Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2014 в 10:24, реферат
Зерттеудің өзектілігі. Қоғамның экономикасын, мәдениетін, әлеуметтік, рухани өмірін дамытуда әр адамның жеке тұлғасы, азаматтық келбеті, адамгершілігі отаншылдығы, ұлтжандылығы, еңбекке деген шығармашылық қабілеті мен белсенділігі шешуші роль атқарады. Жас ұрпақты осындай тұлға етіп тәрбиелеуде шебер ұстаз - жетекшінің атқарар жүгі мол. Әрине, бұл жолда тәлім –тәрбие ісін жаңаша ұйымдастыру, жаңа тәрбие бағдарламалары да, тәрбие құралдары да, техникалық жабдықтар да қажет, әрі мәнді. Бәрінен де жас ұрпаққа рухани дүниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау шыңына бағдарлайтын музыка пәні мүғалімінің орны бөлек.
Музыка тіл айтып жеткізе алмайтын адамның киелі нәзік сезімі. Музыка бұл сезім тілі, адам жанын баурап алатын, моральдық сезімдік эстетикалық бірлігі болып табылады. Мектептегі музыка пәні оқушыларға басты тәрбие құралы болып есептеледі. Олардың рухани өмірі мен тәжірибенің музыка әлемін түсініп қабылдауы. Оқушының талғампаздығы, эмоциялық сезімталдығы, білімділігі, мәдениеттілігі, жас өспірімге ақыл-ой, сана-сезімдігі жақсы мінез-құлықтың қалыптасуына әсерін тигізеді. Музыканың қажеттілігі – ол музыка өнерінің негізімен оның өмірі мен байланысы жайлы түсінігін жетілдіру, баянды меңгеруіне көмектесу. Музыкалық тәжірибелік іскерліктерін дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқушының бойында рухани мәдениеттің маңызы мен ажырамас келбетін байытатын музыканың әсері мол. Олардың бойында түсінігі, сезімдік қабілеттілігінің тұрақтылығы музыка тілінің ерекшелігін меңгеру. Музыка сабағында, сыныптан тыс уақыттарда бастауыш сынып оқушыларымен музыкалық тәрбие жұмысын жүргізе білуге, күнделікті өмірге музыка өнерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңірек пайдалана білуге даярлау.
Негізгі мақсаты: оқушының бойында рухани мәдениеттің аса маңызды ажырамас бөлігі музыкалық мәдениетті қалыптастыру арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру. Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілік, халық музыкасына, өз халқының рухани мәдени мұрасына, салт-дәстүріне сезімдерін оятады. Әр түрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне деген достық, ұлт аралық бірлікке сезімдерін ояту, оны жетілдіру. Балалардың музыка арқылы түсінігін сезіну қабілетін музыка ерекшелігін меңгеру. Бүгінгі таңда балаларды жастайынан өнерге баулу музыкалық тәрбие арқылы жаңа тұлғаны, жаңа адамды тәрбиелеп қалыптастыру. Сухомлинский былай деді: «музыка адамның табиғаттың әсемдігінен, еңбекке деген құлшынысын арттырады, музыканың арқасында адамның айналаға, өмірге, тіпті өзіне деген көзқарасты өзгертеді.» Оқушыларға музыкалық тәрбие беру олардың өнерге деген сезімін ояту, таңдаулы халықтың шетелдік және классикалық музыкасын, Қазақстан композиторларының шығармаларын сүйіп тыңдай білуге дағдыландырып үйрету негізінен музыка сабағында, іске асырылады.
Отансүйгіштік сезімі туа біте пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі,халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының идеяларын Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан- 2030» Жолдауында «біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын [17].
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру барлық пәндердің үлесіне жатады. Сондықтан пәнге оқушылардың ынта- ықыласын, қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі жаңа әдістемелік технологияларды қолданып сабақ өткізу тиімді. Бұл оқушылардың сабақтан жалықпауын, жөнсіз әрекетке бармауын, әр іске назар аударып жауапкершілікпен қарауды, ой елегінен өткізіп ойлануды қалыптастырады, бағдарламалық материалдарды жеңіл, тез меңгеруге септігін тигізеді. Осы мақсатпен оқу материалының күрделі және жеңіл түрлеріне қарай ерекшеліктерге тоқталайын.
«Ұлттық патриотизм» және «Қазақстандық патриотизм» ұғымдары арқылы Отан, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділгі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз –бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну. Сөйтіп, «ұлттық патриотизм және «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама беру, олардың мазмұнын құрайтын: отансүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т.б. тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түседі.
Балаларға ел сүйгіштік, ата-ананы сүю, Отанды сүю, мәселесінде қандай әндер орындайтынын ойлап жүргендігі жайындағы пікірлері жөнінде әңгімелер өткізу [1].
Балаларды патриотизмге тәрбиелеу рухында қазақ әндерінің мәні зор. Мысалы, Л.Хамидидің «Туған ел», И.Нүсіпбаевтың «Жомарт елім», С.Мұхамеджановтың «Қазақстан», Ә.Нұрымовтың «Туған жер», Е.Хасанғалиевтің «Атамекен», М.Сағатовтың «Туған ел», С.Бәйтерековтың «Қазақстан қыран далам», т.б. айтуға болады.
Мектептегі музыка сабағы тек қана музыка жөнінде мағлұмат беріп қана қоймай, ең бастысы жас ұрпақты жоғары патриоттық қасиеттерге баулу болғандықтан, музыка мұғалімінің алдына жоғары деңгейдегі міндеттер қойылып отыр.
Мұғалім оқушыларға музыка сабағы үстінде патриоттық сезімдерін дамыту кезінде мектеп репертуарының шешуші маңызы бар екенін есінен шығармауы тиіс. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты іріктеп алынған шығармалар ғана патриоттық тұрғыдағы тәрбие жұмысына қажетті мол дүние бола алады. Олар өздеріне терең әсер етіп толғандыратын көркем шығарманы қабылдаған жағдайда ғана патриоттық сезімдерін оята алады. Мысалы, М.Төлебаевтың «Тоғай арасында», И.Нүсіпбаевтың «Жомарт елім» әндерін, Ғ.Жұбанованың «Теміртау таңы» атты симфониялық картинасын атауға болады. Бұл шығармалар туған еліміздің кең байтақ жерін, көркем табиғаты мен шаттық өмірін бейнелейді.
Жалпы білім беретін мектепте музыкалық патриоттық білім беру мақсаты – оқушылардың рухани өмірін байыту, патриоттық сезімдерін жоғары дәрежеге жеткізу, музыкалық өмірдегі құбылыстарды бағалауда дұрыс бағыт беру болып табылады.
Оқушыларды патриоттық ел сүйгішітік туралы әндерді жай ғана емес, терең сезіммен, тебірене орындауын талап ету.
Қазақ халқының бойында патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болады. Бұған дәлел Күлтегін, Білгеқаған, Тоныкөк сынды батырлардың елін-жерін қорғаудағы ерлік дәстүрлері мен туған жерге деген ыстық сезімі ана тіліне деген құрмет Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмуд Қашқари т.б. ойшылдарының шығармаларынан орын алған.
Бүгінгі таңдағы мұғалім баршаға арналған біртұтас білім беру бағдарламасын, яғни білім беру мен тәрбиенің барлық мақсаттары мен мазмұнын бағытқа алуы тиіс. Былайша айтқанда, бұл оқушылардың білімін көрсетілген деңгейін және белгіленген бағдарламаларға сәйкес жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыттау; бұл мұғалім тарапынан оқу-тәрбие процесін басқарудың қажетті көрінісі, оқушының іс-әрекеті мен өмірін реттейтін талаптардың, шешімдердің болуы. Музыкалы білім берудің мемлекеттік стандарты, оқу жоспары мен мектеп пәндері бойынша оқу бағдарламалары шеңберінде жүзеге асуы тиіс. Барлық көрсетілген құжаттар жұмыс істейтін мұғалімдер үшін жеткілікті еркіндік береді, ал мұғалім дәстүрлі педагогикадан бас тартып, жаңа «демократиялық дәуірдегі» мұғалімнен қазіргі сапалы қасиеттерді талап ететін ізгілікті, жеке тұлғаға бағытталған педагогикаға жол ашады.
Мектептегі музыканы оқытуды ұйымдастыру формалары педагогика тарихында ең пікір таласты проблема болып келгендігі туралы жоғарыда атап, зерделесек те, өзектілігі әрдайым қала бермек. Оқушыларға музыкалық сабақтарды оқытудың негізгі формасы және оның ерекшелігі, музыкалық - педагогикалық озық тәжіребиені зерттеу осы салада орындалған ғылыми - зерттеу жұмыстары мен педагогикалық озық тәжірибе жетістіктеріне сүйенеді. Себебі озық тәжірибе нәтижелеріндегі жаңалықтың мәні, яғни басты қасиеті олардың мазмұнының мағыналық жағынан қоғам дамуының бағыттарына, бүгінгі қоғам талаптарына барынша сәйкестігіне, сонымен қатар педагогтар мен оқушылардың көп еңбек шығындамай, практикада жоғары тиімділік пен жоғары сапаны қамтамасыз етуіне байланысты. Соңғы жылдары музыкалық педагогикалық идеясының жандануы, білім беру саласына ғылыми-техникалық жетістіктердің ендірілуіне байланысты сабақ беруді жетілдіру, оны ұйымдастырудың тың жолдары іздестірілуде. Осыған орай сабаққа «мұғалімнің музыкалық- педагогикалық туындысы» ретіндегі сабақтар қарастырылуда. Музыкалық білім беру тәжірибесі көрсеткендей, мектеп мұғалімдері көбіне педагогика теориясын, педагогикалық ғылыми жетістіктерін біле бермейді. Сондықтан музыка пәні мұғалімдерінің атқарған жұмыстарының нәтижелерінің қорытындылау, олардың жетістіктерін дәлелдейтін: жұмыс жоспары, оқушылардың туындыгерлік шығармалары, педагогикалық отырыстардың мәжіліс хаттамалары, іс-шаралардың әдістемелік өңдемелері, өздік тәжірибе бойынша мәліметтерді жинақтай алуының маңызы зор. Жинақтаудың дәрежесі мұғалімдердің сабақ мазмұнын, оқушылардың сабақтан тыс музыкалық іс- әрекеттерінің түрлі бағыттарының бірлігін қамтамасыз ете отырып, сипаттай алуымен де анықталады.
Музыка тілі – басқа өнер саласымен салыстырғанда күрделі тіл екендігі белгілі. Ол сезімге әсер ете отырып, адамның қиялы мен көңіл күйіне байланысты қабылданады. Музыкалық тәрбие беруде мұғалімнің алдына негізгі үш міндет қойылады. Бірінші міндет - әртүрлі музыкалық іс-әрекеттер арқылы оқушының сезімін ояту, екінші - сезім арқылы музыканы саналы түсінуге баулу, үшіншісі – музыкалық шығарманы өз шамасына қарай орындай білуге үйретуде орындаушылық дағдысы мен шығармашылығын дамыту. Бұл міндеттер негізінен жалпы білім беретін мектептің музыка сабағы барысында іске асырылады. Ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаттылығымен танысу мен шығармашылық жұмыстар музыкаға тәрбиелеудің басты іс-әрекетері болып есептеледі. Оқушылардың жан-жақты дамуы баланың ішкі дүниесін байытады, саз өнерін терең және толық қабылдап қана қоймай, айналадағы дүниеге, өмірге, адамдарға деген көзқарасын өзгертеді. Музыка сабағының басты іс-әрекеттері педагогтан алдын ала даярлықты, шығарманы таңдауды, оқушыларға үйретудің әдіс-тәсілдерін терең ойластыра отырып, аспапта орындалатын әнді еркін ойнауды талап етеді. Мұғалімнің сыныпқа қарап тұрып еркін ойнауы, дауыс ырғағы, бет пішіні оқушыларды баулып , әнді қызығушылықпен меңгеріп алуына көмектеседі.
«Музыка» пәнін ұйымдастыру сол пән мұғалімінің іскерлігі мен шеберлігіне, сабақты оқушылардың ынта-ықыласын аударатындай тартымды да қызықты етіп өткізуге байланысты. Өз ісін білетін, шығармашылық орта тудыра алатын тәжірибелі оқытушылар сапалы, әрі белсенді қызмет ете отырып, қызықты сабақ өткізе біледі. Ол үшін музыка оқулығынан басқа да қосымша материалдарды пайдаланып, әрбір сабақ пен тақырыптың мән-мағыналық ауқымын кеңейте түсуіне жол ашу керек. Қорыта айтқанда, мектептерде музыка сабағын ұйымдастырып оқытудың педагогикалық және психологиялық ерекшеліктері музыкалық білім беру педагогикасының дамып, қалыптасуы жағдайына көз жіберу тұтастай алғанда, жалпы педагогиканың оның ғылым саласы ретіндегі мәні мен ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.
Қазақ мектептерінде басқа пәндермен қатар музыка сабағын, оны беретін мұғалімнің оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуде атқаратын мақсаттары мен орны артық болмаса, ешбір кем емес екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдедік деп есептеймін.
Музыка объективті шындықты бейнелеудің бірден-бір түрі болып табылғанымен де, халық барлық өнер түріне қарағанда ең азы нақты заттық (тақырыптық) және ең көбі адамның эмоциялық дүниесіне анық айқын бағытталған болып саналады. Ол адамның айнала болмысқа деген әртүрлі сезімдерін, білдіре алады, осы сезімдерін нақтылы заттардың өзін көрсетпей-ақ оятып, білдіре алады. Музыканың тақырыбы заттылық интонациясында (әуеннің айқын бояуы, ең кішкене мәнерлі бөлімі) көрінеді, музыканың мәнерлілік құралдарының ерекше жүйесінде, мазмұны жалпылама музыкалық бейнелерді құрайтын, әртүрлі оқиға, құбылыстарды белгілі бір сезімдермен білдіруде көрсетіледі. Музыка өнерінің осындай ерекшелігі бірінші кезекте эстетикалық тәрбиенің мазмұнын анықтайды. Патриоттық тәрбиенің ерекшелігі де, нақты заттық патриоттық мазмұнда мақсаттылықпен қабылдау жорамалданады. Сонымен қатар олардың өзара әрекеттестігін анықтайтын көп ортақтық бар. Осы мәселенің эстетикалық жағының (аспектісі) өзекті кезі әдемілікті сезініп, (ортақтасу) бірге түйсіне білу болып табылады. Эстетикалық аспектінің негізгі өзекті мәселесі сұлулықты сезіп, бірге түйсіну болып табылады, және осыны жете түсінуге эмоционалдық жағдай көмектеседі. Екінші жағдайда ең бастысы патриоттық мазмұнды жете түсіну болып қабылданған сезімдік – образды бекітуге эмоционалдық жай-күй көмектеседі.
Демек, музыка өнері патриоттық тәрбие беру процесінде екі аспектіде қарастырылады. Бірінші жағдайда, оның мазмұны тәрбиелеу пәні (заты) болып шығады, ереже бойынша заттар, адамдардың іс - әрекеттері. Екінші жағдайда, тәрбие берудің құралы музыка өнері болады осы музыкалық образдары терең эмоционалдық түрде қабылдауға мүмкіндік беретін, музыкалық шығармаларда ерекше мәнерлеу құралдары нақтылы көрсетілген. Бұл шартты түрдегі бөліну, өйткені, екі жағы да, патриоттық мазмұндағы образдарға жағымды қатынас қалыптастырудың үрдісі болып саналады. Олар санада тікелей қабылдаудың нәтижесінде пайда болады, ал сондай-ақ жанама түрдегі туыстас елестер бар болса ғана және де, осы образдарға пайда болған сезімдер, олардың сыртқы көріністі немесе қарапайым дыбыс тіркестерін қабылдауға емес негізінен білімдерімен көрсетілетін анықталатын мазмұнына жатады. Бұған ерекше көңіл аударған дұрыс, себебі бір музыкалы әртүрлі болуы қарым-қатынасының көбінесе білім қорына байланысты болады, зейіндерін ұйымдастыру және шығармаға қызығушылықтарын қалыптастыру сияқты. Жоғарыда көрсетілгендей патриоттық тәрбие берудің мазмұнын «патриотизм» түсінігің белгілері тұрғысында қарастыра келе, музыка өнері осы белгілердің топтарын көрсетеді, соның ішінде, «Туған өлкем» тақырыбы бойынша біріккен белгілер тобы жетекші орын алады. Бұл өзінің ерекше тұрақтылық күшімен, мыңжылдық, ғасырлар бойы тұрмыста орнығып, олар патриотизмге тәрбиелеудің негізін салады, деп түсіндіріледі. Белгілердің нақ осы тобы балаларға арналған шығармаларда кеңінен орын алады, себебі, бала туған өлке, ел, әдет - ғұрып, салт – дәстүр, тілге деген үйреншікті сезімдеріне ерте кезден ие болғанымен, аса жете түсінбейді (саналы түрде меңгере алмайды). Патриотизмнің қалған басқа белгілері, негізінен саналы түрде оның мазмұны мен класстық мәнін қабылдай түсіне алатын кезде мақсатты түрде тәрбиенің ықпалымен мектепте қалыптастырылады. Осыдан басқа тағы бар атап өтетін жағдай патриоттық тәрбие беру процесінде оқушылардың жай қызығушылығын қалыптастыру қажеттілігі аз, сонымен бірге музыка тыңдауға деген ықыласын аудару, сондай-ақ, сезімін ояту болып табылады. Жаңа білім алу процесін жандандырып және түрлендіруге қабілетті танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру қажет. Педагогикалық зерттеулер мен жалпы білім беретін мектептер тәжірибесі. Мектеп оқушыларының әсіресе танымдық қызығушылықтарының көрінетіндігі, әсіресе білімнің тарихи аспектіде қабылдауға бағытталатынын көрсетеді. Осы жағдай музыка сабақтарына қатысты, музыканы қабылдауды ұйымдастырғанда өмірмен тығыз байланыстыру, соның ішінде тарихи құбылыстармен байланыстыру қажеттілі туындайды. Осыған байланысты профессор Б. М. Тепловтың айтқан пікірі көңіл аударарлық және төмендегідей қорытындыға келеді: «Музыка жаңа дерек (мағлұмат) және идеялық білім бере алмайды». Осы жағдай музыка өнерінің ерекшелігіне ерекше көңіл аударады және бұл жағдаймен санаспауға болмайды, өйткені, ол педагогикалық практикамен де дәлелденді. Жақсы музыкалық дайындығы бар оқушылар мәнерлілік құралдары, қабылданған музыканың сипатына, композитордың жазу стиліне қарай оның ықпалымен пайда болатын сезімдік елестетулер туралы, айта алады, және де, олар ең әртүрлі мазмұндағы, соның ішінде, патриоттық, діни және таза тұрмыстық сипатта болуы мүмкін. Естіліп тұрған музыка оқушылардың өткен тәжірибесінен сол образдарды таңдауға тырысады, қайсысы мазмұны жағынан көбірек жақын және өздерінің мәнерлілік құралдарының күштерімен ықпал ете, оларды толықтыратын, эмоционалдық жағымен қанықтыратын, бірақ сонымен «жаңа деректі немесе идеялық білім» оқушылар ала алмайды. Жоғарыда аталғандай, музыканың ықпалы (әсері) бірінші кезекте сезімдік сезінушілік өрісіне бағытталған. Әрқашан өзара әрекеттестікте болатын интеллектуалдық. Білімді жете түсінуге ықпал етушімен тәрбие затын эмоционалдық және мақсаттылықпен тереңірек қабылдауға мүмкіндік арттырылады. Сондықтан оқушыларға хабарланатын білімдер, патриоттық мазмұндағы музыкалық шығармалардың бірімен таныстыру барысында, тәрбие кезеңінің басталған жері бола алады. Алатын білімнің негізінде ой мен сезім арасындағы байланыс жүзеге асырылады, бірақ, бұл жерде ойлаудың қызметі басым болады. Алдыңғы кезеңнен кейінгі бекіту кезеңі де маңызды болып келеді, осы білімді толықтыру, сезімдік жағынан байыту, алынған білімдердің эмоционалдық әрекет жауабы ретінде, объектіге қатынасты көрсету ретінде шығады. Музыканың көмегімен білім мазмұны «осылай терең сезіне алады, өзіне тартып, оны өзінің ішкі игілігіне айналдырады басқа ешбір жолмен істеу мүмкін емес. Музыканың мақсаты да, оның ұлы танымдық маңызы да осында». Осы теориялық (ой-пікір) музыкант-психологтың ой-тұжырымын педагог – практиктің сөздерімен дәлелдеуге болады: «және де егер жас жүректің қазыналы ой түкпірлеріне енуді тәрбиелі сөзбен шектелетін болса, егер сөзден кейін терең және нәзік музыка басталмаса, тәрбие өзінің құндылығын жоғалтады ( құнды бола алмайды )».
Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері