Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 20:55, курсовая работа
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі оның қаржылық-несиелік жүйесінің терең реформалануымен жүретіні белгілі. Қаржылық-несиелік жүйенің басты тетігі банктік жүйе болып табылады, оның тиімді әрекеттеріне экономикалық дағдарысты жеңу, құнсыздануды төмендету және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі табысқа жету көп дәрежеде байланысты болады. Бәсекелестіктің күшейген жағдайында банктер жаңа банктік құралдарды енгізіле бастайды, базалық технологияларды жетілдірудің жолдарын іздестіріледі, өз тәжірибесіне ақпараттық технология саласындағы соңғы жетістіктерді қарқынды пайдалана түседі.
Кіріспе
1 Қазақстанның инновациялық дамуының проблемалары және
оны талдау
1.1 Инновация түсінігі, жаңашылдық қызмет ұғымы және түрлері
1.2 Инновация функциялары және инновациялық үрдіс
1.3 Инновациялық үрдістің тиімділігін арттырудың маңыздылығы
2 «Альянс Банк» АҚ-ның шаруашылық қызметін талдау
2.1 «Альянс Банк» АҚ-ның басқарудың құрылымдық талдауы
2.2
2.3
«Альянс Банк» АҚ-ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау
Қазақстан банктеріндегі қолданылатын электронды карталар
және оларды талдау
2.4 «Альянс Банк» АҚ-ның Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг жүйесінің қызметі
3 Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде
3.1 Инновациялық қызметтің негізі - электронды карталар айналымы
3.2 Электронды карталардың дамуының шетелдік тәжірибесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша А Интернет-банкингке қосылу тәсілі
Дауысты авторизацияландыруда оң жауап болған жағдайда сатушыға авторизацияландыру коды хабарланады.
- мәмілені бекіткеннен кейін мәміле туралы деректер белгіленетін, сауда векселін (чек немесе слип) рәсімдеу жүргізіледі. Чекке және де карточкадан мәліметтер көшіріледі. Қолдап өңдеуде бұл үшін импринтер пайдаланылады. Одан басқа, чекке міндетті түрде авторизацияландыру коды енгізіледі, өйткені коды болмаса чекті банк-эквайрер төлеуге қабылдамайды. Карточканы ұстаушы одан кейін чектің барлық даналарына қол қояды (әдетте үш).
Автоматты өңдеуде чек POS-терминалында басылады (теріледі). Соңғы жағдайда, егер авторизаландыру PIN-кодты пайдаланумен жүргізілген болса, қол қою міндетті емес.
- чектің данасы және тауар сатып алушыға беріледі.
- микропроцессорлық картаны 70- ші жылдардың ортасында Францияда ойлап тапқан, бірақ тек 80-ші жылдардың аяғында ғана оны практикалық қолдануға нақты мүмкіндік туды. 1993 жылдың аяғында шамамен 250 млн. электронды пластикалық карточкалар шығарылды. 1996 жылы олардың саны 1 млрд. жетті. Әрбір күннің соңында (немесе сиректеу - аптада бірнеше рет) қызмет көрсету орындары банк-эквайрерге қызмет көрсету орындарымен есептесу жүргізу үшін құжаттық негіз болатын, чек даналарын жібереді. Автоматтық өңдеуде ондай негіз болып авторизацияландыруда туатын, немесе тікелей банк-эквайрерге немесе процессинг орталығына түсетін, транзакциялар электронды хаттамасы қызмет атқарады.
- банк-эквайрер транзакцияны
қалыптастырады және қызмет
- процессингтік орталық бір
күн ішінде алынған
- есеп айырысатын банк, өзінде
корреспонденттік шот ашқан, банк-қатысушылар
арасындағы өзара есеп
- банки-эмитенттер өтеу
Мәмілелер жасауға болатындығы туралы шешім қабылдау процедурасы жауапкершіліктің бірнеше деңгейін пайымдайды.
Жоғарыда айтқандай, егер мәміле сомасы сауда лимитінен аспаса, онда карточка бойынша сатып алу (қызмет көрсету) туралы шешімді қызмет көрсету орындары өзбетінше қабылдайды. Сөйтіп, егер қызмет көрсету орнының сауда лимиті мысалы, 50 долларға тең болса, онда бағасы осы сомадан аспайтын тауарларды сатып алу туралы шешімді, сатушы өзбетімен қабылдайды. Бұл жағдайда сатушы, карточка төлем жүйесі белгіленген тізілімге сәйкес келе ме, ол тоқтатым-парақта жоқ па, соны тексеруге міндетті. Автоматты өңдеуде мұндай тексеру, зердесіне тоқтатым-парақ (немесе толық тоқтатым-парақтың бөлігі) жүктелген, POS-терминалдың көмегімен жүзеге асырылады. Терминал off-line режимінде қызмет атқарады.
Одан басқа, чекті рәсімдеуден кейін сатушы ондағы қойылған қолмен карточкада үлгі ретінде қойылған қолдың сәйкес келуін тексеруге міндетті. Күмәндік туған жағдайда сатушы сатып алушының жеке куәлігін талап етуге құқылы, чекке, сатып алушы, егер ондай мәміледе PIN-код енгізілмесе, автоматтық өңдеуде де қолын қояды.
Жоғарыдағы талаптарды орындалған жағдайда сатушы мәмілені жүзеге асыра алады. Егер банк-эквайрер, кейіннен жоғарыдағы талаптардың кез келгенінің бұзылғанын тапса, онда банк сатушыға мәміле сомасын қайтарудан бас тартуға құқылы.
Нөлдік емес сауда лимиті несиелік карточкаларға тән.
Бірақ та кейбір отандық төлем жүйелері оны есептесу карталары үшін де белгілейді. Халықаралық практикаға келсек, мысалы, АҚШ бүгінгі күні VISA және MASTERCARD жүйелерінің қызмет көрсету орындарындағы сауда лимиті нөлдік болып белгіленеді. Бұл, айлакерліктен шығынды төмендетуге мүмкіндік беретін шара, сауда орындарының бәрін POS-терминалдармен жабдықтаудың арқасында мүмкін болып отыр.
Егер мәміле сомасы сауда лимитінен асып түссе, сатушы авторизацияландыруды жүргізуге міндетті. Ол үшін сатушы не банк-эквайрермен (немесе процессинг орталығымен) телефонмен байланысады және мәліметтерді ауызша береді, немесе бұл процедураны POS-терминал автоматтық режимде жүзеге асырады.
Эквайрер, ең соңында сол транзакцияны авторизацияландыруға өкілетті, орталыққа түсетін, транзакцияны маршруттауды жүзеге асырады. Халықаралық тәжірибеде ондай орталық әдетте банк-эмитеттің өзі болып табылады. Бірақ та эмитент тұрақты негізде авторизацияландыруды жүргізуге құқығын қандайда бір процессингтік орталыққа немесе тіпті банк-эквайрерге табыстай алады.
Түсетін транзакцияларды өңдеу төлем жүйесінің ең маңызды қыметінің бірі болып табылады. Өз кезегінде, on-line- жүйелеріндегі авторизацияландырумен транзакцияны маршруттау сол процестің маңызды элементі болатынын көрсетеді.
Банк-эквайрердің (немесе процессингтік орталықтың) есептеу кешені, сол банк-эквайрердің (банк-эквайрер әдетте және де эмитентом болып табылатынын пайымдай) карточканы ұстаушы-клиенті немесе төлем жүйесінің басқа банкінің клиенті ынтагерлік білдірген бе, соны анықтай отырып, транзакцияны сәйкестендіруді жүзеге асырады. Бірінші жағдайда транзакцияларды өңдеу орнында жүзеге асырылады, екінші жағдайда оны жүйенің қандай да болмасын процессингтік торабына қайта жіберу жүзеге асырылады, онда оны өңдеу не әрі қарай маршруттау жүргізіледі.
Транзакция қайда өңделетіні туралы мәселе, төлем жүйесінің техникалық дамуының ағымдағы деңгейіне байланысты. Есептеу және телекоммуникациялық инфрақұрылым жасау бірден өтелімделе қоймайтын, қомақты инвестицияны қажет етеді. Сондықтан да кейде (ең болмағанда отандық тәжірибеде) алғашқы кездегі негізгі қаржылық ауыртпалықты өзіне төлем компанияларының құрылтайшылары алады. Осымен, процесингтік қуаттылық алғашқы кезеңде жүйенің жалғыз орталығына жинақталатын, және де процессингтік орталығына эквайрердің қызметінің бөлігі жүктелетін деректерге де байланысты болады.
Соңғы кезеңді толығырақ қарастырайық. Ол несиелік және есептеу карточкаларымен операциялары үшін әртүрлі жағдайда жүреді. Несиелік карточканы ұстаушы, банктік несиені пайдалануы, есептеу кезеңінің аяқталуы бойынша өтелімді жүзеге асырады. Есептік карточканы ұстаушының шотынан қаражат, транзакцияны жүргізілгені туралы мәлімет банк- эмитентке түскеннен кейін - әдетте сол күні, бірден алынады. Оның үстіне, өз карточкалары бойынша транзакцияны өз бетімен авторизацияландыратын, on-line-банктері үшін лимитті азайту (және соған сәйкес транзакция сомасын оқшаулау) авторизацияландыру кезінде жүреді.
Жоғарыда келтірілген төлемдердің кейбірін жүзеге асыруда комиссиялық алым алынуы мүмкін. Мысалы, банк-эквайрер қызмет көрсету орындарынан мәміле сомасынан (дисконт немесе саудалық жеңілдік) комиссиялық алым ала алады. Мұндай тәжірибе әлемде жалпы қабылданған, және карточкаға қызмет көрсету сатып алушыларды тартып, орындар айналымын өсіруге мүмкіндік береді деп уәждейді. Бұл жағдайда, кейде, эквайрер қызмет көрсету орындарынан сауда векселдерін толық бағасымен сатып алмайды дейді. Ал біздің елге келсек, көп жағдайлара мұндай комиссиялық алым түрі алынбайды, өйткені карточкалардың көп таралмаған себебінен бүгінгі күні оларға қызмет көрсету артықшылығы сауда және сервистік кәсіпорындарында онша айқын емес.
