Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 20:55, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі оның қаржылық-несиелік жүйесінің терең реформалануымен жүретіні белгілі. Қаржылық-несиелік жүйенің басты тетігі банктік жүйе болып табылады, оның тиімді әрекеттеріне экономикалық дағдарысты жеңу, құнсыздануды төмендету және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі табысқа жету көп дәрежеде байланысты болады. Бәсекелестіктің күшейген жағдайында банктер жаңа банктік құралдарды енгізіле бастайды, базалық технологияларды жетілдірудің жолдарын іздестіріледі, өз тәжірибесіне ақпараттық технология саласындағы соңғы жетістіктерді қарқынды пайдалана түседі.

Содержание

Кіріспе
1 Қазақстанның инновациялық дамуының проблемалары және
оны талдау
1.1 Инновация түсінігі, жаңашылдық қызмет ұғымы және түрлері
1.2 Инновация функциялары және инновациялық үрдіс
1.3 Инновациялық үрдістің тиімділігін арттырудың маңыздылығы
2 «Альянс Банк» АҚ-ның шаруашылық қызметін талдау
2.1 «Альянс Банк» АҚ-ның басқарудың құрылымдық талдауы
2.2
2.3
«Альянс Банк» АҚ-ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау
Қазақстан банктеріндегі қолданылатын электронды карталар
және оларды талдау
2.4 «Альянс Банк» АҚ-ның Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг жүйесінің қызметі
3 Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде
3.1 Инновациялық қызметтің негізі - электронды карталар айналымы
3.2 Электронды карталардың дамуының шетелдік тәжірибесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша А Интернет-банкингке қосылу тәсілі

Вложенные файлы: 1 файл

Мой Диплом.doc

— 714.50 Кб (Скачать файл)

     

Карточкалардың әр типтері бойынша негізгі шарттарды карастырайық.

  • VISA Classic Domestic - «Альянс Банк» АҚ-нан
  • VISA Business Gold - ABN Amro- дан
  • Cirrus/Maestro Debit   - “Қазкоммерцбанк” АҚ-нан
  • ALTYN - « Қазахстан Халық банкі» АҚ –нан.

Осы карточкалардың әрқайсысының жұмыс шарттарына толығырақ тоқталайық. «Альянс Банк» АҚ 1999 жылдан бастап Visa Classic Domestic жұмыс істей бастады. Карточканы дайындау клиентке 300 теңге тұрады. Карточкаларды қайта шығаруға немесе қосымша даярлауға болады, ол 150 теңге тұрады. Бұл карточкаға сақтандыру депозиті қажет емес, бірақ ол тек Қазақстанда ғана әрекет етеді.  

Карточкаларды жасау үшін төлемнен басқа, банк мыналар үшін комиссиялық сыйақы алады:

  • Карточкалық шотқа қолма-қол ақшамен жарна;
  • Карточкалық шотқа қолма-қол ақшасыз жарна;
  • Қолма-қол ақша беру;
  • Карточкалық шоттардағы қаражаттарды айырбастау;
  • Карточкалық шоттардан басқа шоттарға ақша қаражаттарын аудару;
  • Мұрағаттық үзінді көшірме беру;
  • Карточкаларды оқшаулау.

 

Кесте  11

Арнаулы төлем карточкаларының шарттары

Карточкалардың банк-эмитенті

Карточкалардың аты

Карточка-ларды жасау

Жылдық комис-сия

Қосымша карточкаларды жасау

Карточ-каларды артық шығару

Сақтан-дыру

депо-

зиті

Ескерту

АҚ «Тұран Әлем-

Банкі»

Visa Classic

Domestic

300 kzt

жоқ

150 kzt

150 kzt

жоқ

Қазақстан-да ғана әрекет етеді

АҚ «Қазком-мерцбанк»

Cirrus/ Maestro-

80 kzt

640 kzt –заңды тұлғаға

320 kzt –жеке тұл.

80 kzt

80 kzt

жоқ

Дебеттік

АҚ

«Қазахстан Халық банкі»

ALTYN

4$

жоқ

жоқ

IS-жеке тұлға

2$-заңды тұлға

нет

АҚ

«Қазахстан Халық банкі» жүйесінде әрекет етеді. Дебеттік

ABN Amro Bank

Visa Business

Goid

125$

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

Корпора-тивтік клиенттер үшін ғана

 Ескерту -www.nationalbank.kz[33].


 

Және де банктер карточкалық шоттар бойынша қалдыққа пайыз есептеуді жүргізеді.

Жоғарыда келтірілген мәліметтерді қарастыра отырып, банктің көбі карточкаларды сатып алуға, ал ақшаны, желісін банк жыл сайын кеңітіп отырған банкоматтардан алуға ынталандырады деген қорытынды жасауға болады.

Мынадай мәселелер клиенттер үшін өзекті болып қалуда:

  • заемдарды өтеу бойынша мерзімін ұзарту мүмкіндігін беру, ипотекалық заемдар бойынша сыйақы ставкасын азайту жағына қарай қайта қарау және заемдар бойынша өсімпұлды алып тастау арқылы заемдарды қайта құрылымдау;
  • заемдарды қайта қаржыландыру;
  • кепілге салынған мүлікті соттан тыс іске асыру;
  • заем бойынша ай сайынғы төлемді, есептелген өсімпұлды есептеудің дұрыстығын тексеру;
  • салымдарды қайтару;
  • төлем карталары арқылы төлемдер жасау мен аударым жасау, сондай-ақ пластикалық  карталармен жасалатын өзге де операциялар.

Сонымен қатар банк өз клиенттеріне төмендегідей элитарлық қызмет түрлерін ұсынады.

 «АльянсБанк» АҚ-ның  Gold, MasterCard Platinum элиталық төлем карталарын ұстанушыларға әлемдік деңгейдегі жеңілдіктері мен артықшылықтары бар экслюзивті қызмет көрсету пакеті ұсынылады. Олардың қатарында:

  1. Жоғары деңгейде қызмет көрсету - «АльянсБанк» АҚ-ның Gold картасын ұстаушысына ұқыпты және жоғары білікті қызметкерлер Сіздің уақытыңызды үнемдеу принципін ұстана отырып, қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
  2. Ақпаратпен қамсыздандыру - «АльянсБанк» АҚ-ның Gold картасын пайдаланушы өз электрондық поштасын көрсеткен жағдайда, банктегі жаңалықтарды жүйелі түрде алып тұрады.
  3. Медициналық көмек көрсету бойынша әлемдегі ең ірі American International Group, Inc  компаниясының шетелге сапарға шыққан ада/мдар үшін арнайы жасаған  16 000 000 теңге сомасын өтеуге бағытталған AIG Assist халықаралық сақтандыру полисі.
  4. Авиажолаушылардың халықаралық қауымдастығына қатысу (IAPA) - бұл кәсіпкер-саяхатшылардың әлемдегі ең ауқымды қауымдастығы. IAPA-ның  басты мақсаты - алыс сапарларға жиі шығатындарға көмек көрсету, бұл адамдарды жайсыз жағдайлар мен керексіз әрекеттерден арашалау арқылы, олардың өмірін жеңілдетіп, қауіпсіз ету. IAPA бағдарламасына қатысушыға арналған пайдалы мәліметтері бар толық нұсқаманы орыс тілінде оқу үшін, сілтеме арқылы өтуге болады (360Kb).

MasterCard халықаралық дисконтты бағдарламасына  қатысу (MasterCard төлем картасын қолданушыларға  арналған). Бұл арқылы ірі киім  кешек сату дүкендері, интернет-сатылымдар, клубтар, ойын-сауық және спортттық кешендерде арнайы жеңілдіктер мен артықшылықтарға қол жеткізуге болады.

«АльянсБанк» АҚ-ның Gold карталарын қолдану арқылы Сіз өзіңіздің жоғары мәртебеңізді  қолдауға арналған жүйені сатып аласыз. Бұл ең үздік қызмет түрлеріне қол жеткізу мен жеке басыңыздың максимальді ыңғайлы жағдайда болуыңызды қамтамасыз етеді.

 

 

3.2  Электронды карталардың дамуының  шетелдік тәжірибесі                                

 

 

Қазіргі кезде әлемнің 200 астам елдері банктік қызметті несиелік карточкалар негізінде  дамытуда, ал тауарлар мен қызметтерге қолма-қол ақшасыз төлем көптеген елдерде барлық ақшалай операциялар құрылымының 90% жетіп отыр. Осыған орай шетелдерде несиелік карточкаларды қолданудың кейбір тұғырларын зерттеу дұрыс болған болар еді.

Карточкалар мамандандырылған мекемелерде (Diners Club 1949, American Express 1958) шығарылады. Ондай кароточкалар универсалдылар қатарына жатқызылады. Ақырында, банктер «көк карточка» (СВ) – ұлттық картточканы, енгізіп, сосын барып халықаралықты (Visa) шығарды. Қаржылық компаниялар да кейбір желілерде (Carte Aurore de Cetelem) пайдаланылатын, карточкаларды енгізді. Ірі банк жүйелері шығарған,  карточкалардың әртүрлі типтері, American Express бәсекелестігіне қарап,  әуеліде бекердей көрінген. Экономикалық мүдделері бойынша кәсіпорындардың бірігуі (GIE) ірі эмитенттерді бөліп, желілерді біркелкі етті. GIE қатарынада қайта топтау мұндай бірлестіктерді, басымдылық болмаса да, артықшылыққа қойды, оны «тарифтік картель» жасаудағы шағымдар мен айыптардан көруге болады. Батыстың көптеген елдерінде  пластикалық карталар шығаратын ұлттық компаниялар бірқатар ірі банктерді біріктірген, халықаралық желінің бір бөлігі бола бастады. 01.01.11 ж. пластикалық карталар нарығының үлестірімі  туралы, 12 кестеде көрсетілген мәліметтер қорытынды жасауға мүмкіндік береді.     

Келтірілген мәліметтерден көрінгендей, пластикалық карталар нарығында мойындалған жетекшілер VISA және MasterCard болып табылады. Мысалы, АҚШ-та олар пластикалық карталар нарығының барлығының 75% бақылайды. Осы екі жүйенің 2004 жылы смарт-карталарға толық өтетіні туралы жариялауы, оларға келешекте де есептесудің халықаралық жүйесіндегі жетекші жағдайын сақтауға мүмкіндік береді.  Енгізілгеніне 30-жылдан астам уақыт бойында  Visa International және Europay International жүйесінің халықаралық карточкалары жетілдірудің ең жоғары дәрежесіне жетті. 

Ірі америкалық банктер шығарған, классикалық несиелік карточкалар VISA және MasterCard, олардың иелеріне ай сайын карточкамен төленетін шоттар сомасының 5% ғана өтеуге мүмкіндік береді, ал қалған -  95% ол банктің несиесі. Несие 15-20% жылдықпен беріледі. Несиелеу лимиті жеке анықталады және қайта қаралуы мүмкін. Карточканы пайдаланғаны үшін төлем жылына 20-50 АҚШ долларын құрайды.

 

Кесте  12

01.01.11 ж.  негізгі төлемдік жүйелер арасындағы пластикалық карталар  нарығының  үлестірілуі, мың дана

Жүйе

 Елдер 

Еврочек

VISA

MasterCard

American

Express

Франция

99

7013

2752

370

Германия

23300

664

1826

430

Италия

550

1820

477

600

Ұлыбритания

1820

20903

14032

800

Испания

10

6726

500

90

Бельгия

3210

472

234

-

АҚШ

-

120000

86500

20000

Жапония

-

20826

23049

 

Ескерту - Эмери И. Ваша счастливая карта // Банковские  технологий. № 7-8, 2011 [34].


 

Қауымдастық аясында VISA International карточкаларын  20 мың банктер – VISA мүшелері шығарады. Шығарушылардың логотиптері бар бұл карточкалар дүние жүзінің 10 млн. сауда және сервистік орындарында қабылданады.  Europay International қауымдастығында  - сәйкесті 25 мың банктер және 12 млн. орындар саналады.

American Express банктік емес ұйымдарының карточкалары мағынасы бойынша төлем карталары болып табылады, ол бойынша несие алу мүмкіндігі бір аймен шектеледі, яғни, клиент карта бойынша өткізілген шотты сатып алу жүргізілгеннен кейін 30 күн ішінде төлеуге міндетті. Сатып алуды төлеу мен шотты төлеудің арасындағы кезеңде клиент эмитенттен ақысыз және ресми лимиттелмеген несиені алады. Төлемді кешіктіргені үшін клиент айыптық пайызды төлейді. Бірақ, мұндай картаны пайдаланып төлеуге болатын сома, шындығында клиенттің шотында қаражаттың немесе сатушы баратын, тәуекелдік дәрежесінің болуымен, егер ол клиенттік төлем қабілеттілігін тексермесе, шектелген. 

Халықаралық төлем жүйесінің негізгі өнімі ретінде қазіргі кезде магнитті жолақты несиелік карта көрсетіледі. Банк несие есебінен клиенттің сатып алғаны үшін төлейді, есеп беру кезеңінің аяғында клиентке жасалған операцияның толық тізімі беріледі.

Еуропалық нарықта  EuroCard/MasterCard алда келеді. Олардың үлесіне Еуропада шығарылған электронды карталардың  56% келеді, ал айналымдағы бар Europay карталарының жалпы саны 180 млн. асып кетті, ол еуропалық карталар нарығының 60% құрайды. Бұл карталар қолма-қол ақшаларды банкоматтар арқылы алуға және тауарлар сатып алуда және көрсетілген қызметке есептесуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде EuroCard/MasterCard 25 мың банк-эмитенттері шығарады. Және 12 млн. қабылдаушы фирмалары бар. 1998 жылдың басында шығарылған карточкалардың жалпы саны 171,9 млн. құрады.

Бәсекелестік күрес, банкоматтың, телефонның, жеке компьютердің және тіпті сауда орындарындағы терминалдың көмегімен үстінен жүктеуге болатын, кіріктірілген кішкене процессор «чипімен», мульти валюталық «электрондық әмиян» - «қала»  жасауда «Europay Int.» төлемдік жүйесін ынталандырды. 

Электронды чипімен несиелік карточкалардың сенімділігінің жоғарылығы MasterCard және VISA ірі компанияларын нақты уақыт режимінде коммерциялық операцияларды жеңілдету үшін біріңғай стандартты электронды несиелік карточкаларды жасауға итермеледі. 

Әлемдегі карточкалардың көбісі несиелік болып табылады. Несиелік картаның клиент үшін ыңғайлылығы, қандай да болмасын несиелік келісімді ресімдемей-ақ, несие бойынша міндеттерді және оны пайдалану мақсатын көрсетпей, белгілі лимиттің шегінде қажеттілігіне қарай несие алу мүмкіндігіндігінің болуында.

Шетелдерде несиелік карточка тұрақты банктік шоттың және несиелік тарихтың болуында беріледі. Несиелік тарих — бұл, клиенттің өз қарызын қалай өтейтіні, оның табысының қаншалықты екені туралы елдің барлық жерінен түсетін, ақпарат.  АҚШ –та мысалы, мамандандырылған ақпараттық агенттік бар.  Олар жеке тұлғалар туралы мәліметтер жинайды (әлеуметтік сақтандыру нөмірі, мекен-жайы, жұмыс туралы мәліметтер т.б.), олар 3-20 жылға дейін сақталады.  Ай сайын банктер агенттерге өзінің әрбір клиенттері бойынша мәліметтер беріп отырады. Өз кезегінде банктер нақты клиент туралы ақпараттты ала алады және оған қандай карточканы беруге болатынын шешеді. Несиелік банктік карточкасы бойынша шотта нөлдік  бастапқы қалдықтың болуы мүмкін. Карточка бойынша барлық операциялар несиеге жазылады. Несиенің сомасына пайыздар есептеледі. Клиентке жеңілдік мерзім беріледі, сол уақыт бойына несие бойынша пайыздар есептелмейді. Одан соң сатушы телефонмен дауысты авторизацияландыруды, немесе POS-терминал арқылы электрондықты жүргізеді. Егер сатып алғанның сомасы (немесе қызметтің сомасы) сауда лимитінен төмен болса, авторизацияландыру жүргізілмейді.  

Информация о работе Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде