Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2015 в 04:47, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу». Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бұл қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және елдің барлық азаматтары үшін бірдей «бастапқы жағдайды» қалыптастыруға бағытталған макроэкономикалық реттеудің бір бағыты. Әлеуметтік саясат қоғамда әділеттік қарым-қатынастың дамуына, әлеуметтік қорғаныс жүйесін қарастыруға, сонымен қатар табыстың анықталған саясаттың өтуі және ауқатының өсуі үшн қызметті қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе
3
1
Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеудің теоретикалық негіздері
6
1.1
Халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің жүйесі
6
1.2
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
11
1.3
Белоруссияның халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу тәжірибесі
21
2
Қазақстанның әлеуметтік саясаты және оның нәтижелері
27
2.1
Қазақстан Үкіметінің 2007-2009 жылдардағы әлеуметтік саясаты
27
2.2
Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің 2007-2009 жылдардағы серпіні
33
2.3
Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелері
45
3
Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары
49
3.1
Халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мәселелерін шешу жолдары
49
3.2
Қазақстан Республикасында жұмысбастылық және өмір деңгейін жоғарлату мәселелерін шешу жолдары
58

Қорытынды
65

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Алип Б..doc

— 873.50 Кб (Скачать файл)

Лайықты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ететін ресурстарға қол жеткізуді сипаттайтын көрсеткіш есебінде халықтың жан басына шаққанда ЖӨӨ-ні пайдалану сынын ескере отырып, адамның дамуы туралы ұлттық есептер үшін өңірлік тұрғыда деректер дайындау және АДИ-ды есептеу кезінде осы көрсеткішпен қатар халықтың ақшалай табысының көрсеткіші пайдаланылды. Республикалық деңгейде халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ-нің шамасы мен ақшалай табыстың 1993–2008 жылдары 2,9 – 4,1 есе өзгеше болғанын атап өту қажет. Бұл үш себепке байланысты.

Біріншіден, үй шаруашылықтарын тексеруден түскен ақшалай табыс оларды кемітіп көрсетумен байланысты жүйелік қатені қамтиды. Бағалау бойынша үлкен деңгейде кеміту 1999 – 2008 жылдары мәлімделген ақшалай табыстың төрттен бірінен үштен біріне дейін құрады. Екіншіден, ЖӨӨ халықтың ақшалай табысының төрттен біріне дейін құрайтын заттай нысандағы, сондай-ақ үй шаруашылығында олардың иелері ретінде қолданылатын жеке игілікті бағалау құнын қамтиды. Оларға, атап айтқанда, жеке меншік тұрғын үйде тұрудың шартты бағасы жатады. Үшіншіден, ЖӨӨ оны түпкілікті пайдалану тұрғысынан қарағанда тұтынуға ғана емес, қор жинауға да пайдаланылатын табысты қамтиды. Бұдан басқа, облыстар бойынша ЖҚҚ сомасы өңірлер бойынша бөлінбейтін ЖІӨ ЖҚҚ шамасына маңызды болмайтынын атап өту керек.

Жоғарыда көрсетілген себептердің салдарынан СҚТ бойынша халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табысты АҚШ долларына аудару ресурстарға қол жеткізу бағасын төмендетуге алып келеді. Сондықтан нәтижені республикалық деңгейде үйлестіру мақсатында СҚТ көмегімен АҚШ долларына аударылған халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табыс, жан басына ақшалай табысқа жан басына ЖІӨ қатынасын білдіретін коэффициентке көбейтіледі. Бұл коэффициент халықтың жан басына ақшалай табысты түзету үшін және өңірлер бойынша пайдаланылады. Нәтижесінде орташа республикалық деңгеймен өңірлердің халқының ақшалай табысының ара салмағы сақталады.

Қазақстан Республикасы үшін, Қазақстан халқының әрбір азаматтары үшін алдағы даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасының маңызы, мәні өте терең. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, ел экономикасының өсуі, еліміздің қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы – деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында болашақта жүзеге асырылуға тиіс ұзақ мерзімді «7» басымдылық аталды. «Қазақстан–2030»-дан кейін қамтылған мәселелері мен қабылданған шешімдерінің және жоспарлау мерзімінің ұзақтығы жағынан үлкен екінші құжат – ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы №735Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары». Бұл құжатта Қазақстанның 2010 жылға дейінгі даму моделі анықталды. Оның мақсаты – ұзақ мерзімді тұрғыда бәсекеге қабілетті экономиканың негізін қалау делінді. Экономика саласындағы даму моделінде:

  • халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту;
  • кедейшілікті жою;
  • халықты жұмыспен қамтамасыз ету;
  • мемлекетті экономикалық өрлеу «локомотивіне» айналдыру;
  • мемлекеттің қатысуымен жүйе түзетін ірі компанияларды құру және оларды аймақтық және мүмкіншілігінше, әлемдік деңгейге шығару;
  • ТМД аймағындағы экономикалық өктемдікке қол жеткізу көзделген.  
    Елбасының Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдаулары осы маңызды құжаттардың логикалық жалғасы болып табылады, Жолдаулардың барлығы да әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мен ел халқының өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған. Сонымен қатар, елдің болашақ дамуында өзіндік орны бар бұл Жолдауларда қоғамның әлеуметтік жаңғыруындағы өмір сапасының стандарттары мен адам капиталының сапасын арттыруға ерекше мән берілуі кездейсоқ емес. Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына көрінуді міндеттей отырып, елдің ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің бір өлшемі – халықтың әлеуметтік жағдайының жоғары көрсеткіші, тіршілік ету деңгейінің жоғары болуы деп қарастырып, әлеуметтік қоғам құру стратегиясын айқындап отыр. Әлеуметттік  тұрақтылық – мемлекетіміздің үздіксіз дамуының, қоғамның алаңсыз өсіп өркендеуінің маңызды кепілі.

Сонымен, Республикамыздың қазіргі кезеңдегі әлеуметтік саясатының ерекшеліктерін атағанда, мемлекеттік бюджет кірістерінің жоғарылауы елдегі ірі әлеуметтік бағдарламаларды өз деңгейінде іске асыруға мүмкіндік беретіні. Бұл бағдарламада ауылды дамыту, ауылды өркендету, тұрғындарды жұмыспен қамту, кедейлікпен күрес, тұрғын үй құрылысын дамыту сияқты мәселелер қаралған.

 

 

2.2 Қазақстандағы халықтың тұрмыс  деңгейі көрсеткіштерінің 2007-2009 жылдардағы серпіні

 

Халықтың тұрмыс деңгейін субъективті бағалауды зерттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі 2009 жылғы тамызда түрлі деңгейдегі табыстары бар 12 мың үй шаруашылықтарына бір уақыттық зерттеу жүргізді. Зерттеу бағдарламасы әлеуметтік құбылыс ретінде кедейліктің болуына ықпал ететін себептер мен жағдайлардың негізгі факторларын субъективті бағалаудың анықтамалары қарастырылды. Бұл мағлұматтың ерекшелігі респонденттерден тікелей алынған тек ғана сандық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар сапалық сипаттамалары арқылы көрсетілетін тұрмыс деңгейінің байқалатын параметрлері болып табылады.           

Халықты үй шаруашылықтары мүшелерінің белгілі бір денгейіне жатқызу үшін өздерінің әл-ауқат (молшылық) және табыстың субъективті бағалауы қолданылды.

 

 

Сызба 4 –  Табыс және әл-ауқатты теңестіру

Табыс деңгейін бағалау бойынша 2 және одан көп адамдардан тұратын зерттелінген үй шаруашылықтарының арасында үй шаруашылықтарының үлесі салыстырмалы тең бөлінеді. Табысы орташа деңгейдегі (3) 52,9 % сұралған үй шаруашылықтары жатады.

Бір айда орта есеппен үй шаруашылықтарының әрбір мүшесіне қажетті ең жоғарғы және еңтөменгі табыс айырмашылығы шамамен екі есені құрайды, бұл арақатынас қалалық және ауылдық тұрғындар арасында сақталып отыр. Молшылық деңгейінің өсімімен олардың арасындағы алшақтықта көтерілуде.

 

 

Сызба 5 – Тұрғылықты жерді есепке ала отырып, табатын табысының көлемі бойынша үй шаруашылықтарын бөлу

 

Диаграммадан көрініп тұрғандай, ең жоғарғы табысты (50001 теңгеден және одан жоғары) үй шаруашықтары қалада тұрады. Ауылдық мекендерде табысы 5001-ден 15000 теңгеге дейінгі үй шаруашылығы көп шоғырланған. Сонымен қатар ең төменгі (5000-нан төмен) табысты үй шаруашылықтарының үлесі көпшілік жағдайда (54,5%) – қалалық елді-мекен тұрғындары.

Ең жоғарғы табысты (1 млн. теңгеден жоғары) үй шаруашылықтарының басшылары «электр энергиясын, газ бен су өндіру мен бөлу» және «қаржы қызметі» саласында, ең азы – «білім беру» саласында жұмыспен қамтылған.

Отбасылардың көлемінің өсуімен бағалаудың төменгі деңгейі бар үй шаруашылықтарының үлесінің азаю үрдісі және табысты бағалаудың неғұрлым жоғары деңгейі бар үй шаруашылықтарына қатынасы бойынша кері үрдіс байқалады. Материалдық қамсыздандыру деңгейінің өсуімен үй шаруашылықтарының орташа көлемінің 2,8-ден 5,8 адамға дейін өсу үрдісі байқалуда. Балалары бар үй шаруашылықтары әл-ауқаты орта деңгейлі үй шаруашылықтарынан басым болуда, бірақ дегенмен көрсетілген топта балалардың орташа саны төмен көрсеткішті-1,7 көрсетіп отыр.

Зерттеу нәтижесі халықтың әл-ауқатына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі көші-қон екенін көрсетті. Зерттеу нәтижесі бойынша материалдық жеткілікті деңгейі ең жоғары үй шаруашылықтары соңғы 10 жылда тұратын жерін өзгертпеген.

 

 Сызба 6 – Елдің соңғы 10 жылдағы ішкі және сыртқы көші-қоны

 

Осы зерттеу бойынша үй шаруашылықтары кедейлігінің негізгі себептері еңбек ақы және зейнетақының төмен деңгейі болып табылады. Бұдан басқа ең аз көлемді үй шаруашылықтары (1 адамнан тұратын) кедейлігінің ең маңызды себептерінің денсаулық жағдайының нашарлығын және ең көп көлемді (5 және одан көп) үй шаруашылықтары – тұрақты жұмыс табу мүмкіндігінің жоқ екенін көрсетті. 

Үй шаруашылықтары өз қажеттілігіне байланысты мемлекеттен жалақының және зейнетақының деңгейін жоғарлату, сонымен қатар жұмыс беру түрінде көмек күтуде, әсіресе қалғандарынан бұрын ауылдық жерлерде тұрып жатқан үлкен отбасылар мұқтаж болуда.

 

 

Сызба 7 – Материалдық әл-ауқатты жақсарту үшін мемлекеттің көмегінің бағыты

 

Зетттеу барысында үй шаруашылықтарының арасында ең көп таралған мұқтаждық жыл сайынғы демалысты үйден тыс жерлерде өткізу мүмкіндігі жоқ, сонымен қатар ауылдық жерлерге қарағанда мұндай мұқтаждықты белгілеген қалалық үй шаруашылықтарының үлесі 10 % жоғары (тиісінше 76,5 % және 65,7). Ақылы дәрігерге қаралуға және өмірге қажетті дәрі алуға ақшасы жоқ кедей үй шаруашылықтарының үлесі басым болуда. Бұдан басқа көптеген үй шаруашылықтары үшін ауыртпалықты қарыздарсыз салттық ғұрыптарды ұйымдастыру мәселесі бар. Балалардың тұтынуына байланысты (тамақтану, киім және т.б.) кейбір мұқтаждықтар қалалық жерлерге қарағанда, ауылдық жерлердегі үй шаруашылықтарында басымырақ байқалуда.

Азық-түлік өнімдерін тұтыну халықтың тұрмыс деңгейінде негізгі көрсеткіш болып табылады. Үй шаруашылықтарының көлемі тамақтану шығыстарының деңгейіне ықпал етеді. Үй шаруашылықтарының ең көп үлесі қалалық жерде (42,2 %) және ауылдық жерлерде (44,2 %) өз табысының 30 % -дан 50 % дейінгі мөлшерін тамақтануға жұмсайды. Отбасы көлемінің төмендеуімен өз табысының 30 %-дан 50 % дейінгі мөлшерін тамақтануға жұмсайтын үй шаруашылықтарының үлесі қысқарады және тамақтануға жұмсалған шығыстары табысының 75 %-дан 100 %-ға дейінін құрайтын топтар көбейеді.

Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндігі жоқ және бұны жасауға ниетті 2009 жылы сұралған үй шаруашылықтарының үлесі қалалық жерлерге қарағанда ауылдық жерлерде жоғарырақ. Заңды түрде, материалдық әл-ауқаттың жоғарылауымен өз тұрғын үй жағдайын жақсартуға ниетті үй шаруашылығының үлес салмағы өсуде.

Тұрғын үйдің иесі болып табылатын үй шаруашылықтарының үлесі 96,9 %, қалада және тиісінше ауылда 96,3 % құрады. Молшылықтың жоғары деңгейіне жататын үй шаруашылықтарының арасында олардың тұрғын үйі кәсіпорынға (ұйымға) қарастылары да бар. Өзі отырған тұрғын үйге меншік құқығы көптеген үй шаруашықтары үшін «жекешелендіру» және «қайталама нарықтан сатып алу» нәтижесінде туындаған. Көптеген үй шаруашылықтарында өздері отырған тұрғын үйінен басқа иелігінде үйі жоқ.

Тұрғын үй коммуналдық қызметін жеткізушілердің қызметіне төлеу бойынша үй шаруашылықтарында берешектің болуы (болмауы)  мәселесіне қатысты, онда мұндай барлық негізгі қызмет түрлері бойынша болатын болса, мұның өзінде пәтерде тұратын қалалық жерлердегі үй шаруашылықтарының арасында жиі кездеседі. 

Алайда, тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетушілердің алдында үй шаруашылықтарының берешегінің болуына қарамастан, көпшілік жағдайда оның мерзімі (57,9-75,0 %) 3 айдан аспайды.

 

 

Сызба 8 – Тұрғын үй коммуналдық ақыларды төреу бойынша берешегі бар үй шаруашылықтары

Қалада, сондай-ақ ауылда көптеген сұралған үй шаруашылықтары үшін негізгі күнкөріс көзі жалдамалы жұмыс болып табылады. Жеке қосалқы шаруашылықтың өнімдерін тұтынуды табыс көзі ретінде ауылда тұратын үй шаруашылықтарының 56,2 %-ы белгіленсе әрине, қалада айтарлықтай төмен – 20,6 %. «Зейнетақы», ең қызығы «туысқандарынан, таныстарынан алатын көмектің» күнкөріс ретінде  қалалық және ауылдық үй шаруашылықтары үшін маңызы бірдей.

Меншіктен түскен табыс үй шаруашылықтарының әл-ауқатына айтарлықтай әсер етуде. Әл-ауқаттың мөлшерінің өсуімен меншік объектілерінің шеңбері кеңеюде, молшылықтың айтарлықтай төмен деңгейі бар үй шаруашылықтарының меншігі негізінен «жер», «мал және құс».

Сұралған үй шаруашылқтарының арасында 97,1 % жеке ісі жоқ және мұның негізгі себептері оның тұратын жеріне (қала, ауыл) байланысы жоқ қаржының жоқтығы (36,6 %) және қажетті машықтың жоқтығы (12,1 %) болып отыр.

 

 

Сызба 9 – Молшылық деңгейіне байланысты үй шаруашылықтарының жинақ ақшаларының арналуығ

 

Зерттеу деректері бойынша үй шаруашылықтарының тек 17,1%-ында жинақ ақшасы бар. Молшылықтың өсуімен жинақ ақшасы бар, сондай-ақ табыс болмаған кезде осы жинақ ақшаға ұзақ өмір сүру мүмкіндігі бар үй шаруашылықтарының үлесі шапшаң өсуде. Көптеген үй шаруашылығы үшін жинақ ақшалар күтпеген жағдайға, білім алуға, емделуге, пәтер және үйді жөндеуге, салттық ғұрыптарға арналған.

Зерттеу деректері бойынша үй шаруашылықтарының тек 17,1 %-ында жинақ ақшасы бар. Молшылықтың өсуімен жинақ ақшасы бар, сондай-ақ табыс болмаған кезде осы жинақ ақшаға ұзақ өмір сүру мүмкіндігі бар үй шаруашылықтарының үлесі шапшаң өсуде. Көптеген үй шаруашылығы үшін жинақ ақшалар күтпеген жағдайға, білім алуға, емделуге, пәтер және үйді жөндеуге, салттық ғұрыптарға арналған.

 

Кесте 1 – Табыс деңгейінің бөлінісіндегі үй шаруашылқтары әл-ауқатының өзгеруі, пайызбен 

 

 

Барлығы

Табыс деңгейлері

тіпті тамаққа да жетпейді

тамаққа жетеді, бірақ біз киім сатып алу, пәтер ақы төлеуде қиындық көреміз

күнделіктіге жетеді, бірақ ұзақ мерзімдік тауар сатып алу мүмкіндік жоқ

тамаққа, киімге және ұзақ уақыт пайдаланатын тауарларға жетеді

қажетті нәрсенің бәрін сатып алуға ақша жеткілікті

Үй шаруашылықтарының саны, барлығы

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

соңғы жылдағы

 әл-ауқаты:

           

өзгермеді

57,8

37,9

57,0

60,7

53,9

38,7

жақсарды

27,1

6,7

15,3

27,7

39,9

58,4

нашарлады

15,1

55,4

27,7

11,6

6,2

2,9

соңғы үш жылдағы әл-ауқаты:

           

өзгермеді

44,6

43,6

50,7

46,8

33,1

15,3

жақсарды

45,6

13,8

31,0

45,5

64,1

84,7

нашарлады

90,8

42,6

18,3

7,7

2,8

-

соңғы он жылдағы әл-ауқаты

           

өзгермеді

34,0

32,8

37,9

36,3

24,5

13,9

жақсарды

54,9

30,3

43,2

54,5

70,4

86,1

нашарлады

11,1

36,9

18,9

9,2

5,1

-

Информация о работе Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары