Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар мен іске қатысушы тұлғалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2014 в 18:47, контрольная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының сақталуы мен заңды мүдделерінің қорғалуы заңның үстемдігі қамтамасыз етілетін мемлекетте ғана мүмкін. Өз кезегінде мұндай мүмкіндік мемлекеттік механизмде биліктердің бөлінуі мен өзара іс-қимылын толық көлемінде істей шығуы және сот билігіне тән ерекше рөлдің атқарылуы арқылы іске асырылады.

Содержание

КІРІСПЕ. ___________________________________________________5-7
1 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СУДЬЯНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ.
1.1 Судьяның тәуелсіздігі принципінін түсінігі және
оның маңызы _______________________________________________8-15
1.2 Судьяның тәуелсіздігі принципінін сот билігінің
басқа принциптерімен ара қатынасы ____________________________16-34
2 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН СОТТАҒЫ ӨКІЛДЕР.
2.1 Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар мен іске
қатысушы тұлғалар________________________________________35-48
2.2 Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін
көмектесуші тұлғалар_____________________________________48-59
2.3 Соттағы өкілдер__________________________________________59-62
ҚОРЫТЫНДЫ ______________________________________________63-66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ _____________________67-68

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-СОТ-ЖҮЙЕСІНДЕГІ-СОТ-ТӨРЕЛЕР.doc

— 455.00 Кб (Скачать файл)

Жақын туыстардың шеңбері Неке және отбасы туралы заңда бекітіледі. Осы заңның 1-бабының 13-тармағында жақын туыстарға: ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алғандар, ағалы қарындастар, ата-әжелері, немелері кіреді делінген. 

АІЖК-нің 17-бабында куәлік жауап беру міндетінен босатылғандар көрсетілген. Осы бапта көзделген жағдайларда аталған адамдар жауаптар беруден бас тартуға құқылы және бұл үшін қандай да болсын жауапқа тартылмайды.

АІЖК-нің 79-бабының 4-тармағына сәйкес куәні шақырутуралы өтініш жасаған адам оның тегін, атын, әкесінің атын және тұратын жерін немесе жұмыс орнын хабарлауға, бұл куәдан жауап алу қажеттілігін негіздеуге міндетті. Куәдан жауап алу заңда реттелген тәртіп негізінде жүргізілуі тиіс. Керісінше жағдайда олар дәлелдеме ретінде қолданылмайды. Ереже бойынша куәден жауап алу сот мәжілісінде өтеді. Куәлерден жауап алу тәртібі мен оны жариялау  АІЖК-нің 196-200-баптарында қарастырылған.

Куәдан жауап алынғанға дейін төрағалық етуші куәнің кім екенін анықтайды, оның міндеттері мен құқықтарын түсіндіреді және оған жауап беруден бас тартқаныүшін және көрінеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершілік жөнінде ескертеді. Куәға – сондай-ақ өз-өзіне, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы айғақ беруден, ал діни қызметшілерге өздеріне тәубаға келу кезінде сенім білдіргендерге қарсы айғақ беруден бас тартуға құқығы барын түсіндіреді. Куәдан оған оның міндеттері мен жауапкершілігі түсіндірілгендігі туралы қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.

Он алты жасқа толмаған куәға судья оған іс бойынша мәлім нәрсенің бәрін шынайы айтып беру міндетін түсіндіреді, бірақ оған жауап беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершілік жөнінде ескертілмейді.

Әрбір куәдан жауап жеке-жеке алынады. Әлі айғақ бермеген куәлер істі қарау кезінде сот отырысы залында бола алмайды. Егер сот оған ертерек кетуге рұқсат бермесе, жауап алынған куә істі қарау аяқталғанға дейін сот отырысы залында қалады.

Он алты жасқа толмаған куә сот бұл куәні сот отырысы залында болуы қажет деп таныған жағдайларды қоспағанда, куә одан жауап алу аяқталған соң сот отырысы залынан шығарылады. Төрағалық етуші куәнің іске қатысушы адамдарға қатысын анықтайды және іс бойынша оған өзіне мәлім нәрсенің бәрін сотқа хабарлауды ұсынады. Куә іс бойынша заңды қызығушылыққа ие емес тұлға болып табылады. Дегенмен куәнің және іске қатысушылардың арасындағы қатынасты судья оның куәлік жауап беруі кезінде бағалайды.

Куә істің мән-жайы бойынша көріп-білгенін еркін әңгіме нысанында жеткізеді. Бұдан кейін куәға сұрақтар қойылуы мүмкін. Бірінші болып арызы бойынша куә мен оның өкілі шақырылған адам, содан соң іске қатысушы басқа адамдар мен өкілдер сұрақ қояды. Судья куәдан жауап алудың кез-келген сәтінде оған сұрақ қоюға құқылы.

Қажет болған жағдайда сот осы немесе келесі отырыста куәдан екінші реет жауап ала алады, сондай-ақ олардың айғақтарындағы қайшылықтарды айқындау үшін куәлар арасында беттестіру жүргізеді.

Куәлар жауап беру кезінде жазбаша материалдарды пайдалануы мүмкін, егер жауап әлдеқандай сандармен немесе есте сақтау қиын басқа деректермен байланысты болған жағдайларда. Бұл материалдар сотқа және іске қатысушы адамдарға көрсетіледі және соттың ұйғарымы бойынша іске қоса тіркелуі мүмкін. Куәға оның айғақтарына қатысты оның қолында бар құжаттарды оқуына рұқсат етіледі. Бұл құжаттар сотқа көрсетіледі және оның ұйғарымы бойынша іске қоса тіркелуі мүмкін.

Заң арнайы кәмелетке толмаған куәлерден жауап алудың тәртібін қарастырған. Он төрт жасқа толмаған куәден жауап алу, ал соттың қалауы бойынша он төрт жас пен он алты жас аралығындағы куәден жауап алу да сотқа шақырылатын педагогтың қатысуымен жасалады. Қажет болған жағдайда кәмелетке толмаған куәнің заңды өкілдері де шақырылады.  Аталған адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен куәға сұрақ қоя алады, сондай-ақ куәнің жеке басына және оның Берген айғақтарының мазмұнына қатысты өз пікірін айта алады. Істің мән-жайын анықтау үшін қажет болатын ерекше жағдайларда, кәмелетке толмаған куәден жауап алынған уақытта сот ұйғарымы бойынша сот отырысы залынан іске қатысушы қандай да бір адам шақырылуы мүмкін. Бұл адам сот отырысы залына қайта келгенде оған кәмелетке толмаған куәнің айғақтарының мазмұны хабарланып, куәға сұрақтар қою мүмкіндігі берілуге тиіс.

Куәлерден сотта істі талқылағанға дейін АІЖК-нің 73-бабы бойынша сот тапсырмаларын орындау кезінде, 74-бап бойынша дәлелдемелерді қамтамасыз ету кезінде, 190-бап бойынша істі қарауды кейінге қалдырған кезде жауап алынуы мүмкін.

Аталған жағдайлардың барлығында куәлердің жауабы сот хаттамасына тіркеледі және сот мәжілісінде жарияланады. Жарияланған соң іске қатысушылар куәнің жауаптарына қатысты пікірлерін айтуға және түсіндірмелер беруге құқылы.

АІЖК-нің 80-бабында куәлердің міндеттері мен  құқықтары берілген.

Куә ретінде шақырылған адам сотқа тағайындалған уақытта келуге және шынайы айғақ беруге міндетті. Көрінеу жалған айғақ бергені және заңда көзделмеген негіздер бойынша айғақ беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін куә Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 352,353- баптарында көзделген жауаптылықта болады.

Науқастығының, қарттығының, мүгедектігінің  немесе басқа да дәлелді себептерінің салдарынан соттың шақыруы бойынша келуге жағдайы болмаса, сот куәден өзі барған жерінде жауап алуы мүмкін.

Куәнің сотқа шақырылуына байланысты шығындарды өтеттіруге және уақытын жоғалтуына байланысты ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.             Шығындар мен өтемақылардың мөлшері Қазақстан Республикасының заңдарымен  белгіленеді.

Аталғандардан бөлек куәлердің мынандай қиындықтары бар:

- куәлік жауапты өз аана тілінде  беруге немесе аудармашылардың  көмегін алуға АІЖК-нің 14-бабының 3,4-тармағы;

- куәлер соттан істі қарауды кейінге қалдырған кезде өздерінен жауап алуды сұрануға АІЖК 190-бабы;

- сотта іс талқыланып біткенше  сот залынан шыға тұру жөнінде  өтінуге АІЖК-нің 197-бабының 5-тармағы;

- куәлік жауап беру кезінде  жазбаша материалдарды пайдалануына  АІЖК-нің 198-бабы;

Куәнің жауаптарын бағалау тұлғалардың түрлі жауап беру мүмкіндіктеріне, істің мән-жайын қабылдау және жеткізу шарттарына, байланысты жүргізіледі.

Істің мән-жайын бақылау, қабылдау, есте сақтау куәлік жауап берушінің мамандығына, мінезінің арнайы ерекшеліктеріне, жалпы мәдени және даму деңгейіне, жасына, көңіл-күйіне, жағдайына байланысты болады.

Сарапшының қорытындысы.     

1999 жылы қабылданған ҚР Азаматтық  іс жүргізу кодексі сарапшының  қорытындысына байланысты сұрақтарды  толық реттейді.

Сарапшының қорытындысының ұғымы дәлелдемеменің бір түрі ретінде АІЖК-нің 96-бабының 1-тармағында берілген. Сарапшының қорытындысы – бұл сарапшының алдына сот немесе тараптар қойған мәселелер бойынша іс материалдарын зерттеуге, оның ішінде арнайы ғылыми білімдерді пайдалана отырып жүргізілген заттай дәлелдемелер мен үлгілерге негізделген жазбаша нысанда ұсынылған қорытындылар қажетті зерттеулер жүргізілгеннен кейін оның нәтижелерін ескере отырып сарапшы өз атынан қорытынды жасап, оны өз қолын қоюы және жеке мөрі арқылы растап, сараптама тағайындалған сотқа жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органы жүргізген жағдайда сарапшының қолы атылған органның мөрімен куәландырылады.

АІЖК-нің 96-бабының 3-тармағына сәйкес сарапшының қорытындысының мазмұны  төмендегідей болуы тиіс:

- қашан, қай жерде, кім (тегі, аты, әкесінің  аты, білімі, мамандығы, мамандығы бойынша  жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі  және ғылыми атағы, атқаратын  қызметі) ;

- қандай негізде сараптама жүргізілгені, көрінеу жалған қорытынды бергені  үшін қылмыстық жауаптылығы туралы өзіне ескертілгені туралы сарапшының қол қоюы арқылы куәландырылған белгі;

- сарапшының алдына қойылған  сұрақтар ;

- сараптама жүргізу кезінде  кімнің қатысқаны және қандай  түсініктемелер берілгені;

- сарапшы істің қандай материалдарын пайдаланғаны;

- қандай объектілердің зерттелгені;

- қандай зерттеулер жүргізілгені, қандай әдістер қолданылғаны  және олардың қандай дәрежеде  сенімді екені;

Қойылған сұрақтарға негізді жауаптар көсетілуге тиіс. Егер сараптама жүргізу кезінде сарапшы іс үшін маңызы бар, олар туралы сұрақ қойылмаған мән-жайларды анықтаса, ол бұларды өз қорытындысында көрсетуге құқылы.

Егер сарапшының зерттеу жүргізілгенге дейін оның алдына қойылған мәселелердің арнайы білімдерінің шегінен тыс екеніне не оған ұсынылған материалдар қорытынды беру үшін жарамсыз немесе жеткіліксіз екеніне және олардың толықтырылуы мүмкін емес екеніне, не ғылым мен сараптама практикасының жай-күйі қойылған сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік бермейтініне көзі жетсе, ол қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді хабарлама жазып, оны сотқа жібереді.

Сарапшының қорытындысына зерттеуден кейін қалған объектілер, оның ішінде үлгілер, сондай-ақ фотокестелер, тәсілдер, графиктер, кестелер және сарапшының қорытындысын растайтын басқа да материалдар қоса тіркелуге тиіс. Қорытындының қосымшасына сарапшы қол қояды.

Сарапшы қорытындысы сот отырысында жария етіледі.

Қорытындыны түсіндіру және оны толықтыру мақсатында сарапшыға сұрақтар қойылуы мүмкін. Арызы бойынша сараптама тағайындалған адам және оның өкілі бірінші болып, ал содан соң – іске қатысушы басқа да адамдар мен өкілдер сұрақтар қояды. Сот тағайындаған сараптама жүргізу тапсырылған сарапшыға бірінші болып талап қоюшы мен оның өкілі сұрақ қояды. Сот срапшыға одан жауап алудың кез-келген сәтінде сұрақтар қоюға құқылы. Сарапшының ауызша түсініктемесі ол бұрын берген қорытындының бөлігін ғана түсіндірудің дәлелдемелері болып табылады. АІЖК-нің 96-бабының 6-тармағы.

Ғылыми әдебиеттерде сарапшының қорытындысын басқа дәлелдемелерімен салыстырғанда  «ерекше» дәлелдеме ретінде қарастыруға болмайды деп көрсетілген. (М.К. Треушников). Сарапшының қорытындысы дәлелдемелерді бағалаудың жалпы тәртібі бойынша бағаланады. АІЖК-нің 16,70,77-баптары.

Сарапшының қорытындысы сот үшін міндетті болып табылмайды, бірақ оның қорытындысымен  келіспеуі дәлелді болуға тиіс. Сот сарапшының қорытындысын бағалай келе сараптама тағайындауда іс жүргізу нормаларының сақталуына анализ жасайды және тараптармен мүдделі тұлғалардың құқықтары, сарапшының зерттеу әдістерін қолданудағы ғылымилығы сақталынды ма соған көңіл аударады. (М.К.Треушников).

Сарапшы ретінде іске мүдделі емес тұлға тағайындалады. Мынандай тұлғалар сарапшы ретінде тағайындалмайды:

- осы істі мұнын алдындағы  қарау кезінде судья, куә, маман, аудармашы, өкіл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса;

- іске қатысушы адамдардың немесе  олардың өкілдерінің біреуінің  туысы болса;

- Істің нәтижесіне жеке, тікелей  немесе жанама түрде мүдделі  не оның әділдігіне негізді  күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса;

- Іске қатысушы адамдарға немесе  олардың өкілдеріне қызмет жағынан  немесе өзгедей тәуелді болса  немесе тәуелділікте болып келсе;

- Ол тексеру жүргізіп, оның материалдары  сотқа жүгінуге негіз болса  не осы азаматтың істі қарағанда  пайдаланылса, істі қарауға қатыса алмайды.

Сарапшының құқықтары мен міндеттері АІЖК-нің 92бабында көрсетілген:

Сарапшы – істің сараптама нысанасына қатысты материалдарымен танысуға;

- қорытынды беру үшін қажетті  қосымша материалдарды өзіне  беру туралы өтініш жасауға;

- соттың рұқсатымен сот отырысына қатысуға және оған қатысушыларға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға;

- тиісті бөлігінде сот отырысының  хаттамасымен танысуға және өзінің  әрекеті мен жауаптарының толық  әрі дұрыс көрсетілуіне қатысты  хаттамаға енгізілуіне тиісті ескертулер жасауға;

- өзінің бастамасы бойынша сараптама  жүргізу кезінде белгілі болған, іс үшін маңызы бар мән-жайларды  қорытындыда көрсетуге;

- өзінің анна тілінде немесе  өзі білетін тілде қорытынды  ұсынуға және айғақ беруге, аудармашының  тегін көмегін пайдалануға;

- сараптама жүргізу кезінде  өз құқығына нұқсан келтіретін  сот әрекетіне шағым жасауға;

- Өзінің арнаулы білімінің шегінен  тысқары мәселелер бойынша, сондай-ақ  егер өзіне берілген материалдар  қорытынды беру үшін жеткіліксіз  болған жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға;

- сараптама жүргізу кезінде  келтірген шығындарға өтем және  егер сот сараптамасын жүргізу  өзінің қызметін міндеттерінің  шеңберіне кірмесе, орындалған жұмыс  үшін сыйақы алуға құқығы бар.

Сарапшының мынандай әрекеттерді  жасауға құқығы жоқ:

- Соттан басқа іске қатысушы  адамдармен сараптама жүргізуге  байланысты мәселелер бойынша  келіссөздер жүргізуге;

- Сараптаманың зерттеу үшін  өз бетінше материалдар жинауға;

- Егер сараптама тағайындаған  соттың оған арнаулы рұқсаты  болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге;

Сарапшының міндеттері:

- сарапшы соттың шақыруы бойынша  келуге;

- өзінің алдында қойылған мәселелер  бойынша негізделген және объективті қорытынды беруге;

- жургізілген зерттеулер мен  берілген қорытындыға байланысты  мәселелер бойынша айғақ беруге;

Информация о работе Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар мен іске қатысушы тұлғалар