Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2012 в 19:43, курсовая работа
Бітіру жұмысының мақсаты кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмінің жұмысын зерттеу әрі қолданылатын теориялық тәсілдемелер мен кәсіпорындардың практикалық қызметін қорытып талдау және жүйелеудің негізінде кәсіпорынды жетілдірудің басты жолдарын іздестіру, фирмалардың бәсекелестік артықшылықтары мен олардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру принциптерін анықтау болып табылады
КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ…………………………….6
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы түсінік…………………6
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің факторлары мен критерийлері……………………………………………………………………..13
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау……………………..27
2 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ………………………………………………………….35
2.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізудің экономикалық және әлеуметтік мәні.………………………………………………………………….35
2.2 Қазақстандағы тамақ өнеркәсібі саласының бәсекелік жағдайын сипаттау…………………………………………………………………………..45
2.3 Кондитер өнімдерінің Қазақстан нарығындағы бәсекелестердің қызметін талдау («Рахат» АҚ мысалында)……………………………………51
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау тауарды басқа фирманың сәйкес тауарымен салыстыру негізінде жүргізіледі. Өнімнің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші пайдалы нәтиженің тұтыну бағасына қатынасы арқылы анықталады. Ал пайдалы нәтиже ретінде тауар сипаттамаларының, оның сапасының, интегралды көрсеткіштері алынады.
Өнімнің тұтынушыны қызықтырмайтын
сапа сипаттамалары (мысалы, өнімді өндірудің
технологиялылығы) бәсеке қабілеттілікті
анықтаған кезде
Сонымен, бәсекеге қабілеттілікті
есептеген кезде субъективті
параиетрлер көп енгізілуі
Бір мезгілде сапа мен тұтыну
бағасын жақсартуға «сапаны жалпы
басқару» деген атпен белгілі
басқару жүйесін ұйымдастыру
көмегімен қол жеткізуге
Сапа реформалар стратегиясы сияқты жекешелендіруден, табыстарды тұрақтандырудан, инвестициялардан және құрылымдық қайта құрудан жоғары тұру керек. Сонымен қатар, сапа көп инвестицияны қажет етпейтінін ескеру керек, өйткені сапа кепілдігінсіз инвестиция – жоғалған ақша.
Сапаға салған инвестиция, ең алдымен, адамдарға бағытталуы керек. Көзқарастардың, қағидалардың, алынған жаңа білімнің өзгеруі – қазіргі кездегі ең басты міндет. Заманауи технологияларды сатып алу, өндірісті модернизациялау,нәтижесінде бәсекеге қабілетті, сапалы өнім шығарылғанда ғана үмітті ақтайды. Алайда бұл түсініктер нені білдіреді? Өнім (қызмет) сапасының ИСО 8402-080 халықаралық стандартына сәйкес, бұл – өнімдер мен қызметтердің қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы. Ресейдегі экономикалық реформалардың даму шегінде өндірісті бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сапаға көп назар аударылады. Сапа жүйесі беделді сертификаттайтын органмен берілген тақырыпқа сай сертификаттың және өндірушінің сапа жүйесінің болуын басты шарт деп есептейтін шетелдік тапсырыс берушілермен келіссөздер жүргізген кезде өте маңызды болып табылады. Өткізу нарығы үшін күресте маңызды құрал бола отырып, сапа тауардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Ол өнімнің техникалық деңгейі мен тұтынушы үшін тауардың пайдалылығынан функционалдық, әлеуметтік, эстетикалық, эргономикалық, экологиялық қасиеттері арқылы құрылады. Ал бәсеке қабілеттілік тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын тауардың сапалық және құндық ерекшеліктері арқылы, сонымен қатар, осы тауарға ие болу мен тауарды тұтынуға байланысты шығындармен анықталады. Аналогтық тауарлар арасында тұтынушының жиынтық шығындарына қатысты ең жоғары пайдалы нәтижені қамтамасыз ететін тауар ғана бәсеке қабілеттілікке ие болатынын есепке алу керек. Алынатын пайда арқасында жабылатын болса да, шығындар сапаның жоғарлауымен тікелей байланысты. Жаңа тауарды (жақсартылған, модифицияланған) игермей жатып, нарықта көшбасшылық жайғасымға ие болу мүмкін емес. Жетілген нарықтардағы баға құралым моделі кез келген жеке, уақыттық және кеңістіктік қаланымдардың жоқ болуына негізделген. Бұл тасымалдау шығындары, жеткізу шығындары барлық жағдайда бірдей, ал қажеттілікті қанағаттандыру құны тұтыну объектісінің нарықтық бағасына сәйкес келеді дегенді білдіреді. Қажеттілікті қанағаттандыру тұтыну объектісіне тіркеледі. Алайда, бұл шындыққа сәйкес келмейді. Мысалы, сатып алу орны пайда тұрғысынан қарағанда, нейтральды болып табылмайды, ол өнімге қосымша пайда беруі мүмкін (бедел себептерінен, қолайлы атмосфера, кеңес немесе терең ассортимент).
Жоғарыда айтылғандарды сараласақ, баға саясаты кең мағынада түсіндіріледі. Бастапқы нүктесі – қажеттілікті қанағаттандыру құралдары бағаланатын сатып алу туралы шешім қабылдау процесі. Ақырында, «өзінің бағасы жоқ», ал «бір нәрсе деген баға» әрқашан да бар деген бір жақты пікірге келуге болады. Бұл «сапа-баға» қатынасының түсінігін баға саясаты шеңберіндегі шешімдердің орталық элементі ретінде көрсетеді. Шешім объектісі – кәсіпорын мақсаты мен нарық талаптарына сәйкес келетін «сапа-баға» қатынасының қалыптасуы. Егер сапа түсінігі барлық заттық және материалдық емес элементтер мен тауар қасиеттерінің тұтынушыға қажетті жиынтығы ретінде анықталса, ал баға, кең мағынада, сапалы тауарға ие болуға байланысты барлық субъективті және объективті шығындар болып табылады. Баға ақшалай немесе натуралды формада, соымен бірге, сатып алушының қандай болмасын шығындарының формасында өтелуі мүмкін. «Баға-сапа» қатынасының объективті бағалауы тауардың жалпы бағасын өлшеу проблемаларымен, яғни тауарға ие болуға байланысты жалпы шығындармен күрделене түсуі мүмкін. Жалпы бағаның шамасы мыналарға тәуелді:
Уақыттық көкжиекке байланысты жалпы бағаны есептеген кезде келесі шығындар ескерілуі мүмкін:
Баға туралы шешім қабылдаудың
анықтаушы шамалары бәсекелестер мен
сатып алушылардың іс-
Шығындарға бағытталған
баға құралымы. Шығындарға бағытталған
баға саясаты шығындардың барлық
немесе ең аз дегенде маңызды бөлігін
жабу қағидасына негізделген. Қажетті
ақпарат өндірістік есеп (өзіндік
құн есептері) мәліметтерінен алынады.
Калькуляция баға құралымын өзіндік
құн есептерімен
Сатып алушыларға бағытталған баға құралымы. Бұл жағдайда бағаны бекіткен кездегі талдау пәні тұтынушылардың белгілі бір бағаны (бағаның жоғары шегі) төлеуге дайындығы және бағаның саралану мүмкіндігі болып табылады. Егер бағаның ең төменгі шегінен басым түсу қажеттілігін ескермесек, онда тұтынушыларға бағытталған жағдайда бекітілген баға мен шығындар арасында байланыс жоқ. Егер сатып алушылардың «дұрыс баға» туралы түсініктері болса, онда баға құралымы осы түсініктерді есепке алуы қажет. Керісінше, сатып алушылардың «әділ» баға туралы түсініктері көптеген жаңа өнімдер үшін оларға талап етілетін баға негізінде құрылады.
Бәсекелестерге бағытталған баға құралымы. Нарық құрылымына, бәсекелестердің күші мен санына, кәсіпорын тауарларының бірегейлігіне байланысты белгілі бір стратегия таңдалады. Бұл, біріншіден, нарықтық ортаға үйрену, екіншіден, бағалардың тізбекті төмендеуі, үшіншіден, өнімнің сапасы мен жоғары имиджіне негізделген бағалардың тізбекті жоғарлауы. Бағаны анықтаудың бұл әдісінде сатушы сатып алушы әрекетіндегі өз шығындарын есепке алады. Бәсекелестерге бағытталған баға саясаты тұтынушыларды жылдам тарту мақсатында жаңа өнімді енгізген кезде, массалық өндіріс басымдықтарын пайдаланған кезде және потенциалды бәсекелестерді қорқытқан кезде жиі қолданылады. Төмен баға көмегімен жалған тауарларға тосқауыл қойылады.
Ұсынылған баға нұсқаларын баламалы, бір-бірін өзара жоққа шығаратын нұсқалар ретінде қарастыруға мүлдем болмайды. Бұл үш баға құрылу нысанын біріктіретін әдіс калькуляциялық теңестіру әдісі болып табылады. Бұл әдіс бірнеше өнімге бір уақытта баға белгілеген кезде жиі қолданылады. Оның өзгешелігі – кәсіпорын мүмкіндіктерінің индикаторы болып табылатын және нарыққа жоғары шолу жасау қасиеті тән, шығындарға бағытталған баға белгілеуден бас тарту.
жабдықтаушыладың
саудаласу мүмкіндігі
тұтынушылардың
саудаласу мүмкіндігі
тауар алмастырушылардың
пайда болу қаупі
Сурет 1. Бәсекелестік концепциясы [17].
Бәсекелік күрестегі кәсіпорын
жайғасымына және жекелеген өнімдерінің
бәсекеге қабілеттігіне маркетингтік
зерттеу жүргізу мақсаты
1-суретте саланың бәсекелік күресіндегі фирма бағдары мен саланың тартымдылығын анықтайтын 5 бәсекелік күш көрсетілген, соның ішінде: 1. Жаңа бәсекелестердің пайда болуы. 2. Өнімнің басқа өніммен ауыстырылу қаупі. 3. Жабдықтаушылар жайғасымының күші. 4. Сатып алушылар жайғасымының күші. 5. Саладағы өндірушілер арасындағы бәсекелестік.
Осы бәсекелік күштерге қысқаша тоқталып кетейік. Жаңа бәсекелестердің пайда болу қаупін бағалаған кезде «салаға кіру тосқауылы» деген түсінікті басшылыққа алу керек. Тосқауыл биіктігін сала ішіндегі кәсіпорындар да (олар үшін тосқауыл неғұрлым биік болса, соғұрлым жақсы), жаңа салаға кіруді жоспарлап жүрген кәсіпорындар да (олар үшін керісінше) ескеру қажет. Тосқауыл биіктігі келесі факторлар бойынша анықталады:
Өнімнің жаңа өніммен алмастырылу қаупі сол қажеттіліктерді қанағаттандыра алатын, бірақ мүлдем басқа принциптерге негізделген жаңа өнімнің өндірісін білдіреді. Мысалы, біздің ғасырдың 60-шы жылдары химия өнеркәсібі беріктілігі жоғары арзан пластмассалар өндіріп, машина жасау, құрылыс және басқа да салалардан металды ығыстыра бастады. Алмастыру қаупін бағалаған кезде дәстүрлі өнімдерге қарағанда алмастырушы өнімнің бағасы мен сипаттамасын, алмастырушы тауарды тұтынушы құрал-жабдықты алмастыру, кадрларды қайта оқыту қажеттілігінен жоғары болатын ауыстырылу бағасын ескеру қажет. Сонымен қатар, тұтынушының дәстүрлі сатып алатын тауарларының алмастырылуына дайындығын да ескеру маңызды.
Жабдықтаушылар жайғасымының күші. Ол көп жағдайда кәсіпорын мен жабдықтаушы әрекет ететін нарық түріне байланысты анықталады. Егер жабдықтаушылар нарығы болса, онда олар кәсіпорынға өз шарттарын жариялаған кезде кәсіпорын жайғасымы тұтынушылар нарығындағы жағдайға қарағанда нашар болады. Жабдықтаушылар жайғасымның күші келесі факторлармен анықталады:
Тұтынушылар жайғасымының күші. Бұл да жоғарыдағы жағдай сияқты көп жағдайда кәсіпорын мен оның тауарын тұтынушылар әрекет ететін нарық түріне байланысты анықталады. Тұтынушылар жайғасымының күші, ең алдымен, келесі факторлар арқылы анықталады:
Жоғарыда қарастырылған
факторлардың төрт тобы саланың тартымдылығы
мен оған бизнес енгізудің орындылығын
көрсетеді. Бұл факторлар бағаға,
шығындарға, инвестицияға әсер ететіндіктен,
сол саладағы кәсіпорынның пайдалылық
деңгейін де анықтайды. Көрсетілген
бағыттар бойынша зерттеулер жүргізу
фирмаға бәсекелік «климатты», серіктестік
интенсивтілігін, әрбір бәсекелес
иеленетін бәсекелік
Информация о работе Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін талдау және бағалау