Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 13:25, дипломная работа
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел болып қазіргі таңдағы даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы қозғайтын істерін қайта құрумен, әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен сипатталады. Бұл қазiргi кезеңдегi жастардың әлеуметтiк жағдайдағы дамуына үлкен өзгерiстер келтiредi, яғни олардың өзiн-өзi бағалауының жеке тұлға болып қалыптасуына әсерiн тигiзедi.
Қазіргі кезде кәмелетке толмаған қылмыскертұлғасының ерекшеліктері, яғни өзін -өзі бағалауы, қарым – қатынас, мінез-құлық туралы мәселелер зерттеушілердің назарын аудартуда.
КІРІСПЕ
1 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖОЛДАРЫ
1.1 Кәмелетке толмағандардың болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтау
1.2 Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік –психологиялық мінез көрінісі
1.3 Кәмелетке толмағандардың делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау
2 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚТЫҚ СТЕРЕОТИПТЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТІНЕ СЕБЕПШІ ФАКТОРЛАР
2.1 Кәмелетке толмағандардың қылмысқа баруының себептерi және оған әсер ететiн жағдайлар
2.2 Кәмелетке толмағандардың мiнез-құлықтық стереотиптерi
2.3 Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық іс-әрекетке себепші факторлар
3 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ӘРЕКЕТІНЕ ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАРДЫ ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
3.1 Эмпирикалық зерттеудің пәні мен объектісі
3.2 Зерттеудің мақсаты, міндеті, болжамы 3.3. Әдістемелердің сипаттамасы
3.3.1.Басса-Даркидің агрессивтілік деңгейін анықтайтын сұрақтамасы
3.3.2. Розенцвейгтің фрустрация-агрессивтілікті анықтайтын әдістемесі
3.3.3. “Автопортрет” проективті әдістемесі
3.4.Алынған нәтижелерді математикалық өңдеу және талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША
«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» - міне осы сияқты сұрақтар кәмелетке толмаған жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді [9].
Филип Роистың «Психология подросткового и юношеского возраста» -оқулығында: кәмелетке толмаған жасөспірімдердің өзінің уайым қайғылары ойлары, сезімдері мен қызығушылықтары, арман тілектері мен талпыныстары нақты зерттеу мен зейін салу мәніне айналады дейді. Бұл кезеңде оқушы өзінің ішкі әлемін енді ашады, субъективті уайымдарына «Өзіндік меніне» қызығушылық таныта бастайды. Өз тұлғасына қызығушылығына төмен жеткіншектерге қарағанда, жасөспірім-дердің өзін - өзі тануы, өзіндік сана – сезімі белсенді және өз тұлғасын өз өзіне бағындыруы туа бастайды [10].
Психолог В.А. Крутецкийдің бекітуі бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жетілуі жеткіншектерге қарағанда жоғары деңгейде. Жеткіншектердің айқын сезімін сырттан қарағанда ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда жасөспірімдердің ортаны бөлек олардың басқаға ұқсамауы және құр-былыстарымен ересек адамдардың ара-сында ерекше болуы, әр түрлі бағытта өз - өзін көрсетуі және өзінің өзіндігін бекітуі тән.
Кәмелетке толмаған жасөспірім кезеңі жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің жеке басы дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақы-рында өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау бағытталады [11].
«Жасөспірім» - сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана – сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анық-талады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы қатынас бұзылады. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің жеке басындағы басты және діни тән жаңа құрылымын оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы орын алады. Ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады [12].
Осы жастағы өзгешелік психолог А.Г. Ковалев биологиялық әсері туралы сұрақты ашып тастамай, соның ішінде психикалық сферадағы жыныстық жетілу кәмелетке толмаған жасөспірімнің эмоциялық қалпына беттесуін біз тұтас деп айтсақ, онда оның психикалық кескінін биологиялық фактормен анықтаймыз [13].
В.Г. Асеева бойынша мектеп жасындағы жетілу немесе басқа сөзбен айтқанда ерте жетілу - адамның туғаннан бастап физиологиялық, психологиялық және азаматтық ересектік жетілу кезеңі.
Мектеп оқушыларының өміріндегі ересектену (14 –15 жастан бастап 17–18 жас аралығында) өте құнды кезең. Осы жаста кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мектептен оқу процесі аяқталады. Физиологиялық жетілуі баяулап, жыныстық оқдасы ерте жетіледі. Осының арқасында физиологиялық қызметі реттеледі және қан айналымы жақсарады т.с.с. Жасөспірімдердің даму кезеңінде қан тамырларының қан айналу жүйесі күшейіп, сол кезде жүрек ауруы, бас айналуы, қан қысымының көтерілуі жойылады.
Жасөспірімдердің ерте жетілу кезеңдерінде орталық жүйке жүйесі ересек адамдікімен теңеледі. Мидың салмағы мен көлемі және фукционалды белсенділігі ересек адамдардың ойлауынан қарағанда айырмашылығы болмайды.
Сонымен қатар функционалды жетілу жалғасып, осы кезеңде мидың жетілуі ерекше морфологиялық және функционалдық дамуымен анықталады.
Кәмелетке толмаған жасөспірім – барлық қатынас жағынан ересек адам деп қарастырады М.Ю. Красовицкий. Бірақ оларды толығымен жетілген адам деп айта алмаймыз, сондай ақ нақты осы жасөспірім шақта тұлғаның әлеуметтік бейімделуі белсенді жүреді
Рувинский Л.И., Хохлова С.И. еңбектерінде кәмелетке толмаған жасөспірім шақ - бұл қоғамдық жүйедегі көз – қарасқа байланысты дүниетанымның бірінші элементі байқала бастайды, бірақ та әлемге деген көзқарасын толығымен пайымдай алмайды. Тек кәмелетке толмаған жасөспірімдерде философиялық ойлау әрекетінің қанағаттануы мүмкін болса, пайда болады. Бұған арқау болатын түрткі - оқудағы білім, тәртіп пен информация, әдеби оқулықтар және сыртқы ортадан алатын көріністер мен үлкендермен қарым – қатынас.
Ш. Бюллер кәмелетке толмаған жасөспірімдік кезеңді фаза бойынша бөліп қарастырады. Негативті фаза пубертодты кезеңде басталады. Негативті кезеңге жеткіншектердің дамуын қоюға болады. Ал, позитивті фазада өмірге деген қызығушылықтың пайда болуы, адамға деген ыстық сезім, табиғатты түйсіну т.с.с болады. Бұл фазаны жасөспірімдерге қатысты деуге болады [15].
М.И. Шардаков бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдік кезең адамның тұрмыстық құндылықтары ретіндегі заттық дүниеге психологиялық тұрғыда тәуелді болып қалады. Кәмелетке толмаған жасөспірім осы өмірге ой жүгірте бастайды. Соның арқасында ол жасөспірімдік ортаға кіреді. Әр затпен дүниеге таңдау жасау арқылы жасөспірім тұтынушыға айналады. Өз иелігіне заттарды жинай отырып әр – түрлі құндылықтарды жинайды. Олар ақыл – ой, адамгершілік әлеуметтік жағынан есейеді.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әлеуметтік есейуін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін қоғамдық тұрғыдан қажет. Мұның өзі күрделі процесс, уақытты талап етеді және жасөспірім ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір сүре бастаса мүмкін болады. Ал бұл дербестік қажетті әр міндетті түрде міндеттер мен құқықтарды ұлғайтумен байланысты. Тек осындай жағдайда ғана жасөспірімдер ересектерге іс - әрекет етуге, ойлауға алуан түрлі міндетті орындауға, адаммен қарым-қатынас жаса-уға үйрене алады.
А.В. Мудрик кәмелетке толмаған жасөспірімдер кезеңінің ең басты жағдайын ашып көрсетеді. Ол екіжақтылық пен қарама – қайшылық деген. Педагогикада жасөспірімді өскен адам, бірақ ересек адам емес ақпаратталған бірақ әлі жетік білмейді деп пайымдайды [16].
Ст. Холл ең алғаш бірнеше негізгі қарама – қайшылықтарды бөліп көрсете отырып, жасөспірім мінезіндегі амбиваленттілік пен пародаксальдылықты сипаттаған. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерде шектен тыс белсенділік - аяқ шалысқа шектен тыс көңілділік - уайым, өзіне сенімділік - ұялшақтық пен қорқыныш жоғары деңгейдегі адамгершілік талпыныстарының күрт төмендеуі ашық қарым – қатынастық, өте нәзік сезімталдық апатияға, өткір құштарлық – бірбеткейлікке оқуға деген ынта белгісіздікке, бақылау мен әуестілік сияқты талқылаулар болады. Ол бұл кезеңді «Боран мен тегеурін» кезең деп атайды. Ст. Холл жасөспірім кезеңнің мазмұнын «өзіндік сана – сезім» кризисі деп сипаттайды. Тек осыны басынан өткеріп ғана жеке даралы сезіміне ие болады.