Өз кезегінде, банк-эквайрер әдетте комиссиялық алымды – сауда жеңілдігінің бөлігін - банк-эмитентке оның карточкасына қызмет көрсетуде («бөтен карточкалар») төлейді. «Бөтен карточкалар» бойынша қолма-қол ақшаны бергені үшін есептеу қызметін көрсеткені үшін қосымша комиссиялық алымдар алынуы мүмкін.
Есептесуді жүргізудегі жанжалдың көзі жүргізілген операцияның дұрыстығына кейіннен күмәнданған төлем тізбегіне сол не басқа қатысушының төлеуден бас тартуы болып табылады. Мысалы, төлем жүйесі, банк-эквайрерден түскен чектер ережені бұзумен рәсімделген, деп есептеуі мүмкін. Бұл жағдайда мүдделі тарап (біздің жағдайымызда ол қызмет көрсету орнына ережеге сәйкес төлеп қойған, банк-эквайрер) жағдайды талқылауды жүргізеді. Нәтижесінде банк-эквайрердің не төлем жүйесінен қаражаттарды аударуына қол жеткізуі немесе сауда орындарына талап қоюға әрекет жасауына болады. Осындай әрекеттерді жасау үшін банк-эквайрерде жағдайға талдау жасауға, туған қайшылықты жеңіп шығуға нұсқалар ұсынуға және келешекте жанжалдың қайталануын болдырмайтын ұсыныстарды жасауға қабілетті, арнаулы бөлімше болуы керек.
Халықаралық төлемдік жүйелердің арасындағы бәсекелестік карточкалар бойынша қызметтің төмендеуіне мүмкіндік жасады, әрі қарай оларды «беделді карточкалар» жасауға ынталандырды: American Express – Gold және Platinum, Euro-Card/MasterCard – Gold Card, VISA – Gold және Platinum. Осы карточкалар үшін иелері жыл сайынғы өте жоғары жарна төлейді және оған тек бай клиенттердің ғана қолы жетеді. Мұндай карточкалар лимитсіз несиелеуді және тауарлар мен қызметтің кең аясына қарапайым төлеу мүмкіндігін береді.
Бәсекелестік күресте, сол картаны қабылдайтын, терминалдар паркінің мөлшері, басқа елдердегі шоттан ақшаны алу мүмкіндігі; картаны өткізудегі және оларға қызмет көрсетудегі шығынды төмендету сияқты, проблемалар үлкен маңызды орын алады.
Қазіргі кезде Батыстағы электрондық банктік қызмет нарығы жаппай масштаб алады. Электрондық қызмет рыногының дамуының арқасында АҚШ-та банктің 300 мыңнан астам клиенттері өздерінің шоттарын, үйден шықпай-ақ электрондық тәсілмен төлей алады. Интернет-технологияның дамуы бөлшек сауда банктік қызмет көрсету тәсілін толығынан өзгертті.
Интернет арқылы барлық негізгі банктік операцияларын жүргізуге болады: шоттарды басқару (кез келген қызмет көрсетуді төлеу, бір шоттан екіншісіне ақша аудару, шотты толықтыру, валютаны сатып алу және сату т.б.), Интернет-магазиндерден алған тауарлардың бағасын төлеу, бос қаржыларды инвестициялау (құнды қағаздарды сатып алу, сату, депозиттерді толықтыру, валюта нарығында жұмыс істеу).
Интернет арқылы банктік қызметтің артықшылықты болатыны банк үшін де, клиенттер үшін айдан анық. Банктердің пайдасы шығындарда біраз үнемдеуде тұрады. Банк операцияларын тікелей кеңседе жүзеге асырудың өзіндік құны, Интернет арқылы жүргізуге қарағанда 2-3 есе артық болады.
Банктік қызмет көрсетудің интерактивтік жүйесі Citi-corp, NationalBank, Bank of America, Wells Fargo, Bank Austria т.б. сияқты батыстың көптеген ірі банктерінде әрекет етеді. Бөлімшелері болмайтын, және клиенттеріне нақты уақыт режимінде қызмет көрсететін, толық виртуалдық банктер пайда бола бастады.
Қорытынды
Банк электронды карточкалары нарығына талдау, Қазақстанның бүгінде банктік карточкаларды тарату бойынша серпінді нарық болып отырғандығын көрсетеді. Оған қазақстандық банктердің айналымға Eurocard/MasterCard Gold, Eurocard/MasterCard Business, Euro-card/MasterCard Mass, Cirrus/Maestro, Cirrus/Maestro Kcell, VISA Gold, VISA Business, VISA Classic, VISA Electron сияқты карточкаларды енгізуі куә бола алады.
Карточкалар айналымы банктер үшін де, клиенттер үшін де пайдалы. Мысалы, «Альянс Банк» АҚ карточка иеленушілерінің мынадай мүмкіндіктері бар:
Және де «Альянс Банк» карточкаларымен бірге банк мынадай қызметтерді көрсетеді: