Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2014 в 10:24, реферат
Зерттеудің өзектілігі. Қоғамның экономикасын, мәдениетін, әлеуметтік, рухани өмірін дамытуда әр адамның жеке тұлғасы, азаматтық келбеті, адамгершілігі отаншылдығы, ұлтжандылығы, еңбекке деген шығармашылық қабілеті мен белсенділігі шешуші роль атқарады. Жас ұрпақты осындай тұлға етіп тәрбиелеуде шебер ұстаз - жетекшінің атқарар жүгі мол. Әрине, бұл жолда тәлім –тәрбие ісін жаңаша ұйымдастыру, жаңа тәрбие бағдарламалары да, тәрбие құралдары да, техникалық жабдықтар да қажет, әрі мәнді. Бәрінен де жас ұрпаққа рухани дүниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау шыңына бағдарлайтын музыка пәні мүғалімінің орны бөлек.
Сонымен, ағартушылар қазақ халқының тарихы мен тіршілігіндегі ең күрделі мәселелеріне көңіл бөлген, елдің өркендегі өмірін тарихи тұрғыдан түсінуге тырысқан, сол дәуірдегі құбылыстар мен оқиғаларды әлеуметтік тұрғыдан қарастырған, халықты, елін, жерін, Отанын сақтауға, мәдениетін аялай білуге, жоғары адамгершілікке шақырған. Қазақ халқының рухани көсемі, қазақ тілі білімінің атасы, мемлекет және саяси қайраткер, халқымыздың ұлы реформаторы Ахмет Байтұрсынов «Атадан балаға мирас болып екі – ақ нәрсе қалады: біріншісі – бай тіл, екіншісі – байтақ жер», - деген еді. Біз, бүгінгі ұрпақ, осы екі нәрсені көзіміздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа табыстауымыз керек. Ол үшін бізге отансүйгіштік, патриоттық, ұлттық сана – сезім қажет. Бұл қасиеттер ұарпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талаптанумен бітеді. Ұлы қасиеттерді ұрпақ бойына дарытатын ұстаз, ата – ана, тәрбиеші, қоршаған ортасы екені дау туғызбайды. Патриотизмнің шынайы үлгісі – ұстаз.
Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік жеке адамның аман – саулығының қоғамдық – мемлекеттік қауыпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды көркейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет туралы ұғымды жекеадаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым – қатынасты білдіреді.
Бастауыш сынып оқушылары айналамен таныстыруда сезім мүшелерінің - көру, есту, түйсіну, иіскеу, сипап сезу сезімдері белсенді жұмыс жасап, одан әрі даму қарқынды түрде дамып отырады. Өйткені алуан түрлі іс - әрекеттер арқылы балалар қоршаған орта мен ондағы түрлі заттардың ерекшеліктерін сол мүшелер арқылы зерттеп, оны сезініп сараптама жасайды. Сезім – бұл, адам жанының мазмұны, оның жүйесі түгелдей керіп тұратын күрделі психикалық процес.
Психология ғылымында ғалымдар сезімнің бірнеше түрлерін қарастырған: сезім тәрбиелеудің құралдарын қазақ халқының үш құндылық, үш бірлігі арқылы қарастырамыз:
Адамгершілік (моральдық) сезімді жеке адамның өздерімен қарым- қатынасқа түскен басқа адамдарға, өзіне деген эмоциялық қатынас және Отанға, достыққа, намыс – борышқа деген көзқарасы.
Интеллктуалдық (сенсорлық) сезімді ақыл - ой процесінде пайда болған жеке дара сезімін, терең, ішкі толқыныстардың қанағат, юмор, ирония және жаңалыққа ұмтылуы.
Эстетикалық сезім - әсемдікті қабылдау мен жасау пайда болған рахатты, Отанға сүйіспеншілік сезімін жатқызады.
Патриоттық сезім – адамгершілік сезімінің бір қомақты саласы болып табылады. Сенім. Ел басшылығы, Үкімет орындағы халқының бейбіт, тынышта өмір сүруі мен жарқын болашағы үшін қызмет етуде. Осыған орай норма.
Тәрбиеге ең қиын нәрсе – сезе білуге үйрету. Балаларды сезе білуге үйрету, оларға өзінің эмоциялық – адамгершілік мәдениетін бере білу. Баланы сезе білуге жақын адамдарының көздерінен рухани дүниесін көре білуге үйрету үшін тәрбиелеуші бала бойындағы сезімін бүкіл сезімдік қасиетін аялай білу керек.
Сонымен баланы елжандылық рухта дамытуда айналамен таныстыру – бұл, әлеуметтік орта жөнінде мағлұмат беру болып табылады. Әлеуметтік орта күрделі, қыр сыры көп, көп жағдайда қайшылықты дүние. Осы жағдайда қоғамда белсенді әрекет, әрине психолог – педагог қауымдарының екіншісіне бөлінеді. Патриотизм сезімі мазмұны жағынан көпқұрлы, бірнеше сөздермен айту жеткіліксіз. Бұл туған жерге деген сүйіспеншілік, өз халқы үшін мақтаныш, және өзінің қоршаған ортамен тығыз байланыста екенін сезіну мен өз елінің байлығын сақтап, молайту ниетінің болуы. Патриотизм тек күрделі ауыр жағдайларда ғана емес, күнделікті халықтың еңбегімен рухани өмірінде байқалады. Патриотизм сезімі осыншама күрделі болса, онда бастауыш сыныптың оқушыларын осы сезімде тәрбиелеу жөнінде сөз қозғауға болар ма екен? Жас ерекшелігінің өзгешеліктерін ескеріп, балаларды зор ықыласпен бақыласақ, мынадай қорытынды жасауға болады. Бастауыш сыныптың оқушыларында білім көрсеткіші едәуір көбейген деуге болады және тек қазіргі жағдайды ғана емес, болашақ туралы мәселе қызықтырады. Олардың әңгімелерінен, сұрақтарынан мейірімділік пен жауыздық, әлеуметтік әділетсіздік туралы байымдауларын есітуге болады: «Неге жер шарында халықтар бейбіт жағдайда өмір сүрмейді?
Мағжан Жұмабаев: «Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүйіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, хатта жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан құтылуына көп көмек көрсетеді» деген тамаша сөздері осының айғағындай [30;87-88].
Баланың өз Отанымен танысуы табиғатпен тығыз байланыста болады. Ауладағы гүлдер, бақшадағы жеміс ағаштары, шомылатын көл, күнге қыздырынатын жағажай, барлығы баланың сезімінде мәңгі қалыптасып, сүйіспеншілік сезімін оятады.
Бірақ үлкендердің көмегінсіз елжандылық сезімін қалыпастыру өте қиын, себебі оқушы жас ерекшеліктеріне байланысты көп мәліметтерді шатастырып алуы мүмкін. Кішкентай, әлсіз жер бетіне зорға көтерілген көшеттің тамырын қатайту үшін бағбан қаншама жылдар бойы тер төксе ұстаз да тап солай оқушыларының сезіміне шексіз. Отанын сүюді елді сүюді, жерді сүюді, ана тілін сүюді, елді басқарып отырған Елбасын құрметтеп, сүюді, осындай байлыққа кенелтіп отырған еңбекшіл халымызды сүюді, Қазақстанды мекендеген бүкіл ұлттар мен ұлыстардың бейбітшілік жағдайында өмір сүруін көздеген Елбасымыздың ұстанып отырған салсатын қолдауды қалыптастыруы қажет.
Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде оқытудың әдістерінің түрлері сан алуан. Жалпы айтқанда, оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады.
Кез келген педагогикалық оқулықты талдасақ, онда оқыту әдісі ұғымына сан алуан анықтама берген. Мәселен, Ж. Әбиев, С. Бабаев, А.Құдиярова: «Оқыту әдістері – оқытудың мақсаты – міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал – тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады» - дейді. Ал, Ресей профессоры П. И. Пидкасистый: «Оқыту әдістері - диадактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті, - деген анықтама береді. Педагог ғалымдардың оқыту әдістеріне берген анықтамаларын саралай отырып, оқыту әдістері дегеніміз оқыту процесінде мұғаліммен оқушының белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған бірлескен іс - әрекеті деген анықтамаға қосыламын[25; 77-85].
Бастауыш сынып оқушыларына көркем шығарма арқылы патриоттық сезімін тәрбиелеуде осы аталған дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа проблемалық әдіс пайдаланудың маңызы ерекше. Сонымен қоса, оқу – тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде оқытудың формалары мен түрлерінің әсері айрықша. Көркем шығарма әдебиет үлгілерін пайдалану нәтижелі болу үшін мұғалім оқытудың формаларын (сабақ, үй тапсырмасы, сыныптан тыс жұмыстар, факультатив сабақтар т.б.) түрлендіріп алмастырып отырады.
Көркем шығарма мазмұны оқушыларға проблемалық оқыту (тақырыпқа сай оқушы алдына проблема туғызу), дәсүрлі оқыту (сыныптық – сабақтық жүйе), бағдарламалық (берілген оқу материалы бөліктерге бөлініп, оқушыларға олардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай беріледі), дамыта оқыту (мүмкіндік деңгейдегі қиын тапсырмалар беру) арқылы меңгертіледі.
Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде оқу – тәрбие үрдісінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың маңызы ерекше. Дамыта оқыту технологиясын қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің ХVІІ ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып, талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К. Д. Уминский Л. С. Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары: Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов көтерді [25].
Дамыта оқытуды жүзеге асырудың аталған бағыттарына жеке – жеке тоқталып, оны бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде мұғалім жұмыс жүргізу барысында басшылыққа алады.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту төрт деңгейді көздейді: міндетті деңгей, алгоритмдік деңгей, эвристикалық деңгей және шығармашылық деңгейі. Бірінші, міндетті деңгей тапсырмалары:
-шығарманы қабылдауға, түсінуге, ұғынуға бағытталады;
-жаттап алуға лайықты келеді.
Екінші, алгоритмдік деңгейдегі тапсырмаларға оқып отырған шығарманы реттеуге және жүйелеуге берілген сұрақтар жатады.
Үшінші, эвристикалық деңгейдің тапсырмалары оқушы пәннен алған білімдерін тиісті жерде қолдана алуға бағыттайды.
Төртінші деңгей, шығармашылықтың тапсырмалары оқушыны өзіндік әрекет жасауға бағыттайды. Бала шығармашылықпен айналысады. Мұнда оқушының қиялының орны ерекше. Оқушы шығармашылығының түрлеріне өлең құрастыру, әңгіме құрастыру, мысалдарды, ертегілерді сахналау жатады.
Ойын арқылы оқытуда оқу үрдісінде ойын қолданылады. Педагогикалық энциклопедияда: ойын әрекеті – баланың барлық нышандарының дамуына мүмкіндік тудыратын өзіндік ерекшелігі бар интеллектуалдық мектеп делінген. Бастауыш мектепте ойынның маңызы ерекше. Оның себебі мектепке дейінгі кезеңде баланың негізгі әркеті ойын, мектепке келгеннен кейін балаға бірден оқу әрекетіне көшу қиын болғандықтан ойын арқылы біртіндеп оқу әрекетіне төселдіреміз. Ойын сабақтың кез келген кезеңінде тақырыпқа сай қолданылады. Көркем шығарманы пайдалануға байланысты ойынға түрлі санамақтарды, сұрамақтарды, қаламақтарды, айтыс ойындарды жатқызуға болады. Олар балалардың сөйлеу тілін жаттықтырып дамытумен қатар тәрбие мақсаттарының орындалуына да әсер етеді.
Топтық жұмыстарға біріңғай топтық жұмыс және сараланған топтық жұмыс жатады. Бірыңғай топтық жұмыс барысында барлық топ бірдей тапсырма орындайды. Сараланған топтық жұмыстарда тапсырма топтық қабілетіне, мүмкіншілігіне, сұранысына қарай сараланады. Топтық жұмыстар көркем шығармалар кейіпкерлерін бейнелеу кезінде жүзеге асады. Топтық жұмыс барысында оқушылардың ойлау қабілетінің артуы мұғалімнің білім беру барысындағы шеберлігіне байланысты. Егер, мұғалім сабақ барысында түрлі әдіс – тәсілдерді қолданумен қатар оқушылардың оқу әрекетін түрлендіруге (оқу, жазу, әңгімелесу, сызу, тәжірибе жасау) жағдай жасай білсе, олардың ойлауы, неге бұлай? -деген сұраққа жауап іздеуіне, сол арқылы өз ойын қорытып ұғымын түйіндеуіне жағдай туады.
Әл –Фараби бабамыз музыканың адам психологиясына әсерлі жөнінде, - «музыка денені шынықтыратын гимнастика тәріздес, ол адамның жанын жетілдіреді. Алдымен ләззатқа бөлейді, одан соң құмарлықты оятады, қиялға жетелейді», - деп пікір айтқан. Ал ұлы ойшыл Платон «Музыка – адам жан дүниесін еріксіз еліктіріп, тұрмыс – тіршіліктің қандай да болсын мұң – заласын ұмыттыратын сыйқырлы күш», - деп, ой түйіндеген. Халқымыздың бірнеше ғасырлар көлемінде жинақталып қалыптасқан бай музыкалық фольклоры бар. Атап айтар болсақ: тарихи әуендер, эпикалық жырлар, тұрмыс – салт жырлары, лирикалық әңдер т.б. Міне, осы фольклорымызбен - ақ ұлттық болмысымызды, патриоттық сезімді қалыптастыратын тәлім – тәрбие беріп отырғаны тарихи шындық.
Еліміз егемендік алғалы бері бірқатар отандық ғалымдарымыз музыкалық фольклорымыздың тәрбиелік мүмкіндіктерін ашып көрсетіп, нақты ұсыныстар жасауда. 1994 жылы А.Райымбергенов және С.Райымбергеновалардың бастауыш мектептің бірінші сыныптарына арналған «Мұрагер» музыка сабағының бағдарламасы жасалынды. Бағдарламаның ерекшелігі – балаларға домбыра үйрету арқылы халық өнеріне ынтасын арттыру көзделген. Бұл бағдарлама авторлары, белгілі музыка зерттеушісі, А. Мұқамбетова - «баланың генетикалық мүмкіншіліктерін ұлттық дәстүр арқылы жеңіл ашуға болады. Бұл жүйе балаға төңіректегі ортаны игеруге, қабылдауға көмектеседі», - деп айтқандай, халқымыздың, рухани байлығына сүйене отырып және халық педагогикасының даму жетістіктері ескере отырып жаңа педагогикалық жүйе негізінде жасаған. 1995 жылы М. Х. Балтабаев, Д. А. Берденова, У. Ж. Серікболовалардың бастауыш мектепке арналған «Елім – ай» музыка сабағының бағдарламасы жасалған. Бастауыш мектептерге арналған Ш.Құлманова, М. Оразәлиева, Б. Сүлейменовалардың музыка сабағының бағдарламасындағы музыкалық материалдар, музыкалық фольклорымызды пайдалана отырып, балаларға ұлттық тәлім- тәрбие беру негізінге құрылған. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты: қазақ халқының әдет – ғұрпын, салт –дәстүрлерін, өнерін қадырлейтін, оның өмірімен байланыстылығын түсінетін, эстетикалық және музыкалық танымы дамыған, рухани бай, адамгершілік қасиеті мол және шығармашылықпен жұмыс атқара алатын елжанды тұлға тәрбиелеп шығаруға бағытталған. Қай бағдарлама болса да оның мақсатын жүзеге асыру, пәнді жүргізуші маманның теориялық практикалық білім деңгейіне, шеберлігіне және сабақты жүргізуге қажетті техникалық құралдар мен музыкалық материалдардың қорына байланысты[6].
Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері