Лирикалық поэзия дәстүрі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 19:15, диссертация

Краткое описание

Зерттеу жұмысының сарапталуы, жариялануы, мақұлдануы. Диссертацияның негізгі мазмұнын құрайтын бөлімдеріндегі ғылыми тұжырымдары, нәтижелері, негізгі қорытындылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті белгілеген ғылыми басылымдарда жарық көрді. Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалары тыңдалып, жинақтарында жарияланды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, іштей тарауларға бөлінген екі бөлімнен, қорытындыдаң және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................
3

1
РОМАНТИЗМ ЖӘНЕ РЕАЛИЗМ КӨРКЕМДІК ӘДІСТЕРІ ТҰТАСТЫҒЫМЕН ЖЫРЛАНҒАН ЛИРИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ


1.1
ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ поэзиясы және
Зейнолла Шүкіров шығармашылығы.............................................

9

1.2
Ақын лирикасы жанрларынын поэтикалық ерекшеліктері.........
25

2
ЭПИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ АҚЫН ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМ ШЫНДЫҚ


2.1
Антикалық дәуір сюжеттері жырлануындағы көркемдік шындық сипаты.................................................................................

48

2.2
Өмір шындығының эпикалық жырлануындағы көркемдік шешім.................................................................................................

67

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
103

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................
107

Вложенные файлы: 1 файл

ЛИРИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ.docx

— 227.25 Кб (Скачать файл)

Қарамас бурыл тартқан шашқа  да енді.

 

Солдырмақ жаңа шыққан гүлді көктеп,

Құмары қайта айнымақ бір  күн өтпек.

Бір түнде сұлуды қартайтпаса,

Таңертең түсі қашып, сыртқа кетпек [91, 277-б.].

 

Өзінің нәпсіқұмарлық билеген  осы пиғылы жолында Читор қаласын  қорғаушыларымен қызу қанды шайқастар  болады, қанды соғыс кезінде екі  жақтың да адамдары қырылады. Поэмадағы Читор қаласын қорғаушылар мен шабуылдаушы шапқыншылардың шайқас деректері де реалистік сипатымен берілген:

 

Қаптап қол, әне қылыш жарқыл қаққан,

Жер дір-дір, ат тұяғы қалтыратқан.

Таласып тас дуалға баспалдақ сап,

Сол жақта қанның исі аңқиды аққан.

 

... Килікті жауға аттылар тиіп  кекпен,

Қылыштар бейне жасыл құйып  көктен.

Жалт беріп қайтты кейін беті қайтып,

Қалың қол тасқын судай киіп кеткен.

 

Дуалға әне оларды қуып тықты,

Тәңір-ай неткен сурет суық тіпті...

Ащы айтқан, ышқынған жан, қырқылған  бас...

Аттылар сәлделерді қырып бітті [91, 270-б.].

 

Поэмада алаяқтық, сатқындық қылықтарымен даралана мінезделген кейіпкер Марвардың  бейнесі екіжүзді пиғылды іс-әрекеттерімен («Қызғаныш, өзімшілдік, бақққұмарлық, – қосылса не сұмдықты істемеді») [91, 282-б.] өмір шындығына сай жырланған. Падма арудың 9 жасар кезінде әйелдікке  алғысы келіп ата-анасына сұрағаны да («Бейтаныс қара шұбар Марвар екен, Падманы әйелдікке сұрап  келген»), сонда жас қыздың шошынып, әкесінің бермегені, бірақ Марвардың  пиғылы («Желіккен қырық жаста  бір қырқылжың, балапан қыз болыпты  көксегені», «Аңсырап ауызы жетпей бір аш бөрі») [91, 274-б.], поэма арқауындағы  нәпсіқұмарлығы басты қасиеті болғандардың жинақталған бейнелерін елестетеді. Марвар мен сұлтан Әллединге ортақ  мақсат – Падма аруды иелену. Поэма сюжетінің шарықтау шегінде  өзі бағынышты сұлтан Әллединнің елшісі болып жүріп,соңғы шешуші шабуылды ұйымдастырып, қанды қырғында жас раджа Ратанды өлтірген Марвар бірақ көздеген мақсатына жете алмайды. Қанды шабуылмен бәрін де жайпап, сұлтан Әллединді де ысырып, Падманы  алып қашуды ойлаған Марвардың жоспары  іске аспайды. Яғни, сюжеттік шешімде  өзіне бола сүйікті жарының өлгенін, Читор қаласының басқыншы жауға  тапталғанын көрген Падма өзін отқа тастайды, оны көрген күтушісі бастаған қыздар да отқа қойып кетеді:

 

Қорлатпай өзін жауға шын лакшми,

Жалынға жанып жатқан шыдап өлді.

... Қыздар-ау, ханым бізді шақырады!

Ес-түссіз күтуші қыз аһ ұрады.

Соны айтып, отқа кенет қойып  кетті,

Толқып жұрт, көз біткендр шатынады [91, 291-б.].

 

Поэманың көркемдік шешімі –  зорлықшыларға көнбейтін адам жан  ділі болмысының қуаттылығын дәлелдеу. Падма ару мен оның күтушісі бастаған қыздардың отқа түсіп алауға айналуы  – поэтикалық бейнеліліктің романтикалық тұрғыда жырлану көрсеткіші. Поэманың «Алау» аталуы да ар-ұят сезімінің  мәңгілік лаулайтын қуаттылығын  танытады. Шығарманың идеялық-көркемдік  түйіні соңғы шумақтарында романтикалық асқан әуенді тармақтармен жырланған:

 

Талқан қып тас тәңірді қарау  жанды,

Орнында сөнбей жалғыз Алау қалды.

Арудың арманда өлген ашуындай,

Жанды алау, қып-қызыл боп талаурады.

 

Бәрі өтті қанды шапқын, талау, қайғы,

Артында аңыз қалды Алау жайлы.

Алауды, ару қызын жыр қып  айтса,

Жүректер әлі күнге алаулайды  [91, 293-б.].

 

Қазақ поэзиясының поэма жанрындағы шығармаларында антикалық сюжеттерді жырлауды ақындар дәстүрлі поэтикалық ұстанымдарды жаңғырта қолданады. Яғни, арқау болған сюжеттердегі уақыт  пен кеңістік сипатына кіретін поэтикалық әдіс-тәсілдерді үйлестіре жырлайды. Шығармаларға арқау болған сюжеттердегі ұлттық сипатқа тән тілдік қолданыстар  поэмалардың мазмұны мен пішініндегі  поэтикалық көркемдік ерекшелікті  танытады. Мысалы, «Алау» поэмасындағы үндінің ұлттық-этнографиялық дәстүрлі ерекшеліктерін ақын шығарма құрылысында  үйлестіре өрнектеген.

Эпикалық шығарманың лирикалық  сезім тебіреністерімен өрнектелген  құрылысында Автор-Ақынның да романтикалық бейнесі өріле жырланған. Автор  жырының адресаттық нысаны үнді қызының  би қозғалыстарымен мың бұралған тұлғасына, үнді сазына елтіген, елжіреген  көңіл-күйі («Кіріспе» бөлімде), поэма  композицясында авторлық баяндаулары  мен кейіпкерлер толғаныстарын, монологтарын лирикалық тебіреністермен (қуану, ренжу, серпілу, сергу, налыс, намыстану, т.б.) өрнектеуі бейнелі тіркестермен жырланған.

Автор поэма кейіпкерлеріне үнемі  тікелей сөз арнайды, бейне бір  соның жанында жүргендей сыр  айтады («Ырғалып, үнемі қызы әлгі биге», «Отырсың неге. сәулем, қалтыранып», т.б.). Табиғат көріністері мен адам сезімінің психологиялық егізделуі  поэтикалық кейіптеулер мен теңеу, эпитет, метафора тіркесті өрілімдермен көркем кестеленген. Мысалы, «Қарайды жерге төніп жақпар құздар, шатқалдар  үңірейіп, үрей шашып, бұл күні бәрінде  де жатқан-ды ызбар», «Төбесін тау басының  бұлты буып, тас қорған баурайында тұр тығылып», «Түсінде суық қорған тас қату бар, тарс жабық қара шойын  қақпа тұр нар», «Кең өлке қатал  шөлейт табиғаты» [91, 269-б.].

«Қыз еріні қызыл шие діріл  қағып», «Өңкиген қара шұбар жылан  түсті», «Бейтаныс бір жолаушы  қара шұбар», «Жүзінде жас жігіттің шам сәулесі, қансыз сұр аққұба өңі қуарады», «Құр бейне қорқынышты тас тұлғалы», «Шатынап шегір көзі Алдиярдың қаңтарда қарт бурадай күркілдеді», «Дөңкиіп бауыздаулы соғым нарша», «Арыстан қайтты бірақ ашуынан, қалды аман шұбар өгіз сәл таланбай», «Аспанда қара бұлттар андыздаған», «Ақ жаңбыр сіркірейді... түн жылайсың... аспанда әлде, Тәңір, тұнжырайсың?», «Шатырлап, аспан, бүгін қирайсың ба? Ей, Тәңір, ашуыңа сыймайсың ба?», «Түн түнек... Бұлттар қылғып жұтып Айды»,... жынды жел жағадан ап жұлқылайды», «Балқып нұр қыз көзінен құйылғандай, аппақ жүз әлде жұмбақ жымиғандай», «Әлгі бір өңкиген дәу қара албасты, ... бұқа көл, қарға тұмсық, қабан басты», «Қос үрей көңіл тынбай әрі-сәрі», «Түксие қарап көктен қап-қара бұлт», «Ол бір гүл жерге түсіп жанышталған», «Адамдай өртке алдырған қара орманын», «Ашулы аш жолбарыс аласұрған», т.б.

Поэма оқиғасының Үндістан жерінде  болғандығын дәйектейтін географиялық-топонимикалық (Дели, Читор қалалары, Абу тауы, Раджстан), діни ұстаным (Тәңірі, Будда, тас храм, түс жорушы балгер),қызмет, дәреже (лакшми, раджа, сұлтан, уәзір, елші, ханым, азбанқұл) атаулары эпикалық шығарманың тарихи кезеңге сәйкес сипатын айғақтайды.

Қорыта айтқанда, ақын З.Шүкіровтің «Алау» поэмасындағы Үндістан жеріндегі  ежелгі заман оқиғасына негізделген  сюжеттегі тарихи-поэтикалық ерекшеліктер қазақ поэзиясындағы көркемдік  дәстүр жалғастығын танытады. Қазақ  поэзиясындағы ежелгі заманғы фольклорлық-мифологиялық сюжеттерге негізделген шығармалар арқылы адамзат ұрпақтарының ғасырлар бойы жалғасқан көркемдік-эстетикалық  дүниетаным ортақтығы аңғарылады.

Қазақ поэзиясындағы эпикалық шығармалар жазу үрдісінің тарихи-поэтикалық қалыптасу, даму жолы бар.  Әлем әдебиетінің  көрнекті салаларының бірі қазақ  сөз өнері мұралары да адамзат  тарихының ежелгі замандардан бүгінгі  кезеңге ұласқан дәуірлеріндегі оқиғаларды қамтитын саналуан сюжеттерді жырлаумен келеді. Қазақ сөз өнерінің ежелгі сақ, ғұн, түркі өркениеті  дәуірлеріндегі шығармаларында кезеңдес, тағдырлас халықтардың тұрмыстық-әлеуметтік  қаһармандық-жауынгерлік оқиғалары  арқау болған эпикалық шығармалар шоғыры әлемдік рухани құндылықтар қатарын  байытқан ұлағатымен мәлім.

Қазақ өркениеті қалыптасуының, дамуының ғасырлар белестерінен өткен жолында  алыстағы, жақындағы халықтардың  тарихына, ондағы тұрмыстық-әлеуметтік маңызды оқиғаларына, көрнекті тұлғаларына  байланысты мәселелер де жүйелене, саралана байқалады. Алыс пен жақындағы  халықтардың материалдық және рухани құндылықтарымен аралас-құралас болу – қазақ даласындағы өркениеттер тоғысуы құбылысының ежелгі замандардан бері үздіксіз болып келе жатқандығын дәлелдейтін ерекшелік.

Қазақ және ежелгі Эллада өркениеттері арасындағы байланыстардың әуелгі бастауында ойшыл ақын «Өзінің досы Тоқсарыспен  бірге Грекияға Солон заманында  барған Сақ (скиф) ойшылы Анархарис (б.з.б. 638–559 жж.) [127, с. 39] есімі аталады. «Анахарсистың әкесі – Гнур, ағасы Кадуид – Скиф патшасы, анасы Эллада елінің қызы, сол себепті екі тілге жетік болады. Көсіліп шешен тілмен еркін сөйлейтіні сонша көне грек жерінде сұңғыла ділмар адамды «скиф сияқты сөйлейді» деген сөз мәтел боп содан қалған.

«Анахарсис скифтер мен элладалықтардың  тұрмыс салты, соғыс дәстүрі туралы сегіз жүз жолдық өлең жазған»  [128, 17-б.]. Бұл – қазақ сөз өнері тұлғаларының ежелгі Эллада, Египет, Арабстан, Африка, Еуропа халықтары тұрмысы қамтылған сюжеттердің негізінде шығарма жазу үрдісінің ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейінгі ұласқан жолын байқататын дерек. Бұл үрдіс Әбунәсір әл-Фарабидің, Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбайұлының, Ақылбай Абайұлының, Мағауия Абайұлының және т.б. әдеби үдеріс қозғалысындағы көрнекті ақын-жазушылардың шығармашылығы арқылы жалғасты.

Көрнекті ақын Зейнолла Шүкіровтің «Олимпиада», «Клеопатра» атты поэмалары  да ұлттық сөз өнері тарихындағы  аталған әдеби дәстүр жалғастығының  көрсеткіштері. Аталған поэмалар қазақ  ақынының әлем өркениетінің аса көрнекті мекендер болған Эллада мен Египет атыраптарындағы адамзат ақыл-ойының талай ұлы жаңалықтары жасағандығын назарына алған шығармашылық дүниетанымының тереңдігін аңғартады.

«Олимпиада» поэмасы – тоғыз (ІХ) бөліктен құралған эпикалық туынды. Тақырыбы – әлем спортшылары өткізетін  Олимпиаданың тарихи маңызын ұлықтау, идеясы – әр елде өткізілетін Олимпиаданың әлем халықтарының достығын, баянды бейбітшілік  дәнекері толу ықпалын дәріптеу. Поэма  тақырыбының Олимпиада болып  аталуы да ежелгі Эллада елінің осы  дәстүр Отаны болуымен сабақтас. Сөз  арқауындағы бұл мәселенің қазақ  даласымен байланысы да көне дүние  ойшылдары мен қазіргі заманғы  ақындарымыздың шығармашылығын сабақтастырады. «Сосискрат пен Гермипп сияқты жылнамашылардың  мәліметіне сүйенсек, Анахарсис қырық  сегізінші олимпиада қарсаңында Афинаға сапар шегеді» [128, 17-б.]. Демек, Анахарсистің барған Олимпиадасынан бері де қазақ даласының осы әлемдік спорт жиынымен байланыстылығы ешқашан үзілген жоқ.

«Олимпиада (греч. Olympias, род. п. Olympiados), 1) промежуток времени в 4 года между вдумя Олимпийскими играми (др.-греч.); единица летосчисления в Др. Греции (до 394 н.э.). Годом 1-й Олимпиады считается 776 до н.э.

Олимпийские игры (греч. Olympia), 1) в Др. Греции общегреч. празднества и состязания (езда в колесницах, пятиборье, кулачный бой, конкурс иск-в). Устраивались в честь бога Зевса с 776 н.э.: в Олимпии раз в 4 года. Продолжались 5 дней» [123, с. 926]. Әлем халықтарының сөздік қорындағы «Олимпиада қыстағы», «Олимпиялық Хартия», «Олимпия эмблемасы», «Спорттық олимпиадалық түрлері», «Олимпиада девизі», «Олимпиада алауы», «Олимпиада жалауы», «Олимпиадалық» атаулары да әлем халықтарына етене боп таралған осы спорттық ойынның ықпалын танытады. Грекияда Олимп таулы атырабы да, Олимпия қаласы да Олимпиадалық ойындар өтетін дәстүрдің ежелгі заманғы тарихи негізділігін байқатады.

«Олимпиада» поэмасының құрылысындағы  ІІ–VIII бөліктерде ежелгі Грекиядағы алғашқы олимпиадалық жарыстың басталу оқиғасы шартты поэтикалық мағынамен алынған. Сюжеттік байланыс – Эномея патшаның қызық Гипподемеяны аттар жегілген күймелі арбаға мінген күйеу болудан дәмелі озып келген жігітке беру шарты. Бұл – қыз әкесінің жариялаған шарты. Бірақ, қызына ғашық дәмелі жігіт атаулыны жарыс жолында Эномея патшаның өзі қуып жетіп өлтіреді. Бұл жендеттік жазалаудың мәнісін автордың эпикалық баяндау жыры түсіндіреді:

 

Патша әке төгіп жатыр күнде  қанды,

Оның да бір өзінің қымбат жаны –

Күйеуге шыққан күні жалғыз қызы,

Шаппаққа сұм ажалдың тұр  қақпаны...

 

 

Сол қақпан таппақ бір күн оны  ақыры,

Соны айтқан Күн ұлының Оракумы.

Қыз бейне қара жылан – әкесінің

Мойнына туған күні-ақ оратылды.

 

Күн бұрын қойған патша бәрін  біліп,

Ажалын күтпек қалай сабыр қылып.

Қызынан дәмеленген жігіт болса,

Тауыспақ жер бастырмай бәрін  қырық [91, 304-б.].

 

Поэма сюжетінің дамуында Олимп  мекенінде қызға дәмелілер үшін бәйге жарияланғаны, оған ынталылардың мол болғаны да тарихи шындықпен  жырланған:

 

Ат бәйгі, күнде Олимп шақырады,

Арманда күнде біреу қапы ұрады.

Дәметіп хан қызынан елеуреп  жүр,

Бұл жұрттың бір-бір тәуір аты  бары [91, 304-б.].

 

Поэма сюжетіндегі шиеленіс жарысқа  қатысқан дәмелілердің қыздың патша  әкенінің қолынан күнде қаза тапқан оқиғаларынан («Кетті өліп бүгін бірі, кеше бірі, бейкүнә біреулердің қос  өрімі») байқалады. Өзінің себебінен  талай боздақтардың мерт болып қырылып  жатқанына күйзелген қыздың мұңды-шерлі  ойға батқаны, балалық шақтан-ақ жүрегін  жаулаған Пелопс есімді жігітті ойлағаны да шығарма арқауында айтылады. Туындының  көркем шешімі аясында автор сүйген жігітті Пелопс пен әкесінің құл-сайыпкері  Миртилос екеуінің оңашада әңгімелесуін естіген қыздың көңіл-күйін де психологиялық  сипатымен суреттеген. Миртилос құл-сайыпкердің  айтқан аңыз-әңгімесінде тап осы  патша Эномеядай боп аласұрған, бірақ өз қызының әке-күймесіндегі белтемірді балауызбен ауыстыруынан жауыздыққа тосқауыл қойылған тарих сабағы баяндалғанын оқимыз:

 

 

Патшаның айтқан заң, серті мықты,

Жазықсыз талай жанды өлтіріпті.

Жазасы жетіп бірақ өз қызынан,

Жарыста басын жұтып ол тыныпты  [91, 306-б.].

Информация о работе Лирикалық поэзия дәстүрі