Ұйымдағы қызметкерлерді басқару стратегиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 04:25, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы дамуының қазiргi сатысы экономика мен қоғамды өзгертуде өте күрделi мәселелер пайда болумен сипатталады. Елде нарық қатынастарын дамытуға бейiмдейтiн стратегиялық бағыт басқару жүйесiн жетiлдiрудi талап етедi. Әсiресе ұйымда персоналды басқару мәселенiң маңызы зор. Өйткенi, персоналды басқарусыз ешбiр кәсiпорынның ұйымның атқаратын қызметi iске аспайды.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................

1 ҰЙЫМДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫ
1.1Қызметкерлерді басқарудың түсінігі және оның мақсаты.........................................................................................................
1.2 Қызметкерлерді басқару жүйесінің қағидалары мен стратегиялық әдістері.........................................................................................................
1.3 Ұйымдағы қызметкерлер жұмысын басқаруды жоспарлау................

2 «ЮНИКС» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНДЕ қызметкерлерді басқаруды жүзеге асыру
2.1 «Юникс» ЖШС-нiң еңбек қызметiн талдау..........................................
2.2 Персоналды басқару кезеңдері мен механизмдерін талдау.....................
2.3 Кәсіпорын қызметкерлерін марапаттау жүйесін талдау..........................

3 «ЮНИКС» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНДЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қызметкерлерді оқыту – еңбек өнімділігін арттыру құралы ретінде…
3.2 Қызметкерлерді басқаруды ынталандыруды жоғарылату жолдары.............................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................

Вложенные файлы: 1 файл

KURS.doc

— 426.50 Кб (Скачать файл)

Тg — жұмысшының қосымша функция атқаруына қажетті уақыт

 

Қызметкерлерінің санын  есептеу және нормалау. Ұйымдарда жұмысшылар санын есептеу кезінде нормалардың келесі түрлері қолданылады: уақыт нормасы, өндіру нормасы, қызмет ету нормасы, қызмет ету уақытының нормасы, санау нормасы.

Уақыт нормасы дегеніміз  квалификациясы сәйкес келетін топ  жұмысшыларының немесе бір жұмысшының жұмыс бірлігін орындау үшін қоғамдық қажетті уақыт шығындары. Бірлік өнімнің немесе операцияның уақыт нормасының белгіленуінің дала уақытының нормасы дейміз. Дала нормасын, жалпы түрін келесі формуламен көрсетуге болады:

 

Тш = То+Тв+Тоб+Тотл+Тпт                                                                 (3)

 

Мұндағы, То — негізгі уақыт

Тв - қосымша уақыт

Тоб — жұмысшы орнын  қызмет ету уақыты

Тотл — дем алуға  қажетті уақыт

Ттпт - ұйым өндірісінің  және технологияның қойылған жойылмайтын уақыты

 

Негізгі уақыттың көлемі сәйкес келетін нормативтердің көмегімен анықталады.

Өндіру нормасы жұмысшылар санын есептеу үшін, еңбек өндірісін  жоспарлау, дана, литр, тоннамен өлшенетін  кәсіпорын түрлерінің еңбек ақысын төлеу үшін және оның санын анықтау үшін қажет.

Қызмет ету нормасы  еңбекті нормалау және көп станоктық -жұмысшылардың санын есептеу  үшін қажет. [11]

Ұйымның әлеуметтік ортасын  дамытудың негізгі факторлары. Ұйымның тікелей әлеуметтік ортасының негізгі факторларына төмендегілер жатады:

  • жұмыс жағдайы және еңбекті қорғау;
  • жұмысшылардың әлеуметтік қорғанысы;
  • коллективтің әлеуметтік-психологилық климаты;
  • еңбекті материалды марапаттау және сол уақытты пайдалану.

Потенциал ұйымның материалды-техникалық және ұйымдық техникалық экономикалық мүмкіндіктерін көрсетеді. [12]

Әлеуметтік инфрақұрылым ұйым жұмысшыларының өмірлік қамтамасыз етілуі үшін берілген объектілер комплексін көрсетеді.

Еңбекті қорғау және еңбек  жағдайы, бірлескен жұмыстың мазмұнымен байланысты, өндірістің техникалық дәрежесіне еңбек процесінің ұйымдық формасына, жұмысшы күші сапасына және т.б. факторларына байланысты.

Ұйым жұмысының әлеуметтік қорғанысы әлеуметтік сақтандыру және басқа да әлеуметтік кепілдіктерді  сақгаумен байланысты шараларды  құрады. Бұл факторларға мыналар  жатады:

  • еңбек ақысының минималды мөлшерімен, тарифтік ставкасымен қамтамасыз ету;
  • жұмыс уақытының дұрыс жалғасуы, бір аптада 40 сағат;
  • еңбек міндеттерін орындаумен байланысты денсаулыққа келген зиянды төлеу;
  • әлеуметтік сақтандыру зейнеткерлік және басқа да бюджеттен тыс факторларды шығару;
  • уақытша еңбекке жарамсыз адамдарға және демалысқа шыққан адамдарға жәрдемақы төлеу.

Әлеуметтік-психологиялық  климат – ұйым қызметерлеріне әсер ететін көптеген факторлардың әсер етуінің жалпы эффектісі, ол еңбек мотивациясында, жұмысшылар қатынасында және адамдық топтық байланыста пайда болады.

Еңбекті материалдық  марапаттау ұйымның әлеуметтік дамуының басты пункты болып табылады. оған еңбек күшіне кеткен негізгі шығындар, жұмысшылардың еңбек шығындарының компенсациясы, олардың қоғамдық статусы, семьялық бюджеті кіреді.

Жұмыстан тыс уақыт - ұйымның әлеуметтік ортасының тағы бір факторлар тобын құрауы. Бұған  жұмысшылардың үй тұрмысын құруы, олармен  семьялық және қоғамдық міндеттерді  орындау, бос уақытты пайдалы  орындау кіреді.

 

2 «Юникс» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНДЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ басқаруды жүзеге асыру

2.1 «Юникс» ЖШС-нiң   еңбек қызметiн талдау

 

«Юникс» ЖШС 2001 жылы заңды тұлға ретiнде тiркелген. Бұл кәсiпорынның тiркелу уақыты шектелмеген және оның жарғысы бойынша жарғылық жарғылық капиталының көлемi 10000000 теңгенi құрайды.

Tassay табиғи газдалған  суының алғашқы партиясы 2001 жылы  желтоқсанда "Юникс" зауытында  шығарылған.  Сәттілігі бәрімізге мәлім – Tassay суы аз уақыт ішінде Қазақстанда №1 болып танылды, ал компанияның ассортименті артқаны соншалықты, қазіргі таңда, сіз ұнатқан Tassay суын сізге лайықты кез келген шөлмекте сатып алуыңызға болады.

Кәсiпорынның негiзгi мiндетi – «Тассай» минерал суын және басқада iшiмдiктердi барлық адамның қолы жететiндей ету және компанияның әрбiр қызметкерi өзiн бiр команданың мүшесi ретiнде сезiнiп, болашаққа мол сенiммен қарай алатын жағдай жасау болып табылады.

         Tassay табиғи шөлмектегі ауыз суын Қазақстан территориясындағы ірі өндірушілерінің бірі болып табылатын "Юникс" ЖШС шығарады.

Біздің кәсіпорын Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында  орналасқан: біз дәл осы көркем және экологиялық таза Тассай шатқалында табиғи ауыз суын өндіреміз. Инновациялық технологиялары, халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігі және қазіргі заманға сай басқару және өндірісті ұйымдастыру түпнұсқалары бізге Қазақстан нарығының қатал бәсекелестік жағдайларында алдыңғы қатарлы орындарында тұруға мүмкіндік береді.Біздің назарымыздан өндіріс барысында ешбір ұсақ-түйек қалмайды: біз бүкіл үдірісті, алдыңғы қатардағы дүниежүзілік өндірушілердің жоғарғы технологиялық жабдықтарын қолдана отырып мұқият бақылаймыз және шығарылған өнімнің сапасына ерекше назар аударамыз. Кәсіпорын Krones, Krupp, Siemens компанияларының қазіргі заманға сай жабдықтарымен жабдықталған.

"Тассай" суының дәмін тек  астана тұрғындары ғана емес, мемлекеттің басқа аймақтарының  тұрғындары да бағалады. "Юникс"  ЖШС Қазақстанның және Қырғызстанның  барлық ірі қалаларында дистрибьюторлық  желілері болғандықтан Тассай  тұтынушыларына пайдалану мүмкіндігін береді.

Дистрибьюторлық желілер  ішінде клиенттерге көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту бағдарламалары, сауда  қызметкерлерінің біліктілігін жоғарлату  жүзеге асады. [13]

Ал ендi кезектi бұл  кәсiпорынның еңбек қызметiн талдауға берсек, соңғы мәлiмет бойынша «Юникс» ЖШС-де өнеркәсiптi-өндiрiстi персонал саны 336, олардың iшiнде 225 адам жұмысшылар, 30 басшылар, 32 мамандар, ал өнеркәсiптi емес персонал саны 201 адам, яғни завод бойынша персонал саны 523 адамды құрайды. Бұл тұрғыда толық ақпарат келесi кестеде берiлген.

 

1-кесте – «Юникс» ЖШС-нiң 2010-2011 жылғы персонал саны мен еңбек ақы қоры 

 

Көрсеткiштер

Персонал саны, адам

Еңбекақы қоры, мың теңге

2011ж

2010ж

2011ж

2010ж

1

2

3

4

5

Өнеркәсiптi –

өндiрiстi персонал

336

313

17800,9

16885,8

жұмысшылар

225

254

13819,0

13149,3

басшылар

30

26

2217,6

2014,0

мамандар

32

25

1507,8

1414,2

өнеркәсiптi емес персонал

201

168

8604,0

9924,6

көмекшi шаруашылық

11

14

550,8

681,5

ғимараттарға жөндеу жасау

2

2

224,8

681,5

қоғамды тамақтандыру

4

5

258,2

345,7

күзетшi

8

18

372,2

632,7

басқалар

3

3

84,4

282,3

завод бойынша барлығы

523

481

26404,9

26810,4


[14]

 

Жалпы жоғарыдағы кестеге  қарап өнеркәсiптiк персоналды саны 2010 жылға қарағанда 2011 жылы көбейген, бiрақ 2010 жылы өндiрген өнiмнiң мөлшерi аз болғандықтан және одан түскен пайда да аз болғандықтан еңбек ақы қоры аз болды. 2011 жылға дейiн өнеркәсiптiң өзiнiң жұмысшыларына арналған бала бақша жатақханасы болған. Кестеге сәйкес кәсiпорынның өнеркәсiптi-өндiрiстi және өнеркәсiптi емес персонал саны 2011 жылы өскендiгi байқалады.

Яғни ЖШС-тiң оларға бөлiнетiн қаржысы болғандықтан және даму дәрежесiнiң жоғарылығына байланысты деп атауға болады.

Ендi бұл кәсiпорындағы  персоналдардың жұмыс уақытын пайдалану  дәрежесiн қарастыратын болсақ оны  келесi кестеден көруге болады.

 

2-кесте – «Юникс» ЖШС-гi жұмыс уақытын пайдалану көрсеткiштерi.

 

Көрсеткiштер

 

Барлық, адам/күн

1 жұмысшыға, адам/күн

2011 ж

2010 ж

1

2

3

4

өнеркәсiптi-өндiрiстi персонал жұмысшыладың еңбектi өтеу саны

101342

193,8

202,2

Барлық жұмысқа келмегендердiң саны

25550

54,6

50,82

Жылдық демалыс

5340

10,2

4,89

Жүктi болуға байланысты демалыс

498

0,98

3,61

Сырқатқа байланысты

2124

4,63

3,67

Заң рұқсатымен жұмысқа  келмегендер

144

0,27

0,05

әкiмшiлiк рұқсатпен  жұмысқа келмегендер

14808

28,3

4,73

Жұмысқа себепсiз шықпай қалғандар

12

0,02

0,07

Ауылшаруашылық жұмысына көңiл бөлу

894

1,7

0,67

Оқуға байланысты демалыстар

105

0,2

0,07


[15]

«Юникс» ЖШС-гi жұмыс уақытын пайдалану көрсеткiштерi бiр жұмысшының жұмыс уақытын пайдалануы /сағат 2010 жылға қарағанда 2011 жылы 0,9 есе азайған.

Жұмысшыларға маман дәрежесi көтерiлу үшiн берiлетiн демалыс 2011 жылы 2,8 есе асты. Сонымен, қатар, жоғарыдағы кестеге сәйкес жұмысқа келмегендер саны әртүрлi себептерге байланысты орын алды. Соның iшiнде бұл кәсiпорындағы жұмысқа рұқсатпен келмегендер саны жоғары болып тұр және ол әсiресе әкiмшiлiк рұқсат бойынша жұмысшылардың кетуi болды. Ал себептi жұмысқа келмегендер саны сырқатқа байланысты, жүктi демалысы, оқуға байланысты демалыстарды атап өтуге болады.

Қызметкерлер қызметін бағалау  және оны талдау жолдарына тоқталатын болсақ, жергілікті қызметкерлер мен  неміс мамандарының жалақы деңгейі  мен біліктілігінің көрсеткіштерін талдасақ, жергілікті қызметкерлер туралы мәліметті мынадай кесте арқылы көрсетуге болады.

 

2-сурет– Жергілікті қызметкерлердің жалақысы мен біліктілігінің көрсеткіштері [16]

 

Диаграмма компанияның 2009 жылғы статистикалық мәліметтері негізінде әзірленген. «Юникс» ЖШС-нiң еңбек  қызметiн талдау кезiнде оның технико-экономикалық көрсеткiштерiнде ескеру қажет.

Кәсiпорын бойынша  барлық персонал саны 2011 жылы 1,0 есе өстi, яғни кәсiпорынның жұмысшылар саны 2009 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 15 адамға көбейдi.

Сәйкесiнше барлық персоналды жалақы қоры мөлшерiде  1,07 есеге өстi де 29045,4 мың теңгенi құрады.

Жұмысқа келменген персонал саны 2010 жылы 28550 адам/күн болса, бұл көрсеткiш 2011 жылы 1,3 есе өсiп 38150 адам/күндi құрады.

Сонымен  қатар, бұл  жұмысқа келмегендердiң iшiнде әсiресе әкiмшiлiк рұқсатпен келмегендер  көбiсiн алды, яғни барлық жұмысқа келмегендердiң 40 проценттен астамын алды.

2011 жылғы жалақы қоры да өскен және ол кәсiпорынның 2011 жылы өткен жылдарға қарағанда өнiмдi көбiрек өндiрiп, одан түскен пайдасынның өсуiне байланысты болған.

 

 

 

2.2 Қызметкерлерді басқару кезеңдері мен механизмдерін талдау

 

Қызметкерлерді басқару  менеджменттің барлық функциясымен байланысты және ол келесі элементтерді қамтиды:

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-сурет – Қызметкерлерді басқару функциялары [17]

 

Қызметкерлерді басқару  келесі кезендерден тұрады:

Қызметкерлерді жоспарлау: болашақтағы ресурстың қажеттілігінің жоспарын өңдеу.

Қызметкерлерді жинау: барлық жұмыс орындарына қажетті кандидаттар резервін құру.

Таңдау: кандидаттар ішінен ең жақсыларын таңдау және оларды жұмыс орнында бағалау.

Информация о работе Ұйымдағы қызметкерлерді басқару стратегиясы