Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 17:33, дипломная работа
ХХ ғасырдың басында Қазақстан Ресей империясының отар аймағы еді. Қазақ халқы отарлық езгінің – құқықсыздық мен кемсітушіліктің, ұлттық тәуелдіктің бұғауында болатын. Патша өкіметінің отарлау саясаты өзінің шарықтау шегіне жеткен еді. Отарлау саясаты күшейген сайын халықтың қарсыласу қозғалысы да арта түсті. Қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары бұл қозғалысқа ұйымдасқан түр беріп, оын жаңа сапалық деңгейге көтерді. Туған халқын азаттық жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыларының көш басында тұрған аса ірі саяси жетекшілердің бірі және бірегейі – Тұрар Рысқұлов болатын.
КІРІСПЕ.....................................................................................................3-11
І-тарау. Тұрар Рысқұловтың қоғам және мемлекет қайраткері ретінде қалыптасуы.
Халық өкіметін орнату жолындағы күрес.............................................12-41
1.1. Түркістан өлкесі – Ресей империясының отары ...........................12-22
1.2. Қазан төңкерісі және Кеңес өкіметін орнату үшін күрес ............23-41
ІІ-тарау. Т.Рысқұлов – Түркістан Республикасындағы Аштықпен күресетін Орталық Комиссияның басшысы .........................................42-65
2.1. Түркістанның экономикалық жағдайы ..........................................42-51
2.2. Аштықпен күрес ...............................................................................52-65
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................66-69
СІЛТЕМЕЛЕР........................................................................................70-78
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................79-80
Түркістан Республикасы
Халық Комиссарлар Кеңесі мен
Түркістан Коммунистік
Революциядан соң Түркістан
Республикасында жүргізілген
Ашаршылыққа ұшыраған жергілікті халықтардың қасіретті жағдайын орыстық жауынгерлік рухқа бойұсындырылған және негізі құрамы келімсек орыс кулактарынан іріктелінген Қызыл Армия бөлімдерінің сорақы іс-әрекеттері де барынша асқындырып отырды. Елді мекендерден басмашылар кете салысымен келген қызыл гвардияшылар тәртіп орнатудың орнына бейбіт халықты ол да тонай бастайды. Сөйткен гвардияшылар мемлекет қазынасына үлкен салмақ түсірді, себебі ол өзі айына 600 сом, әйелі 500 сом алса, әр баласы әкесінің жалақысының 30 процентін алатын115. Бұл сомалар қызыл гвардияшылардың мемлекеттен алатын айлық жалақысы болатын және оның «табысын», әдетте жорықтар кезінде жергілікті халықтан тонаған, тартып алған не сіңіріп кеткен бұйымдарды да толықтырып отырды. Сонымен қатар, оның шаңырағы ай сайын қазына қорынан көтерме сыйлық ретінде берілетін азық-түлікпен де қамтамасыз етілді. Мұндай саясат – Түркістан Республикасында мемлекеттік дәрежеде жүргізілген әскери саясат болатын. Бұл саясаттың мемлекеттік дәрежеде жүргізілгенін кейінірек республиканың ірі саяси қайраткері дәрежесіне дейін көтерілген И.Қыдыралиевтің сөзі дәлеледейді: «... Алғашқы қырғын 1918 жылы қараша айында болды. Түркістан Республикасының әскери комиссары Осиповтың өзі басқарған бөлім бір жарым мың шаңырақтан тұратын халқы бар Созақ елді мекенін тонап, өртеді, барлық мүлікті шаруалар армиясы тиеп алып кетті.... Бұл мекеннің өлтірілген жергілікті тұрғындарының саны 1000 адамнан асып жығылды. Өліктер ит-құсқа жем болып өзен арналарында шашылып жатты»116. 1919 жылы қаңтар айында жасаған контрреволюциялық бүлігі сәтсіз аяқталған соң, Ташкенттен қашып шыққан әскери комиссар К.Осипов жол-жөнекей өз бөлімшесінен қазақ ауылдарын аяусыз тонады, қазақ әйелдеріне ас даярлатып, кір жуғызды. Бірақ артынан К.Осиповты қуа келген қызыл гвардияшылар халықты «... Осипов бөлімшесінен екі есе асып түсетін қатыгездікпен тонады»117. Қызыл Армия бөлімдері жасаған қанды қылмыстарды әшкерелейтін деректерді шексіз келтіре беруге болады. Түркістанда большевиктер, дейді Г.Сафаров, отарлық саясаттың топырағынан нәр алған, кеңес өкіметінің пердесін жамылған анархия орнатты және мұнда «... орыс тұрғындары арасындағы әскери-тұтынушылық сипаттағы коммунизм үшін жергілкті түздік бұқара есебінен алғашқы қорлану» 118 процесі жүргізілді.
2.2. Аштықпен күрес.
Осындай ауыр кезеңде, 1918
жылы күзде Түркістан
Алғашқы қызметіне енді ғана кірісе бастаған Орталық Комиссияның жұмысы көптеген объективті қиыншылықтармен қатар, өзі тектес азық-түлік ісіне қатысы бар басқа ұйымдардың тарапынан жасалған қасақана іріткі салу әрекеттерінің салдарынан да барынша ауырлай түсті. Жергілікті халықтарды аштықтан сақтау ісіне онсыз да құлық танытпаған бұл ұйымдар, енді арнайы Комиссия құрылған соң іргелерін аулақ салады. Негізгі ауыртпалықты өз мойнымен көтерген Орталық Комиссияның құылғанын сылтаурата бастады. «Қазір, - дейді Т.Рысқұлов, - ашаршылыққа жаны ауырмайтындар мен аштықтың ауыртпалығы иығына түспегендердің бәрі осылай ойлайды, ашыққандарға көмектесетін орган құрдық дейді, бұл органның ашаршылық әбден шегіне жеткен кезде ғана құрылғанын біреуі айтпайды. Сіздерге айтарым: аштарға адамдардың қалдығы деп қарамаңыздар, тек сонда ғана ашаршылыққа қарсы тұра аламыз»122.
Т.Рысқұлов Аштықпен күресетін Орталық Комиссияның атқарып жатқан шараларына жергілікті атқару комитеттері ешқандай қолғабыс көрсетпейтінін, оларды басқарып отырған әкімдердің шовинистік ауруға ұшырағанын ашына атап көрсетеді123. 1918 жылы 21 желтоқсанда Түркістан Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесіне жіберген хатында Т.Рысқұлов Ходжент қалалық азық-түлік бөлімінің қатыгездігін сынға алады124. Бұл бөлім «1918 жылы ақпан-қыркүйек айларында ашыққан мұсылмандарға көмек көрсеткен едік», - деп Орталық Комиссиядан соның «шығынын», яғни 341445 сомды тез арада қайтарып беруді талап еткен болатын. Қоқан қаласында кәсіподақтардың жұмыссыз мүшелеріне азық-түлік ұлттық белгілеріне қарай таратылған: егер ол орыс болса – 400 грамм нан 80 тиынға, ал мұсылмандар үшін – 100 грамм нан 1 сом 70 тиынға сатылды. Орыс тұрғындарын азық-түлікпен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету үшін түрліше аярлықтарға барған жергілікті азық-түлік бөлімдері асқынған шовинизмнің үлгісін көрсетті. Азық-түлік олардың арасында барынша шатастырылған жүйе бойынша: бір жағынан, азық-түлік бөлімдері тарапынан, орыс тұрғындарының екі есе үстеме азық-түлік алуы қамтамасыз етілді. Төтенше комиссар П.А.Кобозевтің мәліметіне қарағанда, бұл бүкіл Түркістанға тән жалпылама құбылысқа айналған.
Түркістанда азық-түлік қорын даярлау ісі алғашқы кезде тауар айырбасы арқылы, яғни мемлекеттік қордағы мақта өнімдерін, халықтың қолындағы астыққа айырбастау әдісімен даярланды. Мардымсыз нәтижелер берген бұл шаралар артынан тікелей азық-түлік салғырты саясатымен алмастырылды. Барлық жерлерде өлкелік Азық-түлік директориясы ұйымдастырған азық-түлік бөлімдері құрылып, олардың қызметі «... қышлақтарды тонаудың үлгілі әдісіне» айналды. «... Азық-түлік отрядтарының қолында ешқандай нақты деректер болмады. Халықтан алынатын салықтың мөлшерін әркім өзінше белгілейтін»125. Мысалы, 1917-1918 жылдардағы орасан зор құрбандықтарға ұшыраған Әулиеата халқына салынатын салықтың мөлшері 1917 жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы санағы деректеріне сүйеніп белгіленді, ал бұл кезде халықтың жартысына жуығы қырылып, қалғаны қайыршыланып үлгерген болатын. Уезд халқына салынатын 5 млн. сом үстеме салықтың жиналуы тұрғындардың ең соңғы күн көріс көзінен айыратын. 1918 жылы 25 қарашада өткен Халық Комиссар Кеңесінің мәжіліс Т.Рысқұловтың талап етуімен, бұл салықты заңсыз деп жариялауға мәжбүр болды126.
Түрікатком мен Халық
комиссарлар Кеңесінің
Верный уездік халық
депутаттары кеңесінің 1918 жылы 13 желтоқсанда
өткен мәжілісінде уездегі
Орталық Комиссияның облыстар мен уездерде, болыстар мен қалаларда жергілікті мемкемелер мен бөлімшелері ашылып, олардың басына сауатты мамандар отырғызылды. Ал, Орталық Комиссияның белгіленген шараларына қатты қарсылық жасаған, оның орындалуына жауапсыздықпен қараған барлық қалалық, уездік миссиялардың қызметкерлері Т.Рысқұлов қолқойған арнайы бұйрықпен орындарынан алынды.
Өзінің алдына қойған мақсатын басшылыққа алған Орталық Комиссия істің шын барысымен жан-жақты, тиянақты таныса келе, аштықпен күресудің мүмкін болған барлық шараларының жоспарын жасап бекітті. Т.Рысқұловтың басшылығымен жасалған Орталық Комиссияның жұмыс жоспары мынадай негізгі бағыттарды қамтыды:
Бекітілген жоспарды іске асыру үшін арпалыс күрес басталды. Аштықпен күресетін Орталық Комиссиясының төрағасы ретінде Т.Рысқұловтың орасан зор көңіл бөлген мәселесі – жас ұрпақты аштықтан аман құтқарып қалу болды. Қазіргі таңда кезек күттірмейтін және қауырт шешуді талап етіп отырған мәселе, дейді Т.Рысқұлов, бұл «... аштан қырылып жатқан жас ұрпақты құтқару мәселесі» болып табылады. Т.Рысқұловтың тікелей басшылығымен республиканың ашыққан, ауруға шалдыққан қорғансыз жетім балалары үшін мемлекеттің арнайы қамқорлығында болатын арнайы балалар үйлерін ашуды ұйымдастыру туралы уақытша ереже даярланды. Бұл жұмысқа Орталық Комиссияның барлық уездік және қалалық бөлімшелері тартылды. Республикадағы әрбір ірі елді мекендер мен қалаларда, қоғамдық тамақтандыру орындарында аш және ауру балалар үшін баспаналар босатып берілді. Мүмкін болған дәрігерлік көмек пен азық-түліктің бала асқазанына құнарлы бөлігі ең алдымен балалар үйіне жеткізіліп отырылды. Бұл үйлерге бөлінген азық-түлік пен дәрі-дәрмекті талан-таражға түсірушілерге қатаң жаза қолданылды. Қолда бар мақта мен жүннен тоқылған киім-кешектің тәуірі балаларға берілді. Орталық Комиссия және оның жетекшісі Т.Рысқұлов бала өмірін арашалап қалу жолында жан аямай арпалысты, бұл мақстақа кедергі келтіруші кез келген ұйымға қарсы ымырасыз күрес жарияланды.
Республика көлемінде ашыққандарға азық-түлік жағынан көмектесумен қатар, Орталық Комиссия және оның төрағасы Т.Рысқұлов бір мезгілде ауруларды емдеп, дәрігерлік көмек беру ісін де ұйымдастырып отырды. 1919 жылы 4 қаңтарда өткен Денсаулық сақтау комиссариаты жанындағы дәрігерлік клддегияның мәжіліснде Т.Рысқұлов осы мәселе бойынша арнайы баяндама жасайды. Баяндама белгіленге шаралар бйынша мәжіліс үлкен қарар қабылдап, әрбір қоғамдық тамақтандыру орындарында жергілікті дәрігерлердің тұрақты жұмыс істеуі талап етілді.
1919 жылы 2 қаңтарда өлкелік
Азық-түлік директориясының
Информация о работе Тұрар Рысқұловтың қоғам және мемлекет қайраткері