Көпшілікке қызмет көрсету ортасын модельдеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2014 в 08:15, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың мақсаты – Көпшілікке қызмет көрсету жүйесі болып табылады. Жалпы курстық жұмыс негізгі екі тараудан тұрады:
Бірінші тарауда – Пәндік саланы зерттеп, модель құруды көрсетеді.
Екінші тарауда - Көпшілікке қызмет көрсету жүйесінің модельдерін программалауды қолдану жүйесін айтады.
Қазіргі қоғамның мәдениеті, білімділігі, ой өрісі және ой жүйесі дамыған кезеңде халық шарушылығының кәсіпорындарының қандай түрі болмасын, оның экономикасын ұтымды басқаруда математикалық әдістер мен компьютерді кеңінен қолдану қажеттігі әркімге белгілі.
Математиканың экономикада және басқа ғылымдарды кеңінен қолданылуы осы ілімнің өзіне тән ерекшелігі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1.1 Модель және модельдеу ұғымы
1.2 Модельдеудің негізгі кезеңдері
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Көпшілікке қызмет көрсету жүйесі
2.2 Көп арналық қайтарысы бар КҚКЖ
2.3 Кезек ұзындығы шектеулі бір арналы КҚКЖ
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

Айданакурс.doc

— 338.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

РМҚК «Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы – экономикалық колледжі»

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Көпшілікке қызмет көрсету ортасын модельдеу».

 

 

 

 

                                                                 Орындаған: Атаева Айдана

          Курс(тобы): 4-қысқартылған ПО-2

                                                               Тексерген: Мамаева А.Т

                                                                         Бағасы: __________________

 

 

 

                                     

                                        2013 – 2014 оқу жылы

Мазмұны

КІРІСПЕ  
1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ  
1.1 Модель және модельдеу ұғымы  
1.2 Модельдеудің негізгі кезеңдері  
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ  
2.1 Көпшілікке қызмет көрсету жүйесі  
2.2 Көп арналық қайтарысы бар КҚКЖ  
2.3 Кезек ұзындығы шектеулі бір арналы КҚКЖ  
3. ҚОРЫТЫНДЫ  
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

       Бұл курстық жұмыстың мақсаты – Көпшілікке қызмет көрсету жүйесі болып табылады. Жалпы курстық жұмыс негізгі екі тараудан тұрады:  
Бірінші тарауда – Пәндік саланы зерттеп, модель құруды көрсетеді. 
Екінші тарауда - Көпшілікке қызмет көрсету жүйесінің модельдерін программалауды қолдану жүйесін айтады. 
       Қазіргі қоғамның мәдениеті, білімділігі, ой өрісі және ой жүйесі дамыған кезеңде халық шарушылығының кәсіпорындарының қандай түрі болмасын, оның экономикасын ұтымды басқаруда математикалық әдістер мен компьютерді кеңінен қолдану қажеттігі әркімге белгілі. 
Математиканың экономикада және басқа ғылымдарды кеңінен қолданылуы осы ілімнің өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Егер оның осы ерекшелігі түбегейлі экономикалық талдаумен біріктіре отырып пайдалынса, онда өндірістік жұмыстарды тиімді ұйымдастыруда және басқаруда, яғни әр істен ұтымды табыс табу жолдарында математикалық әдістемелерді қолдану –бүгінгі таңдағы ең қажетті істің бірі. 
Болашақ мамандар үшін қолданбалы математиканың ең маңызды салаларының бірі  -  математикалық модельдеу пәні: ол экстремалдық есептерді зерттеуге және олардың шешу әдістеріне арналған. Бұл пәнді оқу студентке қарапайым есептердің математикалық модельдерін құрастыруда алғашқы қадам жасауға, олардың математикалық қойылуы мен шешу әдістерін үйренуге мүмкіншілік береді.  Бұл пән бойынша белгілі білім қорын  жеткізіп  және  оларды қолдануға үйретіп қана қоймай, ол сонымен қатар математиканы оқып-үйрену үшін қажетті студенттердің логикалық ойлауын және математикалық мәдениетін дамытады.

 

 

 

 

1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ  
1.1 Модель және модельдеу ұғымы

Модель (фр. modele, лат. modulus – өлшем) – белгілі бір зерттелетін нысанның ой түсінігі арқылы немесе материалдық түрде жасалған шартты үлгісі (бейнесі, сұлбасы, сипаттамасы, т.б.). Модель мен түп нұсқаны бір-бірінен абсолютті түрде айыруға болмайды. Қарастырылып отырған құбылыс немесе процесс абстрактылық нысандар мен математикалық заңдылықтар түрінде берілетін модель математикалық модель деп аталады. Модельдің ең қарапайым түрі нысандарды көрнекі етіп сурет, кескін, сызба формасында графиктік түрде көрсету. Модельдің екінші түріне – нысандардың, процестер мен құбылыстардың ауызша (қандай да бір тілдің көмегімен) суреттелуі, сипатталуы жатады. Үшінші түрі – ақпараттық-логикалық модель , ауызша сипатталған нысанды кескіндеп көрсету (формалау). Төртінші түрі – динамиканың ішкі заңдарын, өзара әсерін, қасиеттерін көрсететін физикалық нысандардың, құбылыстар мен процестердің математикалық түрде сипатталуы. Мысалы, белгілі бір физикалық процестің уақыт ішінде өтуін баяндайтын дифференциялдық теңдеулер жүйесі осы процестің моделі деп аталады. Модель ұғымы логика, математика, физика, химия, кибернетика, лингвистика, т.б. ғылым салаларында қолданылады. Ғылымда модель ұғымы әдетте модель жасау әдісін қолдануға байланысты аталады. Алгебра мен математика логиканың тоғысқан жерінде арнаулы пән – модельдер теориясы қалыптасты.

Әлеуметтанушылар бұл терминге көптеген анықтама береді. Кейбір жағдайда, ол теория деген сөздің синонимі ретінде, тағы да бір жағдайларда теориядан гөрі жалпылау деңгейде абстрактілі ұғымдар жүйесіне сілтеме ретінде пайдаланылады. Ол, сондай-ақ, себептік модельдердегі сияқты статистикалық модельді қолданылады. Қаңдай анықтама берілсе де, модельдер оны зерттеуде эмпиризмнен аулақ болып, теориямен шұғылдануды талап етеді.

Модельдер өзінің түп негізінде тұжырымдама мен түсініктеме құралы ретінде құбылыстарды жеңілірек ұғыңдыруға тырысады. Әлеуметтануда құрылымдық функционализм алғашқы екі мағынада модель болып табылады, өйткені ол түсіндірудің кең құрылымы (қоғам организм секілді деп пайымдайтын метатеория) мен тұжырымдамалық топшылаулардың жиынтығын (қоғам бөліктері жалпының міндетін атқаруына қалай үлес қосатынын көрсететін теория) қамтамасыз етеді. Ұғымдар арасындағы қатынастар туралы гипотеза нақтыланып, ұғымдарды өлшеуге болатын тұста біз операциялык модель туралы айта аламыз. Бұл модельдер кейде диаграммалар түрінде көрсетіліп, математика терминдері арқылы неғұрлым ұтымды ұсынылуы мүмкін. Мысалы, регрессия немесе логлиния модельдері. Математикалық әлеуметтанудың маңызды жағы - модельді құрастыру - модельдерді диаграммалар тасқыны сатысынан бастап, математикалық бейнелеуге дейін жетілдіруге байланысты. Себеп-салдарлық модельдер кез келген түрде болуы мүмкін. Қандай анықтамаға ие болса да, модель-теориялық қызмет түрлері кешеніндегі құрал болып, назарымызды ұғымдарға немесе өзгерістерге және олардың өзара байланысына аударады.

 

1.2 Модельдеудің негізгі кезеңдері

 
Модельдеу және оның түрлері

             Модельдеудің түрлері көп. Модельдеуді  жалпы үлкен екі топқа бөледі: 
Физикалық модельдеуге – ұқсастық теория негізінде нақты объектінің кішірейтілген үлгісі.

Аналогтық модельдеуге – зерттелінетін объектілердің физикалық табиғаты әртүрлі құбылыстарда байқалады.

Бұл екі типтес модельдер берілген объектілердің заттық баламасына негізделген. 
Заттық модельдеуден идеалдық модельдеу принципі мүлде басқа. Сөйтіп, идеальдық модельдеу теориялық сипаттамадан тұрады.

 

Математикалық модельдер

Зерттелетін объект немесе процесс олардың сандық параметрлерін байланыстыратын формула түрінде берілетін жағдайлар жиі кездеседі.

Бұған мына төмендегі формулаларды жатқызуға болады:

  • дененің геометриялық параметрлерін сипаттайтын формулалар;
  • физикалық процестерді сипаттайтын формулалар;
  • химиялық формулалар;
  • тауардың бағасын есептеп шығаруға арналған тұрмыстық формулалар т.с.с.

Математикалық модель деп- объектіні немесе процесті олардың сандық параметрлерімен байланыстыратын математикалық формуламен ипаттауды айтамыз. Математикалық модельдерді жазуда әр түрлі ғылымдарда қабылданған түрлі таңбалау жүйелері пайдаланылады. Математикалық модельді жасақтау көптеген есептерді компьютерде шығаруда маңызды рөл атқарады. Математикалық модель адамның шығармашылық жұмысының өнімі болып табылады. Компьютер ойша жасалған модельді жаңа сапалық деңгейде таңбалық пішінге аударады. Құбылысты сипаттау үшін оның ең маңызды қасиеттерін, заңдылықтарын, ішкі байланыстарын оның кейбір жеке сипаттамаларын бөліп көрсетіп, маңызды еместерін ескермеуге болады. Құбылыстың метематикалық моделін жасақтауда осы айтылғандарды ескеру қажет.

Метематикалық модельді ең ұтымды түрде есептеу эксперименті деп аталатын алгориттмдік модель түрінде компьютерде жүзеге асыруға болады.

Әрине есептеу экспериментінің нәтижесі егер модельде шындықтың маңызды жақтары ескерілмеген болса шындыққа сәйкес келмеуі мүмкін.

Сонымен, есепті шешу үшін метематикалық моделін жасақтауда модель құра отырып, мыналарды ескеруіміз керек:

  • метематикалық модель құруда негізге алынатын болжамды бөліп көрсету;
  • алғашқы деректер және нәтижелер деп неніесептеу керектігін анықтау;
  • нәтижелерді алғашқы деректермен байланыстыратын метематикалық қатысты жазу.

Математикалық  модельді құруда алғашқы деректер арқылы іздеп отырған шаманы өрнектейтін формуланы табу барлық уақытта мүмкін бола бермейді. Мұндай жағдайда белгілі бір немесе басқа дәрежелі дәлдікпен жауап беруге мүмкіндік беретін математикалық әдістер пайдаланады.

Ғылыми есептерді шығарғанда мүмкіндігінше шындыққа жақын келетін математикалық модель құру керек болады. Мұндай модель бойынша дәл есептеулер емес жуықтап есептеулер жасалады, бірақ осының арқасында басқа жолдармен алуға болмайтын деректерді алуға болады. Есеп математикалық модельге келтірілгеннен кейін оны шығарудың алгоритмін құруға болады. Алгоритмнің дайын болуының белгілі бір кезеңінде программалау басталады.

Математикалық модель – таңбалық танымның негізіне жатады. Классикалық мысал.Бізді қоршаған дүниедегі объектілердің ғылыми танымдылығымен жеткізу үшін әртүрлі физика мен химияның, биология мен психологияның, социология мен архелогияның 
өмірде кездесетін ғылымдардың көбі бір-бірімен байланысты болғанымен, қолдану шекарасы қоршаған ортада кездеспейтін сандар, функциялар, теңдеулер, операторлар планеталардың қозғалысын,математика мен бізді қоршаған нақты өмірді байланыстырушы арнайы звеноның 
математикалық модельді құрудағы негізгі принциптері.Қазіргі ғылыми тұрғыдан қарағанда бірінші математикалық модель құруДененің қозғалысы құлау биіктігіне байланысты өзгереді. Қарастырылып отырған шама белгісіз y(t) функцияны табу үшін жылдамдығын бағалау қажет.

 

Өнеркәсiптiк меншiк объектiсі - Пайдалы модель

Өндiрiс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын, сондай-ақ олардың құрамдас бөлiктерiн (құрылғысын) конструкциялық орындау пайдалы модельдерге жатады, және ол жаңа және өнеркәсiпте қолдануға болса ғана, оғаң, құқықтыққорғау берiледi. Егер елеулi белгiлерiнiң жиынтығы техника деңгейi туралы мәлiметтерден белгiсiз болса, пайдалы модель жаңа болып табылады. Техника деңгейi туралы мәлiметтер пайдалы модельге басымдық берiлген күнге дейiн жұртқа мәлiм болған, арыз берiлiп отырған пайдалы модель мақсаттас құралдар туралы дүние жүзiнде жарияланған мәлiметтердi, олардың Қазақстан Республикасында қолданылуы, сондай-ақ олардың неғұрлым бұрынырақта басымдығы болған жағдайларда Қазақстан Республикасына басқа адамдардың пайдалы модельдерге және өнертабыстарға (қайтарып алынғаннан басқа) берген өтiнiмдерi және Қазақстан Республикасында патенттелген пайдалы модельдер мен осы бағыттағы өнертабыстар туралы мәлiметтердi қамтиды.Егер iс жүзiнде пайдалануға жарайтын болса, пайдалы модель өнеркәсiпте қолдануға жарамды болып табылады.Париж конвенциясына қатысушы мемлекет аумағында ұйымдастырылған, ресми немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде пайдалы модельдiң экспонат ретiнде көрсетiлуiн қоса алғанда, пайдалы модельге қатысты ақпаратты арыз берушiнiң (автордың) немесе одан бұл ақпаратты тiкелей немесе жанама түрде алған кез келген адамның көпшiлiкке жария етуi пайдалы модельге өтiнiм ақпарат жария болған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей берiлген болса, пайдалы модельдiң жаңалығына әсер ететiн мән-жай деп танылмайды. Бұл орайда осы фактінi дәлелдеу мiндетi арыз берушiге жүктеледi.Төмендегі аталған объектiлерге қатысты шешiмдер пайдалы модельдер ретiнде қорғалмайды:

  • жаңалықтар, ғылыми теориялар және математикалық әдiстер;
  • шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдiстерi;
  • шартты белгiлер, кестелер, ережелер;
  • ақыл-ой операцияларын орындау, ойындарды жүргiзу ережелерi мен әдiстерi;
  • есептегiш машиналарға арналған бағдарламалар мен алгоритмдердiң өзi;
  • ғимараттар, үйлер, аумақтар жоспарларының жобалары мен тәсiлдерi;
  • бұйымдардың тек сыртқы түрiне қатысты ұсыныстар;
  • Қоғамдық мүдделерге, iзгiлiк пен мораль принциптерiне қайшы келетiн ұсыныстар.

Пайдалы модель - патентпен қорғалады және өтінiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол үш жылдан аспауы керек. Пайдалы модельдің авторы болып, өз еңбегiмен жасаған жеке адам танылады. Пайдалы модель патенті оның авторына (авторларына) патент иеленушiлерге беріледі және қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз қалауынша пайдалануына ерекше құқығы болады.Патент иеленушi қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға айрықша құқықты осы қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер ресми бюллетеньде жарияланған күннен бастап қорғау құжатының қолданылу кезеңiнде жүзеге асырады.

Патент иеленушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға мiндеттi және қорғау құжатын күшiнде ұстау үшiн жыл сайын ақы төлеп тұруға мiндеттi.Пайдалы модель объектiлерiн жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мүлiктiк, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүлiктiк емес қатынастар Қазақстан Республикасының патент заңы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 Заңымен реттеледi. Пайдалы модельге патент беруге өтінімді жасау, ресімдеу және қарау қызметі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі N 53-НҚ Бұйрығымен бекітілгең «Пайдалы модельге патент беруге өтінімді жасау, ресімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулықта» жазылған.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті пайдалы модельдердi қopғay саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган және пайдалы модельдердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып табылады.  
Сараптама жасау ұйымы - мемлекеттiк монополияға жатқызылған салаларда (пайдалы модельдердi қорғау саласында қызметтер көрсету) қызметтi жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ведомстволық бағынысты Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМҚК.

Информация о работе Көпшілікке қызмет көрсету ортасын модельдеу