2-сыныпта сөз мағынасын оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 01:10, дипломная работа

Краткое описание

Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында жеке тұлғаны қалыптастыруда оқушының өз ой-пікірін ана тілде еркін, дұрыс, түсінікті жеткізе білуден басталады. Ал өз ойларын емін-еркін жеткізу үшін оқушылардың сөздік қорлары бай болуы қажет. Балаларда мектепке келмей тұрып-ақ белгілі бір сөздік қор, сөз мағыналарын ажыратып, жеке өмірінде қолдана білу машығы қалыптасады. Осы қалыптасқан икемділігін одан әрі дамытуға мектепке келген күннен бастап назар аударған жөн. Бүгінгі таңда оқушыларға сөз мағынасын оқыту, сөздік қорларын молайту – өзекті мәселенің бірі.

Содержание

Кіріспе .........................................................................................................
4
І тарау. І тарау. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың психологиялық-педагогикалық негізі...................................................

5
І. 1. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың лингвистикалық негізі..........
5
І. 2. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың педагогикалық негізі.............

13

ІІ тарау. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың әдістемелік негіздері .......................................................................................................

23
ІІ. 1. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың әдістемесі .............................

23
ІІ.2. Сабақ үлгілері ......................................................................................
47
ІІ.3. Тәжірибе жұмысының қорытындысы ...............................................
58

Қорытынды ................................................................................................

60
Пайдаланылған әдебиеттер .....................................................................
61

Вложенные файлы: 1 файл

2-сыныпта сөз мағынасын .doc

— 1.02 Мб (Скачать файл)

 

2-сыныптағы «Әдебиеттік оқу» сабақтарында да жаңа сөздің мағынасын ұғындыруға байланысты түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Сондай ұтымды тәсілдердің бірі СТО технологиясының INSERT – яғни «түртіп алу» стратегиясы. Енді осы стратегия қолданылған бір сабақтың үлгісіне тоқталайық:

Сабақтың тақырыбы: А.Байтұрсынов «Ағаш»

Сабақтың мақсаты: 1) Балаларды мейірімді, адал болуға, адамгершілікке тәрбиелеу, арам пиғылдан, зұлым, мейрімсіз, қатыгез, іштарлықтан бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу. 2) Балаларды бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жүмыс істету, ой-өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру. 3) Тақырып мазмұнын меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: А.Байтұрсынов портреті, қанатты сөздер, кітабы, плакаттары, үлестірмелі карточкалар, газеттер, т.б. суреттер.

Сабақ барысы: Тақтаның бір шетіне жалпы сабақ барысына жоспарлаған кішкене жоспарымды жазып қойдым.

І. Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Ой ашар.

      • Жаңа сабақ.

IV. Ой қозғау.

      • Мәтінді оқу.
      • Өзіндік жұмыс.
      • Сөздікпен жұмыс. Түртіп алу жүйесі +, -, V, ?
      • Топпен жұмыс.

V. Ой толғаныс.

- Sinkuein (5 жолды өлең)

- Венн диаграммасы.

- Жаңа тақырыпқа бір шумақ  өлең.

- Сабақты қорыту.

- Үй тапсырмасы.

- Бағалау.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық.

Оқушылармен бірге:

Оң қолымды бес саусақ,

Сол қолымды бес саусақ.

Қосып едім екеуін,

Болып шықты он саусақ, - деген өлең шумағын алғашқыда өте баяу, екіншісінде оған қарағанда шапшаңырақ, үшіншісінде өте шапшаң айтып, яғни үш қайтара айтып көңілденіп алды.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

      • Үй тапсырмасына не берілді?
      • Ол тапсырмада не істеп келу керек?

Үй тапсырмасы: Жәнібек Бекқожиннің «Жиырма тиын» әңгімесін оқып, кейіпкерге мінездеме жазып, қайрымдылыққа байланысты сурет салып және мәнерлеп оқып келу тапсырылды.

ІІІ. Ой ашар.

Үнтаспаны қосып, балаларға құстардың даусын тыңдатамын.

      • Балалар, бұл нелердің даусы?
      • Құстардың.
      • Дұрыс. Қазір жылдың қай мезгілі?
      • Қыс мезгілі.
  • Сендер суыққа төзбейтін құстардың жылы жаққа ұшып кетіп, шыдамды құстардың осында қалатынын білесіңдер. Біз ол кішкентай достарымызға қандай қамқорлық жасаймыз?
  • Ағаштан ұя және жемсауыт жасаймыз. Оларға жем шашып қоямыз.
  • Жарайсыңдар, ұя мен жемсауытты қайда ілеміз?
  • Теректердің, тағы басқа ағаштардың басына ілеміз.
  • Құстар теректердің, тағы басқа ағаштардың басына жиналады екен. Ағаштар көп жерде құстар да көп болады дей келе, балаларға құстар үшін ағаштардың жайлы екенін айтамын. Олай болса, оқулықтарыңның 100-бетін ашыңдар. Біз бүгін А.Байтұрсыновтың «Ағаш» мысалымен танысамыз.

Мысал – халық ауыз әдебиетіне жатады. Көптеген мысалдардың авторлары жоқ, олар ұрпақтан-ұрпаққа халық арқылы жетеді. Ал «Ағаш» мысалының авторы И.Крылов. Ол – көптеген мысалдар жазған орыс халқының көрнекті ақындарының бірі. Оның мысалдарын қазақ тіліне Абай атамыз аударған. Ал бұл жолғы «Ағаш» мысалын – А.Байтұрсынов аударған.

      • Ағаш туралы не білесіңдер?
      • Ол тірі табиғат, жасыл өсімдік.
  • Ағаштан үй мүліктері, үйлер жасалады. Оны отын ретінде де пайдаланады. Өзінен оттегі бөледі. Жалпы қоршаған ортаға пайдасының көптігін оқушылар анықтап береді.

IV. Ой қозғау.

Мәтінді жаймен оқып, түсіндірдім. Балалар қолдарына қалам алып, сөздікпен жұмыс істеді.

Яғни, түртіп алу жүйесі.

+ - мен үшін жаңалық,

- - мен үшін түсініксіз,

V – мен білемін,

? – Мені жұмбақтандырады.

Мен оқығанда олар өздері үшін түсініксіз, жаңа сөздердің астын – белгісімен белгілеп отырады. Артынан сол жаңа сөздердің мәнін ашып, түсіну мақсатында бір-бірінен сұрастырып ортаға салып жатты. (Мен оларды топқа бөліп, яғни парталарды дөңгелек пішінде қойып отырғызған болатынмын. Сыныпта барлығы 30 бала. Олар 4-5-тен 7 топ болып отырады).

Топпен жұмыс жасау мақсатында, әр топқа жеке-жеке сұрақтар үлестірдім. Олардың бірі тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап берсе, екіншілеріне қойылған талап – сол мәтіннен көрініс шығару, келесі топ – мәтінді диалогпен оқуға даярланады, тағы бір топ – сол мәтінге байланысты сурет салып отыру керек. Оқушылардың ешқайсысы да тыс қалмай топ-топ болып, тапсырманы орныдап отырады.

V. Ой толғаныс.

Бұдан кейін (Sinkuein) 5 жолды өлең жазу тапсырылады. Оқушылар бұл әдіспен таныс. Сондықтан қиыншылық келтірген жоқ.

    1. Не? – Ағаш.
    2. Қандай? – Жас, қызғаншақ.
    3. Не істеді? –шағымданды, іштарлық жасады.
    4. Не үшін? - өз қамын ойлап.
    5. Жалпы ойды түйіндеу – жалғыздық – түріндегі өлең шықты.

Сабақтағы ой-толғаныс кезеңінде балаларға Венн диаграммасы, яғни шеңбер ойынын ойнаттым.

Балалар алдымен өздері білетін жабайы ағаштарды, кейін бақта өсетін күтімі бар ағаштарды шеңберлерге жазды. Екі шеңбердің ортасына екеуіне де тән қасиеттерін жазып шықты.

Жаңа тақырыпқа бір шумақ өлең шығару үшін, алғашқы жолын өзім айтамын, оқушылар келесі жолдарына ұқсас сөздер іздестіреді.

Мұғалім:      Ағашты босқа кеспе.

Оқушылар: Бұзық балаларға ілеспе.

                    Қайта оны қадірлеп,

                     Су құй күнде кешке, - шумағы  пайда болды.

Үй тапсырмасы: «Ағаш» мысалын ары қарай өз ойынан жалғастырып айту және мәнерлеп оқу.

Бағалау. [25, 45-50].

 

ІІ. 3. Тәжірибе жұмысының қорытындысы

 

Төменгі сынып оқушылары еліктегіш келеді, жаңаны жандары сүйеді. Сондықтан да мұғалім сабақ берудің әдістерін үнемі жетілдіріп, оның түрлері мен тәсілдерін өзгертіп отырса, олардың сабаққа деген ынтасы артып, ізденімпаздық дағдысы жетіле түседі. Осыны ескере отырып, біз «Сөз және оның мағынасы» тақырыбын меңгертуде ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігін байқадық.

Ойын араласқан сабақтарда балалар өздерін еркін ұстап, олардың білуге деген белсенділігі артатыны байқалды. Ойын үстінде бала өзін-өзі ұмытып, сыныптағы іс-әрекетке ден қойып, өзгелермен еркін ынтымақтасып, бірге еңбек етуге құштар болатындығы байқалды. Осы тәжірибелердің негізінде біз ойын элементтерін сабақ үстінде барынша кең қолдануға көше бастадық. Ол үшін бақылаушы және эксперименттік топтар ұйымдастырып, солар арқылы күнбе-күнгі тәжірибе жұмыстарын кеңінен жүргізе бердік. Бұл жұмыстар шәкірттермен ұдайы бір жыл бойы, жылма-жыл сабақтастырыла жүргізіледі. Мұның өзіндік пайдасын көріп, бұл әдісті жоғары сыныптарда да жалғастыруға болады.

Сабақтың барысында халық ойындарының элементтерін қосымша материал ретінде пайдаланудың тек бастауыш сыныптарда ғана емес, сондай-ақ жоғары сыныптарда да пайдасы мол. Мұның өзі көп жылғы тәжірибе жұмыстарында сыналып, мектеп мұғалімдерінің күнбе-күнгі жұмыстарынан орын алып келеді.

Бастауыш сынып, соның ішінде 2-сынып оқушылары ойынды бастамай тұрып-ақ, оны осы сабаққа не себепті қолданғалы отырғанымызды білуі қажет. Сабақтың мазмұнына сай ойын элементтерін қолдануға балалар іштей әзірленеді, бұл олардың мінез-құлқына әсер етіп, толғантады. Мектепте жұмыс істеп жүрген алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс-тәжірибелері мен осы жолдардың авторының бақылау жұмыстары, күнбе-күнгі іс-тәжірибесі осыны толық дәлелдейді.

2- сыныпта «Сөз және оның мағынасы» тақырыбын өткенде түрлі ойын арқылы тақырыпты оқушыларға қызықты етіп түсіндіруге болады. «Синонимдер» мен «антонимдер» түсіндіргенде, жарыс ойындары қолданылады. Мұғалім алдын-ала әзірленген синонимдер жазылған таратпа материалдар пайдаланады.

 

2-сынып

 

2-сыныптардан екі топ: бақылау  және эксперименттік топтар алынып, тәжірибе жүргізілді. Бақылау нәтижесінде  «Сөз мағынасы» тақырыбын түсіндіруде ойын әдісін қолданудың тиімділігі анықталды. Тәжірибе 4 сабақта жүзеге асырылды. 4-сабақ соңында оқушылардың білімі тест түрінде тексерілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Мектептегі оқушылардың сөздік қорын молайту – бірсыпыра ғалым өкілдерінің бірігіп шешуін талап ететін психологиялық, педагогикалық және лингвистикалық проблема. Бүгінгі таңда сөздік қорын молайту жұмыстарын жүргізу әлі тың мәселелердің бірі болып отыр. Осы бағытта оқулықтар мен оқу құралдары, әдістемелік құралдар өте аз. Ертерек кезде басылған «Тіл щирату», «Тіл дамыту», «Тіл бақылау» оқу құралдары да қайталап басылмады. Осындай кемшіліктер бастауыш мектептерде тіл дамыту жұмыстарының жүйелі түрде ұйымдастырылмауына әкеліп соқтырды. Осыны ескере келе, сөздік қорын молайту, сөз мағынасын оқыту жұмысының бір бөлігі ретінде оқушыларға қазақ тілі сабақтарында сөз мағынасын оқытуға байланысты атқарылатын мәселелер төңірегінде жұмыстандық.

Жұмысымызды қорытындылай келе төмендегідей тұжырымдар жасаймыз:

  1. Қазақ тілі сабақтарында түрлі әдіс-тәсілдер арқылы балалардың сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға, сөйлеу мәдениетіне үйретуге болады.
  2. Оқушылардың сөздік қоры түсіндірме сөздікпен жұмыстану нәтижесінде толығып, байып отырады. Сонымен қатар өз көзқарастарын дәлелдеп, қарама-қайшы пікірдің кемшіліктерін таба білуге дағдыланады, көркем сөзді игереді.
  3. Сөз мағынасын оқытуда тақырыпты сюжетті суреттер немесе интерактивті тақтадан суреттермен беру –  оқушылардың елестету қабілетін арттырып, мазмұндауын жеңілдете түседі.
  4. Мәтіндердегі жаңа сөздер, синонимдер, антонимдер, омонимдермен және сөз тіркестерімен жүргізілетін сөздік жұмыстары оқушылардың сөздік қорын байытады.
  5. Мәтін мазмұны бойынша жоспар құру кезінде оқушы бойында баяндау кезіндегі жүйелілікті сақтау, мәтін мазмұнын терең ұғыну, талдау жасау сияқты дағдылар қалыптасады.
  6. Ұлттық ойындарды қолдана отырып, сөз мағыналарын үйрету, оқушының ата-бабамыздан қалған мол әдеби мұраларға деген сүйіспеншілігін оятамыз.

Әрине бір еңбек барысында сөз мағынасын оқытудың әдістемесі мәселесін түгелдей қамту мүмкін емес. Дегенмен біз бүгінгі еңбегіміз арқылы осы бағытта мысқалдай болса да өз үлесімізді қосуға тырыстық.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасы. Қазақстан мұғалімі, 2003.
  2. Бейсембайқызы З. Лингвистикалық білім – ғылымды игертудің негізі. Қазақстан мектебі, 2001 №6.
  3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 1973.
  4. Айғабылұлы А. Қазақ тілінің лексикологиясы. А: Зият Пресс, 2004.
  5. Құрманова Н.Ж. Сын есімді оқыту барысында тіл дамыту әдістемесі. Ақтөбе, 1999.
  6. Мұқанов М. Жас және психологиялық психология. А. 1982.
  7. Рахметқызы С. Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту. А: Рауан, 1997.
  8. Тұрдалиева Г.Ж. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Ас: Фолиант, 2007.
  9. Уәйісова Г. Сөздік қорды байыту. Қазақстан мектебі, 2008 №4.
  10. Утепова Р. Қазақ тілін дамытудың кейбір мәселелері. Бастауыш мектеп, 2006 №6.
  11. Уәйісова Г. Т.б. Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған Қазақ тілі оқулығы. А: Атамұра, 2002.
  12. Әбуова А., Жайлауова М. Мәтінді тілдік талдаудың қарапайым үлгілері. Бастауыш мектеп, 2006 №1.
  13. Синонимдер сөздігі. Алматы, 2001.
  14. Камалбекова А. Оқушылардың танымдық қызығушылығын ойын әрекеті арқылы арттыру. Бастауыш мектеп, 2005 №5.
  15. Сағындықов Е. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану. Алматы: Рауан, 1993.
  16. Дариева Т.Т. Оқытуда дидактикалық ойындардың алатын орны. Бастауыш мектеп, 2008 №7-8.
  17. Нарқұлова Б. Рөлдік ойындар арқылы сөздік қорын, тілін дамыту. Бастауыш мектеп, 2006 №1.
  18. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. А: Ана тілі, 1991.
  19. Құрманова Н.Ж.
  20. Тукенова М.Б. Бастауыш сыныпта сөз құрамын дамыта оқытуға арналған жаттығулар жүйесі. Бастауыш мектеп, 2008 №7-8.
  21. Қазыбаев С. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы. А: Рауан, 1985.
  22. Мақұлова А. Көрнекілік – нәтижелі оқыту негізі. Бастауыш мектеп, 2008 №9-10.
  23. Мәлібекова Б.Б. Бірнеше мағынасы болатын сөздер. Бастауыш сыныпта оқыту, 2010 №2.
  24. Кенжеғұлова А. Оқушылардың жазба тіл дағдысын қалыптастыру. Бастауыш мектеп, 2005 №5.
  25. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000.

 

                    

Информация о работе 2-сыныпта сөз мағынасын оқыту әдістемесі