Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 20:29, дипломная работа

Краткое описание

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі жаһандық мәселе және Қазақстан Республикасы үшін де ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі орталық мәселелердің бірі болып табылады, өйткені азық-түлікпен сенімді қамтамасыз етпейінше бір де бір ел басқа мемлекетке тәуелділіктен құтыла алмайды. Қазақстан экономикасының тұрақтануы және экономиканың өсуі бұл проблеманың өткірлігін бәсеңдетеді.

Содержание

Кіріспе 6
1. Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
теоретикалық негіздері 9
1.1 Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұғымы 22
1.2 Аймақтың өнеркәсіптік кешенін экономикалық басқарудағы
теориялық-әдіснамалық негіздері 28
1.3 Азық-түлік қамтамасыз етудегі шетел тәжірибелері 38
2 Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, елдің
экономикалық-әлеуметтік ахуалын арттыру тетектерінің бірі 39
2.1 Павлодар облысының әлеуметтік экономикалық дамуы 51
2.2 Павлодар облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз
етудегі кәсіпкерліктің дамуын талдау 58
2.3 Павлодар облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешенде
кәсіпкерліктің даму мәселелері 60
3 ҚР-ның өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекет
тарапынан қолдау және реттеу шаралары 61
3.1 Еліміздің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі
бағыт-бағдары және оны жүзеге асырудағы түйінді мәселелері 68
3.2 Бәсекеге қабілетті азық-түлік тауарлар өндірісіндегі
қаржылық менеджмент стратегиясын жетілдіру 70
3.3 Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері
мен азық-түліктер өндіруді талдау және болжау 74
Қортынды 77
Қолданылған әдебиеттер тізімі 79

Вложенные файлы: 1 файл

Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету (Павлодар облысының материалдарының негізінде).docx

— 234.68 Кб (Скачать файл)

Көп жылдардан бері облыста алғаш  рет қант қызылшасын өсіру қолға  алынып, биыл оның көлемі 5,0 мың гектарға жеткізілсе, алдағы жылы қант қызылшасы дақылын 7,0 мың гектарға егу көзделуде. Сараптаушылардың мәліметтеріне сәйкес, қазіргі кезде республика бойынша шығарылатын ақ қанттың 95 пайызы импорттық шикізат – қант құрағынан (тростниктен), ал қалған 5,0 пайызы ғана отандық қант қызылшасынан өндіріледі. Осы себепті, ақ қанттың әлемдік рыноктағы бағасы да, Қазақстандағы бағасы да негізінен осы импорттық шикізат – қант құрағына (тростникке) байланысты болып отыр. Қазір еліміздің кейбір өңірлерінде 1 кг қант бағасы 170-180 теңгеге жетіп отыр. Оның біздің облыстағы бағасы да осыған шамалас.

Бұдан шығатын қорытынды – біз өз қант зауыттарымызды қант қызылшасымен жұмыс істеуге көшіру үшін,  оларды қант қызылшасы шикізатымен жеткілікті көлемде қамтамасыз ету шараларын жасап, облыста егілетін қант қызылшасы алқаптарын жылдан-жылға ұлғайта түсуіміз қажет. Бұл үшін мемлекет тарапынан тиісті қолдау шаралары қарастырылған. Мәселен, үстіміздегі жылы Үкіметтің тиісті қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес, қант қызылшасын өсірушілерге қант қызылшасының әрбір гектары үшін – 24500 теңгеден, ал қант зауытына өткізілген қант қызылшасы шикізатының әрбір тоннасына – 400 теңгеден, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген қант қызылшасының әрбір гектарына – 50 мың теңгеден субсидия төлеу белгіленді. Егер субсидия мөлшерлері көбейе түссе, шаруаларға көп көмек болар еді.

Қазіргі кезде облыста қант қызылшасын өсірушілер мен қант зауыттары арасында өзара  тиімді ықпалдастықпен жұмыс істейтін әріптестік қатынас орнатылып, ол жөнінде  тиісті меморандумға қол қойылып, сол  бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Аудандардағы сервистік-дайындау орталықтарымен қатар, қант зауыттары жанынан да шаруашылықтарға жыл аяғында өткізілетін өнім есебінен техникамен, тұқыммен, минералдық тыңайтқыштармен көмектер көрсететін сервистік орталықтар ашылуда.

Облыста қант қызылшасын өсіруге қажетті техникаларды “Тараз” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының аудандарда жұмыс істеп жатқан сервистік-дайындау орталықтары арқылы алу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылып отыр. Өйткені, көптеген шаруашылық субъектілері өздеріне жеке– техникалар алуға, әзірге қауқарсыз.

Қазіргі кезде рынокта сұранысқа ие дақылдардың  қатарына майлы дақылдар: мақсары, соя, рапс өнімдері де жатады. Алдағы жылы облыс  бойынша аталған майлы дақылдардың  егу көлемін облыс бойынша 62,0 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр. Ал үстіміздегі жылы облыс бойынша  майлы дақылдар 57,8 мың гектардан  жиналады. Облыста майлы дақылдарды жинау жұмыстары енді ғана басталды. Бұл өнім жиналып біткен соң, оны қайта өңдеу өндірістеріне сатып, өткізу міндеті тұр.

Облыста көкөніс, бақша өнімдері облыс тұрғындарының сұраныстарын толық қанағаттандырумен бірге, еліміздің басқа өңірлеріне шығарып сатуға да жеткілікті өндіріледі. Облыс шаруашылықтары жалпы республика бойынша өндірілетін көкөніс өнімдерінің 30 пайызға жуығын өндіреді. Үстіміздегі жылы облыс бойынша көкөніс өнімдері барлығы 17,9 мың га алқаптан жиналатын болса, бүгінгі күнге оның ішінде, қызанақ өнімдері 3,0 мың гектардан, қияр – 2,5 мың гектардан, қырыққабат – 0,8 мың гектардан, баклажан, бұрыш және басқа да дақылдар 1,1 мың гектардан жиналып, олардың әр гектарынан әзірге орта есеппен 200-220 центнерден өнім алынуда.

Облыста алма бақтары мен жүзімдіктерді қалпына келтіру мақсатында жеміс-жидек және жүзім шаруашылығын сауықтырып, өркендету жұмыстары қолға алынып отыр. Бірақ жеміс-жидек және жүзім өнімдерін тұтынуда импортқа тәуелділік әлі де бар. Бұл тәуелділікті жою мақсатында  бұрнағы жылы облыс бойынша 1138 га алма және 23,1 га жүзім көшеттері, өткен жылы 1013,8 мың гектарға алма, 22,2 гектарға жүзімдіктер  отырғызылды. Үстіміздегі жылы бұл дақылдар егілген алқаптар тағы да едәуір ұлғайтылды. Бұл бағытта жеміс дақылдарының өнімділігін арттыру үшін үстіміздегі жылы жеміс бақтарына тамшылап суару технологиясын ендіру арқылы, оларды үдемелі технологиямен егу қолға алына бастады.

Облыста жаңа егілетін жеміс бақтарын сапалы көшеттермен қамтамасыз ету мақсатында 4 оригинатор-шаруашылық жұмыс істейді. Ол шаруашылықтардың екеуіне көшеттер өсіріп, дайындау үшін жаңа, голландиялық интенсивті технологиялар енгізілуде. Бұл – өз кезегінде, осы көшеттердің, егілген соң, екінші жылдың өзінде өнім бере бастауына мүмкіндік береді.

Облыста маусымаралық кезеңдерде көкөніс тапшылығы сезілмей қалмайды. Өйткені, бұл кездері тек қана жылыжайларда піскен жас өнімдер тұтынылатыны белгілі. Облыста бұл тапшылықты жою мақсатында бұрнағы жылы көкөніс өнімдерін өсіретін жалпы көлемі 2,86 га 65 жылыжай іске қосылса, өткен жылы  5,7 га құрайтын 100 жылыжай салынды. Қазіргі кезде облыста жалпы көлемі 16,0 га құрайтын 200 жылыжай жұмыс істеуде. Бұлардан үстіміздегі жыл басынан бері 680 тонна көкөніс өнімдері жиналды, жыл аяғына дейін тағы да 1000 тонна өнім жинау күтілуде.

Аграрлық дағдарыс облыстағы мал шаруашылығының нәтижелеріне де өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Шаруашылықтың барлық санаттарындағы мал мен құс саны бұрынғы жылдармен салыстырғанда мүлдем азайып кеткен. Оны келесі 6-кесте мәліметтерінен байқауға болады.

Кесте 6 Шаруашылықтың барлық санаттарындағы мал мен құс саны 2005-2009 жж.

                                                                               

Көрсеткіштер

Жылдар

Кестенің соңы

2005

2006

2007

2008

2009

1

2

3

4

5

6

Ірі қара мал

293,0

307,9

317,2

320,8

326,1

Оның ішінде:

сиыр

120,5

132,0

127,5

128,8

130,4

Қой мен ешкі

1979,5

2108,3

2162,8

2192,5

2231,0

Шошқа

41,8

41,4

40,8

38,4

35,3

Жылқы

73,5

78,1

80,9

82,7

84,3

Түйе 

4,3

4,6

4,9

5,1

5,2

Құс, (млн. бас)

1375,2

1451,3

1492,7

1491,8

1504,8


Кесте мәліметтерінен байқағанымыздай, ірі қара мал саны 2005 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 28 %-ға, осы кезеңде қой мен ешкі саны 43 %-ға, шошқа саны небәрі 9 %-ға, ал құс саны 24%-ға көтерілген. Бірақ бұл көрсеткіштер 80-жылдардағы көрсеткіштерден әлдеқайда төмен. Өйткені республикадағы ет өндірісі сол 80 -жылдары ауылшаруашылығының ең негізгі және ерекше бағыттарының бірі болып саналды. Ол кезде ет (сойыс салмағында) өндірісінің көлемі 1,5  млн. тоннаны құрады,  ал халықтың жан басына шаққанда 95 кг. ет өндірілді. Мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығында халықты азық – түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған өнім түрлерін өндіруді жүзеге асыратын маңызды салаларының бірі. Барлық санаттағы шаруашылықтар бойынша 2005–2009 жж. мал шаруашылығының негізгі өнімдерін өндіру мәліметтерін келесі 7-кесте бойынша қарастырып өтеміз.
Кесте 7 Барлық санаттағы шаруашылықтар бойынша мал шаруашылығының негізгі өнімдерін өндіру 2005-2009 жж.

                                                                                                            

Көрсеткіштер

Жылдар

2005 ж

2006 ж

2007 ж

2008 ж

2009 ж

2008/ ж

1

2

3

4

5

6

7

Ет (сойыс салмағында)

42

43

45

46,6

47,3

 

Сүт, барлығы

245,0

253,0

260,8

266,9

269,2

 

Жұмыртқа, млн.дана

92

94

96,0

99,7

109,6

 

Дән (тазаланғаннан кейінгі салмағы)

657

429

420

148

553,3

 

 

Жоғарыдағы кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, өнiм өндiру 2005 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2009 жылы табын санының өсiмi, өз төлiнен өсiрудi жақсарту және сақтау есебiнен ұлғайтылуының салдарынан: 
- ет (сойыс салмағында) өндірісі бойынша 20 %-ға (42 және 47,3 килограмм);

- сүт өндірісі бойынша 20 %-ға (245,0 және 269,2 килограмм); 
- жұмыртқа бойынша 31 %-ға (92 және 109,6 мың дана); 
- дән керімінше 26 %-ға (657 және 553,3 килограмм) азайған; 
басқаларының жоғарылағандығын байқаймыз. Бірақ, бұл көрсеткіштер бұрынғы жылдардағы көрсеткіштерден әлдеқайда төмен.     

Ауыл  шаруашылығы өндірісін одан әрі  дамытып, жақсарту мақсатында облыста біраз жылдан бері озық үлгідегі ресурс сақтау технологиялары, оның ішінде ылғал сақтау технологиялары қолданыла бастады. Облыс өңірлерінде бұл бағытта жүйелі түрде тамшылатып суару технологиясын ендіру жұмыстары жүргізілуде. Егер, облыс бойынша 2008 жылы тамшылатып суару технологиясы 303 га алқапқа енгізілсе, 2009 жылы ол 900 гектарға енгізілді. Алдағы жылдары облыс бойынша тамшылатып суарумен қамтылған алқаптарды 2 мың гектарға жеткізу жөнінде міндеттер қойылып отыр.

Облыста мал шаруашылығының дамуында да едәуір ілгерілеушіліктер бар. Облыста 2000 жылы өндірілген мал өнімдерінің жалпы көлемі небәрі 5,6  млрд. теңгені құраса, өткен 2009 жылы мал өнімдері 36,9 млрд. теңгеге өндіріліп,  6,6 есеге ұлғайды. Өткен  жылмен салыстырғанда, биыл да ет, сүт, жүн және жұмыртқа өндіру – 1-10 пайызға дейін өсіп отыр. Түлік саны, оның ішінде мүйізді ірі қараның, қой-ешкінің, жылқының, түйенің және құстың саны тиісінше 2-3 пайызға  ұлғайды. Соның нәтижесінде, облысымызда бүгінгі күнге 364 068 бас мүйізді ірі қара, 2 млн. 714 мың 910 қой-ешкі, 91 872  жылқы, 5398  түйе, 51 689 бас шошқа және  1 млн. 793 мың 375 құс бар.

Облыста асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға баса көңіл бөлінуде. 2001 жылы облыс  бойынша 17 ғана асыл тұқымды мал шаруашылығы жұмыс атқарса, 2009 жылы Үкімет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулардың нәтижесінде қазіргі таңда олардың саны 89-ға жетті. Облыстағы барлық санаттағы малдың ішінде асыл тұқымды малдың үлесі – мүйізді ірі қарадан – 6,2 пайызға ( республика бойынша -5,2),  қойдан – 10,5 пайызға (республикалық көрсеткіш 9,3),  жылқыдан -11,0 пайызға (республика бойынша -4,5)  түйеден – 34,6 пайызға (республика бойынша -10,0) және  шошқадан -17,4 пайызға (республика бойынша -10,4) жетті. Осы көрсеткіштер бойынша басқа облыстармен салыстырғанда, асыл тұқымды мал саны жөнінен республика бойынша түйеден -1-ші, басқа мал түрлерінен 2– ші орында тұрмыз.

Ауыл  тұрғындарының қолындағы өнімділігі төмен, қарабайыр малды асылдандыру мақсатында ауылдық жерлерден сиыр-таналарды қолдан ұрықтандыру пункттерін ашу шаралары да жүргізілуде. Облыста 2001 жылы бар болғаны 57 қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс істесе, бүгінгі күнге олардың саны 170-ке жетті. Өнімділігі жоғары табындар қалыптастыру үшін ол пункттерге отандық жоғары өнімді етті, сүтті мүйізді ірі қара малдардың ұрықтары әкелінуде.

Мал шаруашылығы саласындағы мұндай ілгерінді жұмыстарға Үкімет тарапынан мал тұқымдарын асылдандыруды жүзеге асыруға 2001 жылдан бастап, қомақты  қаржылай көмек беріле бастағаны өз үлесін қосуда. Мәселен, облыс бойынша тек қана 2009 жылы республикалық бюджеттен асыл тұқымды мал санын көбейтуге 270 млн. теңге және өнім өндіру мен оның сапасын жақсартуға 163 млн. теңге бөлініп, игерілді. Осы мақсатқа үстіміздегі жылға бөлінген 230 млн. теңгеден аса қаржылай қолдаулар да игі мақсаттарға жұмсалуда.

Тараз қаласындағы жүнді алғашқы өңдеу фабрикасында шүйке өндірудің жолға қойылуымен бірге, биязы жүнге деген сұраныс арта түсті. Өйткені, аталмыш фабрикада тоқыма өнеркәсібі үшін жылына 800 тонна шүйке (топс) өндіру көзделіп отыр. Ол дегеніңіз – осы мақсат үшін фабрикаға жылына 2 мың тоннадан аса биязы жүн қажет деген сөз. Ал, үстіміздегі жылы облыстағы биязы жүнді қой өсіретін 5 шаруашылық фабрикаға небәрі 186 тонна биязы жүн өткізді. Фабрика, олармен қатар, көршілес облыстардан қосымша түрде, тағы да 114 тонна биязы жүн дайындады, яғни, бүгінгі күнге барлық дайындалған биязы жүн 300 тонна. Алдағы уақытта аталған фабриканың қажеттілігі үшін биязы жүнді сырттан іздемес үшін, облыстағы қазіргі қолда бар 5 биязы жүнді қой шаруашылығын одан әрі дамыту, сондай-ақ,  облыс көлемінде асыл тұқымды биязы жүнді қой шаруашылықтары  санын  көбейту шаралары қолға алынуда.

Жамбыл  облысында 1990 жылы 2 млн. 428 мың бас  биязы жүнді оңтүстік қазақ меринос  қойы болса, қазіргі кезде бар  болғаны – 87069 бас қалыпты. Яғни, биязы жүнді қой саны соңғы  жиырма жылда 97 пайызға төмендеп кеткен. Сондықтан, біз қазіргі таңда биязы жүнді оңтүстік қазақ мериносы қойларын көбейтудің бірден-бір жолы ретінде, “Мал өнімдері корпорациясы” мен “Аграрлық несие корпорациясы” акционерлік қоғамдарының осы тұрғыдағы  жобаларын нысанаға алып, облыстағы биязы жүнді қой өсіретін 5 асыл тұқымды мал шаруашылығына несие беруді нақты шешіп, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы Австралиядан, Жаңа Зеландиядан, Қытайдан және Ресейден  биязы жүнді қойлар  сатып алуды жоспарлап отырмыз. Сонда ғана, облыста оңтүстік қазақ меринос қойларының саны күрт өсетін болады.

Қылшықты  жүнді қой жүнін қайта өңдеп, іске жарату бағытында да бірнеше  жоба пысықталу үстінде. Жылқы және түйе шаруашылығын дамыту ісіне де көңіл бөлінуде.

Облысты құс етімен және оның жұмыртқасымен  қамтамасыз етуде импорт үлесі, өкінішке қарай, әлі де басым. Осы тәуелділікті жою мақсатында облыстағы “Жамбылқұс” ЖШС германиялық жеке кәсіпкер Ханц Пфланцпен бірігіп, “Қазақ-герман” бірлескен кәсіпорнын құра отырып, жалпы құны 6 млрд. теңгені құрайтын құс өсіру, құс етін және жұмыртқа өндіру жобасын жүзеге асыруда. Бұл жоба қуаттылығы жөнінен жылына 10 мың тонна құс етін және 130 млн. дана жұмыртқа беруге лайықталған.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету кешенді іс-шаралардың жүйелі, дәйекті атқарылуын талап етеді. Бұларды таратып ортаға салғанда бұл тұрғыдағы мемлекеттік саясатты басшылыққа алу, мақсатты бағдарламалар жасап, ұстану, өндірілетін және өткізілетін өнімдердің сапасы халықаралық стандарттарға сәйкес келу, дағдарысты немесе төтенше жағдайларда тұрғындарды азық-түлікпен іркіліссіз қамтамасыз ету, нан, қант, өсімдік майы бағасы тұрақтылығын сақтау сияқты міндеттер анықтап, белгіленуі керек деп ойлаймыз. Президент Жолдауында айтылғандай, ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне инвестициялар тартуды ұлғайту мәселе түйінін шешуге үлкен қолдау болатындығы сөзсіз.

Елбасының Қазақстанды оза дамыған  елу елдің қатарына қосуды көздеген мерейлі мақсаты аграрлық секторға зор жауапкершілік жүктейді. Осыған байланысты Жолдауда бұл сала алдына қойылған тапсырмалар өте маңызды. Біз сөз еткен жәйт олардың оңтайлы орындалуына мүмкіндікті кеңейтпек. Халықтың әл-ауқатының артуы азық-түліктің молдығынан арқау алады.

 

 

    1. Облыстың азық – түлік тауарларымен қамтамасыздығын талдау

 

Агроөнеркәсіп кешені саласында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын 433 кәсіпорын, шағын зауыттар және цехтар жұмыс істейді. Оларда 10 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Өндірістік бағыттары бойынша аталған кәсіпорындардың 70 пайызы астық өнімдерін алғашқы және тереңдетіп қайта өңдеумен айналысып, нан, тоқаш, макарон-кеспе, кондитер тағамдарын өндіруге, қалған кәсіпорындардың 7 пайызы – ет, шұжық өнімдерін өндіруге, 2,5 пайызы – сүт өнімдерін қайта өңдеуге, 6 пайызы – өсімдік майын шығаруға, 3,6 пайызы тұшпара өндіруге, ал, қалған 9,9 пайызы әр түрлі сусындар шығаруға, жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеуге,  жүн-тері өнімдерін өңдеуге бағытталған.

Информация о работе Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету