Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 14:26, дипломная работа
Диплом жұмысының өзектілігі. Жаһандану жағдайында өтпелі кезеңдегі саяси жүйелердің трансформациялануы мәселелерін зерттеудің өзектілігі бірқатар себептерге негізделеді. Олардың қатарына ең бірінші кезекте бұрын саясаттану тұрғысынан сараптамаға салынбаған саяси жүйе түрлерінің қызмет ету ерекшеліктерін танып-білу мен сипаттама беру, өтпелі қоғамның әлеуметтік тұрғыда күйзеліссіз модернизациялануын қамтамасыз ете алатын саяси жүйелердің тиімді параметрлерін анықтау, өтпелі қоғам институттарының аймақтық және жаһандық әлемдік жүйеге интеграциялану мүмкіндіктерін айқындау жатады
ҚЫСҚАРТУЛАР.........................................................................................................3
КІРІСПЕ....................................................................................................................4-9
1 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ...............................................................10-31
Орталық Азия мемлекеттеріндегі өтпелі кезеңдегі саяси саладағы жағдай..............................................................................................................10-19
Қалыптасқан саяси және экономикалық жүйеден жаңа жүйеге өтудегі аймақтық тәжірибе..........................................................................................19-31
2 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫНАСЫ, ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ............................................................................................................32-57
2.1 Ресей мен Қытайдың Орталық Азия республикаларына қатысты
саясаты............................................................................................................32-40
2.2 Орталық Азияға қатысты АҚШ-тың, ЕО-тың ұстанымы..........................40-49
2.3 Орталық Азия елдерінің ХХІ ғ. саяси трансформациялануының
нәтижелері.......................................................................................................49-57
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................58-61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................62-64
ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................................65
Өзбекстандағы трансформациялануға қатысты бірқатар сараптамалар «Ферғана факторын» есепке ала түйінделгені байқалады. Әдетте Ферғана жазығындағы жағдай ресми биліктің оппозициялық тұсы ретінде түсіндіріледі, ал аймақтағы үкімет әрекеттері батыс аналитикалық шолуларда қатал сынға алынады. Ескере кететін жайт, ағымдағы саяси жүйе шеңберінде алғаш ауқымды қозғалыс ферғаналық «Адолат» партиясымен 1991 жылы Наманган қаласында орын алған болатын. Ал бұл оқиғаның алдында КСРО ыдырауы қарсаңында болған Ферғанадағы этникалық шиеленіс «әлемдік жариялылық» алған еді [11, 215].
«Ферғана мәселесінде» өзбек
үкіметіне Ферғана маңында
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін үкімет жоспарлы экономикалық жүйе (кеңестік үлгі) – әлеуметтік мемлекет үстемесіне ұмтылу және өндіріс пен бағаның белгіленуін қатаң бақылауда ұстаудан бірден бас тарта қоймады.
Өзбекстандағы саяси үрдістер посткеңестік кеңістіктегі секілді сыртқы факторлардың ықпал етуі негізінде дамып келеді. Соңғы жылдарда Өзбекстандағы саяси элитаның қалыптасу технологиясы елеулі түрде жаңарды. 1999-2000 жылдарға қарағанда саяси элита құрамы біркелкі мәнге ие болды және жекелеген тұстарда ғана рулық сипат сақталды. Кеңестік дәуірдегі саяси жүйенің тепе-теңдігін қамтамасыз еткен билікті рулық принципте бөлу тамамдалғаны кейінгі жылдарда орын алған оқиғалардан айқын байқалады.
Республикада қызмет ететін БАҚ-ның басым көпшілігі өз құрылтайшыларына тәуелді. Құрушы тараптарға әдетте мемлекеттік институттар немесе жартылай мемлекеттік бизнес құрылымдары жатады. Аталмыш ерекшелік БАҚ мен мысқыл сыни көзқарастардың айтарлықтай деңгейде «ұстамды» сипат алуының басты себебі десек те болады.
Аймақта даулы ошаққа жататын әрі жоғарыда аталған мемлекеттердің мүдделері тоғысып, оларды геосаяси топқа біріктіретін Ферғана жазығы да өзіндік із қалдыруда. Ферғананың геосаяси маңыздылығы әлемдік саясаттағы шекаралар феноменін зерттеу бойынша К.Хаусхофердің еңбектерінде баяндалған. Орталық Азия аймағындағы экономикалық өзгерістердің нәтижелері өзара алшақ болғанымен, қайта құру әрекеттерінің салдарынан радикалды экономикалық реформалар жүзеге асырылғанын, нарықтық экономиканың негізі қаланғанын, кең ауқымды жекешелендіру жүргізілгенін, жеке сектор жұмыс жасайтынын, ұлттық валюта іс жүзінде еркін айырбасталатынын атап айтқан жөн. Келешекте шаруашылықты жоспарлы жүргізуге қайта оралу мүмкіндігі төмен екенін түйіндеуге болады. Саяси трансформацияланудың мәні кеңестік басқару жүйесі мен идеологиясының қайта орнауының мүмкін еместігін болжауға негіз береді. Орталық Азия халықтары енді тәуелсіздіктен айырыла қоймас.
1.2 Қалыптасқан саяси және экономикалық жүйеден жаңа жүйеге өтудегі аймақтық тәжірибе
Орталық Азиядағы аймақтық жобаларды сараптай келе, бірінші кезекте халықаралық қатынастардағы орталық азиялық трансформациялану мәселесінің мәнін құрайтын «географиялық сілтемелерге» тоқталған жөн (Қосымша В). Ш. Гарнеттің пайымдауынша, «Орталық Азия Мароккодан Филиппинге дейін жайылған ислам әлемінің солтүстік квадрантына» айналуда . Бұл тұста аймақ Ішкі Азия деп өзгертілуі тиіс [21, 9]. Ф. Старр посткеңестік Орталық Азияға Ауғанстан қосылып, аймақтың Үлкен Орталық Азия аталуын ұсынады [22, 72-88].
А. Бордың пікіріне жүгінсек, 2001 жылдан аймақтық интеграция анағұрлым анық сипатқа ие бола бастады. ЕО-та орталық азиялық аймақтану өңір халқының мәдени және діни ерекшеліктері шеңберінде қарастырылады. Ал жергілікті акторлар бастамасымен құрылған экономикалық, экологиялық мақсат-мүддені көздейтін мемлекетаралық бірлестіктер (ОАЭО, ОАЫҰ, Аралды сақтап қалу қоры және т.б.) аймақтық интеграция мен егемендікті нығайтуда тиімді механизмге айнала алмады. АҚШ-тың стратегиялық әріптесі ретінде Ауғанстандағы жағдайға байланысты өз қарулы күштерін модернизациялаумен таныла бастаған Өзбекстан «аймақтық гегемондыққа» трансформациялану мүмкіндігін иеленді [19, 83].
Өзбекстан ұлттық мүддедегі басты назарын әлемдік нарыққа және халықаралық саяси қатынастарға интеграциялану мақсатында демократизациялану және экономикалық реформалануға бұрса, сыртқы орта өз кезегінде Орталық Азияда аймақтық қауіпсіздік жүйесін құруды трансформацияланудың бірінші кезектегі міндеті деп таныды.
Бір жағынан халықаралық ортаға интеграциялану, екінші жағынан экономикалық сәтсіздікке ұшырау белгілері мен жоғары деңгейлі инфляция ел алдында шаруашылық реформаларды одан әрі дамыту, сыртқы қаржы көздерін іздеу міндеттерін айқындады. 1994 жылдың ортасында қатал қаржы саясатын жүргізу, жекешелендіру, мемлекеттің экономикадағы рөлін қысқарту, шетел инвесторларының қызметі үшін қолайлы жағдай жасау түрінде ұлттық экономиканың либерализациялауына жол берілгенімен, реформалар шұғыл құрылымдық өзгерістерге алып келмеді. Либерализацияланудың сапасына қанағаттанбаған ХВҚ 1996 жылдың аяғында жергілікті валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ашылған несие беру қызметін уақытша тоқтатты. Шетел сарапшыларының қорытынды пікірлерінде теріс бағалар берілгенімен, Өзбекстан ТМД көлемінде бірінші болып (2000 ж.) ЖІӨ-ді 10%-ға арттыру арқылы «дағдарыс алды» көрсеткішін артта қалдырды [23, 330].
2007 жылға дейін Өзбекстан экономикасында жоғары даму қарқыны мен макроэкономикалық тұрақтылық сақталғанымен, реформалаудың әрбір жаңа сатысымен ел экономикасы алдында тұрған мәселелер одан әрі күрделене түсуде. Инвесторлардың Өзбекстанға қызығушылығы көп жағдайда елдің мол шикізаттық ресурстарымен айқындалады. Мемлекет әлемнің экономикалық көшбасшыларына шикізаттық бағынышты позицияда қалып қоймауын қадағалауды қолға алуы тиіс.
2000 жылы Ауғанстанда орын
тепкен Өзбекстан ислам
Тәуелсіздіктің екінші онжылдығы президенттік биліктің қысқартылуымен белгілі: президент өкілдігінің белгілі бір бөлігі Министрлер Кабинетіне көшірілді, ал Кабинет құрамын тағайындау құқығы заң шығарушы органдар қызметі белгіленді. Аталмыш енгізулер келешекте ағымдағы саяси тәртіптің толықтай өзгеруіне және басқару құрылымдары иерархиялылығының трансформациялануына әкеп соқтыруы мүмкін. 2007 жылы 23 желтоқсанда елде орын алған президенттік сайлауға (күтілгендей 88,1% дауыспен И. Каримов жеңді) 30 елден келген 264 бақылаушылар қатысты (ТМД-дан 79, ЕҚЫҰ-нан 26, ШЫҰ-нан 3, ИКҰ-нан 6 адам). Бақылаушы тараптардың барлығы дерлік сайлауға «ашық, жариялылық түрде, еркін әрі заңды өтті» деген баға берсе, қысқартылған құрамда қатысқан ЕҚЫҰ бақылаушы миссиясы Өзбекстандағы сайлаудың «демократиялық стандарттарға сәйкес емес өткізілгендігін» жариялады: ЕҚЫҰ делегациясы Орталық сайлау комиссиясының бірқатар құжаттарына жіберілмеді; президенттікке кандидаттармен кездесе алмады.
Бұған қоса Өзбекстанда аймақтың өзге республикаларында да орын алып отырған көппартиялы жүйе үстіртін параллель дамып келеді. Өзбекстан Әділет министрлігінде тіркелген бес саяси партия: Өзбекстанның «Адолат» социал-демократиялық партиясы, «Миллий Тикланиш» демократиялық партиясы, либералды-демократиялық партиясы – кәсіпкерлер мен әскер адамдар қозғалысы, «Фидокорлар» ұлттық-демократиялық партиясы және ұлттық-демократиялық партиясы өкілдері өзбек парламентінің төменгі палатасын толық иемденіп отыр. «Бирлик», «Эрк», Өзбекстан ислам қозғалысы секілді оппозициялық саяси бірлестіктерге тыйым салынған. Партиялық құрылымдағы қиыншылықтар көппартиялы жүйе қызметінің ел үшін дәстүрлі болмауы, қоғамның түрлі қабаттары және топтарымен өз мүдделерін ұғыну деңгейінің төмендігі, билікпен саяси плюрализмнің шектелуі секілді жайттарға байланысты.
Ауқымды адам ресурстарына ие Өзбекстанның Орталық Азиядағы көрнекті экономикалық күшке айналу мүмкіндігі бар. Өзбекстанның басқарушы элитасының қызметі саяси үрдістердің негізгі тенденцияларын нығайтуға бағытталған және бұл тұста елеулі өзгерістердің орын алуын болжауға негіз жоқ. Соңғы жылдары Ташкент сыртқы саяси әрекеттерінде Ресей және Батыс арасында икемді саясат жүргізуін жалғастыруда.
Соңғы онжылдық аралығында Орталық Азия аймағында дифференциациялану үрдісі дамып отыр. Осылайша аралық позицияда Өзбекстан орын алса, Қазақстан нарықтық мемлекет статусына тез арада қол жеткізді және қазіргі уақытта аймақтық державаға айналу жолында. Дегенмен Қазақстан да ішкі өмірінде бірқатар дағдарыстарды бастан кешірді. Мысалы, 1997 жылдың ортасында А. Кажегельдиннің саяси салмағының өскені сонша, ол Н.Назарбаев билігінің қалыптасып келе жатқан тәртібіне қарсы елеулі қауіпке айналды. Кейін осы жайтқа Е.Ертысбаев келесідей баға берді: «Қазақстанда оңшыл либералдық бағыттың екі реформаторы өзара билікке талас бастаған жағдай қалыптасуы мүмкін еді...бұның салдары алдын-ала болжалмаған зардаптарға әкеп соқтыратын еді» [24, 49]. Билік басындағы элиталар арасындағы кезекті дау 2001 жылдың күзінде Р. Алиев және «жас түріктер» (К. Тоқаев үкіметінде бір бөлігі қызмет ететін жаңа ұлттық буржуазия тобын Қазақстанда осылай атады) арасындағы келіспеушіліктер түрінде кезекті саяси жанжалға ұласып, жаңа саяси дағдарыстың туындауына негіз болды.
2002 жылдың күзіне таман биліктің саяси стратегиясының жаңа шекаралары айқындалды. Н. Назарбаев «Эксперт» журналына берген сұхбатында Қазақстанның демократиялық даму жолын ұстанатынын, дегенмен «демократияның батыстық, американдық стандарттарын көшіре алмайтынымызды» атап айтқан еді [25]. Ал қараша айында Қазақстан халықтары Ассамблеясының отырысында: «Ел қауіпсіздігі – бұл Қазақстанның әрбір азаматымен конституциялық құқықтар мен еркіндіктердің толық жүзеге асырылуы. Алдымыздағы шешімін күтудегі тағы бір мәселеге азаматтардың жеке қауіпсіздігі мен олардың тарапынан өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру арақатынасындағы балансқа қол жеткізу жатады. Белгілі бір тұлғаның бостандығы келесі біреудің бостандығына нұқсан келтірмеуі тиіс...Заңға бағыну елдегі саяси тұрақтылықтың басты кепілі. Наразылықтар әрдайым болады, әйтсе де, мемлекет пен қоғамның мүдделері бәрінен де жоғары», - деді [26].
2002 жылдың басында одан
әрі демократияландыруды
Кейінгі жыл Жер кодексімен
байланысты саяси ахуалға ұштасты.
2003 жылы орын алған елеулі саяси
оқиғаға сонымен қатар
Қазақстаннның одан әрі даму жолы 2005 жылы және үстіміздегі жылы өткізілген президенттік сайлау нәтижесінде айқындалды. Әзірше шешімін таппаған мәселелердің біріне басқару жүйесінің нәтижелілігін арттыру жатады. Жоғарыда сөз болған саяси дамудың барлық тенденцияларын ескере республикадағы саяси кеңістік басым деңгейде президентпен айқындалып отыр деп түйіндеуге болады.
Аймақтың саяси-экономикалық картасының келесі бір ұшында аймақтағы ең кедей мемлекеттер саналатын Қырғызстан мен Тәжікстан орналасты.
Либералды сыртқы экономикалық бағыт және протекционистік саясат жүргізуден бас тарту 1998 жылы Қырғызстанның ДСҰ-на қабылдануымен бекітілді, дегенмен күні бүгінге дейін көрші елдер мен басты сауда әріптестер ДСҰ-на әлі кіре қоймағанына байланысты (Қытайдың өзі бірлестікке 2001жылы өтті) аталмыш ұйымдағы мүшелік шектеулі.
2004 жылы 16 қарашада қабылданған
«Қырғызстан Республикасындағы
ЕҚДБ қызметінің
Дүниежүзілік банк сарапшыларының бағалауынша, Қырғызстан экономикасы 2003-2004 жылдары ЖІӨ артуы, сыртқы қарызды өтеу стратегиясы мен салалық базаны кеңейту бойынша жақсы нәтижелер көрсетті: үкімет баспасөз басылымдарына орнатылған бақылауды бәсеңдетті, БАҚ кедергісіз Интернет жүйесіне шығуға жол ашылды. Саяси оппозиция біршама ұйымдасқан сипат алып, өз ой-пікірлерін ашық жеткізу мүмкіндігіне ие болды. Демократияға өтудегі мәселелер мен тосқауылдар саяси партиялар, соның ішінде оппозициялық топтардың мен берік азаматтық қоғамның болуымен теңгестіріліп отырды. Аталмыш жайттар Қырғызстанның аймақтық кеңістікте жағымды көріністен көруіне негіз еді [28]. Саясатта авторитарлық үрдістердің күшеюі орын алғанымен, бұл экономикалық өсу көрсеткіштеріне нұқсан келтірмеді және либералды экономикалық бағыттың сақталуын шектемеді.
Қырғызстандағы