Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 19:15, диссертация
Зерттеу жұмысының сарапталуы, жариялануы, мақұлдануы. Диссертацияның негізгі мазмұнын құрайтын бөлімдеріндегі ғылыми тұжырымдары, нәтижелері, негізгі қорытындылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті белгілеген ғылыми басылымдарда жарық көрді. Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалары тыңдалып, жинақтарында жарияланды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, іштей тарауларға бөлінген екі бөлімнен, қорытындыдаң және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
КІРІСПЕ...........................................................................................................
3
1
РОМАНТИЗМ ЖӘНЕ РЕАЛИЗМ КӨРКЕМДІК ӘДІСТЕРІ ТҰТАСТЫҒЫМЕН ЖЫРЛАНҒАН ЛИРИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ
1.1
ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ поэзиясы және
Зейнолла Шүкіров шығармашылығы.............................................
9
1.2
Ақын лирикасы жанрларынын поэтикалық ерекшеліктері.........
25
2
ЭПИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯ ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ АҚЫН ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМ ШЫНДЫҚ
2.1
Антикалық дәуір сюжеттері жырлануындағы көркемдік шындық сипаты.................................................................................
48
2.2
Өмір шындығының эпикалық жырлануындағы көркемдік шешім.................................................................................................
67
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
103
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................
107
Осы арада Миртилос айтқан осы аңыз әңгімеден кейін кейіпкер Пелопстің айтқаны да ертеңгі жарыстағы Эномея патшаның тағдырын шешкендей әсер береді:
– Әдемі ой салдың-ау,
Ақ іс үшін
Жақсы адам не сұмдықтан тартынар ма! [91, 307-б.].
Поэма сюжетінің осы шарықтау шегінде қыздың сүйгені Пелопстың Миртилоспен екеуара әңгімедегі шынайы жүрек лебізі де көркем шындық шарттылығына сәйкес романтикалық әуен мен жырланған:
– Көп болса табар тыным күйген жаным,
Кеудемде кетсін мейлі түйген зарым.
Өлімге байладым бас, бір сол үшін,
Жалғызым Гипподемея – сүйген жарым! [91, 306-б.].
Поэма сюжетіндегі көркем шешім бойынша кезекті жарыс жолында күймесі жегілген қасқа арғымақтың күрт атылуынан патша Эномея қаза табады, зұлымдық жолына тосқауыл қойылады:
Әлде патша көзіне бүкіл дүние мұнартты,
Әлде ажалға асықты, әлде қанға құмартты.
... Тартып қалды қамшымен патша қолы қатулы,
Қатты тиді, жалт беріп қасқа арғымақ атылды.
Көк күйменің бүйірін жерге соқты жапсырды,
Тас төбеден шаншылта патшаны да тасқа ұрды [91, 309-б.].
«Олимпиада» поэмасының І, VIII, ІХ бөліктерін біріктіріп тұрған көркемдік-эстетикалық желі – Олимпиаданың әлем халықтарының денсаулық үшін бейбіт жарыс сайыстарын өткізетін бас қоу салтанатының қоғамдық-әлеуметтік, гуманистік-адамгершілік ұлағатын мәртебелеп жырлау. Лирикалық Қаһарман-Ақын қазіргі өтіп жатқан Олимпиадаларға әлем халықтары өкілдерінің (қазақ, жапон, француз, ағылшын, негр, т.б. – бәрінің де әлемдік спорттық мерекедегі бас қосуларының жер бетіндегі баянды бейбітшілікті орнатуға қызмет етуіне шақырады. Осы орайда, ақынның поэмасына арқау болған Олимпиадалық ойындардың тоқтатылуы мен қайта жалғасуының тарихи-хронологиялық жолын да дәйектемелік назарға алауды дұрыс санаймыз:
«Отменены в 394 н.э. 2) Всемирные спорт-соревнования,
прообразом к-рых явились др.-греч.
О. и. Проводятся с 1896 в 1-й год Олимпиады.
Состоялись О. и.: І – 1896 (Афины); ІІ – 1900
(Париж); ІІІ – 1904 (Сент-Луис); IV – 1908 (Лондон);
V – 1912 (Стокгольм); VІІ – 1920 (Антверпен);
Олимпиадалар ХХ ғасырдың 90-жылдары мен ХХІ ғасырдың басында да кезегімен өтіп жатыр. Ақын З. Шүкіровтің «Олимпиада» поэмасының, лирикалық-көсемсөздік сарынынан адамзат тарихының барлық ғасырларында да ұрпақтардың денсаулығын нығайтуды, жер бетіндегі адамдардың қанды қырғынды соғыссыз баянды бейбітшілкпен өмір сүру ұлағатын мұрат тұтқан оптимистік арманы, тілегі байқалады.
Ежелгі Грек елінің тарихи, аңыздық-мифологиялық өрнектерге толы әлемін көз алдына келтіре жырлаған лирикалық қаһарман ақынның уақыт пен кеңістікті тұтастырған романтикалық дүниетаным көзқарасы, адамзат тарихын көркем жинақтаумен қамтыған ұшқыр ойлары еліктіреді:
Қазақпын қырда туған қаны қызба,
Жарқ еткен жеңіс көрсем жаным ырза.
Тұрмаймын арқам қозып, әрі қоймай,
Қайрайды қайда айқасқа кәрі Муза.
Тәуекел, әкел Муза, жолдамаңды,
Ал, кеттім қызықтауға Элладаны.
Астымда асау Пегас бір сілтейін,
Алдымнан қашсын Олимп кер маралы.
Күй тартып сиреналар жан-жағымда,
Күңіренсін қыруар тәңір тауларында.
Тәуекел, кеттім сонда жебе мені,
Сиындым, баба Гомер, аруағыңа!
Па, шіркін, ертегідей Грек елі,
Қарсы алшы, кәне алдымда күле мені.
... Басында Олимпінің түнерген бұлт,
Жарға ұрып Альфей неге шіренеді... [91, 302-303-бб.].
Ақынның осы поэманың және ХІІІ, ІХ
бөліктеріндегі идеялық тұтастықпен
жырланған көркемдік түйіні –
адамзат ұрпақтарының Олимпиада
ойындарының аясында мәңгілік бейбітшілік
ұстанымын нығайтуға шақыруы. Поэманың
негізгі сюжетіндегі Эномея патшаның
өлімінен кейінгі мерекелік көріністер
реалистік бояуларымен
Бұлт та жоқ бүркеп жатқан бүгін көкті,
Даланы жөңкілген жұрт дүбірлетті.
Ат жарыс, жаяу жарыс, айқай-ұран,
Шығады адам даусы құдіретті.
... Әйтеуір аппақ алау жанды бүгін,
Серпілтіп Элладаның барлық ұлын
– Жасасын Олимпиада, бейбітті жарыс!
Жетер сол шайқаста өткен бар ғүмырың [91, 310-б.].
Поэманың поэтикалық түйіндеулері
жинақталған соңғы бөлік
Ақынның юморлық тіл өрнектері де жарыс үстіндегі кейбір көріністердің әсерлі бояуларын («Жарқырап ағылшын қыз ақ балтыры», «Ылғи бір шойдым қара негір деген», т.б.) көрермендер көзімен өрнектеген:
Әне бір ши борбайға не жетпейді,
Әншейін жұрт соңында селектейді.
Бес сайыс бітпей жатып жүлде сұрап,
Тәкаппар американдық неге өктейді [91, 311-б.].
Соңғы шумағы эпикалық және лирикалық жанрлар тұтастығымен жырланған осы туынды жалпыадамзат өркениетін сақтауға шақырған азаматтық үндеумен аяқталған. Бұл – адамзат тарихында планетадағы барлық халықтардың жансауғалып келіп аман қалған, өсіп-өркендеген Отаны болып келген Қазақ Елінің, халқымыздың гуманистік үніндей естіледі:
Бізге әлем қолын соқты тегіс тұрып,
Әйтеуір көңіл тынды жеңіп шығып.
Жасасын жас мереке Олимпиада,
Жасасын жер үстінде бейбітшілік! [91, 311-б.].
Қорыта айтқанда, қазақ поэзиясы
классикалық дәстүрлі жанрларының
бірі поэмаларда ежелгі заман оқиғаларының
жырлануынан ұлттық сөз өнері
ауқымының поэтикалық кеңістігі, ұлттық
және жалпыадамзаттық дүниетаным тұтастығымен
жырланатын классикалық дәстүр ұлағаты
айқындала түседі. Бұл – біздің
қазақ әдебиеті шығармалары көркемдік-
2.2 Өмір шындығының эпикалық жырлануындағы көркемдік шешім
Қазақ поэзиясындағы эпикалық шығармалар
жазу үрдісінде халықтың басынан
өткен тарихи оқиғаларды көркем шындықпен
жинақтап жырлауға мол орын беріледі.
Қазақ поэзиясындағы эпикалық шығармалар
жазу үрдісінде түркі жазба
Өмір шындығы – эпикалық сипатпен
жырлау үрдісінің деректік негізі.
Көркемдік шешім шығармаларға негіз
болған тұрмыс оқиғаларын авторлық қорытумен,
байыптаумен жырлауынан туындайды.
Әдебиеттанушы-ғалым
«Көркем өнерде, оның ішінде әдебиетте шығарма, әрине, өмір шындығына сүйеніп жазылады. Нақтылы өмір құбылыстарын, оның сырын, қайшылықтарын тереңдеп түсінбей, тебіреніп толғанбай сезінбей көркем шығарма тумайды. Тарихи және қоғамдық шындық әдеби туындының бастау көздері болып табылады. Әлеуметтік өмір, саясат, халық тұрмысы – бәрі де өмір шындығын танытатын жағдайлар. ... Шығарма оқырман үшін тартымды, рухани ләззатқа бөлейтін, тәрбиелік-танымдық қасиеті мол, адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыратын, өмір сырларын ашатын өнер туындысы болуы қажет. Сонда қаламгердің қоғамдық позициясы, идеалы анықталады» [81, 159-б.].
Ақын Зейнолла Шүкіровтің аясындағы тарихи деректі оқиғалар негізіндегі поэмалары да сөз өнері тарихындағы осындай көркемдік үрдіс тағылымын байқатады. Поэма жанрындағы шығармалардың мазмұны мен пішіні жүйесін құрайтын құрылымында ақынның лирикалық қаһарман тұғырындағы тұлғасы оның тебіреністер, толғаныстар тұтасқан көңіл-күй өрнектерімен сипатталады. Поэмалардың сюжеттік-композициялық құрылымындағы толғаныстар арқылы лирикалық қаһарманның да, эпикалық туынды кейіпкерлерінің де жан ділі әлемінің психологиялық ерекшеліктері айқындалады.
Ақынның «Орамал» атты поэмасы –
эпикалық кең тыныспен жырлаудың
көркем жырланған үлгілерінің бірі.
Поэманың идеялық-композициялық
Поэма құрылысының поэтикалық сипатында мынадай бөліктер бар: біріншісі – лирикалық кейіпкер – Ақынның, шығарма кейіпкерінің іштей сыр ақтаруға арналған адресаттық толғаныстары; екіншісі – поэма кейіпкерінің соғыс майданының алғы шебіндегі түнгі күзеттегі ойланып тұрған сәті, ой әлемімен соғыс басталғаннан бергі тоғыз ай үздіксіз болған от-жалынға, ойранға толы соғыс қасіретін ойлап тұрған мұңды-шерлі көңіл-күйі; үшіншісі – күзеттес жауынгер Павел жолдасының қалжыңынан («Неге жым-жырт қалғып тұрсың, әлде бір қыз жайлы ойға шомып қалдың?») кейінгі мектептес, парталас қызға ғашық болған бала махаббатын еске алғаны: төртіншісі – туған жерде майданға келген сыйлықтар ішіндегі кестелі орамал туралы толғаныстары; бесіншісі – қанды майдандағы жарылған снарядтар, бомбалар, зеңбіректер гүрсілдеген тақылдаған пулеметтер, гүрілдеген танктер, танктерді өртеген жауынгерлер, шабуылдарын тойтарып қолма-қол жаумен жағаласқан шайқас суреттері; алтыншысы – жаумен шайқастың соңында поэма кейіпкерінің ауыр жараланғаны, санитар қазақ қызының басын орамалмен орап жаралы жауынгерді арқалау тиісті емдеу орнына жеткізген.
Поэма сюжетінің дамуы, шиеленісуі, шарықтау шектерінде кейіпкердің жан ділі әлеміндегі тебіреністерді, толғаныстарды кезең оқиғаларымен сәйкес жырлаған. Қазақ қызы Назымның іздеп келіп жаралы сәтіндегі кездесуімен, екеуінің мәңгілікке табуымен сюжеттік шешім көрінеді. Бұл – автордың көркемдік қиял өрнегімен жырлаған поэтикалық шешімі:
Сәулешім, неге маған қарай бердің
Өзіңді майданда алғаш солай көрдім.
Құтқарған сен едің ғой бір қатерден,
Дәм-тұзын таптық бірге талай жердің.
Келдiң сен әдейi іздеп ертеңіне,
Бар еді-ау бір жұмбақ сыр ерке өңіңде.
Өзіңде кеткен екен орамалым,
Ол кезде білдім бе оны мен тегінде.
... Сен менің құтқарушы, періштем ең,
Өзіңмен от ішінде көріскен ем.
Өзіңмен бірге кешіп қан майданды,
Өзіңмен бірге жеттім Жеңіске мен.
Дариға, сан шайқасқа бірге бардық,
Бір болдық,
Елге де аман бірге оралдық.
Мінекей, бүгін менің жан жарымсың,
Мәңгіге біргеміз біз, бірге қалдық [98, 27-28-бб.].
Поэманың сюжеттік-
«Орамал» поэмасы – екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі уақыт шындығы оқиғалары негізінде жазылған шығарма. Шығарма құрылысында кейіпкерлердің көңіл-күй әуендерін, олардың күрделі тағдырлы өмірі оқиғаларын көркемдік жинақтаумен жырлауда ақын лирикалық кейіпкер толғаныстарына басымырақ орын беругені. Поэманың басталуындағы лирикалық кіріспе-толғаныс жыры да шығарма композициясының әсерлі оқылатын көркемдік қуатын күшейту қызметін атқаратыны аңғарылады:
Кәнекей, күлімсірей қара, жаным,
Оқимын жыр-толғауын поэманың.
Бұл менің саған деген махаббатым,
Бұл сенің кестелеген орамалың.
Есімде жарқылдаған оқ көгімде,
Есімде, құрсанған жау көк темірге.
Төсімде орамалың жүрген сонда,
Ойран сау, отты жарын өткенімде.
Елсізде оққа ұшыпта қалған жарың...
Сол кезде қарға адым жер болғанда мұң.
Жау оғы ойсыратқан жара орнынан,
Дірдектеп орамалға тамған қаным [98, 14-б.].
«Орамал» поэмасына негіз