Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 12:44, реферат
Сібір және Монғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді.
1. Көне Түркі жазуларыны зерттелуі
2. Дала жазуларының арихы
3. Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы
4. Көне Түркі жазуларының мазмұны
5. Қосымшалар
6. Әдебиеттер
В. В. Радлов Шығыс
тілдері университетінде сабақ
бермесе де, шығыстанушылармен, түркітанушылармен
тығыз жұмыстанды.Көптеген шетелдік
ғылыми қауымдастықтар, қоғамдар мен университеттер
В. В. Радловты құрметті мүшеге тартты,
ол көптеген ресейлік және шетелдік мадақтарға
ие болды.
Белгілі түркітанушы Василий Радлов 1918
жылы 12 мамырда қайтыс болды.
Көне ұйғыр жазбаларын, оның тарихын зерттеді, грамматикалық құрылысы жайында бағалы пікірлер айтты. Іұнды еңбектерінің бірі — “Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы” деп аталды. Ол ғылыми еңбектерінде түркологияның барлық саласын қарастырды: лексикография мен диалектология, салыстырмалы-тарихи фонетика мен текстология, көне түркі, ұйғыр және араб ескерткіштері, түркі халықтарының фольклоры, этнографиясы, тарихы мен археологиясына байланысты түбегейлі зерттеулер қалдырды. Оның тарих пен этнография саласындағы еңбектері: а) Сібір мен Орта Азия түркі тілдес халықтарының этнографиясын; ә) олардың көне тарихы; археологиясы, мәдени даму жолдарын; б) аңшылық пен көшпелі халықтардың даму ерекшеліктерін, әсіресе түркі халықтарының рулық құрамын анықтау мәселелерін қамтыды. Радловты аса көрнекті фольклортанушы ретінде танытқан “Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері” aтты 10 томдық еңбегі болды. Оның 1-кітабы (1866) алтай, құманды татарлары, шор, саян, 2-кітабы (1868) шұлым, түрік, хакас, 3-кітабы (1870) қазақ, 4-кітабы (1872) барабы, тобыл, түмен татарларының фольклорына арналды. Қазақ фольклоры үшін аса қымбат қазына болып табылатын 3-томдағы ел аузынан дәлме-дәл жазып алынған шығармалар, ақын-жыршыларға берген мінездеме, халық ауыз әдебиетінің жанрлық құрамын белгілеуі, халық шығармаларының тіл және стиль ерекшеліктерін анықтауы күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқаласы Радлов жинаған фольклор үлгілері“Халық өлеңдері” (жеке шумақтар, бата сөз, жоқтау, бақсы сөзі, өтірік өлең), “Ертегілер”, “Батырлар жыры” (“Ер Көкше”, “Ер Тарғын”, “Сайын батыр”) болып жіктелген. Сонымен бірге ғашықтық, тарихи жырлар, аңыз, қисса-дастан, айтыс үлгілері мен ақын-жыраулар мұрасы да қамтылған. Радловтың Сібір қазақтарының этнографиясы туралы құнды еңбегі “Сібірден” деген атпен шықты. Ол қырғыз эпосы “Манасты” жазып алып, бастырып шығарды. Радлов салыстырмалы тарихи зерттеудің нәтижесінде Орта Азия, Қазақстан және Сібірдегі түркі халықтары фольклорының төркіні ортақ екенін дәлелдеді. Радлов көптеген ғылыми еңбектерімен түркология ғылымының дамуына зор еңбек сіңірді, өзінің мектебін қалыптастырды. Оның ісін шәкірттері Б.Я. Владимирцев, Н.Ф. Катанов, С.Е. Малов, П.М. Мелиоранский, А.Н. Самойлович, т.б. жалғастырды, олар Радловтың ғылыми мұрасы жайлы құнды пікірлер қалдырды. Соңғы уақытта Радловтың шығарм. шеберханасы жайлы жазылған М.Шоқай жазбалары да ғылыми айналымға енді.[2][3]
Н. Жартын
Л.Н.Гумилев атындағы
ЕҰУ, Түркітану
кафедрасының 1 курс
магистранті
Көне руникалық жазулар және оның авторы
Түйін: Бұл мақалада көне руникалық жазулар, соның ішінде
Cолтүстік Монғолиядағы Орхон ескерткіштері, Ұйғыр қағанаты
ескерткіштері жайлы және оның табылған жері, зерттеушілері
мен оның авторлары туралы айтылады.
Кілтті сөздер: Руника, Солтүстік Монғолия, қағанат,
альтернатив, аристократия, эпитафия, фольклор, қаһарман.
Әр халықтың рухани мәдениеті тарихи ескерткіштері болып
табылады. Жазба мәдениеті ескеткіштердің ең құнды деректері. Бұл
ескерткіштер сол замандағы қоғамдағы әлеуметті, тарихты,
мәдениетті, халықтың салт-дәстүрін айқындайды, доп көрсетеді.
Сонымен қатар бұл ескетркіштерден бізге тарихи ұмытылып
қалған, бізге жетпеген ұлы тұлғалар мен олар туралы аңыздарды,
мәдени мұраларды таба аламыз.
Монғолиядағы, Оңтүстік Сібірдегі және Шығыс
Түркістандағы ескерткіштер көне заманғы ең маңызды
ескерткіштер болып саналады.
ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында белгілі
шығыстанушылар В.В.Бартольд және И.Марквард түркі
ескерткіштеріндегі тарихи деректерді тұңғыш рет зерттеп, ондағы
сақталған тарихи мұраларды баршаға жария етті. Зерттеу
барысында ғалымдар бұл ескерткіштердің түркі заманының тарихы
және олардың құрған мемлекеті туралы маңызды дерек көз
екендігін дәлелдеді [1]. Тарихи деректерге бай эпиграфиялық
мәтіндердің үш түрі белгілі болды. Бұлар ең алдымен Солтүстік
Монғолиядағы (орхон ескерткіштерінен), содан әрі ХХ ғасырда көп
зерттеле қоймаған ұйғыр дәуірінің ескерткіштері және белгілі бір
жүйеге келген көне қырғыздардың енисей ескерткіштері еді. Өткен
ғасырдың 60-70 жылдары басталған зерттеулер көне ескерткіштер
жанрындағы дискуссияны
руникалық ескерткіштерден
түрік ескерткіштерінің жаңа ашылымдары Совет-Монғол жазығы
зерттеулеріндегі экспидицияның (1969-1990ж.ж.) еңбектері
күтпеген жаңалықтары алып келді. Ол көне түркі халықтарының
жазба түріндегі тарихи ескерткіштердің ерекшеліктері еді. Бұл
жолда енисей жазбаларына байланысты аз еңбек жасалған жоқ.
ХХғ. 60 жылдары көне түркі жазбаларын меңгеруде ғалымдар
үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Сонымен қатар кейінге қалған
шешімін таппай келе жатқан қиын аспектілер тарихи-мәдени
ескерткіштерді бағалауда сенсациялық қорытындыларға әкелді.
Сондағы ашылмай қалған жұмбақтардың ашылымдарының бір
неше түрлеріне тоқталып өтсек.
Түркі қағанаты 551 жылы Монғолия территориясында пайда
болды. Ол 80 жыл бойы билік еткен бірінші еуразиялық империя
болды. Таң империясының ірі экспанциясына байланысты 630
жылы бұл қағанат құлады. Бірақ елу жылдан кейін қайта
жаңғырып, тағы да елу жыл бойы өз үстемдігін жүргізді. Бүгінгі
күнге жеткен ескерткіштердің бәрі сол ҮІІІ ғ. 20-30ж.ж. екінші
кезеңдегі қағанаттың мұралары болып табылады. Бұл табылған
фактілерге қарап, бірінші қағанаттың жазу-сызу мәдениеті
болмаған деген шешімге келе аламыз ба? Иа, мұндай да
тұжырымдар жасалған. Түркі археологиясының білгірі
Л.Р.Қызыласовтың 1965 жылғы еңбегін ескере кетсек: «Көлденең
жазулы қалпына келтірулер Бірінші Түрік қағанатының алтайлық
тугю-түркілердің және басқа тайпалардың ешқайсысында
кездеспейді» [2]. Және сол кезде басқа альтернативті дәлелдер
болмаған. Ал үш жылдан кейін соғды жазуымен жазылған стела
табылды. Ол төртінші түрік қағанын Таспардың дәуіріне жататын
Бұғыт ескерткіші болды [3]. Ол өзінің тұлғасы бойынша жүз елу
жылдан кейінгі ескерткішке жатады. Бұғыт ескерткіші 582 жылы
тұрғызылған.
Енді бірінші Қағанаттың ескерткіштерді тұрғыза білгендігі,
күнтізбені білгендігі, өзінің тарихи салт-дәстүрін білгендігі
дәлелденіп отыр. Сонымен қатар соғды тілінің бұл ескерткіште
қолданғандығы Орта Азиядағы түркілердің жазу-сызудағы өте
сауатты және мәдениетті екендігінің тағы да бір дәлелі.
Келесі тарихи-мәдени мәселе түркі руникалық жазуының
ареалдарының таралуымен тығыз байланысты. Зертталген барлық
дерлік ескерткіштер Солтүстік Монғолиядан табылып отырған және де қағандық кешенді ескерткіштердің құрамды бөлшегі болып
отырған. Осыған қарап Түрік қағанатының жазба мәдениеті
аристократиялық топтың жетістігі, ал оның таралу территориясы
өте шектеулі болған деуге болады.
70-80 жылдардағы Монғолия жазық жұмыстары барысында
Хангай тау елдеріне, Хэнтэ, Монғол және Алтайда мәселенің
шешімін табу үшін зерттеу жұмыстары жүрілді. Бұл жұмыстардың
нәтижесінде руникалық жазудың түркі тайпаларының мекендеген
жерлерінде кеңінен қолданылып, жайылғандығы анықталды. Ал
ескерткіштердегі кішкентай әріптердің қолданылуы сол кезеңдегі
адамдардың профессионалдық деңгейінің төмендігі мен оны
күнделікті өмірде қолданатын адамдардың белгілі бір санына
байланысты. Ерте ортағасырлық Еуропамен салыстырғанда Түркі
қағанатын ең сауатты, ең мәдениетті ел деп тани аламыз.
Енді Ұйғыр қағанатының ескерткіштеріне тоқталсақ. ХХ
ғасырдың 60 жылдарына дейін Қарабалғасұндық жазба және
Могон-Шие-Усу жазулары ғана белгілі болды. СМИКЭ зерттеу
жұмыстарының нәтижесінде әр деңгейдегі тағы үш ірі
ескерткіштерді тапты [4].
Екі ескеркіш Ханган
таулы еліндегі өзендердің
және 762 ж.ж. жататын Терхиндік және Тэсиндік тарихи
ескерткіштердің бөлімдері табылды. Бұл мәтіндерге көз салсақ,
мазмұны жағынан ұқсас сегізінші ғасырдағы ұйғыр қағандарының
Монғолия мен Туваға шабуылы және олардың өздерін көне
жауларының мұрагерлері мен жалғастырушылары екендігін, ұйғыр-
оғыз тайпаларының евразия
даласының бұған дейінгі
екенін дәлелдеді. Және екі ұйғыр мемлекетінің билеушілері (осы
жазулар арналған) Этелмиш Білге мен Бегю ұрпақтарына өз
әрекеттерін тас декларацияларда қалдырған. Ұйғыр жазба
ескерткіштері Эльдердің бірнеше дәуірлердегі құрылуы мен
таралуының тарыхының екі жүз жылдық тарихын қалдырған. Бұл
ескерткіштердегі бастапқы сөздерде елді құрушы, негізін қалаушы
қағандардың өмірі жайлы әр түрлі мифтар мен аңыздар жазылған.
Баяндалу уақыты ҮІ ғ. түріктер мен оғыздардың ортақ қағаны
Бумынның әрекеттерімен жалғасып, ал оқиға кеңістігі барлық
еуразия даласын алады.
Түркілердің алғашқы жазулары тастық эпитафиялық мәтіндер
болды. Олардың авторларының ең басты мәселесі ол – заманының
билеушілерінің саяси әлеуметтік жүргізген істері мен жорықтарын, олардың өмірінің парақтарын жазу, философиялық ойларын
дәріптеу, олардың тыңдармандарын өзінің шындығымен баурап алу
болды.
Көне түркі жазба
ескерткіштеріндегі
өткен қаһарманның атынан немесе анонимді түрде берілетін
болған. Осы аталған екі түрде де қаһарман оның тууы мен
жазылуына ешқандай өзінің авторлық әрекетін көрсетпейді.
Бірақ үш әрекеттің көбісі фольклорлық дәстүрдің ортақ
авторларға тән емес екендігін көрсетеді. Мәселен, Тоныкөктің
ескерткіші, екі Кошо-Цайдамдық ескертіштер және Кули-чордың
құрметіне арналған ескерткіштер осыған дәлел.
Ұзындығы 160-170 см-ді құрайтын, 62 жолдан тұратын
Тоныкөк жазуы
Бас қаһарменның өз атынан жазылған. Бірақ 58-жолында бұл
жазбалар тікелей Тоныкөктің бұйрығы бойынша жазылғандығы
мәлімденеді: «Мен ақылды Тоныкөк Білге қағанның елі үшін осы
жазбаны жазуға бұйрық бердім» - дейді. Жазылу стилі қарапайым
емес, нағыз мақал-мәтелдер мен асыл сөздердің жиынтығы.
Баяндаудың басым көпшілігі ескертіштерде Білге қағанның
атынан айтылады. Бірақ Күлтегіннің үш реткі жазылымында басқа
бір жазылымның авторының бар екендігін аңғара аламыз: «Мен
Йоллығ-тегін осы тастқа жазуларды 20 күн отырып жаздым. Бұның
бәрін мен Йоллығ-тегін жаздым» (Күл-тегіннің құрметіне)
делінген. «Білге қағанға арналған бұл жазуды мен Йоллығ-тегін
жаздым. Мен түріктің Білге қағанының ұрпағымын. Мен Йоллығ-
тегін бір ай, төрт күннің ішінде тасқа жазуды жазып, оны
әшекейледім» (Білге қағанның құрметіне) дейді.
Қаған тумыларының мүшесі Йоллығ-тегін өзінің мәлімдеуі
бойынша көптегенжазбалардың авторы болып табылады. Ол бізге
түік тілінде жазған бірінші жазушы ретінде мәлім болып отыр. Ол
барлық болып жатқан өмірді, саяси өмірді жырлады.
Бұл жазулар көне түрік ескерткіштерінің жазуларының баға
жетпес мұрасы болып табылады.
Есiк пен төр
Киiз үйдiң есiгi әдетте шығысқа қаратылады. Бұл — күннiң сәулесi үйге бiрiншi түссiн дегендi бiлдiредi. Есiкке қарама-қарсы бетте — төр. Төрдегi адам есiкке қарап отырады. Егер ол малдас құрып отырса, оның әкесi жоқ деп есептеңiз. Әкесi тiрi адам малдас құрмайды. Отырудың өзiнiң осындай таңбалық мәнi бар. Төрдегi адам төрелiк айтады. Төрге ақ пен қара түстi сырмақ төселедi. Мәнiсi, төр — ақ пен қараның ара жiгiн ажырата алатын адамның орны. Төрде отырып, билiк айтқандар мемлекет билiгiне дейiн көтерiлген. Мұны Орхон-Енисей жазбасындағы «төр» сөзiнiң мемлекет мағынасында қолданылғанынан байқауға болады. Қазақта: «Едiл үйдiң — есiгi, Жайық үйдiң — жапсары, Түркiстан — ұлы төрiмiз» деген сөз бар. Бұдан не ұғамыз? Бұдан халқымыздың қасиеттi жерiн киелi киiз үйiндей қастерлейтiнiн ұғамыз. Шыңғыс дәуiрiндегi Ақ орда, Көк орда, Алтын орда дегендердiң өзi — кеңейтiлген киiз үйдiң көшiрмесi iспеттi. Ал бүгiнгi Астанадағы Ақорда осы түсiнiктiң заңды жалғасы, халықтық мәдениеттiң бүгiнгi күнге ауысуы.
Сосын төрге қыз бала отырған. Өйткенi, қыз — қонақ. Бабалардан қалған бiр сөз — «Қыз бала — төр иесi, ұл бала — үй иесi».
Referatkaz.kz - Тегін қазақша рефератар сайты. Барлық пәндерден үлкен база
Кіріспе |
||
1 |
Руна жазбалары |
|
1.1 |
Түрік руна жазулары |
|
1.2 |
Түрік қағанатының дамуы мен құлдырауының тарихы |
|
2 |
Түрік тарихындағы Орхон-Енисей жазбалары |
|
2.1 |
Орхон жазулары, оның құрылуы мен шығуы Жазбалар дерек ретінде |
|
2.2 |
Күл-тегін мен Білге-қаған ескерткіштері |
|
3 |
Руна жазба ескерткіштерінің түріктердің тарихын зерттеудегі орны мен қызметі. |
|
3.1 3.2 |
Руна жазбаларының тарихи-мәдени маңызы Павлодар-Ертіс өңірін зерттеудегі руна жазуларының алатын орны |
|
Қорытынды |
||
Қолданылған әдебиеттер тізімі |
||
Қосымша |