Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2015 в 04:47, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу». Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бұл қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және елдің барлық азаматтары үшін бірдей «бастапқы жағдайды» қалыптастыруға бағытталған макроэкономикалық реттеудің бір бағыты. Әлеуметтік саясат қоғамда әділеттік қарым-қатынастың дамуына, әлеуметтік қорғаныс жүйесін қарастыруға, сонымен қатар табыстың анықталған саясаттың өтуі және ауқатының өсуі үшн қызметті қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе
3
1
Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеудің теоретикалық негіздері
6
1.1
Халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің жүйесі
6
1.2
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
11
1.3
Белоруссияның халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу тәжірибесі
21
2
Қазақстанның әлеуметтік саясаты және оның нәтижелері
27
2.1
Қазақстан Үкіметінің 2007-2009 жылдардағы әлеуметтік саясаты
27
2.2
Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің 2007-2009 жылдардағы серпіні
33
2.3
Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелері
45
3
Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары
49
3.1
Халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мәселелерін шешу жолдары
49
3.2
Қазақстан Республикасында жұмысбастылық және өмір деңгейін жоғарлату мәселелерін шешу жолдары
58

Қорытынды
65

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Алип Б..doc

— 873.50 Кб (Скачать файл)

Осы орайда, "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Жолдауында Елбасының әлеуметтік саясат саласында "халыққа балық емес, балықты ұстайтын қармақ беру керек” деген қағидатқа негізделген үлгіні ұсынуы кездейсоқтық емес. "Әлеуметтік қолдау жүйесін нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес бағыттау керек”, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осыған орай Елбасы мемлекеттің қоғамымыздағы қолдауға зәру топтарға ғана көмектесу міндетін толық өз мойнына алатынын баса айтты. Басқа жағдайда әлеуметтік көмек беру саясаты "әлеуметтік топтардың қажеттіліктерімен” емес, жұмыс істейтіндердің қатарына енетін кәсіби қабілетті азаматтарды дайындаумен айналысады. Сөйтіп, мемлекеттік қолдау жүйесі азаматтардың оқып, жаңа мамандық алуына көмектесіп, соған ынталануына жағдай жасайтын болады. Бұл ұсыныс Елбасының биылғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауында да көрініс тапты. Елбасы халық алдында мемлекет міндеттерін сақтауға  ерекше көңіл бөлді, бұлар: әлеуметтік төлемдер, бюджеттегілерге еңбекақы төлеу.

Экономиканы әрі қарай жаңғыртудың және елдің дағдарыстан кейін дамуын қамтамасыз ету үшін еңбекпен қамтамсыз ету стратегиясын іске асырудың жаңа жоспары ұсынылды. Жолдауды іске асыру мақсатында қосымша жұмыс орындарын құру, кадрларды қайта даярлау, іскерлік белсенділікті дамыту арқылы еңбекпен қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды қамтитын 60-тармақтан тұратын «Жол картасы»  әзірленіп, ондағы іс-шаралар өз кезегінде уақытылы орындалуда.

Ғаламдық экономикалық дағдарыс кезінде тұрақтылық пен қоғамның өсіп-өркендеуі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатты тиімді жүргізуіне тікелей байланысты. Тіпті, тәуелді десек те болады. Ал Қазақстанның әлеуметтік саясатындағы басым бағыт – аймақтық экономикалық саясатты жетілдіру. Қарапайым халықтың мүддесін көздеген уақытта ғана ұлттық экономика халыққа қызмет етеді.

Әлемдік экономикалық тәжірибе жүргізілетін реформалардың табысты болуы тиімді әлеуметтік саясат ұстанғанда ғана мүмкін болатынын көрсетіп берді. Қоғамдағы бойда тұмшаланған белсенділік пен жаңа мүмкіндіктердің ашылуына сол ғана күшті серпін беретіні сөзсіз.

Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып,   жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғаудың  өзіндік моделін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселе болып отыр. Әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын анықтау арқылы мемлекет ең алдымен негізгі халықтың қажеттіліктерін анықтап, саясатты сол арнаға бағыттайды.  Демек, тиімді тетіктерін табу арқылы қоғамның әр түрлі топтарына, таптарына, әсіресе әлжуаз әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарын әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етеді. «Әлеуметтік саясат» ұғымын теориялық-методологиялық талдау бұл саланың ғылыми негіздемесін орнықтырады.

Ал әлеуметтік саясаттың негізі әлеуметтік қорғаудан бастау алса, әлемнің көптеген мемлекеттерінде  халықты әлеуметтік қорғаудың модельдері (Скандинавия елдері моделі,  Жерорта теңізі елдері моделі, Чилли моделі және т.б.) қалыптасып үлгерді. Осы тұста Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесінің әлем елдерінің озық тәжірбиесі негізінде өзіндік моделін жасап келеді. Десек те, қоғам түрленіп, нарық құбылып өзгерген сайын Қазақстанның да басқа мемлекеттер сияқты әлеуметтік саясатын жетілдіріп отыруы заңды құбылыс болып табылады.  Бұл ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты -  әлеуметтік саясаттың теориялық аспектілерін ескере отырып, әлемдік тәжірбиеге үңіліп, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесіндегі бағытын анықтау. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы азаматтық қоғам, демократия, гумманизм, құқықтық мелекет, еркіндік пен теңдік мәселелерімен тығыз байланысты. Әлемдік тәжірбиеде әлеуметтік мемлекеттердің қалыптасқан классикалық үлгілері мен мынадай белгілері бар:

  1. Мемлекеттік билік жүйесінің демократиялық ұстанымдарға сай ұйымдастырылуы;
  2. Мемлекеттік биліктегі адамдардың жоғары адамгершілік, ізгілік қасиеттерінің болуы;
  3. Экономикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану;
  4. Табиғи байлықтан түскен кіріс пен қаржыны халыққа теңдей бөлу;
  5. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы.

Әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік бағдарламалар мен оларды жүзеге асыратын тетіктердің болуы.

Бұл қамқорлық адамзат қоғамында емес, тіпті зерттеулер бойынша жан-жануарлар тіршілігінде де кездеседі. Мәселен, пілдер тобыр болып жүргенде  ең әлсіз, әлжуаз мүшесінің жылдамдығымен бірдей жүрсе, ал дельфиндер жаралы дельфинді су бетіне шығарып ауа жұтуына мүмкіндік жасайды екен. Тарихқа үңілер болсақ, әлеуметтік, әлеуметтік қорғау  ұғымы ең алғаш біздің әдебиетімізде ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды. Бұл ұғымды алғаш айтқан неміс философы Гегель еді. 1948 жылғы Адам құқығы туралы дүниежүзілік конвенцияның»  22-бабында «Әр адам қоғамның мүшесі ретінде әлеуметтік қамсыздандырылу құқығына ие» делінген. Ең алғаш тарихта өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Германия болатын .

Әлеуметтік саясат туралы теориялық талдаулар. «Әлеуметтік саясат» ұғымы ежелден бастау алады. Адамзат дамуының тарихында бұл ұғым түрлі қоғам мүшелерінің қажеттіліктеріне байланысты өзінің негізгі функциясын орындап отырды. Оның астарныда  қоғам мәдениеті мен дініне негізделген әлеуметтік әділеттілік жатады.

Саяси  тарихты талдау барысында көптеген ойшылдардың зерттеу  пәні мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасы және мемлекеттің атқаратын қызметі екенің көреміз. Бірқатар ғылыми мектеп өкілдері мемлекеттің құрылудағы басты мақсаты – ол өз тұрғындарының жағдайын жасау деген тұжырымға келді. Платонның айтуы бойынша «кез келген билік, ол билік болғандықтан, өзінің қамқорлығын басқа біреуге емес, тек өзінің бағыныштыларына жасайды»,  ал  «берілген билеуші өзіне тиімдіні емес, бағынушыларына тиімдіні көздейді».   Платон еңбек бөлінісіне негізделген, әлеуметтік бөліну мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Демек, ежелден-ақ қоғамның әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктері көрінген.

Аристотель еңбектерінде «мемлекет өмір сүру үшін ғана емес, бақытты өмір сүру үшін жаратылады», «мемлекет – көмек көрсету мақсатындағы одақ», ал ең жақсы мемлекеттік құрылым деп,  ұлы ғұлама әр адамның ізгілікте және бақытта өмір сүруіне мүмкіндік берген құрылымды мойындауды ұсынған. Дәл сол Аристотель айтқан «орта табысы бар орта адамдардан тұрат мемлекет» теориясы  қоғам тұрақтылығының негізгі факторларының бірі болып отыр.

Т. Гоббс, И. Кант, Ф. Гегель және т.б. мемлекеттің өзінің азаматтары алдындағы міндеттерін талссыз әлеуметтік және ұнамды құндылықтардың негізі ретінде қарастырады.  В. Фон Гумбольдт «Идеи к опыту, определяющему границы деятельности государства» мемлекеттің бейбітшілік, қоғамдағы қауіпсіздік, индивидтердің еркіндігі мен құқықтарын қорғау секілді заңды функциялары мен қатар әркімнің әл-ауқаты мен бақытын қамтамасыз ету деген әлеуметтік міндеттерін де көрсетті. Яғни, мемлекет қоғам тұрақтылығын, азаматтардың еркіндігін ғана басты міндетке алмай, сонымен бірге әрбір қоғам мүшесінің қажеттіліктерін қанағатандырып, олардың бақытының баянды болуын да назардан еш тастамағаны дұрыс болып табылады.

И. Фихте мемлекеттің азаматтардың өмір жағдайының кезеңдерінде әлеуметтік  қамсыздандыруға максималды қатысуы керек туралы «Замкнутое торговое государство» еңбегінд «Т. И. Заславская «әлеуметтік саясат» ұғымын тар және кең мағынада қарастырады. Оның түсіндіруінше әлеуметтік саясат барлық халықты емес, оның ішінде мемлекет тарапынан қолдауларды қажет ететін белгілі бір  әлеуметтік топтар жатады. «Әлеуметтік саясат» тар мағынада -  бұл түрлі себептермен  өмірдің қиын жағдайларында күн кешіп, жағдайларын түзеуге шамалары келмейтін қоғамдық топтар мен тұрғындарды қолдауға арналған мемлекеттік іс-шаралар кешені. Ал кең мағынада Т. И. Заславская негіздеуінше,  әлеуметтік саясат аса күрделі және ауқымды мақсатты, яғни қоғамдық құрылым мен институттарды  социалистік қатынастар орнатуға бағытталады. Әрине, бұл тұжырымның сол уаұыт талабына сәйкес идеологиялық астары бар.

«Әлеуметтік саясат» ұғымына Р. Барнер мынадай анықтама береді: «Әлеуметтік саясат – индивидтер, топтар, қауымдастықтар, әлеуметтік мекемелер арасындағы қатынастарға араласатын, реттейтін  және қалыптастыратын әдістер мен қоғамның қызметі мен принципі».           

Әлеуметтік статус теориясы – әлеуметтік стратификация концепциясының құрамды бөлігі. Бұл теорияны жасаған Г. Д. Мейн және адан кейін жалғастырғанда Р. Линтон, Ф. Мерилл. Әлеуметтік статус тұлғаның қоғамдағы жасы, жынысы, шығу тегі бойынша алатын орнын білдіреді. Статус туылғаннан (әлеуметтік шығу тегі, ұлты) және қол жеткізілген (білімі және біліктілігі) болып екіге бөлінеді. Осы тұста әлеуметтік саясат қоғамда адамдардың түрлі статустарға ие болуы мен өсіп дамуына, ең бастысы әлеуметтену үрдісінің белсенді жүруіне ат салысып, қамтамасыз етуі керек.

Негізінен әлеуметтік саясат қоғамның  түрлі әлеуметтік топтар мен таптарына бағытталады. Ал қоғамның түрлі әлеуметтік топтары мен таптарының өздерінің өмір қызметіндегі байланыстары мен қызметтерін  ашып, талдайтын осы тұста әлеуметтік стратификация концепциясын қарастырмай кетуге болмайды.  Себебі қоғамның өзі – әлеуметтік құбылыс. Қоғамның әлеуметтік жағы, адамдар қатынасы, қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейтін ғылым әлеуметтану ғылымында не маңызды десек, әлеуметтік құрылымды ерекше атауға болады. 

Әлеуметтік стратификация теориясының негізін салушылар – М. Вебер, Т. Парсонс, П. Сорокин. М. Вебер әлеуметтік құрылымды көпөлшемді жүйе ретінде қарастырып, оның ішінде статус пен билікті ерекше қарастырды. «Әлеуметтік ұғымы» бізідің әдебиетімізде ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды. Бұл ұғымды зерттеумен айналысқан неміс ғалымдары еді.  Әлеуметтік саясат жүргізудің әлемдік тәжірбиесі.  Әлем елдері тарихында өзін әлеуметтік мемлекет ретінде ең алғаш 1949 ГФР,   1958 жылы Франция,  1978 жылы Испания,  1990 жылы КСРО, 1995 жылы Әзербайжан, Грузия, Түркіменстан, Қазақстан жариялады. 

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған қызметті қамтылаған  мемлекеттің бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Классикалық үлгіде әлеуметтік қамсыздандыруға әлеуметтік сақтандыру мен қоғам мүшелерінің әлжуаз топтарына қолдау, көмек көрсетуге деген әлеуметтік жауапкершілігі арқылы көрініс тауып жүр. Әлеуметтік қызметтер жүйесіне денсаулық сақтау, білім беру, кәсіби даярлау, еңбекпен қамтамасыз ету және т.б. мемлекет қамтамасыз ететін қызмет түрлері жатады. Әлемдік тәжірбиеде бұдан да басқа  халықты әлеуметік қорғаудың қалыптасқан  үлгілері көп. Әлеуметтік саясат жүргізу үлгілерін әртүрлі классификациялайды. Олардың көпшілігі әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда мемлекеттің, азаматтық қоғам институттарының және жекелей азаматтардың қатысу деңгейі мен алатын роліне байланысты принциптерге негізделген. Геосаяси аспектіде қарастыратын болсақ, скандинавиялық, континенталды және американ-британдық әлеуметтік саясат үлгілерін көрсетуге болады. 

Скандинавиялық үлгіні – социал-демократиялық, континенталдыны – социал-нарықтық, ал американ-британдықты – либералды үлгі деп атайды. 

Бұл үлгілердің ерекшелігі мемлекеттің әлеуметтік қорғау жүйесіне қандай формада қатысуына байланысты байқалады. Мәселен Скандинавия мен континенталды үлгіні ұстанған Европа мемлекеттерінде әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекет тарапынан, ал Оңтүстік Европа елдерінде үкіметтік емес ұйымдар мен агенттіктер, шіркеулер, кәсіподақтар, әр түрлі әлеуметтік топтарды қосатын мүдделі ұйымдар мен қайырымдылық қорлары  арқылы ұсынылады. Католиктік елдерде мемлекеттің көпшілік әлеуметтік міндеттерін шіркеулер өз мойнына алады.

Халықты әлеуметтік қорғаудың скандинавиялық үлгісі.Әлеуметтік саясат жүргізудің бұл типінде әлеуметтік қажеттіліктерге деген қаражаттың көп бөлігін мемлекет өз мойнына алып,  оны әлеуметтік қамсыздандыруға бөлу мен таратуды  көзі тікелей бюджет болып саналады.  Мемлекет өзінің азаматтарының әл-ауқатын, жағдайын жасап, негізгі әлеуметтік қызметтерді де көрсетуге жауапты болады.  Скандинавиялық үлгі Швеция, Финдляндия, Дания, Норвегия сынды мемлекеттердің саясатында кең көрініс табады.  Осы елдердің ішінде Швецияның әлеуметтік саясат жүргізу үлгісі әлемдік тәжірбиеде ерекше орны бар. «Швециялық  үлгі»  60 жылдардың соңында Швеция дамыған әлеуметтік, экономикалық қатынастар орнаған ел ретінде статус алғаннан кейін пайда болды. Дәл осы Швецияда «толыққанды жұмысбастылық саясат», пен жалақы төлеудің мәртебелі жүйесі» ұғымдары шыққан болатын. Елдің әлеуметтік саясатының негізгі мақсаты толыққанды жұмысбастылық пен  табысты теңестіру саясаты болатын. Елдің бұл мақсаты табысты теңестіріп қайта бөлу мен арнайы мемлекеттік немесе мемлекеттік емес институттар жүзеге асыратын салық және трансференттік саясат  арқылы іске асады. Швециялық үлгінің универсалдылығы жалпыға арналғаны және бәріне бірдей қолжетімділігінен көрінеді. Әлеуметтік қамсыздандыру жоғарғы деңгейде және жұмыссыздық бойынша, балаларға арналған т.б. мемлекеттік жәрдемақы түрлері бар. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы жұмыстан айрылып қалған жағдайда азаматтардың қалыпты күн кешуіне арналған. Ал балалар ата-анасының табысына қарамай  18 жасқа толғанша ай сайын жәрдемақы алып отырады.  Әлеуметтік қызметтердің ішіндегі білім беру саласы халықтың бар бөлігінің сауаттылығын қамтамасыз етуде. Орта және жоғары білім ақысыз болып табылады және көптеген қайта даярлау оқыту орталықтары  мен білім беру бағдарламалары жұмыс істейді.  Квалификациялы мамандарды дайындау мен қайта даярлау жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, мемлекеттің халықтың толыққанды жұмысбастылығына бағытталған әлеуметтік саясатын көрсетеді. Швеция заңнамасында оқу демалысына қаржы төленеді делінген, жалпы Швеция білімге ЖІӨ-нің көп мөлшерін жұмсайды. Сонымен Швецияның әлеуметтік саясаты әлеуметтік солидароность пен әлеуметтік әділеттілікке негізделген.

Халықты әлеуметтік қорғаудың континенталды үлгісі. Әлеуметтік саясат жүргізудің континеталды үлгісінде мемлекет тек қана әлеуметтік төлемдер төлеумен ғана айналысалы, ал әлеуметтік қызметтерді ұйымдастырмайды. Мұнда мемлекет бюджетінен және жұмысшылар мен жұмыс берушілердің әлеуметтің шараларға бөлетін қаражаты бірдей мөлшерде, және негізгі қаражат көзі мемлекеттік және жеке әлеуметтік-сақтандыру қорлары болып табылады.  Бұл үлгіні ұстанатындар – Германия, Франция, Австрия, Бельгия.  Осы елдердің ішінде Германияның әлеуметтік саясатыны тоқталып өтсек, ең алдымен Германияда  1946 Альфред Мюллер-Армак  жылы «нарық еркіндігі»  мен «әлеуметтік теңестіру» принциптерін біріктіретін және  экономикалық саясатты анықтайтын  «әлеуметтік нарықтық қатынас»  ұғымын енгізді.

Информация о работе Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары