Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 14:26, дипломная работа
Диплом жұмысының өзектілігі. Жаһандану жағдайында өтпелі кезеңдегі саяси жүйелердің трансформациялануы мәселелерін зерттеудің өзектілігі бірқатар себептерге негізделеді. Олардың қатарына ең бірінші кезекте бұрын саясаттану тұрғысынан сараптамаға салынбаған саяси жүйе түрлерінің қызмет ету ерекшеліктерін танып-білу мен сипаттама беру, өтпелі қоғамның әлеуметтік тұрғыда күйзеліссіз модернизациялануын қамтамасыз ете алатын саяси жүйелердің тиімді параметрлерін анықтау, өтпелі қоғам институттарының аймақтық және жаһандық әлемдік жүйеге интеграциялану мүмкіндіктерін айқындау жатады
ҚЫСҚАРТУЛАР.........................................................................................................3
КІРІСПЕ....................................................................................................................4-9
1 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ...............................................................10-31
Орталық Азия мемлекеттеріндегі өтпелі кезеңдегі саяси саладағы жағдай..............................................................................................................10-19
Қалыптасқан саяси және экономикалық жүйеден жаңа жүйеге өтудегі аймақтық тәжірибе..........................................................................................19-31
2 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫНАСЫ, ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ............................................................................................................32-57
2.1 Ресей мен Қытайдың Орталық Азия республикаларына қатысты
саясаты............................................................................................................32-40
2.2 Орталық Азияға қатысты АҚШ-тың, ЕО-тың ұстанымы..........................40-49
2.3 Орталық Азия елдерінің ХХІ ғ. саяси трансформациялануының
нәтижелері.......................................................................................................49-57
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................58-61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................62-64
ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................................65
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ
АЙМАҚТАНУ КАФЕДРАСЫ
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
_____________ т.ғ.д. С.М.Сыздықов
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«ХХ ғ. соңы - ХХІ ғ. басындағы Орталық Азия аймағындағы мемлекеттердегі саяси трансформациялану»
050505 – «Аймақтану»
Орындаған: З.Н. Онбаева
А-41 студенті
Ғылыми жетекші: т.ғ.к. Б.Қ.Қилыбаева
АСТАНА 2011
ЖОСПАР
ҚЫСҚАРТУЛАР...................
КІРІСПЕ.......................
1 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ
ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ.....................
2 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫНАСЫ, ІШКІ
ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ........................
2.1 Ресей мен Қытайдың Орталық Азия республикаларына қатысты
саясаты.......................
2.2 Орталық Азияға қатысты АҚШ-тың,
ЕО-тың ұстанымы......................
2.3 Орталық Азия елдерінің ХХІ ғ. саяси трансформациялануының
нәтижелері....................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
ҚОСЫМШАЛАР....................
ҚЫСҚАРТУЛАР
КСРО |
- |
Кеңестік социалистік республикалар одағы |
ТҰК |
- |
трансұлттық корпорациялар |
ҚР |
- |
Қазақстан республикасы |
ДСҰ |
- |
Дүниежүзілік сауда ұйымы |
ТМД |
- |
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы |
БҰҰ |
- |
Біріккен ұлттар ұйымы |
БАҚ |
- |
бұқаралы ақпарат құралдары |
ЕО |
- |
Еуропалық Одақ |
ОАЫҰ |
- |
Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы |
АҚШ |
- |
Америка құрама штаттары |
ХВҚ |
- |
Халықаралық валюталық қор |
ЖІӨ |
- |
жалпы ішкі өнім |
ОҚКҰ |
- |
Ортақ қауіпсіздік келісімі ұйымы |
ШЫҰ |
- |
Шанхай ынтымақтастық ұйымы |
ЕурАзЭҚ |
- |
Еуразиялық экономикалық қауымдастық |
ДСҰ |
- |
Дүниежүзілік сауда ұйымы |
ЕЫҚҰ |
- |
Еуропалық ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы |
ОА |
- |
Орталық Азия |
ИКҰ |
- |
Ислам конференциясы ұйымы |
ЕҚДБ |
- |
Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі |
РФ |
- |
Ресей Федерациясы |
ҚХР |
- |
Қытай халық республикасы |
ЕИДП |
- |
Европейский инструмент добрососедства и партнерства |
СВМДА |
- |
Совещание по мерам взаимодействия и доверия в Азии |
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі. Жаһандану жағдайында өтпелі кезеңдегі саяси жүйелердің трансформациялануы мәселелерін зерттеудің өзектілігі бірқатар себептерге негізделеді. Олардың қатарына ең бірінші кезекте бұрын саясаттану тұрғысынан сараптамаға салынбаған саяси жүйе түрлерінің қызмет ету ерекшеліктерін танып-білу мен сипаттама беру, өтпелі қоғамның әлеуметтік тұрғыда күйзеліссіз модернизациялануын қамтамасыз ете алатын саяси жүйелердің тиімді параметрлерін анықтау, өтпелі қоғам институттарының аймақтық және жаһандық әлемдік жүйеге интеграциялану мүмкіндіктерін айқындау жатады.
Жоғарыда аталған мәселелерді
зерттеу теориялықпен қатар тәжірибелік
маңызға ие. Себебі, бүгінде бұрын
беймәлім болған заңдылықтар мен
даму үлгілерін айқындауға жол ашатын
өтпелі қоғамның шынайы саяси жүйелеріне
сараптама жүргізбей, олардың әлемдік
қауымдастыққа
Даму қарқынына түрлі деңгейде ішкі саяси, аймақтық және әлемдік факторлар ықпал ету үстіндегі посткеңестік мемлекеттердің жаһандануға қосылуы және модернизациялануы үрдістерін зерттеу ерекше ғылыми маңыздылыққа ие. Оларды қарастырудың көрнекті мысалына қазіргі кездегі Орталық Азия аймағы жатады. КСРО-ның ыдырауынан кейін орын алған өзгерістер аталмыш аймақта бес тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына алып келді. Соның нәтижесінде геосаяси шынайылықтың мүлдем жаңа форматы мен әлемде жаңа саяси тәртіптің қалыптасуы жағдайындағы Орталық Азияның стратегиялық мәртебесі айқындалды.
Қазіргі кезеңдегі ғаламдану
жағдайында және жаңадан қалыптасып
келе жатқан көптүрлі әлемдік жүйенің
дамуында Орталық Азия аймағы геоэкономикалық
тұрғыда маңызды орын алуда. Жаңа
мыңжылдықтың басында Орталық Азия
аймағының геосаяси және геостратегиялық
жағдайы арта түсті. Соның негізінде,
аймақ халықаралық саясаттың
негізгі тақырыптарының біріне айналып,
халықаралық қауымдастық
Соңғы жылдары орталық азиялық
елдерде өзіндік
Осы үрдістер сипатын, көлемі мен нәтижелерін жан-жақты әрі терең ізденісті қамтыған мәліметтерге негізделген ғылыми анализдеудің өзектілігі күмәнсіз. Сеебі сол арқылы Орталық Азия мемлекеттері саяси жүйелерінің жағдайына баға беріліп қана қоймайды, сонымен қатар олардың келешек даму мүмкіндіктерін болжау, әрқайсысының модернизациялану тактикасы мен стратегиясына оңтайлы әсер етуге негіз болады.
Аймақта бүгінгі таңда орын алып отырған жағдайды, әлеуметтік-саяси тәртіптердің даму келешегін және азаматтық жағдайға халықаралық тараптардың ықпалын бағалау үшін Орталық Азиядағы билік қатынастарының локалды әрі жаһандық контексіндегі қарқынын анализдеу қажет. Аталмыш бағытта қыруар жұмыс атқару нәтижесінде әлеуметтік-саяси стратегияның шынайы негізін өтеуді қолға алу ОА республикалары деңгейінде ғана емес, әлемдік сатыда да жүзеге асыруға, сонымен қатар сәйкесінше ресейлік бағдар ескерілген жаңа заманғы қоғам құруда біртіндеп реформалар жүргізуге мүмкіндік береді.
Диплом тақырыбының ғылыми деңгейде игерілгендігі. Зерттеу барысында қайнар көздеріне қарай ресейлік, шетелдік және орталық азиялық-отандық баспа беттері басшылыққа алынды.
Қарастырылып отырған
тақырып төңірегі Ресей ғалымдарының
зерттеулерінде ауқымды қарастырылған.
Солардың қатарына 2006 жылы Саяси және
стратегиялық зерттеулер орталығы, РАН-ның
Шығыстану институтында жарық көрген
«Пятнадцать лет, которые изменили
Центральную Азию (1991-2006)» мен
аталмыш кітаптың толықтырылған
әрі түзетілген екінші басылымы саналатын
2009 жылы шыққан «Годы, которые изменили
Центральную Азию» атты еңбектері
жатады. Аталмыш еңбектерде Орталық
Азияның посткеңестік даму кезеңі мен
аймақ мемлекеттеріндегі
ОА аймағын зерттеуде
маңызды мәнге ие баспа беттеріне
сонымен қатар З.А. Дадабаеваның
«Особенности развития политической системы
в Центральной Азии» атты ғылыми
баяндамасы мен Е.М. Кузьминаның
«Геополитика Центральной Азии»
кітабын жатқызуға болады. Жоғарыда
аталған баяндаманың дипломдық
жұмыс тақырыбын ашуда себебі
зор болды. Еңбекте Орталық Азиядағы
саяси жүйелердің өтпелі кезеңдегі
қалыптасуы мен қызмет ету үрдістері
осы жүйелердің интеграциялық мүмкіндіктерін
ескере қарастырылады. Аймақ мемлекеттеріндегі
саяси жағдай авторитарлық тәртіптер
мен бір жағынан, рулық-тайпалық
ортақтық дәстүрі, екінші жағынан, кеңестік
номенклатураның ұйымдастырылуы негізінде
аймақтық элиталардың орын алуымен
сипатталады. Автор орталық азиялық
саяси жағдайды бағалауда билік
пен жергілікті саяси таптардың
өзара байланысы ішкі даму тенденциясын,
алдыңғы қатарлы әкімшілік және
экономикалық реформаларды жүргізу
мүмкіндіктерін анықтап отыр, сонымен
қатар аймақ елдерінің сыртқы
саяси бағдарын белгілеуде ықпал
етуде деген қорытындыға
Е.М. Кузьминаның «Геополитика в Центральной Азии» кітабы дипломдық жұмыс үшін аймақ елдеріндегі Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО секілді әлемдік әрі аймақтық көшбасшыларының ұстанымдарын зерттеуде пайдалы болды.
Ресейлік басылымдардың
қатарында сонымен қатар Р.
Шетелдік баспа беттерінен
қолданылған маңызды
Дипломдық жұмыста басшылыққа
алынған қайнар көздердің келесі
тобын орталық азиялық ғалымдар
мен отандық зерттеушілердің
көрнекті еңбектері құрайды. Ерекше
атап өтуге Н.Омаровтың 2008 жылы шыққан
«Государства Центральной Азии в
эпоху глобализации: поиски стратегии
развития» кітабы лайықты. Аталмыш
еңбек жаһандану жағдайында Орталық
Азия мемлекеттеріндегі
Қазақстандық ғалымдардың ішінде М.Лаймуллиннің «Центральная
Азия в зарубежной политологии и мировой геополитике» және «Казахстан в современных международных отношениях: безопасность, геополитика, политология» (2000) атты монографиясы, М.Ашимбаевтың «Политический транзит в Казахстане: содержание процесса и его особенности», сонымен қатар С.Көшкімбаев, Р.Мукимджанованың еңбектері назар аударарлық деңгейде.
Р.Мукимджанованың «Страны Центральной Азии: Азиатский вектор внешней политики» (2005) атты еңбегінде Орталық Азия мемлекеттерінің Қытай және шекаралас Орта Шығыс елдерімен қатынасының эволюциясы мен түрлі тараптардың геосаясат саласындағы мүдделерінің қайшылықтары қарастырылады. Орталық Азияға арналған геосаяси сипаттағы басылымдар арасында С.Көшкімбаевтың «Центральная Азия на путях интеграции: геополитика, этничность, безопасность» (2002) атты еңбегі де ерекше орын алады.
Отандық және ресейлік мерзімдік басылымдардың ішінде «Центральная Азия», «Эксперт», Независимая газета, «Мировая экономика и международные отношения» газет-журналдары, «Казинформ» және «Kazakhstan Today» ақпарат көздерінде жарияланған В.Я. Белокриницкий, Н.Злобин, Д.Малышеваның мақалалары пайдаланылды. Соладың ішінде Б.Сейдахметованың «Трансформация политических режимов в странах Центральной Азии» атты мақаласының мәні зор. Автор аймақтың әр мемлекетіндегі саяси тәртіптерге баға беру, саяси трансформацияланудың келешегі мен 2009-2013 жылдар аралығында жоспарланған барлық президенттік, парламенттік сайлауларды сараптау бойынша тереңдей зерттеу жүргізген.
Бұл тақырыпты зерттеуде БАҚ және ақпараттық басылымдарда жарияланған орталық азиялық мемлекеттердің түрлі ведомстваларының кезекті және ресми материалдары мен құжаттары, саяси қайраткерлердің еңбектері, мемлекетаралық келісімдер пайдаланылды. Сондай-ақ, РАН-ның Шығыстану Институтында, РФ-ның СІМ МГИМО мен Дипломатиялық академияларында, Орталық Азия елдерінің басқа да институттарында, сонымен бірге Таяу және Орта Шығыстың бірқатар елдеріндегі институттарында өткізілген, қазіргі таңдағы дамудың теориялық мәселелеріне қатысты бірқатар конференциялардың мәліметтерімен танысу мүмкіндігі болды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - XX ғасырдың аяғы - XXI ғасырдың басындағы Орталық Азия мемлекеттеріндегі саяси саладағы трансформацияланудың стратегиялық эволюциясы және қалыптасу кезеңдерін сараптау арқылы аймақ елдеріндегі трансформациялану үрдісінің нәтижелерін айқындау. Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер алға қойылды:
- ОА мемлекеттерінің
заңнамалық және сыртқы саяси
құжаттарын сараптаудың
- сыртқы халықаралық
ойыншылардың Орталық Азияға
қатысты сыртқы саяси
- АҚШ, ЕО, Ресей және
Қытайдың Орталық Азияға
- аймаққа қызығушылығын
танытып отырған тараптардың
Орталық Азия елдерімен
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Хронологиялық тұрғыдан диплом жұмысы ОА елдерінің тәуелсіздікке қол жеткізген тұсынан, яғни ХХ ғасырдың аяғынан қазіргі кезеңге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Сондай-ақ аймақтағы саяси трансформациялану эволюциясы екі кезеңде қарастырылады. Бірінші кезең 1991-1997 жылдарды, екінші кезең мемлекеттердегі өзіндік даму стратегиясы айқындалған ХХІ ғасырдың басынан қазіргі кезге дейінгі аралықты қамтиды.