Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 14:16, реферат
Рельс (ағылш. raіls, raіl — рельс, лат. regular — түзу таяқ, білеу, қада) — белгілі бір пішіні (профилі) бар болат білеуден жасалған прокаттық бұйым. Ол темір жол мен метрополитен құрамының, трамвайдың, локомотивтің, кен көлігі мен көтергіш кранның, тағы басқалардың қозғалуына арналып жасалады. Алғашқы металл рельс 1767 ж. Ұлыбританияда жасалды. Рельс кен тасу жолдары мен з-т ішіндегі жолдарда пайдаланылды.
Кіріспе
Рельс тізбегі туралы жалпы мағлұмат.......................................................3
Негізгі бөлім
1.1. Рельс тізбектерінің негізгі элементтері, олардың орнатылуы мен тағайындалуы.......................................................................................................4-6
1.2. Рельс тізбектерінің түрлері, классификация...................................7-8
1.3. Рельс тізбектерінің жұмыс режимдері, жұмыс орнықтылығы..9-10
1.4. Типтегі істен шығулар..................................................................11-12
Қорытынды.................................................................................................13
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................................................14
Қалыпты режимде РТ жұмысы үшін қолайсыз шарттары болып жолдық реледе ток шамасын реле якорін жіберу немесе тартпау шамасына дейін төмендеуіне әкелетін шарттар болып табылады. Жолдық реледе жұмыстық токтың төмендеуі келесідей жағдайларға әкеледі: оқшаулағыш қосқыштардың тұтастығының бұзылуы кезінде РТ кедергісінің өсуі; балласт кедергісінің төмендеуінен балласт арқылы өтетін ток шамасының үлкеюі, (қолайсыз метеорологиялық шарттарда балласттың ластануы салдарынан), қоректену көзі кернеуінің төмендеуі.
РТ бос кезінде реле қысқыштарындағы талап етілетін кернеуді анықтау үшін, РТ ұзындығына байланысты және балласт жағдайына байланысты есептеулер жүргізіледі. Осы есептеулер негізінде реттеу кестелері жасалады. Олардың көмегімен қалыпты режимде жұмыстың кез келген қолайсыз жағдайларын ескеріп РТ реттейді.
Шунттық режим РТ қозғалмалы құраммен бос емес жағдайға сәйкес келеді. Бұл режимде қозғалмалы құраммен рельс тізбегі бос емес болған жағдайда, жолдық реле орамының кедергісімен салыстырғанда төмен кедергіге ие дөңгелектік жұптардың рельс қылдарымен электрлік қосылуы (шунтталуы) орындалады. Мұнда П релесіндегі кернеу жәкірді жіберу кернеуінің шамасына дейін төмендеуі керек және шунттық режимнің кез келген қолайсыз жағдайларында жәкір сенімді түсірілуі керек. Шунттық режимде РТ жұмысының қолайсыз режимдеріне жолдық реледе ток шамасының өсуіне әкелетін шарттар, атап өтсек: қоректену көзінің ең үлкен кернеуі, рельстердің ең төмен кедергісі, балласттың ең үлкен кедергісі жатады.
Рельс тізбегінің шунттық режимде жұмыс жасауының негізгі сипаттамасы болып шунттық сезімталдық табылады. Ол пойыздық шунттың ең үлкен кедергісі болып табылады. Онымен рельстік жолдың тұйықталуы кезінде жолдық реледегі токтың шамасы (кернеуі) реле якорін түсіру тогының шамасына (кернеуіне) дейін төмендейді. Бұл шама әрдайым айнымалы және РТ дөңгелектік жұптардың санынан және дөңгелек құрсауы мен рельс бастиегінің арасындағы өтпелі кедергісінің шамасынан тәуелді. Қызметтегі техникалық шарттарға сәйкес шунттық сезімталдық 0,06 Ом кем болмауы керек. Бұл шунттық сезімталдықтың ең төмен шамасы кедергісі 0,06 Ом нормативті шунтты рельске қондырумен тексеріледі. Бұл шунтты қондыру кезінде рельстік жолдың кез келген нүктесінде жолдық реле жәкірді түсіруі керек.
Бақылау режимі РТ бос бірақ ақаулы жағдайына сәйкес (рельстің сынуы, рельстің алынуы) (1.5, в – сурет). Бұл жағдайда рельстік жолмен токтың қалыпты жүруі үзіледі және жолдық реле бақылау режиміндегі ең қолайсыз жұмыс шарттарында якорін түсіруі керек. Рельс сынған кезде жолдық реле арқылы ток балласт арқылы айналма жолмен жүре береді (1.5, в – сурет). Бұл токтың шамасының азаюына қарамастан, ол жолдық реле якорін ұстауға жеткілікті болуы мүмкін және сынған рельсті бақылау іске аспайды.
Осылайша, токтың өсуіне әкелетін бақылау режимінің ең нашар жағдайларына келесілер жатады: қоректену көзінің ең үлкен кернеуі, рельстердің ең төмен кедергісі, балласттың критикалық кедергісі (РТ соңынан белгілі бір арақашықтықта зақымдалу орнына дейінгі балласт кедергісі, балласт арқылы ағуына байланысты ток тізбегі сақталатын кезде және реле тогының үлкеюіне әкелетіндей үлкен шамада болатын кезде).
1.4. Типтегі істен шығулар
РТ жұмысындағы ең кең таралған істен шығулар «жалған бос еместік» және «жалған бостық» болып табылады.
«Жалған бос еместік» РТ қозғалмалы құрам болмаған кезде жолдық реле өз якорін тартпаған кезде пайда болады. Бұл жағдайда бұрмалар ауыспайды, бағдаршамдар маршруттар бойынша ашылады, аралықтарда автоблоктау жабылады, яғни пойыздар қозғалысында теміржол жолдарының өткізу қабілетіне әсер ететін істен шығулар пайда болады.
РТ жұмысындағы мұндай істен шығудың негізгі себептерінің біріне жолдың беткі құрылысы жағдайының нашарлауы жатады, нәтижесінде жиі істен шығатын оқшаулағыш түйіспелердің, рельстік түйіспелік қосқыштардың қалыпты жұмысы бұзылады. Сусымалы жүктермен әсіресе тұздармен және минералды тыңайтқыштармен балласттың ластанып қалуы, балласт кедергісінің күрт төмендеуіне және балласт арқылы ағатын токтардың өсуіне, сонымен бірге жолдың беткі құрылысы элементтерінің (рельстердің, бұрандамалардың, төсемдердің, шпалдардың) бұзылуына әкеледі. Осылайша, РТ жалған бос еместігі рельстік байланыстырушыда нашар контактінің немесе болмауының себебінен, рельстердің металл затпен тұйықталуы кезінде, оқшаулағыш түйіспелерде оқшаулаудың тесілуінен, балласт ластануы мен нашар қиылуында, сенімсіз электр қоректендіруде, кабельдік және дроссельдік ауыстырып қосқыштардың үзілуінде орын алады.
«Жалған бостық» РТ қозғалмалы құрам болмаған кезде жолдық реле өз якорін көтермеген кезде пайда болады. Бұл жағдайда пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі күрт бұзылады, бұл пойыздардың апаттарына әкелетін апаттық жағдайлардың пайда болуына, құрамның астында бұрмалардың бұрылу мүмкіндігінің пайда болуына, бос емес жол немесе блок-учаскіге бағдаршамның ашылуына әкеледі. РТ мұндай істен шығуларының себептері: РТ шунттық сезімталдығын қамтамасыз етпеу, басқа жат қоректену көзінен жолдық реленің қосылуы (оқшаулағыш түйіспелердің тұйықталуы және полярлық кезектестірілуінің бұзылуы кезіндегі шектес РТ қоректену көзінен, электртартымды учаскілерде тартым тогының кедергілері, вагондық жарықтандырудың және т.б.).
РТ шунттық сезімталдығын қамтамасыз етпеу пойыздық шунт кедергісінің күрт өсуінен болады. Пойыздық шунт кедергісінің өсу себептеріне тот басу, престелмеген қар, рельс бастиегіндегі мұз және балшық, қозғалмалы құрам дөңгелектерінде битум мен құмның болуы жатады. Бұл дөңгелек құрсауы мен рельс бастиегінің арасындағы өтпелі кедергіні үлкейтеді. Бірлік локомотив және автодрезина да нашар шунттайды, себебі екі немесе үш арбалар сырғуының кедергісі аса үлкен және жолдық реледегі кернеу төмендейді, бірақ реле якорін жіберу кернеуінің шамасына дейін емес. «Жолдың жалған бостығын» тіркеп жолдық реле якорі тартулы күйде қалады.
Шунттық сезімталдықты жоғалтуды болдырмау үшін рельс бастиектерінің құммен, қармен, күлмен және басқа материалдармен ластануды болдырмау керек; рельс бастиектерімен байланысты жұмыстарды бекет бойынша кезекшінің келісімімен, Тексеру журналында жұмыстарды бақарушының жазуынан кейін орындау керек; аз әрекетті РТ периодты түрде жүргізіліп тұрылуы керек, рельс бастиектерінде тот басуды болдырмау үшін; бірлік локомотивтер мен дрезиналарды ластанған рельстерде қалдырмау керек; қар жауған кезде пойызды қабылдау алдында аз әрекетті жолдардың бостығын тексеру керек, таблода РТ қозғалмалы құраммен шунтталуын мұқият қарау; егер қабылдау жолы немесе бұрмалық учаскі қозғалмалы құраммен тәуліктен артық уақыт бос емес болса электрмеханикке хабарлау керек.
РТ жұмысының сенімділігін жоғарылату үшін тармақталған РТ қосымша релелер орнатылады; РТ шектік ұзындығын қысқартады, бұл балласттың төмен кедергісінде олардың жұмыс қабілеттілігін жақсартуға мүмкіндік береді немесе тональдық РТ қолданылады; жолдың беткі құрылысының элементтерінен тұздар мен басқа да ластауыштарды толық өшіру үшін су шашатын жолдық машиналар қолданылады; ұзағырақ және сенімдірек жұмыс жасайтын желім бұрандалық оқшаулағыш түйіспелер қолданылады, сонымен бірге әйнек пластиктен оқшаулағыш түйіспелер қолданылады; түйіспелік қосқыштың (тоқөткізуші түйіспенің) сенімдірек құрылымдарын енгізеді— пружиналық қосқыштар, төлкелік алюминдік қосқыштар және т.б бекеттерде рельстік қосқыштарды қайталайды. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі мен РТ әрекетінің сенімділігін жоғарылату үшін шектес РТ тұрақты токтағы полярлығының немесе айнымалы токтағы фазалардың кезектестірілуі ұйымдастырылады. Бұл оқшаулаудың бұзылуы жағдайында(оқшаулағыш түйіспелердің электрлік тұйықталуы немесе тесілуі) бір РТ жолдық реле шектес РТ қоректендіруді алуы мен өзіндік РТ ақаусыздығы мен бостығын жалған бақылауды болдырмау үшін керек.
Қорытынды
Қозғалысты реттеу жүйелерінің үздіксіз жұмысы көп дәрежеде электрлік РТ сенімді әрекетіне тәуелді болады. РТ жұмысындағы істен шығулар пойыздар қозғалысының істен шығуларына әкеледі, қозғалыс қызметінің жұмысшыларының жұмысын қиындатады, апаттық жағдайлардың пайда болуын болдырмайды. РТ-нің ақаусыз жұмысы қозғалыс қауіпсіздігінің жоғарғы дәрежеде болуын қамтамасыз етеді.
РТ пойыздар қозғалысын реттеу жүйелерінің әрекет ету сенімділігін және қауіпсіздік шарттарын қамтамасыз етеді, сондықтан олардың жұмысына бірқатар талаптар қойылады. РТ қозғалмалы құрамнан бос кезде жұмыстың кез келген қолайсыз жағдайларында жолдық реле оның бос жағдайын сенімді тіркеуі керек. Рельс тізбегінде ең болмаса бір дөңгелек жұбы бар болатын болса немесе рельстің толық сынуында жолдық реле жәкірді түсіріп, жұмыстың кез келген қолайсыз жағдайларында РТ бос емес жағдайын тіркеуі керек. Оқшаулағыш түйіспелердің электрлік тұйықталуында және шектес РТ қоректену көзінен ток түскен кезде жолдық реле жәкірді тартуы және РТ жалған бос еместігін, яғни оның ақаулы жағдайын сенімді тіркеуі керек.
РТ темір жол автоматикасының негізгі элементі болып табылғандықтан оның дұрыс жұмыс істеуін уақытылы тексеріп отыру электромеханиктер мен монтерлердің ең негізгі жұмысы болып табылады. Күнделікті РТ ақаусыздығын, тазалығын қадағалап отыру керек.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Рельс тізбектерінің негізгі элементтері, олардың орнатылуы мен тағайындалуы