Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2014 в 18:47, контрольная работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының сақталуы мен заңды мүдделерінің қорғалуы заңның үстемдігі қамтамасыз етілетін мемлекетте ғана мүмкін. Өз кезегінде мұндай мүмкіндік мемлекеттік механизмде биліктердің бөлінуі мен өзара іс-қимылын толық көлемінде істей шығуы және сот билігіне тән ерекше рөлдің атқарылуы арқылы іске асырылады.
КІРІСПЕ. ___________________________________________________5-7
1 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СУДЬЯНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ.
1.1 Судьяның тәуелсіздігі принципінін түсінігі және
оның маңызы _______________________________________________8-15
1.2 Судьяның тәуелсіздігі принципінін сот билігінің
басқа принциптерімен ара қатынасы ____________________________16-34
2 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН СОТТАҒЫ ӨКІЛДЕР.
2.1 Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар мен іске
қатысушы тұлғалар________________________________________35-48
2.2 Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін
көмектесуші тұлғалар_____________________________________48-59
2.3 Соттағы өкілдер__________________________________________59-62
ҚОРЫТЫНДЫ ______________________________________________63-66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ _____________________67-68
Сот іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында өз бастамасымен дәлелдеме жинаудан толығымен босатылған. Бірақ АІЖК-нің 15-бабының 2-тармағы бойынша заңда көзделген жағдайларда іс үшін маңызы бар материалдарды алып беруге көмектеседі.
Сонымен, тараптар немесе басқа да іске қатысушылар ұсынған немесе мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша соттың сұрату тәртібімен алынған дәлелдемелерді зерттеу және бағалауды сот жүзеге асырады.
Азаматтық іс жүргізу заңдарының мазмұнынан дәлелдеудің субъектісі-тараптар, басқа да қатысушылар және сот екені анықталып отыр.
Жоғарыда айтылған пікірлерді есепке ала отырып: соттық дәлелдеу дегеніміз - дәлелдемелерді жинау, ұсыну және зерттеуге қатысты тараптар және іске қатысушы тұлғалар; дәлелдемелерді зерттеу және бағалауға қатысты соттардың дәлелдемелерді қолдану жолымен іс үшін маңызы бар заңдық фактілерді бекітуге бағытталған ойлау және іс жүргізу әрекеттері деген анықтама тұжырымға тоқталамыз.
Іске қатысушы тұлғалар олар тараптар азаматтық процестің негізгі қатысушылары болып табылады.
Тараптар дегеніміз- шын мәнінде немесе болжанған материалдық құқыққатынасының субъектісі ол талапкер немесе жауапкер болып табылады. Тараптар істің барысында материалдық құқықтық және процессуалдық құқықтық қызығушылыққа ие болады.
Тараптардың белгілері:
1.Материалдың және
2.Заңды күшіне енген сот
3.Іс бойынша сот шығындарын төлеу міндеттерінің жүктелуі.
Өз мүдделерін немесе талап қойылған мүдделерді көздеп талап қоюшы азаматтар мен заңды тұлғалар-талапкерлер болып табылады.
Талап қоюшының талабына сәйкес сотта жауапқа тартылатын тұлға жауапкер болып табылады.
Азаматтық іс жүргізуде мемлекетте бір тарап болуы мүмкін.
Тараптардың құқықтары мен міндеттері АІЖК 47,49-баптарында қарастырылған. Іске қатысушы тұлғалар іс материалдарымен танысуға, олардан көшірмелер түсіруге, қарсылықтарын мәлімдеуге, дәлелдемелер табыстауға, сұрақтар қоюға, өтінім жасауға, түсініктемелер беруге, сот жарыссөздеріне қатысуға, хаттамамен танысуға, оған ескертпелер келтіруге, сот актілеріне шағымдануға т.б. әрекеттер жасауға құқылы.
Одан басқа талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талаптың мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға, талаптан бас тартуға құқылы.
Жауапкер талап қоюды тануға құқылы, бұл туралы қолхат жазып беруі тиіс. Тараптар істі бітімгершілікпен аяқтай алады, оған тараптар қол қояды және сотпен бекітіледі.
Олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға міндетті.
Азаматтық процесте бірнеше талапкер және бірнеше жауапкер бірге бір мезгілде іске қатысуы мүмкін. Мұндай қатысу іс жүргізуде тең қатысу деп аталады.
Тең қатысу АІЖК 50- бабында қарастырылған.
Тең қатысудың мақсаты:
а) Сот процесін жылдамдату және жеңілдету.
б)Сот пен тараптардың жұмысын оңайлату (дәлелдемелерді шоғырландыру)
в) Сот шығындарын азайту.
Тең қатысу мынандай екі жағдайда пайда болады:
а) Даудың пәні жалпы құқыққа немесе міндетке негізделсе (мыс:мұрагерлік құқық, міндеттемелік құқыққа жауапкершілік)
б) Талап бір негізден туындаса (мыс:бірнеше тұлғаның бірігіп залал келтіруі)
Тең қатысу активті, пассивті және аралас болып үшке бөлінеді.
а) Бірнеше талапкердің бір жауапкерге қарсы талап қоюы активті қатысу деп аталады.
б) Бір талапкер бірнеше жауапкерге қарсы талап қойса пассивті қатысу болып табылады.
в) Біренше талапкер бірнеше жауапкерге қарсы талап қоятын болса бұл аралас қатысу деп аталады.
Тең қатысу –міндетті не факультетті болуы мүмкін.
Міндетті қатысуда сот тең қатысушылардың барлығын іске қатысуға мңндеттейді.
Факультативті қатысу-бірнеше қатысушының бірыңғай талабын өзара бір қатысушыға тапсыру мүмкіндігі. Істі жүргізуді тапсыру сенімхат арқылы немесе ауызша жүргізіледі. Талап қоюшылардың немесе жауапкерлердің әрқайсысы екінші тарапқа қатысты процесте дербес болады.
Заңсыз немесе негізгіз жауапкер ретінде іске тартылған тұлға – тиісті емес жауапкер деп аталынады. Сот істі дайындау үстінде немесе бірінші сатыдағы сотта оны қарау кезінде талап бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап қойылып отырғанын анықтаса, істі тоқтатпай талап қоюшының өтініші бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады.
Тиісті емес жауапкерді ауыстыру үшін талапкердің келісімі керек және ол сот ұйғарымымен рәсімделеді.
Егер тарапты ауыстыру сот талқылауы үстінде жүргізілсе, істі қарау кейінге қалдырылады.
Тарап ауыстырылғаннан кейін
істі әзірлеу және қарау
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 54- бабының 1- тармағы бойынша даулы немесе шешіммен белгіленген құқық қатынастарынан тараптардың біреуі шығып қалған жағдайларда (азаматтың қайтыс болуы, заңды тұлғаның таратылуы т.б) сот ол тарапты оның құқық мирасқорымен ауыстырады.
Құқық миросқорлығы процестің кез – келген сатысында мүмкін болады. (1,2,3 инстанцияда істі қарағанда).
Процеске құқық мирасқорының, кіруі жөнінде сот ұйғарым шығарады. Мұндай ұйғарым шағымдануға жатпайды. Құқық мирасқоры іске қатысу үшін өзінің құқықмирасқоры екенін дәлелдейтін құжатын көрсетуі тиіс. Мысалы, мұраға иелік ету, заңды тұлғаның қайта құрылғаны т.б.
Іс жүргізу құқықмирасқорының тиісті емес тарапты ауыстырудан мынандай айырмашылығы бар:
Егер құқықмирақоры іске кірісуге қарсылық білдірсе 247- баптың 3- тармағы бойынша іс қысқартылады.
Құқықмирасқоры өзіне дейінгі қатысқан яғни, құқықмирасын берушінің жасаған әрекеттерін жалғастырады. Мысалы, құқықмирасқоры өзіне дейінгі тапсырылып зерттелген дәлелдемелерді қайта жинауға, тапсыруға құқығы жоқ, егер құқықмирасын беруші оны өз қатысумен тапсырып, зерттеген болса.
Азаматтық іс жүргізуге үшінші тұлғалардың қатысуы. Олардың түрлері.
Үшінші тұлгғалар АІЖҚ 44-бабаына сәйкес іске қатысушы тұлғалардың құрамына кіреді. Сондықтан іске қатысушы тұлғаларға тән белгілер үшінші тұлғалар да тиісті болады. Атап айтқанда:
- іс барысында заңды
- іс жүргізуде өз атынан
- процестің қозғалуына, өзгеруіне, тоқтатылуына себебін тигізеді.
- сот шешімінің заңды күші тікелей әсер етеді.
Үшінші тұлғалар
АІЖК 47-бабында қаратырылған
Егер азаматтық іс жүргізуде тек талаптар мен жауапкер ғана қатысатын болса бұл жай құрамды қатысушылардан тұратын процесс болып табылады.
Кейбір құқық жөніндегі дауларды шешу барысында тараптардың материалдық-құқықтық мүдделерімен қоса басқа тұлғалардың да мүдделері қорғалуы тиіс болады. Осы тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін заң оларға тараптар арасында басталған процеске қатысу құқығын береді. Тараптарға қатысты аталған тұлғалар үшінші тұлға ретінде іске қатысады.
Сонымен азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар дегеніміз- тараптар арасында басталған іске қатысатын немесе іске қатысуға тартылатын іске қатысушы тұлғалар.
Азаматтық іс жүргізуде
Үшінші тұлғалардың іске тартылуының мақсаты:
-Тарап болып табылмайтын, бірақ
іс барысына материалдық-
-Бір істе әртүрлі бірнеше
талапты біріктіріп қарау
Дербес талабын мәлімдейтін және мәлімдемейтін тұлғаларға жалпы тән белгілері.
Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар. Олардың іске кірісуінің негіздері, тәртібі, құқықтары мен міндеттері.
АІЖК 52-бабы бойынша даудың нысанасына дербес талабын мәлімдейтін үшінші тұлғалар бір немесе екі тарапқа талап қою арқылы бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін іске кірісе алады, Үшінші тұлғалар іске өз бастамасы бойынша қатысады. Олар істі сотқа әзірлеу кезінде немесе 1- инстанцияда істі қарап жатқанда шешім шыққанға дейін қатыса алады. Шешім шығып қойғаннан кейін қаралған іске мүдделі тұлға жалпы тәртіппен талап бере алады. Бұндай жағдайда жеке іс қозғалады.
Үшінші тұлғалар іске талап арыз жазу арқылы кіріседі және талап қою бойынша іс жүргізудің соттылық ережесінен басқа барлық тәртібі сақталады. Үшінші тұлғаның іске қатысуы жөнінде сот ұйғарым шығарады.
Дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар талапкердің барлық құқықтарын пайдаланады және барлық міндеттерін орындайды. Оның талапкерден айырмашылығы-процеске кірісу уақытына байланысты.
а) Үшінші тұлғалар өздігінен іс бастамайды, олар тараптар арасында басталған іске кіріседі. Ал талапкер талап арыз жазу арқылы істі бастайды.
б) Талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар қатысатын істерде бір мезгілде 2 талап қаралады, талапкердің және үшінші тұлғаның талаптары.
г) Үшінші тұлға мен талапкердің материалдың–құқықтық мүдделері бір-бірімен қарама-қарсы болады.
Сонымен дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар дегеніміз-тараптар арасында басталған іске субъективтік құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін іске қатысатын іске қатысушы тұлғалар.
Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар. Олардың іске кірісуінің негіздері , тәртібі, құқықтары мен міндеттері.
АІЖК 53- бабы бойынша даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар, егер іс бойынша тараптардың беруіне қатысты шығатын сот шешімі өздерінің құқықтарына немесе міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі шыққанға дейін талапкер немесе жауапкер жағында іске кірісе алады.
Дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар құқық жөніндегі даудың субъектісі боып табылмайды.
Үшінші тұлғалар мына белгілері бойынша бір-бірінен ажыратылады.
Мәлімдейтін 3-ші тұлғалар талапкердің барлық құқықтары мен міндеттерін атқарады.Мәлімдемейтін тұлғалар құқық жөніндегі даудың субъектісі болмағандықтан мына құқықтарды иеленбейді;
Осы аталған құқықтардан басқа тараптардың барлық құқықтарын пайдаланады, міндеттерін атқарады.
Дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалардың белгілері:
1.Даудың пәніне жеке
2.Қайсы тарап жағынан қатысса сол тараппен материалдық-құқықтық байланыста болады.
3.Тараптардың біріне қатысты
сот шешімі үшінші тұлғаның
құқығына әсер ету мүмкін
Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін 3-ші тұлғалар өз бастамасымен, тараптардың өтініші бойынша немесе соттың бастамасымен іске кірісе алады. Үшінші тұлғаның іске кірісуі сот ұйғарымымен рәсімделеді./6/
Дербес талаптарын мәлімдемейтін 3-ші тұлғалардың тең қатысушылардан айырмашылығы:
Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы.
Азаматтың іс жүргізу прокурордың қатысуының негіздері және нысандары.
Азаматтық іс жүргізуде прокурордың іске қатысу негізі - сот ісін жүргізуде заңдардың дәлме-дәл және бір үлгіде қолданылуын, азаматтарың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың заңды мүдделері мен құқықтарын, мемлекеттік мүдделерді қорғау болып табылады.
Информация о работе Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар мен іске қатысушы тұлғалар