Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2012 в 19:43, курсовая работа
Бітіру жұмысының мақсаты кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмінің жұмысын зерттеу әрі қолданылатын теориялық тәсілдемелер мен кәсіпорындардың практикалық қызметін қорытып талдау және жүйелеудің негізінде кәсіпорынды жетілдірудің басты жолдарын іздестіру, фирмалардың бәсекелестік артықшылықтары мен олардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру принциптерін анықтау болып табылады
КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ…………………………….6
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы түсінік…………………6
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің факторлары мен критерийлері……………………………………………………………………..13
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау……………………..27
2 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ………………………………………………………….35
2.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізудің экономикалық және әлеуметтік мәні.………………………………………………………………….35
2.2 Қазақстандағы тамақ өнеркәсібі саласының бәсекелік жағдайын сипаттау…………………………………………………………………………..45
2.3 Кондитер өнімдерінің Қазақстан нарығындағы бәсекелестердің қызметін талдау («Рахат» АҚ мысалында)……………………………………51
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің факторлары мен критерийлері
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілік проблемасын толық бағалау үшін оның критерийлері мен факторларын бағалау қажет. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін көтеруге нарықтың сегменттелуі ықпал етеді. Нақты нарықтағы қызметті осы үрдістен бастау керек.
Нарық сегменті – бұл ортақ белгілері бар тұтынущылар, тауарлар немесе кәсіпорындар тобы, ерекше жолмен бөлініп алынған нарық бөлшегі. Сегменттеу көмегімен келесі мақсаттарға қол жеткізуге болады:
Сонымен қатар, кәсіпорыннің
бәсекеге қабілеттілігіне ғылыми-
Кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестік жайғасымы кезінде инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау сатып алушылардың кәсіпорын мен оның өнімдеріне деген қарым-қатынасын әсер ететін факторлардың түсіндірілуін жорамалдайды, салалық және әлемдік тауар нарықтарындағы кәсіпорын үлесінің өзгеруінің нәтижесі болып табылады. Бұл факторларды келесі түрде жүйелеуге болады және тұтынуға бағытталған тауарлар үшін:
Шикізат тауарларын өндіруші-фирмалардың бәсекеге қабілеттілік деңгейі, көп жағдайда, олар қайда, қандай тауарларды сатады және бұл тауарлар қалай тұтынылады деген сұрақтарға жауап беру арқылы анықталады. Фирманың нарықтағы жайғасымы оларға экспорттық несиелерге кепілдіктер беру, оларды сақтандыру, слықтар мен алымдардан босату, экспорттық субсидиялар беру, нарық конбюнктурасы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету жолымен ұлттық мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдар тарапынан көрсетілетін қолдауға тәуелді [11].
Тауардың бәсекеге қабілеттілігі – қатысты түсінік, оны үлгілерді жасау үрдісінде болжауға болады, алайда шынайы бәсекеге қабілеттілік бәсекелес-тауар сипаттамаларымен және сату шарттарымен салыстыру жолымен ғана бағаланады. Экспортталатын отандық тауарлардың бәсеке қабілеттілігін бағалау кезінде өндірушілер, негізінен, бәсекелестердің каталогтарын пайдаланатындықтан, техникалық және экономикалық ақпараттардың жетіспеушілігі, тапсырысты орындау кезіндегі жиі кездесетін кедергілер мен мерзімнің ұзақтылығы, жеткілікті дамыған және шетелдік сатып алушыларға жақын тауар өткізу желілерінің болмауы, бәсекелестердегі тұтыну шығындары деңгейінің объективті бағалауының жоқтығы сияқты факторларды есепке алу керек. Бұл факторлардың әсерін мүмкіндігінше минимумға жеткізу қажет. Өндірушінің жайғасымы туралы тауарды бағалау әдісі дәстүрлі болып табылады және рентабельділікке жеткізетін сату стратегиясын білдіреді. Сондықтан, сатушылар тауарларының бәсекеге қабілеттілігін бағалауды нарықтың бәсекелестік жағдайында өз жұмысының басты бағыты ретінде қолдану керек.
Мәні бойынша тауар (қызмет, жұмыс) пайда табудың және бәсекелстік күрестің ең негізгі құралы, оның материалды негізі болып табылады. Тауар сапасын көтеру, пайданы максималдау және өндіріс шығындарын төмендету үшін бақталастық дамыған кез келген жерде тауардың бәсекеге қабілеттілігінің кешенді бағалауы маңызды рөл атқарады. Бұл бағалаудың негізгі факторларына мыналар жатады:
Қазіргі кезде бәсекелестік
өнер одан сауатты түрде құтыла білуге
байланысты. Ештеңені ескермей бәсекелестік
күреске бас салатындар емес, дұрыс
бағыт таңдап, қатаң және мәнсіз
бәсекелестіктен құтыла білетіндар
жеңіске жетеді. Кез келген кәсіпорын
немесе фирма үшін коммерциялық қызмет
шеңберінде бәсекелестік күрестегі
маңызды сәт болып мыналар
табылады: нарықта орнықты қаржылық
жағдайды иемдену; озық технологиялар
мен жоғары потенциалды ғылыми-
Өндіруші бәсекеге қабілетті тауарларды шығару арқылы өзіне нарықтан берік орнын қамтамасыз етеді. Шығарылатын тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі үшін күресте бағалық әдіспен қатар, бағалық емес әдістер де пайдаланылады. Талданатын тауар коньюнктурасының нарықтық өзгерістерінің негізінде тұтынушылар тілегіне сәйкес келетін тауарлар тобы таңдалып алынады. Одан кейін жаңа бәсекелес-тауарлардың пайда болу мүмкіндігі қарастырылады. Соныдқтан бәсекелестер арасындағы қатаң бақталастық тудыруы ықтимал жаңа тауарлар бөлінеді. Содан кейін тауарлар параметрлеріне техникалық талаптар қалыптасады. Ақырында бірнеше жаңа тауарлар мен технологиялар параметрлерін сәйкестендіруші, бағалаушы кестелер құрастырылады. Сөйтіп, белгілі бір нұсқаны таңдау өнеркәсіптік фирмалардың материалдық қамсыздандыру, технология саласындағы шектемелерін анықтап береді [12].
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін
көтерудің таңдалған нұсқасы
жоғары деңгейде мәні жоқ жоғалтулардан
құтылуға көмектеседі, ал тауарлардың
осындай кең спектрін талдау бойынша
қорытындыларға ие болу фирманың нарықтағы
бәсекелестік күрестегі жайғасымын
төмендету үшін өндірістік қаржы-экономикалық
және өткізу қызметіне мақсатты өзгертулердің
бағдарламасын жасауға
Өндіруші бәсекеге қабілетті тауар өндіру кезінде, әр түрлі стратегиялар қолданады. Олар, мысалы, мыналар болуы мүмкін:
Халықаралық еңбек бөлінісі мен ғылыми-техникалық прогресс әсерінен бәсекелестіктің кең таралуы өндірушілерді жаңа өткізу нарықтарын және бәсекеге қабілетті жаңа тауарларды іздеуге деген ынтасын арттырады. Параметрлік қатарлар мен ассортименттер неғұрлым кең болса, өндірушінің оңтайлы сатып алулар табу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады. Мысалы, бір типтегі бірақ жүк көтерімділігі, жылдамдығы, бұрылу радиусы және т.б. бойынша бір-бірінен өзгешеленетін автотиегіштер шығарылады. Әрбір тұтынушыға оның жұмыс жасау шарттары ескеріле отырып, сатып алынатын автотиегіштердің белгілі бір эксплуатациялық параметрлері қажет. Егер өндіруші оларды қамтамасыз етуге қабілетті болса, сатып алу жүзеге асады, егер қабілетсіз болса, онда сатып алушы басқа сатушыны іздестіреді.
Бірнеше бәсекелестерге қатысты
нарықта жайғасымды жаулап алудың кілттік
моменті өндірілетін тауарларды
жаңғырту мен өнімнің жаңа түрлерінің
өндірісін ұйымдастыру болып
табылады. Қазіргі кезде жаңа тауарлардың
өндірісі кәсіпорын дамуында шешуші
маңызға ие болып отыр. Статистикалық
мәліметтерге сәйкес өндірістің негізін
құрайтын жаңа өнімді игеруден кейінгі
өткізу қарқынының өсуі бәсекелестерге
қарағанда екі есеге артық. Жаңа
өнім өндіріп, ұсынылған тауарлардың
ассортиментін кеңейту арқылы фирмалар
нарықтағы болжанбаған
Алайда, жаңа тауар ойлап шығару – өте күрделі процесс, өйткені бұл жерде конструкторлық-технологиялық шешімдер мен өндірістік базаны жаңғыртумен қатар, нарық талаптарына толықтай жауап беретін тауар массасы ойлап шығару жайлы айтылады. Нарыққа шығарылған тауарлардың белгілі бір көлемі коммерциялық күйреуге ұшырайтыны белгілі: шамамен 10-нан 8-і өндірушілер сенімін ақтамайды. Негізгі себептер: нақты сол тауарға деген сұраныс жағдайын жеткілікті білмеу, тауардың техникалық және эксплуатациялық ақаулары, тиімсіз жарнама, өте жоғары баға, бәсекелестердің күтпеген жерден кері іс-әрекеттері, нарыққа шығудың уақытын дұрыс таңдамау, өндірістік проблемалар, жалпы алғанда, бәсекелестік саясаттың дұрыс болжанбағандығы болып табылады.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру жолдарын таңдаған кезде жаңа тауар шығару емес, тауарды модификациялау туралы шешім жиі қабылдануы мүмкін. Тауарды модификациялау туралы шешім жоғары пайда табу үшін сатып алушылардың ерекше талаптарын қанағаттандыру мақсатында қабылданады. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін көтерудің уақытылы қызметтер кешенін көрсету сияқты бағыты да дамып келеді. Ол өткізумен, машиналарды, құрал-жабдықтарды, басқа да өндірістік өнімдерді пайдаланумен және кез келген уақытта жоғары сапалы эксплуатацияны қамтамасыз етумен байланысты, яғни сервистік қызмет көрсету. Сервисті білікті ұйымдастыру – тауардың бәсеке қабілеттілігін және өндірісте пайдаланатын жинақталған бағаға қарағанда 1,5-2 есе аз болатын қосалқы бөлшектер бағасын көтерудің шешуші факторы.
Бүгінгі күні бәсекеге қабілеттіліктің құрауыштарының ішінде тауардың бағасы алдыңғы қатарда емес. Лидерлік жайғасымға планетаның кез келген нүктесінде өндірілу мүмкіндігі бар жылдамдығы мен жөндеу мүмкіндігін білдіретін сервис деңгейі мен тұтынушылық қасиеттері (атқарымдылығы, дизайн) кіреді.
Сапа ұстанымы тұрғысынан бәсеке қабілеттілік түсінігін қарастырайық. Бұл – нарық жағдайында фирманың қызмет ету мүмкіндіктерін сипаттайтын маңызды критерий.
Бәсеке түсінігі (сапа түсінігі сияқты) әр қилы (фирмалардың, мемлекеттердің бәсекесі, салаішілік, бағалық, бағалық емес, жағымсыз, олигополиялық, монополиялық, функционалдық, түрлік, пәндік, тікелей, жабық, еркін, мүлтіксіз бәсеке және т.б.). Бәсекелестік – нарықтық механизм элементі немесе жекелеген тауар өндірушілер арасындағы қоғамдық өндіріс пропорциясын реттеу механизмі, тапсырыс алу, нарық үлесі және пайда үшін экономикалық бақталастық.
Бізді қазір тауардың бәсеке қабілеттілігі, яғни тауардың сол тауар нарығының талартарына жауап бере алу қабілеті ғана қызықтырады.
Информация о работе Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін талдау және бағалау