Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 01:10, дипломная работа
Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында жеке тұлғаны қалыптастыруда оқушының өз ой-пікірін ана тілде еркін, дұрыс, түсінікті жеткізе білуден басталады. Ал өз ойларын емін-еркін жеткізу үшін оқушылардың сөздік қорлары бай болуы қажет. Балаларда мектепке келмей тұрып-ақ белгілі бір сөздік қор, сөз мағыналарын ажыратып, жеке өмірінде қолдана білу машығы қалыптасады. Осы қалыптасқан икемділігін одан әрі дамытуға мектепке келген күннен бастап назар аударған жөн. Бүгінгі таңда оқушыларға сөз мағынасын оқыту, сөздік қорларын молайту – өзекті мәселенің бірі.
Кіріспе .........................................................................................................
4
І тарау. І тарау. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың психологиялық-педагогикалық негізі...................................................
5
І. 1. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың лингвистикалық негізі..........
5
І. 2. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың педагогикалық негізі.............
13
ІІ тарау. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың әдістемелік негіздері .......................................................................................................
23
ІІ. 1. 2-сыныпта сөз мағынасын оқытудың әдістемесі .............................
23
ІІ.2. Сабақ үлгілері ......................................................................................
47
ІІ.3. Тәжірибе жұмысының қорытындысы ...............................................
58
Қорытынды ................................................................................................
60
Пайдаланылған әдебиеттер .....................................................................
61
Қазақ тілінің сөздіктерін қолдануды бастауыш сыныптан бастау қажет. Сөздік туралы бастауыш сыныптарда сөз қозғалмаса, оларды қалай үйретуге болады?
Сөздіктерді бастауыш сыныптарда қолдану - өте күрделі және қажетті жұмыс. Бірақ сөздікпен жүйелі жұмыс істеу мектеп тәжірибесінде әлі де ойдағыдай іске аспай отыр. Сондықтан оқушыны бастауыш сыныптардан сөздікпен жұмыс істеуге дағдыландыру, бағыт беру қажет. Бастауыш сыныптан бастап мектеп бітіргенге дейін оқушының сөздік дәптері болу керек. Бастауыш сыныптарда жүйелі жүргізілген сөздікпен жұмыс істеу оқушылардың сөздік қорын байытуға, сөз мағынасын ұғынуға негіз болады. Демек, оқушы қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында үйренген сөздерін ауызекі тілде дұрыс және кең пайдалана алатындай болуы қажет. Мұндай жұмыстың барлығы оқушының ойлау қабілетін дамытып, шебер сөйлей білуге тәрбиелейді [10, 17-19].
Демек, сөзді орынды қолданып, оның мағынасын жетік білген бала өз бетімен сөйлем құрап, оның ауызша сөйлеу тілінде шебер қолдана алатыны сөзсіз. Сондықтан сөздіктермен жұмысты дұрыс ұйымдастырып, баланың сөз байлығын арттыру, сондай-ақ, үйренген сөздерінің жазбаша және ауызша қолдана білуіне мұғалім жауаптылықпен қарағаны дұрыс.
2-сыныптың «Қазақ тілі» оқулығында 70 сөздің қысқаша түсіндірме сөздігі берілген:
А
Айбатты – күшті. Жүректі жолбарыстай, айбатты арыстандай болып іштен тумайды. (Б.Момышұлы.)
Анар – 1. оңтүстікте өсетін жеміс ағашы. Олар биыл бес түп қара өрік, бір түп анар еккен. 2. осы ағашқа шығатын қабығы қалың, ішінде мөлдір, қышқыл дәмді шырыны бар жеміс. Біреулер шіркіннің жүзімі, анары қандай тәтті деп қояды.
Аптап – күннің ыстығы, ыстық лебі. Күн еңкейіп, аптабы қайтыпты.
Архитектор – архитектурадан (сәулет өнерінен) маманданған адам.
Ғажап қала саламын,
Архитектор боламын.
Ашудас –химиялық иісті ақ зат. Ашудас араласқан суға жүн қайнатып жатыр.
Ә
Әуен - өлеңнің сазы. Осы бір әуенді әрдайым ыңылдай айтып жүреді.
Б
Баба – 1. арғы ата, үлкен ата. Рахметтің әкесі, бабасы – барлығы қойшы болған. (С.Ерубаев.) 2. өзінің арғы тегін аруақ тұтып, содан көмек сұрап жалбарынғанда сүйенетін пірі. Алладан медет сұрады: «Бабадан жәрдем болғай», - деп. («Ер тарғын».)
Бұлғын – 1. қылқан жапырақты ормандарда мекендейтін, дене тұрқы 40-55 см-дей, терісі аса бағалы, кішірек жыртқыш аң. Бізде сирек кездесетін аса құнды бұлғын, құндыз, сусар, сілеусін сияқты аңдар да бар. 2. осы аңның жүні жылтылдаған қалың, әрі жұмсақ, қоңырқай түсті әдемі терісі. Аң терісінің төресі бұлғын екен ғой баяғыдан. (Ә.Нұршайықов.)
Д
Дана – 1. кемеңгер, данышпан, ақылды, білімді.
өз теңіңнің ішінде
ақылың асқан данасың.
Жұбатасың жыласа,
Ноғайлының баласын.
(«Қамбар батыр» жырынан.)
Дәуір – 1. тарихи кезең, заман. Үш дәуірді көзімен көріп, басынан өткізген Алтай қарт осы өңірдің ой-шұқырын түгел біледі. (З.Ақышева.) 2. мөлшерлі уақыт, белгілі мерзім. Өсімдіктің өсіп-өну дәуірі 170-180 күнге барады. (А.Балтабаев.)
Долана – 1. таулы-тасты, өзенді жерлерде жабайы өсетін жемісті ағаш. Таудың жотасына тал, мойыл, доланасияқты ағаштар өсіпті. (С.Мұқанов.)
2. ағаштың жемісі.
Бүлдіргені аяқтай,
Доланасы жүректей.
(«Айтыс» кітабынан.)
Дуал – үйді, бақты айналдыра қоршаған қоршау. Аласа дуалмен қоршаған кіші-гірім бақтың іші бүгін мейрамдағыдай сәнді. (І.Есенберлин.)
Е
Елтаңба – мемлекет, республика, қала жалауларында, ақшасында, мөрінде т.б. болатын айрықша белгі.
Ж
Жұпар – 1. ерекше хош иіс. Өзі жұпар аңқидығой, неткен тамаша иіс! 2. сирек кездесетін терісі аса бағалы аң. Бір кезде даламызда көптеп жүретін жұпар, көксусар секілді аңдарды бүгінде оңайлықпен таба алмайсың. 3. ерекше иісті шөп. Тұқымдарын өздері ашып тарататын өсімдіктердің тобына жұпар, бұршақ жатады.
З
Зәйтүн – субтропик жақта өсетін, мәңгі көгеріп тұратын ағаш. Бұл – зәйтүн ағашының ұрығынан алынатын иіссіз май.(С.Сбханбердин.)
Зейін – ынта, ықылас, зерде. Бар зейініміз сахнада. (И.Жақанов.)
И
Иірім – судың шымырлап дөңгелене, үйіріле ағатын жері. Өзеннің бұл тұсы – иірім. Тура судың астына сүйреп әкетеді. (М.Гумеров.)
К
Кемеңгер – ақылды, дана, данышпан. «Ақырын жүріп. Анық бас, еңбегің кетпес далаға», - деп кемеңгер Абай тегін айтпаған. (С.Байжанов.)
Керней – мойнын ұзынша етіп жезден жасаған үрлемелі керней, музыкалық аспап. Олардың қайсысы керней, қайсысы сырнай екенін айырып жатқан біз тағы жоқ. (Ө.Қанахин.)
Кеуек – қоянның жатағы, іні. Қоян болса, қар астындағы қуыс кеуегіне кіріп жатып алды. (А.Сарбөпин.)
Қ
Қазына – 1. дүние, мүлік, жиһаз; бағалы заттар. Енді осы қазынаны өз халқының игілігіне жаратуда. (Ж.Дүйсекеев.)
Қамба – астық я басқа заттарды сақтау үшін жасалған орын.
Алтын астық қамбаңа,
Ертең анық толады.
(А.Хангелдин.)
Қауырт – асығыс, тез, тығыз, қызу. Мейрам кейінгі жұмада қызу жиын, қауырт жұмыстарға араласты. (Ғ.Мұстафин.)
Қобди – 1. ұсақ-түйек салатын кішкене сауыт, сәндік бұйым. Рәзия әшекей бұымдарын қобдиға салып қойды. 2. әр алуан құрал-сайман, дәрі-дәрмек салып жүруге арналған сандықша. Бір қобди дәрі-дәрмек алып, Асқар да аттанды. (З.Шашкин.)
Қуат – күш, жігер, қайрат, әл, дәрмен. Қуанғаннан бойыма ерекше қуат біткендей болды. Поезд келді, адам қайнап, құжынап кетті. (С.Ерубаев.)
Құйын – үйіріле ұйытқи соғатын екпіні қатты жел. Кең далада құйын да көп. (Ғ.Мүсірепов.)
Л
Лебіз – сөйленген сөз, үн. Нартайдың әнін, жырын, лебізін сағынғандар талай жерден ат сабылтып, шұбатылып жатқаны. (О.Бодықов.)
Лек-лек – тізбек-тізбек, топ-топ. Шақырылған қонақтар лек-лек болып, жан-жақтан келе бастады.
М
Мая – 1. жалғыз өркешті, жүні тықыр келген тазы тұқымды нар түйенің ұрғашысы.
Нар берсеңіз, мая бер,
Үстіне кілем жая бер.
(С.Сейфуллин.)
2. сопақшалау етіп, биіктеп үйілген шөп. Бұл күндері жыпырлаған маядан өлкенің бет-жүзі көрінбейді. (К.Оразалин.)
Мең – адамның сыртқы денесінде кездесетін кішкене қара дақ, қал. Оның көз алдына бет ұшында қарашықтай меңі бар, талдырмаш қара торы қыз елестейді. (Ә.Сариев.)
Н
Нәзік – 1. үзіліп түсердей жіп-жіңішке. Береннің нәзік саусағын ауыр темірдің салмағы талдыратын секілді. (Б.Майлин.) 2. берік емес, әлсіз, осал.
О
Оймақ – іс тіккенде қолға ине кірмес үшін сұқ саусақтың басына киетін жезден, темірден, былғарыдан жасалған құрал. Бәрі де саусағынан оймағы түспейтін ісмер. (С.Жүнісов.)
Ө
Өнім – 1. егілген дақылдардан алынатын түсім: астық, жеміс, жидек т.б. Көктем дән сепсе, күз өнім жинайды. 2. мал шаруашылығынан түсетін пайда, табыс: ет, сүт, жүн, т.б. Қазақстанда мал шаруашылығы өнімдерімен қатар кен байлығы да мол.
Р
Рақым – қайырым, мейірім, шапағат. Онда рақым, аяушылық сезімі күшті. (Ө.Тұрманжанов.)
Рауғаш – сабағының дәмі қымыздыққа ұқсайтын қышқыл, көбінесе тауда өсетін көп жылдық өсімдік. Рауғаш – қарақұмық тұқымдас көп жылдық шөптер тәріздес өсімдік. Оның Қазақстанда 4 түрі бар. (С.Сұбханбердин.)
Рең – келбет, түр, түс, өң, шырай. Сәуленің реңінен көңілінің көтеріңкі екені аңғарылады.
С
Сая – 1. жанға жайлы қоңыр салқын орын, көлеңкелі жер. Жолаушылар мәуелі ағаштың саясына келіп демалды. 2. арқа сүйер қамқор, пана. Қиналып жүргенде тапқан саясы осы Ұзақтың бауыры болатын. (С.Мұратбеков.)
Саяз – терең емес, тайыз. Ол өзеннің саяз шетіне ғана түсті.
Сең - өзендер мен көлдерде, теңіздерде қыс бойы қатып жатқан мұздардың көктемде еріп сынған бөліктері, мұз ағыны. Мейірімсіз мұз сеңімен айқасып, ел ырыздығы үшін ол тер төкті. (З.Серікқалиев.)
Символ – белгілі бір құбылыс не ұғымның орнына балама, тепе-теңдік белгісі ретінде алынған екінші бір зат, құбылыс. Көгершін – бейбітшілік символы.
Сілеусін – мысық тектес жыртқыш аң. Тайганың кең алқаптарын қоңыр аю, қасқыр, түлкі, бұғы, сілеусін тағы басқалар мекендейді. («Биология» оқулығынан.)
Т
Таңқурай – раушан гүлдер тұқымдасына жататын, жартылай бұта өсімдігі, малина. Таңқурай да қой бүлдірген сияқты ылғалды жерлерде өседі.
Таяу – жақын, жуық. Таяу отырған біреуінен жөн сұрадым.
Таяуда – жақында, жуырда. Таяуда бір жігіттің әңгімесін оқыдым. (М.Әлімбаев.)
Титтей – кішкентай ғана, азғантай, титімдей. Титімдей арық қолдарымен қысып-қысып қояды. (С.Ғаббасов.)
Тұйық – 1. шығар жақ беті жабық, бітеу. Оның халі бұлтара алмайтын тұйыққа келтірілген қоянның халіне ұқсас еді. (С.Мұқанов.) 2. киіздің, арқан-жіптің т.б. бүктелген, қайырылған жері. Арқан, жіп, әр түрлі баулардың бір басы тұйық болады. (С.Қасиманов.) 3. ашылып сөйлемейтін, бұйығы, аз сөзді. Ол табиғатынан тұйық, оңайшылықпен ашылып сыр айта қоймайтын адам еді.
Тұрымтай – ұзын қанатты сұңқар тектес жыртқыш құс. Алыстан тұрымтайлардың саңқылдаған дауыстары естіледі.
У
Уыз – 1. жас төлдеген малдың алғашқы 2-3 күнгі қою сүті. Ол қозыны емізікпен ауыздандырып, сары уызды тойғыза ішкізді. 2. сүтті пісірілген дәмді тағам. Уыз – қазақ халқының мал төлдейтін айлардағы ең бір сүйсініп жейтін тағамы. (С.Қасиманов.)
Уық – киіз үйдің негізгі бөлшектерінің бірі, имек жағы керегенің басына бекітіліп, ұшы шаңыраққа шаншылып, оны көтеріп тұратын сырықша. Жігіттер әрқайсысы бір уық шаншып, шаңырақты жоғары көтеріп әкетіп барады. (Г.Мүсірепов.)
Уылдырық – балықтың аналық ұрығы, түйіршік жұмыртқалардың массасы. Балықтың уылдырықтайтын кезі басталады.
Уылжу – жеміс-жидектің толысып, мәуелеп бабына келуі. Бақтағы жемістер түгелдей уылжып пісіп тұр.
Ү
Үлек – нар түйенің таза тұқымды бурасы.
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқталмай тартып шығуға,
Қас үлектен туған кәтепті
Қара нар керек біздің бұл іске.
(М.Өтемісов.)
Үрку - өзі секем алған нәрседен шошу. Жолдасымен отқа, суға бірге түсуге еш уақытта іркілген емес, қорқу, үрку Әзімханның әдепті болған емес. (С.Сейфуллин.)
Үскі – ағашты, былғарыны т.б. тесетін іші қуыс біз.
Үшкір – ұшы сүйір, істіктей. Сүйектен істелген ине сынбайды, әрі үшкір болып келеді. (Е.Байзақов.)
Ш
Шабдалы – жеміс ағашы және сол ағаштың сүйекті жемісі. Ас жеп болған соң, ортаға бір табақ шабдалы әкеп қойды.
Шағыл – үйіліп қалған құм төбешіктер. Ол шағыл басында үнсіз ойланып отыр.
Шалғын – ұзын және қалың өскен шабындық шөп. Адам аяғы баспаған, ну орман, қалың өскен шалғын мол. (Н.Баяндин.)
Шуақ – күн көзінің сәулесі түскен жер. Мал да, жан да шуаққа шығып, жадырап сала берді. (Қ.Құттыбаев.)
Шұбат – түйе сүтінен ашытып жасалған шипалы тағам, сусын. Екеуінің де түйе сүтінен жасалатынын, бірақ ашыту тәсіліне қарай бірі – шұбат, бірі қымыран аталатынын түсіндіруге тура келді. (О.Сәрсенбаев.)
Шың – 1. таудың ұшар басы. Сонау Алатаудың қарлы шыңына қасқая қарап тұр. (Х.Ерғалиев.) 2. бір нәрсенің шарықтау шегі, жеткен жері. Комиссия ғылым шыңына қарай өрлей бер деп, оған да жолдама берді. (Б.Соқпақбаев.)
Ы
Ықтияр - әр адамға тән ерік, қалау. Шоқан затты баладан ықтиярымен алмақ болды. (С.Бегалин.)
Ылғал – құрамында суы мол топырақ; дымқыл ауа. Жер жыртуға ылғалы кеппей тұрып кірісу керек. (М.Дүзенов.)
Ылғи - әр уақытта, қашанда. Бұл бөлмелер ылғи осылайша бос тұрады.
Ылди - өрдің, жотаның түсе берісі, еңіс. Анау ылдида бұлардың аттары қаңтарулы қалған. (Қ.Мұханбетқалиев.)
Ымырт – іңір, қас қарайған кез. Абай аулына ымырт жабылып, қас қарая бергенде келді. (М.Әуезов.)
Ырыс – байлық, береке, дәулет. Оның серіктерінің алдағы жылдары да ел ырысына мол үлес қосатынына күмән жоқ. (Қ.Баялиев.)
І
Ішік – ішкі жағы аңның, малдың терісінен тігілген жылы сыр киім. Бұлар дастарқан басында отыр еді, иығына қасқыр ішігін желбегей жамылған Орақ келді. (С.Елубаев.) [11, 177-188].
Жаңа сөздерді үйрету, мағынасын меңгерту үстінде оқушыларды «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігімен» жұмыс жасауға да үйрету керек.
Бастауыш мектепте тіл дамыту жұмысын жүргізуге едәуір үлес қосып, бұл жұмыстың қадір-қасиетін мұғалімдер жұртшылығына танытуға тырысқан әдіскер – Ғ.Бегалиев. Ол өзінің «Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері» атты көлемді еңбегінде тіл дамыту жұмысының түрлерін, оған қойылатын талаптарды, сөздік жұмысының маңызы мен оны жүргізу жолдарын әр қырынан белгіледі.
Информация о работе 2-сыныпта сөз мағынасын оқыту әдістемесі