Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 20:55, курсовая работа
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі оның қаржылық-несиелік жүйесінің терең реформалануымен жүретіні белгілі. Қаржылық-несиелік жүйенің басты тетігі банктік жүйе болып табылады, оның тиімді әрекеттеріне экономикалық дағдарысты жеңу, құнсыздануды төмендету және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі табысқа жету көп дәрежеде байланысты болады. Бәсекелестіктің күшейген жағдайында банктер жаңа банктік құралдарды енгізіле бастайды, базалық технологияларды жетілдірудің жолдарын іздестіріледі, өз тәжірибесіне ақпараттық технология саласындағы соңғы жетістіктерді қарқынды пайдалана түседі.
Кіріспе
1 Қазақстанның инновациялық дамуының проблемалары және
оны талдау
1.1 Инновация түсінігі, жаңашылдық қызмет ұғымы және түрлері
1.2 Инновация функциялары және инновациялық үрдіс
1.3 Инновациялық үрдістің тиімділігін арттырудың маңыздылығы
2 «Альянс Банк» АҚ-ның шаруашылық қызметін талдау
2.1 «Альянс Банк» АҚ-ның басқарудың құрылымдық талдауы
2.2
2.3
«Альянс Банк» АҚ-ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау
Қазақстан банктеріндегі қолданылатын электронды карталар
және оларды талдау
2.4 «Альянс Банк» АҚ-ның Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг жүйесінің қызметі
3 Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде
3.1 Инновациялық қызметтің негізі - электронды карталар айналымы
3.2 Электронды карталардың дамуының шетелдік тәжірибесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша А Интернет-банкингке қосылу тәсілі
Жергілікті жүйе төлем карточкаларын шығаратын екінші деңгейлі банктер: Алтын кард – « Қазақстанның Халық Банкі» және «АТФ» Банкі, Smart-AlcmCard – «БТА» АҚ, «Ситибанк Қазақстан» АҚ жергілікті карточкалары және «Каспий банкі» АҚ карточкалары. Одан басқа екінші деңгейлі банктер мына халықаралық жүйелер карточкаларын шығарады: Енго-рау International, VISA International, American Express International, Diners Club International.
Төлем карточкаларын пайдаланумен трансакциялардың көлемі 2009 жылы 251 млрд. теңгені құрады, оның 3,8% трансакциясы сауда терминалдарында жүзеге асырылған (қалғандары – қолма-қол ақша берумен). Мұнда жүргізілген трансакциялардың саны 21,0 млн. трансакцияларға жетті, оның ішінде 2,8% трансакциялар сауда терминалдарында жүзеге асырылды (қалғандары - қолма-қол ақша берумен).
2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда
төлем карточкаларын
Сөйтіп, төлем карточкалары көрсеткіштерінің даму динамикасын зерттеу (олардың саны, төлемдер көлемі, құралдар бірлігі) Қазақстандағы карточкалық бизнестің қарқынды дамуы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Негізінен банктік карточкалар нарығындағы жағдай тұрақтылау болып отыр, және клиенттерді тартудың басты әдісі жаңа қызметтерді көрсету және оның сапасын арттыру болып табылады.
Банкоматтардан алынған қолма-қол ақшалар бойынша операциялардың үлес салмағы 2009 жылы 97,2% - ті, 2010 жылы - 96,8% - ті және 2011 жылы 94,4 % - ті құрады.
Кестені талдайтын болсақ 2008–2009 жылдарда сауда терминалдары арқылы есеп айырысу үлесі банкоматтар арқылы қолма-қол ақшаларды алу айтарлықтай өзгеріссіз. 2009 – 2010 жылдары сауда терминалдары арқылы есеп айырысу үлесімен банкоматтар арқылы қолма-қол ақшаларды алу 0,4 есеге өсті. Ал 2010 – 2011 жылдары сауда терминалдары арқылы есеп айырысу 2,4 есеге, сондай-ақ банкоматтарды арқылы қолма-қол ақшаларды алу 2,4 есе кеміді. Бұл қолма-қол ақшалар айналымының төмендегенін көрсетеді. Бұны диаграмма түрінде көрсететін болсақ:
Кесте 9
Банктік карточкалармен сауда терминалдары және банкоматтар арқылы жүзеге асырылған операциялар көлемінің динамикасы
Көрсеткіштер аты |
2008 г. |
2009 г. |
2010 г. |
2011 г. | ||||
Млн.тг |
Үлес салма-ғы,% |
Млн.тг |
Үлес салма-ғы, % |
Млн.тг |
Үлес салма-ғы,% |
Млн.тг |
Үлес салма-ғы, % | |
Сауда терминалдары арқылы есеп-айырысу |
5789 |
4,0 |
9589 |
3,8 |
14511 |
3,7 |
24161 |
4,3 |
Банкоматтар арқылы қолма-қол ақшаларды алу |
137996 |
96,0 |
241418 |
96,2 |
381596 |
96,3 |
541917 |
95,7 |
Барлығы |
143785 |
100 |
251007 |
100 |
396107 |
100 |
566078 |
100 |
Ескерту - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің статистикалық бюллетені, желтоқсан 2008-2011 жж [30]. |
Қазақстан Республикасында Банктік карточкалар арқылы жүзеге асырылатын операциялар көлемі жылдан – жылға өсіп келеді, мысалы қолма-қол ақшадар алумен байланымты операциялар үлес салмағы 2008 жылы 96%, ал 2009 жылы - 96,2% -ті, 2010 жылы - 96,3% - ті, 2011 жылы –жүргізілетін операциялар көлемі жылдан – жылға өсіп келеді, мысалы қолма-қол ақшадар алумен байланымты операциялар үлес салмағы 2008 жылы 96%, ал 2009 жылы - 96,2% -ті, 2010 жылы - 96,3% - ті, 2011 жылы – 95,7% - ті құрады. Сонымен қатар сауда терминалдары бойынша төлем карточкалары арқылы жүзеге асырылатын операциялар көлемі өсіп келеді: 2008 жылы 4% - тен, 2011 жылы 4,3% - ке дейін өссе, сандай көлемі 2011 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 18372 млн. теңгеге немесе 4,2 есе өсті.
