Алдын ала тергеуде саусақ өрнектері бойынша сараптау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2013 в 13:51, курсовая работа

Краткое описание

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер алдыма қойылған:
- тергеу амалдарының түсінігі және жүйесін (жіктелуі) ашып жазу;
- тінту мен алу, талаптары мен түрлерін толық талдау;
- жауап алу және беттестірудің қылмыстық іс-жүргізушілік және криминалистикалық негіздерін қарстыру;
- тану тергеу әрекетінің мазмұны мен үрдістік жолдарын талдау;
- тексеру, эксгумация және куәландыру тергеу үрдістерінің криминалистік тәсілдері мен маңызын айқындау;
- айғақ заттарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, тергеу экспериментінің үрдістік мазмұның ашып жазу.

Содержание

Кіріспе 5
1.Тергеу амалдарының түсінігі және жүйесі 8
1.1 Тергеу амалдарының түсінігі 8
1.2 Тергеу амалдарының түрлері және жүйесі 14
2. Жекеленген тергеу амалдары және оларды жүргізу талаптары 24
2.1 Тінту мен алу 24
2.2 Жауап алу мен беттестіру 39
2.3 Тану 46
2.4 Тексеру эксгумация және куәландыру 49
2.5 Айғақ заттарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау 54
Қорытынды 65
Әдебиеттер тізімі 68
Қосымша 71

Вложенные файлы: 1 файл

ГОТОВЫЙ ДИПЛОМНЫЙ (2).doc

— 478.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік  университеті

 

 

 

 

«Қорғауға жіберілді»

Қылмыстық құқық және қылмыстық

іс жүргізу құқығы кафедрасының меңгерушісі

з.ғ.к.___________ К.Х.Рахимбердин

«___»__________2013 г. 

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

Тақырыбы: «Алдын ала  тергеуде саусақ өрнектері бойынша  сараптау»

 

 

5В030100- мамандығы бойынша  – «Құқықтану»

 

 

 

Орындаған                                                                           Е.С.Бергазиев                                                                            

 

 

 

Ғылыми жетекшісі,                          

аға оқытушы.                                                                      С.И. Боранбаев                                                                             

 «___»__________2013г.

 

 

Нормобақылаушы                                                               А.А. Каленова                                                                        «___»__________2013г.

 

 

 

 

Өскемен 2013

Мазмұны

 

 

Кіріспе

5

1.Тергеу амалдарының  түсінігі және жүйесі

8

1.1 Тергеу амалдарының  түсінігі

8

1.2 Тергеу амалдарының  түрлері және жүйесі

14

2.  Жекеленген тергеу  амалдары және оларды жүргізу  талаптары

24

2.1 Тінту мен алу

24

2.2 Жауап алу мен беттестіру

39

2.3 Тану                                                                                                           

46

2.4 Тексеру эксгумация  және куәландыру                                                     

49

2.5 Айғақ заттарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау                   

54

Қорытынды  

65

Әдебиеттер тізімі 

68

Қосымша  

71


                                                                                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлкет ретінде нық  ұстауының кепілі әр түрлі әрекетерді реттеу үшін барлық нормативтік актілері қабылданып, әлемдік тәжірибенің  үлгілерін енгізуге белсенді қатысуда. Осы әрекеттері арқылы қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, қылмыстардың алдын алу шараларын ұйымдастыруды жүзеге асырады. Жасалған қылмыстық әрекеттер қандай жағдайда болмасын қоршаған ортаға, адамзатқа зиянын келтірмей қоймайды. Жасалған қылмыстық әрекеттерді құқық қорғау органдары  әр түрлі техникалық және тактикалық әдістер, әрекеттер  арқылы ашуға тырысады.

Бұл жүргізетін әрекеттер  жасалған қылмыстың сипаты, ауырлығы жөнінде тұтас түсінік қалыптастыруға, қылмыстық заңның нормаларына сәйкес жазалауға жататын нақты адамның  айыптылығына көз жеткізуге бағытталған іс жүргізу әрекетгерінің жүйесі. Осы әрекеттерді жүргізу арқылы қылмысты ашуға, болған жайларды анықтауға мүмкіндік алады. Осындай қылмыстық іс жүргізу әрекеттерінің бірі – алдын ала тергеу қызметі.

Дипломдық жұмысымыздың негізі тақырыпты жазу барысында алдыма қойған басты мақсат – алдын ала тергеу қызметіне  сипаттама бере келіп, тергеу қызметінің  түсінігін аша отырып, қылмыстық іс жүргізудегі  алатын орнының маңыздылығын көрсету.

Алдын ала тергеудің  жалпы шарттары ҚІЖК – нің 24 –  тарауының (191-205 баптар) ережелерімен реттеледі және қылмыстық сот ісін жүргізудің дербес сатысы – алдын ала тергеу сатысының мазмұнын анықтайтын қызметті реттеу болып табылады.

Т.Е.Сауранбаев пен А.Л.Хан  атап көрсеткендей, ҚІЖК-нде көрсетілген  ортақ шарттар -  “оларда барлық қылмыстық ізге түсу органдары үшін бірынғай және міндетті тәртіпті реттейтін, істің әділ жүргізілуінің кепілдігін және азаматтардың заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ететін талаптар болып табылады.”

Осы баяндалғандарға  байланысты В.С.Чистякованың “Алдын ала тергеп- тексеру алдын ала тергеу немесе анықтау нысынында жүзеге асырылады. Алдын ала тергеп – тексеру нысанының атауы белгілі бір өкілеттілікті атқаратын органның атауына сай келеді. Тергеуді – тергеуші органы, тергеуші, ал анықтауды – анықтау органы, анықтаушы жүргізеді... Алдын ала тергеп – тексеру осы органдардың тергеп – тексеру сатылар шегінде өзара әрекет етуі арқылы бірлесе жұмыс жүргізуі жолымен де жүзеге асырылуы мүмкін” деген пікіріне сүйену орынды.

Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттарының маңызы мынада:

  1. Оларда сотқа дейінгі қызметтің бүкіл кезеңі бойында күшінде болатын іс жүргізу ережелері бар, алдан ала тергеу сатысында жүргізілетін барлық іс әрекеттерге қолданылады.
  2. Белгіленген ережелердің бұзылуы іс бойынша қылмыстық сот ісін жүргізудің нақты барысына теріс әсер ете алатын әр түрлі құқытық зардаптар туғызуы мүмкін.
  3. Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерін сақтауды қамтамасыз ететін өзіндік кепілдіктер болып табылады.
  4. Алдын ала тергеу сатысының іс жүргізу шекараларын анықтайды.
  5. Жалпы шарттар ретінде көзделген ережелерді сақтау, сотта істі дұрыс шешудің негізі болып табылады.

Алдын ала тергеу ісін жүргізу сатысының маңызы:

  1. Бұл саты қылмыстық іс қозғау сатысының қисынды жалғасы болып табылады және істің мәнін түбегейлі қарау және шешу жөніндегі сот қызметінің алдында жүргізіледі.
  2. Дербес саты ретінде өзіне тән ерекше міндеттері бар, олар іс жүргізу әдістерімен құралдарының қатаң белгіленген жиынтығымен шешіледі.
  3. Істі сотта шешудің заңдылығымен дер кезінде алдын ала тергеу ісін жүргізуді жүзеге асырудың  сапасына байланысты болады.
  4. Алдын ала тергеу жүргізу сатысына көшу қылмыстық іс қозғаудың заңдылығын білдіре алады.
  5. Алдын ала тергеу ісін жүргізбейінше, істі сотта қарауға болмайды.

Алдын ала тергеу қызметінің маңыздылығы келесідей негізге мақсаттардан барынша толық байқалады:

  1. Қылмыстардың тез әрі толық ашылуы
  2.   Қылмыс жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту
  3. Адамдарды негізсіз айыптаудан және айыптаушылар ретінде жауапқа тартудан қорғауды қамтамасыз ету
  4. Қылмыс жасаудың мән жайларын анықтау,айғақтарды іс жүргізу барысында баянды ету
  5. Қылмыстан шеккен зиянның орнын толытруды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау
  6. Кінәлі адамның одан әрі құқыққа қарсы іс әрекет жасауының  жолын кесу
  7. Қылмыс жасауға итермелеген себептермен жағдайларды анықтау, оларды жою жөнінде заңда көзделген шараларды қабылдау.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер алдыма қойылған:

- тергеу амалдарының  түсінігі және жүйесін (жіктелуі) ашып жазу;

- тінту мен алу,  талаптары мен түрлерін толық  талдау;

- жауап алу және  беттестірудің қылмыстық іс-жүргізушілік  және криминалистикалық негіздерін  қарстыру;

- тану тергеу әрекетінің  мазмұны мен үрдістік жолдарын  талдау;

- тексеру, эксгумация  және куәландыру тергеу үрдістерінің  криминалистік тәсілдері мен  маңызын айқындау;

- айғақ заттарды оқиға  болған жерде тексеру мен нақтылау, тергеу   экспериментінің үрдістік  мазмұның ашып жазу.

