституциялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылуы үшін біріншіден, әлеуметтік саясаттың құқықтық негізі жасалуы керек. Екіншіден, экономикалық дамудың гуманистік бағдары болуы қажет. Қазақстан жағдайында бұл маңызды саяси-әлеуметтік факторлар әлі де болса қалыптасу үстінде келеді. Сондықтан да осындай саяси-әлеуметтік дамудағы императивпен (міндетті талаппен) санаспай ешбір мемлекет өркениетті даму жолына түсе алмайды. Ал, Қазақстан әлемдік тәжірибеде қалыптасқан әлеуметтік саясат үлгілерін есепке ала отырып мемлекеттік әлеуметтік саясаттың өзіндік үлгісін қалыптастыру бағытында саяси ізденістер үстінде келеді.
Мемлекеттегі әлеуметтік ахуалды жақсартуда қоғамдық институттар мен бизнес құрылымдарының қайырылымдық шараларды өткізуді дәстүрге айналдырғаны жөн. Себебі қайырылымдылық шаралары қоғамдағы әлеуметтік ахуалды жақсартуға ғана емес, қоғамдағы гуманистік құндылықтарды насихаттау жұмыстарына да зор үлес қосары сөзсіз. Бірақ қайырымдылық шаралары саяси ұпай жинаудың құралына айналмауы керек. Дегенмен қазіргі кезеңде Қазақстан азаматтарының мемлекет көмегін күтіп қол қусырып отырудан гөрі, ендігі жерде жұмыс іздеп табуда белсенді қимылға көшкенін көреміз. Бұл халықтың әлеуметтік масылдық психологиясынан бірте бірте айығып келе жатқанын байқатады. Бұл Қазақстанның әлеуметтік саясатындағы өте маңызды жағымды құбылыс деп есептейміз. Тұтас алғанда еліміз бойынша еңбек нарығындағы ахуал тұрақтанып келе жатқаны байқалады.
Қазақстанда әлеуметтік саясатты жүзеге асыру барысында әлеуметтік қамсыздандыру міндетінің кезек күттірмейтін мәселе екендігі дәлелденді. Ол – мемлекеттің алғаш заңдастырылған міндеттері болғандықтан қоғам және тұлға қатынастарының өзгеруінің бастамасы болды. Сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру өндірістегі материалдық игілік жасына, жынысына, денсаулығына және тағы да басқа жағдайына қарамастан, қоғамның барлық мүшесіне тиісті болуы керек. Әлеуметтік қамсыздандыруды қалыптастыру кезеңі оның құқықтық негізінің пайда болуы мен әлеуметтік үрдістердегі құқықтық реттеу қызметін мемлекеттің өз міндетіне алуымен тікелей байланысты. Одан әрі бұл қызмет әлеуметтік бағдарламаны бюджеттік қаржыландыру арқылы және әлеуметтік қамсыздандырудың мемлекеттік құрылымын құру барысында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатты жүзеге асыруының бағдарламалық құжаттарының иерархиясы- Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Стратегиясы; 2010 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиялық жоспары; жыл сайынғы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы; Үкімет бағдарламалары; елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы индикативтік жоспары; мемлекеттік бағдарлама; салалық бағдарлама; аймақтық бағдарламалардан құралған. Қоғамның әлеуметтік дамуы жөніндегі мемлекеттің жобаларын қарастырсақ, айтылған мемлекеттік бағдарламаның құжаттарында Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты мен халқының әлеуметтік қорғалуына ерекше мән беріліп отыр. Әсіресе әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуы мен жасақталуы үшін ерекше ұстанымдар қажет. Әлеуметтік саясаттың стратегиялық мақсаттарына мыналарды жатқызуға болады, яғни халықтың жұмыспен тиімді қамтылуын қамтамасыз ету; халықтың өмір сүру деңгейін айтарлықтай жоғарылату; отбасылардың, әйелдердің, балалардың, жастардың, барлық азаматтардың еңбек саласында, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, тұрғын үймен қамтамасыз етуде конституциялық және әлеуметтік кепілдіктерді орнату; елдегі демографиялық жағдайды жақсарту және қолдау; халықтың санының азаюын, әсіресе бала шетінеуін, ана өлімін азайту.
Қазіргі кезде Қазақстан Халықаралық Еңбек ұйымының толық мүшесі. Аталмыш ұйымға мүше болған елдерде оның негізгі қағидаларының орындалуы талап етіледі және сол бағытта ауқымды іс-шаралар жасалады. Мысалы, тұрақты төленетін еңбек әрекетінде ынталандыру шаралары; негізгі әлеуметтік төтенше жағдайларда әлеуметтік сақтандырулар механизмдерінің көмегімен кіріс бөлігінің орнын толтыру және алдын алу; әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын халықтың әлсіз топтарына әлеуметтік көмек механизмін көрсету; білім және медициналық көмек алуда азаматтардың басты құқықтар мен қызметтерге қол жеткізуіне жағдай жасау.
Әр түрлі әлеуметтік топтар мен категорияларға қатысты әлеуметтік қорғау механизмі төмендегідей қорғау мен қолдауды жүзеге асырады. Біріншіден, халықты негізгі өмірлік қолдау қызметімен барлық тұрғындарды қамтамасыз ету; Екіншіден, азаматтардың жұмыспен қамтылуында олардың құқықтарын жүзеге асыру; Үшіншіден, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қажетті тұтыну деңгейіне көмек көрсету мен қолдау білдіру.
Әлеуметтік саяси мәселеде мемлекеттің көңіл аударуын талап ететін бірқатар жайттар бар. Олардың ішінде мыналарды бөліп айтуға болады:
Әлеуметтік саясатта соңдай-ақ білім беру, денсаулық сақтау және зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін заманға сай жаңғыртудың маңызы ерекше. Бұл әлеуметтік саланы стратегиялық дамытудың сенімді базасын жасайды. Даму диалектикасы бүгінде ең алдымен мемлекет пен бизнес арасындағы салиқалы серіктестікті кеңейту арқылы әлеуметтік жауапкершілік идеясын жүзеге асырудан туындап отыр.
Жұмыссыздыққа қарсы күрес мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы маңызды басымдықтардың бірі болғандықтан, оны шешу жолдарын қарастыруда мемлекет жұмыс берушілер мен кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп жұмыс жүргізуде. Оған дәлел ретінде қоғам үшін әлеуметтік-саяси құндылығы бар мына ресми құжатты келтіруге болады. Ол Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2007 – 2008 жылдарға арналған Бас Келісімі. Мұндай саяси - әлеуметтік құжаттардың қабылдануы Қазақстанда саяси билік пен қоғамдық институттар арасында, мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында өзара жауапкершілік қарым-қатынастары қалыптасып келе жатқандығын дәлелдесе керек. Сондай-ақ, бұл саяси мәні бар құжатқа назар аударатын болсақ, онда кәсіби-техникалық білім беру мен мамандарды қайта даярлау ісіне мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінген. Оның саяси заңдылығы да бар. Өйткені еліміздегі әлеуметтік саясаттағы басты басымдықтардың бірі жұмыссыздыққа қарсы іс-шаралар орта және арнайы кәсіби білім беру мәселесіне келіп тіреледі. Сондықтан да бұл өзекті мәселені шешу үшін, біздің ойымызша, Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі және жұмыс берушілер бірлестігі арасында тығыз байланыстар орнатылып, осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуі қажет. Әлеуметтік саясаттағы негізгі қағидалардың бірі білім алуға деген қолжетімділікті қамтамасыз ету болса, кәсіби-техникалық білім беруді жандандыру арқылы жұмыссыздық мәселесін де кешенді түрде біртіндеп шешуге болады деп ойлаймыз.
Информация о работе Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары