Кәмелетке толмағандардың қылымыстық әрекеттегі психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 13:25, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел болып қазіргі таңдағы даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы қозғайтын істерін қайта құрумен, әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен сипатталады. Бұл қазiргi кезеңдегi жастардың әлеуметтiк жағдайдағы дамуына үлкен өзгерiстер келтiредi, яғни олардың өзiн-өзi бағалауының жеке тұлға болып қалыптасуына әсерiн тигiзедi.
Қазіргі кезде кәмелетке толмаған қылмыскертұлғасының ерекшеліктері, яғни өзін -өзі бағалауы, қарым – қатынас, мінез-құлық туралы мәселелер зерттеушілердің назарын аудартуда.

Содержание

КІРІСПЕ
1 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖОЛДАРЫ

1.1 Кәмелетке толмағандардың болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтау
1.2 Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік –психологиялық мінез көрінісі
1.3 Кәмелетке толмағандардың делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау

2 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚТЫҚ СТЕРЕОТИПТЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТІНЕ СЕБЕПШІ ФАКТОРЛАР

2.1 Кәмелетке толмағандардың қылмысқа баруының себептерi және оған әсер ететiн жағдайлар
2.2 Кәмелетке толмағандардың мiнез-құлықтық стереотиптерi
2.3 Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық іс-әрекетке себепші факторлар

3 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ӘРЕКЕТІНЕ ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАРДЫ ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

3.1 Эмпирикалық зерттеудің пәні мен объектісі
3.2 Зерттеудің мақсаты, міндеті, болжамы 3.3. Әдістемелердің сипаттамасы
3.3.1.Басса-Даркидің агрессивтілік деңгейін анықтайтын сұрақтамасы
3.3.2. Розенцвейгтің фрустрация-агрессивтілікті анықтайтын әдістемесі
3.3.3. “Автопортрет” проективті әдістемесі
3.4.Алынған нәтижелерді математикалық өңдеу және талдау

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША

Вложенные файлы: 1 файл

диплом ж.docx

— 122.96 Кб (Скачать файл)

Қылмыстық әрекеттің басты себебі – кәмелетке толмағандардың пайдалы iспен айналыспауы десек, жоғарғыда айтып кеткендей, оның бос сандалыстан көп өкінішті жағдайларға ұрындырып жататыны айтпаса да түсінікті. Осы орайда В.М. Бехтеревтiң «Баланы тәй-тәй басып қолына затты мықтап ұстай бастағаннан бастап-ақ үнемі еңбекке үйрету керек» – деген пікірімен келісуге болады. Белгілі іспен айналысатын кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекетке тек қана кездейсоқ  жолмен баратыны да белгілі. Мектептен тыс уақытта кітап оқу, үйірмеге қатысу, көркем өнерпаздар үйірмесіне қатысу, не болмаса спорттың көптеген түрлерімен айналысу – қазіргі кезде кәмелетке толмағандардың әрекетінен қалып бара жатқан құбылыс, әрине бұл жерде бір жасөспірім өзіне пайдалы іспен айналыспай, бос сандалыспен күй кешеді деген жаңсақ пікірді айтпайды.

Дегенмен де, кәмелетке толмағандардың әдебиетке қызғушылығы өте төмен дәрежеде екенін көптеген тәжірбиелер дәлелдеген болатын. Әр түрлі заман талабына сай ойын түрлері, ойын автоматтарына жасөспірімдер қызғушылығын арттыруы, жеңіл ақша табу, егер ойын автоматтарынан ұтылса, үйінен ақша ұрлау, не болмаса өзінен кіші балаларды ұру, оларға зорлық, көрсету арқылы жасөспірімдер қалай қылмыс жолына түскенін білмей де қалады. Олар ата–анасын алдап ақша сұрау, үйдегі заттарды ұрлап сатуды кәсіп қылуы мүмкін, ал мұндай әрекеттердің барлығы кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының алғашқы қадамын білдіреді.

 Кәмелетке  толмағандарға  қоғамдық өмірде болып жатқан жаңалықтардан бейхабарлығы, не нәрсені болса да білуге ұмтылуы, қызығу-талпынуларының өте төмендігі тән болады. Жалпы жасөспірімдерді қоғамдық іс-шараларға тарту арқылы, көркем өнер мен мәдениеттілікке қызығушылығын дамыту арқалы, көптеген пайдалы іспен  айналысуға итермелеу арқылы қайта тәрбиелеп, кәмелетке толмағандардың қылмысын азайтуға кішкене болса да ықпалын тигізуге болады.

Көп жағдайда тасыған күштері бойына сыймай,  алып–ұшып тұратын жасөспірімдер көбінесе өз маңайына өзіне бейім келетін жасөспірімдерді жинап, топтасып қылмыс істеуге, бұзақылыққа әуес болады. Қылмыстың кіші жасөспірімдік шақтың арасында көбеюі, олардың қылмыстық жауапкершілікке тартылмауынан болады. Қазіргі кезде Республикада кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер қылмысы 18,3 пайызды құрайды. 1991 -1995 жыл аралығындағы статистикалық талдау көрсеткіші бұзақылық, тонау, ұрлау сияқты қылмыс түрлерінің сәл бәсеңдегенін айтса. Ал 1996 жылмен салыстырсақ, екі есе өскендігі айтылады. Ал, қазіргі кезде бұл көрсеткіш жылдан-жылға көбейе түсуде. Осыған байланысты мемлекетіміздің басшысы Н. Ә.Назарбаев Республикамыздың Құқық қорғау органдарының басшылары мен аудандық әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесінде: «Біздің елімізді-әлеуметтік экономикалық қайта құру демократиялық мемлекет құруға қадам басқан шақта толқыған криминогендік процестерге соқтығысты. Бұл – шын мәнінде саяси реформа, қоғамдық тұрақтылық пен азаматтың өміріне ерекше қауіп төндіреді деп көрсеткен болатын» [15,117-119б.].

Уақыт тілін сәл шегеріп, 1920-40 жылдары зерттеген ( П.П. Блонскиий, В.И. Куфаев, П.И. Любинский) авторларға жүгінер болсақ, олар қылмыс жасаған жасөспірімдер - заң жағынан да зерттеуді де қажет ететін басты объект, екенін алғаш рет атап көрсеткен. Бұл авторлардың пікірінше, Кәмелетке толмағандардың  қылмыстық әрекетке қадам басуына басты себеп - әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсер етуі деген.

Кәмелетке толмағандардың сана сезімінің жан-жақты толысып дүниеге көзқарасының өзгеріп, үлкен өмірге дайындығының аяқталатын кезеңiмен тығыз байланысты. Кәмелетке толмағандардың өтпелі кезеңі оның өміріне көп өзгерістер әкелері хақ. Сондықтан да осы өтпелі кезеңінде кәмелетке толмағандардың «қиын жасөспірім» болып қалыптасуы болады,ал бұл олардың қылмысқа баруының бірден-бір себебі.Кәмелетке толмағандардың өтпелі кезеңін  бірнеше топқа бөлуге болады: 

1. Талап, тілек.

2. Қызығушылық.

3. Өмірге жоспар мен көзқарастар.

4. Жалпы сипаттама  .

Өтпелі кезеңде кәмелетке толмағандардың еліктегіш келетіні, жақсыға ұмтылу, ұқсағысы келетіні, қайталағысы келетіні белгілі. Өтпелі кезеңнің «құйын» сияқты өткінші елестерге толы болуы жасөспірім өміріне қауіп төндірері де сондықтан. Кәмелетке толмағандардың жағымсыз еліктеуінің салдары, қылмыстық әрекеті, қызғушылығының әсерінен «қылмыс» істеуі, көбінесе осы шақта жүзеге асады .

Кәмелетке толмағандардың алып-ұшпа саналатын өтпелі кезеңінде не нәрсеге болсын еліктегіш келетінін жан –жақты зерттеген ғалым Т.М. Якобсон болатын.Ол бұл жаста кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекетке тез еріп кетуі оның еліктеу деңгейімен байланысты деп айтады.

    Ересек қылмыскерлерге қарағанда, қылмыскер жасөспірімдер қоршаған әлеуметтік ортамен тығыз байланыста болады. А.И.Долгова және В.Д. Ерланова секілді ғалымдардың пікірінше, жасөспірімдер үшін ортаның рөлі өте зор болады деп көрсеткен [16, 283-285 б.].

    Кәмелетке  толмағандардың қылмыстық жолға  түсуінің тағы бір себебі, олардың  ішімдікке әуес болуы болып  табылады. Жалпы ішімдікке әуестік жасөспірімді дұрыс жолдан тайдырып, қылмыстық әрекетке итермелейді. 13-14 жастағы кәмелетке толмағандардың басым көпшілігінің талап - тілектері шектен шығып кеткендігі, олардың ішімдіке құмарлануынан көрінеді. Осыған байланысты А.Вайсберг – қылмыс істеп айыпталған жасөспірімдерді зерттей келе,олардың 41-пайызы, қылмысты мас күйде істеген деген тұжырым жасайды. Осы көрсеткіште жасөспірімдер қылмысының күннен-күнге ұлғаюын және олардың қылмыстық әрекеттерге көп жағдайда мас күйінде баратындығын көреміз.

    Кәмелетке  толмағандардың құқық бұзушылығы кәмелетке толмағаннан кейін қылмыстың жауапкершілікті баспалдағын аттауға мәжбүр ететіні қылмыстан  белгілі. Жасөспірімдер қолымен іске асқан қылмыстың қандай түрімен күрес жүргізсек те, ол болашақтағы ересектердің жалпы қылмысымен күресуге бағытталған бірден-бір дұрыс жол екені сөзсіз. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер қылмысын болдырмай алдын-алу үшін оларға қылмыстық құқықтық шаралармен әсер ету арқылы, оның тиімді нәтижесін күту –кәмелетке толмағандардың өмір жолын дұрыс таңдап, адам болып қалыптасуына өз әсерін тигізсе керек. жасөспірімдер қылмыстық жағдайының салалығын түсіну үшін ең алдымен олардың жас шамасын анықтау басты орын алады.

    Қазақстан Республикасы территориясында кәмелетке жасы толмаған кәмелетке толмағандардың қылмысына арнайы жүргізілген санақ олардың қылмысы азаймай отырғанын хабардар етті. Нақты жүргізілген талдаулар жасы толмаған жасөспірімдер қылмысының криминогендік жақтарын ашуға көмектеседі.

    Біріншіден, Қазақстан Республикасы бұрынғы Кеңес үкіметі құрамында болған кезде де,  жылдар бойы статистикалық бақылау жүргізуін тоқтатпады. Сол кез бойына жасы толмағандар қылмысының өсуі жоғарылығымен ерекшеленеді, оның өсуі бір бес жылда орташа 14-17 пайызға жеткендігін көрсетті.

    Екіншіден, 1995 жылдан бастап, жасы толмаған жасөспірімдер қылмысының өсуі бір жерде азайғанын көрсетсе, екінші жерде көбейгенін дәлелдей түскендей.

    Үшіншіден, жасы толмаған жасөспірімдер қылмысы бір кездері олардың кейбір ауыр түрлеріне қарамастан асып түсті.

    Төртіншіден,  жасы толмаған жасөспірімдер қылмысы көбінесе, толық есепке алынбайды. Сарапшы мамандардың баға беруіне қарағанда көптеген қылмыстар ашылмайды немесе тіркеудің дұрыс жүргізілмеуі салдарынан жасөспірімдер  қылмысқа жеңіл-желпі қарап, келесі қылмысқа оп оңай қадам басады [17, 57-62 б.].

    Қазақстан Республикасында көптеген қылмыстар кәмелетке толмағандардың қолымен іске аспаса да, орын алып өсіп отырғаны жөнінде тұжырым жасауға негіз береді. Шындығына келгенде, кәмелетке жасы толмаған кәмелетке толмағандардың көптеген қылмыстары құқық қорғау орындарына жетпейді, тіркелмейді, бұндай қылмыстық әрекеттердің әсерінен көптеген қылмыстық әрекеттер жазалаудан шет қалып, қылмыстың сандық жағынан азаюына алып келеді.

    Кәмелетке жасы толмағандардың қылмысын салалық жағынан талдау маңызды орын алады. Осы тұрғыдан алсақ, жасы толмаған кәмелетке толмағандардың қолымен іске асқан қылмыстарына кісі өлтіру, ұрып-соғу, зорлау, қорқытып алу, кісі тонау, адамды кепілдікке алу, бұзақылық, мүлікті ұрлау  жатататыны белгілі.

    кәмелетке  толмағандардың қолымен іске асатын сан-алуан қылмыстардың ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, зорлау сияқты ауыр қылмыстар өткен жылдары бірен-саран кездесетін болса, қазіргі кездерде оның өсе түскендігі белгілі. Кепілдікке алу секілді қылмыс түрі бұрындары мүлдем кездеспесе, қазіргі кезде оның да бас көтеруі өмір шындығына айналып отыр. Қазіргі кезде кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер арасында көп тараған  қылмыстың біріне айналған бас пайдасын ойлап, жасалған қылмыс жатады десек қателеспеген болар едік. Олай деуге себеп, олардың арасында бас пайдасын ойлап, жасалған қылмыстың түрлеріне жататыны ұрлық, тонау, алаяқтық, сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу, күш көрсетпей тартып алу, күш қолданбай аса бағалы затты ұрлау, сеніміне кірумен немесе алдаумен адамның мүлкіне зиян келтіру сияқты қылмыстары кәмелетке толмағандардың қолымен іске асырылатыны белгілі.

    Кейбір жасөспірімдер қылмысты жалғыз өзі белсенді түрде істеп жатады, бұл олардың өзінің қылмыстық әрекетіне дайындығын, қайсарлығын, аямаушылығын білдіреді. Бұл әрине, біріншіден, болашақта қоғамға жоғары қауіптілігін төндіретіндігін көрсететін болса, екіншіден, құқық орындары мен психологтардың жекелей жұмыс жасауын талап етеді. Көптеген қылмыстық істер көрсеткендей, ұрлық жасайтын кәмелетке толмағандардың ұрлайтын заттары көбінесе ұсақ-түйек заттар болып келеді. Кейде олар ұрлаған заттарын қызығып алса, кейде саналы түрде алады. Кәмелетке жасы толмаған кәмелетке толмағандардың көп жасайтын ұрлық сияқты қылмысына қоса, соңғы кезде көп кездесетін қылмыстарының көп тараған тағы бір түрі – бұзақылық болып отыр.

    Қандай да болмасын, болмашы нәрсеге кектенген баладан өшін алу, көше-көшеге бөлініп алып, төбелес ашу немесе ара-тұра болса да кездесетін жайт, ауыл-ауыл болып төбелесу, өтіп бара жатқан баланы мазалап, ұрып-соғу, күш көрсету, жасы толмаған Кәмелетке толмағандардың бұзақылығына жататын қалыптасқан құбылыс [18, 69-72 б.].

    Жалпы қылмыстың топтық құрылуы жай құрылудан басталып күрделі құрылыммен аяқталады. Топ  болып қылмыс жасаған кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер қылмыстық жауапкершілікке қылмысқа қатысқандығы үшін жауап береді. Екі немесе бірнеше рет кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын  қылмыс үнемі қоғамға жоғары қауіп  төндіретіні белгілі. Топ құрамындағылардың бір-біріне қолдау көрсетуі-қылмыс жасауға тез шешім қабылдауын нығайтып, күш пен мүмкіндіктерін күшейте түседі.  Бұл заңмен қорғалатын кез келген нәрсеге үлкен зиян келтіруге мүмкіндік туғызады. Бір көңіл аударарлық жай, қылмыстық әрекет жасаған кәмелетке толмағандардың көпшілігі оқуға ынтасының жоқтығы мен, немқұрайлығымен ерекшеленеді. Олардың қылмыстық әрекеттерді бірлесе отырып жасауы, тұрақты  қылмыстық топқа кіруiне ұйытқы болады. Қылмыс істеуге тарту, азғыру, өтініш, ұсыныс түрінде болғандықтан жасөспірімдер оған тез көндігеді.

    Қазіргі  таңда қылмыстық әрекеттердің, соның  ішінде жасөспірімдер арасындағы  қылмыстық әрекеттердің көбеюі, қылмыстың алдын-алу шараларын  қолдануды талап етеді.

    Осыған  байланысты кәмелетке толмағандардың әрекет ету нормасынан ауытқуының, сондай-ақ  қылмыстық әрекетінің алдын алу дегеніміз – олардың заңмен қақтығысуына жол бермеу, оны тұлға ретінде жағымды етіп қалыптастыруға мүмкіндік беретін тәсілдерді анықтау, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғуын болдырмау үшін құқықтық және психологиялық  ықпалдарды қолдану сияқты негізгі мақсаттардан тұратын ұйымдасқан процесс.

    Қылмыстың алдын алу барысында кәмелетке толмағандардың биологиялық және әлеуметтік тұрғыдан әлі де болса қалыптаса қоймағандығын ескеруіміз қажет. Осыған орай, кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасының барлық ерекшеліктеріне, атап айтсақ, жас және психологиялық, әлеуметтік және өнегелік, әлеуметтік-демографиялық және құқықтық ерекшеліктеріне, сондай-ақ олардың тәрбиелік деңгейіне, біліміне, қажеттіліктеріне, нанымына, әрекет мотивациясына ерекше көңіл бөлуіміз қажет.

    Кәмелетке  толмағандар тұлғасының жекелеген ерекшеліктерін қылмыстың алдын алу барысында ескеру алдын алу жұмысының тиімді әрі нәтижелі болуына міндетті түрде өз септігін тигізеді. Кәмелетке толмағандар тұлғасына тән ерекшеліктердің бірі ретінде олардың құқықтық және өнегелік санасының тұрақсыздығы, бұрмалануға оңай түсуі танылады. Кәмелетке толмағандардың өнегелік санасы бұрмаланған жағдайда оның құндылықты бағдарлары, қызығушылығы, қажеттілігі, дүниеге деген көзқарасы, өнегелік позициясы, адамгершілік бейнесі мен сана-сезімі өзгеріске ұшырап, теріс сипатқа ие болады. Ал құқықтық сананың төмендеуі кәмелетке толмағандардың көптеген қылмысты  жасауына, заң талаптарына өз мәнін түсінбеуіне әкеп соқтырады. Бұл жағдайлардың барлығы кәмелетке толмағандардың дұрыс жолдан тайып, қылмыс жасауының бірден-бір себебі болып табылады. Осыған орай, кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алу үшін ең алдымен құқықтық және психологиялық жағынан моральдық, өнегелік тәрбие беру қажет.

Кәмелетке толмағандардың құқықтық санасын анықтау үшін Қазақстанның әртүрлі аумағындағы жзасөспірімдерге жүргізілген әлеуметтік-психологиялық зерттеу таңқаларлық нәтижелер берді: өтпелі кезеңдегі бүгінгі қоғамда кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы құқықты бүтіндей білмеуден, мемлекеттік құқық қоғау органдарына қатысты болуға дейін бұрмаланып отыр. Бұл жасөспірімдер  бойында патриотизм, заңды бұлжытпай орындау сияқты қасиеттерді дамыту мақсатында ,белсенді азаматтық және құқықтық –психологиялық білім берудің қажеттілігін тудырып отыр.

Информация о работе Кәмелетке толмағандардың қылымыстық әрекеттегі психологиясы