Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2015 в 04:47, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу». Мемлекеттік әлеуметтік саясат – бұл қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және елдің барлық азаматтары үшін бірдей «бастапқы жағдайды» қалыптастыруға бағытталған макроэкономикалық реттеудің бір бағыты. Әлеуметтік саясат қоғамда әділеттік қарым-қатынастың дамуына, әлеуметтік қорғаныс жүйесін қарастыруға, сонымен қатар табыстың анықталған саясаттың өтуі және ауқатының өсуі үшн қызметті қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе
3
1
Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеудің теоретикалық негіздері
6
1.1
Халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің жүйесі
6
1.2
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
11
1.3
Белоруссияның халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу тәжірибесі
21
2
Қазақстанның әлеуметтік саясаты және оның нәтижелері
27
2.1
Қазақстан Үкіметінің 2007-2009 жылдардағы әлеуметтік саясаты
27
2.2
Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің 2007-2009 жылдардағы серпіні
33
2.3
Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелері
45
3
Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары
49
3.1
Халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мәселелерін шешу жолдары
49
3.2
Қазақстан Республикасында жұмысбастылық және өмір деңгейін жоғарлату мәселелерін шешу жолдары
58

Қорытынды
65

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Алип Б..doc

— 873.50 Кб (Скачать файл)

Мұндай саясаттың мақсаты экономикалық сферада қоғамның әрбір мүшесінің өзін өзі жетілдіруіне жағдай жасайтын әлеуметтік саясат болып табылады.  Бұл үшін индивидтердің шаруашылық қызметін реттейтін институционалды жағдайлар керек. Бірінші кезекте табысты бюджет арқылы қайта бөлу немес швециялық үлгідегідей тегін әлеуметтік қызметтер емес, ал әлеуметтік қорғау бағытталған еңбекке қабілетті халыққа экономикалық жағдай жасау тұр.  Сонымен қатар Германияда әлеуметтік сақтандырудың төрт түрі бар: зейнетақылық, медициналық, жұмыссыздыққа және күтілмеген жағдайға қатысты. Әлеуметтік сақтандыру жұмыс беруші мен жұмысқа тұрушы есебінен қаржыландырып, қызмет түріне байланысты дифференциацияланып төленеді.  Әлеуметтік сақтандыру принципі белгілі бір қорларына төлемдер төлеген болса, онда төлеген адамға қызметтер алуына құқық береді.

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мемлекет есебінен төленетін балаларға жәрдемақы (бала туылғанда берілетін, күнкөрісі төмен және көп балалы отбасыларға), босқындарға көмек, білім алуға жәрдемақы, жастарға көмек,  емделуге жәрдемақы, зейнеткерлік субсидиялары, соғыс құрбандарына көмек, мүгедектер мен қоғамның басқа да кедей, әлжуаз топтарына әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Германияның мемлекеттік әлеуметтік саясатының аясында денсаулық сақтау жүйесінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі орындалады. Нәтижесінде халықтың 90 пайызы міндетті сақтандырумен, 8 пайызы жекеменшік, ал 2 пайыз халықтың бөлігіне мемлекет өзі төлейді.  1990 жылдары Германия өзінің экономикалық әлеуметтік  даму бағытының шыңына жетті, уақыт және нарық өзгеріп отырғандықтан Германияның халықты әлеуметтік қорғау жүйесі модеренизацияны талап етеді.

Халықты әлеуметтік қорғаудың американ-британдық үлгісі. Американ-британдық үлгі әлеуметтік сферада мемлекеттің минималды түрде қатысуымен сипатталады. Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру тетігі мемлекеттік бюджет емес, жеке салымдар мен сақтандыру болып табылады.  Мемлекет өз мойнына тек барлық азаматтардың минималды кірістерін сақтауды және халықтың аса көмекке мұқтаж табын қорғауды алады. Бұл үлгіні негізгі ұстанатын мемлекеттер: АҚШ, Англия, Ирландия.  Әлеуметтік бағдарламалар қатаң индивидуализацияланған: барлық топтардың  тең мүмкіндіктері орнына  халықтың жекеленге категорияларына іріктелген көмек  көрсету принципі сақталады. Оның ішінде зейнеткерлер, мүгедектер, ауру жандар, аз қамтамасыз етілген отбасылар, толық емес отбасыларға мемлекеттік жекелей қолдаулар бар.  Қазіргі таңда 16 жасқа дейін және толық емес аз қамтамасыз етілген отбасыларға жәрдемақы төленіп келеді. Міндетті білім  мен денсаулық қорғау жүйесі тегін болып саналады. Бірақ та, медициналық керек-жарақтар жетіспеушілігі мен дұрыс жетілмеген ақылы медициналық қызмет көрсету проблемасы туындағаннан кейін бұл саланы реформалау қажеттілігі болып тұр.  Осы жылдары Ұлыбританияда емделушілердің аурухана мен дәрігерлер таңдау мүмкіндігін арттыру үшін сапалы медициналық қызметтер көрсету  жобасын денсаулық жүйесіне енгізу көзделініп отыр.  АҚШ-та заманауи әлеуметтік халықты қамсыздандыру үлгісінің негізі 1935 жылы Ф. Рузвельт  қабылдаған Әлеуметтік сақтандыру туралы Заңның қабылдануымен қаланды.   АҚШ-та әлеуметтік көмектің негізгі бағыты отбасыға арналған. Материалды қолдау алудың негізгі талабы – отбасыда жан басына шаққандағы кіріс көзі елде бекітілген күнкөріс өлшемінің ең төменгі мөлшерінен төмен деңгейде болуы керек. Аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына жәрдемақылар төленеді. АҚШ-тың әлеуметтік саясатының ерекшелігі көмекке мұқтаж адамдарға  қаржылайдан бөлек тағы да басқа көмектер көрсетіледі. Мәселен, ол – тамақтануға, азық-түліктер сатып алуға арналған талондар, т.б.

Жерорта теңізі  елдерінің әлеуметтік саясат жүргізудің өзіндік үлгісі бар. Ол мемлекеттерге  Испания, Португалия, Греция, Италия, Ирландия елдері жатады. Бұл елдерде әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі мазмұны мемлекет немесе Үкіметтік емес ұйымдардың ұсынған әлеуметтік сақтандырумен түсіндіріледі. Жерорта теңізі елдері үлгісінде әлеуметтік салаға көп қаражат бөлінгенімен, ол халықтың басым бөлігін қамти алмайды. Демек, әр мемлекеттің әлеуметтік саясат жүргізу ерекшелігі елдің экономикалық потенциалымен санасады. Осыған сәйкес әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған әдістер жүйесі бар.  Бірнеше елдердің топтамасында немесе жекелей мемлекеттердің өздеріне тән әлеуметтік жүйесін кездестіруге болады. Бір елдің белгілі бір топқа жіктелуін қарастырғанда өзіндік ерекшеліктер мен талаптарды ескерген дұрыс:

  • әлеуметтік саясаттың көздеп отырған түпкі мақсаты: берілген жүйе минималды ауқаттылық пен кепілдендіруді ұсынумен шектелуі, мемлекетте жалпы табыстың қоғам мүшелеріне қайта бөлінуі;
  • әлеуметтік саясаттың экономикалық саясатпен байланыстылығы;
  • әлеуметтік қорғау жүйесінің басымдылық типі: белсенді, конструктивті.

Жалпы алғанда әр үлгінің мемлекетте әлеуметтік саясат жүргізу мен халықтың әлжуаз бөлігін қорғап отыруда өзіндік артықшылығы мен кемшіліктері бар. Бірақ әлем мемлекеттер қоғам түрленіп, дамыған сайын әлеуметтік саясат жүргізу әдістерін жетілдіріп отырады, бір-бірімен тәжірбие алмасу үрдісі тоқтамайды.

 

 

1.3 Белоруссияның халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу тәжірибесі

 

Белорусь Республикасында қоғамның әлеуметтік саласында параллель жүріп жатқан өзгертулер талдауын есепке ала отырып, нарықтық реформалардың алға жылжуын көруге болады. Бұл өткізілген экономикалық қайта өзгертулер нәтижелерін бағалау кезінде ерекше маңызға және өзектілікке ие. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты соңғы 10 жылда халықтың тұрмыс деңгейін жоғарылату мен тұрақтандыруға бағытталды. Ол үшін ақшалай табысты көтеру және олардың нақты мәнін арттыру; өмір сүру минимумы бюджетінен минималді әлеуметтік гаранттардың артта қалуын қысқарту; әртүрлі топтардың табыстарының дифференциациясы мен кедейшілік масштабын азайтуды қамтамасыз ету талап етілді.

Әлеуметтік саясат облысында нақты шаралардың жүзеге асырылуы тек тұрмыс деңгейінің төмендеуін тоқтатып қана қоймай, сондай-ақ нақты ақшалай табысты арттыруға мүмкіндік берді. 2000жылы Беларуссияда орташа айлық еңбекақы - 21,1 АҚШ долларын құрады (доллар эквивалентінде). 2000 жылы – 65,5 долл., 2005 жылы – 73,6,  2006 жылы – 86,6, 2007 жылы – 104.9; 2008 жылдың желтоқсанында – 139 долл. құрады.  Көрсетілген кезеңде еңбекақыны төлеу саясаты халықтың ақшалай табысының негізгі көзі ретінде еңбекақыны жоғарылату, оның экономикалық қызығушылығы мен белсенділігін қолдау, еңбекті шынайы төлеу шарттарын құру мен тұтынудың қажетті стандарттарын қамтамасыз етуге бағытталды. Алайда еңбекақыны төлеуге арналған қаражат үлесі 2000–2008 жылдары ЖІӨ-де өзгерген жоқ: 2000 жылы ол 33 %-ды, 2005 жылы тек 33,4 %-ды құрады. Тұрақты дамудың Ұлттық стратегиясына сай – 36-40 %, өсу тек 2008 жылы 38 %-ға дейін жетті. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50 – 60 %-ға дейін жоғары болып табылады. Халықтың ақшалай табысы құрылымы да өзгермелі емес: еңбекақыны төлеу үлесі 2000 жылы 46,1 %, 2001 жылы 51,7 %, 2008 жылы 49,2 % (тұрақты дамудың Ұлттық стратегиясы бойынша – 57 %) құрады.

Халықшаруашылығы жұмысшыларының еңбекақысының орташа айлық динамикасы талдауы мен тұтынушылық бағалар индексі 2000 жылдан 2002 жылға дейін еңбекақының неғұрлым күрт төмендеуін көрсетеді. 2000 жылдан 2008 жылға дейінгі кезеңде есептелген еңбекақы темпі тұтынушылық бағалар индексі темпінен жоғары болды, ол нақты еңбекақының жоғарылауын көрсетеді. Бірақ тұрақты дамудың Ұлттық стратегиясына сай ақшалай табыстарға қарағанда еңбекақының жылдам өсуі болған жоқ. Еңбекақы төлеу облысында қарастырылған барлық міндеттер жүзеге асырылмады. Ақшалай табыстар мен еңбекақының жағымды динамикасына қарамастан, халықтың тұрмыс деңгейі төмен және кедейшілік құбылыстарымен сипатталады. Ел халқының кедей әлеуметтік жағдайы туралы келесі индикаторлар бойынша сипаттайды:өмір сүру минимумынан төмен табысы бар халық үлесі (кедейшілік сызығы);10 % неғұрлым жоғары және 10 % неғұрлым төмен қамтамасыз етілген халық арақатынасы. 1999 жылдан 2005 жылға дейінгі аралықта халықтың көп бөлігінің кедейленуі байқалды. Егер 1999 жылы елдегі кедей халықтың үлесі 1-2 % болып бағаланса, онда 2000 жылы – 33,9 %, 2001 жылы – 38,6 %, 2002 жылы –    32,1 %, 2003 жылы – 33,0 %, 2004 жылы – 46,7 % (4,6 млн. адамға жуық). 2005 жылы кедейшілік деңгейі 41,9 %-ға дейін төмендеді, 2006 жылдың аяғында ол 28 % құрады.

Өмір сүру минимумы мемлекеттің өз азаматтарының өмір деңгейін, оларға материалдық көмек көрсете отырып, одан әрі төмендетпеуге тиіс сызық болып табылады. «Өмір сүру минимумынан төмен табысқа ие халық үлесі (кедейшілік сызығы)» көрсеткішінің критикалық мәні ретінде 9 – 10 % саналады. 2006 жылғы желтоқсанда Беларусь Республикасының өмір сүру минимумы бюджеті орташа халықтың жан басына шаққанда 113 – 190 құрады. Дамудың қазіргі кезеңінің ерекшелігі болып әлеуметтік кедейшілік саласына жұмыс істейтіндердің отбасыларының енуі табылады.

Соңғы 5–7 жылдарда еңбекақы мақсатты бағытта төмен төленетін жұмысшыларға жоғарлатылды. Нәтижесінде өмір сүру минимумынан төмен еңбекақы алатындар үлесі қысқарды: егер 2001 жылы мұндай жұмысшылар 22,7 % болса, 2006 жылдың аяғында 9,4 % болды.

Беларусь қоғамының құрылымы табыс деңгейіне байланысты келесідей сипатталады: халықтың  22 % өмір сүру минимумы бюджетінен (ӨСМБ) төмен ресурстарға ие (кедейлер тобы), халықтың 54 % өмір сүру минимумы бюджетінен минималді тұтынушылық бюджетке (МТБ) дейін ресурстарға ие (аз қамтамасыздандырылғандар тобы), 19 % минималді тұтынушылық бюджеттердің бір жарым есесіне ие (халықтың орташа қамтамасызданд бөлігі), халықтың тек 5 % ғана екі есе минималді тұтынушылық бюджетке ие (неғұрлым қамтамасыздандырылғандар).

Беларусь Республикасында халықтың табыс деңгейі бойынша шартты бөліну жағдайы жаман нұсқамен дамуда: қоғамның басым бөлігі кедей және аз қамтамасыз етілген категорияға, тар шеңбер – «қамтамасыз етілгендер» және жаңа шарттарға үйренген, сондай-ақ қоғам тұрақтылығының негізін құрайтын аз сипаттағы орташа класс жатады. Аз қамтамасыздандырылу тұрақты және туынды нақтылыққа айналды. Аз қамтамасыздандырылудың өсуінің басты себебінің бірі болып халықтың төмен табыс деңгейі, соның ішінде ең алдымен еңбекақы табылады. Қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының маңызды индикаторларының бірі халық табысының дифференциациясы коэффициенті табылады. Табыс дифференциациясының бастапқы мәні (10 % неғұрлым жоғары және 10 %  неғұрлым төмен қамтамасыз етілген халық ресурстарының арақатынасы) 10 есені құрайды.

Статистикалық мәліметтерге сай Беларусия үшін 2008 жылы фактілік арақатынас  5,2 есені құрады (2005 ж. – 5,8; 2006 ж. – 6,1; 2007 ж. – 5,9). Ең жоғары дифференциация 2003 жылы 6,2 есе байқалды. Табыс дифференциациясының төменділігіне Джинни коэффициенті де сәйкес келеді, ол 2008 жылы бастапқы мәні  0,3 – 0,5-те 0,254 құрады (ең жоғарғы 2003 ж. – 0,283; 2003 ж. – 0,270; 2004 ж. – 0,278; 2005 ж. – 0,272). Орташа табыспен еңбекақының өсуіне байланысты табыс дифференциациясы үрдісі де өсе бастайды. Еңбекақының төмен деңгейі – бүкіл әлеуметтік саясаттың түйінді мәселесі. Орташа еңбекақы минималді тұтынушылық бюджеттен біршама асып түседі. Орташа еңбекақы мен минималді тұтынушылық бюджет арақатынасы 2000 жылы 110 % құрады және 2008 жылдың желтоқсанында 162,3 дейін өсті. Орташа еңбекақының өсуіне қарамастан, ол халықтың көп бөлігі үшін жұмыс күшінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ете алмайды.

Еңбекақы негізінде өндірістік, белсендіруші және әлеуметтік қызметтерін орындауын қойды. Әлеуметтік әділдік көзқарасы бойынша еңбек және әл-ауқат саны мен сапасы арасындағы байланыс, яғни еңбекақы мен зейнетақы деңгейі бұзылмауы қажет. Тұрақты дамудың Ұлттық стратегиясы бойынша 2010 жылы жан басына шаққандағы табыс өмір сүру минимумынан үш есе артық болуы керек. 2008 жылы желтоқсанда бұл қатынас 2,6 есені құрады, ал зейнетақы көлемі халықтың жан басына шаққандағы өмір сүру минимумы бюджетіне тең келді.

Белгіленген параметрлерге дейін табысты арттыру үшін өмір сүру минимумынан төмен табысы бар халық үлесін қысқарту қажет. Қолданылып жатқан шараларға қарамастан, бюджет саласының маңызды әлеуметтік салалардағы, соның ішінде жоғары маманданған мамандар арасындағы төмен еңбекақы өзекті мәселе болып отыр. Денсаулық сақтау мен білім беру салалары орташа еңбекақыларының қатынасы орташареспубликалық деңгейден 2000 ж. – 92 мен 84 %,  2008 ж. – 89 бен 84 %  сәйкес төмендеді. Ең төмен еңбекақы және ең жоғары кедейшілік деңгей ауылшаруашылық жұмысшыларына келеді, онда 2000 жылы орташа еңбекақының орташареспубликалық деңгеймен арақатынасы 63 %, 2006 ж. – 54 % құрады.

Сала жұмысшыларының үшінші бөлігі өмір сүру минимумы бюджетінен төмен еңбекақы алады. Халықтың өмір сүру деңгейіне зейнетақылық қамтамасыз ету деңгейінің талдауынсыз нақты баға беру қиын, себебі біздің қоғамның төрттен бір бөлігін зейнеткерлер құрайды. Бұл әлеуметтік маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні – зейнеткерлердің әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандармайтын зейнетақының төмен көлемі, олардың көлемінің аз дифференциациясы, сақтандыру салымдарының жоғары тарифі және сонымен бірге жеткілікті деңгейде зейнетақыны қаржыландыру үшін қаражаттың жеткіліксіздігі. Зейнетақымен қамтамасыз ету облысындағы саясат зейнетақы  төлемдерінің нақты мазмұнынын жоғарлатуға, өткен жеке тәжірибе мен еңбекақыға байланысты зейнетақыны дифференциациялауды күшейтуге, зейнетақы жүйесін реформалауға, оның тұрақты дамуына алғышарттар жасауға бағытталады. 2000–2008 жылдарда айлық бекітілген зейнетақы көлемі алты есеге дейін өсті. Алайда өсу тенденциясы тұрақты болған жоқ, жеке кезеңдерде бағалардың жылдам өсуі байқалды. Зейнетақының сатып алушылық қабілеті төмен қалыпында тұр. 2000 – 2008 жылдары зейнетақының орташа көлемі зейнеткердің минималді тұтынушылық бюджетінен аспады және оның 70 % жуық көлемін құрады. Зейнетақының орташа көлемі мен орташа еңбекақы арақатынасы 2006 жылдың желтоқсанында 38,0 % құрады (2001 ж. – 42,9 %).

Ығыстыру коэффициенті 60 – 70 % құрайтын экономикалық дамыған елдермен салыстырғанда, бұл төмен деңгей болып табылады. 2008 жылы зейнетақы еңбекақымен балалар жәрдемақысына қарағанда жоғары қарқынмен өсті. Нәтижесінде балалары бар аз қамтамасыз етілген отбасылар үлесі басқа әлеуметтік-демографиялық отбасылар типтеріне қарағанда жоғары болды.

Балаларды тәрбиелеп жатқан отбасылардың экономикалық жағдайын бағалау негізгі мәселелердің бірі ретінде олардың өмір сүру деңгейінің төмендеуін көрсетеді. Реформа кезеңінде балалары бар отбасылар кедейлер санын арттырды. Сонымен қатар кедейлер қатарына тек өткен кезде де кедейшілік сызығынан төмен табысқа ие отбасылар ғана емес, сондай-ақ белгілі уақытқа дейін орташа табысты қабатқа жатқызылған халықтың жұмыс істейтін бөлігі де енді. Аз қамтамсыз етілгендіктің таралу дәрежесі тікелей отбасындағы балалар санына байланысты. Егер 2008 жылы бір баласы бар аз қамтамасыз етілген отбасы үлесі 38,4 %, екі баламен – 49,2 %, онда үш және одан да көп балалары бар – 74,3 % құрады (2000 жылы бұл көрсеткіштер сәйкесінше 43 %, 59,7 %, 78,1 % болды). Отбасыларға ақшалай көмек көрсетудің негізгі нысаны болып табылатын балаларға жәрдемақы үй шаруашылығы табысының жалпы сомммасында аз мәнге ие (3 % жуық).

Жәрдемақы көлемі балаларды қамтамасыз ету және тәрбиелеуге қажет нақты шығындардан төмен және өмір сүру минимумы бюджетінен үш жасқа дейінгі балалар үшін 50 % жуық және  3 – 16(18) жас аралығы үшін 20 % жуықты құрайды. Сондай-ақ елдегі бөлу қатынастарының жүйесі еңбек табыстары арқылы отбасыларды жеткілікті материалды деңгеймен қамтамасыз ете алмайтындығын ескеру қажет. Отбасылардың материалдық қамтамасыз етілуінің жалпы жағдайы бар табыстың өмір сүру минимумына қатынаспен сипатталады. Өмір сүру минимумы бюджетінің құрылымында төрт адамнан тұратын отбасы үшін тамақтану 60 % жуығын қамтиды. Бүгінгі күні өмір сүру минимумы көлемі өмірді тек минималді жеткілікті физиологиялық дәрежеде қолдауын қамтамасыз ете алады. Бұдан оны жоғарылату, минималді тұтынушылық бюджеттен минималді тұтыну орентирына айналдыру қажеттілігі туындайды. Өмір сүру деңгейі отбасының өмір сүру мәселелерінің арту тенденциясына әсер етеді, олардың арасында аз бала туу, толық емес отбасылар санының өсуі, әлеуметтік осал балалар топтарының үлкен үлесі, отбасының тәрбиелеу мүмкіндіктерінің төмендеуңн атап көрсетуге болады.

Егер ақшалай табыстар, минималды тұтынушылық бюджет, өмір сүру минимумы бюджеті халықтың өмір сүру деңгейінің негізгі сандық сипаттамалары болса, онда «тұтынушылық шығындар» көрсеткішін «сапалық» деп атауға болады. Үй шаруашылығының таңдамалы зерттеу мәліметтеріне сәйкес 2000 жылдан 2008 жылға дейін халықтың ақшалай шығындарының құрылымында тұтынушылық шығындар үлесі негізгі және өзгермеген болып қала берді – 80 % аса, 2006 жылы ол 85,9 % құрады (2000 ж. – 91,1 %, 2004 ж. – 89,6 %,  2005 ж. – 87,8 %,  2005 ж. – 87,1 %). Халықтың шығындар құрылымындағы  жағымсыз тенденциялар болып тамақтануға шығындары үлесінің жоғары болуы, азық-түліктік емес тауарларға шығындар үлесінің азаюы, қызметтерді төлеуге шығындардың артуы табылады. Халықтың көп бөлігінің тұтынушылық шығындар құрылымында азық-түліктік тауарларға шығындар үлесі сол қалыпты жоғары және оның көлемі 2000 жылмен салыстырғанда маңызды: 2000 ж. – 29,1 %, 2003 ж. – 60,1 %, 2004 ж. – 56,6 %, 2005 ж. – 53,4 %, 2006 ж. – 49,3 %, 2007 ж. – 46,0 %, 2008 ж. – 41,2 %.

Информация о работе Халықтың тұрмыс деңгейін реттеудегі мемлекеттік саясатты жетілдіру жолдары