2-сыныпта сөз мағынасын оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 01:10, дипломная работа

Краткое описание

Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында жеке тұлғаны қалыптастыруда оқушының өз ой-пікірін ана тілде еркін, дұрыс, түсінікті жеткізе білуден басталады. Ал өз ойларын емін-еркін жеткізу үшін оқушылардың сөздік қорлары бай болуы қажет. Балаларда мектепке келмей тұрып-ақ белгілі бір сөздік қор, сөз мағыналарын ажыратып, жеке өмірінде қолдана білу машығы қалыптасады. Осы қалыптасқан икемділігін одан әрі дамытуға мектепке келген күннен бастап назар аударған жөн. Бүгінгі таңда оқушыларға сөз мағынасын оқыту, сөздік қорларын молайту – өзекті мәселенің бірі.

Содержание

Кіріспе .........................................................................................................
4
І тарау. І тарау. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың психологиялық-педагогикалық негізі...................................................

5
І. 1. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың лингвистикалық негізі..........
5
І. 2. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың педагогикалық негізі.............

13

ІІ тарау. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың әдістемелік негіздері .......................................................................................................

23
ІІ. 1. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың әдістемесі .............................

23
ІІ.2. Сабақ үлгілері ......................................................................................
47
ІІ.3. Тәжірибе жұмысының қорытындысы ...............................................
58

Қорытынды ................................................................................................

60
Пайдаланылған әдебиеттер .....................................................................
61

Вложенные файлы: 1 файл

2-сыныпта сөз мағынасын .doc

— 1.02 Мб (Скачать файл)

Сөз тақырыбына арналған кесте:

 

Дыбыстар

Сөздер

Сөйлем

К-і-т-а-п

Б-і-л-і-м

Б-ұ-л-а-қ

Дербес тұрғанда мағынасы жоқ, жазғанда әріптермен таңбаланады

Кітап

Білім

Бұлақ

әрқайсысы белгілі бір мағынада айтылады,

дыбыстардан құралады, буынға бөлінеді.

Кітап – білім бұлағы.

Белгілі бір ойды бейнелейді. Сөздердің саны әр түрлі болады.


 

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, олардың тақырыпты меңгеріп кетуіне орай кестемен жұмыстан кейін «Кім жылдам?» ойынын ұйымдастырамыз. Ойынның шарты: қол көтеріп шыққан бала мейлінше аз уақыт ішінде үстел үстіндегі кесте әріптерден өзіне керектісін тез таңдап алып, тақта жанына ілінген әріптер кассасына апарып, алдымен сөздер құрастырады, содан соң ол сөздерден сөйлем құрайды. Сағатқа қарап әр баланың уақытын белгілейміз. Сөздер мен сөздерді тез, дұрыс және күрделі етіп құрған оқушы жеңген болып есептеледі. Бұл ойыннан кейін дыбыстардан сөз, ал сөзден сөйлем құралатынын біліп алған оқушылар 215-218-жаттығуларды ауызша қиналмай орындайды. Сонымен қатар 216-217-219-жаттығуларды жазбаша жазып, жаттығуға байланысты берілген тапсырмаларды орындау әр оқушыдан жеке-жеке талап етіледі. Сөз тақырыбы жеңіл болғандықтан, оқушылар жаттығуларды лорындап болғаннан кейін, балалардың сөз туралы алған білімін пысықтап, бекіте түсу үшін әр оқушыға білім деңгейіне қарай тақырыпқа байланысты топшамалар беріледі. Олардың үлгілері мынадай:

№1 топшама

Көп нүктенің орнына төменде берілген сөздердің тиістісін қойып, өлеңді көшіріп жаз.

Торғай келді, торғай келді,

Бірін-бірі ... келді.

Өрісінен менің қозым

Кешке үйге ... келді (тоңбай, қорғай).

Жаз шуағы ... берді,

Қаз, үйрегім ... келді.

Өрісінен менің қозым

Ақ саулықты ... келді. (еміп, көрік, еріп).

№2 топшама

Төмендегі сөйлемдердің тиісті жеріне жақша ішіндегі сөзді қойып, төрт сөзден тұратын сөйлемдер құрап жаз:

  1. Асанның иті бар (қабаған). 2. Жапырақтар жерге түсті (сарғайған). 3. Кітапта суреттер көп (әдемі). 4. Мұрат жүгіріп келді (қатты).

№3 топшама

Төменде төрт сөзден құралған сөйлемді үш сөзден құралған сөйлем етіп жаз.

Үлгі: Апай сыныпқа асыға кірді.

Апай сыныпқа кірді.

Балалар түгел орындарынан тұрды. Тақтаға әдемі сурет ілінді. Бүгінгі сабақ қызықты өтті.

№4 топшама

Төменде берілген сөздерді қатыстырып үш сөйлем құра: көшеде, ойынға, ойнап, көп, қосылдым, біздің. Балалар, жүр, олар, мен, де.

Оқушылардың өз беттерімен орындаған жұмыстарын, яғни топшамаларын жинап алып, бұдан кейін тағы да сөз мағыналары бойынша шығармашылықпен жұмыс жүргізіледі. Ол үшін алдын-ала дайындаған суреттерді көрсетіп, сол суреттер бойынша сөйлем құрауды оқушыларға тапсырады. Құрамына көп сөз қатыстырып, дұрыс сөйлем құраған оқушыларды ынталандыру қажет. Сонымен қатар сөйлем құраған оқушыларға, сол құраған сөйлемнің неше сөзден құралғанын сұрап түрлі бағытта тапсырмалар беріледі.

Ү. Қорытынды.

Сабақты қорытындылау кезінде жоғарыдағы кестеге оқушылардың назарын аударып, сөз туралы мағлұматтарды еске түсіреміз:

    • дыбыстар сөз жасайды;
    • сөздер белгілі бір мағынада айтылады;
    • сөздер буынға бөлінеді;
    • сөздердің бірнешеуі қосылып, сөйлем құрайды;
    • сөйлемде ой болады;
  • сөйлем құрамындағы бір сөз түсіп қалса, сөйлемдегі ой да түсініксіз болып қалады.

ҮІ.Үйге тапсырма.

Үйге оқулықтағы 220-жаттығу беріледі.

 

ІІІ нұсқа

 

Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамы тақырыбын қайталау.

Сабақтың мақсаты:

    1. сөз құрамы туралы алған білімдерін пысықтау.
    2. Сабақ барысында оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
    3. Оқушылардың сөздік қорын байтыу, ойлау есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: көрнекілік, ойын.

Пәнаралық байланыс: ана тілі.

Сабақтың көрнекіліг: кестелер, топшамалар, жаңылтпаш.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

(Оқушылармен амандасып, назарын  сабаққа аударту).

ІІ. Үй жұмысын тексеру, қорытындылау.

Үй тапсырмасын тексеруге байланысты пысықтау сұрақтарын беру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

(Оқушыларға сабақтың ерекше өтетіндігін хабарлап, оларды қатар бойынша үш топқа бөліп тастаймыз. Содан кейін жалпы сөз құрамы бойынша барлық тақырыптарды қамтып, ауызша сұрақтар, әр тақырыптардың ережелерін сұрап үш топты жарыстырамыз. Қай топтың оқушылары көп жауап берсе, сол топқа ұпай қосылып отырады.

Келесі екінші турда оқушылардың ойлауын қажет ететін басқатырғы ретінде мына тапсырманы беруге болады:

1)

Қ

     

Қ

Қ

     

Қ

Қ

     

Қ

К

     

К

Н

     

Н

Қ

     

Қ

К

     

К

Т

     

Т


 

Оңнан солға қарай оқылса да, солдан оңға қарай оқылса да өзгермейтін бес әріптен тұратын 8 сөз ойлап жазу. Мысалы: қызық, қырық, қазақ, кесек, надан, қалақ, кебек, т.б.(Қай топ көп сөз тапса, сол топқа ұпай қосылып отрады.

2) Мына сөздердің ішінен солдан  оңға қарай оқығанда жаңа сөз  шығатын сөздерді теріп жазу. Сөз мағынасын ашу.

Қолқанат     ішік      есек         түс

Тымақ          нарық   балық     күрек

Нағашы       шұлық   қысым   ұршық

    1. Екі сөзді сызықпен қосып, бір сөз шығару және ол сөздер қай сөздер тобына жататынын сұрау.

 

 

 

                                                                                     жапқыш


                                                                                     табан


                                                                                      қабақ


ат                                                                                   қала

            ақ                                                                                    сақал


            ас                                                                                    қосшы


ал                                                                                   қазан


                                                                                       мұрт

                                                                                       бота


4 ) Сөздердің оң жақта бір бөлігі, сол жақта екінші бөлігі берілген. Екі бөлікті қосып, күрделі сөз жасау. Сөз мағынасын түсіндіріп көру.


 

Бел                                                                құлақ


Қырық                                                          қосақ


Саңырау                                                        аяқ       

Кемпір                                                           қазық


Темір                                                              бақа


Тас                                                                  беу

5 ) Оңнан оқылса да, солдан оқылса да өзгермейтін үш әріптен тұратын он сөз ойлап жазу (а-дан басталмайтын болсын).


Мысалы: нан, шаш, кек, қақ, көк, тот, сұс, іні, құқ, т.б. Кейбір сөздерден сөз тіркесін жасап мысал келтіру (кек алу, қақ тілу, тұт жинау, тот басу, құқ қорғау). Осы турдан кейін оқушыларды сергітіп,, әрі бірнеше мағынасы бар сөздер туралы берілген білімді орнықтару үшін ойын ұйымдастыруға болады.

    1. «Жаңылтпаштар» ойыны.

Ойынның шарты: оқушыларға жаңылтпаш айтамыз. Жаңылтпашты бірден ұғып алған оқушы он қайталап, құрамында әр түрлі мағынада қолданылған сөзді табуы тиіс.

Жаңылпаштың үлгілері:

    1. Көрмеген үш қыс                                 3. Таптырмай қырдан құр,

Көкеңді ұшқыш                                         Қайттық біз құрдан-құр.

Құшақтап қыс, құш.                                  4. Тымақ киіп қасқа басқа,

    1. Алма, алма бал ал,                                Міндім мен басыңа қасқа.

Жая алма, жал ал.

    1. Берілген буындардан сөз құрап жазу.

жай

зе

ре

шық

о

Лау

Ба

те

ғай

Жа

ұр

рын

пан

ла

За

дық

ше

Кө


Найзағай, терезе, ұршық, көше, балапан, орындық, жалау.

    1. Сөзден сөз шығару.

КЕМПІРҚОСАҚ

Кемпір, қосақ, қос, сақ, кем, ақ, пір, ем.

ДӨҢГЕЛЕК

Дөң, өң, ел, еле, дөңгеле, ек, кел.

    1. Жұмбақты шешу: (жұмбақтың шешуінде келетін і - әрпі мына сөзжұмбаққа сәйкес келуі керек).
 

і

 
   

і

 
 

і

   

і

і

   

і

   

і

 

і

   

і

 

1. Үңгірді жайлаған

Сүйексіз, тиексіз

Жылмаңдап,

Сайраған.

(тіл).

2.Адамның сәні

Онсыз жоқ мәні.

(Киім).

    1. Жұдырықтай тұрқы, ошағанға ұқсас сырты.

(кірпі).

5. Іртік-іртік сүттен қайнатып  кептірген,

Тәтті дәмі бар,

Кім бар оны жеп көрген.

(Ірімшік).

IV. Қорытынды.

Шағын тест

    1. Жазушы сөзіндегі –шы, жұрнақ па, жалғау ма?

а) жұрнақ   б) жалғау

2. Таза қандай сөз (түбір, туынды)?

а) түбір сөз     б) туынды сөз

3. Керуеншілер сөзі қандай сөзге жатады?

а) түбір сөз    б) қосымшалы сөз

4. Тасбақа сөзі қандай сөз?

а) біріккен сөз     б) қос сөз

5. Жарқ-жұрқ қандай сөзге жатады?

а) біріккен сөз    б) қос сөз, т.б.

Бұл сабақты жарыс түрінде, сонымен қатар ойын әдісін пайдалана отырып отқушылардың әрі білімін, әрі өзімізді тексеру үшін қолайлы әдіс. Кез-келген сабақта сөзбен жүргізілетін жұмысты түрлендіруге болады. Бұл жұмыстар баланы бір жағынан қызығушылығын оятып, шығармашылық белсенділікке ынталандырады. Сабақта қолданылған жұмбақтар, жаңылтпаштарды оқушылар әдебиеттік оқу сабақтарында танысқан материалдардан алуға болады [24, 225-226].

 

ІҮ нұсқа

Әдебиеттік оқу  

Информация о работе 2-сыныпта сөз мағынасын оқыту әдістемесі