Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2014 в 17:07, курсовая работа
Орта есеппен әр жылқыға 30 ц пішен, 6 – 8 ц жем дайындайды. Қолда ұстап баққанда бие мен айғырды сұрыптап таңдап алып шағылыстырады және қолдан ұрықтандырады. Жылқыларды 1,5 жасынан мінуге, жегуге үйретеді, үйірдегі жылқыны таңбалайды. Биелерді қорада құлындатады. Құлындаған биелерді күн жылынғанша құлынымен бірге қорада ұстап, құнарлы пішен мен жем береді. Құлынды 6 – 8 айлығында енесінен айырып бөлек күтеді. Қазақстанның оңтүстік,орталық және батыс аймақтарында бие сәуір-мамырда құлындайды. Ерте туған құлын күзге дейін өсіп жетіледі де, қыста бағуға көнбісті келеді.
Әкімбеков, Б.Р. [6]. Қандайда бір шаруашылықтың обьектілері елді мекен жерлерден белгілі бір қашықтықта орналасуы қажет. Бұл арақашықтық санитарлық – қорғау аймағы деп аталады.
Санитарлық – қорғау аймағы (СҚА) мал қораларының қабырғасымен немесе олардың ауласымен елді мекеннің арасындағы территориялары қамтиды. Бұл аймақтың негізгі міндеті – ферманы елді мекенде болатын жұқпалы аурулардан сақтау әрі құс фабрикасындағы кейбір зиянды факторлардан (жағымсыз иістер, шаң – тозаң, микроорганизмдер және т.б.) елді мекенді сақтау болып табылады. Мал шаруашылығының қора – жайлары негізінде елді мекендерден кемінде 3 км, қалалардан – 5 км, өзендер мен су қоймаларынан кемінде 2 км қашықтықта болу керек. Таңдалған жер сонымен бірге, басқа фабрикалар мен кешендерден бөлек белгілі бір зооветеринариялық ара қашықтықта болуы керек. Зооветеринариялық ара қашықтық – ол әр түрлі мал шаруашылығы қора – жайларының өзара ең аз ара қашықтығы. Оның ең негізгі мкқсаты – әр кәсіпорындарда байқалатын жарамсыз зиянды әсерлерін бір – біріне таратпау (шаң – тозаңды, микробтарды, газдарды және т.б.) Жеке және біріктірілген шаруашылықтарында бір жерге 10 мың құсты ұстауға болады.
Жануарлардың қандай да бір тұқымын жетілдіру барысында бір жетістікке жетумен қатар жаңа қиындықтар пайда болуын, сонымен қатар іріктеу мен жұптаудың әдістерін жетілдіру және тереңдету қажеттілігін селекцияның алдында тұрған үлкен сұраныс нұсқайды.
Көпшілік жағдайда малдың ауруға шалдығуы мен өлім-жетімге ұшырауы, оны дұрыс азықтандырып, күтіп бақпаудың салдарынан болады. Малға құнарлы азық беріп, қора-жайын зоогигиеналық талапқа сай таза ұстау, әрі күнделікті жұмыс тәртібін бұлжытпай орындап отыру оның ауруға шамдықтауының және өнімін мол беруінің негізгі кепілі.
Қораны үнемі желдетіп, мал ауруында жүргенде ішін кептіріп отыру.
Оның ішкі ауасының таза болуына жағдай жасайды. Бірақ қорада ызғырың болмауы тиіс. Сондай-ақ қораның терезелерін қоршауға және көлеңкелеуге болмайды. Қораның ішіне күн сәулесі өтуі үшін керегі әйнектерін үнемі сүртіп тұрған жөн. Төсеніш қорадағы малдың санитарлық – гигиеналық талаптарын жақсартуға, олардың жақсы жайғасуына, ауыз тиюден әртүрлі тері ауруларынан, жарақаттанудан қорғауға арналған. Төсеніш жақсы ылғал тартып көмір қышқылын, аммиакты, күкіртті су тегін және басқа да зиянды газдарды сіңіретін малдың терісі мен түгін ластамайтын, жұмсақ әрі серпімді, улы және тікенекті шөптерден таза болуы тиіс. (Өмірзақов, Т.У.)
Онегов, А.П. [7]. Қорада бордақыланатын малға белгілі микроклимат жағдайын жасайды. Ол мал шаруашылығын, соның ішінде ірі қара шаруашылығын шоғырландыру, интенсивтендендірудеге байланысты қорадағы қолайлы микро климаттың маңызын арттырады. Ал еденге қойылатын санитарлық – гигиеналық талаптардың мәнісі мынада: олар аздаған жылу өткізгіш, жылу сыйымды құрғақ, түзу, су сормайтын, тазалауға пайдалануға сенімді, желі жөндеуге қажет етпейтіндей болуы керек.
Бозымов Қ.Қ. [8]. Жануарларға өсіруде вет - санитарлық нысандарға қойылатын өлексені өтелдейтін орын және т.б. олардың санитарлық беріктігін сақтайтын шараларды белгілеу. Мысалы мал өлгенннен кейін оларды жинап алып өртеп жіберуі керек. Олардан аққан слекей т.б. ларлың болмауын қадағалау, орнын дизенфекциялау. Егер орнын дұрыс залалсыздандырмаса түрлі шыбын – шіркей арқылы жұқпалы аурулар тарауы мүмкін. Тасыған машина, орнын бәрін залалсыздандыру.
Әр алуан мал шаруашылығының нысандарын инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтаудағы профилактикалық санитарлық-гигиеналық жұмыстарын уақыты жүргізіп тұруымыз керек. Профилактикалық дезинфекцияны қораға басқа жақтан таралған індетті ауру қоздырғыштарды, сонымен қоса шартты ауру қоздырғыш микробтарды да жою мақсатымен жүргізіледі. Жылқы шаруашылықтары айнала қоршалып жел өтіне қарсы ағаштар егілгені дұрыс.
Сонымен қатар құлын өсіретін қора және оның ішіндегі жабдықтар технологиялық жобалау нормасына сәйкес болуы тиіс. Ат қора тік бұрышты, Г бейнелі (кескінді) және П кескінді формада салынады. Ат қорада мал орны және әжіре екі қатар орналасады; қораның орталығында жем-шөп тарататын және қи шығаратын ені 2,6-3 м жол өткелі болуы тиіс. Жылқы зауыттарында бие үшін әжірелер кораның ортасында орналасады (әжіре саны әр қатарда 12 пайыздан көп болмау керек), ал қабырғаның екі шетінен ені 2 м жүретін жол қалдырады.
Н.А.Юрасов ат спортының ертеде Эллада, Римде, Византияада кейінірек басқа да елдерде пайда болып, біздің дәуірімізге дейін сақталғанын айта келіп, спорт жылқыға индустриялды баға беруге, соған орай тұқым мал жазбаларын тіркеп, жекелей іріктеуге берік негіз болды деген тұжырым жасайды. Ресейде 1880 жылдан бастап пайда болған ат спорты бағытының дамуы жылқы зауттары иелерін жарыстар натежиесін тіркеуге, таңдаулы жылқылардын шығу тегі жайлы мәліметтерді жариялауға мәжбүр етті. Кейбір рекорд жасаған жылқылар тұқымына деген ынтықтың пайда болып, көптеген зауыттар өздерінде өсірілетін белгілі тұқым типтерін жайып алуға дейін барады.
Бірақ осы жайттар, әсіресе жүйрік аттардың тегіне деген қызығушылық әлгі таңдауды бие мен айғырдың өзіне ғана емес, олардың ұрпағына да назар аудара бастады. Сөйтіп мал шаруашылығы тәжірибесіне малды ұрпағының сапасына қарайбағалау мәселесі ене бастады. Мұның тұқым асылдандыру жұмысына пайдадан басқа зияны жоқ болған. Міне, осындай жұмыстардың нәтижесі ретінде кезінді әр елде шығарылған жылқының ахалтеке, араб, текті мініс,орлов, американ жеелгіші секілді тұқымдарын атауға болады.
Ветеринариялық практикада дезинфекция үшін сілтіні жиі қолданады. Олар: натрий гидроокисі, күйдіргіш калий және натрий, сөндірілген және жаңадан сөндірілген әк, сакар (поташ), сода, кальцийленген сода және т.б.
Суық кезеңде қорада керекті ауа алмасу деңгейі мен нормативтік температураны ұстап тұру үшін міндетті түрде қосымша жылу көздері қарастырылуы қажет. Қолданылатын жылу көздерін тиімді пайдалану үшін мамандар әр қораға сай жетпейтін жылудын мөлшерін анықтап отырулары қажет. Жылу дефициті — ол жылудың жетіспеушілігі. Жылу дефицитін толықтыру үшін қоралардағы саңылауларды қымтайды, ондағы мал басының мөлшерін сақтайды, электр жүйелі қондырғыларды және т.б. қолданады. (Әкімбеков,Б.Р)
3.1. Мал қораларына қойылатын зоогигиеналық талаптар
Фермаларды желден тасалау, жерасты сулары жер бетіне кемінде 2 м жақын, биіктеу жерге орналастырады. Фермалар тұрғын үйлерден 200-300 м қашықтықта, желдің ық жағында және елді мекеннен жер бедері бойынша төмен орналасуға тиіс. Ферма жолдан және ірі автомобиль жолдарынан кемінде 300 м, жергілікті маңызы бар жолдардан кемінде 50 м қашықтықта болуы керек. Малға арналған қоралардың арасы 30 м-ден кем болмауға тиіс, ал көң сақтайтын қойма фермадан кемінде 50 м қашықтықта болуы керек.
Гигиена - малды суықтың, ыстықтың, зиянды газдар мен улы заттардың әсерінен қорғау мақсатында сыртқы ортаны, олардың денсаулығы мен қондылығына тигізетін ықпалын зерттейтін малдың денсаулығын сақтау туралы ғылым, зоогигиеналық зерттеулерді есепке ала отырып, фермаға орын таңдалады, мал қоралары салынады, малды азықтандыру мен күтіп-бағудың әдістері белгіленеді.
Гигиеналық талаптар тұрғысынан алғанда ағаш ең жақсы құрылыс материалы болып есептеледі. Жылу-өткізгішті төмен және ылғал тартқыштығы жоғары болғандықтан, ағаштан жасалған қорадағы ауа тас немесе бетон қорадағы ауадан гөрі жылы әрі құрғақ. Бірақ ағаш ұзаққа шыдамайды және біршама тезірек шіри бастайды.
Бетон жанбайды, ұзаққа шыдайды және шірімейді. Құрастырмалы темірбетонды құрылымдардан қол еңбегін мейлінше аз жұмсай отырып, құрылысты тез салуға болады. Жоғары жылу өткізгіштігі бетонның жағымсыз қасиеті болып табылады.
Іргетас (қораның жерасты бөлігі) үнтаспа (ленталы) немесе үзілмелі бағана түрінде жасалады, ол ғимараттың салмағын көтеруге тиіс. Іргетасты жұмыр, жақпар тастардан, кірпіштен немесе құрастырмалы темірбетонды құрылымнан төсейді. Іргетастың жер бетіндегі жоғарғы бөлігі цоколь деп аталады. Цокольдің биіктігі кемінде 20-30 см болуы керек. Қабырғалар тікелей цокольға тұрғызылады. Ылғал жерден қабырғаға өтпес үшін цоколь мен қабырғаның арасына майлы қарақағаз, рубероид салынады.
Қабырға мейлінше берік, құрғақ, әрі қыста қатпауға тиіс. Оларды жұмыр ағаштан, кірпіштен, темірбетонды панельден өреді. Қабырғаның ішкі жағы сыланып, әктеледі. Егер қабырғалар тоңазитын болса, оларды екі жағынан да сылайды.
Қораның төбесі қораны шатырдан бөліп, оны жылытады. Қыс кезінде ол жылудың шатыр арқылы берілуіне кедергі келтіреді, ал жазғы аптапта қораны ысып кетуде я сақтайды. Төбесін жылу өткізгіштігі төмен, ылғал тартқыштығы жоғары материалдан жасайды.
Еден жылы, берік, тегіс және кедір-бұдырлау, мал тайғанақтамас үшін дезинфекция жасауға оңтайлы болуы керек. Ең тәуірі - ағаштан жасалған еден, бірақ ол тез тозады. Бетон едендер өте берік, оңай дезинфекцияланады, бірақ өте жоғары жылу өткізгіштігімен тым тиімсіз. Асфальт еден суық болады және тез тозады.
Шатыр мен оның жабындысы қораны жауын-шашыннан, ыстықтан сақтауға тиіс. Шатырдың жабындысына қаңылтыр, шифер, жабынқыш (черепица), рубероид, ұсақ қиыршық пайдаланады.
Қақпа мен есіктер тығыз жабылуы, жылытуы және жымдасуы тиіс. Қақпалар сыртқа қарай ашылуға тиіс. Қысы суық жерлерде кақпаларға жапсарластыра тамбурлар соғылады.
Терезелер мал қораларын табиғи түрде жарықтандыру үшін қажет, бірақ олар арқылы жылу көп мөлшерде шығады. Сондықтан терезенің қораптары қабырғаға жақсы киюластырылып жасалуы тиіс.
Қораны желдету жүйесі табиғи, механикалық немесе сергітерлік және аралас болуы мүмкін. Табиғи желдету жүйесі - ауа тартатын құбырлар төбелік арқылы шатырға шығарылған, ал ауа келетін арналар қабырғаның жоғарғы бөлігіне орналасқан.
Сергітерлік желдету анағұрлым жетілдірілген. Әдетте, ол ауа түсетін және ауа тартатын электр желдеткіш қондырғылардан тұрады. Қысы өте салқын аудандарда ішке түсетін ауаны жылытатын калориферлі желдеткіш қондырғылары пайдаланылады. Ауаны жылытып немесе салқындататын, құрғатып немесе ылғалдандыратын, тіпті, шаңнан тазалап, дезинфекциялайтын қондырғылар - кондиционерлер барған сайын кеңінен қолданылуда.
Асыл тұқымды шаруашылықтарда малды қорада баққанда айғырлар үшін 5-10 басқа, ал биелер үшін 40-50 басқа қора салады; жарататын жас малға да 40-80 басқа қора салады. Қазіргі уақытта әр шаруашылық жылқыға арналған қораларды өздеріне лайықтап салуда.
Тауарлы және асыл тұқымды шаруашылықтарда малды табында баққанда 40 ірі жылқыға арнап қора салады, жеңілдеу бастырманы 100 басқа арнап салады да, ал жаратуға арналған жас малдарға арнап 40 басқа салады. Сонымен қатар жеңілдеу қора, бастырма және малдарды күтіп-қарайтын қоралар салынуы тиіс.
Қорадағы әжірелердің саны жұмыс келігі үшін 20 пайыз аттардан аспауы керек, биелерді табында баққанда жеңілдеу қора қалқанын 10 пайыз басқа арнап салу керек, жас малдар үшін осы қалқан — 5 пайыз мал басынан аспауы керек, ірі жылқылар үшін қымыз өндірстің фермада 25 пайыз мал басына қора салынуы тиіс.
Барлық қораларда жемді, ірі шөпті және төсенішті сақтау, арба әбзелдерін (инвентарная) басқа да мүліктерді сақтайтын бөлме және су құятын ыдыс алаңы, душ бөлмесі болуы тиіс.
Биелер және айғырлар үшін арналған қораларда биені қашыруға арналған манеж болуы тиіс, ұрықты тексерудсн өткізу бөлмесі, жаратуға арналған жас малға бөлек бөлме жәнс оларды жегуге, ерттеуге, серуендетуге арналған манеж, суы бар душ әжіресі, ал енді қымыз өндіретін фермада бие сауатын бөлме, сүт пен ашытқы дайындайтын бөлме, сүт-қымыз құятын, ыдыс жуатын және басқа да қосымша бөлмелер, суықтату камерасы және лаборатория қарастырылады. Мал фермасының территориясында бұдан басқа да қосымша бөлмелер және құрылыстар орналасуы керек: мал дәрігерлік объектілер, манеж, автотаразы, канализация, су, электр және жылу жабдықтары, ұстахана, шеберхана, жылқыны серуендететін механикалық жетектегіш, жем-шөптің, төсеніштің, шаруашылық мүліктер (құрал-саймандар), ки қоймасы, әкімшілік және тұтыну бөлмелері.
Жылқы шаруашылықтары айнала қоршалып жел өтіне қарсы ағаштар егілгені дұрыс.
Ат қора және оның ішіндегі жабдықтар технологиялық жобалау нормасына сәйкес болуы тиіс. Ат қора тік бұрышты, Г бейнелі (кескінді) және П кескінді формада салынады. Ат қорада мал орны және әжіре екі қатар орналасады; қораның орталығында жем-шөп тарататын және қи шығаратын ені 2,6-3 м жол өткелі болуы тиіс. Жылқы зауыттарында бие үшін әжірелер кораның ортасында орналасады (әжіре саны әр қатарда 12 пайыздан көп болмау керек), ал қабырғаның екі шетінен ені 2 м жүретін жол қалдырады.
Жұмыс көліктеріне арналған қорада аттар төрт қатар орынға орналастырылады. Әр қатарда ат тұратын орын саны 30 пайыздан аспау керек. Ал қораның ортасында кезекшіге арналған бөлме, ат әбзелдері және құрал-саймандар тұратын, жем-шөп қоятын бөлмелер және су құятын ыдысқа арналған алаң, сонымен қатар асыл тұқымды малға арналған қорада — манеж болуы тиіс. Жеңілдеу корада топта күтіп-бағатын 25 басқа арналған секция болуы тиіс.
3.2.Құлындарды өсіру,күтіп – бағу технологиясы, микроклимат параметрлерін қадағалау, желдету, жылу балансын, жарықтандыру, төсеніш түрлері.
Ең бастысы жаңа туған құлындарды суықтан (қорада температура 6-10ºС болу керек),алғашқы дымқылдан және желден сақтау керек.Сондықтан оларға құрғақ,таза әрі жылы төсеніш керек.
Жас төлдерді көбінесе көктемнің басында (наурыз-сәуір) болады, сондықтан ат қорада температура кем дегенде 6-10°С болуы және өтпе желдер болмауы ерекше маңызды. Қалыпты дамыған құлын туғаннан кейін бірден аяғына тұрып, анасының емшегін табуға тырысады, әрине, ауыздануға көмектесіп жіберу керек. Құлын туғаннан кейін 30 минуттан 1 сағат аралығында уыз екені абзал. Аяғын нық басқаннан кейін құлындар анасын өздігінен еме бастайды. Тоңғағы түспеген кезде құлындарға жылы сумен клизма қояды.