Осындай міндеттерді  басты мақсат ете отырып, көптеген алдан ала тергеу іс әрекеттеріне қатысты Қазақстандық, Ресейлік заңгер ғалымдар еңбектерін, жеке зерттеулерін оқып зерделедім.

Тергеуді жүргізуші  тұлғаның әрі негізгі еңбек құралы, әрі қызметінің  басты нышаны қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелген тергеу амалдары болып табылады. Барлық тергеу амалдары дәлелдемелерді жинауға және зерттеуге бағытталған. Осыған орай, қылмыстық іс бойынша тергеуді тергеу амалдарынсыз жүргізу мүмкін емес. Сондықтан тергеу амалдарының түсінігі, түрлері және жүйесі туралы көптеген авторлар өз еңбектерін жазған. Бұл жұмыста С.Е Еркінов, С.И. Сұлтанов Р.С. Белкин, В.П. Лавров, Б. Салаев, Ш. Әмитов, М. Сатыбалдинов, Ә.С. Айдарқұлов, М.К. Губушкин, Т.К. Жумагулов, А.Ф. Николенко, Г. Абдумаджидов, Ю.Н. Белозеров,  В.В. Рябоконь сияқты авторлардың еңбектері салыстырып, талдап диплом жұмысыма арқау еттім.

Қай ғалымның еңбегін алып қарасақ та, олардың ғылыми зерттеулерінің басты мәселесі – қылмыстың алдын алу, жасалған қылмыстарды тергеу жолымен ашу болып табылады. Яғни адам қолымен жасалған қылмыстың күн сайын азаймай, толыға түсуі ойландыратын жайт. Ғалымдар ұсынған мәселелер алдын – алу шараларын нығайту.

Құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы күрес мәселелерін  шешуге нық қадам басуы әрине, құптарлық мәселе. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тек қылмыстылыққа қарсы  қабылданған шаралары, Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстылыққа берген түсіндірмелері болашақ тағдырын шешпесе де, көмегін тигізері сөзсіз.

Менің диплом жұмысым  кіріспеден, үш бөлім, қортынды және пайдаланылған  әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

  1. Тергеу амалдарының түсінігі және жүйесі

1.1 Тергеу амалдарының түсінігі

 

 

Қылмыстық іс жүргізу  заңына сәйкес қылмыстық іс бойынша  нақты іс жүргізу шегінде тексерілетін кез келген әрекетті, тұтас алғанда, іс жүргізу әрекеттері деп атау қабылданған. Бұл ұғым барынша ықшамдалған түрде ҚІЖК-нің 7-бабының 30-тармағында тұжырымдалған. Онда "іс жүргізу әрекеттері" - осы Кодекске сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу барысында жүргізілетін іс-әрекеттер" деп айтылған. Мұнда алдын ала тергеу мен анықтаудың мазмұнына істің мән-жайларының жиынтығын анықтау, белгілеу және тиянақтату жөніндегі қызмет кіреді (ҚІЖК-нің 7-бабының 15, 16-тармақтары). Осымен қатар, сотқа дейінгі қызмет тәртібін реттейтін нормаларда тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы нұсқаулар бар. Заң шығарушы тергеу іс-әрекетгері ұғымына жеке немесе арнаулы түсінік бермейді. Алдын ала тергеу ережелерін жасау қисыны іс жүргізу әрекеттері мен тергеу іс-әрекеттері өзара тегі мен түрі ретінде арақатынаста болады деп есептеуге мүмкіндік береді. Бұл тектес ұғым ретінде іс жүргізу әрекеттерінің біз түр ұғымына жатқызатын тергеу әрекеттеріне қарағанда әлдеқайда кең әрі көлемдірек болатынын білдіреді. Басқаша айтқанда, тергеу іс-әрекеттері - бұл іс жүргізу әрекеттерінің түрлері. ҚІЖК-нің талаптарына сай келетін кез келген тергеу әрекеті - бұл әманда да іс жүргізу әрекеті, бірақ көрінген іс жүргізу әрекеті тергеу әрекетіне жата бермейді.

ҚІЖК-нің 122-бабының (іс жүргізу  өрекеттерінің хаттамалары туралы) мағынасына қарап, Қылмыстық іс жүргізу  кодексінде әрекетгі кеңейте түсіндіруге  қажетті әлде бір ерекшеліктер мен  негіздер жоқ тергеу іс-әрекетгерінің тізбесі берілген деп жорамалдауға болады. Бұл нормада қорап тексеру, куәландыру, алу, тінту, ұстау, мүлікке тыйым салу, хат-хабарларға тыйым салу, хабарларды ұстап алу, телефонмен және басқа сөйлесулерді тыңдау және жазып алу, тануга ұсыну, зерттеу үшін үлгілер алу, мәйітті жерленген жерінен қазып алу (эксгумация), айғақтарды қытыс болған жерде тексеру, тергеу эксперименті, заттай дәлелдемелерді зерттеу кезінде анықталған, қылмыстық процесті жүргізуші адам тікелей түсінген мән-жайларды куәландыратын тергеу іс-әрекетгерінің хаттамаларында тіркелген іс жүзіңцегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылатыны баянды етілген. Алайда төмендегі ой-пікірлерге байланысты бұл тізбені мейлінше толық немесе даусыз деп тануға болмайды:

- мүлікке тыйым салу  азаматтық талап пен мүлікті  тәркілеуді қамтамасыз ету үшін  арнайы көзделген мәжбүрлеу шарасы  болып табылады (ҚІЖК-нің 161, 305-баптары)  және қылмыс жасаудың мән-жайларын  дәлелдеу мақсатгарына пайдаланыла  алмайды;

- ҚІЖК-нде хат-хабарларға тыйым салу секілді іс жүргізу өрекеттерін реттеудің белгілі бір тәртібі көзделмеген. Алайда пошта-телеграф жөнелтілімдеріне тыйым салу, оларды қарап тексеру және алу жөнінде норма бар (ҚІЖК-нің 235-бабы), бұл жалпы мағынаны бұзбағанымен, терминологаялық алақұлалық туғызады;

- ҚІЖК-нде телефонмен  және басқа сөйлесулерді тындау  мен жазуды реттеу жөнінде  сөз болмайды, бірақ сөйлесулерді  тыңдау мен жазу туралы норма  бар (ҚІЖК-нің 237-бабы);

- ҚІЖК-нде зерттеу  үшін үлгілер алу тәртібі туралы  нұсқау жоқ. Осымен қатар, ҚІЖК-нің 33-тарауына енгізілген нормалар сарапшылық зерттеулерге қажетті үлгілер алу мәселелерін реттейді. Мұндай алшақтықты ескерудің маңызы бар, өйткені істің материалдарын зерттеу үшін маман қатыстырылады (ҚІЖК-нің 84-бабының 2-бөлігі), ал сараптамалық зерттеуді — сарапшы жүзеге асырады;

- ҚІЖК-нде "маман  жүргізген бұлтартпас дәлелді  зерттеу" секілді дербес іс-әрекет  көзделмеген. Зертгеуді дәлелдеу  жөніндегі қызметтің бір элементі  ретінде қарастыру қабылданған.  Маман жүзеге асыратын (ҚІЖК-нің 84-бабы) зерггеу ескертпесін процестің осы қатысушысы құқықтарының бірі ретінде түсіну қажет.

Тергеу іс-әрекеттерінің  тізбесі туралы мәселеге неғұрлым өнімді жақтан, атап айтқанда, кейін тергеу іс-әрекеттерінің өзін бөлшектей  отырып, іс жүргізу әрекеттері жүйесіне тікелей талдау тұрғысынан қарау үшін келтірілген мән-жайлар толық жеткілікгі болып көрінеді. Сонымен, ҚГЖК-нің 122-бабьшың ережелері тергеу әрекетгерінің іізбесіне қосуға жататьш іс жүргізу әрекеттері туралы біраз түсінік береді, бірақ бұл түсінік, біріншіден, мәселені түгел қамтымайды, екіншіден, жекелеген бөліктерінде даулы болып шығады. Осыны негізге ала отырып, тергеу әрекетінің ауқымын ҚІЖК нұсқауларының белгілі көлемінің талдауына негізделген қисынды жолмен анықтау әрекетін жасауға ұмтылайық. Мұнда мынадай мән-жайлар маңызды болып көрінеді:

Информация о работе Алдын ала тергеуде саусақ өрнектері бойынша сараптау