Келесі кәмелетке толмаған жасөспірім шақты зерттеуші неміс философы мен психологы Э. Шпрангер болды. Ол 1924 жылы жасөспірім кезең психологиясы деген еңбекті басылымға берді. Ол еңбегі бүгінге дейін қолданылып келеді. Э. Шпрангер жасөспірім кезеңін толық қарастыра отырып, жас кезеңді қыз балаларды 13 –19 жас, ұл балаларды 14 – 21 жас деп қарастырды. Ол тәуелділік - еркіндік мазмұны болып табылатын «кризиспен» сипатталады.
Э. Шпрангер кәмелетке толмаған жасөспірім кезеңнің мәдени – психологиялық концепциясын жасады. Э. Шпрангер бойынша жасөспірімдік кезең мәдениет деңгейіне өсу жасы. Ол психикалық даму жеке даралық психиканың осы дәуірде обьективті және нормативті рухқа өсуі деп жазады.
Ст. Холл, Э. Шпрангер айтқан тұжырымдарын талқылай келе, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің даму деңгейінің үш типін бөліп көрсетеді:
1) Өткір ашулы кризистік
2) Өте баяу, ақырын, жайбасар тұлға. Кәмелетке толмаған жасөспірім ересектік өмірге өзінің жеке тұлғасында ешқандай өзгеріс енгізбей аяң басумен сипатталады.
3) Кәмелетке толмаған жасөспірім белсенді және саналы түрде өзін тәрбиелейді, өзін - өзі қалыптастырады. Өзінің ерік – жігерінің күшімен ішкі кризистерімен мазасыздығын жеңеді, бұл өзіндік бақылау мен өзіндік мінез-құлқы жоғары деңгейдегі адамға тән. Бұл жастағы ең басты жаңа құрылым - Э. Шпрангер бойынша, «өзіндік менінің» ашылуы рефлексияның пайда болуы; өзінің жеке даралығы саналы түрде түсінуі, тұлғаның өзіндік анықталуы.
Э. Штерн кәмелетке толмаған жасөспірімдік кезеңді жеке тұлғаның қалыптасуының бір кезеңі деп қарастырды. Психологияның қай бағыты болмасын, барлығының орталық мәселесі, оның ойынша адам тұлғасының мәселесі болу керек.
Кәмелетке толмаған жасөспірім кезеңнің негізгі ерекшелігі – дамудың бар жақтарын өзгерту.Осы кезеңде адамның өз беттілігі өмірге деген дайындығымен анықталады. Мұнда жасөпірімнің дүниетанымы, кәсіби іс - әрекетті таңдауы және тұлғаның азаматтылық маңыздылығын нақтылау аяқталады. Факторлар әсерінен тұлғаның қоршаған адамдармен қатынас жүйесі және өзіне деген қатынас өзгереді. Осы әлеуметтік позицияның әсерінен оның қоғамдық пайдалы іс - әрекетке, оқуға деген қатынасы өзгереді. Белгілі бір болашақ мамандыққа деген байланыс қалыптасады. Берілген кезең жасөспірімнің үлкендермен мінез – құлықтың барлық аймақтарында тәуелсіздігін көрсетеді.
Кәмелетке толмаған жасөспірімнің өз көзқарасы бар, жасөспірімдер үнемі өз жетістіктерін өсіріп, кемшіліктерін азайтып отырады. Өз құрдастарының арасында болуға ұмтылыс, оларды белсенді түрде үлкендер арасынан өзі соған ұқсағысы келетін адам іздейді. Бұл жерде идентификация туындайды.
Кәмелетке толмаған жасөспірім тұлғасының индивидуалды дамуы мен қалыптасуы бірінше кезекте белсенді өзара әрекет, яғни қоршаған ортамен әрекеттесу нәтижесінің арқасында болады. Жас есейе келе адам психологиялық дамуында әлеуметтік фактордың әсері күшейе түседі [18].
Д.Б. Эльконин 11-17 жас аралығындағы жетілу кезеңін 2 фазаға бөледі, бірінші 11-15 жас кіші мектеп оқушылары, яғни жеткіншектерге қатысты. Мұнда жеткіншек әр жақты қарым-қатынасқа түсуге үйренеді.
Ал 15-17 жас жасөспірімдердің ең басты оқу-кәсіби іс-әрекетінің арқасында жасөспірімнің танымдық-кәсіби қызы-ғушылықтары артады. Эмоция мен психосексуалды дамуы жағдайына байланысты, жанұя құру деген бұл жаста қарастырылмайды [19].
К. Юнг бойынша осы жас дағдарыс кезеңі. Шынайы өмірдің талаптарына жасөспірім бейімінің сай келмеуі орын алады.
1920-шы жылы психолог Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша жасөспірім кезеңіне қатысты психологияда біршама жалпы теория қарастырылған. Бұл теориялар қазіргі заманда мәнді болып келеді. Кең түрде кәмелетке толмаған жасөспірім кезеңін 3 негізгі тұрғыда қарастыруға болады.
1) Биогенетикалық биологиялық
2) Социогенетикалық тұрғы тұлғаның өмір барысында алдына қойған мақсаты мен әлеуметтік процестеріне басты зейін аударуын бекітеді.
3) Психологенетикалық - өзіндік даму
негізіндегі психика
Биологиялық теорияның өнімі американ психологы Ст. Холл ол даму психологиясының басты заңы (рекапитуляция заңы) деп қарастырды. Мұнда индивидуалды даму, финогендік басты сатысының қайталануы болып табылады.
Биогенетикалық концепциясының неміс өкілдері “Конституционная психология” Э. Кречмер әртүрлі биологиялық фактор негізінде, тұлға типолониясының басты проблемасын жасады. Адамның физиологиясы мен дамуының арасында ерекше байланыс бар деді. Кречмер барлық адамдардың екі түрі болатындығын көрсетті.
Бірінші бағытқа циклоидты: көңіл күйі ауыспалы, тез қозғалғыш, мазасыз т.с.с., ал 2 түріне шизоидты тұйық қатынасқа түспейтін эмоционалды тырыспа адамдар.
Н. Кречмер мен Конорадта осыған байланысты жеткіншектерді циклоидқа, ал жасөспірімдерді шизоидқа жатқызады.
Кәмелетке толмаған жасөспірім шизоидты тұлға ретінде күрделі алдында ұзақ мерзімді жүреді.
В. Целлерді “Конституция и развития” - деген еңбегінде бала дене бітімінің құрылысының дамуындағы өзгерістер самотикалық өзін сезінуі психологияның және самотинзалық өзара байланысуы айтылады. Биогенетика өкілдері психиканы және физиологияны дамуын өзара тәуелділігі бағыты қатты қызықтырады.
А. Гезел концепциясында “өсу мен даму” синоним, мінез-құлық, жүріс-тұрысы қабілеті интеграциясы мен дифферен-циациясы мағынасын білдіреді. Гезел қандай болмасын индивидті мәдениетке оқыту мен үйрету, оның жетілуінде ешбір орын ауыстыра алмайды деп санайды.
Кәмелетке толмаған жасөспірім баланың ересектікке өтуі. Гезел байынша 11 мен 21 жас аралығын ең маңызды жас мөлшері. 15 жас Гезелдің жазуынша рухани ішкі жан дүниесінің өсуі, тәуелсіздік, өз-өзін ұстамдылығы, өз - өзін тәрбиелеу мен өте сезімтал болады. 16 жаста қайтадан салмақтылық пайда бола бастайды, ішкі жауапкершілігі ұлғайып, эмоция байсалды, қарым-қатынасқа тез түсуі, болашаққа бағыт бағдар жасайды [20].
Биогенетикалық тұрғыға қарама-қайшы социогенетика. Ол жасөспірімнің құрылымын өздерін қоршаған адамдар мен қарым-қатынас жасау арқылы анықталады.
Социогенетикалық тұрғыда неміс психологы Левин теориясын айта кеткен жөн. Адамның мінез-құлық, жүріс-тұрыс қызметінің бір жағы тұлға екінші жағынан оны қоршаған орта, бірақта да тұлға қасиеті мен қоршаған орта өте тығыз байланысты.
Левин бойынша өтпелі кезеңдегі ең маңызды процесс тұлғаның өмірлік әлемінің кеңейуі, қарым-қатынас жасайтын ортасы, өз үйренген топ және адамдарға қатысты.
Информация о работе Кәмелетке толмағандардың қылымыстық әрекеттегі психологиясы