Ауданның геологиялық құрылысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2014 в 12:29, дипломная работа

Краткое описание

ХХІ ғасыр мұнай ғасыры деп аталатыны белгілі. Мұнай мен газ – энергияның негізгі көзі және химия өнеркәсібінің негізгі шикізаты болып табылады. Дүние жүзінің экономикасында мұнай-газ саласы негізгі рөл атқарады. Осы шикізаттан түскен табыстардың арқасында еліміздің экономикасы жақсаруда.
Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу (ҰҒЗ) жұмыстары қолданбалы геофизиканың саласы болып табылады, мұнда заманауи физикалық әдістер ұңғымадан алынған қималарды геологиялық зерттеу, пайдалы қазбалардың қорларының көздерін табу және бағалау, кенорындарын өңдеу барысы және ұңғымалардың техникалық жағдайы туралы ақпараттарды алу үшін пайдаланылады.

Содержание

Кіріспе 5
1 АУДАННЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ 7
1.1 Жалпы мәлімет 7
1.2 Қиманың литологиялық - стратиграфиялық сипаттамасы 9
1.3 Тектоника 14
1.4 Мұнайгаздылығы 16
1.4.1 Мұнай және газ қоры 22
1.4.2 Қабаттан мұнай қорын алуды талдау 23
2 АУДАНДАҒЫ ТАУЖЫНЫСТАРЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ
ҚАСИЕТТЕРІ 25
2.1 Сазды минералдардың жалпы құрамының кеуектілікке және
өткізгіштікке әсері 26
2.1.1 Кеуектілік параметрінің тәуелділігі 26
2.1.2 Суқанықтылыққа тәуелді параметр 27
2.2 Қалдық су сипаттамасы 28
2.3 Капиллярлы қысым қисықтары 29
3 КОЛЛЕКТОР ТҮРІ ЖӘНЕ КОЛЛЕКТОРЛАРДЫҢ ӨТКІЗГІШТІК СЫЙЫМДЫЛЫҚ КЕУЕКТІЛІГІНІҢ ШЕКТІК МӘНДЕРІ 30
3.1 Керн бойынша жыныс коллекторлардың сыйымдылық қасиеттері 31
4 ҰГЗ КЕШЕНІ, ӨЛШЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ГЕОФИЗИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛЫНЫҢ САПАСЫ 34
4.1 ҰГЗ жұмыстарының әдістері мен шаралары 36
4.1.1 Әдеттегі зондтармен тау жыныстарының көрінетін салыстырмалы кедергісін зерттеу(КС) 36
4.1.2 Өзіндік поляризацияның потенциал әдісі (ПС) 38 4.1.3 Кавернометрия (ДС) 40
4.1.4 Гамма- каротаж (ГК) 40
4.1.5 Нейтронды гамма каротаж (НГК) 41
4.1.6 Индукциялық каротаж (ИК) 43
4.1.7 Бүйірлік каротаж (БК) 45
4.1.8 Акустикалық каротаж (АК) 47
4.2 Зерттеу кешені 48
4.2.1 Расходометрия 48
4.2.2 Термометрия 50
4.2.3 Резистивиметрия 51
4.2.4 Влагометрия 52
4.2.5 Радиометрия 52
4.2.6 Барометрия 53
4.2.7 Акустикалық дауыс өлшегіш 54
4.3 Ұңғымада жүргізілген ҰГЗ көлемі 55
4.4 ҰГЗ жүргізудің техникасы мен технологиясы 56
4.5 Зерттеу мәліметтерінің сапасы 57
5 ҰҢҒЫМАДАҒЫ ГЕОФИЗИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫН ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ 58
5.1 Геофизикалық параметрлерді анықтау 58
5.2 Коллекторларды бөліп шығару және олардың нәтижелі қалыңдығын бақылау 58
5.3 Өнімді объектілердің коллекторлық қасиеттері 60
5.4 Қанығу сипаттамасын анықтау 61
5.5 Саздылық, кеуектілік коэффициентін анықтау әдістемесі 62
5.5.1 Саздылықты анықтау 62
5.5.2 Кеуектілік коэффициентін анықтау 65
5.5.3 Мұнайгазқанықтылық коэффициентін анықтау 67
6 АЛЫНҒАН ГЕОФИЗИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІ ЗЕРТТЕУ
НӘТИЖЕЛЕРІ 69
6.1 Құмкөл кенорнының геологиялық үлгі түзілімі 69
6.2 Торды таңдау және құрылымдық сұлбасын салу 69
6.3 Қорытынды нәтижелері 70
7 ЖҰМЫСТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯСЫ 71
7.1 Құмкөл мұнай-газ кенорнын эксплуатациялау барысындағы геофизикалық әдістер кешенін ұйымдастырылуы кезіндегі еңбек жағдайын талдау 71
7.1.1 Демалыс және еңбек жағдайы 71
7.1.2 Арнайы киім мен қорғаныс жағдайы 71
7.1.3 Техника қауіпсіздігі 72
7.1.4 Өртке қарсы іс-шаралар 75
7.2 Қоршаған ортаны қорғау 76
Қорытынды 77
Диплом жұмысының графикалық бөлімдері 78
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 79

Вложенные файлы: 5 файлов

геологическая карта.cdr

— 1.58 Мб (Скачать файл)

каротажные диаграммы.cdr

— 4.68 Мб (Скачать файл)

структурная геология.cdr

— 1.61 Мб (Скачать файл)

диплом.doc

— 1.82 Мб (Скачать файл)

1004 және 1028 ұңғымадан алынған керн бойынша, керннің ульрафиолетті сәуледегі қию фотосында, сутектер кеуектілігі 20% тен жоғары және өткізгіштігі 16*10-3мкм ден үлкен болатын жыныс үлгілерінде болатынын көрсетті.

1)Керндегі бұрғылау сұйықтығының фильратының кірігуін бақылау,кеуектілік және өткізгіштіктің жоғары шектік мәнін көрсететін, юра шөгінділерінің шамалы көлемінде жасалды.

2)Берілген анализ нәтижесінде алынған кеуектілік және өткізгіштіктің шектік мәні, 1987 жылықабылданған шектік мәндерге жақын.

3)Өткізгіштіктің (0,002 мкм2) шектік мәніне  1067, 1014, 1004, 1028 ұңғымадан алынған керн бойынша жалпылама тәуелділік сәйкес келеді.

Қазіргі таужыныстарда жыныс коллекторлардың шектік параметрі өзгеріссіз қалдырылған. Саз коллекторында жалпы шектік мәні 25% тен аспайтын мәннен басқа.

Бор шөгінділері үшін жаңа мәліметтер жоқ, капиллярлы қысым қисығынан басқа, бор шөгінділері үшін қабылданғанға қарсы келмейтін, өткізгіштілігі (0,001-0,01) мкм2, орташа кеуектілік 0,198 болу мүмкін шектік мән диапазоны болуы ықтимал. Ол жыныс коллектордың шектік параметрлерін өзгеріссіз қалдыруға мүмкіндік береді.

 

 

3.1 Керн бойынша  жыныс коллекторлардың  сый ымдылық қасиеттері

 

Жыныс коллекторлардың ФЕС мұнайлы және суқанықтылық қалыңдықтарға байланысты емес, кеуектілік пен өткізгіштікті анықтауда барлық анықтауларды қолдануға мүмкіндік беретін. 1987 жылы қорды есептеуде шектік мәннен асатын кеуектілігі бар үлгілер есепке алынды. Модельді бейнелер орташа есептеуде пайдаланылған жоқ. Беткей бойынша кеуектілік пен өткізгіштіктің орта мәні үлгілердің орташа арифметикалық мәні алынды. Мұнайгаздылықтың бастапқы өлшемі 1-5во. Қалдық суқанықтылық белгілі бір қатынастылық арқылы анықталады.

Өткізгіштің тәуелділігі  SBO=0,9118*Kпр-0,196 

 Кеуектілігі    SBO=0,022*Kп-1,9596                                                                                

осы екі параметр арқылы анықталған мұнайгаздылықтың бағалану сенімдігі жоғарылайды және де оның өлшемі минемалды мән аралығында болады.

1987 жылы  есептеуді 1987 жылғы  есептеумен салыстырғанда алынған үлгілердің саны азайды, осылар бойынша кеуектілік анықталған болатын, бірақ  M-I,M-II,Ю-I, Ю-IV беткейлері бойынша кеуектілік шамасы орташа 0,014  ке көтерілді.

Жұмыс авторы ескерткен: «әлсіз цементтелген құмтастардың қасиеттерін анықтау қиындатылған, сол үшін осындай таужыныстар үшін кеуектілік анықталмады немесе тығыздалған кесек бойынша анықталды. Сол себепті соңғы мәліметтер аздап Кп-нің мән шамасын дәл анықтамайды.» Ю- I,Ю-III беткейлері үшін кеуектіліктің орташа мәні өзгерген жоқ. Өткізгіш шамасы сәл ғана өзгерді.

01.01.2007 жылы 1987 жылмен салыстырғанда, өнімді беткейлердың жыныс коллекторларының өткізгіштік және кеуектілік өзгеруінің орташа мәні, жаңа мәліметтер қосу салдарынан болады. М-I беткейі үшін өткізгіштік және кеуектілік  орташа мәні айтарлықтай өзгерді: кеуектіліктің 0,295 ке дейін, өткізгіштік 2,78 ке дейін ұлғайды. Әлсіз цементтелген M-I беткейінің жыныс коллекторларының орташа кеуектілігі -0,347, өткізгіштік 5,599 мкм.

M-II беткейінің жыныс коллекторының жарықтануы 2 ші ұңғыманың беткей қалыңдығын анықтау барысында өзгерді. Бұл жағдайда кеуектіліктің орташа мәні өзгермеді, ал өткізгіштік  2 еседей азайды.

Ю-I беткейі 1987жылы есептеудегіден 61 үлгі көр, 130 үлгілермен берілген. Мағлұматтардың  411,2146,1067 ұңғымадан алынған керннен себебінен көбейді. Бұл ұңғыманың коллекторларының орташа кеуектілігі 0,229, өткізгіштік 0,210*10-3 мкм2, бұл кеуектіліктің 0,24 ке, өткізгіштіктің 0,310*10-3 мкм2 қа азаюына алып келді.

Ю-II беткейі үшін 1035,1051,1067,1014,1028 ұңғымаларының үлгілері 98 ге ұлғайды. 1014,1028 ұңғымаларының жыныс коллекторларының 49,26  үлгісі бойынша орташа кеуектілік 0,309 және 0,277 , ал орташа өткізгіштік 4,897 және 0,955 мкм2.  Бұл беткей бойынша кеуектіліктің орташа 0,264 ке, өткізгіштіктің 1,956 мкм2 ге ұлғайғанын көрсетеді.

Ю-III беткейінің жыныс коллекторлары 2146,3051,1067,1014 ұңғымасынан 148 үлгімен берілген. Бұл 1987 жылғы есептеуден 51 ге үлгіге артық. Бұрғылау ұңғымасынан алынған кернге қарағанда бұл ұңғымада кеуектілікпен өткізгіштік жоғары. Ю-III беткейі бойынша кеуектілік 0,243, ал өткізгіштік 0,634 мкм2 ге тең.

Ю-IV беткейі бойынша мәлімет өзгермеді, себебі, игеру ұңғымасындағы беткейден керн  алынған жоқ. Кеуектілікпен өткізгіштік орташа мәнде жыныс коллекторлардың бастапқы мұнайқанықтылығының өлшемі бор шөгінділері үшін 0,8, SBO=0,9118*Kпр-0,196 болғанда, юра шөгінділері үшін 0,73, ал SBO=0,022*Kпр-0,9596 болған қатынастылықта 0,74 және 0,65 ке тең.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 ҰГЗ КЕШЕНІ, ӨЛШЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ГЕОФИЗИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛЫНЫҢ САПАСЫ

 

 

Құмкөл кенорнының барлық ұңғымаларында жалпы және бөлшекті кәсіптік геофизикалық зерттеулер кешені жүргізілді, кешен барлау және игеру ұңғымалары үшін бір типті. 1:500 масштабындағы жалпы зерттеулер ашылған бұрғылау қимасы бойынша сатылап орындалады.

Нақты (детальные)  зерттеулер 1:200 масштабта тереңдікте, бор және ортаңғы юра өнімді қабат шөгінділерін бақылаумен жүргізілді.

Жалпы зерттеулердің кешені стандартты каротаждың әдістерінен тұрады:

1)КС- көрінерлік электрлік кедергінің тік және айналған градиент зонды; (A2М0,5N; N0.5M2A)

2)ПС- өздігінен поляризацияланатын потенциалдар каротажы;

3)ДС- кавернометрия (профилеметрия)

Радиоактивті каротаж (РК):

1)ГК- табиғи гамма сәулелену;

2)НГК- нейтронды гамма каротаж;

3)ННК- нейтронды нейтрон каротажы;

Бөлшекті зерттеуде, айтылған әдістерден бөлек, өнімді қабат қимасының  тау таужыныстарының физикалық қасиеттерін зерттеуде мына әдістер қосылады.

1)ИК- индуктивті каротаж

2)БК- бүйірлік каротаж

3)БМК- бүйірлік микрокаротаж

4)МКЗ- микрозондылау

5)ГГК-П- тығыздығы ГГК

6)АК- акустикалық каротаж

Ұңғыманың геометриясын және оның  кеңістіктегі орнын анықтау инклинометрия әдісі арқылы орындалады.

Электрлік каротаж әдістері:

- КК әдісі (көрінерлік кедергі) – электрлік каротаждың көп тараған түрі;

- БКЗ әдісі (бүйірлік каротаждық зондылау) – ТЭЗ әдісінің (электробарлаудағы тік электрлік зондылау) ұңғымалық түрі;

- микрокаротаж – зондтары ұңғыма қабырғасына серіппемен қысылып, оқшаулатқыш табандарға орналастырылған аз өлшемді әдіс, коллекторларды анықтауда тиімділігі жоғары;

- резистивиметрия – ұңғымадағы бұрғылау сұйықтығының меншікті кедергісін анықтайтын әдіс;

- тоқты каротаж – табиғи және жасанды өрістермен жүргізілетін электрлік әдіс ішіндегі қарапайым түрі;

- БК (бүйірлік каротаж)- КК әдісінен айырмашылығы зондтар қондырғысы фокусталған тоқпен басқарылады;

- ИК (индукциялық каротаж) – құрғақ және тоқ өткізбейтін сұйықтыққа толы ұңғымаларда жүргізіледі; 

- ӨП әдісі – ұңғымның табиғи өрісін өлшейді.

Радиоактивті каротаждар (РК) әдістері. Радиоактивтілік немесе ядролық-физика зерттеулерінде әріптік белгілер жүйесі қолданылады, бірінші әріп нысанаға әсер ететін сәулелену түрін (Г-гамма, Н-нейтрон сәулелену); екінші- сәулеленудің өлшеу түрі; үшінші- қолдану аймағы (К-каротаж, ұңғыма; Т-талдау; Ә-әдіс); төртінші- әдіс мағынасының соңында немесе оның алдында қойылады, бұл қосымша мәлімет беру үшін. 

- ГК – гамма-каротаж, РК әдістерінің ішіндегі қарапайым түрі, тау жыныстарының табиғи радиоактивтілігін тіркейді;

- ГГК – гамма-гамма-каротаж, шешілетін мәселесі бойынша: тығыздықты (ГГК-П) және селективті (ГГК-С) болып бөлінеді;

- РРК – рентгенді-радиометриялық каротаж, қабылданған белгілер жүйесі бойынша ГРК- гамма-рентгендік каротаж деп атауға болады;

- НГК – нейтрондық гамма-каротаж мұнай ұңғымаларын зерттеудегі негізгі әдістердің бірі; 

- ННК - нейтрон-нейтрондық каротаж, түрлері: ННК-Т (жылу нейтрондары бойынша), ННК-НТ (жылу асты нейтрондар бойынша);

- ИННК – импульсті   нейтрон-нейтрондық каротаж,    ортаның нейтрон көздерімен әрекеттесуін әртүрлі нейтрондардың импульсті генераторы қолданады: ИННК-Т, ИННК-НТ, ИНГК, ИНГК-С (спектрометриялық);

- НАК – нейтронно-активациялық каротаж, тау жыныстарын нейтрондармен сәулеге түсіру, жасанды радионуклидтердің гамма-активтілігін өлшеу. 

Каротаждың басқа әдістері. Бұл бөлімде әр түрлі физикалық өрістерде қолданатын әдістер біріккен: 

- АК (акустикалық каротаж) – ұңғыма қабырғаларында серпімді толқындардың әлсіреуі және таралу жылдамдығының өзгерісін өлшейді;

- МӨК магниттік өтімділік каротаж;

- термокаротаж – ұңғыма қабырғаларындағы тау жыныстарының жылулық қасиетінің өзгерісін (температуралық немесе жылулық кедергісі) өлшейді;

- механикалық каротаж (немесе өтімділікті өлшейтін каротаж) – бұрғылау кезінде ұңғыма оқпанының әрбір метрінің өтімділігін өлшейді;

Құмкөл кенорнының іздеу және барлау ұңғымаларында қанықтылығы бойынша перспективті қабаттарды сынақтан өткізу жүргізілді.

ҰГЗ кешенінің құрылымы сазды құмтасты жағдайдағы Құмкөл кенорнының  қимасының геологиялық тапсырмаларды орындауға  мүмкіндік береді: қиманың литологиялық бөлінуі, қабат коллекторларды  айқындау, сапалық және сандық  интерпретацияны жүргізуге; эффективті қалыңдықты анықтау, фильтрациялық сыйымдылық қасиеттерін бағалау, қабат коллектор қимасындағы қанығу сипатын бағалау

Ұңғыманың техникалық жағдайын зерттеу маңызды рол атқарады, өйткені ұңғыманы бұрғылау біраз қаражатты керек етеді. Терең ұңғымаларды бұрғылау бірнеше айлар бойы, ал өте терең бұрғылау- бірнеше жылдар бойы жүргізіледі. Мысалы өте терең Коль ұңғымасы (тереңдігі 12км) 20 жылдан көп уақыт бұрғыланған.

Ұңғыманың техникалық жағдайын бақылау, бұрғылау кезінде бірқатар апаттарды болдырмайды және ҰГЗ мәліметтерін сандық түрде талдау кезінде ұңғыма әсерін ескеруге мүмкіндік береді. Бұл бөлімде келесі операциялар мен әдістер жүргізіледі:

- кавернометрия – бұрғыланған ұңғыманың орташа диаметрін өлшейді;

- профилеметрия – ұңғыманың көлденең қимасы бойынша бірнеше диаметрін өлшейді;

- инклинометрия – ұңғыманың қисаю бұрышын өлшейді; қабаттық наклонометрия- ұңғыма қи ы п өткен қабаттардың шоғыр лану элементтерін анықтайды ;

- ағын өлшеу (потокометрия) – ұңғыма оқпаны бойынша флюидтердің қозғалу жылдамдығын өлшейді;

- қабат флюидтерінен үлгі алу;

- цементометрия – ұңғыманың цементтелу сапасын анықтау;

- дефектометрия- ұңғымадағы шегенделген болат құбырлар жағдайын анықтау;

- ату-жару (перфорация) жұмыстары:

"грунттар" алу, яғни  ұңғыма қабырғасынан "грунт" үлгісін  алу;

шегенделген құбырды перфорациялау (тесу);

ұңғыманы торпедалау.

 

 

4.1 ҰГЗ жұмыстарының әдістері мен шаралары

 

4.1.1 Әдеттегі  зондтармен  тау  жыныстарының  көрінетін салыстырмалы кедергісін зерттеу(КС)

Тау жыныстарының электр тоғын өткізу қабілеті оларға тән қасиеттің бірі болып табылады. Осы қасиет ұңғымалардың геологиялық қимасын зерттеуде кеңінен қолданылады.

Біртекті заттан құралған ауданының кимасында тұрақты өткізгіштің R кедергісі оның S қимасына кері пропроционал l үзындығына және р-салыстырмалы кедергі деп аталатын коэффициентіне тура пропорционал

 

R= pl /s       (10)  

Заттың, сонымен бірге, тау жынысының электр тоғын өткізу кабілеттілігін сипаттайтын өлшем ретінде салыстырмалы кедергі - р алынады. Жоғарыда келтірілген формуладан темендегіше формула алынады

p=l/S∙R     (11)  

 

Электрлік каротаж тәжірибесінде l үзындық пен кима ауданы  S     метрмен және кв.метрмен өрнектейді, тау жыныстарының салыстырмалы кедергісі р ом.метрмен өлшенеді.

Салыстырмалы кедергісінің орнына тау жынысының электр тогынөткізу кабілеті оның салыстырмалы электр өткізгіштігін сипаттайалады (Ϭ).

Каротаж бойынша үңғы қиып өткен тау жыныстарының салыстырмалы кедергісін анықтап, тау жыныстарының әрқайсысына тән салыстырмалы кедергісін біле отырып, ұңғыма қандай кабатты киып өткенін білуге болады.

Салыстырмалы кедергі арқылы салыстырмалы кедергісі жоғары қабаттың мұнайға және газға қаныққандығын, куысы суға толған басқа дәл осындай қабаттан ажыратуға мүмкіндік береді.

Ұңғыма қиып өткен тау жыныстарының салыстырмалы кедергісін зерттеу үшін электрлік каротаждық келесі түрлері қолданылады:

1)Жай зондтардың кедергі әдісі бойынша;

2)Бүйірлік каротаж;

3) Индукциялық каротаж;

Бұл каротаждардың түрлері өлшеу құрылғыларының сипатына қарай (зондтар) айырмаланады.

Зерттеу жүмыстары жүрген орта біртекті емес. Зонд бұрғылау ерітіндісі толтырылған үңғымада орналасқан. Оның салыстырмалы кедергісі аныктайтын қабаттың кедергісінен рн өзгеше. Өту аймағы түзілгенде, қабаттың үңғымаға жакын бөлігінің салыстырмалы кедергісі кабаттың белгісіз бөлігінің кедергісінен өзгеше болады. Төменгі жоме жоғарғы' қабаттардың тау жыныстары басқа кедергіге ие. Бірақ бұл жағдайда да біртекті орта үшін алынған

Информация о работе Ауданның геологиялық құрылысы