Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің теориялық және методологиялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 19:43, курсовая работа

Краткое описание

Осы көрсетіліп отырған мәселелерді қарастыру барысындағы, дипломдық жұмыстың өзектілігі банктік жүйе дамуының эволюциясын мазмұндай отыра, нарықтық экономикадағы банктік қызметті дамытудың экономикалық мәнін ашу, Қазақстандағы банктік жүйенің қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларына талдау жасау және біздің мемлекетіміздің банктік жүйесін жетілдіру жолдары мен мәселелерін анықтап, одан шығу жолдарын іздестіру қажеттілігі болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

diplomnaya.doc

— 1.13 Мб (Скачать файл)

Қаржылық ресурстарды жоспарлаудың мақсаты әртүрлі банктерде әр қалай болуы мүмкін. Қаржылық ресурстарды жоспарлау қызметтеріне банктің түрі мен көлеміне байланысты әртүрлі мән берілуі мүмкін.

- бюджет экономикалық болжау ретінде;

- бюджет бақылау негізі ретінде;

- бюджеттік тапсырманың қойылу негізі;

- бюджет өкілетті делегатын жіберу құралы ретінде. 

Банктегі жоспарлау мен бақылау негізгі екі экономикалық облыста жүргізуі тиіс. Бұл жерде сөз оның қызметінің пайдалылығы (тімділігі) мен қаржылық жағдайы туралы болады. Сондықтан пайда бойынша бюджет (жоспар) пен қаржылық жоспар (бюджет) ішкі жоспарлаудың орталық элементтері болып табылады.

Әрбір ел банкiлерінiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етіп, қызметтерін реттеп қадағалап отырады. Қазіргі  қиын дағдарыс кезінде  шетелдерде қаржылық институттарды мемлекет өз бақылауына алып, қатаң қадағалауда. Мәселен, Исландия үкіметі қаржылық тығырықтан шығатын жол іздеп, елдің ең үлкен үш банкі: Glitnir, Landsbanki Islands және Kaupthing Bank-тi бақылауға алды. Германияның ең ірі екінші банкі Commerzbank-тің де қаржы «құйынынан» басына қара бұлт үйіріліп, әлеуеті әлсірегендіктен жартылай үкіметтік бақылауына көшті. Еуропадағы азулы елдер болып саналатын Бельгия, Голландия және Люксембург банктердің 49 пайызы мемлекет бақылауына өтетінін хабарлады [19, 4б].

Депозиттік мекемелерді реттеу және ақша айналысына бақылау, банктерді ФРЖ-нің банктік резервтерге қойылатын талаптарына бағындырды. Бұл ФРЖ-ге мүше – банктер мен мүше емес банктердің арасындағы басты айырмашылығын қалыпқа келтіреді. АҚШ-тағы ең көп тараған банктер типі – филиалсыз банктер.

Екінші дүниежүзілік соғыстан соң АҚШ-та банктердің бөлімшелерін ашу кеңірек қанат жайып, олар штаттар шегінде, сондай – ақ одан тысқары және шетелдерде ашылған болатын. Көптеген ірі банктер банктік холдинг компаниялардың бір бөлігі болып табылады. Банк ісінің бұл ұйымдастыру формасы, тек қана банкі бөлімшелерінің ашылуына жол беріп қана қоймай, сондай-ақ жаңа қызмет аумағына енуді жеңілдетті. АҚШ-та холдинг-компаниялар 6 мыңға жуық, олар 8,6 мың банктерді және 35,6 мың олардың бөлімшелерін бақылайды.

Банктердің бірігу процесін үкімет тарапынан реттеу, сондай-ақ банктік холдинг-компаниялардың қызметін реттеу банк аумағында бәсекелестік жағдайды қолдап отыру мақсатын көздейді. Соңғы кездері бұл аумақтағы бәсекенің артуына чартер берудің қатаң саясатын жүргізу, банктердің бөлімшелерінің ашылуын кеңінен қолдау, электрондық терминалдардың пайда болуы және АҚШ-та халықаралық банктік операциялардың таралуы септігін тигізді. Сонымен қатар бәсеке, басқа да қаржы институттарының тез арада өсуіне байланысты кұшейді (мысалға жинақ коммерциялық бантктерге тән қөптеген қызмет көрсететін мекемелер және ақша нарығының өзара қорлары).

АҚШ-тың коммерциялық банкінің басқару құрылымы жоғары қызығушылықты туғызады. Банкті басқарудың басты органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Ол стратегиялық шешімдерді қабылдайды. Акционерлер жиналысында директорлар кеңесі сайланады, ол банктің қызметінің барлық негізгі сұрақтарын шешеді. Директорлар кеңесінің негізгі қызметтері мынадай: банктің стратегиялық мақсатын анықтау және банк саясатын құру, жетекшілік органдарға адамдар іріктеу, комитеттерді құру, қарыздық және инвестициялық операцияларды бақылау, кеңес беру, банк қызметтерін кезеңдік тексеру және т.б. қызметтер.

Американ банктерінде қазынашы қызметі өте маңызды болып табылады. Ол банкінің басты бөлімшелерінің арасын жалғаушы буын болып табылады және барлық қызметтердің  жедел жүзеге асырылуына тікелей жауап береді. Ол вексельдерді есепке алуға, тратты акцептеуге, қарыз беруге, депозит қабылдауға, бағалы қағаздарды сатып алуға рұқсат береді. Кассалық операцияларды бақылайды, банктің берген есебінің және құжаттарының дұрыстығына байланысты жауапкершілікті мойнына алады. Президент пен қазынашы қызметінің басты айырмашылығы мынада: президент жалпы басшылықты, бақылауды және қадағалауды жүргізеді, ал қазынашы іс жүзінде операциялардың орындалуын басқарады. Қазынашының өкілеттілігі банк жарғысында қатаң бекітілген.

АҚШ-тың коммерциялық банкінің функционалдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылық құрылымы оперативті және штабтық қызметтер жүргізеді. Біріншісі, банкінің алдына қойған мақсатына тікелей байланысты функциялар – бұл қызметтердің келесі түрлерін: несиелендіру, инвестициялау, сенімділік операциялар, халықаралық есеп айырысуды жүзеге асыру, депозиттік қабылдауды қамтиды. Штабтық бөлімінің қызметі орындаушыларға маркетинг, бухгалтерлік есеп және талдау, әдістемелік жұмыс сол сияқтылар бойынша кеңес беруден көрінеді.

АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесі өзінің мәні жағынан басқа елдердің орталық эмиссиялық банктеріне балама болып келеді, бірақ оның ұйымдастырылуында осы елдің федералдық саяси жүйесінің негізі жатыр. 
ФРЖ өзінің құрылымы мен басқару қағидалары бойынша басқа елдердің орталық банктерінен өзғешеленеді.

ФРЖ-ні құру кезінде ескерілген негізгі критерийлердің бірі – жергілікті банктердің мүдделерімен санасу және басқарудың шамадан тыс орталықтандырылуын болдырмау. Осыдан ФРЖ-нің құрылымы шығады: Орталық банк бір мекемеден ғана құралмайды, ол Вашингтондағы Басқарушылар кеңесінің басшылығымен 12 регионалды резервтік банктерден тұрады. ФРЖ-нің құқықтық мәртебесі де ерекше: АҚШ үкіметімен және бүкіл мемлекеттік мекемелер жүйесімен тығыз байланыста бола тұрып, федералдық резервтік банктер формалды түрде мемлекеттік болып саналмайды. Өйткені олардың капиталдары коммерциялық банктердің үлес-жарна пұлдары есебінен құралған. Осыған қарамастан ФРЖ өзінің жетекші органдарының құрамы, қызметтері, принциптері және жүргізілетін саясатының критерийлері бойынша АҚШ-тың басты үкіметтік мекемелерінің қатарына жатады. 
ФРЖ үш деңгейлі жұмыс органдарынан тұрады – Басқарушылар кеңесі; 12 федералдық резерв банктері; 6 мыңға жуық ФРЖ-нің мүше-банктері. Одан басқа ФРЖ-ге екі комитет кіреді: ашық нарықтық Федералдық комитеті (АНФК) және Федералдық консультативтік кеңес [19, 51б].

Басқарушылар Кеңесі ақша-несие саясатының негізгі мәселелерін шешеді және оларды жүзеге асыруға қажетті өкілеттігі бар. 12 федералдық резервтік банктердің үш негізгі белгісі болады:

1) олар орталық банктер болып  саналады;

2) квази-қоғамдық банктер болып есептелінеді;

3) «банктердің банкісі»

АҚШ аумағы 12 федералдық резервтік банктерге бөлінген. Осылар арқылы Басқару кеңесінің негізгі саясаттары жүзеге асырылады.

Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы – Нью-Йорк қаласының Федералдық Резервтік Банкісі. Бұл банктер квази қоғамдық банктер болып табылады, яғни олар жеке меншіктің және қоғамдық бақылаудың нысанын бейнелейді. Олар коммерциялық банктердің меншігінде болғанымен, мемлекетпен, яғни Басқарушылар кеңесімен басқарылады.

Федералдық резервтік банктер – «банктердің банкі», өйткені олар орталық банктің барлық қызметін орындайды. ФРЖ-нің жұмысында АНФК маңызды роль атқарады. Ол ақша және қаржы нарығы арқылы коньюнктураға әсер етудің негізгі оперативті органы болып табылады. Ол ФРЖ есебінен мемлекеттік облигацияларды сатып алу-сатуды жүргізу бойынша инструкциялар береді. Федералдық консультациялық кеңес коммерциялық банктердің 12 танымал басшыларынан тұрады. Ол Басқарушылар кеңесімен кездесулер жүргізіп, банктік саясат туралы өз ойларын айтып отырады. 
Жеке коммерциялық банктермен күнделікті оперативтік байланысты 9 директордан тұратын басқарма жүзеге асырады (6-ы мүше-банктер округынан, 3-і Басқарушылар кеңесімен тағайындалады). Басқармада ірі банктер және өнеркәсіптік компаниялар бар. Федералдық резервтік банктерінің негізгі қызметін: ақша эмиссиясы, банктердің міндетті резервтерін сақтау, коммерциялық банктерді несиелеу, АҚШ қазыналығына қаржылық қызмет көрсету және т.б. атқарады.

Неміс федералдық банкі (Дойче Бундесбанк) 1957 жылы 26 шілдеде шыққан заң негізінде құрылған. Оның алдында Рейхсбанк (1875 ж.) пен Неміс жер банкі (1948 ж.) болған. Банк капиталы – 290 млн неміс маркасы толығымен мемлекетке тиесілі. Бас кеңсесі Франфурт-на-Майне қаласында орналасқан. Банк жүйесіне жергілікті 11 орталық банкі және 195 бөлімшелер мен агенттіктер кіреді. Басқару органдары: кеңес, директорат, басқарма. 
Кеңес – ақша-несие саясатының қалыптасуына жауапты негізгі орган болып табылады. Кеңесті президент басқарады, кеңеске вице-перзидент мүшелері және жергілікті орталық банктердің барлық президенттері кіреді. 
Директорат — жоғары атқарушы орган. Ол кеңестің шешімдерін жүзеге асырады және басқа мемлекеттік ведомствалармен байланыс орнатады, ашық нарықтағы операцияларды, валюталық операцияларды жүзеге асырады. 
Жер орталық банктері – Неміс федералдық банкінің жергілікті басқармасы. Ол өзінің барлық қызметтерін осы банктер арқылы жүзеге асырды. Бұл дүние жүзіндегі ең тәуелсіз банк болып табылады, ол тек заңдарға бағынады. Бірақ банкі капиталының 100%-ы Қаржы министрлігіне қарағанмен, Қаржы министрлігі банктің қызметіне араласуына құқығы жоқ.

Ағылшын банкі – дүние жүзіндегі көне және беделді орталық банктерінің бірі. Негізінен 1694 жылы құрылған. 1946 жылы жеке иемденушілерден акцияларды міндетті түрде сатып алу арқылы лейбористермен ұлтшылдандырылған. 1971 жылға дейін бұл банк елдегі несиелеу процесін, коммерциялық банктердің қарыздары бойынша есептік мөлшерлемесін өзгерту арқылы бақылаған.

Одан бөлек, банктер кассалық активтер коэффицентін касса және Ағылшын банкі шоттардағы қалдықтарды актив сомасының 8% мөлшерінен төмен емес деңгейде және өтімділік коэффициентін ұстану арқылы орындау керек болатын. Өтімділік коэффициенті, яғни өтімді активтер портфелі активтердің жалпы сомасының 28%-нан төмен болмау керек.

1971 жьілдан кейін коэффициенттер алынып тасталынды. Қарыздар бойынша банкілік мөлшерлемелер енді Ағылшын банкісінің есептік мөлшерлемесіне байланысты қойылмай, әр банк жеке жария ететін базалық мөлшерлемесі негізінде анықталынды.

Коммерциялық банктер үшін резервтік активтер коэффициенті қысқа мерзімді депозиттердің 12,5% мөлшерінде белгіленді. Бұдан басқа, банктер Ағылшын банкіндегі пайызсыз шотта өзінің қысқа мерзімді депозиттерінің 0,5% мөлшеріндегі сомасын сақтауы керек.

Ағылшын банкі екі департаментке бөлінген – эмиссиялық және банктік. Эмиссиялық департамент банктің портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздарды қоя отырып, банкноталарды шығарумен айналысады. 
Жапон банкі 1882 жылы құрылған. Қазіргі Жапон банкі туралы Заң 1942 жылы ақпанда қабылданған. Ол үкімет мекемесі болып есептеледі, бірақ жарғы капиталының 55%-ы мемлекетке тиесілі [20, 366б].

Қорыта келгенде, коммерциялық банктердің активтерін реттеудің шетелдік тәжірибесі мол болып, Қазақстан үшін өзектілігін көрсетеді. Әр елдің реттеу механизмі күрделі элементтерден және реттеуші органынан тұрады.

 

2 Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің қазіргі жағдайы («ATФ банк» АҚ мысалында)

 

2.2 Қазақстандағы екінші  деңгейлі банктердің қызметін  талдау

 

 

Банк еліміздің экономикалық жүйесінің құрамы бола отырып, өзінің несиелік саясатымен көптеген шағын міндеттемелі кәсіпкерлердің жеке қалыптасуына, отандық тауарларды өндіретін кәсіорындардың дамуына, халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз етуіне және де Қазақстан Республикасының экономикасының көтерелуіне өз үлесін қосуда [21, б.4]. Банк жүйеленген коммерциялық банк болып саналады, оның кең спектрында мына қызметтер көрсетіледі: шот ашу, аударым операциялар, сауданы қаржыландыру, несие беру, қаржылық лизинг, банктік кепілдеме беру, конверсиондық келісім, жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, есепайырысу-кассалық, инкассацилық және басқа да операциялар қызметін көрсету.

Банк, өткізіліп жатқан ауыл-шаруашылықты көтеру, шағын кәсіпкерлікті қолдау шараларына белсенді қатысып, қаржыландырудағы көмегін аяған емес. 2013 жылы банк секторы 38 екінші деңгейдегі банкпен көрініс тапты, олардың ішіндегі 17 банк шетелдік қатысумен, оның ішінде 14 еншілес банк.

 

Кесте 1 - Коммерциялық банктердің жалпы көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

2011ж

2012ж

2013ж

Екінші деңгейдегі банктердің саны, оның ішінде:

38

38

38

- жарғылық капиталда мемлекеттің 100% қатысуы бар банктер

1

1

1

Екінші деңгейдегі банктердің филиалдарының саны

363

362

378

Екінші деңгейдегі банктердің шетелдердегі өкілдіктерінің саны

16

16

17

Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктер өкілдіктерінің саны

29

-

-

Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру)

жүйесіндегі қатысушы банктердің саны

35

34

34

Екінші деңгейдегі еншілес банктер

16

16

14

Ескерту– Ұлттық банктің мәліметтері негізінде құрастырылған


 

Екінші деңгейдегі банктердің филиалдарының саны 378 дейін артты. ҚР екінші деңгейдегі банктерінің активтері 474,3 млрд. теңгеге немесе 32,1%-ға, банктік қарыздар мен «кері РЕПО» операцияларының 1 723,9 млрд. теңгеге немесе 14,8%-ға, өзге активтердің 482,0 млн. теңгеге немесе 22,5%-ға ұлғаюы есебінен 1 581,8 млрд. теңгеге немесе 11,4%-ға ұлғайып, 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 15 461,7 млрд. теңге болды.

Жылдың басымен салыстырғанда екінші деңгейдегі банктер активтерінің құрылымында елеулі өзгерістер байқалмады. Активтер құрылымындағы негізгі үлесті банктік қарыздар мен «кері РЕПО» операциялары алады - 64,6%, қолма-қол ақша, тазартылған қымбат металлдар, корреспонденттік шоттарға - 9,5%, бағалы қағаздарға - 9,3% тиесілі. Жылдың басында тиісінше банктік қарыздар мен «кері РЕПО» операцияларына - 64,6%, қолма-қол ақша, тазартылған қымбат металлдар, корреспонденттік шоттарға - 8,2%, ал портфельдегі бағалы қағаздарға – 10,5% тиесілі болған еді [22].

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің теориялық және методологиялық аспектілері