Мұнай саласындағы маркетинг қызметінің дамуы мен қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2015 в 19:34, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі кезде маркетинг кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жоспарлау, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың барлық жақтарын қамтуы тиіс. Бұл жағдай осы замандағы маркетингтің рөлі мен маңызы туралы көзқарастарға сәйкес келеді. Кәсіпорын қызметін басқару үшін қазіргі замандағы маркетинг біртұтас және жүйелі бағытта дамуы қажет.

Содержание

КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ МАРКЕТИНГ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Маркетинг түсінігі, оның қызметі және принциптері
1.2 Кәсіпорынның маркетинг қызметін басқару әдістемесі
2 АҚ “ҚҰЛСАРЫМҰНАЙГАЗ” МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 Мұнай саласындағы маркетинг қызметінің дамуы мен қалыптасуы
2.2 АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз”-дың экономикалық әлеуетін талдау
2.3 “ҚұлсарыМұнайГаз” басқармасының маркетинг қызметін ұйымдастыру
3 НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МАРКЕТИНГ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Мұнай саласында маркетингті басқарудың шетелдік тәжірибесін қолдану
3.2 АҚ “ҚұлсарыМұнайГаз” басқармасының маркетингтік стратегиясын жетілдіру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-кәсіпорындағы-маркетинг-қызметін-басқару.doc

— 729.00 Кб (Скачать файл)

 

14 кесте – 2005 жылы “ҚұлсарыМұнайГаз” бойынша мұнайды жеткізу                                 қорытындысы (мың тонна)

Аталуы

2005 жылы  

   

жоспар

Нақты

ауытқу

1

Экспорт

1661,2

1680,3

19

1.1.

Алыс шетел

1 101,40

1 424,60

323

 

Атырау - Самара

626,4

954,3

328

 
КТК

475

470,3

-5

 

КТК толтыру

20

46,8

27

1.2.

Жақын шетел

559,8

255,7

-304

2

Ішкі нарық

889,8

909,8

20

2.1.

АНЗП

750

790,5

41

2.2.

Басқалар

14,9

8,1

-7

2.3.

Роялти

124,9

11,2

-14

 

Барлығы

2551

2590,1

39




Ескерту – “ҚұлсарыМұнайГаз”-дың  деректері бойынша

 

“ҚұлсарыМұнайГаз” АҚ-ның негізгі мұнай құбырларының бағыттары: Өзен – Атырау – Самара, Каламкас – Қаражанбас – Ақтау, Жанажол – Кеңқияқ – Орск, Омск – Павлодар – Шымкент – Чарджоу. АҚ – ның құрамында төрт еншілес компания бар:

  • Батыс;
  • Шығыс;
  • Есептеу орталығы;
  • Ғылыми – техникалық орталық.

     Қазақстандық мұнайдың  негізгі бөлігі Ресей бағытымен  экспортталады: Атырау – Самара, сонымен қатар қазақстандық Теңіз мұнай кенорынын ресейлік Черноморск портымен қосатын  КТК (касспийский трубопроводный консорциум) бағыты. Ал қалған мұнайдың бөлігі Ақтау портынан Каспий теңізімен және темір жол транспортымен экспортталады. Қазіргі кезде “ҚазМұнайГаз” компаниясы мен “Транснефть” ресейлік компаниясы бірігіп Атырау – Самара құбырымен мұнай тасымалдауды жылына 20 – 25 млн.тоннаға дейін өсіру көзделуде.

Ал Газ тасымалдау АҚ “КазТрансГаз” компаниясы арқылы жүргізіледі. Газ құбыры 10,8 мың км және 296 газ агрегаттары бар 22 компрессорлық станцияны алып жатыр. Компания халықаралық және қазақстандық газды экспортерлерге тасымалдаумен қатар ішкі нарықты газбен қамсыздандырады.  “КазТрансГаз” АҚ – ның негізгі қызметінің бағыты:

  • Табиғи газды халықаралық тасымалдау;
  • Табиғи газды экспорттау және импорттау;
  • Табиғи газды өндіруге байланысты жобалар құру;
  • Газды ішкі нарыққа тасымалдау;
  • Халықты газбен қамтамасыз ету;
  • Табиғи газды сатып алу, сату және сақтау;
  • Экология;
  • Электро және жылу энергиясын өндіру.

Газды халықаралық тасымалдау келесі магистральдармен өтеді: “Оренбург – Новопсков”, “Союз” (ресейлік газ), “Орталық Азия – Центр” (түркімен және өзбек газы), “Бұхара – Орал” және “Бұхара – Ташкент – Бішкек – Алматы” (өзбек газы).

2004 жылы жалпы тасымалданған газ көлемі – 121,6 млрд куб, оның ішінде 109,5 млрд куб газ шетел үлесі және 5,1 млрд ішкі нарыққа, ал 7 млрд куб газ экспортқа шығарылды.

Сатып алушылармен келісім сөздер жүргізу.  Жалпы компанияның мұнайды экспорттау және келісім сөздер жүргізу стратегиясы жоғарғы басшы “ЕмбіМұнайГаз” және “ҚазМұнайГаз” рұқсатымен және бақылауымен өтеді. Сатып алушылармен келісім сөздер жүргізу екі формада өтеді: біріншісі – түтынушылар “ҚұлсарыМұнайГаз” ға өнімнің қай түрін болса да сатып алу сұранысымен келеді; екіншісі –“ҚұлсарыМұнайГаз” өзі сатып алушыларға ұсыныс жасайды. Екі жақ өздерініің үсынысын дайындап кездескен жағдайда деталдарды талқылайды.  Ережеге сай “ҚұлсарыМұнайГаз” өзінің контрактысын үсынады. Келісім сөздер жүргізгенде “ҚұлсарыМұнайГаз” контрактыда максималды аз өзгерістер енгізуге талпынады. Әдетте сатып алушының өзінің контрактысы болады, бірақ “ҚұлсарыМұнайГаз” өзінің контрактысын қолдануға ұсынады, өйткені келешекте келісім шартта кей жағдайында кеткен қателіктерді және проблемаларды болдырмау үшін жобалап жасалынған келісім шарт көптеген бөлімдер мақұлдау керек. Ал жұмыстың ең жоғарғы дәрежесіне  жету үшін бөлімдер арасында байланысты қамтамасыз ету керек. Бөлімдер арасындағы байланыс өте тығыз. Мысалы маркетинг бөлімі өндірістік бөліммен өте тығыз байланысты. Бұл бөлімде ол өндірістің деңгейі, өнімнің көлемі және мінездемесі  туралы ақпарат алады. Қаржылық бөлімге келісім шарттың көшірмесі беріледі. Маркетинг бөлімі оларды жабдықтау туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, есептің дұрыстығын тексереді т.б.

Компания қызметінің негізгі стратегиялық мақсаты – ұлттық мұнайгаз саласының  дамуына қатысу арқылы Қазақстан Республикасына максималды пайданы қамтамасыз ету. Компания миссиясы 3 негізгі қызметтің бағытталуынан тұрады:

  • Компанияның құнын жоғарылату арқылы акционердің экономикалық пайдасын максималдау;
  • Мемлекеттің стратегиялық пайдасын қамтамасыз ету;
  • Жоғарғы тиімділігі бар мұнайгаз компаниясын құру.

2005 жылы “ҚұлсарыМұнайГаз” келесідей  стратегиялық мақсаттары қабылданды:

  1. Қауіпсіз жұмыс істеу;
  2. “ ҚұлсарыМұнайГаз” қызметін жоспарлау процесін басқару;
  3. Жұмыстың ең жақсы көрсеткіштеріне ұмтылу;
  4. Сыртқы ұйымдармен байланысты әрқашан жетілдіріп отыру;
  5. Бөлім қызметкерлерінің профессионалды деңгейін көтеріп отыру;
  6. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғауда жоғарғы көрсеткіштерге ұмтылу;
  7. Компания беделдігін арттыру;
  8. өндірістік – экономикалық көрсеткіштің жоғарғы деңгейіне қол жеткізу.

Жалпы компанияның 2005 – 2008 жылдарға жасалған стратегиялық жоспары негізі мұнайдың өндірілу және мұнайдың тасымалдау көлемін максималды өсіру, яғни 4500 – 5500 мың тоннаға, ал экспортты 3200 мың тоннаға өсіру. Ұзақмерзімді стратегиялық жоспар – қазіргі кезде және болашақта КТК мұнай құбырымен өтетін мұнай көлемін жоғарылату. Жоғарыда айтылып кеткен стратегиялық мақсаттарға жету үшін компания келесі негізгі элементтерді жетілдіруді көздейді:

  • Стратегиялық басқару жүйесін;
  • Жедел басқару жүйесін;
  • Персоналды дамыту және ынталандыру жүйесін;
  • Негізгі бизнес – процесстерді автоматизациялау. 

Сонымен қатар, өндірістік тұтынушыны қанағаттандыру мақсатында келесі жағдайларды ескеріп, оны дамыта түсу қажеттілігі:

  • Сапа – өндірістік процеске және қолданылатын технологияларға жарамды болуы;
  • Жеткізу сенімділігі – нақты ұйымдастырылған өткізу жүйесі;
  • Баға және төлеу шарттары.

Бірақ осының бәріне қол жеткізу үшін екі құрамдас бөліктерінің байланысын қамиды: ресурстар және компанияны басқару құрылымы. Басқару құрылымының қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану  мүмкіншілігі – стратегияның орындалуының маңызды аспектісі болып табылады. Кәсіпорынның ресурстық және құрылымдық мүмкіншіліктерін негізгі өндірістік тұтынушылармен байланыстыру қажет.

Келесі 15-ші кестеде «ҚұлсарыМұнайГаз»-дың күшті, әлсіз, мүмкіншілік- тері және қауіпті жақтары, яғни SWOT (strength, weaknesses, opportunities and threats) талдау жүргізілді.

 

15 кесте –  «ҚұлсарыМұнайГаз»-дың  SWOT талдау

Күшті жақтар

Әлсіз жақтары

  • Қазақстан Республикасының ұлттық компаниясы;
  • Қазақстанның ең ірі компаниясының еншілес компаниясы;
  • Шикізат молдығы;
  • Мұнай сапасы;
  • Экспорттық жағдайдың өзгеруіне тез әсер ету мүмкіндігі.
  • Мобилизация және демобилизацияға шығындардың жоғарылауы;
  • Мамандарды оқытудың жеткіліксіздігі;
  • Эксплуатациялық шығындардың көбеюі;
  • Технологиялардың ескіруі.
  • Мұнай өзінің құрамына байланысты қосымша тазалауды қажет етеді.
  • Мүмкіншіліктер
  • Қауіпті жағы
  • Өндірістік процестерді және ұйымдастырушылық құрылымды жетілдіру;
  • Қауіпсіздікті жоғарылату (өндіріс орындарында);
  • Эксплуатациялық шығындарды төмендету;
  • Жаңа технологияларды енгізу;
  • Басқа да мұнай өнімдерін сату арқылы пайданы көбейту.
  • Мұнайға әлемдік бағаның төмендеуі;
  • Материалға және қызметке бағаның өсуі;
  • Мұнай құбырының істен шығуы.

 

SWOT – талдау стратегиялық маркетингтің  және компанияның стратегиялық  жоспарының негізі болып табылады. SWOT талдауы арқылы біз компанияның нарықтық жағдайдағы қазіргі орынын, оның болашақта даму тенденциясын, яғни мүмкіншіліктерін, сонымен қатар компания өз әлсіздіктері мен қауіпті жағын біле отырып өндірісті кеңейту шараларын ұйымдастыруға мүмкіндіктер туғызады.

SWOT – талдау матрицасы компанияның маркетингті басқаруға байланысты бірнеше пайдалы шараларды құруға мүмкіндіктер береді. Маркетинг бойынша менеджер компания қызметіне әсер ететін және болашақта болатын мүмкіншіліктер мен қауіпті жағдайларды алдын – ала болжап білуі тиіс. Қауіпті жағдайларды ойлап шығару барысында келесілер ескерілуі керек: 1.Саяси – құқықтық орта; 2. Экономикалық орта; 3.  Технологиялық және табиғи орта. 4. Демографиялық; 5. Әлеуметтік – мәдени орта. Барлық қауіптер ерекше көңіл бөлуді қажет етпеді. Сондықтан компания менеджерлері әрбір қауіпті жағдайды бағалап, қауіптілік деңгейін анықтауы керек және оны болашақта залалсыздандыру жоспарын құруы қажет [28].

«ҚұлсарыМұнайГаз» географиялық жағдайлары өте қолайсыз болып келеді, өйткені мұнайды өткізу нарығы қашықтықта орналасқан. Осыған байланысты кәсіпорын көптеген шығындарды, соның ішінде эксплуатациялық, мобилизация және демобилизация, барлау  шығындарының жоғарылауын айтуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА  ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МАРКЕТИНГ  ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ

3.1 Мұнай саласында маркетингті  басқарудың шетелдік  тәжірибесін               қолдану

Қазақстан экономикасының мұнайгаз саласындағы марктингті қолданудың ерекшеліктері мен серпіні және экономикалық субъектілердің қоршаған орта факторларының қағидаларын пайдалану барысында ықпал ету сипаты көбіне өтпелі кезең жағдайына орай анықталады. Қазіргі кезде Қазақстанның мұнайгаз саласының ірі инвесторлары АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Италия, Норвегия, Германия т.б болып табылады. Мысалға, “Шеврон” американдық корпорациясы “Теңіз” мұнай кен орнына 40 жылға созылған 25 – 30 млрд. АҚШ долларын салуды көздеуде. 

Қазіргі кездегі әлемдік мұнай нарығындағы импорт және экспортты келесі кесте бойынша көре аламыз.

16 кесте – Әлемнің негізгі мұнай нарықтарының сипаттамасы 

 

 

Әлемнің мұнай нарығы

Импорт (-), Экспорт (+) млн. тонн/жыл

 

1995

2000

2005

2010

Солт – Батыс еуропа

-174

-167

-210

-280

Орталық және Шығыс Еуропа

-53

-63

-74

-80

Средиземноморье

-247

-214

-234

-234

Азия – Тынық мұхиты

-420

-582

-748

-911

Парсы бұғазы

+660

+720

+872

+1053

Атлантикалық бассейн

-363

-341

-368

-431

Информация о работе Мұнай саласындағы маркетинг қызметінің дамуы мен қалыптасуы