Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2015 в 04:47, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу». Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бұл қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және елдің барлық азаматтары үшін бірдей «бастапқы жағдайды» қалыптастыруға бағытталған макроэкономикалық реттеудің бір бағыты. Әлеуметтік саясат қоғамда әділеттік қарым-қатынастың дамуына, әлеуметтік қорғаныс жүйесін қарастыруға, сонымен қатар табыстың анықталған саясаттың өтуі және ауқатының өсуі үшн қызметті қамтамасыз етеді.
Кіріспе
3
1
Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеудің теоретикалық негіздері
6
1.1
Халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің жүйесі
6
1.2
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
11
1.3
Белоруссияның халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу тәжірибесі
21
2
Қазақстанның әлеуметтік саясаты және оның нәтижелері
27
2.1
Қазақстан Үкіметінің 2007-2009 жылдардағы әлеуметтік саясаты
27
2.2
Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің 2007-2009 жылдардағы серпіні
33
2.3
Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелері
45
3
Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары
49
3.1
Халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мәселелерін шешу жолдары
49
3.2
Қазақстан Республикасында жұмысбастылық және өмір деңгейін жоғарлату мәселелерін шешу жолдары
58
Қорытынды
65
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Соңғы жылда көптеген (57,8 %) үй шаруашылықтары өздерінің әл-ауқатының өзгермегенін айтады, соңғы 3 жылда және 10 жылда көшбасшы ұстанымды тиісінше 45,6 % және 54,9 % «жақсарды» деген бекіту алады. Ұзақ мерзімді аралықтағы кезеңдер көрсеткендей, табыс деңгейін бағалаудың өсіміне өздерінің әл-ауқатының жақсаруы туралы растайтын үй шаруашылықтарының үлесін арттыру үрдісі ықпал етіп отыр және керісінше, табыс деңгейін бағалаудың төмендеуімен өз әл-ауқатының «нашарлау» және «өзгермегені» туралы үй шаруашылықтарының үлесі артуда.
Тұрғылықты жеріне қарамастан халықтың әл-ауқатының жақсаруының негізгі себептері еңбекақының, зейнетақының өсуі және жұмысқа орналасу болып табылады. Сонымен қатар, неғұрлым кедей халық өзінің әл-ауқатының жақсаруының негізгі себебіне туысқандарының көмегі мен мұрагерлікті алуды белгілейді, өзінің әл-ауқатының жақсаруын қамтамасыз етіп отырған ең негізгі факторға мансаптың өсуі, жеке ісін ұйымдастыруы, сондай-ақ безнестегі табыстың өсуіне қатысты екенін көрсетеді.
2009 жылы халықтың әл-ауқатының нашарлау себебіне басқа себептерге қарағанда артықшылығы айқын болып отырған алдыңғы табыстарға қарағанда бағалардың (67,1 %) өсуі, еңбеке ақының төмендеуі (38,3 %) және денсаулық жағдайының нашарлауы (32,7 %). Соңғы неғұрлым көп қамтамасыз етілген халықты қоспағанда әл-ауқаттың нашарлауына зейнеткерлікке шыққанда және жұмысын жоғалту факторларында табыстың төмендеуі белгіленді.
Сызба 10 – Тұрмысты жақсару мүмкіндігіне үй шаруашылықтарының қатынасы
Респонденттердің келешектегі өз әл-ауқатының өзгеруін бағалаудағы пікірлері салыстырмалы әртүрлі, мұның өзінде 44,8 % үй шаруашықтары сенімсіз, бірақ жақсы өмір сүреміз деп ұйғарады
Тұрмыс жағдайына қатысты келешектегі бағалау қол жеткізілген әл-ауқат деңгейімен тығыз байланысты. Материалдық молшылықтың деңгейі жоғары болса, солғұрлым сұралғандардың көп үлесі жақсы өмір сүреміз деп ойлайды. Егер табыс деңгейі төмен үй шаруашылықтарында өмірге тек 8%-ы оң көзқараста болса, онда неғұрлым жоғары табысты үй шаруашылықтарының бағалау деңгейі 83,3 % дейін өседі.
Халықтың негізгі тұрмыстық басымдылықтары материалдық молшылықты қамтамасыз ету, тұрмыс жағдайларын жақсарту, білім алу мен белсенді демалысқа, туризм және спортқа қол жеткізу. Неғұрлым жоғары табысты үй шаруашылықтарының тұрмыстық басымдылықтар мәселесінде біршама айырмашылығы бар, олардың басымдылықтарындағы айырмашылық біршама үйлесімді.
2008 жылдан бастап көптеген үй шаруашылықтары өз мінез-құлқын экономикалық және әлеуметтік сипаттағы дағдыларға қатысты өзгерткен. Өткен жылдан бері болып жатқан тұтастай өзгерістер, материалдық молшылығы төмен үй шаруашылықтарының мінез-құлқына айтарлықтай әсер еткен. Олардың көпшілігі бағасы төмендеу азық-түлік өнімдерін, кейбір азық-түлік емес тауарларды тұтынуды тоқтатқан, азық-түлік өнімдерін тұтыну көлемін төмендеткен, әлеуметтік-қоғамдық сипаттағы мүмкіндіктерді, сонымен қатар көңіл көтеру қызметтері мен достарымен кездесуге жұмсалатын шығыстарды шектеген. Мүшелері қоғамдық көліктерді жиі пайдаланатын немесе жаяу үй шаруашылықтарының үлесі артқан. Ауылдық жердің халқы үй шаруашылығы үшін тұтынатын өздерінің өнімдерін өндіруді ұлғайтқан.
Сұралған үй шаруашылықтары басшыларының көпшілігі 2009 жылдан бастап олардың негізгі жұмысындағы жағдайдың өзгермегендігін айтады Бірақ, басшылары сыйақы алуды тоқтатқан, өздерін материалдық молшылықтың неғұрлым төменгі деңгейіне жатқызатын үй шаруашылықтарының, әсіресе, қалалық жердегі үй шаруашылықтарының үлесі артқан. Мұның өзінде, сұралғандардың шамамен 10%-ы неғұрлым әр түрлі жұмыстарды орындау үрдісін атап өтеді.
Республика экономикасында 2009 жылғы IV тоқсанда 7,9 млн. адам жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылғандар құрылымында жалдамалы қызметкерлердің үлесі 66,6 %, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 33,4 % құрады.
2009 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір болған 15 жастағы және одан асқан адамдар) 531,8 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 6,3 % құрады.
Кесте 2 – 2007-2009 жылдардың Қазақстан Республикасындағы еңбек рыногының негізгі индикаторлары
15 жас және одан асқан жастағы халық | ||||
IV тоқсан |
2009 ж. III тоқсан | |||
2007 ж. |
2008 ж. |
2009 ж. | ||
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық, мың адам |
8297,4 |
8421,4 |
8469,2 |
8490,9 |
Халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі, % |
71,0 |
71,2 |
70,8 |
71,0 |
Жұмыспен қамтылған халық, мың адам |
7713,5 |
7862,1 |
7937,4 |
7955,2 |
Жұмыспен қамту деңгейі, %-бен: |
||||
15 жас және одан асқан жастағы халыққа шаққанда |
66,0 |
66,4 |
66,4 |
66,5 |
экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа шаққанда |
93,0 |
93,4 |
93,7 |
93,7 |
Жалдамалы қызметкерлер, мың адам |
5009,7 |
5229,9 |
5285,3 |
5266,4 |
жұмыспен қамтылған халық санындағы үлесі, % |
64,9 |
66,5 |
66,6 |
66,2 |
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, мың адам |
2703,8 |
2632,2 |
2652,1 |
2688,8 |
жұмыспен қамтылған халық санындағы үлесі, % |
35,1 |
33,5 |
33,4 |
33,8 |
Жұмыссыз халық, мың адам |
583,9 |
559,3 |
531,8 |
535,7 |
Жұмыссыздық деңгейі, % |
7,0 |
6,6 |
6,3 |
6,3 |
15-24 жастағы жұмыссыздар, мың адам |
105,9 |
89,8 |
76,6 |
77,1 |
Жастар жұмыссыздығының деңгейі, % (15-24 жастағы) |
8,6 |
7,1 |
6,0 |
5,9 |
Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі, % |
3,2 |
2,7 |
2,3 |
2,5 |
Экономикалық тұрғыдан енжар халық, мың адам |
3395,7 |
3410,5 |
3489,3 |
3468,7 |
Халықтың экономикалық тұрғыдан енжарлылық деңгейі, % |
29,0 |
28,8 |
29,2 |
29,0 |
2009 жылғы IV тоқсанда жұмыссыз ерлердің үлесі 45,9 %, әйелдердің үлесі – 54,1 % құрады. Жұмыссыз әйелдердің саны 287,5 мың адамды құрады, бұл ерлердің санынан 43,2 мың адамға (17,7 %-ға) көп.
Сызба 11 – 2007-2009 жылдардағы жұмыссыздық деңгейлері
2009 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздардың жалпы санындағы жастардың (15-24 жастағы) үлесі 14,4 % немесе 76,6 мың адамды құрады. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 6,0 % болды, бұл республика бойынша тұтастай алғандағы жұмыссыздық деңгейі көрсеткішінен 0,3 пайыздық тармаққа аз.
Кесте 3 – 2009 жылғы IV тоқсанда жұмыссыз халық жынысы және жасы бойынша
Барлығы |
соның ішінде | |||||||
мың |
жұмыс сыздық деңгей, % |
ерлер |
әйелдер | |||||
мың |
жұмыс сыздық деңгейі, % |
мың |
жұмыс сыздық деңгей, % | |||||
Жұмыссыздар |
531,8 |
6,3 |
244,3 |
5,7 |
287,5 |
6,9 | ||
соның ішінде жасы: |
||||||||
15-24 |
76,6 |
6,0 |
35,5 |
5,1 |
41,1 |
7,1 | ||
25-29 |
130,2 |
10,3 |
63,4 |
9,6 |
66,8 |
11,2 | ||
30-34 |
87,3 |
6,7 |
42,9 |
6,6 |
44,4 |
6,8 | ||
35-39 |
51,7 |
5,6 |
22,8 |
5,0 |
28,9 |
6,2 | ||
40-44 |
45,8 |
4,7 |
21,6 |
4,6 |
24,2 |
4,9 | ||
45-49 |
52,8 |
4,9 |
22,2 |
4,3 |
30,6 |
5,4 | ||
50-54 |
50,1 |
5,6 |
19,4 |
4,5 |
30,7 |
6,7 | ||
55-59 |
31,9 |
6,2 |
12,2 |
4,9 |
19,7 |
7,4 | ||
60-64 |
5,4 |
3,3 |
4,3 |
4,0 |
1,1 |
1,9 |
Жұмыссыздар ішінде жалпы орта білімі бар адамдар – 36,7 % (195,4 мың адам) және орта кәсіптік білімі барлар – 25,7 % (136,5 мың адам) басым болды. Жоғары білімі бар жұмыссыздардың үлес салмағы 23,7%-ын (126,7 мың адам) құрады.
2009 жылғы желтоқсанның соңында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша) 53,4 мың адамды құрады, бұл 2008 жылғы осы кезеңдегіден 5,0 мың адамға немесе 10,3 %-ға көп. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,6 % (2008 жылғы желтоқсанда – 0,6 %) болды.
2009 жылы (алдын ала деректер бойынша) экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,5 млн. адамды құрады. Экономиканың әртүрлі саласында 7,9 млн. адам жұмыспен қамтылды, бүл 2008 жылдан 0,6 %-ға көп. Жұмыссыздардың саны көрсетілген кезенде 554,7 мын. адамды, жұмыссыздық деңгейі 6,6 % құрады.
Сызба 12 – 2005-2009 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы жұмыссыз және жұмыспен қамтылған халықтың саны
2009 жылы жұмыспен қамтылған халықтың арасында ерлер саны 4 млн. адамнан асты, немесе 51,1 %, әйелдер – тиісінше 3,8 млн. адам және 48,9 %. Барлық жұмыспен қамтылғандардан жалдамалы қызметкерлердің үлесі 66,3 %, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 33,7 % құрады.
2.3 Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелері
Қазақстан бүгінде әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңінде. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері, мемлекетіміз әлеуметтік бағытқа үлкен мән беріп келеді, себебі біз нарықтық әлеуметтік бағытты таңдадық. Бірақ елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат, әрине мемлекеттің қаржылық мүмкіндігіне, экономикалық дамуға байланысты. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты сол елдің бастан кешіріп отырған экономикалық даму кезеңінен, сол мемлекеттің ұстанып отырған экономикалық саясатынан және тағы да басқа факторлардан тәуелді болады. Соңғы жылдардағы экономикамыздың қарқында өсуі, ЖІӨ еселеп жоғарлауы әлеуметтік салаға құйылатын қаржының көлемін ұлғайтты. Бұның бәрі түптеп келгенде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекетіміздің сындарлы саясатына байланысты.
Әлеуметтік-саяси шаралардың мақсаты нарықтық еркіндік принципінің әлеуметтік өтеу принципімен және әр адамның лайықты өмір сүруге ажырамас құқығының үйлесімімен қамтамасыз етілуі қажет, ал бұл міндеттерді шешуге және халықтың әлеуметтік әлсіз қабатына адамға лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралардың жиынтығы оның әлеуметтік саясатын анықтайды.
Қазақстан Республикасы үшін, Қазақстан халқының әрбір азаматтары үшін алдағы даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасының маңызы, мәні өте терең. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, ел экономикасының өсуі, еліміздің қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы – деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында болашақта жүзеге асырылуға тиіс ұзақ мерзімді «7» басымдылық аталды. «Біздің елімізбен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруы қажет» деп ерекше атап кетті. «Қазақстан - 2030» - дан кейін қамтылған мәселелері мен қабылданған шешімдерінің және жоспарлау мерзімінің ұзақтығы жағынан үлкен екінші құжат – ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары». Бұл құжатта Қазақстанның 2010 жылға дейінгі даму моделі анықталды. Оның мақсаты – ұзақ мерзімді тұрғыда бәсекеге қабілетті экономиканың негізін қалау делінді. Экономика саласындағы даму моделінде:
Сонымен, республикамыздың қазіргі кезеңдегі әлеуметтік саясатының ерекшеліктерін атағанда, мемлекеттік бюджет кірістерінің жоғарылауы елдегі ірі әлеуметтік бағдарламаларды өз деңгейінде іске асыруға мүмкіндік беретіні. Бұл бағдарламада ауылды дамыту, ауылды өркендету, тұрғындарды жұмыспен қамту, кедейлікпен күрес, тұрғын үй құрылысын дамыту сияқты мәселелер қаралған.
Әлемде орын алып отырған қаржы нарығындағы дағдарысқа қарамай, біршама даму бағдарламаларды қаржыландыру тоқтатылса да, әлеуметтік бағдарламалардың ешбір кедергісіз жүзеге асырылатынын Елбасыныңың өзі міндеттеуі – әлеуметтік саясат басты бағыт екенін көрсетеді. Еліміз әлеуметтік саясаттың қалыптасуы мен дамуында, әлеуметтік саясаттың заңнамалық негізін, негізгі бағыттарын жасап алды. Негізгі білім, денсаулық, демографиялық жағдай, халықты әлеуметтік қорғау мен қамсыздандыруға, зейнетақы төлеу, халықты жұмыспен қамту саясаты болып келеді.
Сонымен әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жұмсартуға, әр адамның лайықты өмір сүруге деген құқығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Бұл саясатты жүргізу және әр адамның осы ажырамас құқығының орындалуы үшін жауапкершілік мемлекетке жүктеледі, бұл мақсаттарда ол сәйкесінше табыстар қайта бөлінуін ұйымдастырады, еңбек нарығы мен еңбек қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелерін қалыптастырады және дамытады, осының барлығы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын құрайды.
Информация о работе Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары