Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 19:43, курсовая работа
Осы көрсетіліп отырған мәселелерді қарастыру барысындағы, дипломдық жұмыстың өзектілігі банктік жүйе дамуының эволюциясын мазмұндай отыра, нарықтық экономикадағы банктік қызметті дамытудың экономикалық мәнін ашу, Қазақстандағы банктік жүйенің қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларына талдау жасау және біздің мемлекетіміздің банктік жүйесін жетілдіру жолдары мен мәселелерін анықтап, одан шығу жолдарын іздестіру қажеттілігі болып табылады.
Мемлекеттік борышты шамалы деңгейде ұстау және мемлекеттік қаржы тұрақтылығы үшін бюджет тапшылығын және ЖІӨ-ге қатысты мұнай емес тапшылықтың өсуін ұстап тұру жоспарлануда. Квазимемлекеттік сектор борышының өсуіне бақылау қамтамасыз етіледі.
2013 жылы Қазақстанда экономиканың өсуі аздап баяулады. 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда 5,2%, номиналдық көрсетуде 13,5%-ды құрады. Үдемелі өсу қарқыны сауда (2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2013 жылғы қаңтар-қарашада 14,3%), байланыс (17,4%), көлік (7,1%) сияқты салаларда байқалды. Өнеркәсіптің дамуы біршама баяулады (0,4%), ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі қысқарды (-18,5%) [27].
Тұтастай алғанда экономика болжамды шектерде дамуда, макроэкономикалық дамудың 2013 жылдың қорытындылары бойынша нәтижелері жоспарлы деңгейде қалып отыр.
Үлестік белсенділіктің 2013 жылы өсу факторларының бірі банк секторының кредиттік белсенділігінің өсуімен және халықтың ақшалай кірісінің ұлғаюымен байланысты экономикадағы жалпы сұраныстың кеңеюі болды. Мәселен, орташа айлық жалақы 2013 жылғы қазанда 2012 жылғы тиісті аймен салыстырғанда 3,0%-ға (2012 жылы 14,1%-ға) өсті. Бұл ретте жұмыссыздық деңгейі аздап: 2013 жылғы қаңтардағы 5,4%-дан 2013 жылғы
қарашада 5,3%-ға дейін төмендеді.
Ағымдағы операциялар шотының профициті 2013 жылғы 9 айда 2012 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 30,5%-ға төмендей отырып, 7,8 млрд. АҚШ долл. деңгейінде қалыптасты.
Сауда балансының профициті 5,8%-ға 35,3 млрд. АҚШ долл. дейін төмендеді, ал кірістермен операциялар бойынша ресурстардың нетто-әкетілуі (еңбек ақысын және инвестициялық кірістер балансын қосқанда) 21,2 млрд. АҚШ долл. құрай отырып, 3,2%-ға азайды. Ағымдағы шоттың басқа құрамдас бөліктері бойынша қызметтер мен трансферттердің теріс дисбаланстары тиісінше 5,6 млрд. АҚШ долл. және 0,6 млрд. АҚШ долл. құрады.
Капиталмен және қаржымен операциялар шотының теріс балансы (қателер мен қалып қоюды қоса алғанда) 2013 жылғы 9 айда 1,2 млрд. АҚШ долл. құрады. Шетелге тікелей инвестициялар бойынша нетто-әкету 1,0 млрд. АҚШ долл. құрады. Шетелдік тікелей инвестициялардың Қазақстанға таза түсуі 11,7 млрд. АҚШ долл. құрады. Нәтижесінде тікелей инвестициялау операциялары бойынша оң баланс 2013 жылғы 9 айда 10,7 млрд. АҚШ долл. құрады.
Портфельдік инвестициялар бойынша 12,8 млрд. АҚШ долл. мөлшеріндегі нетто-әкету Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры шетелдік активтерінің 12,2 млрд. АҚШ долл. өсуімен, сондай-ақ қазақстандық банктердің борыштық міндеттемелерінің 1 млрд. АҚШ долл. дерлік төмендеуімен қамтамасыз етілген болатын.
Мемлекеттік басқару органдарының ақырғы тұтынуға жұмсалған шығыстары 2013 жылғы қаңтар-қарашада 5965,4 млрд. теңге құрады. Мемлекеттік бюджеттің барлық шығыстарының шамамен 50%-ы білім беруге, әлеуметтік көмекке және денсаулық сақтауға жұмсалды.
2013 жылғы қаңтар-қарашада мемлекеттік бюджеттің түсімі 5432,3 млрд. теңгені құрады. Салық түсімдері мен ресми трансферттер мемлекеттік бюджет кірістерінің құрылымындағы негізгі баптар болып табылады. Ресми трансферттердің жоғары үлесі республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферттің түсуімен қамтамасыз етілді. Дағдарыстан кейінгі құбылыс жағдайында кепілдік берілген трансферт мөлшерін 15%-ға 1380 млрд. теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылданды, ол 2013 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша толық көлемде алынды.
Шығыстардың кірістерден асып кетуі нәтижесінде 2013 жылғы қаңтар-қарашада мемлекеттік бюджет 533,1 млрд. теңге көлеміндегі дефицитпен қалыптасты.
Банк секторы 2013 жылы қалыпқа келудің баяу, бірақ тұрақты динамикасын көрсетті. 2013 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банктің активтері жыл басынан бері 0,9 трлн. теңгеге немесе 7% ұлғая отырып, 13,7 трлн. теңгені құрады. 2013 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша кредиттердің көлемі жыл басынан бері 10,5% ұлғая отырып, 9,7 трлн. теңгеге жетті. Бұл ретте ұлттық валютамен кредиттеу 6811,5 млрд. теңгеге 19,9% ұлғайды дейін, ал шетел валютасымен кредиттеу 2926,0 млрд. теңгеге дейін 6,5% төмендеді.
Резиденттер депозиттерінің көлемі 2013 жылғы қаңтар-қарашада 9,1 трлн. теңгеге дейін 8,3% ұлғайды. Заңды тұлғалардың депозиттері 3,7%, жеке тұлғалардың депозиттері 17,9% өсті. 2013 жылғы қаңтар-қарашада шетел валютасындағы депозиттер 2833,4 млрд. теңгеге дейін 7,7%, ұлттық валютадағы депозиттер 6252,1 млрд. теңгеге дейін 8,6% ұлғайды. Халықтың мерзімі салымдары 2013 жылғы 11 айда 17,6%, оның ішінде ұлттық валютадағы салымдары 20,3% ұлғайды.
Банктердің қорландыру базасын қалыптастыру кезінде ішкі көздердің орнықтылығын арттыру, қаржы жүйесінің тұрақтылығын және депозиторлардың мүдделерін қорғау мақсатында 2013 жылғы қыркүйекте Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қорының жарғылық капиталын 146,4 млрд. теңгеге дейін 13,31 млрд. теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылданды.
2013 жылғы инфляцияның өсуінің негізгі факторларына бірқатар факторлар себепші болды, олардың ішінде әлемдік тауар нарықтарындағы тұрақсыз ахуал, шикізат пен азық-түліктің әлемдік бағалары деңгейінің жоғары болуы, Қазақстан ішіндегі баға белгілеу механизмінің тиімсіз болуы, тауарлар мен қызмет көрсетулердің жекелеген нарықтарындағы бәсекелестіктің төмен болуы ең маңыздылары болды.
2013 жылы Қазақстанда инфляциялық үдерістерді қалыптастыру монетарлық факторлар тарапынан төмен ықпал ету аясында өтті. 2013 жылы ақша агрегаттары қалыпты қарқынмен өсті. 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда ақша базасы 1,9% кеңейді, ақша массасы 2013 жылғы қаңтар-қарашада 7,3% ұлғайды, қолма-қол ақша көлемі 1,0% өсті. Экономикадағы ақша ұсынысы жалпы алғанда, экономиканың тиісті өсуі деңгейінде сақталып отыр.
Қазақстан экспортының негізгі баптарының әлемдік бағалары 2013 жылы барынша жоғары деңгейде қалыптасты. Нәтижесінде ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақты болды. Теңге бағамы 2013 жылы бір АҚШ доллары үшін 147,50 – 150,86 теңге шегінде ауытқыды. 2013 жылы теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамы номиналды көрсетумен 1,6% бәсеңдеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты 2013 жылы елде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және жылдық инфляцияны 6-8% шегінде ұстап тұру болып табылды. 2013 жылы Қазақстанда жылдық инфляция 6,0% (2012 жылы – 7,4%) болды. Ақша нарығындағы қысқа мерзімді өтімділікті реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі негізінен өтімділікті сіңіру бойынша операцияларды жүргізу арқылы жүргізді.
Банкаралық нарықтағы нарықтық мөлшерлемелер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мөлшерлемелер дәлізі шегінің төменгі шекарасында қалды. Бұл ретте 2013 жылдан бастап ақша нарығындағы пайыздық мөлшерлемелер ең аз деңгейде сақталды, ол көбіне нарыққа қатысушылар белсенділігінің төмен болуымен және артық өтімділігімен байланысты. 2013 жылғы 2-жартыжылдықта пайыздық мөлшерлемелердің өсу үрдісі байқалды, бұл ақша нарығына қатысушылардың белсенділігінің өсуін куәландырады.
Ұлттық валютаның тұрақтылығы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне елдің халықаралық резервтерін өсіруге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының халықаралық резервтерінің көлемі 2013 жылы 17,9%-ға ұлғайды және 2013 жылдың аяғында 86,0 млрд. АҚШ долл. болды.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтері 3,6%-дан 28,3 млрд. АҚШ долл. дейін азайды. Осы динамика, бірінші кезекте, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының валюта активтерін толықтыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтері есебінен теңгелік түсімдерді айырбастауға себепші болды. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін толықтыруға 1,9 млрд. АҚШ долл. жіберді. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері 2013 жылдың аяғында 32,4%-ға ұлғайып, 57,8 млрд. АҚШ долл. болды [27].
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне шетел валютасын сату көлемі 2013 жылы 355,4 млн. АҚШ долл. болды.
2013 жылы Ұлттық Банк банктерге кері РЕПО операциялары жəне 2013 жылғы қаңтар-ақпанда – СВОП операциялары арқылы қайта қаржыландыру заемдарын ұсынды.
Кері РЕПО операцияларының жалпы көлемі 2013 жылы 5,9 трлн. теңге, СВОП операциялары – 1,4 трлн. теңге болды. Осы қайта қаржыландыру операциялары 7 күн жəне 1 ай мерзімімен өткізілді.
2013 жылғы наурызда Ұлттық Банк банктердің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттарындағы ақша қалдықтарына кепілген берілген валюталық СВОП жəне СВОП операцияларын жүргізуді тоқтатты.
2013 жылдың аяғындағы жағдай бойынша банктердің кері РЕПО операциялары бойынша Ұлттық Банктің алдындағы өтелмеген көлемі 404,9 млрд. теңге болды (4 сурет).
өтелмеген берешектің көлемі
Ақша базасының 2013 жылы кеңеюі 60,7% құрады, ақша массасы 17,9%-ға, айналыстағы қолма-қол ақша 6,5%-ға артты. Қолма-қол ақшаны шығарудан жəне алудан болған эмиссиялық нəтиже 2013 жылы оң болып қалыптасты, соған қарамастан 2012 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда ол 2 еседен аса азайды. Қазақстан Республикасының төлем жүйесі арқылы жүргізілген төлемдердің көлемі 2013 жылы төлемдер саны бойынша 6,1%-ға жəне төлемдер сомасы бойынша 12,6%-ға ұлғайды. Айналыстағы төлем карточкаларының саны 6,2%-ға өсті.
Кесте 14 - 2011-2013 жж ішкі нарықтағы Ұлттық Банк операцияларының сальдосы
млрд. тг
Ақша нарығындағы Ұлттық банк операцияларының Сальдосы («-» – алу, «+» - тенгелік өтімділік) |
Ұлттық Банктің валюта нарығына қатысуы («-»- валютаны нетто-сату, «+» - валютаны нетто –сатып алу ) |
Өтімділікті таза алу («-»- өтімділікті алу, «+»- тенгелік өтімділікті ұлғайту) | |
2011ж |
646,5 |
-771,7 |
-125,2 |
2012ж |
425,8 |
404,8 |
830,6 |
2013ж |
-596,1 |
-729,9 |
-1326,0 |
Ескерту- ҚР Ұлттық банкі мәліметтері бойынша есептелген |
Кері РЕПО операцияларын жүргізу кезінде кепілдікпен қамтамасыз ету тізбесі түзетілді, оған мемлекеттік бағалы қағаздар, Қазақстанның ұлттық компанияларының, шетелдік мемлекеттердің, халықаралық қаржы ұйымдарының, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-ның, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның, «Еуразиялық даму банкі» АҚ-ның облигациялары, сондай-ақ эмитенттері мемлекеттің тікелей 100% меншігіндегі банктердің немесе «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» АҚ-ның немесе «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» АҚ-ның борыштық бағалы қағаздары кіреді.
2013 жылы Ұлттық Банк ресми қайта қаржыландыру ставкасын 10,5%-дан тарихи ең аз деңгей – 7,0% біртіндеп төмендетті. 2013 жылғы 10 тамыздан бастап Ұлттық Банк банктерден мерзімі 7 күн жəне 1 ай болатын депозиттерді қабылдайды.
Өткен жылы дамыған елдерде дағдарыстың тереңдеуіне қарамастан, Қазақстан экономикасы жоғары қарқынмен дамыды. Алдын ала деректер бойынша нақты Жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) 2013 жылы 7,5% өсті.
Экономиканың өсіміне ішкі сұраныстың кеңеюі мен жыл бойы экспорттық өнімдерге қолайлы конъюнктураның сақталуы әсер етті.
Ең көп өсім қарқыны ауыл шаруашылығында – 26,7% , саудада 14,5%, байланыста – 18,7% белгіленді. Өнеркәсіп өндірісінің өсімі 3,5%, құрылыста – 2,7 % құрады.
Алдын ала бағалау бойынша еңбек өнiмдiлiгі 2013 жылы 104, 3%-ды құрады.
Экономика салаларындағы өсім ел халқының әл-ауқатының жақсаруымен қатар жүреді. Халық табысы өсуде және еңбек нарығындағы жағдайдың жақсарғаны байқалды.
Бағалау бойынша 2013 жылы жан басына шаққанда ЖІӨ 11 мың АҚШ долларынан асты. 2013 жылғы нақты ақшалай табыс 7,4%,-ға нақты жалақы – 7,2%-ға өсті. Жұмыссыздық деңгейі 2013 жылдың соңында 5,4%-ға дейін төмендеді.
Үкімет пен Ұлттық Банктің бағаны тұрақтандыру бойынша тиімді әрекеті жылдық инфляция деңгейін жоспарланған 6–8% дәлізде ұстап тұруға мүмкіндік берді. 2001 жылдың соңында инфляция деңгейі 7,4 % құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 0,4 %төмен.
Елдің қаржылық тұрақтылығы алтын-валюта резерві мен Ұлттық қордағы елеулі жинақтармен қамтамасыз етіледі. 2013 жылы елдің халықаралық резерві 73 млрд. АҚШ долларын құрады және бір жылда 23,2 %-ға өсті, оның ішінде шетел валютасындағы Ұлттық қор активтері 41%-дан 43,7 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.
Банк секторының позитивті даму серпіні белгіленді, бұл банктердің кредиттік белсенділігінің біртіндеп қалпына келуімен қатар болады. 2013 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша банк секторының борышы 2008 жылы 45,9 млрд. АҚШ долларынан 16,5 млрд. АҚШ долларына дейін қысқарды.
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы төмендеді және ЖІӨ-ге 2,2%-ды құрады.
2013 жыл ішінде экономикадағы банк кредиттерінің жалпы көлемі 15,7 %-ға артты, банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 14,3 %-ға, оның ішінде тұрғындар депозиті 24,1 %-ға өсті.
2013 жылы экономикалық белсенділікті арттырудың негізгі факторы Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру болып табылды. Өткен жылы 1 трлн. теңге сомаға 237 жоба іске қосылып, шамамен алғанда 20 мың жұмыс орны құрылды [27].
Кәсіпкерлікті, ең алдымен шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы белсенді түрде іске асырылуда. 2012 жылдан бастап бағдарламаның үш бағыты бойынша жалпы сомасы 288,3 млрд.теңге сомаға 930 жоба субсидиялауға мақұлданды.