Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін талдау және бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2012 в 19:43, курсовая работа

Краткое описание

Бітіру жұмысының мақсаты кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмінің жұмысын зерттеу әрі қолданылатын теориялық тәсілдемелер мен кәсіпорындардың практикалық қызметін қорытып талдау және жүйелеудің негізінде кәсіпорынды жетілдірудің басты жолдарын іздестіру, фирмалардың бәсекелестік артықшылықтары мен олардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру принциптерін анықтау болып табылады

Содержание

КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ…………………………….6
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы түсінік…………………6
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің факторлары мен критерийлері……………………………………………………………………..13
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау……………………..27
2 КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ………………………………………………………….35
2.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізудің экономикалық және әлеуметтік мәні.………………………………………………………………….35
2.2 Қазақстандағы тамақ өнеркәсібі саласының бәсекелік жағдайын сипаттау…………………………………………………………………………..45
2.3 Кондитер өнімдерінің Қазақстан нарығындағы бәсекелестердің қызметін талдау («Рахат» АҚ мысалында)……………………………………51
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

Диплом 1.docx

— 185.71 Кб (Скачать файл)

 

мұндағы ai – есептік мерзімде кәсіпорынның сату көлеміндегі і-ші тауардың салмақтауыш үлесі, і = 1,2......n;

       bi – ұйымның тауары шығарылған нарық маңыдылығының көрсеткіші (өнеркәсібі дамыған елдерде Фатхутдиновтың ұсынысымен нарық маңыздылығы 1-ге тең, қалған елдер үшін – 0,7,  ішкі нарық үшін – 0,5);

      Кij – j-ші нарықтағы i-ші тауардың бәсеке қабілеттілігі.

Кез келген тауардың бәсекеге қабілеттілігі салыстыру нәтижесінде  анықталады, сондықтан қатысты көрсеткіш  болып табылады. Ол бәсекелес қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесі бойынша бәсекелес-тауардан айырмашылығын  анықтайтын тауар сипаттамасын көрсетеді. Бәсекеге қабілеттілік осы өнімнің  сапасының құрамына кіретін және тұтынушы үшін маңызды болып табылатын, тауарды иелену, пайдалану шығындарын анықтайтын қасиеттерінің жиынтығы ретінде анықталады. Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың жалпы сызбасы 3-суретте  көрсетілген [17].

Бәсекеге қабілеттілікті талдау нормативті параметрлерді бағалаудан басталады. Егер олардың біреуі нормалар мен стандарттарға сай болмаса, басқа параметрлер бойынша салыстыру нәтижесіне байланыссыз бәсекелестікті бағалаудың маңызы жоқ. Сонымен қатар, нормалар, стандарттар және заңды асыра пайдалану өнімнің артықшылығы ретінде қарастырылмайды, себебі тұтынушының көзқарасымен бойынша ол жиі керексіз болып келеді және тұтынушылық құнды ұлғайтпайды.

Кей жағдайда, сатып алушы  болашақта жойылады деген есеппен  кейбір қолданылатын нормалар мен стандарттардың асыра қолданылуына қызығушылығын  білдіреді.

Көлемдік формада қолданылатын өнім мен берілген көрсеткіштер тобы бойынша сұраныс арасындағы айырмашылықты  көрсететін және осы топ бойынша  сұранысты қанағаттандыру деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін  топтық көрсеткіштердің есебі жүргізіледі.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cурет 3. Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың жалпы сызбасы.

 

Барлық қарастырылған  топ параметрлері бойынша талданатын өнімнің бәсекеқабілеттілігін бағалау  үшін қолданылатын интегралды көрсеткіш  есептелінеді.

Бәсекеге қабілеттілікті бағалау нәтижелері қорытынды жасау, сонымен қатар, нарықтық мәселелерді шешу үшін,  өнімнің бәсекеқабілеттілігін арттырудың жолдарын таңдау үшін қолданылады. Дегенмен, бұйымның жоғары бәсекеқабілеттілігі берілген көлем бойынша осы бұйымның нарықта өтуіне қажетті шарт ретінде ғана болады. Сонымен қатар, техникалық қызмет көрсетудің формасы мен әдісін, жарнаманың болуын, мемлекеттер арасындағы сауда саясатық қатынасты да ескерген жөн.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау нәтижесінде келесі шешімдер қабылдануы мүмкін:

  • қолданылатын шикізат құрылымының, құрамының өзгеруі,
  • өнімді жобалау ретінің өзгеруі;
  • өнім дайындау технологиясының, монтаждың, транспорттаудың, сақтаудың, дайындау сапасының басқару жүйесінің өзгеруі;
  • өнім бағасының, қызмет бағасының, жөндеу және қызмет көрсету бойынша, қор бөлігі бойынша бағаның өзгеруі;
  • нарықта өнімді өткізу ретінің өзгеруі;
  • жұмсалатын инвестиция мөлшері мен құрамының, өнімді өндіру мен өткізудің өзгеруі;
  • импортталатын өнім түрлері мен импорт құрылымының өзгеруі.

Бәсекеқабілеттілікті бағалаудың принциптері мен әдістері келесі жағдайларда шешім қабылдауда қолданылады:

  • кәсіпорынның коммерциялық қызметінің бағытын таңдауда және нарықты кешенді зерттеуде;
  • өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату бойынша шаралар ұйымдастыруда;
  • кәсіпорынның өндіріс потенциалының дамуы бойынша ұсыныстарды қарастыру;
  • өнім сапасын бақылауда;
  • өнім бағасын белгілеуде;
  • тендер мен саудаласу арқылы сатып алғанда өнімді таңдауда;
  • өнім аттестациясында;
  • өнімнің жаңа үлгісін шығару бойынша техникалық тапсырмаларды дайындауда;
  • өнімнің экспорттың бағдарламаға енуі және экспорттан өнімді шығару немесе оның модернизация мәселелерін шешу;
  • өнімді жарнамалау үшін ақпарат жинау.

Бәсекеге қабілеттілікті бағалау нақты сұранысы бар талданатын өнім сипаттамаларын салыстыруда қалыптасады. Объективті бағалау үшін тұтынушылы нарықта тауар таңдағанда қарастыратын критерилер қолданылады.

Бәсекеге қабілеттілікті бағалау зерттеу мақсатын анықтаудан басталады:

  • егер аналоктық тауарлар арасындағы белгілі бір тауардың жағдайын анықтау керек болса, басты параметрлері бойынша тікелей салыстыру жүргізу жеткілікті;
  • егер зерттеу мақсаты нақты нарықтағы тауар өткізудің болашағын бағалау болса, онда талдауда болашақта нарыққа шығатын тауар жайлы мәліметті қамтитын ақпарат, сонымен қатар, елдегі қызмет ететін стандарттар мен заңдылықтардың өзгеруі, тұтынушылық сұраныстың динамикасы жайлы ақпарат қолданылуы керек.

Зерттеу мақсатына тәуелсіз бәсекеге қабілеттіліктің негізі тұрақты  түрде, жаңа өнімді жасаудан бастап оны  өткізу процесінде де жүргізілуі тиіс нарық шарттарын үйрену болып  табылады. Міндет белгілі бір нарық  секторындағы сұраныстың қалыптасуына әсер ететін факторлар тобын белгілеу:

  • өнімнің тұрақты тапсырыс берушілерінің талаптарындағы өзгерістер қарастырылады;
  • аналогтар дайындамалардың даму бағыты талданады;
  • өнімнің қолданылуы мүмкін сфералары қарастырылады;
  • тұрақты пайдаланушылар шеңбері талданады.

Жоғарыда айтылғандар  «нарықты кешенді зерттеу» дегенді  білдіреді. Нарықты зерттеудегі  маңызды орынды тауарды жасау  мен өндіруді ұзақ мерзімді жүзеге асырумен байланысты оның дамуын ұзақ мерзімді болжамдау иеленеді. Сатып  алушылардың талаптары мен нарықты  зерттеу негізінде әрі қарай  талдау жүргізіліп, болашақ бұйымға  деген талаптарды қалыптастыратын  өнім таңдалады. Содан кейін бағалауға  қатысатын параметрлер номенклатурасы анықталады. Әрбір параметрлер тобы бойынша салыстырулар жүргізіледі, олар осы параметрлердің қажеттіліктің  сәйкес параметрлеріне қаншалықты сәйкес келетінін көрсетеді.

Бәсекеге қабілеттілікті бағалауда қолданылатын параметрлер  номенклатурасы екі топқа бөлінеді:

  • сапа параметрлері (техникалық);
  • экономикалық параметрлер.

Техникалық параметрлер  тобына қажеттіліктердің мазмұны мен  қанағаттандыру шарттарын сипаттайтын  қажеттіліктер параметрлері жатады. Олар:

  • белгілеу параметрлері;
  • эргономикалық параметрлер;
  • эстетикалық параметрлер;
  • нормативтік параметрлер.

Белгілеу параметрлері тауарды  қолдану аясы мен функциясын сипаттайды. Ол бойынша тұтынудың нақты жағдайында осы өнімді қолдану арқылы қол  жеткізілген пайдалы нәтиже туралы жорамалдауға болады. Белгілеу параметрлері мыналарға бөлінеді:

  • жіктелімдік параметрлер, өнімнің белгілі бір класқа жататынын сипаттайды және бағалау кезінде өнім мен бәсекелес-тауардың қолдану облысын таңдау кезеңінде қолданылады, олап келесі талдау үшін негіз болып табылады және алдыңғы есептеулерге қатыспайды (мысалы, жолаушы сыйымдылығы, айналу жылдамдығы);
  • техникалық тиімділік параметрлері, өнімді жасау мен дайындау кезінде қолданылатын техникалық шешімдердің прогрессивтілігін сипаттайды (мысалы, станоктың өнімділігі, электронды есептеуіш машиналар үшін жад көлемі), олар бір мезгілде жіктелімдік болуы да мүмкін;
  • конструкторлық параметрлер, бұйымдар өндірісі мен жасау кезінде қолданылатын жобалық-конструкторлық шешімдерді сипаттайды (бұйым құрамы, оның құрылымы, салмағы, көлемі), жеке параметрлер жіктеу мақсатында да қолданылуы мүмкін.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    

 

 

 

 

 

 

Сурет 4. Бәсекеге қабілеттілік параметрлері.

 

Эргономикалық параметрлер, өнімнің қажеттіліктерді немесе еңбек операцияларын орындау  кезіндегі адам организмінің қасиеттеріне сәйкес келуін сипаттайды (гигиеналық, антропометрикалық, физиологиялық, өндірістік және тұрмыстық процесс кезінде  пайда болатын адам қасиеті);

Эстетикалық параметрлер, ақпараттық мәнерлілігін сипаттайды (форманың рационалдылығы, композицияның тұтастығы, өнімнің  өндірістік атқарылуының жетілуі және тауар түрінің тұрақтылығы), олар өнімнің сыртқы қабылдануын үлгілейді  және сатып алушылар үшін ең басты  болып табылатын қасиеттерді  көрсетеді, олар өнімнің нақты түрі үшін маңыздылық дәрежесі бойынша сараланады.

Нормативті параметрлер, өнімді өткізу жоспарланып отырған  нарықтағы заңдылықтар және стандарттармен, міндетті нормалармен регламенттелетін қасиеттерді сипаттайды (техникалық шешімдердің өнімге айналу дәрежесін  сипаттайтын патенттік жиілік параметрі, экологиялық параметрлер немесе қауіпсіздік параметрлері, олар бойынша  нарық үшін арнайы бекітілген міндетті қызмет ететін халықаралық, ұлттық стандарттар, техникалық регламенттер, нормалар, заңдылықтар  талаптары да бар).

Экономикалық параметрлер  тобына сатып алушының өнімді иелену және тұтыну, сонымен қатар, оны нақты  нарықта пайдалану бойынша барлық шығындары жатады. Сатып алушының толық шығындары, жалпы жағдайда, ағымдағы және мезгілді шығындарды құрайды. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау  кезінде пайдаланылатын параметрлер  номенклатурасын таңдау бойынша  соңғы шешімді бағалау мақсаттары мен өнімді пайдаланудың нақты шарттарын  есепке ала отырып, эксперттік комиссия қабылдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

 

2.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізудің экономикалық және әлеуметтік мәні

Ұлттық экономикадағы  нақты саланың дамуын қамтамасыз етуде, отандық өндірушілердің өнімдерін  әлемдік нарықтың сұранысына сәйкестендіру  бағытында атқарылатын іс-шаралардың  тобына шығарылатын өнімдердің бәсекелік  қабілетін қамтамасыз ету мәселесін  жатқызуға болады. Қазіргі кезде  өзекті болып отырған мемлекеттің  экономикалық, азық-түлік қауіпсіздігін  қалыптастыру әрекеттері де сыртқы өндірушілердің ұқсас өнімдеріне төтеп бере алатын отандық өнімдердің өндірілуіне  тәуелді.

Еліміздің табиғи, экономикалық, ұлттық ерекшеліктеріне сай иелігіміздегі  құндылықтарды барынша тиімді, әрі  ұтымды жұмсау, тек ішкі нарықта  ғана емес, әлемдік нарықта да жоғары сұранысқа ие болатын халық тұтынатын  тауарлар шығару, сол нарықтың қомақты  бөлігін қосылған құны жоғары өнімдер  өткізу арқылы иемдену, осы арқылы мемлекетіміздің  беделін арттыру бүгінгі таңда  қарқынды жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық үрдістердің негізін қалайды.

Сонымен қатар, тұтыну нарығындағы  өскелең талаптар да отандық тауар  әндірушілерге шығаратын өнімдерінің  бәсекелік қабілетін арттыру  мәселесін алдыңғы қатарға койып  отыр. Мұның өзі бәсекелік ортаның  дамуына, өндірілетін өнімнің сапасын  жоғарылатуға, бағаны төмендетуге ықпалын  тигізіп, тұтынушылардың кең көлемді  сұранысын қанағаттандыруға итермелейді. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі фактор екенін уақыттың өзі  дәлелдеуде.

Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз  — кез-келген экономикалык объектілерге тән қасиет. Физикалық табиғатына және атқаратын қабілетіне қарамай, барлық тауарлар, сондай-ақ оларды өндіру, пайдалану жүйелері бәсеке мәселесі шеңберінде қарастырылады, тіпті мұндай талдау аспектісі абстрактілі емес, нақты экономикалық қызметтің практикалық  мәні.

М. Эрлих жэне Дж. Хайн пікірлері  бойынша бәсекеге қабілеттілік — фирманың өз тауарын сату қабілеті.

«Бәсекеге қабілеттілік» түсінігі XX ғасырдың 70 жылдарында Батыста пайда болды. Шамамен сол уақытта өнімнің бәсеке қабілеттілігі мәселесімен КСРО да айналыса бастады.

Бәсекеге қабілеттілік —  өнеркәсіптік өнімнің құндық және сапалық  параметрлерін ғана қамтымай, сондай-ақ кәсіпорын қызметіндегі инвестиция мен инновациялық басқаруға, менеджмент деңгейіне тәуелді жан-жақты ұғым.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі  — тауарлардың тұтынушы қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықты өз орнын  табуы. Басқа сөзбен айтқанда, бұл  тұтынушының талғамына сай келетін  және оның сатылуын қамтамасыз ететін өнімнің қасиеттері.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің сипаттамалары кандай? Оның негізгі  кұраушыларын атап өтейік:

А. Негізгі құрауышы өнімнің  өзімен тікелей байланысты және оның сапасына көп көңіл аударылады. Көптеген зерттеулер нәтижесінде өнімді сатып  алу туралы қорытынды шешім (30-35%) оның сапалық сипаттамаларымен байланысты екенін көрсетеді.

В. Екінші құрауышы өнімді сату мен сервисімен байланысты. Тұтынушы көбіне өнімнің сапасы төмен, бірақ  сенімді және қымбат емес сервиспен (мысалы, авто-мототехника) сатылатын  тауарды таңдайды.

Информация о работе Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін талдау және бағалау