2011 жылы бірқатар халықаралық төлем жүйесінің көп таралған карточкаларының (VISA, және Mastercard) миркопроцессормен карточкаларға (чиппен) өтуі тиістігін еске ала отырып, Қазақстанның кейбір банктері төлемдік айналымға чиптік төлем карточкаларын енгізді, мысалы, 2010 жылы қазанда Халық банкі өз желісінде VISA International жүйесі төлемдерінің чипті карточкаларына қызмет көрсетуге сертификациядан табысты өтті. Одан кейін, 2011 жылы желтоқсанда VISA чиптік төлемдік карточкалары бойынша сынақтық операция табыспен жүргізілді.
2011 жылдың желтоқсанында банк VSDC чиптік карточкасы бойынша сынақтық EMV трансакциясын табысты өткізді және Visa чиптік карталарына эквайринг сертификаттауынан өтті. Чиптік карточкалардың артықшылығы айқын көрінеді. Микропроцессорлық карточкаларға өту бірден үш міндетті шешеді: алаяқтық операциялардан біраз шығынды азайтады (толығынан); операцияларды жасауда тәуекелдікті тез басқаруға және операциялық шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бұл тізбектегі ең маңызды артықшылық - сөзсіз хакерлерден ақшаны қорғалуына беріледі. Мысалы, смарт-технологияға көшуде ең алдыңғы жетекшілердің бірі болып табылатын, Ұлыбританияның банктеріне, алаяқтар жылына 411 млн. фунт стерлинг зиян әкеледі. Мұнда, төлем карточкалары бойынша қолма-қол ақшасыз айналымның 0,18% деңгейінде қала отырып, ұрылықтың көлемі тұрақты өсіп отырады, ол орташа әлемдік деңгейден 2 есе жоғары. Чиптік карточкаға өту құны $1,1 млрд.- қа бағаланады, ол деген, жоба 2,5-3 жылдың ішінде өтеледі дегенді білдіреді. Және де смарт-технологияны пайдаланғанда авторизацияландыру үшін телефонмен сұрап білудің және сол карточка бойынша операция жасауға болатынын анықтаудың қажеті болмайды. Клиенттік базаны сегменттеуге қарай, сол карточка бойынша онлайндық операциялардан мұнда бас тартпай-ақ, карточкаға оффлайндық транзакцияның мөлшерін және санын белгілеу мүмкіндігі пайда болады. Микросұлбаның жоғары қорғаныштығын және «PIN-off-line» ДСН мәртебесін бекітуде қолданатынын ескере отырып, бір рет шығарылған чиптік карточка өте ұзақ қолданылуы мүмкін. Ол химикаттар мен майлардың әсеріне төтеп беретін, төзімді материалдан жасалған.
Мамандардың атап өткен мұндағы тағы да бір артықшылық – ол бірлескен лоялти-жүйенің құрылуында. Микросұлбасы бар карточкалар сауда компанияларымен бірлескен дисконтты немесе лояльдық жүйені құру үшін ең жақсы құрал болып табылады. Шетелдегі зерттеулер, лояльдық бағдарламалар сатып алушылардың тұрақтамаушылығын 30% азайтуға және айналымның өсуін 10% ке ұлғайтуға әкелетінін көрсетіп отыр, салыстыру үшін келтірсек, сатып алушылардың жалпы санынан тек 5%. Ұстаудың өзі олардан алатын пайданың 25—85% өсуіне әкеледі. Осы микропроцессорлық карточкалардың негізіндегі бірлескен бағдарламаны іске асырудың бірқатар талассыз жақсы қасиеттері бар.
Біріншіден, смарт-карточкалар провайдердің есепке алу сұлбасынан «лояльдық қызметті», алып тастауға, яғни кейбір комиссиялық алым үшін клиенттердің процессинг транзакциясын орындайтын және олардың бонустары мен жеңілдіктерін есепке алатын ұйымды алып тастауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, олар ұстаушыларды көз ілеспей сыйақылау сұлбасын (белгілі бір ұпайлардың жинақталуына қарай) іске асыруға мүмкіндік береді.
Үшіншіден, loyalty-қосымшаларды пайдалану карточкада адрестік маркетингтің пайда болуына әкеледі және банкке клиенттердің сұраулары мен бейімділігін өте дұрыс түсінуге, яғни оларға өте жақсы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл қисынды түрде клиенттерді берілген маркетингтік шектер бойынша санаттарға бөлуден (олай жиі болып тұратындықтан) бас тартуға әкеледі.
Қазіргі кезде әлемде микропроцессорлы карточкалар негізінде бірнеше бірлескен лоялти-бағдарламалар табыспен іске асырылып та отыр (негізінен сөз American Express және Diners Club компанияларының жобасы туралы болып отыр).
Қазақстанның Банктері алдағы уақытта аса ірі айналымы мен тұрақты ақша түсімі бар, өте ірі сауда және серивистік компаниялармен бірлескен бағдарламалрды іске асыруға құлықты. Мұндай лояльды бағдарламлар, «пластикалық ақшалардың» сақталу кепілдігін арттыра отырып (жаңа чиптік технологияның арқасында), Альянс банкінің клиентерінің өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.
2.4 «Альянс Банк» АҚ-ның Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг жүйесінің қызметі
1. «Альянс Банк» АҚ-ы (бұдан әрі – Банк) -
әрекет етуші төлем карточкаларын ұстаушы
және «Мобильдік банкинг» жүйесінің пайдаланушысы
болып табылатын өзінің жеке тұлға-клиенттеріне
(бұдан әрі -Клиент) «Жеке тұлғаларға арналған
Интернет-банкинг» жүйесі арқылы банктік
қызмет ұсынады.
2. Бұл шарт
Банк пен Клиент арасында бекітілетін
қосылу шарты (бұдан әрі – Шарт) болып
табылады және жеке тұлғаларға бөлшек
қызмет көрсету тарифтеріне (бұдан әрі
– Тарифтер) сәйкес «Интернет-банкинг»
жүйесі қызметін көрсету талаптарын анықтайды.
Шартты бекіту Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодексінің «Қосылу шарты»
деген 389-бабына сәйкес Клиентті Шарттың
ережелеріне қосу арқылы іске асырылады.
3. Банк Клиентке
осы Шартта қарастырылған талаптармен
Интернет желісінің қорғалған арнасы
арқылы Банктің ресми web-сайтында орналастырылған
қаржылық порталда электронды тәсілмен
қашықтықтан банктік қызмет көрсетеді.
Шартты орындау тәртібі және талаптары;
4. Клиент банктік операцияларды қолма-қол ақшасыз жүргізуге
«Тіркеу» режимінде Тіркеу жөніндегі
нұсқаулық бойынша төлем карточкасының нөмірін
өзі дербес тіркеу арқылы қол жеткізеді.
5. Тіркеудің бастапқы сатысында Клиент
карточка нөмірін енгізуге және жүйе қауіпсіздік
мақсатымен ұсынатын алты мәнді кодпен
растауға тиіс.
Бұдан әрі пайдаланушының аты және сәйкестендіруші
паролі (кем дегенде 8 әріптік және сандық
белгілерден тұрады, «_», «-» таңбаларын
пайдалануға болады) енгізіледі, бұдан
кейін Клиенттің ұялы байланыс телефонына SMS-хабар келеді,
бұл хабарда бір мәртелік пароль көрсетілген,
оны енгізу арқылы Клиент жүйеде түпкілікті
тіркеуді растайды.
6. Бұдан әрі алты мәнді код «Интернет-банкинг»
жүйесіне кіру үшін пайдаланылады, ал
қаржылық транзакцияны (төлемдер, аударымдар)
және жинақтаушы зейнетақы қорына сұратуды
растау үшін Клиентке SMS-хабар арқылы алынған
бір мәртелік парольді таңдау немесе банкомат
арқылы тиісті функционалда алынған парольдер
тізімінен бір мәртелік парольді енгізу
ұсынылады.
7.«Интернет-банкинг» жүйесінде тіркелу
Клиентке мынадай мүмкіндіктербереді:
1) Банкте ашылған өзінің барлық ағымдағы,
жинақ және несиелік шоттарын нақты уақыт
режимінде қарап шығу;
2) банк шоттары бойынша Банктің төлем
жүйелерінде банктік операциялардың қол
жетімділік режиміне байланысты банктік
операцияларды:
Карточка базасының ағымдағы шоттарымен–
тәулік бойы;
Бөлшек бизнес жүйесінің ағымдағы, жинақ
шоттарымен – жергілікті уақыт бойынша
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізу;
3) Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген
банк шоттары бойынша ақшаның бар-жоқтығын,
мәртебесін, қозғалыс тарихын қадағалап
отыру, сондай-ақ шот бойынша кез келген
уақыт кезеңі үшін көшірме алу;
4) өзінің банк шоттары арасында ақша аудару,
оның ішінде салым талаптарына сәйкес
жинақ шоттарына қосымша жарналар енгізу:
5) несиелік шоттар бойынша өтеу кестесін
және шот бойынша тапсырылған уақыт кезеңі
үшін үзінді құрастыруды іске асыру;
6) Банкте ашылған үшінші тұлғалардың банк
шоттарына ақша аудару;
7) Банкте ашылған банк шоттары арасында
ақша аудару кезінде операция жүргізген
сәтте валютаны қолма-қол ақшасыз сатып
алудың/сатудың Банктің төлем жүйелерінде
белгіленген бағамдарына байланысты валюталарды
қолма қол ақшасыз айырбастауды жүргізу;
8) жинақтаушы зейнетақы
9)анықтамалық және басқа
Осы тармақта көрсетілген операциялар тізбесі «Интернет-банкинг»
жүйесінің даму барысына қарай аяқталған
болып табылмайды.
8. «Интернет-банкинг» жүйесі ұсынатын
операциялардың тізбесі туралы хабарлау
Банктің web-cайтында тиісті ақпарат орналастыру
арқылы жүргізіледі.
9. Осы арқылы Клиент осы қызмет түрі бойынша,
оның ішінде Банк болашақта көрсететін
қызметтер бойынша атаулармен, түрлерімен
және тарифтер, комиссиялар, сыйақылар
және басқа шығыстар мөлшерімен өзінің
сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін
береді және олардың ақысын уақытында
толық көлемде төлеуге кепілдік береді.
10. Осы арқылы Клиент Банкке
Қазақстан Республикасының
11. Осы арқылы Клиент осы төлем
және (немесе) аударым жасау клиенттің
кәсіпкерлік қызметті іске
12. Банктің Бөлшек бизнес жүйесіні
13. «Интернет-банкинг» жүйесін пайдаланғаны
үшін абоненттік ақы төлеу Банк Тарифтеріне
сәйкес Карточкалар базасындағы ағымдағы
шоттан көрсетілетін қызметті пайдалану
Клиент бастамасымен тоқтатылатын сәтке
дейін шотты тікелей дебеттеу жолымен
ай сайын алып алу арқылы жүргізеді. Клиент
ағымдағы айда қызмет көрсетуден бас тартқан
жағдайда ай сайынғы комиссияны алып алу
тек қана келесі күнтізбелік айдан бастап
тоқтатылатын болады, яғни ағымдағы күнтізбелік
айда «Интернет-банкинг» жүйесін пайдаланғаны
үшін ай сайынғы комиссия автоматты түрде
алып алынатын болады. «Интернет-банкинг»
жүйесі оқшауланғанда және Банк ұсынған
қызмет ақысы төленбегенде Клиент олардың
ақысын төлеуі тиіс.
14. Осы Шартта пайдаланылатын «банктік
күн» деген түсінік операциялар жүргізу
үшін Банк ашық болатын күн деп түсініледі.
15. «Интернет-банкинг» жүйесінде Клиент
жүргізген операциялар Клиенттен шыққан
деп есептеледі және Клиенттен алынған
нұсқауларға теңестіріледі. Бұл ретте
Клиент Банкке жіберілген электрондық
құжаттардағы деректемелердің мазмұны
үшін және толық енгізілуі үшін толық
жауапкершілік арқалайды.
16. Клиент оның банк шоттары бойынша жүргізілген
шығыс операцияларымен келіспеген жағдайда
оның кінәрат-талабы Банктің кез келген
филиалында немесе даулы жағдай бойынша
электрондық интерактивті өтінішті жіберу
арқылы қабылданады және Банктің ішкі
құжаттарына сәйкес банктік операция
жүргізілген сәттен бастап 45 (қырық бес)
күнтізбелік күн ішінде қарастырылады.
17. Клиент барлық туындаған мәселелер
бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін қолдау
көрсету қызметіне байланыс телефондарымен
және web-сайт беттерінде орналастырылған
электронды мекен-жайлар бойынша өтініш
жасай алады.