Егер тиісті жағдайларда тарапқа
юридистикалық міндеттеме жүктеліп,
бірақ ол орындалмаса, онда
әрекетсіз құқыққа қарсы деп
танылады.шартпен белгіленген тауарды
мерзімінде жеткізбеген тасымалдаушының
әрекетсіздігі құқыққа қарсы
болып табылады. Міндеттеме тараптың
қызметтік міндетінен де туындауы
мүмкін. Мысалы, құтқару станциясының
қызметкерлері суға батып бара
жатқан адамды құтқару үшін
барлық қажетті және мүмкін
болатын шаралардың барлығымен
қолдануы тиіс. Осы міндетті орындамау
оның құқыққа қарсы мінезін
көрсетеді. Жағады демалып жатқан
азаматтардың әрекетсіздігі құқыққа
қарсы сипат алмайды, оларға
тек суға батушыны құтқару
рухани міндеттеме жүктеледі.
Белгілі бір міндеттемені орындаудағы
іс әрекет заң шеңберімен шығуы
мүмкін. Азаматтық кодекстің 188 бабымен
үшінші бөлігінде былай делінген:
“Меншік иесі өзіне тиесілі
мүлікке қатысты өз қалауы
бойынша кез-келген әрекеттер
жасауға соның ішінде бұл мүлікті
басқа адамдардың меншігіне біріп,
иелігінен шығарып, өзі меншік
иесі болып қала отырыап, оларға
мүлікті иелену, пайдалану және
оған билік ету жөніндегі өз
өкілеттігін тапсыруға, мүлікті
кепілге беруге және оған
билік етуге құқылы”. Жоғалған
мүлікті тауып алған тарап
егесіне қайтару немесе жоғалтушы
азаматқа қайтаруы тиіс.
Себепті байланыс.
Азаматтық кодекс талаптарында
көзделгендей өтелуге тек қана
борышқордың құқыққа қарсы мінезімен
келтірілген шығындар жатады. Бұл
борышқардың құқыққа қарсы мінезі
және несие берушіге келтірілген
шығынның арасындағы себепті
байланысты көрсетеді. Көп жағдайларда
міндеттеме бұзылған кездегі
себепті байланыстың бар болуы
немесе жоқ болуы қиындық туғызбайды.
Ал кейбір жағдайларда себепті байланысты
анықтау қиындықтар туғызуы мүмкін. Мысалы,
шофер өз машинасын он үш жасар жасөспірімге
дұрыс айдай білмегендігі себепті тиым
салынған белгіге қарамастан өтіп кетіпті.
Колхоздың төрағалық етуші қызмет бабын
пайдаланып оқушыларды жүк машинасында
өзінің ауласындағы жұмысқа жіберді. Жүргізуші
жол ережесін бұзуы салдарынан бірнеше
оқушы жарақат алды. Дәрігердің сілтеуімен
медбике нәрестенің көзіне дәрі тамызғандықтан
ол толығымен көру қабілетінен айырылды.
Анықталғандай дәрігердің айтуымен медбике
қателесіп кетіп басқа дәріні тамызған.
Көрсетілген мысалдардан кімнің іс -әрекеті
құқыққа қарсы нәтиже себеп болғандығын
нақты анықтау қиын.
Осындай жағдайларда себепті
байланыстың дамыған ғылыми теорияларын
басшылыққа алуымыз керек. Теорияда
және практикада себепті байланыс
тікелей және жанама теориясын
ұсынады. Бұл теория жалпы философиялық
себепті оқытудағы екі негізгі
жағдайда сүйенеді. Біріншіден , себептілік
құбылыс арқылы обьективті байланысты
көрсетеді және ол біздің санымыздан
тыс өмір сүреді. Сонымен қатар
құқық бұзушының зиянды нәтижені
көре білуі себепті байланыс
туралы сұрақты шешуге көмектеспейді.
Шығынның болатынын алдын ала
сезе білу субьективті сипатқа
ие және себепті байланысты
анықтамайды, ал тек қана құқық
бұзушының кінәсі туралы сұрақты
анықтауға көмектеседі. Екіншіден,
себеп және салдар тек қана
белгілі оқиғаларға қолдануда
маңызы артады. Себеп және салдар
ұқсас болғандықтан әрдайым орын
ауыстырып отырады және біз
оны материалдық өмірдің қарым
қатынас тізбегімен байланыстырамыз.
Жоғарыда көрсетілген мысалдар
дәрігердің сілтемесінен
іселген медбике әрекеті салдар
туғызады және сонымен қатар
нәресетенің көрі қабілетін
жоғалтуға себеп болады. Егер
қаралып жатқан іске тереңірек
үңілсек, онда дәрігердің себепті
әрекеті бөлім басқарушысының
бұйрығынан туындайды. Сондықтан
жауапкершілік туралы шешу кезінде
болған оқиға жағдайларынан алысқа
кету дұрыс емес. Тікелей
себептің пайда болуымен шектелу қажет,
яғни зиянның туындауына жақын қатынастар
есепке алынады.
Тараптың құқыққа қарсы
мінезі зиянның себебі болып
тек қана ол осы зиянмен
тікелей байланысқан болса
ғана пайда болады. Тараптың
құқыққа қарсы мінезі мен
зиянының арасындағы жанама
себепті байланыс болып, ол
нақты оқиғаның шегінен ауытқып
және юридистикалық себеп
байланыстың маңызына ие
бола алмайды. Сонымен қатар
іс-әрекеттің жасалуына басқа
факторлардың әсері тиюі
мүмкін.
Алайда бұл факторлардың қайсысы
болсын юридистикалық жауапкершілік
мағынасына ие бола алмайды
және сондықтан тараптың
құқыққа қарсы мінезінің
және зиянының арасындағы байланыс
жанама болып табылмайды.
Ал басқалары -юридистикалық
жауапкершілікке әсер етеді
сондықтан тараптың құқыққа
қарсы мінезімен және болған
нәтиженің арасындағы байланысты
көрсетеді. Жасөспірімдердің келтірген
зияны үшін оларды ата –аналары
жауап береді, себебі заң
оларға юридистикалық маңыз
бермейді және әрекет қабілеттсіз
деп таниды. Ал ата-аналар
құқыққа сыйымсыз мінезі үшін
жауап береді. (тиісті қадағалау
жасамағаны немесе тәрбиелемегені)
және болған зиянның арасында
юридистикалық жауапкершілікке
тартуға жеткілікті тікелей
себепті байланыс пайда
болады. Керісінше балық аулаумен
шұғылданатын колхоз мүшесінің
броконьерлерге ауды сатуды
және броконьерлер заңсыз балық
аулау арқылы балық ресурстарына
зиян келтірсе, броконьерлердің
құқыққа қарсы іс-әрекетін
көрсетеді және бұл жерде
тек қана жанама себепті
байланыс бар.
Сондықтан тараптың құқыққа
қарсы мінезімен және зиян
арасында азаматтық-құқықтық жауапкершілік
маңызы бар жағдайлар болмаса
тікелей себепті байланыс
орын алады. Егер құқыққа
қарсы мінез және зиян
арасында жауапкершілік туралы
сұрақты шешуде азаматтық
заңды маңызы жағдайлар
болса, онда жанама себепті
байланысты көрсетеді. Жоғарыдағы
мысоаға сәйкес жасөспірімнің
әрекет қабілеттігінің жоқ
болуымен байланысты 13 жасар
жасөспірімді азаматтық құқықтық
жауапкершілікке тартудың маңызы
жоқ. Сондықтан бұл мысалдар
шофердің құқыққа қарсы мінезі
мен жол ережесінің бұзылуы
тікелей себепті байланысты
көрсетеді. Күнделікті өмірде
бірнеше тараптық іс-әрекеті (әректсіздігі)
зиянның пайда болуы жиі
кездеседі. Бұндай жағдайларда
тікелей нәтижемен байланысқан
барлық құқыққа қарсы әрекеттері
егер оларға құқыққа қарсы әрекеттері
құқыққа қарсы нәтижеден көрініс
тапқан болса оларджы жеке
ерекшеліктеріне байланысты себеп
ретінде қарастыру керек. Тікелей
және себепті байланысты шектеу
қажеттігі тек қана теориялық
шарттардан шығып қана қоймай,
сонымен бірге тәжірбиенің өзімен
тұжырымдалады. Бұл теория тәжірбиеде
оңай қолданылады. Ол сот
тәжірбиесімен кездейсоқ туындаған
жоқ.
Әдебиеттерде сонымен қатар
себепті байланысты басқа
да теориялары кеңінен таралады.
Қажетті шартта теориясына
қатысты құқыққа қарсы
нәтиженің себебі ретінде
нәтиже болмауы мүмкін кез-келген
жағдайлар болуы мүмкін.
Бұл теорияның өкілдері
субьективті белгілердің
көмегімен себеп салдар
байланысының тізбегін шектеуге
тырысады. Қарастырып жатқан
теорияның себебінің байланысындағы
юридистикалық маңызы кінәға
құқыққа қарсылыққа тәуелді.
Егер қылмыстық құқықта
қылмыстық жауапкершілікке тарту
өзінің тәжірбиесінде бұл
теория көпшілігінде теоретикалық
маңызға ие.
Басқа теорияларда кінәсі
және себепті байланыс жабық
сипатта болады. Мүмкіндік
және шындық теориясына қатысты,
бір фактілер құқыққа қарсы
нәтижеге мүмкіндік туғызса,
ал екіншілері -осы мүмкіндіктерді
шындыққа айналдырады. Мүмкіндікті
шындыққа айналдырушы фактілер,
әрқашан да құқыққа қарсы
нәтижемен себепті байланыста
болады. Құқыққа қарсы нәтижеге
мүмкіндік туғызушы фактілер
көрсетілген нәтижеге қарағанда
юридистикалық маңызы болуы
немесе болмауы мүмкін. Егер
тараптың іс-әрекетінен нақты
мүмкіндіктің себепті байланысы
болса, онда жауапкершілікке
тартуға жеткілікті. Ал егер
тараптың іс-әрекетінде құқыққа
қарсы нәтиженің абстрактілі
маңызы болса, онда себепті
байланыстың юридистикалық маңызының
аз болуына байланысты жауапкершілікке
тартуға болмайды.
Нақты мұмкіндік ретінде
жағдайлардың обьективті қайталануын
шындыққа айналдырушы мүмкіндік
танылады. Абстрактілі мүмкіндікте
берілген жағдайлар обьективті
қайталанбайды. Егер обьективті
қайталанатын жағдайларда сәйкес
мүмкіндік шындыққа айналса,
онда осындай мүмкіндік
туғызушы құқыққа қарсы
нәтижені көре білуі тиіс.
және керісінше егер мүмкіндік
обьективті жағдайларынан қайталанбауынан
шындыққа айналса, онда осындай
жағдайлардың обьективті қайталанбайтындығ
себепті мүмкіндік туғызушы
құқыққа қарсы нәтижені
көре алмайды. Бұл сондықтан
теорияның себепті байланысының
юридистикалық маңызды кінә
секілді жауапкершіліктің субьективті
жағдайларына тәуелді.
Осындай кемшілік себепті
байланыстың қажетті және
кездейсоқтық теорияларында бар.
Бұл теорияның авторларының
пікірінше жауапкершілік
болуы үшін құқыққа қарсы
мінез және нәтиже арасында
қажетті себепті байланыс
болуы тиіс. кездейсоқ себепті
байланыс нәтиженің туындауымен
байланысты жауапкершілікке
тартуға негіз бола алмайды.
Осы теориядан себепті
байланыстың юридистикалық маңызы
құқыққа қарсы нәтижемен
кінәсі үшін жауапкершілік
шектелгендігін байқауға болады.
Егер тараптың әрекеті және
пайда болған нәтиже арасында
қажетті себепті байланыс
болса , онда осы нәтижені
алдан ала көруге болады
және білуі тиіс. егер
тараптың әрекеті және құқыққа
сыйымсыз нәтиже арасында кездейсоқтық
сипат алса онда осындай нәтижені
көре білуі мүмкін емес.
Сондықтан көре білуге қол
жетпейтін құқыққа қарсы
нәтижемен қарастырып отырған
теориядағы себепті юайланыстың
юридистикалық маңызы бар.
Кінә. Азаматтық құқықтық
жауапкершілік шаралары тек
қана талапкердің мүліктік
қанағаттандыруына бағытталып
қоймай, сонымен бірге
азаматтық құқық бұзушылықтың
алдын алуға арналған. Азаматтық-құқықтық
жауапкершілік белгілі бір
превентивтік қызметін атқарады.
Сондықтан азаматтық айналымның
қатысушылары жауапкершілікке
тартылмас үшін өзінің іс-әрекетімен
басқа тараптың заңмен қорғалатын
құқығын бұзбауға тырысады.
Алайда жауапкершілікке тартудың
артылуы қатардағы азаматтық
айналымға қатысушыладың инициативасын
төмендетеді. Осындай жағдайлардан
арылу үшін азаматтық айналымға
қатысушыларға өздерінің іс-әрекетінің
нәтижесін алдын ала көре
алмауына байланысты жауапкершілікке
тартылмайды. Осындай сенімділік
егер азматтық құқықтық жауапкершілік
кінәлі құқық бұзушылық үшін
қолданған кезде пайда
болады. Азаматтық кодекстің
359-бабының 1-ші бөлігі осыны
көрсетеді: “борышқор кінәлі
болған кезде егер заңдарда
немесе шарттарда өзгеше көзделмесе,
міндеттемені орындамаған және
тиісті дәрежеде орындамағаны
үшін жауап береді. Егер
борышқор мігдеттемені тиісті
дәрежеде орындпу үшін өзіне
байланысьы шаралардың барлығын
қолданғанын дәлелдесе, ол кінәсіз
деп танылады.” Сондықтан жалпы
ережеге сәйкес азаматтық
құқықта жауапкершілік кінәсіне
баылансыта құрылады.
Құқыққа қарсы мінез және себепті
байланысқа қарағанда азаматтық
құқықтық жауапкершіліктің субьективті
шарты болып табылады. Осы тараптың
құқыққа қарсы мінезіндегі психикалық
қатынасын анықтайды. Кінәнің
осы түсінігі теңдей заңды
тұлғаларға және азаматтарға
қолданылады. Заңды тұлғалардың
кінәсінің көрінбеуі мүмкін,
өткені оның қызметін міндеттемеге
байланысты қызметкерлері атқарады.
Мысалы, жұмыс күшінің немесе
құралдың жетіспеуіне орай өнімді
жеткізуде мерзімді өткізіп алса,
осы кемшіліктерді жоюға тиісті
шаралар қолданбағаны үшін
шаралар комерциялық ұйымның
жетекшісі кінялі болып есептеледі.
Заңды тұлғаның кінәсі оның
қызметкерінің кінәлі іс-әркетінен
көрініс табуы мүмкін. Мысалы, қызметкердің
өнімді дайындаудағы кемшіліктер.
Сонымен қатар әдебиеттерде
берілген сұраққа басқа да
тұжырымдар айтылады. Заңды тұлғаның
кінәсі оның жеке қызметкерлерінің
кінәсімен емес,сонымен бірге
бүкіл ұжымның бүтіндей кінәсін
көрсетеді.
Кінә қасақаналық және абайсыздық
түрімен ажыратылады. Өз кезегінде
абасыздық ауыр және жеңіл
түрінде кездеседі. Азаматтық
құқықтық жауапкершіліктің субьективтік
шарты ретінде кінә адамның
санасында болатын психикалық
процестермен байланысқан. Алайда
қоғамның өзіндік дамуына орай
жауапкершілік туралы сұрақты
шешу кезінде құқық бұзылғандвғы
адамның санасында болатын психикалық
процестерді зерттей аламыз. Осы
ішкі процестер тек қана адамның
мінезіндегі сыртқы көріністерін
талқылай аламыз.
Егер тарап өзінің іс- әрекеті
арқылы құық бұзушылыққа саналы
түрде жол берсе, онда
кінәнің қасақаналық түрі орын
алады. Азаматтық айналымдағы
пайда болатын кәдімгі
құбылыстар ретінде азаматтық
құқықта кінәнің қасақаналық
түрі жиі кездеседі. Сонымен
қатар әдеттегі жағдайларды
басқа тараптардың заңмен
қорғалатын құқықтарын қасақана
бұзады. Мысалы, тәжірбиеде жеткізіп
беруші сатып алушының өнімі
ұстағаны үшін тиісі дареске
өнімді жіберуді тоқтатады. Себебі
міндеттеменің қасақана бузушылық
сферасын шектейді. Кінәнің абайсыздақ
түрімен жасалған азаматтақ
құықық бұзушылық жиі кездеседі.
Бұндай жағдайларда адамның
іс-әрекетінде көрінеу істердің
элементтері болмайды. Ол саналы
құқық бұзушылыққа бағытталмаған,
алайда адманың іс-әректінде
мұқияттылық және байқаушылық
болмайды. Қажетті байқаушылықтың
және мұхияттылықтың болмауы
абайзысдықтың екі түріне де
тән. Кінәнің екі фрмасының
арасында белгілі ерекшеліктер
болады. Осы ерекшеліктер заңдылықта
және жоғарғы сот органдарының
түсігіктерінде де жауабын таппайды.
Сот тәжірибесі белгілегендей
адамның денсаулығына келтірілген
залал үшін абайсыздықтың қайсы түрі
болмасын нақтылы жағдайларды анықтауды
қажет етеді.
Осы
екеуін ажырату үшін одан да
тереңірек бағдарлау қажет. Бұл
бағдарлар ғылым дауымен жетілген.
Абайсыздықтың менмендік түрінде
тараптың іс-әрекетіне байқаушылық
және мұқияттылық болмайды, алайда
құқық бұзушылықтан арылуға жеткіліксіз.
Мысалы, азамат светофор жасыл
жанған кезде өтсе, онда абайсыздақтың
қарапайым түрі, ал трамвай
жолында ұйықтап жатқан азамат
мұқияттылық және байқаушылық
элементтері болғанымен, абайсыздықтың
менмендік түріне жол береді.
Жалпы ережеге сәйкес азаматтық
заңдылыққа кінә жауапкершілікті
шарасы ретінде емес, шарты болып
саналады. Егер кінә болған жағдайда
құқық бұзушы азамат кінәнің
формасына қарамастан келтірілген
зиянды толық көлемде өтейді.
Алайда заңмен немесе шартпен
кінә формасы көзделсе, онда азаматтық
жауапкершілік мөлшерінде әсер
етуі мүмкін. Бұл жалпы ережеден
ауытқиды., бірақ қылмыстық құқықтағыдай
кінәні төрт түрге бөлу қажеттігі
жоқ. Көп ретте жоғарыда көрсетілгендей
кінәнің үш мүшелігі кінәнің
жауапкершілік мөлшерінде әсер
ететін болса жеткілікті. Азаматтық
құқықта ралас кінә кездеседі.
Аралас кінә төмендегі белгілермен
сипатталады:
А) зиян тек
қана несие берушінің мүліктік сферасыеда
жинақталады.