Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін талдау және бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2012 в 19:43, курсовая работа

Краткое описание

Бітіру жұмысының мақсаты кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмінің жұмысын зерттеу әрі қолданылатын теориялық тәсілдемелер мен кәсіпорындардың практикалық қызметін қорытып талдау және жүйелеудің негізінде кәсіпорынды жетілдірудің басты жолдарын іздестіру, фирмалардың бәсекелестік артықшылықтары мен олардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру принциптерін анықтау болып табылады

Содержание

КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ…………………………….6
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы түсінік…………………6
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің факторлары мен критерийлері……………………………………………………………………..13
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау……………………..27
2 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ………………………………………………………….35
2.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізудің экономикалық және әлеуметтік мәні.………………………………………………………………….35
2.2 Қазақстандағы тамақ өнеркәсібі саласының бәсекелік жағдайын сипаттау…………………………………………………………………………..45
2.3 Кондитер өнімдерінің Қазақстан нарығындағы бәсекелестердің қызметін талдау («Рахат» АҚ мысалында)……………………………………51
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

Диплом 1.docx

— 185.71 Кб (Скачать файл)

Әдебиеттерде тауардың бәсекеге қабілеттілігі оның нарықтағы басқа  аналогтық тауарлармен бақталастыққа  төзуге мүмкіндік беретін экономикалық-техникалық, эксплуатациялық параметрлерінің  деңгейі ретінде анықталады. Сонымен  қатар, бәсеке қабілеттілік басқа тауардың қасиеттеріне немесе нарық талаптарына қатысты өндірістік, коммерциялық, ұйымдастырушылық және экономикалық көрсеткіштердің барлық жиынтығының кешенді бағалауынан тұратын тауардың қатысты сипаттамасы. Ол қажеттіліктерді қанағаттандыру шығындарын есепке алғандағы қоғамдық қажеттіліктерге сәйкестік дәрежесі бойынша, өндірістік немесе жеке тұтыну үрдісіндегі пайдалану және жеткізу шарттары бойынша бәсекелес-тауардың тұтынушылық қасиеттерінің жиынтығымен анықталады.

Тауардың бәсекеге қабілеттілігінің барлық құраушы көрсеткіштерін жеке-жеке қарастырайық. Сонымен, тауардың техникалық көрсеткіштері оның техникалық деңгейінің, сапасы мен сенімділігінің нарықтағы  тұтынушылармен жоғарлатылып отыратын заманауи талаптарға сәйкескестігін бағалау  арқылы анықталады. Бұл талаптар біздің елмен қатар, шетелдегі әлеуметтік-экономикалық даму мен ғылыми техникалық прогресстің болжамды деңгейі кезінде олардың қоғамдық және жеке қажеттіліктерін неғұрлым толық бейнелейді [5].

Тұтынушылардың техникалық көрсеткіштерге деген негізгі талаптары  ұлттық және халықаралық стандарттарда  көрініс табады. Стандарттау дегеніміз, бұл – шығаруға арналған өнім, оны  таңбалау, орау, тасымалдау және сақтау әдістері үшін техникалық көрсеткіштерді жасау және бекіту. Стандартталатын  өнім анықталатын (нормаланатын) құжат  стандарт деп аталады. Ол техникалық қана емес, мемлекеттік құжат болып  табылады. Стандарттар құрамына тауардың толық сипаттамасы, оны дайындау, сорттау, орау, таңбалау, тасымалдау және сақтау шарттары кіреді. Тауар сапасын  бағалаған кезде, ең алдымен, оның стандарттарға  сәйкестігі анықталады. Стандарттарға  сәйкестік – бұл регламенттелетін тұтынушылық параметр, оны бұзу тауардың бәсеке қабілеттілігін нөлге дейін төмендетеді.

Әрбір елдің ұлттық экономиканың, ғылымның, техника мен технологияның  даму дәрежесіне сәйкес келетін өзінің тауар стандарттау жүйесі бар. Сонымен  қатар, ұлттық экономиканың әлемдік  экономикаға бірігуінің тереңдеуі  және тауар өндірушілердің сыртқы экономикалық бірлестігін кеңеюі есебінен тауарларды халықаралық стандарттауды дамытуға және ұлттық стандарттардың тауар сапасының  халықаралық талаптарына сәйкес болуына қол жеткізуге болады.

Халықаралық стандарттар  шектеулілікті, әр тектілікті, ұлттық формалардың қайшылығын және әр түрлі  елдердің ережелерін жояды. Осы мақсатта арнайы құрылған Халықаралық Стандарттау  Ұйымы қызмет етеді. Стандарттау  бойынша халықаралық үйлестіру  орталығы – үкіметтік лауазымды тұлғалардың БҰҰ-ның Европалық Экономикалық Комиссиясының жанындағы тұрақты түрде қызмет ететін Кеңесі. Кеңес стандарттауға қатысты мүше-елдер үкіметтеріне халықаралық саудадағы маңызды кепілдемелерді жасайды. Тауар сапасы – тауарлық өнімнің әрбір бірлігінің өндірісі кезінде бекітілген техникалық деңгейге жету дәрежесі. Ол сезім мүшелерінің көмегімен немесе аппараттық приборлар, реактивтер және басқа да техникалық құралдарды қолдану арқылы лабороториялық зерттеу көмегімен анықталады.

Тауардың техникалық бәсекеге қабілеттілігі – тіптен динамикалық көрсеткіш. Ол ел ішіндегі, сонымен қатар, осы немесе басқа өнімді өндіретін әлемдік жетекші өндірушілердегі ғылыми техникалық прогресске сәйкес перманентті түрде өзгеріп отырады.

Біздің ойымызша, бәсекеге қабілеттіліктің коммерциялық шарттарды  да қарастырған жөн. Олар мыналар  жатады:

  • бағалық көрсеткіштер;
  • жеткізілген тауарлар үшін төлем мен жеткізу шарттарын сипаттайтын көрсеткіштер;
  • өндірушілер мен тұтынушылар нарығындағы қызмет ететін салық және кеден жүйесінің ерекшеліктерін сипаттайтын көрсеткіштер;
  • сатып алушалардың міндеттемелер мен кепілдіктерді жүзеге асыру жауапкершіліктерінің дәрежесін көрсететін көрсеткіштер.

Баға деңгейі, сөз жоқ, тауардың бағалық бәсеке қабілеттілігін анықтайды. Деңгей неғұрлым төмен болған сайын, шарттар тең болғанда өндірілетін  өнімнің бәсеке қабілеттілігі соғұрлым жоғары болатыны түсінікті, яғни аналогтық  тауарды өндіретін басқа өндірушілермен бақталастық кезінде өндірушінің  жайғасымы жақсырақ. Керісінше, бағаның  жоғары деңгейі тауардың бағалық  бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді, нөлге дейін жеткізетін кездері  де сирек емес. Осы шарттар есепке алына отырып, өндірілетін тауарлардың  бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату  бойынша күрестің бағалық саясаты  қалыптасады.

Төлемдер мен жеткізу  шарттарын орындаған кезде де осындай көрініс қалыптасады. Шарттар  неғұрлым қолайлы болған сайын, олар соғұрлым сатып алушылар мүдделеріне  сәйкес келеді және тауар нарықтағы  басқа тауарлармен бақталастық  кезінде жақсырақ. Ең алдымен, бұл  тауарларды жеткізу нысаны мен мерзіміне  және сатушымен ұсынылатын жеткізуді  жүзеге асырғаны үшін төлемдер мен  есептесу нысандарының әртүрлілігіне  қатысты. Сонымен бірге, бәсеке қабілеттілікке тауар дайындаушының өз мойнына  алатын кепілдіктері мен жоғары сапалы және сенімді тауарды бекітілген мерзімде жеткізу бойынша міндеттемелерді  орындау жауапкершілігі де тікелей  әсер етеді [7].

Өндірушілермен тауарды  иеленудің ұйымдастырушылық шарттары бәсекеге қабілеттілік бойынша коммерциялық көрсеткіштердің шынайы орындалуын қамтамасыз етеді. Оларға мыналар жатады:

  • сатушылардың үндеу шығындарының төмендеуіне, яғни оның баға деңгейіне әсер ететін көрсеткіштерге максималды түрде жақындауын қамтамасыз ету;
  • тауарды тұтыну орнына дейін тек ірі көтерме-транзит арқылы ғана емес, қоймалық кәсіпорындар арқылы шағын партиялармен жеткізу. Тауарды жеткізу экономикасының негізі транспорттық жарғыларды, кодекстерді, тасымалдау ережелерін, транспорттық тарифтерді және осы саладағы басқа да басты құжаттарды сауатты қолдана білу болып табылады;
  • тұтынушыларға кепілмен және кепілсіз көрсетілетін сатудан кейінгі сервисті кеңейту.

Қазіргі кезде сатып алушылар тауар сатушыларға мынадай міндетті талаптар қояды: сервис тауардың бүкіл  қызмет ету мерзімінде оның жұмыс  қабілеттілігін қамтамасыз етуі керек. Ал сатушы өз кезегінде сатып алушының үмітін ақтау жолында әрекет етеді. Сондықтан сервистік қызмет мен  оның тиімді қызмет етуін ұйымдастыру  нарықтағы басты мәселе болып  табылады. Сервисті ұйымдастыру тұтынушыларға  тиімді қызмет көрсетудің негізгі ережелеріне  сүйенуі керек. Ол үшін мыналар қажет:

  • әрбір жұмысшы сегменті үшін неғұрлым оңтайлы сервис деңгейін анықтайтын жақсы дайындалған стратегия;
  • сервистің барлық басымдықтарын тұтынушыға дейін жеткізетін және клиентпен байланыстың беріктігіне кепілдік беретін жарнаманы ұтымды қолдану;
  • қосымша бөліктерді жеткізудің есептелген жүйесі;
  • сервистік қызмет көрсету қызметкерлерін шақырту ережелерінің жүйесі;
  • қызмет көрсету стандарттарын әрбір атқарушыға жеткізумен байланысты персоналды оқыту.

Бәсекелестік – неғұрлым ұтымды өткізу нарықтары үшін тауар өндірушілер арасындағы жарысу жұмысы. Бәсекелестік тауар өндірушілерді тауардың сапасын көтеріп, өндіру шығындарын азайтып, еңбек өнімділігін жоғарлатуға итермелейтін оятушы күш болып табылады.

Бәсекеге қабілеттіліктің «ұяң» құрауыштарын қарастырайық. Кәсіпорындардың нарықтық жарысы мен олар орналасқан елдердің бәсекелестігі өзара бір-біріне ықпал етеді. Интервенционистік саясат кәсіпорынға үлкен залал тигізуі мүмкін, ал Швейцария сияқты елдің бәсекеге қабілеттілігі саясаттың ғана ісі болмауы қажет, оған кәсіпорындар да өз үлестерін қосу керек. Бәсекеге қабілеттіліктің осы басты аспектілерінің негізінде бәсекелік күрестің «ұяң» құрауыштары ретінде ақшалай мағынада бағалана алмайтын және сандық анықтама арқылы түсіндірілмейтін құрауыштарды атуға болады.

Бұл құраушылар дамушы елдерге қарағанда өнеркәсібі дамыған елдерде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, «ұяң» құраушылар саяси өктемдікке берілмейді. Оларды өзгерту еңбек өнімділігін жоғарлату немесе инфрақұрылымды құру сияқты жүзеге асырылуы қиын шараларға қарағанда өте ұзақ уақытты қажет етеді. Оларды меңгерудің әдістемесінің жоқтығына қарамастан, бәсекелестік күрес факторларының бұл тобын назардан шығаруға болмайды. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:

Еңбек этикасы. Бәсекеге қабілеттілік, көп жағдайда, еңбек ете алу мен еңбек етуге деген ынтаға тәуелді. Көптеген дамыған елдерде жұмыс өзін-өзі бағалаушы құндылық екіндігі жөнінде түсінік жетіспейді. Бәсекеге қабілеттілікті салыстыру кезінде еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі жеткіліксіз.

Өзін-өзі жетілдіруге дайындығы және қолайлылығы. Сөз жоқ, дәстүрді сақтау да өзінің басымдығына ие болады. Алайда, мүлдем басқа менталитетке ие болатын, жаңа тенденциялар мен клиенттің кез келген тілегіне жылдам жауап беруге дайын бәсекелестермен күрес бұл басымдықтар нөлге дейін барады.

Қызмет көрсету  саласындағы жұмыс істеуге дайындығы. Бұған деген ынтаның жоқтығы қоғам дамуы үшін фатальды жағдай болуы мүмкін, әсіресе, егер бұл экономиканың маңызды салаларының бірі болса. Қоғам қызмет көрсету саласында жұмыс істеу адамшылық қасиеттерді төмендету емес екенін түсіну қажет. Бұл – экономиканың бәсекеге қабілеттілігі үшін қажет, клиент басты тұлға болғысы келетін және болуы тиіс қарапайым жұмыс.

Кінәрәт-талап деңгейі. Дамыған елдердің халқы өздерінің жоғары өмір сүру деңгейлерін өзімен-өзі пайымдалатын нәрсе ретінде қарастыруға үйренген. Бұндай позияция қоғамның қолайлылығын жояды, ақырында, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Осыдан келіп мемлекеттік бюджетті, әлеуметтік кепілдемелер жүйесін, жұмысшы күшіне шығындар деңгейін басқару мүмкінсіздігі туындайды.

Сыртқы әлемге ашықтығы. Ішкі нарыққа шетел тауарларының келуіне рұқсат етпеу, кәсіпорындардағы акциялардың бақылау пакеттерін шетел азаматтарының алу мүмкіндігі, өз мүмкіндіктері мен артықшылықтарын қайта бағалауға бейімділік, әлемдік тәжірибені үйренуге ынтаның жоқтығы экономикаға кері әсерін тигізеді.

Жұмыс күшінің  тұтастылығы. Өмір сүру деңгейінің жоғары болуы, әлеуметтік кепілдемелер жүйесінің дамуы жұмыс күшінің оқуға, шет елде жұмыс жасауға, басқа елдердің тәжірибесін үйренуге деген ынтасын жояды. Жұмыс күшінің ішкі нарықтарының сыртқы ықпалдар мен араласаулардан бейхабар болуы немесе жабықтығы салдарынан ел арта қалады.

Бәсекелестік  рухы. Бәсекеге қабілеттілік сайыс рухы бар жерде қалыптасады. Мысалы, швейцарлықтар менталитет деген қасиеттен жұрдай. Олар пікірталастар мен айқастарды гөрі картельді келісімдерді қалайды. Бұрын белгілі бір сәттіліктерге қол жеткізу арқасында, корпоративтілік қоғамдық келісім шарттардың негізгісі болып табылды. Алайда қазіргі кезде және болашақта басқаша жағдай қалыптасуда [8].

Бәсекелестік – ұсыныс сұраныстан жоғары болған кездегі қажетті құбылыс және өндірушілер арасында емес тауарлар арасында пайда болады. Бәсекелестіктің келесі түрлері ажыратылады: функциональдық, түрлік, пәндік, бағалық, жабық және заңсыз.

Функционалдық бірдей қажеттіліктерді әр түрлі жолмен қанағаттандыру мүмкін болған кезде пайда болады.

Түрлік – әр түрлі кәсіпорындардың аналогтық тауарларды шығаруы немесе бір кәсіпорынның безендірілуі әр түрлі тауарларды шағыруы. Бұл жерде кәсіпорынның өз бейнесінің болуы маңызды.

Пәндік ережеге сәйкес әр түрлі кәсіпорындардың аналогтық тауарларының арасында болады.

Бағалық – неғұрлым қарапайым түрі. Бағаны төмендету арқылы нарықты жаулап алуға болады. Бәсекеге қабілеттілік тек салыстырмалы, яғни тауар қасиеттерінің қатысты бағалануы екенін естен шығармаған жөн. Егер нарықта өндірушінің тауарын салыстыруға болатын тауарлары бар бәсекелестер болмаса, өндірушіні бәсекеге қабілетті деп айту қиын.

Тауардың бәсеке қабілеттілігінің кешені мынадай үш элементтер тобынан  тұрады: техникалық, экономикалық және әлеуметтік-ұйымдастырушылық.

Техникалық параметрлер  неғұрлым қатаң болып табылады. Олар бойынша тауардың белгілі бір  өнім түріне жататындығын, оның белгіленуін  жорамалдауға болады. Сонымен қатар, олар – техникалық-конструкторлық шешімдерді көрсететін сипаттамалар. Оларға техникалық параметрлердің өзгеру шекарасын анықтайтын стандарттар, нормалар, ережелер, заң актілері жатады. Сонымен бірге, олар – тауардың адам организмінің қасиеттері мен психикасына қаншылақты сәйкес келетінін көрсететін эргономикалық көрсеткіштер (жұмыстың жайлылығы, шаршау жылдамдығы, адамның машинамен тоғысу дәрежесі).

Экономикалық параметрлер  өндіріске кететін шығындар шамасымен  көрсетіледі: оның бағасымен, тасымалдау, қондыру, жөндеу, пайдалануға беру мен  техникалық қызмет көрсету, персоналды оқыту шығындарымен. Осы шығандар бірлікте тұтыну бағасын құрайды. Тұтыну бағасы сату бағасынан жоғары болады. Сатып алушы тауарды иелену кезінде  ғана емес, оны тұтыну кезінде де шығынға ұшырайды. Нарықтағы бағасы мнималды тауарға қарағанда бүкіл  қызмет ету мерзімі кезінде сатып  алушы үшін тұтыну бағасы минималды  болатын тауар неғұрлым бәсекеге қабілетті болып таыблады.

Әлеуметтік-ұйымдастырушылық параметрлер – бұл тұтынушылардың әлеуметтік құрылымын, өндірісті ұйымдастырудағы ұлттық ерекшеліктерді, өткізуді, тауар жарнамасын есепке алу.

Сөйтіп, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі түсінігін қарастыра  отырып, манадай қорытынды жасауға  болады:

  1. Бәсекеге қабілеттілік деп мыналарды атауға болады:
  • нысанның нақты нарыққа шығарылған өзі сияқты тауармен салыстырғанда нақты қажеттілікті шынайы және потенциалды қағаттандыру дәрежесін сипаттайтын қасиеті;
  • нақты нарықтағы аналогтық тауармен салыстырғанда бәсекелестікке төзе білу қабілеті;
  • фирманың дамуы өндірістік қызметтің тиімділігі бойынша және адамдар қажеттілігін өз тауарларымен қанағаттандыру дәрежесі бойынша бәсекелес фирмадан ерекшеленетінін көрететін сипаттама.

Информация о работе Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін талдау және бағалау