Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 13:25, дипломная работа
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел болып қазіргі таңдағы даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы қозғайтын істерін қайта құрумен, әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен сипатталады. Бұл қазiргi кезеңдегi жастардың әлеуметтiк жағдайдағы дамуына үлкен өзгерiстер келтiредi, яғни олардың өзiн-өзi бағалауының жеке тұлға болып қалыптасуына әсерiн тигiзедi.
Қазіргі кезде кәмелетке толмаған қылмыскертұлғасының ерекшеліктері, яғни өзін -өзі бағалауы, қарым – қатынас, мінез-құлық туралы мәселелер зерттеушілердің назарын аудартуда.
КІРІСПЕ
1 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖОЛДАРЫ
1.1 Кәмелетке толмағандардың болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтау
1.2 Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік –психологиялық мінез көрінісі
1.3 Кәмелетке толмағандардың делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау
2 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚТЫҚ СТЕРЕОТИПТЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ӘРЕКЕТІНЕ СЕБЕПШІ ФАКТОРЛАР
2.1 Кәмелетке толмағандардың қылмысқа баруының себептерi және оған әсер ететiн жағдайлар
2.2 Кәмелетке толмағандардың мiнез-құлықтық стереотиптерi
2.3 Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық іс-әрекетке себепші факторлар
3 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ӘРЕКЕТІНЕ ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАРДЫ ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
3.1 Эмпирикалық зерттеудің пәні мен объектісі
3.2 Зерттеудің мақсаты, міндеті, болжамы 3.3. Әдістемелердің сипаттамасы
3.3.1.Басса-Даркидің агрессивтілік деңгейін анықтайтын сұрақтамасы
3.3.2. Розенцвейгтің фрустрация-агрессивтілікті анықтайтын әдістемесі
3.3.3. “Автопортрет” проективті әдістемесі
3.4.Алынған нәтижелерді математикалық өңдеу және талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША
Осыған сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасында жалпыға міндетті құқықтық білім берудегі ұйымдастыру жөніндегі қаулысы қабылданған болатын. Мұнда мынадай үш мақсат алға қойылған:
- адамның
жоғарғы азаматтығын, оның жалпы
құқықтық мәдениетін және
- таңдап
алынған еңбек әрекетіне
- қылмыстық әрекеттың алдын алу мәселесін шешу [19, 52-54 б.].
Кәмелетке толмағандардың құқықтық білімін қамтамасыз ету арқылы олардың бойында заңды құрметтеу сезімін қалыптастыруға болады. Алайда мұндай білім беру барысында кәмелетке толмағандардың жас ерекшеліктерін, өмірлік жағдайы мен мүмкіндіктерін ескеру қажет, әрі мұндай жұмыс белгілі бір шыдамдылық пен жүйелілікті талап етеді.
Кәмелетке толмағандарды өз міндеттерін саналы түрде орындауға тәрбиелеу, олардың бойына жеке жауапты болу сезімін сіңдіру қылмыстың алдын алу ісінде және түзету мекемесінде аса маңызды болып саналады. Бұл сипаттағы алдын алу шараларын жүзеге асыру барысында, яғни жасөспірімдерді өзінің әрбір әрекеті мен қылығы үшін жауапты болу сезіміне тәрбиелеу үшін олардың арасында психолог, педагог, құқық қорғау қызметкерлері белсенділік танытуы қажет. Әңгіме барысында өмірлік мысалдар келтіру, тіпті бұрын сотталып, қазір түзелу жолына түскен азаматтарды осындай әңгімелерге қатыстыра отырып, олардың өз аузымен баяндауы, және де қылмысты жасамандар деп айтқан, ақыл-кеңестері кәмелетке толмағандардың сана сезіміне өзгеше әсер беріп, олардың мұндай жолға түсуіне бөгет болуы мүмкін.
Кәмелетке толмағандардың психологиялық ерекшеліктеріне, яғни олардың өмірде кездесіп отыратын қолайсыз жағдайларға тап бола отырып, қиындықтар алдында әлсіздік білдіреді, кез-келген ықпалдарға оңай түседі. Сөйтіп, олардың қылмыстық жолға түсуі де оңай болады. Осы сияқты себептердің негізінде кәмелетке толмағандардың қылмыстық жолға түсуіне жол бермес үшін жастарды дербес түрде ойлауға, өз бетінше шешім қабылдау қабілеттілiгіне, оларды кез-келген қиындықтарға төтеп беруге шынықтыруымыз қажет. Өз айналасында болып жатқан жағдайларға, халықтың жалпы ісіне, әсіресе өзінің жеке әрекетінде жауап беруге дайын тұруына дағдыландыру керек.
Егер кәмелетке толмағандардың тұрақты идеялық нанымы, адамгершілік принципі болмаса, ол жат қылықтарға,яғни қылмыстық әрекеттерге төтеп беруге қабілетті ішкі тосқауылынан айрылады, сондықтан рухани жағынан тез әлсіз болып, қылмыстық әрекеттерге тез барады. Идеялық нанымның және өнегелік мінез-құлықтың тұрақсыздығы, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына себепші болып табылатын шешуші жағдайларды ғана емес, сонымен бірге өзге жағдайларды да бейтараптай алмайды, не тым болмаса тежемейді де. Сондықтан бүгінгі таңда бүкіл азаматтардың бойында, оның ішінде, әсіресе жасөспірімдер бойында жауаптылық көзқарасын қалыптастыру және де оларды идеялық нанымға тәрбиелеу аса маңызды мәңге ие.
Кәмелетке толмағандардың адамгершілік және қоғамдық саяси мақсатқа деген оң көзқарасын жас күнінен қалыптастыру кәмелетке толмағандардың ақыл ойы мен өнегелік пісіп-жетілуі деңгейін, олардың өз нанымын кез-келген жағдайда қорғауға дайын болуын, өзін-өзі басқара білуін қамтамасыз етеді.
Қылмыстың жасалуына себепші болып табылатын жағдайларды жоюдың, онымен күрес жүргізудің маңыздылығына қарамастан, кәмелетке толмағандар қылмысының алдын алудың маңызды құралы ретінде кәмелетке толмағандардың бойында идеялық нанымды, ғылыми көқарастарды және дүниетанымды қалыптастыру шешуші мәнге ие болып табылады. Ал, жасөспірім бойында идеялық нанымды, ғылыми көзқарастарды және өмірге деген жағымды дүниетанымды қалыптастыру ісіндегі жетістіктерге психологтың комплексті әрекеті негізінде қол жеткізуге болады [20, 72-76.б.].
Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында педагогикалық тұрғыдан қараусыздық, жасөспірім бойында қоғамға қарсы қажеттіліктердің туындауына, достық, борыш, абырой сияқты түсініктерінің бұрмалануына себепші болады. Олардың енді қалыптасып келе жатқан рухани, эстетикалық және танымдық қажеттіліктері деформациялана бастайды.
Оның үстіне психологиялық және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған кәмелетке толмағандардың негізгі тобын құрайтындығы баршаға белгілі. Ішкі қажеттілік бойынша психологиялық және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалғандарды мынадай 4 топқа бөлуге болады:
1. тентек немесе ерке жасөспірімдер;
2. отбасы тарапынан шеттетіліп, көзтүрткі көргендер;
3. қараусыз қалған жасөспірімдер;
4. жат әрекеттердің тұрақты ықпалындағы және ересектердің құқыққа қарсы талаптарының әсеріндегі жасөспірімдер.
Тентек жасөспірімдер, олар жасаған әрекеттерінде ерекше жағдай қалыптастырады. Мұндай жағдайда бала өзімшіл, жеңіл өмір сүруді жақсы көретін болып өседі. Ал, кейбіреулерi ашынған, жабырқау күйде болады. Олар әдетте өзінің болашағына сенімсіздікпен қарайды.
Кәмелетке толмағандар тұлғасы эстетикалық тұрғыдан оңай бұрмаланады. Мұндай бұрмаланулар кейде олардың қылмыстық жолға түсуіне себепші болуы мүмкін. Кәмелетке толмағандардың айқын белсендлікке ие адам екенін естен шығармаған жөн. Демалу уақытының пассивті түрде өтуі, әдетте, жиналған энергияны шығаратын, белсенді іспен айналысуды қажет етеді. Кәмелетке толмағандардың жартысына жуығы өздерінің бос уақыт ішінде, өзінің қарқынды энергиясын жүзеге асырады және де ол энергия қажетті салаға жұмсалмайтын болса, оны жұмсау объектісін сол кәмелетке толмағандардың өзі таңдайды. Көшенің жасөспірімдер үшін тартымды болуы да осыған байланысты. Өйткені, жасөспірім өзінің қарқынды энергиясын күш көрсету түрінде көшеде жұмсай алады, ал мектеп пен отбасы мұндай кәмелетке толмағандардың қоғамға қарсы психологиясының қалыптасуында үлкен роль атқарады.
Кәмелетке толмағандар бойында еңбекке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру аса маңызды мәнге ие. Өйткені кез-келген жасөспірімді ең әуелі отбасы, одан кейін мектеп және барлық жағдайда еңбек тәрбиелейді. Еңбек ету қажеттілігі болған жерде тәртіптің бұзылуы және кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеті өте сирек кездеседі.
Кәмелетке толмағандар өздерінің психофизиолгиялық қасиеттерінің толық деңгейде дамып-жетілмеуі және тұрақсыздығы негізінде, ересектердің және де тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың белсенді, мақсатты және қатаң түрде жүргізілетін қайта түзеу жұмыстарынсыз өз сана-сезіміндегі және мінез-құлық әрекетіндегі кемшіліктерді өз бетінше шеше алмайды.
Сондықтан да, жастар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік қызметтер кешенін, оның ішінде, әлеуметтік-психлогиялық көмек орталықтарын, наркологиялық қызметтер, жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға арналған әлеуметтік сауықтыру мекемелерін, заңдық көмек беру және демалыс орталықтарын жер-жерлерде көптеп құру көптеген тиімді нәтижелерді береді.
Кәмелетке толмағандардың психикасы жас балалардың да, ересектердің де психикасынан өзгеше. Олар үшін импульсивтік, жоғары әсерленгіштік, қызбалыққа тез түсу, көңіл-күйінің тұрақсыздығы, өз-өзіне сенімсіздігі, өз әрекетінің дұрыстығына жиі күмәндануі тән екендігін бұдан да бұрын айтқан болатынбыз. Бұл сияқты құбылмалы психологиялық қасиеттер - кәмелетке толмағандардың қылмыстық жолға оңай түсуіне себепші болады.
Жасөспірімдерді жамандықтан үнемі қорғаштап отыру, өмірде кездесіп отыратын қиындықтар жөнінде сөз қозғамау, олардан жекелеген адамдар тарапынан жасалатын бейморальдық және қоғамқа қарсы әрекеттерді, әділетсіздік пен жалғандықты жасыру, мұндай құбылыстар кездескен жағдайда оған төтеп беріп, қажет болған жерлерде шыдамдылық білдіруге, қастандық әрекеттермен күрес жүргізуге тәрбиелемеу олардың тұлғасының әлсіздігіне, қиындыққа шыдай алмай теріс жолға оңай түрде түсуіне қиындықпен бетпе-бет кездескен кезде, олардың бойында өмірден түңілу сезімі қалыптасып, армандары мен сенімдерінің күйреуіне әкеп соғады.
Кәмелетке толмағандардың стихиялы түрде өзін-өзі тәрбиелеуі, сана-сезімнің төмендеуін тудырады, сөйтіп белгілі бір деңгейде қылмыскер тұлғасының қалыптасуына себепші болады және оны түзеуге бөгет жасайды.
Ал,кәмелетке толмағандардың саналы позитивті түрде өзін-өзі тәрбиелеуі дегеніміз - өмірде алға қойған мақсатына қол жеткізу, әрі жоғары деңгейде әрекет етуге дайын болу қабілеттігі мен қасиеттерін, моральдық және физикалық күштерін, ақыл-ойын дамыту үшін ерікті, белсенді түрде әрекет ету процесі болып табылады.
2.2
Кәмелетке толмағандардың
М. И. Еникеев сипаттамасы бойынша кәмелетке толмағандарға заңды бұзған көптеген қылмысты артуға болады. Олар, сабақтан қашу, бармаудан бастап - адам өліміне дейінгі қылмыстар.
Бұл жасында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің бойында кездесетін келесідей мінездер тән:
1. Қарсыластық реакциясы. Кәмелетке толмағандар іс-әрекетіне, тәртібіне үлкендер тарапынан шек қоюына қарсылықты білдіреді. Бұл іс-әрекеттер – үйден қашумен, шулы серуендермен сипатталады.
2. Имитация реакциясы. Нақты образға, жеке дамға еліктеу. Кейде бұл белгілі “кейіпкер” болуы мүмкін. Мысалы, жасөспірімдерге “қылмыскер-суперменнің ”үлкен ықпалды екені белгілі. Соңғы кездегі детективті әдебиеттер кейіпкерлерге еліктеу жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауына кері әсерін тигізеді.
3. Компенсация реакциясы. Бір саладағы сәтсіздік енді бір салада дұрыс берілуі. (Мысалы,мектепте сәтсіздік болса, ”батыл” іс-әректтермен орын толтыру).
4.
Гиперкомпенсация реакциясы.
5.Эмансипация реакциясы – жеткіншектің өз дербестігі, еркіндігі, тәуелсіздігі, өзін таныту үшін күресуі;
6. Топтасу реакциясы. Бірдей жастағы жасөспірімдердің топтасауы. Жасөспірімдік топтар, ортақ мақсаттылығымен, жинақылықтармен, ортақ бағыттылықтармен ерекшеленеді (1, 103-104 б. ).
7.Девиантты мінез құлық реакциясы.Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс.Жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы. Аддикция – addiction (ағылшынша) – зиянды әдеттер, әлденеге немесе әлдекімге тәуелділік. Тек қандай да бір затқа (темекі, алкоголь, наша) емес, сондай-ақ, құмар ойындарға немесе субъект үшін сол сәтте маңызды болып табылатын адамға (ғашық болу, табыну, жалған құрметтеу) да тәуелділік болады. Соңғы кезде компьютерге тәуелділік жөнінде көп айтылып жүр
Агрессивті – басқа адамдарды өзіне бағындыру немесе оларға үстемдік ету мақсатында нақты немесе қиялынан туған мінез-құлықтан көрініс табатын тенденция, екі түрі болады: латентті (жасырын) және айқын;
Тәуелді – қанағаттану, рахатқа бөлену немесе бейімделу мақсатында біреуге немесе бірдеңеге міндетті болуға ұмтылу, симбиотикалық тәуелділік;
Суицидальді – өзіне қол жұмсау бағытындағы саналы әрекеттер. Жеткіншектердің суицидальді мінез-құлқы отбасындағы, сондай-ақ, құрдастарымен қатынастардағы жағдайларды қабылдамау салдарлары болып табылады. Немқұрайдылық, селқостық, жек көрушілік, әділетсіздік атмосферасы үмітсіздік, жалғыздық сезімін туғызады. Кінәні сезіну, ата-аналар мен педагогтар тарапынан қойылған талаптарды орындау мүмкіндіктерінің болмауы, өзін-өзі бағалаудың төмен болуы да суицидтің алғышарттары болып табылады.
Информация о работе Кәмелетке толмағандардың қылымыстық әрекеттегі психологиясы