Тұрар Рысқұловтың қоғам және мемлекет қайраткері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 17:33, дипломная работа

Краткое описание

ХХ ғасырдың басында Қазақстан Ресей империясының отар аймағы еді. Қазақ халқы отарлық езгінің – құқықсыздық мен кемсітушіліктің, ұлттық тәуелдіктің бұғауында болатын. Патша өкіметінің отарлау саясаты өзінің шарықтау шегіне жеткен еді. Отарлау саясаты күшейген сайын халықтың қарсыласу қозғалысы да арта түсті. Қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары бұл қозғалысқа ұйымдасқан түр беріп, оын жаңа сапалық деңгейге көтерді. Туған халқын азаттық жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыларының көш басында тұрған аса ірі саяси жетекшілердің бірі және бірегейі – Тұрар Рысқұлов болатын.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................3-11

І-тарау. Тұрар Рысқұловтың қоғам және мемлекет қайраткері ретінде қалыптасуы.
Халық өкіметін орнату жолындағы күрес.............................................12-41
1.1. Түркістан өлкесі – Ресей империясының отары ...........................12-22
1.2. Қазан төңкерісі және Кеңес өкіметін орнату үшін күрес ............23-41

ІІ-тарау. Т.Рысқұлов – Түркістан Республикасындағы Аштықпен күресетін Орталық Комиссияның басшысы .........................................42-65
2.1. Түркістанның экономикалық жағдайы ..........................................42-51
2.2. Аштықпен күрес ...............................................................................52-65

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................66-69

СІЛТЕМЕЛЕР........................................................................................70-78

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................79-80

Вложенные файлы: 1 файл

рыскулов.doc

— 340.00 Кб (Скачать файл)

Т.Рысқұлов сұрапыл ашаршылықпен тек  жоғарыдан ұйымдастырылған шаралар арқылы ғана күресу өз мақсатына жетпейтінін, халықтың өз ортасында құрылған белгілі бір ұйымдардың істі нақты өз қолдарына алмайынша бұл шаралардың тиімсіз борлып қала беретінін тез түсінді. Сондықтан да уезде кең көлемде жер-су комитеттерін ұйымдастыру жұмыстары басталды. Әулиеата партия ұйымы өзінің 1918 жылы 27 тамызда өткен мәжілісінде осы бағыттағы үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру үшін, уездік кеңестің большевиктер  фракциясынын  мүшелерінен нұсқаушылар комиссиясын тағайындады. Басқалармен бірге аталған комиссияның құрамында Т.Рысқұлов та дәріс оқыды.

1918 жылы қыркүйек айында  Түркістан Республикасының саяси  жағдайы аса ауырлап кетті.  Биліктен шеттетілген солшыл-эсерлер  ашық  контрреволюциялық  әрекетке  көшті.  Орталық ұйымдарының нұсқауымен  Әулиеата солшыл-эсерлері де арандатушы  әректтерінен сақтану үшін шұғыл шаралар белгіленді. Қорғаныс шаралары қолға алынып, уездегі большевиктерді әскери-соғыс ісіне үйрету басталды. Қалыптасқан жағдайды баяндап,солшыл-эсерлермен қарым-қаынасты реттеудің жолдары туралы нақты нұсқау алу үшін уездің большевиктер ұйымы 1918 жылы 2 қыркүйекте Т.Рысқұловты Ташкент қаласына аттандыру туралы шешім қабылдайды. Т.Рысқұлов осы сапарында Орталық ұйымдардың сеніміне ие болып, Ташкентке қызметке алынды.

Осылайша, Т.Рысқұловтың  Әулиеатадағы саяси қызметі аяқталып, оның өмірінде жаңа бір белес басталды. Әулиеата кезеңі – Т.Рысқұловтың ірі мемлекет қайраткері болып қалыптасу жолында орасан зор ықпал еткен алғашқы баспалдақ, саяси өмір мектебі болды. Әулиеата уездік кеңесінің мүшесі, соңғы айларда атқару комитетінің төрағасы ретінде Т.Рысқұлов өзіне жүктелген аса ауыр міндеттерді абыроймен атқарып шықты. Зор саяси ұйымдастырушы ретіндегі Т.Рысқұловтың орны ол Әулиеатадан Ташкентке ауысқан алғашқы апталарда-ақ айқын көрінді. Бұл уақытта Т.Рысқұловтың тікелей басшылығымен ұйымдастырылып, жұмыс істеп жатқан қоғамдық тамақтандыру орындарында сан  мыңдаған аш-жалаңаш босқындар күнелтуде болатын. Асханалардың ырғақты  және ұйымдасқан түрде жұмыс істеуіне Т.Рысқұлов көп күш-жігер жұмсаған еді. Бұл асханалардың 1918 жылғы тамыз айындағы жағдайы туралы  Әулиеата уездік комиссарының есебінде былай деп көрсетілген: «... аштарға құнарлы тамақ берілуде, сондықтан да олардың жүріс-тұрысы ширақ. Тамақтандыру орындарындағы аштарға деген жақсы күтімнің арқасында соңғы кезде өлім-жітім едеуір азайды». Бұл дерек, егер жеткілікті дәрежеде көңіл бөлініп, қамқорлық жасалса, онда аштан қырылып жатқан адамдардың өмірін арашалап қалуға мүмкіндіктердің болғанын көрсетеді. Ал, Т.Рысқұловтың Ташкентке қызметке ауысуына байланысты, аштарға көмектесу туралы талап босаңсып, жағдай қайтадан шиелінісіп кетеді. Мысалы, аштарға көмек ісі бойынша тағайындалған эмиссардың 1918 жылы 22 қазанда   Әулиеата атқару комитетіне жазған мәліметінде, уездік кеңестің бұл істі бетімен жіберуіне байланысты, тамақтандыру орындарының тығырыққа тірелгені атап көрсетілген.

Т.Рысқұловтың беделі тек уездік кеңесте ғана емес,  сондай-ақ жергілікті партия ұйымында да жоғары болатын. Принципшіл, адамдарды ұлттық белгілеріне қарай емес, іскерлік қабілеттеріне қарай іріктейтін  Т.Рысқұлов – уездік кеңесте де, жергілікті партия ұйымында да адамдарды топтастырушы, біріктіруші, мақсатты іске жұмылдырушы қайраткер ретінде саналды. Т.Рысқұловтың Ташкент қаласына қызметке  ауысуына байланысты уездік кеңестің атқару комитетінде ұлтаралық ала ауыздық басталып, мүшелері бірге қызмет істеу мүмкіндігінен айырылады. 1918 жылы 2 қарашада уездік партия ұйымының большевиктер фракциясының мәжіліснде осы мәселе арнайы  талқыланып, атқару комитетінің мүшесі Бегеевтің баяндамасы тыңдалды83. Қорытындысында Бегеев ала ауыздық шарпыған атқару комитетінде жұмыс істеуден  бас тартады. Ала ауыздыққа негізінен атқару комитетінің құрамындағы орыстардың жаңадан қабылданылған қазақ жастарына менсінбей, кемсіте қарауы мен сенімсіздік танытуы басты себеп болған.

Т.Рысқұловтың Әулиеата уезіндегі қоғамдық-саяси қызметі мынадай негізгі бағыттарды қамтыған еді:

  • уезде кеңес өкіметін нығайтып, оны жергілікті  халықтардың төл өкіметіне айналдыру үшін күрес;
  • жергілікті халықтарды саяси-әлеуметтік және экономикалық істерге топтастырып, сауатты жастарды басқару ісіне тарту;
  • негізінен көшпелі халықты қамтыған сұрапыл ашаршылықпен күрес;
  • асқына шиелінскен қазақ және орыс тұрғындары арасындағы ұлтаралық ала ауыздықты бәсеңдету;
  • уездің халық шаруашылығын қалпына келтіріп, өркендету бағытында атқарылған шаралар және т.б.

Осындай сан қырлы  мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқара жүріп, Т.Рысқұловтың өзіде бай  саяси тәжірибе жинап, 1918 жылдың өзінде-ақ мемлекеттік басқару ісінің қыр-сырын  жақсы меңгерген саяси қайраткер  деңгейіне көтерілген еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-тарау. Т.Рысқұлов – Түркістан  Республикасындағы  Аштқпен күресетін Орталық Комиссияның  басшысы.

