Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 20:29, дипломная работа

Краткое описание

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі жаһандық мәселе және Қазақстан Республикасы үшін де ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі орталық мәселелердің бірі болып табылады, өйткені азық-түлікпен сенімді қамтамасыз етпейінше бір де бір ел басқа мемлекетке тәуелділіктен құтыла алмайды. Қазақстан экономикасының тұрақтануы және экономиканың өсуі бұл проблеманың өткірлігін бәсеңдетеді.

Содержание

Кіріспе 6
1. Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
теоретикалық негіздері 9
1.1 Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұғымы 22
1.2 Аймақтың өнеркәсіптік кешенін экономикалық басқарудағы
теориялық-әдіснамалық негіздері 28
1.3 Азық-түлік қамтамасыз етудегі шетел тәжірибелері 38
2 Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, елдің
экономикалық-әлеуметтік ахуалын арттыру тетектерінің бірі 39
2.1 Павлодар облысының әлеуметтік экономикалық дамуы 51
2.2 Павлодар облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз
етудегі кәсіпкерліктің дамуын талдау 58
2.3 Павлодар облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешенде
кәсіпкерліктің даму мәселелері 60
3 ҚР-ның өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекет
тарапынан қолдау және реттеу шаралары 61
3.1 Еліміздің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі
бағыт-бағдары және оны жүзеге асырудағы түйінді мәселелері 68
3.2 Бәсекеге қабілетті азық-түлік тауарлар өндірісіндегі
қаржылық менеджмент стратегиясын жетілдіру 70
3.3 Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері
мен азық-түліктер өндіруді талдау және болжау 74
Қортынды 77
Қолданылған әдебиеттер тізімі 79

Вложенные файлы: 1 файл

Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету (Павлодар облысының материалдарының негізінде).docx

— 234.68 Кб (Скачать файл)

 

Жоғарыдағы кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай аудандар бойынша  халықтың етпен және сүтпен қамтамасыздығы стандарттық тұтынулардан жоғары болғанымен, қала бойынша қамтамасыздық жағдайы  өте нашар екендігін байқаймыз. Өйткені ауылдықтар өзін-өзі өз жеке шаруашылықтары арқылы қамтамасыз етіп отырғанымен, олардың өнімдері қала халқын қамтамасыз етуге мүлде жетпейді. Қала халқына -13,9 мың тонна ет өнімдері, -58,1 мың тонна сүт өнімдері жетпейді. 

Сонымен, алынған нәтижелерді талдаулардан Жамбыл облысы ет-сүт өнімдері бойынша  жақын аймақтардың импортына  тәуелді екендігін байқаймыз.

Дүниежүзілік аграрлық сала ауыл шаруашылығы  мен азық-түлік өндірісі сияқты секторларға  ие бола және планетадағы халық санының  өсуіне қарай нарықты қажеттілік арта түскен бәсекеге қабілетті өнімдермен толықтыра отырып шапшаң дамуда. Соңғы  жарты ғасырда ғана азық-түлікке  деген сұраным төрт есе өскені мәлім.

Негізгі азық-түліктің дүниежүзілік өндірісі 2008-2009 есепті жылы 4.4 млрд. тонна болды, оның ішінде миллион тонна есебімен алғанда: негізгі дақылдар 1788 (жүгері – 770,6; астық – 602,3; күріш - 420), көкөніс – 660, жемістер – 503, сүт – 425,3; картоп – 321, ет – 280,9; қант – 169, балық – 143, өсімдік майлары – 128,2 млн. тоннаға жетті.

Қазақстанда осындай өнімді өндіру 2008-ші жылы 28,9 млн. тоннадан асып түсті, оның ішінде миллион тонна есебімен алғанда: астық – 16,5, сүт – 5,1; картоп – 2,4; көкөніс – 2,3; ет – 0,84; қант – 0,4; жүгері – 0,42; май дақылдары – 0,4; күріш – 0,3; жемістер – 0,25; балық  – 0,04 млн. тонна болды. Азық-түліктің аталған түрлерін шығару жан басына шаққанда 1,8 тонна болды, бұл дүниежүзілік орташа деңгейден, сондай-ақ Қытай, Индия, Ресей, Украина, Түркия, Иран мен Пәкістандағы сәйкес көрсеткіштен екі еседен астам  жоғары болды.

Қазақстан іс жүзінде дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігіне қомақты үлес қосып отырған ірі аграрлық елдердің қатарына жатады. Біздің еліміз өз өнімдерінің айтарлықтай бөлігін әлемдік нарыққа шығарады. Республиканың агроөнеркәсіптік секторы өнімінің дүниежүзінің 38 мемлекетіне экспорты 2000-шы жылғы 650,6 млн. доллардан 2008-ші жылы 3,5 млрд. долларға дейін жетіп, 5.3 есе артты. Біздегі сала өнімдерінің 160 түрі сыртқы нарыққа шығарылады, атап айтқанда: астық, ұн, иленген тері, мақта, тары, күріш, бақша өнімдері, көкөніс, жемістер, маргарин, жеміс шырындары, минералды су, нан-тоқаш, кондитерлік тағамдар және басқалары.

Қазақстан сыртқы нарыққа 1,5 млрд. доллар көлемінде астық шығара отырып, көшбасшылардың бірі ретінде оның экспортынан дүние  жүзінде 7-ші орын алады. Астық экспортындағы  ұнның үлесі 2000-шы жылғы 9 пайыздан 2008-ші жылы 58 пайызға жетіп, 849,2млн. доллар көлемінде болды. Айырма 6,5 есе азайды. Астыққа шаққанда макарон өнімдерінің  экспорты 2008-ші жылы 0,2 пайыздан 0,8 пайызға  дейін көтерілді.

Республиканың ұн тарту өнеркәсібі таңқаларлық нәтижелерге жетісті. Еліміз ұн экспорты бойынша дүние  жүзінде бірінші орынға шығып, соңғы  үш жыл қатарынан осы биікке тұрақтап қалды. Дүниежүзілік 10,8 млн тонна  ұн экспортының 23,9 пайызы Қазақстанның үлесіне тиеді. Соңғы уақытта  нан-тоқаш пен кондитерлік өнімдердің экспорты шапшаң өсуде: осы өнімді сыртқа шығарудың астық экспортына шаққандағы үлес салмағы 2008-ші жылы 0,3 пайыздан 0,7 пайызға жетті.

2009 жылғы ауылшарушылығы Министрлігінің ветеринария Департаментінің рұқсатымен импорттық тауарлардың шеттен әкелініп және шетке шығарылу көлемін келесі 13-кесте мәліметтері арқылы көруге болады.

 

Кесте 13

2009 жылғы Жамбыл облысының азық-түлігінің импорты мен экспорты    

тонна

Көрсеткіштер

Шеттен әкелінгені

Шетке шығарылғаны

Алыс шетелдерден

ҚР басқа облыс- тарынан

Облыстан шет аймақтарға

1

2

3

4

Кестенің соңы

     

Ет өнімдері

5634,3

346

1389,5

Балық өнімдері

6235,6

-

1178

Сүт өнімдері

2202,2

252

338

Жемшөп

581

-

2795

жұмыртқа (млн.дана)

-

0,7

2,45


 

   Сонымен, аграрлық сектордың жағдайын және халықтың негізгі тамақ өнімдерімен қамтамасыздығын талдау азық-түлік нарығының импорттан тәуелділігінің көтеріңкі деңгейімен сипатталады, сондай-ақ халықтың азық-түлік өнімдеріне физикалық және экономикалық қолжетімділігінің өте нашарлығымен сипатталады.

   Азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етудің артып келе жатқан қауіптерін тоқтату үшін мемлекет келесі іс-шараларды жүзеге асыруы керек:

  - жан басына шаққанда орташа есеппен, сондай-ақ жекелей жыныстық жас топтары бойынша тамақ өнімдерін барлық қажетті наменклатурасы бойынша тұтынудың ұлттық стандарттарын бекіту;

- халықтың кедейшілігін төмендету үшін негізгі ерекшеліктер келесілер болуы керек: аймақтардың даму деңгейін теңестіруге, болашақта экономика слаларының, соның ішінде ауылшаруашылығының экономикалық өсуін қамтамасыз етуге бағытталған аймақтық саясат жүргізу;

- Обылыс әкімдері тұтынудың ұлттық стандарттары негізінде есептелген минималды тұтыну мониторинг жұргізуі қажет;

- тамақ өнімдеріне экономикалық қол жетімділікке жету үшін тұтынудың ұлттық стандарттары негізінде есептелген минималды тұтыну себетінің құнымен халықтың барлық топтарының табыс денгейінің тенгерімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өзіндік құны төмен, жоғары сападағы тамақ өнімдерінің жаңа түрлерінің өндірісін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын жасау; 

- тамақ өнімдерінің сапасын бақылау жүйесін жасау және оны халықаралық стандарттарға көшіру;

- халықтың азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыздығының мониторингін жүргізу;

- индикативті жоспар жасау кезінде азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етудің негізін құрайтын әрбір ауылшаруашылық өнім түрлері бойынша және оларды қайта өңдеу бойынша өндіріс параметрлерін ескеру;

- мемлекеттік азық-түлік қорларын пайдалану, сақтау және қалыптастырудың жүйелерін оптимизациялау;

- мемлекеттік сатып алу мен материалдық резервтерді  уақытында бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;

- ішкі нарық сатылымының импортқа тәуелділігін отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және дұрыс мемлекеттік саясат жүргізу негізінде төмендету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.

 

2.3 Халықтың азық-түлік қауіпсізідігін  қамтамасыз ету бойынша елде 

атқарылып жатқан іс-шаралар

 

Ауыл шаруашылығы — ел үшін өзекті салалардың бірі. Елбасының биылғы Жолдауында осы бағытта алға қойылған міндеттер қатарында бірінші  болып елдің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілуге тиістігі аталуы жайдан-жай емес. Бұған байланысты іс-мақсат айқын сараланып беріліп, тапсырмалар талдап көрсетілді. Бұл жағынан келгенде жылдың басты құжаты аграрлық сектордың мықтап дамуына қуатты серпін қосатыны үлкен сенім туғызады.

Жалпы алғанда, осынау мәселеге әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің негізгі тұғыры ретінде қаралып, аса маңыз берілетіндігі белгілі. “Ас – адамның арқауы” делінгендей, тамақ өнімдерінің жеткілікті өндірілуі жаппай ауқаттылықты қалыптастырып, өсіп-өркендеуді бекемдендіре түсетіндігі, әлеуметтік мәселелерді оңтайлы шешуге игі ықпалын тигізетіндігі талассыз фактор. Ең бастысы, мемлекеттік мүддені тиянақты қорғауға табан тіреткізетіндігімен, беделді биік ұстататындығымен маңыздылығы бөлек.

Қазақстанның  Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына  кіруі әрі Қазақстан, Ресей және Беларусь  кедендік одағының режимі жұмыс істеуі қарсаңында Маңғыстау облысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше мән беріледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның  жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын таяудағы Жолдауында атап көрсетілгендей, диверсификацияның маңызды сегменті-  агроөнеркәсіптік кешенді дамыту болып табылады.

Елбасының қойған міндеттерін орындау мақсатында үш жылда  көкөніс-бақшалық егіс алқабы 2,5 есеге ұлғайып, бүгінгі күнге 1200 гектар құрайды. Тамшылатып суарудың жаңа технологиясы  130 гектар жерге енгізілді – бұл 2008 жылдағыдан 3 есеге көп.

Облыста тұңғыш рет ірі өңдеу өндірісі – бұл Бейнеу селосындағы қуаты  жылына 90 мың тонна  ұн шығаратын  астық терминалының құрылысы басталды. Жобаның бірінші кезеңін іске асыру биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында аяқталады деп жоспарланып отыр. 
Сөйтіп, Қазақстанның бүкіл батыс өңірін ұнмен  толық қамтамасыз ететін өзіндік өндірісінің мәселесі  шешілетін болады,  және де оның тиімділігі – ұн мен ұн өнімдеріне қойылатын бағаны едәуір арзандатпақ. 
Осы жобаның аясында, сонымен бірге мал азығын өндіру цехы  салынатын болады, бұл - өңірде  құс шаруашылығы мен мал шаруашылығын қарқынды дамытуға серпін бермек, нан, нан бөлке және макарон бұйымдарын  шығару зауытын салу да көздестірілуде. 

Келешекте осы тектес жоба Мұнайлы ауданының  аумағында да іске асырылатын болады. Өзіндік ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін  ұлғайту, асыл тұқымды мал шаруашылығын   дамыту  арқылы  қамтамасыз етілмек. Облыстағы  асыл тұқымды шаруашылықтарға  мемлекеттік қолдау көрсетілуінің арқасында,  былтырғы жылы 25 мың бас асыл тұқымды  мал арзандатылған бағамен сатып өткізілді. Өзіндік  ет, сүт өнімдерін  сатып өткізу 2008 жылмен салыстырғанда орта есеппен 7 %-ға  ұлғайды. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінде бұрынғыша «Берекет»  мамандандырылған кәсіпорнына   ерекше мән берілуде.

Құрылған  қажетті сауда-саттық және өндірістік базасы бар  кәсіпорынға  тұрақты негізде  азық-түлік өнімдерінің бес айлық қорын жасақтауға және оны  нарықтық бағадан 30 %-ға төмен бағамен  сатып өткізуге мүмкіндік берді.Кәсіпорын екі жарым жылдың  ішінде  ірі сауда желісін құрды. «Берекет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тауарлары  облыстың барлық аудандары мен қалаларындағы  65 сауда  нүктесі арқылы сатылып өткізілуде. Кәсіпорын баға саясатының нәтижесінде,  негізгі азық-түлік өнімдеріне қойылатын баға 2009 жыл басынан бері орта есеппен 4–тен 28 %-ға дейін  төмендеді.

Кешенді шаралар алу нәтижесінде  облыс бойынша  тұтыну бағасының индексі, 2009 жылы   республиканың өңірлері арасында  ең төменгісі болып қалыптасты.  
       Бұған «МАЭК-Қазатомпром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісілген тарифтік саясат та  септігін тигізді,  міне осымен үшінші жыл, тұрғындар үшін коммуналдық қызметке  тарифтер  көтерілген жоқ. Осындай саясат  биылғы жылы да сақталатын болады.

 

 

 

3 Облыстағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің перспективалары

 

 

3.1 Болашақта елдің азық-түлік қауіпсізідігін нығайту жолдары

 

Агроөнеркәсiптiк  кешендi дамыту нарыққа бағдарланған экономиканың заңдылықтарына сәйкес жүргiзiлетiн  болады, сондықтан өндiрiс тиiмдiлiгiнiң, отандық тамақ өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң, олардың сапасының  халықаралық талаптарға сәйкестiгiнiң  көрсеткiштерi басым болуы тиiс.

Агроөнеркәсiптiк  кешеннiң жұмыс iстеу ерекшелiгi, азық-түлiктiк  қауiпсiздiктi қамтамасыз ету экономиканың басқа салаларына қарағанда, мемлекеттiк  реттеу және мемлекеттiк қолдау үлкен  рөл атқаруы тиiс осындай аграрлық азық-түлiк саясатын жүргiзудi талап  етедi.

Халықтың  тамақ өнiмдерiмен жалпы қамтамасыз етiлгендiгiн және бұл жүйенiң тұрақтылығын сипаттай келiп, мынадай қорытындылар жасауға болады:  
      азық-түлік рыногы, тұтастай алғанда, негiзгi тамақ өнiмдерiн тұтынудың, ұлттық стандартын қамтамасыз етiп отыр;

қатер төнген жағдайда негiзгi тамақ өнiмдерiмен  қамтамасыз ету жүйесi қалыптастырылды;  
      тамақ өнiмдерiне халықтың экономикалық қол жетiмдiлiгі, тұтастай алғанда халықтың кiрiстерi деңгейiмен қамтамасыз етiлгенмен, әлеуметтiк топтар мен аумақтар бойынша бiркелкi емес;

азық-түлiк  импорты көлемiнiң өсуiне, оның сапа стандарттарына сәйкессiздiгiне қарай  азық-түлiктiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесi тұрақты емес.

Сондықтан келесідегідей шаралар ұсынамыз, жан басына шаққанда, сондай-ақ жынысы мен жасына қарай жекелеген топтарға орташа есептелген тамақ өнiмiнiң бүкiл қажеттi номенклатурасы бойынша тұтынудың ұлттық стандарттарын бекiту, халықтың кедейлiк жағдайын жеңiлдету үшiн мыналар негiзгi басымдықтар болуға тиiс: олардың даму деңгейiн теңестiруге бағытталған аймақтық саясат жүргiзу, экономика салаларының, оның iшiнде ауыл шаруашылығының одан әрі экономикалық өсуiн қамтамасыз ету, кедей халықтың (әсiресе ауылда) еңбек әлеуетiн iске асыру үшiн мемлекеттiң жағдай жасауы, халықтың әлеуметтiк осал топтарына әлеуметтiк көмек көрсетудiң атаулылығын күшейту, облыс әкiмдерi тұтынудың ұлттық стандарттарына негiзделiп есептелген ең төменгi тұтыну себетiнiң мониторингiн жүргiзуi қажет, тамақтануға экономикалық қол жеткiзу үшiн халықтың барлық топтары кiрiстерiнiң деңгейiн тұтынудың ұлттық стандарттары негiзiнде есептелген тұтыну себеттерiнiң ең төменгi құнымен теңдестiрудi қамтамасыз ету, тамақ өнiмдерiнiң сапасын бақылау жүйесiн әзiрлеу және оны халықаралық стандарттарға көшiру, азық-түлiктiк қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мониторингiн жүзеге асыру, индикативтiк жоспарды әзiрлеу кезiнде азық-түлiктiк қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзiн құрайтын ауыл шаруашылығы өнiмiнiң және оны қайта өңдеудiң ҚР бiр түрi бойынша өндiрiстiң көрсеткiштерiн есепке алу. Мемлекеттiк азық-түлiк запастарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жүйесiн оңтайландыру, материалдық резервтердi мемлекеттiк сатып алу мен сақтаудың уақтылы бюджеттiк қаржыландырылуын қамтамасыз ету, отандық тауарлардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру және орынды қолдаудың мемлекеттiк саясатын жүргiзу негiзiнде ішкі азық-түлiк рыногының импортқа тәуелдiлігін төмендету жөнiндегi шараларды жүзеге асыру, негізгі тамақ өнімдерінің ішкі өндірісінің көлемін тұтыну стандарттарына сәйкес шекті мәннен кем болмайтындай етіп қамтамасыз ету.

Информация о работе Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету