Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 07:58, дипломная работа
Зерттеудің міндеттеріі:
1.Шешендік өнерді ұлттық психологияның бастауы ретінде қарастыру.
2.Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру жолдарын зерттеу.
3.Шешендік өнердің тәлім-тәрбиелік маңыздылығын айқындау.
4.Шешендік өнердің психолого-педагогикалық тұрғыдан ықпалдастығын қарастыру.
5. Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнердің рөлін айқындау.
КІРІСПЕ 4
1 ШЕШЕНДІК ӨНЕР ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ БАСТАУЫ 4
1.1 Шешендік өнер туралы түсінік 9
1.2 Шешендік өнердің тарихы, қазақ халқының шешендік өнері 13
1.3 Шешендік дағдылар мен біліктіліктер 21
1.4 Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру 25
2 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 30
2.1 Қазақ билерінің шешендік сөздеріндегі дидактикалық мәселелері 30
2.2 Шешендік сөз өнерінің тәрбиелік маңыздылығы 38
2.3 Шешендік өнердегі мақал- мәтелдер мен нақыл сөздер, жұмбақ айтысы, жаңылтпаш мәселелері 43
3 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 48
3.1 Шешендік өнердің психологиялық аспектісі 48
3.2 Шешеннің жалпы мәдениетінің қалыптасуы 49
3.3 Сөйлеу техникасы және шешеннің көпшілік алдында сөз
сөйлеуге психологиялық дайындық 52
3.4 Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнер
рөлін анықтап,дамыту жолдары 70
ҚОРЫТЫНДЫ 85
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 87
ҚОСЫМШАЛАР 89
Егес - бір мәселені талқылау кезіндегі сөз жарыс, мұндайда әр жақ өз пікірін, өз шындығын жақтайды. Егер өзінен өзі, егесуші екі жақтың біреуінің бастамасымен туады [39].
Тыңдаушылармен кездесуге дайындалғанда шешен тыңдаушылардан не талап ететінін, оларға қандай әсер еткісі келетінін анық білуі қажет. Соған байланысты сөйлесудің белгілі бір түрін таңдап алуы керек.
4. Сөйлесудің мақсаты
Қатынас барысында, әсіресе іскерлік қатынастарда әрбір сөз, әрбір сөйлем бекерге айтылмауы қажет. Сөйлеуші сөзін дайындауға кірісерде оның мақсатын анықтап алу керек. Ол сөзді қандай мақсатпен айтатынын, тыңдаушылардан не талап ететінін анық білу қажет. Егер шешен сөзінің мақсатын білмесе, оның бұл сөзі табысты болмайды. Сөздің мақсаты жалпы және нақты болып бөлінеді.
Сөздің жалпы мақсаттары
Сөздің жалпы мақсаты сергіту, мәлімет беру, жігерлендіру, сендіру, белгілі бір іс-әрекетке шақыру болуы мүмкін. Жалпы мақсаттарына сай сөз түрлері де өрбиді. Сөзді дайындауға кіріскенде осыны естен шығармау керек. Егер сөйлеудің жалпы мақсаты жұртты сергіту болса, онда бұл арада мәліметтер бермей-ақ, сендіріп, үгіттемей-ақ қоюға болады. Сөздің әрбір түрі белгілі бір талаптарға сәйкес келуі қажет. Оларды жеке-жеке қарастырып байқайық.
Сөздің түрлері
1. Сергітетін, көңілдендіретін сөздің басқа мадсаты болмайды, ол тыңдаушыларды сергітіп, көңілдендіріп, күлдіру керек. Ондай сөздің бар маңсаты - барынша ңызыңты болу. Ондай сөздер әзіл-оспаң, сықақ, адам-дардың ерсі ңылықтарын, сөйлеу, жүру дағдыларын ма-зақтап сынау, адам бойындағы теріс мінездер мен ңылыңтарды күлкі ету түрінде болады. Іскерлік жағда-яттарда сергіту сөздерінің пайдасы шамалы. Біраң зілі жоқ әзіл-оспаңтың сөздің өрбір түріне ңатысы бар.
2. Ақпарат жеткізу сөзі. Ақпарат жеткізу сөзінің негізгі мақсаты — тек қызығушылық, ынта оятып қана қоймай, зат не құбылыс туралы жаңа түсінік беру. Мүндай сөздің негізгі қызметі - білім беру және оны байыту. Материалдарды баяндағанда күмән туғызбайтын ақпаратты пайдалану, логикалық жағынан ақаусыз дәлелдеу, құбылыстардың арасындағы себеп-салдар байланыстарды ескеру керек. Ақпараттық сөз баяндау, сипаттау, түсіндіру түрлерінде болады. Онда талас туғызатын ешнәрсе болмағаны жөн. Ол тыңдармандар тарапынан қызығушылық, ынта туғызатындай, әрі қажетті болуы керек. Ақпараттық сөздердің түрлері - хабарлама, есеп, жиналыстар мен митингілерде сөйлеу, баяндама, т.б. Ақпараттық сөз іскерлік тәжірибеде көптеп ңолда-нылады. Мыс, әріптестеріне тұтынушыларға өз компаниясы, шығаратын өнімдері, олардың сапасы мен бағасы, артықшылықтары туралы әңгімелеу.
3. Жігерлендіруші сөз. Әдетте мұндай сөздерде жаңа ақпарат болмайды, айтылатын идеялар да жаңа емес, оның мақсаты - сендіру және дереу іс-әрекет, қимылға бастау. Мұндай сөздердің материалдарын ыждақатпен таңдап алу қажет, себебі олар тыңдаушыларда тек білуге құмарлық оятып қана қоймай, олардың санасында адамның, әдет-ғұрыптың, адамгершілік қасиеттерін, отансүйгіштіктің, сенім мен үміттің, әділдік пен ризашылықтың, махаббаттың мағынасын күшейтіп, сезімдерін ояту. Мұндай сөз түрін таңдап алған шешен шектен тыс сезімталдыққа беріліп кету қаупі де бар.
4. Сендіруші сөз. Сендіру дегеніміз - логикалық дәлелдермен бір нәрсенің растығына көз жеткізу немесе теріске шығару. Мұндай сөздерге шешен барлың айла-тәсілдерді қолданып, тыңдаушыларды сендіруге тырысады. Барлық сөздер сияқты бүл сөз де қызғылықты болуы керек. Сендіруші сөз мынандай талаптарға сай болуы керек.
Талқылау үшін шын мәнісінде талас мәселе таңдалуы керек. Себебі, сіз сөзіңізді әлі бастамай жатып жүрттың бөрі сізбен келісетін болса, онда сөйлеп не керегі бар. Маңызды да, мағыналы тақырып болуы керек. Ондай болмаған жағдайда тыңдаушылар ңызыңпайды, оларды зеріктіреді. Кейбір мәселелердің тыңдаушылар үшін еш қызықтығы жоқ.
Дәлелдеуге болатын талас түйіні шешілетіндей мәселені тыңдаған дүрыс. Кейбір мағыналы талас мәсе-лелер әлі шешілген жоқ, себебі нақтылы және талассыз дөйектер әлі жеткіліксіз. Мысалы, тыңдаушыларды басқа планеталарда өмір бар деп сендіру қажетсіз. Себебі оған дәлелдер аз, жоқтың қасы.
Егер сіз тек теориялық жағынан және болжамға негізделген мәселелерді сөз етсеңіз, үзілді-кесілді қорытынды жасамай, тек оларға тыңдаушылар тарапынан ңызығушылың тудыруыңыз керек. Сендіруші сөздерге мысал ретінде сақтандыру агентінің медициналың сақтандырудың тиімділігі, жарнама агентінің кейбір тауарлардың пайдалылығы, медицина қызметкерлерінің спортпен айналысудың пайдасы, темекі мен арақтың, есірткінің зияны туралы әңгімелерін келтіруге болады.
5. Іс-әрекетке, қимылға шақырушы сөз тыңдаушы-ларды жедел түрде іс-әрекетке кірісуді, не бүрын орын алып отырған іс-әрекеттерді жалғастыруға немесе тоң-татуға шақырады. Мұндай сөздер қажетті фактілер мен мәліметтерге негізделіп, сана-сезімнің қабылдаушылың мүмкіншіліктерін оятып, ауызбіршілікке әкелуі керек. Мұндай сөздер тыңдаушыларға шешен айтып түрған іс-әрекеттерді орындау ңажеттігін туғызуға тиіс.
Мұндай сөздердің үлгісі ретінде мынандай шақыруларды қабылдауға болады:
- сақтандыру полисін, жолдама, кітаптар және басңа да жүздеген тауарлар мен қызмет түрлерін сатып алуға не пайдалануға;
- қайырымдылық қоғамдары мен қорларына көмек беруге, табиғат апаттарына ұшыраған тұрғындарға көмек беру туралы:
- ресми орынға дәмеленушіге дауыс беруге шақырулар;
- белгілі бір кітапты оқуға, фильмді көруге, спорт жарыстарын тамашалауға шақырулар;
- өз денсаулығын күтуге, спортпен, дене шынықтырумен айналысуға, темекі шекпеуге, ішімдік ішпеуге, есірткі қолданбауға, адал, ақпейіл, батыл болуға, жаман әдеттерден аулақ болуға үндеулер.
Сонымен қорыта айтқанда, әрбір шешен сөйлеуге дайындалар алдында өзінің тыңдаушыларға қандай талап қоятындығын, олардан не күтетіндігін анық біліп, со-ған лайықты сөз сөйлеуге дайындалуы қажет.
Сөз сөйлеудіц нақты мақсаттары
Шешен сөз сөйлерде алдына жалпы мақсаттармен қатар нақтылы мақсаттар да қояды. Егер жалпы мақсат тыңдаушылардан не күтетіндігіңізді анықтайтын болса, нақты мақсат тыңдаушы не білуі керек, нені сезінуі қажет, не істеуі керек деген сұрақтарға жауап беруі керек. Яғни сөйлеуші сөзін тек өзі үшін ғана емес, сонымен бірге өзінің тыңдаушылары үшін де дайындауға тиіс.
Егер тыңдаушының бар ойы шешеннің не айтқысы келетінін табуға кететін болса, ондай тыңдаушыларға әсер ету оңай емес.
Тыңдаушылар алдында сөзінің мақсатына анық, дәл анықтама берудің үлгісі ретінде Американың атақты шешені - Уэнделл Филиппстің сөзін келтіруге болады:
"Ханымдар мен мырзалар! Менен
алдымызда өткен аға ұрпақтың
өкілі - Сан до-Минго аралының
ұлы билеушісі тамырында бір
түйірде ақ адамның қаны жоң,
таза негр Туссен Лувертюр
туралы айтып беруді өтінді. Мен
сөзімде оның өмірбаянына
Қорыта айтқанда, егер алдын ала сөздің жалпы мақсатын (сергіту, мәлімет беру, жігерлендіру, үгіттеу-сендіру, іс-әрекетке шакыру), нақты мақсатын (тыңдаушылар үшін тұжырымдау) анықтамасаңыз, сөйлеу түрін (лекция, баяндама, әңгіме, шолу, ақпарат беру, әңгімелеу, пікірталас, т.б.) таңдап алмасаңыз, сөзіңіздің сәтті шығуы екіталай.
5. Сөз сөйлеуге қажетті
Көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалудың келесі кезеңі - ол сөзге қажетті материалдарды жинау, құрастыру. Өз сөзіңіз үшін қажетті ақпараттың, қызғылықты фактілердің, мәліметтердің, мысалдардың көздері мыналар:
- ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиеттер;
-анықтама, әдебиеттер: энциклопедиялар, энциклопедиялың сөздіктер, статистикалық жинақтар, өр түрлі мәселелер жөніндегі жылдық басылымдар, кестелер, библиографиялық көрсеткіштер;
- көркем әдебиет;
- газет-журналдардың мақалалары;
- радио жене теледидар хабарлары;
- әлеуметтанушылық сұраунамалар;
- жеке байланыстар, әңгімелер, сұхбаттар;
- жеке өмір тәжірибесі, алған білімі;
- бақылағандары мен түйгендері.
Сөз мазмұнды да мағыналы болып шығуы үшін бір емес, бірнеше көзді пайдалану керек.
Сөзге материал жинау біраз уақытты қажет етеді, сондықтанда оған дайындықты ертерек жасаған ыңғайлы.
6. Сөз дайындауга қажетті әдебиетті іріктеп алу
Бұл кезеңде мынандай іс-әрекеттер жасау керек. Сөз тақырыбына байланысты бұрын оқыған әдебиетті еске түсіру; жеке кітапхананы қарап, каталогтар мен жур-налдардың мазмұнын, библиографиялың басылымдарды, анықтамаларды парақтап шығу.
Осы іс-әрекеттерді жүйелі түрде қайталап тұру шешеннің сөзге дайындалар алдындағы әдебиеттерді іріктеу дағдыларын қалыптастырып, дайындалу процесін жеңілдетіп, тездетеді.
Бұл кезеңде шешенге кітапханаларда жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан да әр түрлі каталогтарды (әліппелік, жүйелілік, пәндік), библиографиялық ба-сылымдар мен анықтамалық әдебиеттерді пайдалану тәсілдерін білу мен жаттықты-ру аса пайдалы.
7. Іріктеліп алынған әдебиетті оқу
Сөзге дайындалудың маңызды кезеңінің бірі - ол іріктеп алынған әдебиетпен танысу, оқу, олардан қажетті нәрселерді іріктеп алу. Бұл үшін тиісті бөлімдерді оқып шығып, қажетті жерлерін, мазмұнын қысқаша көшіріп жазып алу, пайдаланған материалдарды жүйеге келтіру, т.б.
Кітаппен жүмыс істей отырып, өзіңізді белгілі бір күйге келтіру, өзіңізге-өзіңіз тиісті "нұсқау" беруің керек. Оқу кезінде қандай мақсат қою керек? Ол әр түрлі болады. Шешен мұндай жағдайда өз алдына мынандай мақсаттар қоюы мүмкін:
- кітаптан алдағы сөйлейтін сөздің тақырыбы мен мазмұнына байланысты жерлерді, мәселелерді оқу;
- кітаптың мазмұнын сын көзбен қарап талдап шығу;
- өз пікірінің автордың немесе басқа да беделді адамдардың пікірімен сәйкес келу, келмеуін тексеру;
- сөйлеуге қажетті фактілерді, мысалдарды, қызықты пікірлер мен тұжырымдарды таңдап алу, т.б.
Мұндай мақсаттар шешенге кітаппен анағұрлым тиімді жұмыс істеп, ең алдымен, оқудың түрін таңдап алуға көмектеседі. Қалай оқу керектігі туралы біз осы бөлімнің бірінші тарауында айтып кеткенбіз.
Кітаппен жұмыс істеуді онымен алын ала танысудан бастаған жөн. Ең алдымен оның титулдық парағы оқылады. Онда кітаптың аты (оған қарап оның мазмұны туралы алдын ала түсінік алуға болады) және автордың аты-жөні басылған. Көбінесе титулдық парақта кітаптың жіктелу сипаты беріледі (оқулық, оқу құралы, анықтамалық құрал, анықтама сөздік, роман, пьеса, дастан, әңгіме, т.б.).
Кітаптың шыққан жылына назар аударыңыз. Егер сіз 50-60 жылдары шыққан ғылыми-көпшілік кітапшасын оқып отырсаңыз, ондағы келтірілген мәліметтер атам заманда ескіріп қалғанын естен шығармауыңыз керек. Сондықтанда өзіңізге қажетті мәселелер бойынша барынша соңғы кезде шыққан жаңа әдебиеттермен танысуға ұмтылыңыз.
Титулдық парақшада баспаның аты мен кітаптың басылып шыққан жері көрсетіледі. Одан соң кітаптың мазмұны келтіріледі. Оған қарап кітаптың мазмұны туралы алдын ала біраз мәліметтер аласыз, суреттері, сұлбалары мен кестелері де назарыңыздан тыс қалмасын.
Кітаппен толығырақ танысуға титулдық парақтың екінші бетіне немесе кітаптың соңына басылған аңдатпа да көмектеседі. Онда кітаптың мазмұны, көтерілген мәселелер, кімдерге арналғандығы, оның авторы туралы қысқаша мәліметтер беріледі.
Егер кітапта алғы сөз, кіріспе, не соңғы сөздер болса, оларды да оқу керек. Алғы сөзде кітаптың жазылу тарихы мен мақсаты қысқаша мазмұны туралы айтылып, негізгі көтерілген мәселелерге сипаттама беріледі. Сөз соңында автор баяндалған мәселелерді қысқаша тұжырымдайды немесе негізгі көтерілген мәселелерге сипаттама беріледі. Сөз соңында автор баяндалған мәселелерді қысқаша тұжырымдайды, немесе негізгі мәселелерді қыскаша қайталайды.
Сонымен, іріктеліп алынған кітаптарды алғашқы рет осылай қарап шығу болашақ сөзді дайындаудың маңызды кезеңі болып табылады. Ол іріктеліп алынған кітаптардың қайсысының дайындалып жатқан тақырыпқа сай келетіндігін, қайсысын тәптіштеп оңу қажеттігін анықтауға көмектеседі.
Атақты ағылшын философы Ф.Бэконның мына дана сөзіне назар аударып көріңдер:
"Кейбір кітаптарды жай ғана көруге, біразын жұтып қоюға, ең соңында тек кейбіреулерін ғана шайнап, жұтып, сіңіруге болады".
Бұл ойымызға мысал ретінде үлкен Плиннийдің "Хаттарынан" бір пікір келтірейік:
"Қалай оқу керектігі жөнінде кеңес беруді сұрапсың, сен менен. Онда тыңда: әрбір жанр бойынша авторларды мұқият таңда. Шындығын айтқанда бәрін оқу керек емес, көп оқу керек қой" [41].
8. Оқыганның мәнін түсіну
Оқу кезінде оқығандарыңыздың мәнін түсініп, оларды бұрынғы біліміңізбен байланыстырып, салыстыру қажет. Бұл материалды талдап, жүйеге келтіруге, қажетті тұжырымдар жасауға көмектеседі.