 

2.1. Түркістанның  экономикалық жағдайы

 

ХХ ғасырдың бас кезінде  патшалы Ресейдің  мақта өсіретін негізгі отарына айналған Түркістан  өлкесінің халқына өз астығы жетіспейтін. Астық өнініме деген тапшылық империяның басқа аудандарынан: Орталық Ресейден, Солтүстік Кавказдан, Сібірден және көршілес  Персия мен Бұқарадан әкелінетін астық есебінен өтеліп отырды. Егіннің түсімі біршама жақсы болған 1915 жылдың өзінде өлкеге 12 млн. пұт астық сырттан жеткізілді84. керісінше, Түркістан өлкесінен империяның басқа аймақтарына шитті мақта, мал өнімдері және т.б. ауыл шаруашылығы тауарлары үздіксіз жөнелтіліп отырды.

Патшалы Ресейдің отарлау  саясаты, бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, азамат соғысы және шетел интервенциясы Түркістан өлкесніңі экономикасына орасан зор бүліншілік әкелді. Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс жылдарында Түркістан өлкесіне басқа аймақтардан  жеткізілетін астық мөлшері үнемі қысқартылып, есесіне соғыс қажеті үшін өлкеден алынатын мал шаруашлығы өнімдерінің көлемі күрт ұлғайды.  1917 жылы өлкедегі   астық тапшылығы 46,5 мың пұт85 болса, ал 1918 жылдың ортасында бұл көрсеткіш – 60 млн. пұтқа86 жетті. Өлке ауыл шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. 1917-1918 жылдары қатарынан екі жыл бойы қайталанған қуаңшылыққа байланысты егіннің күйіп кетуі бқл қасіретті одан әрі асқындыра түсті. Егістік көлемі күрт кеміді. 1915 жылы 3,5 млн. десятина87  болған егіс көлемі 1916 жылы 3 млн. десятинаға дейін қысқарды, келесі 1917 жылы бұл мөлшер тағы да 400 мың десятина88 құлдырады. Ал, 1919 жылы егіс көлемі не бәрі 1,6 млн. десятина89 деп есептелінді. Түркістан өлкесі отарланып, Ресей өнеркәсібінің шикізат алатын аймағына айнала бастаған уақыттан бері өлкедегі дәстүрлі егіншілікті ығыстыра бастаған мақта  шаруашлығы да толық күйреу шегіне жетті. Мақта егістігінің көлемі 1916 жылғы 608 мың десятинадан 1918 жылы 80 мың десятинаға дейін кеміді90. Өлке тарихында бұрын-соңды осыншалық бүліншілік орын алмаған болатын.

Бірінші дүниежүзілік империалистік  соғыс басталғаннан кейінгі уақытта  халыққа керекті күнделікті тұтыну заттары мен басқа да тауарлардың  бағасы үнемі еселеп қымбаттап отырды. 1914  жылмен салытырғанда 1919 жылы ұн – 20 есе, қант – 125 есе, бір қорап сіріңке – 350 есе, мата – 100 есе қымбаттады91.

1917 жылы жүргізілген  Бүкілресейлік ауылшаруашылығы  санағының деректері өлкеде мал  шаруашлығының аса қатты күйзелісіне  ұшырағанын көрсетеді. Мысалы, осы  санақта Жетісу   облысындағы ауыл-село тұрғындарында 6828713 мал болған92. Осы мал басының облысты мекендеген халықтар арасындағы таралымы: орыс-казактарда – 186856 мал басы; қоныстанғанына ұзақ уақыт болған орыстарды – 326895; ұйғырларда – 185265; дұңғандарда – 30034 және қазақтар мен қырғыздарда – 5861418 мал басы болған93. Қағаз жүзінде болса да, мал басы жағынан артықшылықтарға ие болы отырған көшпелілердің тіршілігін 1918 жылдың сұрапыл қысы мен жазғы қуаңшылық күйзелтіп кетті. Сондай-ақ, есеп бойынша осы облыста 1917 жылғы астықтан мал жемінің қоры тұрғындар арасында мынадай мөлшерде әзірленген:  орыс-казактарда әр бас мал үшін – 52 пұт; қоныстанғанына ұзақ уақыт болған орыстарда – 40 пұт; жаңадан қоныстанған орыстарда – 49 пұт; ұйғырларда – 16 пұт; дұңғандарда – 23 пұт  және қазақтар мен қырғыздарда – 7 пұт мал жемі даярланған94.  Сонымен қатар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі мен оны басып-жаншу кезінде қисапсыз көп зардап шеккен көшпелі малшы қауымдары өздерінің аса қатты бүлінген шаруашылықтарын қалпына келтіруге мұршасы болмай, 1917 жылы басталған сұрапыл ашаршыллықа алғашқылардың бірі болып ілікті. «... Түркістандағы ашаршылық, - дейді Т.Рысқұлов, қауырт басталған ашаршылықтың шығу себебіне тоқтала келіп, - патша өкіметінің отарлау саясаты мен қырдағы мал шаруашлығы үлгісінің артта қалушылығының тікелей салдары»95.

1918 жылдың ортасында  Түркістан Республикасында азық-түлік  жағдайы мүлдем қиындап кетті.  Түркістанға Солтүстік Кавказдан,  Ресейден, Сібірден тасылатын астық  бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында аса ауыр жағдай мен темір жол транспортының жүйесіз жұмысы кесірінен мүлдем доғарылды. Өлкенің өз ішінде астық даярлау ісін жүйелі тәртіпке келтіру мақсатында атқарылған шаралар нәтижесіз аяқталды.

Республиканы сұрапыл  аштық жайлады. Күн көрудің барлық көзінен айырылған халық баудай түсе бастады. Көшпелілер арасында өлім ересек  тұрғындардың 30 процентін қамтыса, ал кейбір аудандарда халықтың 75 процентінті қырылған96. Әулиеата уезінде халықтың қатты қырылғандығы соншалық, бұрынғы бірнеше болысты біріктіріп бір болыс ұйымдастыруға тура келді. «... Әулиеата шіри бастаған өліктерді жинап алуға мұрша жоқ»97, – делінген Түрікатком атына жолданған телеграммалардың бірінде.  Әндіжан уездік азық-түлік комитеті жағдайды былайша баяндадйы: «... аштан өлгендердің мәйіттері жиналмастан, жол бойында шашылып жатыр. Бір үзім нан үшін әйелдер мен балаларды сату не айырбастау – күнделікті құбылыс. Көбіне оларды тауға апарып, тағдыр тәлкегіне тастап кетеді, өйткені, еркектер өздері азық тауып бере алмағандардың азабын көргісі келмейді»98.

Негізгі құрбандығы мұсылман халықтары, оның ішінде көшпелі халықтар болған сұрапыл аштықпен күресуге құрамына бірде-бір жергілікті халықтардың  өкілі енгізілмеген жаңа үкімет селқостықпен қарады. Саяси билік басында отырған  большевиктік партия мен кеңес үкіметінің болашақта  ұмтылар мақсат-мүддесіне, сол мақсатқа жетер жолда қолданар тәсілдеріне жан-жақты тоқталып және партия мен үкіметтің осы мәселелер тұрғысындағы көзқарасына талдау жасай келіп, өзін «Түркістандық Ленин» атандырған, «лениндік гвардияшы» И.Тоболин Түркістан Орталық Атқару Комитетінің  мәжілісінде: «... қырғыздар (қазақтар) экономикалық жағынан әлжуаз, марксистердің көзқарастары бойынша бәрібір құрып бітуі тиіс. Сондықтан да төңкеріс  үшін (қажетті) қаржыны аштықпен күреске шығындағаннан гөрі... майдандарды қолдауға жұмсаған (анағұрлым) маңызды»99, - деп шовинистік пиғылын ашық танытты. Ал, Ярошевский болса: «Орыс пролетариаты  қолындағы қаруымен өлсе, мұсылман пролетариаты аштан қырылуда – осылайша ол да, бұл да революцияға қатысуда»100, - дейді. 1918-1919 жылдары Түркістан Республикасының Оқу-ағарту халық комиссары және Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары болған К.Я.Успенскийге Кеңестердің төтенше VII-ші съезінде Т.Рысқұлов делегаттардың жіберген хатында: « - Түркістан Республикасы Кеңестерінің Атқару Комитетіне Перовск  уезінің  көшпелі қазақ тұрғындарының Ақмола облысына үдіре ауып кеткені, оған не мәжбүр еткені белгілі ме?» - деген сауалын қойған кезде, ол шімірікпестен: «- Иә, Түрікаткомға көшпелі халықтың бір орнында тұрмай, көшіп жүретіні жақсы белгілі және Түрікаткомға аталған уездің көшпелі қазақтары аталған бағытқа қарай көшіп кеткені де белгілі»101, - деп жауап береді. Ал, Перовскіде  1917-1919 жылдары қазақты қанға батырған  большевик, уездік атқару комитетінің төрағасы И.И.Гержот102 отырды.

Билік басындағы партия мен үкімет Түркістан Республикасының  ұлттық өлке ретіндегі тарихи-объективті  жағдайын түсінбеді, негізгі бағыт  ретінде Орталық Ресейде іске асырылып жатқан шараларды Түркістанда  қайталау мақсатын таңдады. Барлық ауыртпалық «... Түркістанның Кеңестік Ресейден коммунистік құрылыста кенжелеп қалғандығынан болып отыр»103, - деп уағыздалынды. Ал, шын мәнінде Түркістанда «... кеңес өкіметі орыс отаршыларының қолында болып шықты, олар қолындағы қаруларына сүйеніп қанау саясатын жалғастыра берді»104. Бұл өкімет қыр халықтарына «... ашығу мен аштан қырылудың кең бостандығын берді»105. Түркістан Республикасы Кеңестері Орталық Атқару Комитетінің РСФСР-дағы өкілетті өкілі У.Шакиров 1919 жылы жазда РСФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссарының орынбасары: «Түркістанның қазіргі үкіметі өзінің қыр халықтарына қарсы жасаған қылмысты іс-әрекетінің нәтижесінде оларды толық қайыршылыққа ұшыратты және бұрын-соңды естіп білмеген 60проценттік қырылуға жеткізді...»106 – деп ашына атап көрсетті.

Республика үкіметі  мен орыс жұртшылығы негізінен өлкенің  көшпелі тұрғындарын қамтыған сұрапыл  аштықты «кездейсоқ, тұтқиылдан тап  болған зобалаң» ретінде бағалады. Түркістан сияқты табиғаты жайлы  өлкені мекендейтін жергілікті халық ресей империясының басып алуына дейін мұндай нәубетті бұрын-соңды басынан кешпегендігі оларды ойландырмады да. Бұл мәселе бойынша,  Т.Рысқұловтың Г.Агаревскиймен айтысы сол кездің шындығы  мен көзқарас алалығын айқын көрсетеді. Сәуегей Г.Агаревский өз мақаласында көшпелі халықтарды әуелден бейшара, кедей, басқалай болуы мүмкін емес, сондықтан ол отырықшы жұртпен ешқашан теңесе алмайды, әрқашан да экономикалық тәуелділікте, осы арқылы саяси бодандықта болады деп  жазды. Көшпелілер кезбелікпен күнелтеді, адам өмірін арзан бағалайды. Патша заңы ерік бермеді деп айта алмайсыздар, заң көшпелінің отырықшылыққа  көшуіне өте қолайлы еді. Менің көкейімде қырғыз (қазақ) зиялылары осыған дейін не ойлаған деген сауал тұр, дейді ол107.

Мұсылман зиялы қауымы арасынан мұндай сорақылыққа ең алдымен ашына жауап берген Т.Рысқұлов  болды. Ол Г.Агаревскийдің сәуегейлігін бетіне басып, оқырмандардың назарын ашаршылықтың негізгі себептеріне аудара білді. Жандарыңыз ашыса, дейді Т.Рысқұлов, жарты ғасырда көшпелілердің ой-өрісін кеңейтуге  неге күш салмадыңыздар? Егер патша заңы кедей көшпеліні құнарлы жерге ие қылғанда, қолына құрал-сайман ұстатқанда, олар әлдеқашан отырықшы болып кетер еді108. Г.Агаревскийдің көзқарасы – түркістандық орыс жұртшылығы мен негізінен осы ұлт өкілдерінен іріктелініп, үкімет құрамында басшылық қызметтерде отырғандар арасында кең тараған көзқарас болатын.

Информация о работе Тұрар Рысқұловтың қоғам және мемлекет қайраткері