Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2012 в 19:43, курсовая работа
Бітіру жұмысының мақсаты кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмінің жұмысын зерттеу әрі қолданылатын теориялық тәсілдемелер мен кәсіпорындардың практикалық қызметін қорытып талдау және жүйелеудің негізінде кәсіпорынды жетілдірудің басты жолдарын іздестіру, фирмалардың бәсекелестік артықшылықтары мен олардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру принциптерін анықтау болып табылады
КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ…………………………….6
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы түсінік…………………6
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің факторлары мен критерийлері……………………………………………………………………..13
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау……………………..27
2 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ………………………………………………………….35
2.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізудің экономикалық және әлеуметтік мәні.………………………………………………………………….35
2.2 Қазақстандағы тамақ өнеркәсібі саласының бәсекелік жағдайын сипаттау…………………………………………………………………………..45
2.3 Кондитер өнімдерінің Қазақстан нарығындағы бәсекелестердің қызметін талдау («Рахат» АҚ мысалында)……………………………………51
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
С. Үшінші құрауыш бұл тұтынушыга, субъективті фактор ретінде жағымды немесе жағымсыз әсерін тигізетінің бәрі. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін модельдеудің мақсаты бәкелес кәсіпорынның өнімдері арасында нарықты бөлудің нарықтық механизмін модельдеуге келіп тіреледі. Мұның негізінде өнімнің бәсекеге кабілеттілігінің қалыптасуының механизмін көрсетуге болады (5-сурет).
Сурет 5. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасуының механизмі
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір фактордардың ықпалымен калыптасады. Олардың арасындағы негізгілері:
• Баға;
• Сапалық;
• Жаңалық;
• Жарнама;
• Пайдалану сенімділігі;
• Көркемдеу, мәнерлеу;
• Буып-түю, т.б.
Кең мағынады бәсекеге қабілеттілік бұл – күрделі нарықты жағдайдағы жұмыс философиясы. Ең алдымен ол тұтынушының қажеттілігі білу мен қанағаттандыру; нарықтың дамуы мен жағдайды түсін бәсекелестердің мүмкіндіктері мен кимылдарын алдын-ала білуін бағытталған.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін
оны басқа кәсіпорынмен салыстырғанда
ғана аныкталады, бұл салыстырмалы
көрсеткіш болып табылады. Ол берілген
тауардың басқа тауарынан белгілі
бір қажеттілікті қанағаттандыру
дәрежесі бойынша айырмашылығын
көрсетеді. Тауардың бәсекеге кабілеттілігін
анықтау үшін белгілі бір қажеттілікке
сәйкес келу дәрежесі бойынша басқа
тауарлармен салыстырып қана қоймай,
сонымен бірге тұтынышының
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілік
мәселесі қазіргі жағдайдағы әлемде
әмбебаб сипатқа ие болды. Әрбір
мемлекеттің тұтынушының
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің зерттелуі оның өмірлік циклының фазаларына тығыз байланысты үздіксіз және жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Мұның өзі бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің төмендеудің бас кезеңін уакытылы анықтау мен лайықты шешімдерді қабылдау (мысалы, өнімді өндірістен шығару, оны модернизациялау, нарықтың басқа секторына ауыстыру, т.с.с.) үшін қажет. Егерде ескі өнім өз бәсекеге қабілеттілік ұстанымын түгелдей жоймаса, ал кәсіпорын жаңа өнім шығаруды көздесе бұл экономикалық тиімсіз болады. Сонымен катар, әрбір тауар нарыққа шыққаннан кейін өзінің бәсекеге қабілеттілік әлеуметін бірте-бірте жұмсай бастайды. Бұл процесті баяулатып, уақытша ұстап тұруға болады, бірақ оны тоқтату мүмкін емес. Сондыктан, жаңа өнім ескі өнім бәсекеге қабілеттілігінде маңызды жоғалтулар болған кезде нарыққа шығаруды қамтамасыз ететін график бойынша болжайды. Яғни жаңа тауардың бәсекеге қабілеттілігі озық және ұзақ уақыттық болу кажет.
Тауар өндіруші өзінің нақты
бәсекелестерін, олардың мүмкіндіктерін,
артықшылықтары мен кемшіліктері ғана
емес, сондай-ақ таңдаған нарықтағы
бәсекелестірдің жалпы
Бәсекелестіктің салалық деңгейдегі қозғаушы күштерін зерттеу нарықтық экономика жағдайында барлық деңгейлерде көрініс табатын жалпылама бәсекелестік механизмінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұндай зерттеу келесідей аспектілерді қамтиды: Салада потенциалды бәсекелестердің, яғни жаңа тауар өндірушілердің пайда болуы, бағалардың төмендеуі және (немесе) шығындардың өсуі, тиісінше пайда нормасының түсуіне алып келуі мүмкін өндірістік қуаттардың артуына әкеліп соқтырады.
Нарыққа жаңа бәсекелестердің
енуі барысында белгілі бір
Нарықта әрекет етуші компаниялар арасында бәсекелестіктің қарқандылығы мынандай факторлармен анықталады:
Бәсеке сипаттамалары және оларды анықтайтын факторларды шартты түрде микродеңгейлі (өнімнің сапасы мен бағасын көрсететін), мезодеңгейлі (салалардың қолда бар өндірістік қорларын тиімді қолданудың көрсеткіштерін жақсартатын) және макродеңгейлі (шаруашылық жүйелердің жалпы қалпын, олардың балансын, инвестициялық климатын, салық тәртібін, тариф кедендік саясатын және т.б. көрсетеді) болып бөлінеді.
Сурет 6. Нарықтағы бәсекелестер іс-әрекетінің құрылымдық талдауы
Келтірілген бәсеке сайыстың және бәсекелесу қабілетінің факторлары мен сипаттамаларының субъектілерінің құрамы осы күрделі дәреженің элементтерінің құрамын сипаттауға және олардың байланысын шығаруға мүмкіндік береді. Бұл оның талдауына қажетті тиімді тәсілдер шығаруға, қолда бар қорларды алуға қосымша мүмкіндіктер ашуға және сүт өнімі кәсіпорындары үшін әр деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті жоғарлатудың стратегиялық бағытын анықтауға көмек көрсетеді.
Экономикалық әдебиетте бәсекені оның әдістері бойынша бағалық (баға негізіндегі бәсеке) жэне бағадан тыс бәсеке (тұтынушылық құнның сапасы негізіндегі бәсеке) бөлуге болады. Қазіргі әлемде бағалық бәсеке бағадан тыс әдістердің бәсеке сайысына қарай мәнсіз болып келеді. Бұл қазіргі нарықта «бағалар кақтығысы» жоқ дегенді білдірмейді, олар бар, бірақ соншалықты анық емес. Бағадан тыс бәсеке алдыңғы қатарлы бәсекелестерге қарағанда тауардың тұтынушылық құнын арттырады. Бағадан тыс әдістердің санына фирманы басқарудың бүкіл маркетингтік әдістері жатады. Олардың негізгілері: тауардың жаңартылуы, сапа, жарнама, халықаралық стандарттарға сәйкес келу, т.с.с.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауы, оның жақсаруы көбінде іске асырылатын өнімнің сапасы мен өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейіне тәуелді.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың бірнеше әдістері бар. Бірақ барлығының да бір ортақ кемшілігі бар, онда тұтынышыны қызықтыратын өнім бағасы мен сапаның қатынасы ескерілмейді, тек тауардың басқа қасиеттерінің жиынтығы ретінде анықталады. Осылайша, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі біз оның өнімнің бағасы пайдалы тиімділікке қатынасындағы салыстырмалы баға деп анықтаймыз. Әрбір нарықтың өзіндік бір ерекшеліктері бар. Баға өткізу кезіндегі ұсынысты анықтау керек, ал жаңа өнім ұсынысы бағамен ынталандыруы кажет. Осылай, егер «баға» тек өнімді өткізу кұралы ғана болса, «бәсекеге қабілетті сапа» нарық дамуының жалғыз факторы - тек өнімнің белгілі бір көрсеткіштері ғана емес, сонымен бірге ақырғы тұтынушыға бағытталған шаралар кешені. «Бәсекеге қабілетті сапа» зерттелуі перспективті нарықты бөлшектеп зерттеуінен басталады:
Ақырғы өнімнің шығу кезеңінде ол барлық белгілі бір сипаттамаларға (яғни, бағалық тауаша мен нарыққа шығудағы бастапқы баға, оның мақсатты сегменті анықталады және сонымен сәйкес өндірілетін көрсеткіштер мен қасиеттер) сәйкес келу керек. Бәсекеге қабілетті сапаның ажырамас бөлігі сервистік қызмет көрсету деңгейі болып табылады. Өнімнің нарықта өмір сүруі үшін соңғы мәселе өте маңызды болып келеді және ол нарықтық жағдайлардың өзгеруіне тез және нақты жауап беруі тиіс.
Өнімді нарыққа шығару – өте жауапты кезең. Жаңа өнім үшін жаңадан өткізу нарығын құру керек. Жаңа өнімнің бәсеке қабілеттілігіне немесе нарықта өнімнің өтуіне әсер ететін факторларды карастырайық. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің жоғары көрсеткіші кезінде табысты өтуі тек өнімнің жаңалық дәрежесі мен оған тұтынушының қызығушылығы ғана емес, сонымен бірге бағалық стратегияға да байланысты. Әдетте, өнімнің модификациясы сату көлемін жаңалыққа карағанда тезірек ұлғайтады, өйткені тұтынушы берілген өнім туралы біледі. Модификацияланған өнімнің бағасы бұл этапта модификацияланбаған өнімнің баға деңгейіне карағанда сәл жоғары болуы мүмкін. Жаңалык өнімнің бағасы бірінші этапта аналог бағалық тауашаның жоғарғы шегімен анықталады және жақсы жарнамалық, ақпараттық пен сервистік сүйеуден кейін бәсекеге қабілеттілік деңгейіне сәйкесінше жоғарылауы мүмкін.
Тауардың өмірлік циклының өсу этапында ғана өндіріс, маркетинг шығындары айтып, білінетін табыс алуға болады.
Бөлімді аяқтай отырып, айта кететін жайт, бәсекелік күресте нарықты дұрыс және уақытылы бағалай алатын өндіруші ғана ұтады.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі өнімнің бәсеке қабілеттілігімен тікелей байланысты. Өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалау келесі жүйелілікпен асады:
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау тұрғысынан нарықты зерттеудің нәтижесі тауардағы қажеттілікттердің әрекеттестік динамикасы мен жағдайы туралы ақпаратты жинау болып табылады. Әрбір қажеттілік сатып алушы нарықта тауарға талаптар түрінде мәлімдеме жасайтын белгілі бір параметрлер жиынтығымен сипатталады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін
жоғарылату жолдарын жобалау оның нақты
және уақытылы бағалауына тікелей байланысты.
Өнімнің бәсекеге түсу қабілеттілігі
талданатын өнімнің параметрлерін
салыстыру базасының
Бәсекеге кабілеттілікті бағалаудың негізгі критерийлері:
Сонымен бірге бәсекеге қабілеттілікті салыстырмалы құн мен салыстырмалы пайда бағалық көрсеткіштері бойынша карастыруға болады. Егер өнімнің бәсекеге қабілеттілігін баға бойынша бағалайтын болсақ, өнімнің бағасы, сапасы мен дизайны ұқсас тауардан кем түспесе, онда өнім бәсекеге қабілетті болып саналады. Ал егер өнімнің бәсекеге қабілеттілігін салыстырмалы қүн бойынша бағалайтын болсақ, онда салыстырылатын мемлекеттерде өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек бірлігінің салыстырмалы құны бір валютада есептелінеді. Бәсекеге қабілеттілікті пайдалылық бойынша бағалағанда, кәсіпорынның пайдалылығы жоғары болған сайын оның өнімінің бәсекеге қабілеттілігі де жоғары болады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың көптеген әдістері бар:
Біз бәсекеге қабілеттілікті талданатын өнім мен салыстыру базасының техникалық, экономикалық және басқа параметрлер бойынша салыстыру арқылы бағаланатынын айтқанбыз.
Бағалау екі әдіспен жүргізіледі:
Информация о работе Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін талдау және бағалау