Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік және салықтық есептіліктегі көрінісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2015 в 18:11, курсовая работа

Краткое описание

Берілген курстық жұмыстың мақсаты болып есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының есебін ұйымдастыру табылады. Осы мақсатқа жету жолында мынадай міндеттер атқарылуы тиіс:
есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысулардың нормативті-құқықтық реттелуін көрсету;
есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру;
тауарды сатып алғаны үшін есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуды қарастыру;
іссапарға жіберілген қызметкерлермен есеп айырысу операцияларын талдау;
материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысуды бейнелеу;
өкілетті шығындарды есептеу.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының теориялық негіздері………..................................................................………..…....………….5
Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысулардың нормативті-құқықтық реттелуі…………………….……………………..…...................……. 5
Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру……………………………………………….………………….…..7
«Желаев астық өнімдері комбинаты» АҚ қысқаша сипаттамасы..............................................................................................................9
2. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік және салықтық есептіліктегі көрінісі.......................................................................................………………..…14
Тауарды сатып алғаны үшін есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу………………………..........………………………….…………………14
Іссапарға жіберілген қызметкерлермен есеп айырысу…….....………..…..21
Материалдық зиянды орнын толтыру бойынша есеп айырысу…...............27
Өкілетті шығындарды есептеу…………...........………………………..…...31
Қорытынды..................……………………………………………………..…….34
Қолданылған әдебиеттер тізімі……..............……….…………………………..35

Вложенные файлы: 1 файл

kurs_4406.doc

— 273.50 Кб (Скачать файл)

Егер тауар жабдықтаушысы бақылау-касса машиналарын қолданылатын ұйым болса, онда олар сатып алушыларға келесідей құжаттарды беруі тиіс: фискалды чек, шот-фактуралары, накладная (тауарға). Фискалды чекті бермеген жағдайда әкімшілікті жауапкершілікке әкеліп соқтыруы мүмкін [2].

Сатушы бақылау-касса машиналары арқылы есеп айырысуды жүргізді міндетті болса, бірақ келісім жасаған кезде электрэнергия болмай немесе  бақылау-касса машинасы жасамаса, тауар тізімі, саны, әр бірлігінің бағасы, әр тауардың жалпы құны белгіленген тауар чегін беруге құқығы бар [2].

Салық кодексінің 66 бабы бойынша салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу үшін негіз болатын бастапқы құжаттар [2].

ҚР “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы” заңы бойынша ҚР Ұлттық Банкімен тіркелмеген қағазды және электронды түрдегі бастапқы құжаттарды кәсіпкерлер және ұйымдардың өз еркімен құрастыруға құқығы бар және олар келесідей міндетті реквизиттерді қамту керек:

  1. құжат атауы;
  2. жасалған күні;
  3. құжат өз атынан жасалған ұйым атауы немесе дара кәсіпкердің тегі және аты-жөні;
  4. операцияның немесе оқиғаның мазмұны;
  5. операцияның немесе оқиғаның өлшемінің бірліктері (сандық және құндық көрінісінде);
  6. операцияның жасалуына (оқиғаны растауға) және оның дұрыс рәсімделуіне жауапты адамдар лауазымының атауы, тегі, аты-жөні және қолы;
  7. салық төлеушінің тіркеу нөмірі.

Оқиғаның немесе операцияның ерекшеліктерімен байланысты, ҚР нормативті құқықты актілердің талаптарына және есеп ақпаратын өңдеу жолдарына байланысты бастапқы құжаттарға қосымша реквизиттер қосылуы мүмкін. Бастапқы құжаттар оқиғаның немесе операцияның іске асырылу кезінде не олар аяқтала салысымен құрастырылуы тиіс [1].

Мұндай құжат ретінде барлық керекті реквизиттерді және мәліметті қамтитын сатып алу актісін пайдалануға болады.

Салық Кодексінің 369 бабы бойынша нарықтарда тауар сату бойынша (жалдау шарттары бойынша нарық аумағындағы киоскілерде, тұрақты үй-жайларда (тұрақты үлгі бөлімдерде) өткізуді қоспағанда) бюджетпен есеп айырысу, осы Кодекстің 392-бабында айқындалған тұлғалардан басқа, осы кодекстің 373-бабында белгіленген тәртіппен біржолғы талон негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі бойынша ғана жүргізіледі [2].

Бұл ретте, рыноктарда өткізу бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлғаларға осы Кодекстің 370, 371 және 379-баптарының ережелері қолданылмайды [2].

Салық Кодексінің 368 бабы бойынша біржолғы талон - арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және төлем кезінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат [2].  

Егер де сатып алу актісінде бүкіл керекті реквизиттер қамтылған болса, осы құжат негізінде кәсіпорын бухгалтериясы келесідей бухгалтерлік жазуды орындайды [17]:

Дт              Кт 

1310       3390 - бөлшектер кіріске алынды

3390     1250 – аванстық есептілік негізінде есеп беруге тиісті             тұлғаның қарызы шығынға жазылуы.

Тәжірибеде кәсіпорындардың көбісі біз ұсынған жазудың орнына шоттар корреспонденциясын қолданады:

Дт 1310 – Кт 1250 , бұл да жасалынған операция мазмұнына сәйкес келеді.

Бірақ та, барлық сатып алғанымыздың аналитикасы үшін, 3390 “Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек” немесе 3310 “Берушілер мен мердігерлерге берілетін қысқа мерзімді берешек” шоттарын қолдану лайықты болатын еді.

Тауарды жеке кәсіпкерде сатып алған жағдайда жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің серия номерін белгілеу керек, сонымен қатар келісім жасасқан уақытта сауда-саттық жұмысты атқаруға құқық беретін, құжаттың іс-әрекет уақытын және түрін дәлелдейтін, құжаттың бар екендігін тексеру (патент, жеңілдетілген декларация).

Салық кодексінің 163 бабы бойынша жеке кәсіпкердің салық салынатын табысы салық төлеушінің төлем көзінен салық салынбайтын табыстарына жатады. Басқаша айтқанда жоғарыда көрсетілген құжаттардың тізімі кәсіпкерде болған жағдайда, кәсіпкерден табыс салығы ұсталынбайды [2].

Жалпыға бірдей орнатылған тәртіп бойынша қызмет көрсететін заңды тұлғадан тауар сатып алу.

Шаруашылық қызмет ету барысында кәсіпорында кеңсе заттарын, шаруашылық құрал-жабдықтарын және басқа да нақты ақша қаражаттарына алынатын ұсақ сатып алуларға қажеттіліктер туындайды. Осындай мақсаттарға қызметкерге есептелуге тиісті керекті ақша сомасы беріледі.

Заңды тұлғаларда тауарды сатып алғанда, есеп беруге тиісті тұлғалар келесідей құжаттарды ұсынулары керек:

  • Фискалды жады бар бақылау-касса машиналарының чегі
  • Шот-фактура
  • Накладная (тауар чегі)

Шот-фактура рәсімделуі Салық кодексінің 242 бабының талаптарына сәйкес болуы керек. Ол сатып алушыға ҚҚС сомасын қосып жіберуге құқығын береді [2].

Салық кодексінің 242 бабы бойынша шот-фактураны келесідей жағдайларда талап етпейді:

  1. бухгалтерлік есеп жүргізуде негіздеме болатын бастапқы құжаттарды қолдана отырып, банктер арқылы халыққа көрсетілген коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері үшін есеп айырысуды жүзеге асырғанда;
  2. жолаушыларды тасымалдау жол билеттерімен рәсімдегенде;
  3. қолма-қол есеп айырысу арқылы халыққа тауарды өткізген жағдайда, сатып алушыға бақылау-касса машиналарының чегін берген кезде;
  4. ҚҚС-нан босатылатын тауарлар табыс еткен кезде талап етілмейді.

Салық кодексінің 235 бабы бойынша тауарды қолма-қол есеп айырысу арқылы сатып алған жағдайда, бақылау-касса машиналарының чегінде көрсетілген салық сомасы ҚҚС салық сомасы болып саналады [2].

Алайда келесідей аспектілерге көңіл бөлуге керек: “Фискалды жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережесі” п. 20 (ҚР Үкіметінің Каулысы 18.04.2002 ж. № 449 ) сәйкес, ҚҚС белгіленген бақылау чегі п.19 басқасы келесідей қосымша ақпаратты қамтуы керек:

  • ҚҚС есебіне кіру туралы куәлігінің серия мен номері,
  • Тауар атауы,
  • ҚҚС сомасы [2].

Есеп беруге тиісті тұлғалар кәсіпорын бухгалтериясына жұмсаған сома бойынша тапсыратын аванстық есептілікке ҚР  “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы” заңында қарастырылған барлық керекті реквизиттерді қамтитын сатып алу актісін тіркеу тиіс, атап айтқанда:

  1. құжат атауы;
  2. жасалған күні;
  3. құжат өз атынан жасалған ұйым атауы немесе дара кәсіпкердің тегі және аты-жөні;
  4. операцияның немесе оқиғаның мазмұны;
  5. операцияның немесе оқиғаның өлшемінің бірліктері (сандық және құндық көрінісінде);
  6. операцияның жасалуына (оқиғаны растауға) және оның дұрыс рәсімделуіне жауапты адамдар лауазымының атауы, тегі, аты-жөні және қолы;
  7. салық төлеушінің тіркеу нөмірі [1].

Сатып алу актісі кәсіпорында тіркелген, еркін формада құрастырылады.

Салық кодексінің  154 бабы бойынша біржолғы төлемдерден түскен табысқа, өздерінің қызметіне байланысты жеке кәсіпкердің, жеке нотариус пен адвокаттың кіріс бойынша төлемдерін қоспағанда, салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық агенттерімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табысы, сондай-ақ жеке тұлғалар төлейтін басқа да біржолғы төлемдер жатады [2].

ТМҚ сатып алғаны үшін (рынокта емес) жеке тұлғаға төленетін табыс, басқадай біржолғы төлемдерге жатады және 10% мөлшерлеме бойынша есептелетін жеке табыс салығына апарылады [2].

Белгілі бір кәсіпорын құрылыс материалдарын жеке тұлғадан сатып алғанда, сатып алу уақытында сатып алу актісі құрастырылады және де жеке тұлғадан табыс салығы ұсталынады. Бұл жағдай келесідей бухгалтерлік жазу арқылы көрсетіледі [17]:

  Дт           Кт

 1310       3390 – материалдар кіріске алынды 

3390       3120 – жеке табыс салығы есептелді

3390       1010 – физикалық тұлғамен есеп айырысты

 

2.2  Іссапарға жіберілген  қызметкерлермен есеп айырысу

 

Қызмет бабындағы іссапар дегеніміз – тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге басқарушы бұйрығымен қызметкердің жіберілуі. Іссапарға жіберілген қызметкерге келесі түрлердегі келесідей өтемақы беріледі:

  • іссапарда болатын мерзіміне тәулік ақысы,
  • іссапар орына дейінгі жол жүру және одан кері қарай тұрақты жұмыс орнына дейінгі жол жүру шығындары [5].

Қызмет бабындағы іссапармен есеп айырысу тәртібі келесідей құжаттар бойынша белгіленеді:

  • ҚР “Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы” Заңы, 26.12.1995 ж. № 2732 (түзетулер мен өзгертулермен);
  • 22.09.2000 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен Қазақстан Республикасы территориясында мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының  қызметтік іссапарлары туралы ережелерді бекіту туралы” №1428 Қаулысы
  • ҚР “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Кодексі, 12.06.2001 ж. №209 – II (түзетулер мен өзгертулермен);
  • (28. 07. 2005ж. №783 өзгертулерін ескергенде)
  • ХБЕС 21 “Валюта бағамының өзгерісінің әсер етуі”,
  • ҚР Қаржы Министрілігінің эксперт кеңесі ұсынған  ХБЕС 21 қолданудың методикалық ұсыныстары,
  • ҚБЕС 9 “Операцияны шетел валютасымен есептеу” және методикалық ұсыныстар.

Іссапарды дайындаудың жалпы ережелері:

  • Басқарушы бұйрығының болуы. Бұл құжат іссапар куәлігін дайындауда және есеп беруге тиісті тұлғаға ақша қаражаттарын беру үшін негіз болады;
  • Бұйрық негізінде дайындалатын іссапар куәлігінің міндетті түрде құрылуы ;
  • Бүкіл жасалынған шығындарды растайтын, барлық құжаттары тіркелген, іссапардан қайтқан күннен кейін бес күннен артық емес мерзімде аванстық есептілікті тапсыру. 

Қызметкерді іссапарға жіберер алдында құрастырылуға тиісті құжаттар схемасы:



 

 

 

 

 

 

 

Құжатты құрастыру


үшін негіз                                                                                                 

 

Құжатты тіркеу

 


Сурет – 1         

ҚР шегіндегі іссапарлар бойынша нормативті актілерден №1428 қаулысы жасайды. Бұл құжаттағы ережелер мемлекеттік мекемелер үшін регламент етілгеніне және басқа субъектілерге арнап сілтеме жасалмағанына қарамастан, біздің пікіріміз бойынша, осы ережелердің көптеген шарттары басқа субъектілермен де қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге бұл шарттарды кәсіпорын есеп саясатында қарастыру лайықтырақ болар еді.

Қызметкерді іссапарға жіберген жағдайда кәсіпорында келесідей көрсеткіштері жазылған бұйрық шығарылады (Қосымша Б):

  • Іссапарға жіберілген қызметкердің аты-жөні, мамандығы,
  • Тағайындалған жері,
  • Іссапар мерзімі,
  • Іссапар мақсаты,
  • Керекті ақша қаражатын есеп беруге тиісті тұлғаға беру туралы жарлығы.

Бұйрық негізінде кадр бөлімі немесе басқа да сенім беретін тұлға, іссапарға шығатын қызметкерлерін есепке алынатын журналда тіркелетін іссапар куәлігін жазып береді (Қосымша В).   

Журнал формасы мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен Қазақстан Республикасы территориясында мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының  қызметтік іссапарлары туралы ережелерді бекіту туралы” №1428 Қаулысы №1 қосымшасында көрсетілген.

Іссапарға жіберілген қызметкер қолына, алдағы жоспарланған шығын шегінде ақша түрінде аванс беріледі.

Іссапарға жіберілген қызметкерге келесідей шығындар төленуі тиіс:

  1. тұрғын үй-жайды жалдауға шыққан шығыстар, құжаттар тапсыру негізінде (шот-фактура, бақылау-касса чегі). Құжаттар болмаған жағдайда компания шығындарды өтеуді есеп саясатында қарастырған тәртіп бойынша жасайды. Алайда, осы жағдайда қызметкерге төленген ақша сомасы физикалық тұлғаның табысы болып саналады да, Салық Кодексімен сәйкес салық салынады [2].
  2. іссапарда болған уақытына төленетін тәуліктік ақы. Іссапарға шығу күні болып, жіберілу күні, ал келу күні болып – тұрақты жұмыс мекеніне көліктің келу күні болып есептеледі. Тәуліктік ақы ҚР шегінде іссапарда болған уақытында тәулігіне алты айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде төленеді (Салық Кодексінің 93 бабы). Кәсіпорын өз есеп саясатында тәуліктік ақының мөлшерін алты  айлық есептік көрсеткіштен жоғары, не кем түрінде белгілей алады [2].
  3. іссапарға баратын жерге жетуге және қайтуға нақты шыққан шығыстар. Басқарушы рұқсатының негізіндегі жол жүру құжатының болмаған жағдайда, шығындар жол жүру көлігінің минималды бағасымен есептеледі және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
  4. іссапар бойынша басқадай шығындар тапсырылған құжаттар негізінде өтеледі (Қосымша Г) [2].

Информация о работе Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік және салықтық есептіліктегі көрінісі